Кітапхананың жұмысын автоматтандыру

Кітапханашы мамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

    Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында кітапханашы мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

    Психологиялық-педагогикалық  ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ кітапханашылардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, кітапханашы мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты кітапханашы мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

    Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы  құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - кітапханашы. Қазіргі кез келген кітапханаға шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа кітапханалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан кітапханашы қажет. Ол бір уақытта кітапханашы-психолог және кітапханалық қызметті ұйымдастырушы кітапханашы-технолог бола білуі керек.

    Жаңа  технологиялар - кітапханашының мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол кітапханашыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде кітапханалық қызметке сай қолданылуы керек.

    Кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетуінсіз, оқырмандар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақытты үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық кұрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

    Жаңа  ақпараттық технология құралдарын кітапхана қызметінде пайдалану, оқырманның шығармашылык, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

    Кітапханалық  арнайы бағдарламаларды кітапханашыларға оқыту оқырмандардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзіне-өзі есеп беруін қалыптастырады, оқырмандардың еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

   Мақсаты:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны кітапхана қызметіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін  жасақтау және оны жүйелеу;
  • мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын кітапханашы мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
  • білім беру жүйесіндегі кітапханашыларды ақпараттандыру жағдайына кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру.

    Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

    - білім беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

    - кітапханашы мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын  анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

    - кітапханашы  мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

    - ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің кітапхана қызметінің процесіне енгізу бойынша кітапханашы мамандардың іс-тәжірибесін тарату. 

  БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КІТАПХАНАШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗГI ЖОЛДАРЫ

     Бiлiм беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру процесi кітапханадағы бөлім басшыларына, әдiскерлерге,  жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

   Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың  Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау мәселесі қарастырылса.

   Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген кітапханашы мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды кітапхана қызметінде пайдалану оқырмандардың қомақты материалдарды қамтуына, уақытты үнемдеуіне, қызығушылықтарын арттыруына көмектеседі.     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны кітапхана қызметі процесiне пайдалану оның келесi инновациялық мүмкiндiктерін жүзеге асыруға көмектеседі: оқырманның дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты қызмет атқару және кітапханалық қызмет көрсету процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалануды көздейді.

  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиалық-технологияларды) пайдалану арқылы кітапханалық қызмет процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

   Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде кітапханалық қызмет процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

  • ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда кітапханашы қызметкерлерінің қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
  • кітапханатану және библиография саласындағы оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
  • бiлiм беру жүйесiндегі кітапхана қызметкерлерінің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
  • арақашықтықтан оқыту формаларына кітапханалық істі бағыттау;
  • облыстағы бiлiм беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
  • облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
  • Кітапхана ісі процесiне және ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

     Кітапханашы мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

-вариативтiлiк — әрбiр кітапханашы қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

-болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

-рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

-эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

-iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

-тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақтылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

-жекелеген  кеңес беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

   Кітапханашы мамандарды қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

   Жаңа  ақпараттық технологиясына дайындау мынадай  екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған:  “Кітапханашының ақпараттық құзырлығы” және “кітапхана ісіндегі ақпараттық технологиялар”.

   Ақпараттық  мәдениеттi дамыту қазiргi кітапханашының ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).

2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.

3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, кітапханалық программаларды жүзеге асыру, және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. 
 
 
 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША КІТАПХАНАШЫ

МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ  КЕЗЕҢДЕРІ 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       КІТАПХАНАШЫ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

     Негiзгi ұғымдар

     1. Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

     2. Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.

     3. Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.

     4. Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).

     5.  Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.

     6. Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.

     7. Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.

     8. Ақпараттық процестер субъектiсi – ақпараттық ресурстар иегерi және меншiгi ретiнде  ақпараттық процестерге қатысушы жеке және заңды тұлғалар, ақпаратты қолданушылар, басқарудың инфрақұрылымына қатысушылар.

     9. Ақпараттық процестер объектiсi – ақпараттық ресурстар мен жүйелер, технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдары.

     10.  WWW (World Wide Web) – гипермәтiн құрылғысы көмегiмен мультимедиялық құрылғыларға өту мүмкiндiгi мен iздеу навигациялар жүйесi.

     Нәтижелер:

     - жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

     - жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгiзу арқылы бiлiм беру мазмұнын жаңарту;

     - жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмiн құру;

     - бiздiң елiмiздегi және шет елдердегi жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

     - мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

     - отандық бiлiм беру жүйелерiн бiртұтас әлемдiк ақпараттық бiлiмдiк кеңiстiкке ену арқылы сабақтастыру;

     - бiлiм берудiң телекоммуникациялық желiлерiн құру;

     - республиканың бiлiм беру мекемелерiн басқарудың бiртұтас ақпараттық желiсiн құруға негiздеп,  бiлiм берудiң басқару салаларының ақпараттық желiсiн құру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     І.ІІІ.ИНФОРМАТИКА  МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ БIЛIКТIЛIГIН  КӨТЕРУДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ  

   Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар  информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн  көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

    Компьютерлік  техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.

      Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң  бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға  бағытталған педагог мамандардың  келесi құзырлықтарын қалыптастырудың  деңгейлерi қарастырылады:

  1. Пәндiк  -  мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  2. Аналитикалық бақылау  - пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  4. Коммуникативтiк - «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.
  5. Бейiмделген - қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
  6. Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.
  7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
  8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
 

Педагог мамандардың құзырлық қалыптастыру деңгейлерi
 
Пәндiк
 
Коммуникативтiк
 
Ұйымдастырушылық
 
Аналитикалық  бақылау 
 
Бейiмделген
 
Ғылыми-iзденiстiк
 
Жобалық
 
Ынталық/психологиялық
 

 

   Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы (88 сағаттық) оқыту  мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру қызметкерлерiнiң  бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды  жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда  оқыту мен тәрбиелеудiң субъективтiк  әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны  қолданбалы сипатта құрастырылды.

     Мұғалiм  – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды  дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен  жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық  қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның  түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын  дамыту бағыттарын талап етедi. 

   Мұғалiмнiң  бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен  шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн  оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық  мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру  әдiстерi,  оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық  технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң  кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған  теориялық-методологиялық және әдiстемелiк  проблемалар, психологиялық-педагогикалық  мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.

   Курс  мазмұнын құрастырудағы модульдiк  принцип түрлi бiлiм беру бағдарламаларын  модульдеп сабақтастыруға мүмкiндiк  бередi. Модульдiк мазмұнды игеру  барысында тыңдаушының кәсiби шеберлiгiнiң  өсуiне және өз қызметiн жан-жақты  бағалап, талқылаудан өткiзуге әсерiн  тигiзедi.  

Курстың моделiн жасақтау барысында бiз  келесi мақсаттарды негiзге алдық:

      -  бiлiктiлiктi көтерудi түрлi деңгейлермен  қамсыздандыру;

  • тыңдаушылардың мамандық құзырлылығын қалыптастыру;
  • тыңдаушылардың өзiн-өзi дамуы мен жетiлу жағдайларын қалыптастыру.

   Тыңдаушылардың  бiлiм жетiлдiру мазмұны бiр-бiрiмен  байланысқан үш блоктан тұрады:

   Бiрiншi блок-модуль (инварианттық) — «ҚР бiлiм саласындағы негiзгi мемлекеттiк саясатының бағыты» (6 сағат). Бұл блок тыңдаушылардың әлемдiк педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық бiлiмiн және Қазақстан Республикасындағы бiлiм беру жүйесiн дамыту тенденцияларын игеру мәселелерiн қамтиды:

  • ҚР “Бiлiм туралы” заңы;
  • Қазақстан Республикасында 2010 жылға дейiн бiлiм берудi дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi;
  • Тұлғалық әлеуметтендiрудiң құқықтық негiздерi.

Екiншi  блок-модуль (инварианттық)– «Бiлiм беру процесiн әлеуметтiк-психологиялық жағынан қамсыздандыру» (24 сағат):

  • Оқыту мен тәрбиелеу жүйесiнiң тиiмдiлiгiн анықтайтын психологиялық диагностика;
  • Мұғалiм – тұлғаны әлеуметтендiрудiң негiзi.

   Үшiншi  блок-модуль – «Пәннiң мазмұны мен әдiстерiн жетiлдiруге бағытталған инновациялық әдiстер» (56 сағат) (инварианттық, вариативтiк модульдер) тыңдаушының өзiн-өзi дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмiн жетiлдiру мәнiн ашуға бағытталған:

  • бiлiм берудегi нәтижеге бағытталған құзырлылық тәсiл;
  • тыңдаушының кәсiби шеберлiгiн шыңдауға  бағытталған модельдеу мен жобалау қызметiн дамыту;
  • қазiргi мұғалiмнiң ғылыми-әдiстемелiк жинағын өзiн-өзi дамыту көрсеткiшi ретiнде бейнелеу;
  • бiлiм беру қызметкерлерiнiң қызметiн  ақпараттандыру саласына бағыттау (информатика курсының мазмұны жаңартылып, әрi дамытылады. Оның басты себебi ақпараттандыру саласы жылдан-жылға жаңа мазмұнмен толығып отырады. Сондықтан информатика мұғалiмдерi осы проблеманы басқарушы болғандықтан аталған проблемаға сәйкес олардың бiлiмi кеңейтiледi).

   Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға  жүргiзiлген тест пен сауалнама қорытындысы  бойынша жүргiзiлуi қажет. Курстағы әрбiр  топқа жасақталған бағдарламаның  мазмұнына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлiп отырады.

   Курстық дайындықты жобалау барысында тұлғалық-бағдарлық  бөлiктер ескерiлдi. Ол педагогикалық  өзара қарым-қатынасты орнықтырумен байланысты. Бiздiң жағдайымызда, тыңдаушылар  өзара бiр-бiрiмен тәжiрибе алмасу мен ойларын ортаға салу әрекеттерi жүзеге асырылады. Аталған блокты қолдану  кезiнде  бiрлескен өзара әрекет пен қарым-қатынас iске асырылады, эмоциональдық-психологиялық және iскерлiк қарым-қатынастар дамытылады және  тұлғалық бағдарлау қалыптасады. Мұндай жағдайда, тыңдаушылардың өзiндiк жұмысы ұйымдастырылып, олардың шығармашылық мүмкiндiктерiнiң дамуы қамтамасыз етiледi.

   Бiлiм  мазмұнының аралығындағы аралық топ  пен оны ұйымдастыру келген тыңдаушылардың дайындық деңгейiне байланысты. Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келелi мәселелердiң  бiрi түрлi салалардағы теория мен  практика бойынша мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып  табылады.

    Шет елдiк және отандық тәжiрибелерге  талдау жасау барысында педагог  кадрлардың мамандық құзырлығының дамуына  әсер ететiн оқу қызметтерiнде  қолданылатын әдiстер мен тәсiлдердi дамыту қажеттiгi анықталынды.  Сондықтан  дәстүрлi сабақтарды (лекция, семинарлар) қолданумен қатар дөңгелек үстел, тренингiлер, iскерлiк ойындар, тақырыптық пiкiрталастар, практикалық жағдаяттарды талқылау  және т.б. дәстүрлi емес әдiстердi кеңiнен  қолдану қажет.  Мұндай әдiсте  сабақтарды өткiзу тыңдаушылардың өздiгiнен  жұмыс жасауына, қабiлетiнiң дамуына  және жекелей жұмыс жасау iс-әрекетiнiң  қалыптасуына мүмкiндiк бередi.

        Оқытуды ұйымдастыру  формалары: жеке, топтық, фронтальды, ұжымдық жұмыс жасау формалары.

      Қолданылған технологиялар: жобалау әдiсi, модульдеп және  деңгейлеп саралап оқыту технологиялары.

      Қорытынды диагностика: тестiлеу, рефлексия, жобаны қорғау.

   Жоғарыда  атап көрсеткендей, педагог мамандардың  бiлiктiлiгiн үздiксiз көтеру барысында  вариативтiлiк қағидасы жүзеге асырылады. Мұндай тәсiл педагог мамандардың  жаңа ақпараттық технологияны өз салаларына қолданудың сапасын арттыратыны  сөзсiз.

   Сондықтан мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жүйесiнде  бiлiктiлiктi көтеру курстарынан басқа  информатиканы оқытудың жеке әдiстемесiнiң  мiндеттерiн шешуге байланысты проблемалық  курстарды да ұйымдастырған тиiмдi.  

Проблемалық курстардың тақырыптары облыс мұғалiмдерiнiң  сұраныстары мен қажеттiлiктерiн  талдау арқылы анықталынады. Ол курстың  оқу жоспарын өзгертiп, iзгiлiктiлiк  қағидасы негiзiнде  құруға мүмкiндiк  бередi:

  • «Turbo Pascal ортасында программалау»;
  • «Visual Basic ортасында программалау»;
  • «Информатикадан олимпиадаға оқушыларды дайындау. Олимпиадалық есептердi шешу»;
  • «Деректер қорын басқару жүйесi. Microsoft Access»;
  • «Интернет-технология. Web-дизайн негiздерi».

   Проблемалық курстарды өткiзу барысында тыңдаушылардың дайындықтарын қамтамасыз ету үшiн келесi оқу-әдiстемелiк құралдары  дайындалып, пайдалануға  берiледi:

  • Оқу құралы: «Жаңа ақпараттық технологиялар. Windows операциялық жүйесiнiң негiздерi. Word мәтiндiк процессоры»;
  • Оқу құралы:  «Жаңа ақпараттық технологиялар. Компьютерлiк желiлер»;
  • Оқу құралы  «Microsoft Access бойынша лабораториялық практикум»;
  • Оқу құралы «Microsoft Excel бойынша лабораториялық практикум»;
  • Мұғалiмдерге арналған әдiстемелiк құрал. «Қалалық (аудандық) олимпиадалар: өткiзу ережелерi, дайындау әдiстерi, есептердi шешу мысалдары (1996-2001 жж).
  • Электрондық оқу құралы «Turbo Pascal тiлiнде программалау»;
  • Электрондық оқу құралы «HTML негiздерi»;
  • Әдiстемелiк құрал «Информатика мұғалiмiнiң мамандығына қойылатын талаптар. Информатика кабинетiнiң ережелерi»;
  • Әдiстемелiк құрал «Бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерi үшiн  ақпараттық технологияны енгiзу мәселелерi».
Кітапхананың жұмысын автоматтандыру