Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cабақтағы  топтық жұмыс және оның әр  түрлілігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе

  1. Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)

1.1 География сабақтарының типтері, олардың құрылысы..................................

1.2 Сабақтарды жоспарлау және  өткізу (география сабақтары 

мысалында)................................................................................................................

1.3  Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері.....................................................................................................

1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру............................................

1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту....................................................

 

2 ГЕОГРАФИЯДАҒЫ ОЙЫНДАР  СИПАТЫ

2.1 Географиялық ойындар түрлері  және географиялық ойындарға  қойылатын дидактикалық талаптар.....................................................................

2.2 Географиядағы картографиялық ойындар....................................................

2.3 Географиядағы ойын түріндегі  сабақтар........................................................

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мектепте географиялық білім берудегі әлеуметтік тапсырыс география ғылымдарының жетістіктері мен қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерді ескере келе, жас ұрпақтың географиялық сауаттылығы мен географиялық мәдениетін көтеру болып табылады.

Географиялық білімнің даму болашағы география ғылымының: ғаламдық проблемалар, геоэкология, географиялық зерттеулердің қазіргі тәсілдері, әлеуметтік және демографиялық жағдайлар, ақпараттық жүйе, Жер және Дүниежүзілік мұхит қойнауындағы құбылыстар және т.б. салалар бойынша зерттеу объектілерінің біршама кеңеюіне байланысты. Қазіргі кезеңде география ғылымының ғаламдық, аймақтық идеялары ерекше аталып, әлеуметтік тәжірибенің негізгі түрлері – саясат, экономика, ғылым мен білім салаларына ішкерілеп енуде.

Еліміздегі қазіргі мектепті жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудің басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгісін оқу процесінде қалыптастыру мен әртүрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс екендігін анықтап беріп отыр. Бұл басым бағыттар мектепте географиядан білім беруді дамытуға негіз болады. Осыған орай мектептің әр сатысында географияны оқытудағы оқу-тәрбие беру мақсаты, білім мазмұнын құрастыруды іріктеу ұстанымдары, сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсілдері нақтыланады.

Біздің қоғамның қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына түрлі міндеттер қойып, оларды шешу білім берудің құрылысы мен мазмұнына, оқытудың мақсаты мен ұстанымдарына елеулі өзгерістер енгізуді, мектептегі оқу-тәрбие процесін жаңа сатыға көтеруді қажет етеді.

Адамзат дамуының жолдарын анықтауға қатысушы іргелі ғылымдардың бірі ретінде география мектеп өмірінде елеулі орын алуы тиісті. Мектеп пәні ретінде география балалар мен жастарға география ғылымының негізі туралы білім берумен бірге, оларды тәрбиелеуде маңызды роль атқарады.

Бүкіл планета және біздің еліміздің табиғат жағдайының ерекшелігі, табиғат пен қоғамның бір-біріне әсері, табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, шаруашылық салаларының даму және орналасу жағдайы туралы оқушылардың географиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігі болуы тиіс.

Курстық жұмыстың мақсаты. Оқушылардың зерттеу және ізденушілігін қалыптастыру үшін ойын түрлерін қолдану мәселелерін қарастыру.

Курстық жұмыс міндеттері:

– География ғылымындағы зерттеу әдістері және географиялық ойлау мәселелерін қарастыру;

– Сабақты ойын көмегімен оқытудағы жүргізілген тәжірибелік-экспериментальдық жұмысты талдау.

Курстық жұмыстың деректік көзін мерзімді баспасөз бен ғылыми мәліметтер, интернет желісінен алынған ақпараттар құрады.

Курстық жұмыс құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі        бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі (география сабақтары негізінде)

1.1 География сабақтарының  типтері,

олардың құрылысы

 

Географиялық білім беруді ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болатын болса, ол мазмұндарына, алға қойған мақсаттарына қарай әр түрлі болып келеді. Бірақ сабақ қандай түрде өткізілсе де, ол оқушыларды географиялық білім негіздерімен қаруландыру, бағдарлама талаптарына сай іскерлік пен дағдылар қалыптастыруды көздейді. Алдына қойған мақсаттарына қарай сабақты бірнеше типке бөлуге болады. Сабақтың типологиясы деп дидактикалық мақсаттарына қарай өзіндік құрылымдық жүйесінің ерекшелігімен танылатын сабақ топтарын айтады. Дидакт-ғалымдар сабақтың әр түрлі типологиясын жасаған. Солардың ішінде академик Махмудовтың ұсынған типологиясы көп қолданылып келеді. Бұл типология бойынша сабақтар негізгі 5 типке  бөлінген. Олар: 1. Жаңа материалды түсіндіру сабағы. 2. Білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру (жетілдіру) сабағы. 3. Білімді жүйеге келтіру (жалпылау) сабағы. 4. Білім, дағды, іскерлікті жан-жақты қолдана білу сабағы. 5. Қайталау, бағалау сабақтары.

Сабақтың типі атын иемденген мәселе сабақ мазмұнының өзекті мәселесі болып есептеледі.

І. Жаңа материалды түсіндіру сабағы. Бұл типтегі сабақтар жаңа материалды түсіндірудер басталады. Өткен тақырыпты қайталау кезеңі жоспарланбайды, немесе жаңа сабақтан ұғымдарын байқаумен бірге жүргізіледі, бұл типтегі сабақтар экономикалық география курсында елдер тобына шолу жасаған сабақтарда қолданылады.

ІІ. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары ірі тақырыптар өтілгеннен кейін көбінесе оқушыларды географиялық картамен жұмыс жасауға жаттықтыруға, кескін картамен, атластармен жұмыс жасап физикалық-географиялық сипаттама беруге, координаталарды, қашықтықты анықтау, картаны оқи білу, түрлі бақылаулар жүргізу туралы сарамандық жұмыстар, ішкі және сыртқы экономикалық, өндірістік байланыстар схемасын, графиктер тұрғызуға жаттықтырады.

ІІІ. Білімді жүйеге келтіру сабақтары көбіне жоғарғы сыныптарда өткізіледі. Мысалы, шет елдердің экономикалық және әлеуметтік география бойынша дамыған елдерге жалпы сипаттама беру, экономикалық көрсеткіштеріне қарай елдерді топтастыру, дамыған елдер мен дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық белгілерін көрсеткен салыстырмалы кесте жасау, адамзаттың ғаламдық проблемаларына сипаттама жасау (мәні, шығу себептері, әсері, болдырмау жолы) т.б.

IV. Білім, іскерлік дағдыны жан-жақты  қолдана білу сабақтарына көбіне  шығармашылық сабақтар жатады. Географиялық  есептер шығару, кроссвордтар құрастыру, ішкі өндірістік байланыс, сыртқы экономикалық байланыс схемаларын сызу, диаграммалар тұрғызу, географиялық диктанттар жазу, географиялық нысандарды картадан ойланбай табу, орналасу реттерін картаның көмегінсіз жатқа білу.

V. Қайталау, бағалау сабақтары. Жаңа ұғымдардың оқушылардың бұрынғы ұғымдары мен түсініктеріне сүйеніп, солармен байланысты берілетіндігі дидактикадан белгілі. Сондықтан қай типтегі сабақ болмасын әр сабақта әр түрлі деңгейде өткенді қайталаудың элементі қатысады. Қайталау және оқушылардың білімін тексеру сабақтарында екі дидактикалық мақсат қатар қойылады. Олар: қайталау арқылы оқушы білімін жүйеге келтіру және оқушының дайындық дәрежесін есепке алу. Әдейі оқушы білімін тексеруге арналған сабақтарда оқушы білімі өткен материалдар бойынша (тақырып, тарау, құрлықтар мен мұхиттар географиясынан бір құрлықтың табиғат элементтері бойынша, экономикалық географиядан өндірістік немесе ауылшаруашылық географиясы бойынша) ауызша, жазбаша сұрақ, тест, КВН, компьютер арқылы т.б. түрде жүргізеді.

Аралас сабақ – Географиядан жаңа ұғымдар мен түсініктерді қабылдау, оны саналы түрде түсініп меңгеру, өзін-өзі тексеру, мұғалімнің оқушы білімін тексеруі бір-бірімен тығыз байланысты – бір тұтас процесс. Мысалы, құрлықтар мен мұхиттар географиясында 7-сыныпта Солтүстік Американың климаты тақырыбын өткен кезде алдыңғы сабақта өткен Солтүстік Американың географиялық орны, жағалауларының пішін, жер бедерін еске түсірмеу мүмкін емес. Көпшілік сабақтарда барлық дидактикалық мақсаттар (түсіндіру, өткенді қайталау, жаттықтыру, т.б.) аралас келіп отырады. Сондықтан әдеттегі сабақтарды аралас сабақтар деп атауға болады.

 

 

1.2 Сабақтарды жоспарлау  және өткізу (география сабақтары  мысалында)

 

Мектепте географиялық білім берудің негізі – география сабақтары. «Сабақ» дегеніміз – оқушылардың топқа ұйымдасқан «сынып» деп аталатын тұрақты құрамымен, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу жұмысы. Сабақтар тұрақты сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Барлық сабақтар оқу жылының ішінде 45 минут мөлшерінде өткізіледі. Сабақ жүйесі белгілі кезеңдегі қоғамның алдында тұрған міндеттеріне сай үнемі жетілдіріліп отырады. Сабаққа қойылатын талаптар:

  1. Әрбір сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары, және сабақтың құрылысы алдын – ала ойластырылуы керек.
  2. Оқыту процесінің негізгі мақсаты білім беру, тәрбие беру және дамытушылықтың бірлікте болуын ең алдымен сабақта жүзеге асырылуы қажет.
  3. Сабақта оқу материалының ерекшелігіне сай проблемалық ситуациялар туғызу. Танымдық қабілетін дамытып, ой қорытындыларын жасауға үйрету.
  4. Әр сабақтың өзіндік дидактикалық міндеттері алдын – ала ойластырылуы керек.
  5. Оқу материалына, тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын үнемі оятып отыру.
  6. Оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау.
  7. Оқушылардың психологиялық, денсаулық ерекшеліктерін ескеру.
  8. Білімді өздігінен меңгерудің әдіс – тәсілдеріне қажетті іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
  9. Әр оқуышының бейімділігін, қабілетін дамытуға жағдай жасау.
  10. Әрбір сабақты білім берудің гуманистік мақсаты мен педагогикалық ынтымақтастықтың негізінде өткізу.

Аталған талаптардың орындалуы алдын – ала жан – жақты ойластырылып жасалған сабақ жоспарына тығыз байланысты.

Күнделікті сабақ жоспары әр пәннен оқу жылының 1-  немесе 2-жартысына  арналып жасалған күнтізбелік жоспары негізінде жасалады. Күнделікті сабақ жоспарында бағдарлама талаптарына сай берілетін білім, қалыптасатын іскерлік пен дағдылар, тірек білімдер мен түсініктер ерекшеленеді. Көрнекі құралдар іріктеліп, кейбіреулері жаңадан дайындалады, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасалады. Жұмыс түрлері, қолданылатын әдістер таңдалып сарамандық жұмыс түрлері ойластырылады. Аталған жұмыс түрлерін таңдауда сабақ өткізілетін сынып оқушыларының оқу – танымдық мүмкіндіктері мен ақыл – ой, психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. 7-сыныпта «Құрлықтар мен мұхиттар географиясынан» өткізілетін сабақтың үлгі жоспары

Сынып: 7, күні: 3-қазан 2001 жыл. Тақырыбы: Африка өзендеріне жалпы сипаттама. Атлант мұхиты алабы өзендері. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, әдісі: әңгіме, көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, Жер шарының климат картасы, атлас, картина «Ніл». Сабақтың міндеттері: а) білімдік: Оқушыларға Африканың өзендерінің ерекшеліктері туралы түсінік беру; ә) тәрбиелік: өзендердің халықшаруашылық маңызы. Өзен суларының экологиялық тазалығын сақтау; б) дамытушылық: Физикалық картаны пайдаланып типтік жоспар бойынша Африка өзендеріне сипаттама беру.

 

Сабақтың жүрісі:

 

Сабақтың кезеңдері

Уақыт мөлшері

Ескертулер

  1. ұйымдастыру

 

2. Өткен тақырыпты қайталау. Африканың  климат белдеулері. Қайталау сұрақтары: 1.2.3.

12м

Оқушылардың белсенділігін көтеру

3. Өткен тақырыпты қорытындылау  және жаңа тақырыппен байланытыру.

   

4. Жаңа сабақты түсіндіру.

А) баяндау жоспары:

1.Африканың басты өзендеріне  физико-географиялық сипаттама.

2.Африка өзендерінің ерекшелігі.

3.Ніл өзені

4.Африка өзендерінің жер  бедері мен климатқа байланыстылығы.

15

 

5. Жаңа сабақты беркіту. Беркіту  сұрақтары.

5

 

6. Сарамандық жұмыс. Тапсырма:

1. Африка өзендерін кескін  картаға түсіру.

2. Африка өзендерінің  еңістігі мен құламасын анықтау.

7

 

7. Үйге тапсырма. Конго өзеніне  жоба бойынша физико-географиялық  сипаттама беру.

2

 

8. Сабақты қорытындылау, бағалау.

2

 

9. Картамен жұмыс.

   

10. Географиялық диктант, географиялық  ойын т.б. сабаққа өзіндік талдау  жасау жүйесімен танысып, өз бетімен және практикалық жұмыстар барысында жаттығу.

   

 

 

    1.  Оқушылардың тұлғалық құрылымын қалыптастырудағы ойын технологиясының ережелері

 

Жалпы алғанда жеке тұлғаның құрылымын тану - қазіргі күнгі негізгі мәселе. Өйткені, оның нақты мәнін ашу ғылым мен қоғамның белгілі бір даму кезеңінде мүмкін болады. Тұлға өзінің құрылымы жағынан күрделі, көпдеңгейлі құрылым ретінде біртұтас процеске бүкіл элементтері жинақталған жүйе ретінде көрінеді. Жеке тұлға кұрылымы басты, өз ішінде иерархияланған, мотивацияланған тұрақты сызықтарды білдіреді. Оның құрылымында нақты иерархиядағы бірнеше деңгейлерді бөліп көрсетуге болады. Жеке тұлғаның төменгі басты деңгейлері (темперамент, психикалық процестердің өту жылдамдығы, психикалық функциялардың даму ерекшеліктері) жеке тұлғаның маңызды сипаттамасы болып табылады. Олар міндетті түрде тәрбие барысында есепке алынады (мысалы, адам өз сезімін қарапайым түрде жеткізе алуы тиіс). Мінез-құлық және темперамент ерекшеліктері баланы оқыту және тәрбиелеу кезінде индивидуалды қатынасты құруда негіз болады, бірақ нақты тәрбиеге негіз бола алмайды.

Жеке тұлға ұстанымына және оның құрылымының қоғамдық түсініктер жүйесіне қатысты жайттарды пайымдау, біздің пікірімізше:

1. Тіршілік ұстанымы деп субьектінің дүниетанымына сәйкес жауапты, мақсатты тіршілік әрекетін шарттастыратын жеке тұлғаның алдында тұрған тіршілік мақсаттарының, жасампаз еңбегінің таңдап алынған қатынастарының, бағдарларының жүйесін түсіну қажет;

2. Тіршілік ұстанымының негізгі психологиялық механизмі өзінің өмірлік мақсатына қатысты жеке тұлғаның өз қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, жағдайларын, шешім қабылдауға қоғамның талаптарын түсіну және ара салмағы болып табылады. Қалыптасу көрсеткіштері-жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің барлық салаларындағы әрекеттерінің дербестігі, жауапкершілігі және мақсаттылығы;

3. Тіршілік ұстанымын қалыптастыруда олардың арасындағы күрделі байланыстар мен өзара компенсацияны ескере отырып, оның барлық құрылымдарына кешенді ықпал етуді басқаруға болады;

4. Тіршілік ұстанымын  қалыптастыруда тәрбиеленушілерді олардың бұйымдарды, заттарды қалыптастыратын,танымның қарым-қатынастардың жаңа тәсілдерін ашатын және өздерін қалыптастыртын оқушылардың тірішілік ұстанымын ұстанымын қалыптастырудың маңызды мақсаттарының бірі ретінде оларды біліммен, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастыру икемдерімен және дағдыларымен қамтамасыз ету олардың белсенділігін дамыту деген ұғымға әкеледі.

Енді жалпы даму деген ұғымға қысқаша тоқталып өтсек, ғылымда даму дегеніміз-бұл тоқтауға мүмкін емес, мақсатты бағытталған, материалдық және идеалдық обьектілердің заңды өзгерісі. Дамушылық төменнен жоғары қарай өсу қозғалысы негізінде, жаңа нәрсенің өмірге келуі мен ескі нәрсенің өлуі формасында іске асады. Даму нәтижесінде белгілі бір нәрсенің жаңа және сапалы болмысы дүниеге келеді, оның құрылымы өзгеріске түседі, яғни басқа сөзбен айтқанда, пайда болу .

Педагогикада даму дегеніміз – бұл ішкі субьектінің дамуының әлеуметтік құрылымы мен психикалық жағдайының даму заңдылықтары әсерінен тұлғаның өзгеруі болып табылады.

Бізден бұрын ойындық технологияны зерттеген ғалымдар өз зерттеулері бойынша ойынды мәдени және білім беру жаңалығы ретінде қабылдап, оны нақтылайтын белгілерге біріктірген. Оларға:

    • Ерікті мінез;
    • Өзіндік хронотоп;
    • Қатысушы оқушылардың барлығымен сақталатын нақты тәртіп;
    • Әрекет барысында және оқытудағы сезімдік және зияткерлік толқыныстар;
    • Бірлескен командалық әрекеттер тәжірибесі;
    • Ойындар барысында бастан өткеретін өкініштер мен қуаныштарды жатқызуға болады.

География сабақтарында ойын технологиясы арқылы оқытудағы, оның мәнін зерттеу үшін жасалған ойындар тұжырымы адам әрекеттерінің барынша жетілдірілген және ең жоғары түрі ретінде аса құнды. Ол ойынды адамға ғана тән екі бірдей: қарама-қарсы бағытталған ұмтылыстарды-тақырыпқа әуестік немесе түрге (бейнеге) құштарлықтың бірегейлігін үйлестіретін жетістікке жетудің қажеттігінен бастау алады.

Ойындарды зерттеушілердің бірі К.Левин ойынды ауыстыру динамикасымен байланыстыруда мынадай ережелерді сақтау қажеттігіне аса мән берген:

    • Адамның психологиялық ортасы шынайылықтың түрлі санаттары сипатталатын салаларға жіктеледі;
    • Егер шынайылық жоспары кездейсоқ себептерге байланысты жағымсыз болса, бір жоспардан екіншісіне көшуге болады;
    • Жоғарыда айтылғандар балалардың да, ересектердің де мінез-құлқында кездеседі;
    • Шындықтың түрлі санаттар қабаттарынан өту тетігі ауысу болып табылады.

К.Левин бір жағынан ол шынайылыққа жататын құбылыстармен істес болудан тұратындықтан ойындардың динамикалық ерекшеліктері оларды бөтендердің бақылауына жол ашады деп сипаттады. Екінші жағынан, ойыннан тыс мінез-құлықтар сияқты, ойын да шынайылық заңдармен соншалықты шектелмейді. Солай бола тұрса да, бірқатар ойындардың барынша қатаң шеңберлерде болуы, ойынды шындыққа жақындата түседі.

Біз жүргізген талдау барысында, отандық және шетелдік психологияда да, педагогикада да, ойын әрекеттері тұлғалық дамумен байланысты деген қорытындыға келдік. Енді бізге ойынды қазіргі жекелік-бейімдік оқытуға сәйкестендіру қажеттігі туып отыр. География сабақтарында жүргізілетін ойын түрлерінің барлығында дерлік оқушылар ізденушілік және зерттеу қабілеттерін жетілдіріп отырады.

 

 

1.4 Сабақ және ойын технологиясын сәйкестендіру

 

Ойын технологиясының кейбір сақталатын ережелері мен ерекшеліктерін сақтай отырып, енді дидактикалық ойынның осы заманғы жекелік-бейімдік оқытуын сәйкестендіруді қарастырайық. Оны жүзеге асыруда ол сәйкес келетін белгілерге сүйену қажет. Біз оны төмендегіше бөлеміз:

1. Оқу материалы оқушыларды субьектілік тәжірибемен ашуға әсер етуге тиісті;

2. Мұғалімнің материалды мазмұндауы оның көлемін кеңейтуге ғана емес, өткен сабақты жинақтауға, кіріктіруге бағыттауы тиіс;

3. Табысқа жетуге жағдай жасау, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыны белсенді түрде ынталандыру;

4. Оқу материалы оқушыға таңдау жасауға мүмкіндік беруге, оқушыларды таңдауға ынталандыруға міндетті;

5. Тұлғалық дамудағы олардың функцияларын есепке ала отырып, оқыту жұмыстарының жалпы қисындық және арнайы тәсілдерін анықтау;

6. Нәтижелерді  бағалауды бақылап қана қоймай, оқу материалын игеру барысында  оқушы жүзеге асыратын өзгерістерді, оқу үрдісіне диагностика жүргізу;

7. Оқыту  бірліктерін бөліп алып, оларды  суреттеу, түзетудің түрлі формалары  үшін пайдалану қажет.

Оқыту ойындары ойынға қатысушыларды мақсатқа сай сол ортаға бейімдейді. Оқыту ойындарының мақсатты бейімділігіне келер болсақ, оны былай сипаттауға болады:

  • Дидактикалық: ойлауды кеңейту, танымдық мақсаттар, алынған білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды практикалық әрекетте қолдану, еңбектік дағдыларды жалпы білімдікке дамыту;
  • Тәрбиелеуші: еріктілікті, дербестікті тәрбиелеу, нақтыланған адамгершілік, эстетикалық, көзқарастық ұстанымдарды қалыптастыру, ұжымда болу ептіліктерін үйрету;
  • Дамытушы: ойлауды, есте сақтауды, сөйлеуді, назар аударуды дамыту, балама табу, талдау және синтездеу ептілігі, елестету, қиялдау, шығармашылық қабілеттер, эмпития, рефлекстер, тиімді шешімдер қабылдау ептілігі, оқу әрекеттерінің уәждерін дамыту;
  • Әлеуметтеуші: қоғамның құндылықтары мен нормаларына қатынасу, ортаның жағдайларына бейімделу, өзіндік реттеу, оқу, әңгімелесу, психотерапия.

Жалпы ойындардың бірқатар жіктеу түрлерін қарастыра отырып, біз олардың оқытудағы, тәрбиелеудегі, дамытудағы артықшылықтарын көрдік және өзіміздің тұжырымымыз бойынша оқушы тұлғасын барынша дамытатындығына көз жеткізе отыра ойындарды:

1. Ойын-жаттығулар (кроссвордтар мен олардың түрлері, тарихи карталармен, даталармен ойын, сан-алуан викториналар мен тағысын тағылар);

2. Ойын-зерттеу, ғылыми ізденіске ұқсайтын оқыту  ойындары;

3. Ойындар  мен құрылымдық пікірталастарды  ұйымдастыру;

4. Ұқсата-үлгілеу  ойыны.

Жоғарды айтылған ойындардың әрқайсысының тұлғаны дамытуда «ойнау» түріндегі нақты болжамдары барлығын түсіне отырып, біз сол ойындардың кез-келгенінің оқушылардың тұлғасын дамыту жоспарындағы нақты кемшіліктерін де сараладық. Сондықтан ойындарды кешенді түрде пайдалану қажеттігі туралы қорытындыға келдік. Сонда ғана оқушылардың тұтастай дамуына жол ашатын ойындық әрекеттердің жүйесі жасалады.

Тұлғалық құрылымның барлық көлемін түсіне отырып, біз мониторинг жасау қиындығына қарамастан, өлшеуге қолайлы салалардың ырғағын зерттеуге тырыстық. Бұл өзгерістер танымдық қажеттілікте, себептерде, жоғары техникалық қызметтерде (оқушылардың қабылдау, назар аудару, есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттері) олардың эмоционалдық ерікті түрлерінде, коммуникативтілік әдістері мен деңгейлерінде, білім, білік және дағды динамикасы арқылы зерделенетін басқа да әртүрлі қызмет түрлерінде, танымдық әдіс және тәсілдерге ие болу, олардың репродуктивті және шығармашылық өнімдерін пайдалануда кездеседі.

Тұлғалық динамиканың маңызды өлшемі ретінде оқушылардың рефлексивті мәдениетін айтуға болады, сондықтан біз «ойнаушыларға» өздеріне өздері сұрақ қоюға мүмкіндік беретін, ойын қызметіне жеке қарым қатынасы туралы, ойын барысындағы өзгелермен араласу барысы туралы жазуға мүмкіндік беретін тапсырмалар жүйесін ойлап таптық.

Ойын технологияларын Қазақстанның физикалық географиясы сабағын оқытуда пайдалану бойынша географиялық ойындардың әр түрлі түрлерін эксперимент тұрғысында пайдалануға құрылған - ойын-жаттығулар, ізденіс ойындары, құрылымдық пікірталасқа негізделген ойындар, иммитациялық-моделдеуші, т.б. болып бөлінеді. Бұл ойындар нақты ережелері және оларды өткізудің еркін шарттары бар ойындар. Ойын-жаттығулар неғұрлым нақты және қатаң ережелермен беріледі. Біздің тәжірибелік-эксперименталдьщ жұмысымызда «Жібек жолы бойымен саяхат» ойыны ойластырылып, өткізілді.

Көптеген ойындарда ойын ережесін қатаң сақтап отыру қажет болғандықтан (оның үлкен тәрбиелік мәні бар), біз ойын ережелеріне ерекше мән бере отырып, балалардың алдына мынадай мақсат қойдық. Ережелердің қажеттілігін түсіне білулері, оларды міндетті түрде орындау қажеттігін түсінуге үйренулері, оның ойын барысы мен нәтижесіне тигізетін әсерін ұғынулары.

География пәнінен берілетін ойындарды модельдеу, жобалау және конструкциялаудың басты ерекшелігі географиялық жұмыстармен байланысты идеяларды іздестіру болып табылады, географиялық ойын технологияларында нақты және ойдан шығарылған логикалық сұрақтар берілуі мүмкін, мысалы, ойын дискуссияларды, имитациялауды, моделдеу, жобалау және конструкциялау әр түрлі географиялық сипаттармен біріге жүргізіледі. Бұл географиялық ойындардың ерекшелігі ойын барысында жүзеге асатын дидактикалық, дамытушы және тәрбиелеуші мәні зор.

Философиялық, психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдау біздерге оқыту ойыны дәстүрлі білім берудің кемшіліктерінен арылуға жол ашады деген қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Оның еркін әрекет болуы оқушылар үшін барынша тартымдылығымен түсіндіріледі. Ол жекелей тәжірибе мен алынған тәжірибе арасында ғылыми түсініктерді қалыптастыру кезінде (ғылыми түсініктер арасында) делдалдық жасай алады.

Оқушылардың тұлға ретінде теориялық даму моделін тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс барысында жасап көру үш кезеңде жүзеге асырылды -диагностикалық, жобалық және қалыптастырушы (1 кесте).

 

1 кесте - Ойын технологиялары негізінде  окушыларды тұлғалық 

дамыту процесінің теориялық үлгісі

Компонеттері

Критерийлері

Көрсеткіштері

Мотивация- 

- ойын

- ойын  технологиялары

мақсаттылық

технологияларын

арқылы білімдену, дамуға

 

қабылдаулары;

талпыныстары;

 

- өздерін  дамытуға

- қарым-қатынас

 

байланысты мотивтерді

мәдениттілігі және

 

түсінулері;

ережелерді сақтаулары;

 

- ойын

- өзіндік  тұрғыдан ойын

 

технологияларының

технологиялары негізінде

 

тұлғалық дамуға

тұлғалық даму процестерін

 

қажеттілігін іштей

үнемі жетілдірулері;

 

қабылдаулары.

- ойын  шарттарын

   

сақтаудың қажеттілін

   

түсінулері.

Ақпарттық-

- ойындар  туралы

- мектептерде  ойынды

мазмұндық

жалпы

өткізуге байланысты

 

мағлұматтарының

әлеуметтік, материалдық

 

болуы;

мүмкіндіктер жасау

 

- ақпараттар

қажеттіліктерін дұрыс

 

негізінде ойын түрлерін және пән бойынша сұрыптай білулері;

- ақпараттар  негізінде ойынның жас ерекшелікке  байланыстылығын ескерулері.

түсінулері;

- тұлға құндылықтарын түсінулері және бағалаулары;

- ойын  мен шынайы өмірді салыстыра  отырып, талдау жасай білулері.

Технологиялық

- ойындардың  ішкі жан-дүниелеріне әсер етулері;

- ойын  ойнау барысында қарым-қатынас  этикаларын сақтаулары;

- ойын  технологияларын меңгерулері.

- педагогикалық  технологияларды білулері;

- ойындарға  қатысты жаңа ақпараттық технологияны  қолдануға даярлығы және оны қабылдауы;

- қарым-қатынастың  ізгіліктілігінің сақталуы.

Нәтижелік-бағалаушылық

-ойынды  шынайы қабылдаулары арқылы өз  бойларындағы қалыптасқан тұлғалық қасиеттерді бағалаулары;

- ойын  соңында өзіндік талдау жасай  отырып, 8\¥ОТ талдауға көшуі арқылы  бағалауы;

- өзіндік  тұрғыдан қалыптасқан тұлғалық қасиеттерді анықтауы.

- тұлғалық қасиеттерді дамытуға арналған ойын түрлерін іріктеулері;

- сіңірілген  тұлғалық қасиеттерді анықтаулары мен бағалаулары;

- іс-әрекеттерінде, тұлға ретінде дамытуға қолдана білулері.


 

Практик-мұғалімдер мен зерттеушілер бақылаулары ойынның берік әрі терең білімдерді қалыптастыруға, танымдық қызығушылықты дамытуға жол ашатынын анықтаған. Ойын даралық өзін өзі тануға және өзін өзі анықтауға жол ашады, оқушылардың сезімдік-адамгершілік саласын дамытады. Ойын әрекеті тұлғаның комуникативтік және әрекеттік саласын дамытады жэне сол арқылы оқушылардың таныммен байланыстағы қызығушылықтар мен қажеттіліктерін, себептерін бекітеді.

 

 

1.5 География сабағын ойын көмегімен оқыту

 

Орта мектептің негізінде оқу жылында құрамында негізінен екі кезеңнің 6-7 сыныптарда болған географиялық ойындар клубы жұмыс істеді. Сабақта да, клуб жұмыстарында да географиялық ойындардың барлық спектріне (имитациялық-моделдеуші, кұрылымдық дискуссиямен бірге ізденіс ойындары, т.б.) көңіл бөлінді.

Жасалған теориялық зерттеу және эксперименталдық бақылау нәтижесінде орта мектептің 6-7 сыныптарында география сабағын оқытуда ойын технологиясын пайдаланудың мақсаттылығы туралы қорытынды жасалынды. Географияны оқытуда ойын технологиясын пайдаланудың тиімділігін анықтау мақсатында 6-7 сыныптарда эксперимент жүргізілді. Зерттеу арнайы әзірленген және эксперимент жасау барысында орындалған арнайы әдістердің көмегімен жасалынды. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмыс үш кезеңнен тұрды: диагностикалық, жобалық, білім беруші. Соларға толығымен тоқталып өтейік.

Диагностикалық кезең өзіне мынадай міндеттерді шешумен айналысады:

1. Диагностика субъектілерін анықтау;

2. Балалардың тұлғалық даму өлшемін  анықтау;

3. Диагностикалық материалдарды  алу әдістерін таңдау;

4. Алынған диагностикалық мәліметтерді  талдау және қортындылау.

Жалпы жұмыс аталған мектептердің екі кезеңінде жүргізілді, сондай-ақ аталған мектептердің География ойындары Клубына қатысушылар арасында жүргізілді. Әрбір топтағы оқушылардың саны алтыншы сыныптағы тәжірибе жұмысы бастауының көрсеткіштері бойынша алынды. Одан арғы жұмыс сол балалармен жүргізілді, эксперименталдық сыныптарда (барлығы 217 бала болды, бірінші кезеңде 113 адам, ал екінші кезеңде 104 адам болды. Тәжірибелік-эксперименталдық жұмысты жүргізу үшін біз негізі талапты анықтадық - сыныптардың бастапқы ұқсастығы: оқу ғимараттарының бір типтілігі, бірыңғай оқу бағдарламасы. Аталған шарттар әсер етуші факторлардың санын анықтады. Біздің жұмысымыздың аясында білім беру бағдарламасы географияны 6-сыныпта оқытуды көздеді (материктер мен мұхиттар).

Болжамға сәйкес, ойын технологияларын пайдалану оқушылардың тұлға ретінде дамуына жақсы әсер ететінін байқадық. Сондықтан, дайындық кезеңіндегі біздің міндетіміз диагностикалық материалды алу болды. Ең алдымен бізді оқушылардың алғашқы деңгейі қызықтырды. Диагностика үшін алтыншы сыныптықтардың көбісінің негізгі өлшемдері оқу үлгерім өлшемдері және педагогикалық қадағалаулар нәтижесі болды. пайдаланылды.

Cабақтағы топтық жұмыс және оның әр түрлілігі