Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ПАВЛОДАР ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ»
ТЕКСЕРГЕН:
ОРЫНДАҒАН:ФС-411 тобының студенті
Есенгелдин Сұңғат
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І. ОҚУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
1. 1.Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі
1. 2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама
ІІ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
2.1. Инновациялық технологияларды пайдалану.
2.2. Білім сапасын арттыру.
2.3. Дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологияларды қолдану.
2.4. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030
» бағдарламасында «Білім беру жүйесінің
басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы
азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы
және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті
жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа
жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына
жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек
ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы
бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол
болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және
сапалы деңгейге көтеруді алға тартып
отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын,
өздігінен әрекет етуге және қабілетті
қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген,
оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл,
барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны
тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.
Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың
жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды
дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын,
қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер
қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы
оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне,
дәрежесіне тікелей байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
«Қазақстан–2030» Қазақстан халқына арналған
жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз
өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз
бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне
кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда
білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс
педагогика теориясы мен оқу – тәрбие
процесіне нақты өзгерістер енгізумен
қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы
білім беру қызметіне жаңаша қарауды,
қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай
отырып саралауды, жастардың шығармашылық
әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін
жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді».
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға
және кәсіби шындауға бағытталған білім
алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың
жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» - деп
білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін
көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін,
мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті
ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен
қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық
жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа
өту қажеттігі туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға
әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті
өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі
мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді
дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана
білуі керек. Сонымен қатар мектептегі
оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы
арасындағы қарым – қатынас жалпы оқытуды
ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді
қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына
сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс - әрекетінің ғылыми –
педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды
мәселелердің бірі.
Халыққа білім беру жүйесінің
міндеттерін іске асыруда кейбір факторлардың
ықпалын ескерген жөн. Олардың бірі –
қоғамдық өндірістің дамуы және оның ғылыми
– техникалық негіздерін жетілдіру. Қоғамдық
өндірістің үдемелі ғылыми – техникалық
деңгейін көтеру жеке адамның және техникалық
білім алу сапасына барынша ықпал жасайды,
білім беру жүйесін жоғары сатыға көтереді
және үнемі дамытуды талап етеді.
Осыған орай, егеменді Қазақстан
жағдайында жалпы білім және тәрбие беретін
мекемелер желісінің ұлғая түсерікәсіптік
– техникалық, арнайы орта және жоғары
оқу орындарының жаппай мамандар дайындау
жөніндегі ролі одан әрі арта беруі тиіс.
Халыққа білім беру ісін дамытуда
педагогикалық фактордың да әсері бар.
Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар
тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларға
тиісті дайындықпен мектепке оқуға дайындау
қажет. Ол үшін балалар бақшасында және
үйелменде тәрбие жұмысының процесіне
нақты педагогикалық басшылық жасап, оның
барынша сапасына және нәтижесін арттыру
тәрбиешілерден, ата – аналардан, мектепке
дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен
педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Сонымен білім беру процесінде
ізгілікті көзқарасты қоғамдық өзгеріс,
даму туындатып отыр. Білімнің ізгілендірілуі
білім берудегі жаңа бағыттарды айқындайды:
оқушылардың белсенділігін арттыру, білімнің
өзі үшін қажеттігін сезіндіру, оқу ісінде
демократиялық көзқарастың орын алуы,
оқушыны әрекет субъектісі деп тану жіне
т.б. Білім беруді ізгілендіру адамның
жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған.
Білім беруді жоспарлау халықаралық
институтының директоры Ж.Аллак бір кезде
былай деген: "Көп елдердің тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, білім беру үрдісі
күрделілігінің басты себебі тек қаржыда
жатқан жоқ, ол ақшаны үйіп-төгіп шеше
салуға болмайтын қиындықтарда жатқандығында”.
Осы лауазымда оның алдында болған көрнекті
американдық зерттеуші, әрі білім қайраткері
Ф.Кумбе бұл ойды одан қатаңырақ түйіндей
түсті: "Дағдарысты ауыздықтау үшін
білім берудің әр жүйесіне ақшаға сатып
алуға болмайтын идеялар, батылдық, қайраттылық,
іздену мен өзгерістерге ұмтылыс және
өз істегеніне өзі сыни баға бере алатын
бейімділік керек».
Ұлы орыс ғалымы, Ресей ғылыми
педагогикасының негізін салушы Константин
Дмитриевич Ушинский былай деген: "Педагогиканың
кең табаны мен өте жіңішке төбесі бар:
бастапқы сабақ берудің дидактикасы том-том
болуы мүмкін; университетте лекция оқу
дидактикасын екі сөзбен айтуға болады:
"өз пәніңді жақсы біл және оны анық
түсіндір”. Осы бұлтартпас шындықты түсіндіре
келіп, Ушинский: "Білім беретін оқушылардың
жасы неғұрлым кіші болса, оларды тәрбиелейтін
тәрбиешіден соғұрлым көбірек педагогикалық
таным талап етіледі. Және бұл талап оқушының
жасына байланысты көбеймей, азаяды”.
Білім беруді ізгілендіру процесі
білімнің, ғылымның ізгілендіру мәніне,
ол адамдарға бағыт, рахат әкеле ме немесе
жоқ па деген сұрауларға жауап іздейді.
Ол сауалға ізгіліктіліктің құрамындағы
қоғамдық бағыттар және оның мазмұнын
айқындау арқылы іздейміз.
Білім беруде ізгілендіру мәселесі
К.Оразбекова, С.Қалиев, Р.Төлеубекова,
А.Бейсенбаева, Қ.Жарықбаев, Н.Дүтбаева,
Ж.Сәрсенова, А.А.Қалыбекова және тағы
басқалардың зерттеулерінде кездеседі.
Зерттеу жұмысының мақсаты:қазіргі
заманғы педагогикада блім беруді ізгілендіруді
теориялық негіздеу.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
1. Білім беру педагогикасының
және категорияларының мәнін ашу;
2. Білім беруді ізгілендірудің
мәні мен мазмұнын зерттеу;
3. Білім беруді ізгілендірудің
өзекті мәселелеріің мәнін ашу;
4. Қазіргі мектептегі білім
беру мазмұны мен тәрбиелеудің тиімді
жолдарына сипаттама беру
Зерттеу әдістері:мектеп құжаттары,
әңгіме, бақылау, сұхбат, озат педагогикалық
бөліміне зерттеу.
1. 1.Оқудың педагогикалық
технологиялары түсінігі
Көптеген уақыттар желісінде
«технология» түсінігі педагогикалық
ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы
мəні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық
міндеттерге: педагогикалық процесті
сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау –
сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі
ретінде қарастырылды.
Педагогикалық əдебиеттерде
қандай да педагогикалық технологиялар
сипатын айқындаушы көптеген терминдер
ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу,
оқыту технологиялары, білімдендіру жəне
дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған
жəне проблемді оқу технологиялары, авторлық
технология жəне т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық
технология», «оқу-оқыту технологиясы»
жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының
өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай
келді. Ал бүгінде педагогикалық технология
оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық
міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын
педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі
ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық
технология» мəні «оқу технологиясы»,
«тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен
салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.
Педагогикалық технология –
бұл педагогикалық əрекеттер табысына
кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі
сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді,
бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды,
идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен
бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау
жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар
көп түрлі болуына қарамастан, олардың
іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі
– теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько,
В.В.Данилов, В.К.Дьяченко жəне т.б.), екіншісі
– тəжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин,
С.Н. Лысенкова, В.Ф.Шаталов жəне т.б.).
Сонымен, технология астарында
не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі
идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мəні бар ой
жаңалықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский
де дəріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16-ғасырда-ақ
оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық»)
болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді
нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты.
Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген
даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық
машина үшін қажет нəрсе – 1) түбегейлі
ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға
жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды;
3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік
бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың
мызғымас ережелерін табуымыз керек».
Коменский заманынан бастап,
оқуды мүлтіксіз əрекеттегі механизмге
сəйкестендіру ұмтылысының талайы күні
бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу
технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар
толықтырылып, нақтыланып отырды. Əсіресе,
техникалық прогрестің əрқилы теориялық
жəне практикалық қызметтер аймағына
енуімен оқуды технологизацияластыру
идеясы нығайып, іске асырыла бастады
(П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский
жəне т.б.).
Осы заманғы дидактикада əрқилы
оқу технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - əр автор
мен орындаушының педагогикалық процеске
өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс
ендіріп баруымен байланысты.
Дидактикада оқу технологиялары
төмендегідей сипаттарымен жіктеліп,
топтастырылады:
- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық,
пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік);
- философиялық негізі: ғылыми
жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл
(авторитарлы);
- тəжірибе меңгерудің ғылыми
негіздемесі (концепция): байланыс-жауапты
(ассоциатив-рефлекторлы); іс-əрекетті
(бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы),
дамытушы;
- тұлғалық құрылымға бағдарлануы:
ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар
қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік
(оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін
қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын
қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік
əрекеттер қалыптастыру).
- Дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау
бағыты (модернизация): оқушы іс-əрекетінің
белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру
технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы
қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру
негізінде жасалған технология; оқу материалын
дидактикалық қайта түзуге негізделген
технология жəне т.б.
Оқу технологиясының топтастырылуы,
сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған
мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру
формасының қолданылуына, дəл кезеңде
қажет болған əдістерге жəне басқа да
негіздемелерге тəуелді келеді.
Оқу технологиясын оқу əдістемесінен
ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен
айырмасы – оқу технологиясын қайталап,
көбейте таратуға болады. Қай жағдайда
да технология өзіне сай түзілген оқу
процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық
міндеттердің табысты шешілуіне кепіл
бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді
нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен
бірге, əдістеме технологиялық деңгейге
дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды
түсіндірудің белгілі əдістемесі бар.
Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік
талаптарына орайласса, оны технология
деп тануға болады.
Оқу технологиясы педагогикалық
шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын
жете білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны
əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы
мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық
ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі
көрінеді.
1.2. Оқудың педагогикалық технологиялары
сипаттамасы
Оқудың дəстүрлі (қайта жасау-
репродуктивті) технологиясы білім, ептілік
жəне дағдыларды ұсынуға бағытталған.
Ол өтіліп жатқан материалдың игерілуін,
қайта жасау деңгейіндегі білім сапасының
бағалануын қамтамасыз етеді. Бұл технологияның
ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(əсіресе орта мектепте). Оның мəні: жаңаны
игерту–бекіту–қадағалау–
Оқу технологиясы бірқатар
маңызды да ұнамды тараптарымен еленген.
Олар – үнемділігі , күрделі материалды
түсінуді жеңілдетуі, білім-тəрбие процесін
тиімді басқаруды қамтамасыз етуі, білім
ұсынудың жаңа əдіс –тəсілдерін пайдалануға
икемді келуі. Сонымен бірге дəстүрлі
технология біршама кемшіліктерге де
жол береді – оқу процесін дараландыру
мен жіктеуге қолайсыз, оқушылардың ойлау
қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқу технологиясы
мектеп тəжірибесіне енген оқу іс-əрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский,
Л.В. Занков, Д.Б.Эльконин жəне т.б.).
Ғалымдар дəлелдегендей, педагогика
бала дамуының өткеніне емес, болашағына
бағытталуы тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде
осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму
процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын
даму аймағының» мəні: бала өз дамуының
белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер
басшылығында не ақылдылау дос –жарандарымен
араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген
пікір жария болғанға дейін бала дамуы,
əсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу
жəне тəрбие ізімен жүретіні мойындалған
болатын.
Зерттеулер нəтижесінде (Л.В.
Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен
оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дəлелденді.
Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта
жүргізу принципін ұстану – басты талап.
Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың
іске қосылуын қажет ететін кедергілер
(ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, əрі оларды
жеңуге талпынбаса, бала дамуы бəсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі
оқу принципіне орай білім мазмұны жəне
оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының
мазмұн қарқыны ұлғаяды, əрі тереңдейді,
жетекші рол теориялық білімдерге беріледі,
дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері
мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының
жəне бірі – оқу ілгерілі жəне жедел қарқында
жүреді. Өткендерді жиі əрі бір беткей
қайталаулар оқу процесінің кедергісіне
айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде
өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны
іске асыру сонымен бірге оқушылардың
жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі-
іс-əрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет
етеді (Д.Б.Эльконин).
Дамытушы технология идеяларының
қатарына сондай-ақ оқу қызметінің əрқилы
жағдайларында оқушылардың қажет болғанды
өзінше танып, содан өздігінен жауап əрекет
орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы
да кіреді. Жауап əрекетке (рефлексия)
келу дегеніміз баланың өз əрекеттерін
сезінуі мен түсінуі, оқу іс-əрекеттерінің
тəсіл, əдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық əрекет-қимылдар
əрқашан өзіндік қадағалау жəне бағалаумен
тығыз байланысты болатындықтан дамытушы
технология шарттарына орай оларға да
көп мəн беріледі.
Дамыта оқыту идеясы бұл күнде
еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда.
Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары
пікір таласты болып жүр. Себебі, оқушылардың
бəрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын
көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң
қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда
əбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша
шəкірттерді теңдей шапшаң жəне жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тəрбиелеуге
болмайды.
Бағдарламаластырылған оқу
технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты
оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту
(П.Я.Гальперин, Л.Н. Ланда, А.М. Матюшкин
жəне т.б.).
БОТ бастауын берген американдық
психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар,
бағдарламаластырылған оқулық, ерекше
оқу-машинасы, ЭВМ жəне т.б. көмегімен күні
ілгері дайындалған бағдарлама бойынша
орындалатын өзіндік жеке-дара оқу технологиясы.
Бұл технология əрбір оқушыға өзіндік
сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық
деңгейі жəне т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ-ның өзіне тəн сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді
жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;
- əр бөлшекті игеруге арналған
нақты əрекеттерді орындау нұсқаулары
жүйесінің берілуі;
- əр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының
дұрыс орындалуымен оқушы материалдың
ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу
қадамын іске асыруға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда
оқушының қосымша көмек түсініктемелерін
алуы;
- қадағалау тапсырмаларының
нəтижесі хатталып, оқушының өзіне де
(ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай
кері байланыс) белгілі болуы.
Проблемді оқу технологиясы
мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың
оқу міндеттерін шешуге орайластырылған
өзіндік ізденіс іс-əрекеттерін ұйымдастыруға
негізделеді. Оқу ізденістері барысында
оқушыларда жаңа білім, ептілік жəне дағдылар
қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі,
қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы жəне
басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды
(Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов
жəне т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология
сипаты келесідей: оқытушы білімді дайын
күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет
(проблема) қояды, оған қызықтырады жəне
оның шешу əдіс-тəсілдерін табуға ынталандырады.
Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында
не өз бетінше олардың шешімін табудың
жолдары мен əдістерін зерттейді, яғни
болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру
тəсілдерін белгілейді əрі талқылайды,
дəйектейді, нəтижелерін талдайды, пікір
жүргізеді, дəлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар
сияқты өзінің ұнамды да болымсыз тараптарына
ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті
білім, ептілік жəне дағдылар жүйесін
меңгеруге жəрдемдесіп қоймастан, олардың
ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық
қуатымен берік білім қалыптастыруға
көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын
дамытады, оқу нəтижесінің бекінуін қамтамасыз
етеді. Кемшілігі : жоспарланған нəтижеге
жету көп уақытты талап етеді, сонымен
бірге, оқушылардың танымдық іс-əрекеттерін
жүйелі басқару қиын.
Модульді оқу технологиясы
АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дəстүрлі
оқуға балама ретінде ұсынылған білім
игеру жүйесі. Бұл технологияның мəні
- оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы
нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі
шамада мұғалім жəрдемімен) жетеді (П.Юцявичене,
Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған
оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын
(технологиясын) біріктірген түйін, топ
(узел).
Модуль құрамы: əрекеттің мақсаттық
жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа
жетудің əдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны
өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген
ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі.
Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана
емес, əдістері мен олардың игерілу деңгейін
де көрсететін дидактикалық мақсатқа
сəйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға
аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу
əрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін
сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына,
өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді
байқауына жəрдемдеседі.
Модульдік оқу дəстүрлі білім
игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған
ұйымдастырылу формасында орын тауып,
оның сапасын жақсартуға жəне тиімділігін
арттыруға қолданылуы ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі)
оқу технологиясы педагогикада ежелден
танымал пəнге шомдыру əдісіне негізделген
(П.Блонский, В.Ф.Шаталов, М.П.Щетинин жəне
т.б.).
Бұл технология жақтастарының
пікірі: оқудың дəстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға
сəйкес берілетін оқу мазмұны бөлім, тақырып,
параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына
шартты дербестенген ауқымда ұсынылады.
Осыдан оқушылардың жеке пəндерден алатын
білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады.
Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы
кемиді. Бір дəрістің екіншісінен алшақты
болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат
келесіге дейін көбіне ұмытылады.
Пəндердің тұрақты ауысып баруынан
оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп ене
алмайды. Бір пəннен екіншісіне өтуде
бала қиыншылық көреді, көп уақыт сарп
етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді,
сонымен əр өткен сабақ өз құндылықтарын
жойып барады. Əр дəріс оқушы үшін – жаңа
жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары,
жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына
сəйкес бала икемделіп, оқу іс-əрекеттерін
орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып
жатқан жас буынға оңай шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа
(блокқа) келтіріледі, бір күнге не аптаға
межеленіп, қатар өтілетін пəндер саны
кемітіледі. Мұндай технология оқу- оқыту
процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық
ерекшеліктеріне жақындастыра түседі.
Сабақта игерілген материалды ұмытудың
алдын алу үшін оны бекіту жұмыстары сол
күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алаңдамай,
тек сол пəнмен ғана шұғылданып, толық
шомуы қажет.
Қашықтан оқу технологиясы
– бұл осы заманғы телебайланыс, электронды
почта, теледидар жəне интернет жəрдемімен
оқу мекемесіне қатыспай-ақ білімдену
қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай
да себептермен білім иеленуге қол жеткізе
алмай жүргендердің бəріне бірдей үйде
отырып оқу мүмкіндіктерін ашады (əсіресе
мүгедектерге, зағиптар мен есітуден қалғандарға,
т.с.с.).
Оқу технологияларының басқа
да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу,
толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу,
икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу
технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы)
жəне т.б.
2.1. Инновациялық технологияларды пайдалану.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде
мемлекет басшысы алға қойған міндетті
жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең
маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі
уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру
ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының
қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін
көкейтесті мәселе болып отыр. Еліміздің
даму бағытын бекіткен
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында
салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік
маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде
екендігі баса көрсетілген. Өмір салты
мен денсаулық арасындағы өзара байланыс
салауатты өмір салты ұғымын құрастырады.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты
өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін
жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды
анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты
оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді
ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының
салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы
алған білімдері болашақ азаматтардың
денсаулығын сақтап қалуға берік тірек
болады.
Мектеп оқушыларының салауатты
өмір сүру мәдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған
жансыз және жанды табиғи ортамен жан
– жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны,
елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы
өткізу дағдысын қалыптастыру;
ІІ. Салауатты өмір салты –
ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы
мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында
денсаулықты нығайтуға бағытталған іс
– шараларды жүргізу.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
үшін қандай жағдайларға назар аудару
керек? Өмір салты дегеніміз не?
Бұл жеке адамның тіршілік етуге
бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық
және биологиялық жақтан салауатты өмір
салтын қалыптастыруға мына жағдайлар
негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде
организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе
спортпен шұғылдану;
- физикалық еңбектің гигиеналық
талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық
талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық
мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Сондықтан балаларды жасынан
салауатты өмір салтына қалыптастыруға
күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз
керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе.
Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің
саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына
мұрындық болады. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның
егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен
дамуының стратегиясы» деген еңбегінде
соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның
бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз
– адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты
мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.
Дене тәрбиесі сабағында жаңа
инновациялық технологиялардың тиімділігі
жоғары. Білім – қоғамды тұрақтандыратын,
рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа
сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті
пайдаланып оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін
тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің
өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды
халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке,
салауатты өмір сүруге баулу дені сау
ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің
басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің
ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл
педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп
қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше
күнделікті сабақта пайдалану қажет.
Дене шынықтыру пәнінің басқа
пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері
бар. Мұнда негізінен оқушының қабілеті,
бейімділігі баса назарда болуы керек.
Дегенмен де оқушыларды бейімдеу, қабілетін
дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру
жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты.
Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылықтарын
арттыру, сабақта тақырыпқа байланысты
спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт
түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы
белгілі спортшылар өмірін алуға болады.
Сол себептен мұғалім сабақты
тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында
жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі
баса назарда болуы қажет. Бұл мұғалім
мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты
жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен
белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық
баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар
туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуін ойластыру тиіс. Барлық оқушылар
өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды
орындаудан бастайды, оларды міндетті
түрде толық орындап болғаннан кейін ғана,
келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды
орындауға көшіп отырады. Бұл оқушылар
арасындағы бәсекелестікті және әр оқушының
өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары
деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады.
Жаңаша әдістерді сабақтарда
үнемі қолданысқа енгізуде теория мен
практиканың ұштасуына мән бергенде ғана
жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы
бағыттарда сын тұрғысынан ойлау және
деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді
әдістерін дене шынықтыру пәнінде қолдануды
ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пәні
не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты
береді. Машықтандыру. Дене мәдениетін
қалыптастыру. Денені шынықтыру, тәрбиелеу.
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді.
Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны
жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды
игертуді береді.
2.2. Білім сапасын арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында сын
тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді
пайдалануға да болады. Осы технологияның
шығармашылық бөлігін басшылыққа ала
отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы,
дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру),
сол арқылы, оқушылардың бейімділігін
арттыруға болады.
Күтілетін нәтиже - дене тәрбиесі
пәніне деген қызығушылықтарының артуы.
Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы,
құрметі, эстетикалық талғамы да артып
келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында
5-6 сыныптарына сергіту сәтін алатын болсақ,
өз тәжірибемде 5-сыныптарға өткізген
«Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда,
алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында,
қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым,
ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін
сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды
жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар
сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде
болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін
дамыту тұрғысында 6 сыныптар арасында
«Көңілді мәре» сайысы оқушылардың ой-қабілетін,
жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына
және топтық әрекет жасауына пәндерді
байланыстыра отыра кіріктірілген сабақ
көрермендердің көңілінен шықты, сабақта
биология, химия, математика, сурет, алғашқы
әскери дайындық пен дене шынықтыру пәндерінен
құралған ойындар пайдаланылды. Сабақты
қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор
арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын
таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды
табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген
ұпай сандарына қарай бағалап отырдым.
Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі
деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген
жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп
барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға
жазылып берілген есептерді шапшаң орындап
шығып кейін қайтып келу талабы қойылды.
Оқушылардың бұл бөлімде сабаққа деген
қызығушылығының артуымен бірге машықтанады,
логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс
әрекеті дамиды. Тәңертеңгілік бой жазу
және сергіту жаттығулары мен бірге мектебімізде
ұлттық өнеріміз «Қара жорға» биін жаңғырту
үстіндеміз, биді сергіту, тәңертеңгі
бой жазу жаттығуларының орнына да пайдалануға
болатынына көз жеткіздік. Сондай-ақ «Спорт
әлеміне саяхат» тақырыбында мультимедиалық
проектор арқылы 5«А» сынып оқушылармен
зияткерлік ойын сабағын өткізіп оқушылардың
спортқа деген қызығушылығын арттырдық.
Бұл сабақта Қазақстан спортының алғашқы
шыққан, атақты да данықты чемпиондарынан
бастап қәзіргі таңдағы олимпиада чемпиондары
туралы викторина сайысы оқушылардың
көңілінен шығып, оқушыларымыз өз елінің
патриоты екендерін сабақ барысында дәлелдеп,
мүдірместен жауап беруге тырысты. Сондай-ақ
қатарынан үшінші жыл мемлекеттік тілдегі
мектептердің 5-8 сынып оқушылары арасында
ұлттық ойын және спорттық ойын түрлерінен
жарыстар ұйымдастырып жеңіпаздарды анықтап
оқушылардың кішкене кезінен бастап спортқа
деген қызығушылығын арттыру мақсатында
тынымды еңбектер атқару үстіндеміз. Қала
көлемінде Наурыз айында ұлттық мерекемізді
насихаттау барысында «Төрт түлікке ен
салу», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Асық
ату» ойын түрлерінен жарыстар ұйымдастырып,
ұлттық ойын өнерімізді өзге ұлт өкілдеріне
насихаттау басты міндетіміз. Екінші жыл
аталып өтіп жатқан облыстық ұлттық ойындар
фестиваліне қатысып асық ойынының «Шыр»
түрінен топтық есепте жүлделі ІІ орынға
ие болып қаламыздың қоржынына ұпай әкелдім.
Бұл ұлттық ойындар фестивалінің
ұйымдастырылуы, тұсауы кесілуі ұлтымыз
үшін үлкен жетістік деп білемін.
Ұлттық теле арнада салауатты
өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп
жатқан жаңашыл әдістегі бағдарламалардың
желісінде «Намыс дода», «Толағай» «Асық
ату» атты спорттық, ұлттық ойындар сайысын
сынып аралық топтық сайыс түрінде өткіздім.
Әр тоқсан сайын қала қазақ мектептері
арасында ұлттық және спорттық ойындардан
жарыстар өткізіліп , әсіресе «Асық ату»
ойыны оқушылардың арасында қызығушылығын
арттырды. Себебі дене тәрбиесімен айналысатын
адам өзін әрқашан сергек сезінеді. Ал
сергек адамның өмірге көзқарасы ерекше.Спорт
қайратты қажет етіп, өмірге құштарлықты
арттырады.
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық
ойындардың өтілу нәтижесінде оқушының:
- Салт - дәстүрді құрметтеуі;
- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
- Намысқойлығы;
- Жүйке жүйесінің шынығуы;
- Ойлау қабілетінің дамуы;
- Білім алуға құштарлығы;
Ал деңгейлеп саралап оқыту
технологиясын қолдануда қандай нәтижелерге
қол жеткізуге болады? Сабақ барысында:
Алдымен оқушының «Не?» деген
сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар
екенін көрсету.Оқушының «Қашан?» деген
сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды
толық анықтатуға көз жеткізу қажет.Оқушының
«Қайда?» деген сұрағына: Оқушының және
ұстаз арасындағы серіктесін анықтап,
нәтижеге қол жеткізу қажет.
Өзімнің 6-сыныптарға өткізген
«Акробатикалық жаттығулар» атты сабағымда
алдымен оқушыларға өткен тақырыптарға
байланысты сұрақтар бере отырып, бүгінгі
жаңа сабақтың қандай тақырыпта өткелі
тұрғанын ашып алдым. Сабақ барысында
оқушыларға жеңілдетілген логикалық сұрақтар
беріп, кейін күрделі сұрақтарды тапсырма
ретінде бердім. Сұрақтарға байланысты
жауабын тапқан оқушы, сол жерде практикалық
түрде орындап көрсетеді. Сабақ кезінде
оқушының ішкі позициялық көз қарасы мен
бағыты айқын көрініс бере алады. Сонда
ғана сабақ нәтижелі болып, білім сапасы
артады. Осы бағыттарда әрбір мұғалімнің
оқытуға, үйретуге өз тұғырнамасы болуы
қажет. Олар мыналар:
- Әр оқушының білім деңгейін,
қабілетін, мүмкіншілігін түсіну;
- Оқушының бойындағы жетістіктері
мен кемшіліктерін қабылдау;
- Оқушыларға қиындықтарды жеңуге,
кемшіліктерден арылуға көмектесу;
Осылай ойын элементтерін, әдістерін
деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың
тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын
«даму мониторингі» кестесіне белгілей
отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру
қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты
қызықты сергіту ойындарын ойнатудың
да сабақ барысының сапасын арттыруға
ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?»,
«Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», «Санамақ»
сонымен қатар қозғалмалы ойындар және
ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп
өткізуге машықтандыру.
Сонымен, дене шынықтыру пәнінде
жаңа инновациялық технологияларды қолданудың
орны орасаң болары хақ. Оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын
көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың
да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық
ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр
түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан
тартыс, асық ату, аударыспақ сынды ойын
түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай
жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың
белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі
қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін
артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы
осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.
Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы
артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға
қол жеткізуге болады.
Қорыта айтқанда, мен алдымен
жеке тұлғаның әлеуметтік құзыреттілігін
дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық
зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының
өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты. Жаңа
идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын
міндеттер:
1. Оқушымен қарым-қатынасты
қалыптастыру.
2. Оқушының логикалық ойлау
қабілетін дамыту.
3. Әр оқушының әрекетін, ұлттық
болмысын пайдалануға жұмыстану.
4. Оқушының ұлттық моралының
орындалуын қамтамасыз ету.
5. Оқушының санасын, сенімін,
көзқарасын,білімін арттыру.
6. Оқушының парасатын, ойлауын
қалыптастыра отырып машықтандыру.
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті
пәндерде оқушылардың теориялық білімін
әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән
беру керек.
2.3. Дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологияларды қолдану.
“Дене шынықтыру” саласындағы мамандар дене тәрбиесіне деген қызығушылықты арттыру үшін белсенді жұмыс істеуде: жаңа денсаулықсақтаушы технологияларды, денсаулық сақтау және арттыру амалдарын зерттеп жүр.
Жастар мен оқушылардың қимыл-қозғалысқа деген қызығушылықтары төмен. Қозғалыс ойындарының орнын гиподинамияны одан бетер көбейтетін виртуалдық ойындар басып, көру және жүйке жүйесіне жүктемені арттырады.
Дене мүмкіншіліктері деңгейінің төмен болуы және дене дайындығының нашарлығы себебінен оқушы мемлекеттік стандарттардың талаптарын іс жүзінде орындай алмайды.
Қыздар өздерінің мүсіннің сұлу болуы, иілгіштікті арттыру, жүрістің әдемі болуы үшін көбінесе дене қалпымен, көркімен ғана айналысады, бірақ та жылдамдылықты, күшті, төзімділікті арттыру туралы аз ойланады.
Көптеген қыздарда дене шынықтыру мен денсаулықсақтауға деген қызығушылық пен қимыл белсенділігіне деген қажеттілік қалыптаспаған. Зерттеулерге сүйенетін болсақ, жоғарғы сынып оқушыларының 80% дене шынықтыру сабағына деген кері ынтасын білдіреді. Бұл әрине, оқушының дене дайындығына, денсаулығына және де сабаққа деген қызығушылығына кері әсер етеді.
Сонымен, осы мәселені шешу — өзекті болып келеді, және де дене шынықтыру саласында көп ізденістерді, жаңа бағдарламаларды, одан да тиімді әдіс тәсілдерді қолдануды талап етеді.
Фитнес элементтерін дене шынықтыру сабақтарында қолданғанда, ең алдымен спорт түрінің спецификасын ескеріп, жаттығулар қимыл дағдыларды қалыптастыру үшін арнайы бағытталуы керек. Жеңіл атлетика сабақтарының дайындық кезеңінде аэробиканың, степ аэробиканың жүгіру техникасы, секіру, лақтыру элементтеріне сәйкес жаттығулар пайдаланылады.
Гимнастика сабақтарында, гимнастикалық доптармен жасалатын жаттығулар, шейпинг, пилатес, йога, стрейчинг және т.б. түрлер қолданылады.
Спорттық ойындарға бағытталған сабақтарда қойылған міндеттерге байланысты классикалық аэробиканың түрлі жүрістері мен секірулері, кілт тоқтау мен қайшылап жүру және де гимнастикалық орындықта орындалатын степ-аэробиканың элементтері қолданылады. 32 санақ бойынша доппен орындалатын жаттығулар сабақты одан да қызығырақ өткізуге көмектеседі.
Ал ауа-райы жағдайы нашарлап, далаға шығу мүмкіншілігі болмаған кезде нығыздалған доптармен, классикалық, степ және де күш аэробикасы қолданылады.
Дене шынықтыру сабақтарының қандай да бағыттары болсын негізгі міндетін шешу үшін фитнестің арнайы дайындалған жаттығулар кешендері - шыдамдылықты, секіргіштікті, күштілікті, иілгішікті және басқа да қимыл мүмкіншіліктерін меңгеруге тиімді.
Сабақтың қорытынды кезеңінде денеге түскен қуатты төмендету және эмоционалдық жағдайды жоғарылату үшін стрейчинг, йога және т.б. қолданылады.
Сонымен, келесі қорытындыларға келуге болады: дене шынықтыру сабақтарында фитнес технологиялар элементтерін қолдану – жағымсыз әсердің жақсыға өзгеруіне, жаттығулармен айналысуға қызығушылықтың артуына, және де дене дайындығы деңгейінің жоғарылауына септігін тигізеді.
2.4. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды қолдану.
Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин
халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады. Қазақтың ұлттық дене шынықтыру мәдениеті жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің құрамдас бір бөлігі ретінде мектептегі кезеңнен қалыптаса бастайды. Сондықтан оны пайдалану тек қозғалғалмалы біліктілік, дағдыларды дамытып қана қоймайды, сонымен қатар мектеп оқушыларынан қазақтың ұлттық спорт түрлеріне деген көзқарасын қалыптастырып, дене жаттығулары мен ойындарын өз беттерінше дамытуға тәрбиелеп, оқу-ойын материалдарын бір жүйе ретінде олардың руханилығын, адамгершілігін, дене тәрбиесін тәрбиелеуге баулуды қарастырады. Бұндай жағдай Қазақстан Республикасының оқушыларының көпшілігінде ұлттық спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы өз бетінше жүргізілетін сабақтардың ғылыми негізделген әдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар көптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде,
мектептерде (әсіресе, ауыл мектептерінде)
оқудың материалдық базасының нашарлығынан, оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мәселелердің бәрі аталған тақырыптың әлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере
отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп
бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол. Жалпы
ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді. Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек
істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.
Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский:
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек,
шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану
сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» Ақ серек,көк серек», «Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын
дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар.
Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.
Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке,
білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Ұлттық спорт түрлерi мен халық ойындары жеткiншек ұрпақты үйлесiмдi тәрбиелеудiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазiргi дене шынықтыру практикасында ғасырлар бойы сомдалған және сыннан өткен халық ойындары мен ұлттық спорт түрлерi құралдары арқылы жеткiншек ұрпақты тәрбиелеудiң бай тәжiрибесiн пайдалану қажет. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңейуіне көмектеседі. Халқымыз ойындарғы тек балаларды алдандыру,
ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға реттінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар
ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін қызықты ойынның түрлері өте көп. Халық арасында «Денсаулық -зор байлық» деп тегін айтылмаған. Демек, кезінде ұлттық ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру –жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағытталған. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып,
дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты
бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды. Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың өзектілігі туындап отыр. Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден
келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль
атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын
дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский:
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз,
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек,
шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану
сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар.
Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс.
Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке,
білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегіннен тегін айтпаса
керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский,
Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов,
Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский,
А.Шиле, А.Харунзин, А.Горячкин, П.Ходыров,
Е.Букин, О.Әлжанов, т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп топтастырған. Ә.Диваев «Игры киргизских детей»
атты еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады. Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей
киргизов, правилах и власти родителей»
(Орынбор, 1891) атты еңбегіңн атауға болады. М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты
еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен споттық, дене тәрбиеге байланысты тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді. Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:
Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;Ø
Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;Ø
Мектеп жасына дейінгі балаларды
дене шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.Ø
Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.Ø
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских детей» атты
еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші
топтамадағы дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады. Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают
детей» деген мақаласында: «бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен, оның «О рождении и воспитании детей
киргизов, правилах и власти родителей»
(Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта» атты
еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді
Түркістан генерал-губернаторы
арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры сартовских
детей» атты мақаласында Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген. Ізденіс барысында
автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын ертеден
келе жатқан дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга»
ойыны Ташкенттегі сарт балаларына таныс
емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских
сартов» атты мақаласына өзбек халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын түрлері, тәртібі зерттеледі. Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм
кезінде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные
виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта
тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты
еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың авторлығымен жазылған ғылыми монография «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» (Алматы,
1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап, оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың «Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері» (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне салыстырмалы талдау
жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде
түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол
ойын үстінде ол бейнебір ересек адам
тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев,
Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова
және тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды. Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар,
топ болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай бөліп классификация жасап, бірнеше
халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3 жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар» (4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық» (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген. А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан «Физическое воспитание
в детском саду» кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі,
яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды
ойнату барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда
соңғы жылдары біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына,
оның ішінде халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып,
олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне байланысты белгілі
бір тәрбиелік мақсат бірлігін көздейтінінде.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде оқушылардың теориялық білімін әлеуметтік қалыптастыруға мән беру керек.
1) Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2) Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3) Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуетті артады.
4) Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары
- Қазақстан мектебі журналы 2008 ж
- Интернет материалдары
4. Г. Икіманова. Саулық пен
сымбат. - Алматы: Қайнар, 1991.
5.«Қазақстан–2030»стратегиясы
6.«Қазақстан мектебі» журналы,
№4, 2006ж.
7. Дене мәдениеті – оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеу жүйесінде. Ізденіс-Поиск.
2009ж. №2(2) -Б.262-264.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.........................
І. ОҚУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ................
1. 1.Оқудың педагогикалық
технологиялары түсінігі.......
1. 2. Оқудың педагогикалық
технологияларына сипаттама....
ІІ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНДЕ
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА
ОТЫРЫП, БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ.......................
2.1. Инновациялық технологияларды пайдалану.....................
2.2. Білім сапасын арттыру.........
2.3. Дене шынықтыру сабақтарында
фитнес технологияларды қолдану.......
2.4. Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану...................18
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................

- Дене шынықтыру спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері
- Деннежная система РФ
- Деннежно-кредитная политика в Республике Беларусь
- Деноминация и закон денежного обращения
- Деньги
- Деньги
- Деньги
- Денежных систем зарубежных стран
- Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні
- Дене тәрбиесі
- Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы
- Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері
- Дене шыныктыру ойын турлери
- Дене шынықтыру жүйесі