Дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлі мен маңызы
КІРІСПЕ
Курстық жұмысымның өзектілігі. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.
Курстық жұмысымның мақсаты. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Әсіресе, соңғы 10 жылдың бедерінде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған дене тәрбиесі мен спорт сияқты салаларды дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өтпесе болмайды. Бұған дәлел ретінде еліміздің әр түкпірінде көптеп салынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың салауатты өмір салтына ден қойып отырғанын айтуға болады. Бірақ кей кезде істелініп жатқан жұмыстардың көзге көрінбейтіні де жасырын емес. Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Курстық жұмысымның міндеттері. Осы аталған шараларды іске асыру ын қадағалау, оларды саралау.Дене тәрбиесінің қоғамдағы әсерін негіздеу және барлау.
Курстық
жұмысымның құрылымы. кіріспе, негізгі бөлім,қорытынды
бөлім,сілтеме және қолданылған әдебиеттерден
тұрады.
І.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
ҚОЛДАНУ АЯСЫ
- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҮШІН МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Біздің ата-бабаларымыз “Денсаулық – ең басты байлық” деп айтқан. Бұл қазіргі технологиялық даму кезеңінде де өзінің маңыздылығын жойған емес. Біз, қазақтар ежелден бері басқа халықтарға қарағанда жерге, далаға, таза ауаға жақын болып өскен халықпыз. Ғалымдар осылардың адамның денсаулығына қаншалықты күш-қуат беретінін бұрыннан дәлелдеп келеді. Осындай жерді қадір тұтатын, салауатты өмір салтын ұстанған халықтың ұрпағымыз. Қазір өкінішке орай, көпшілік технологиялық дамудан қалыспау үшін дене тәрбиесімен айналысудың орнына интеллектуалды жағынан жетілуді көбірек ойлайтын қалалық жерлерде өмір сүруде. Әрине, адамның интеллектуалды болуы да керек, бірақ дене тәрбиесін де ешқашан ұмытпаған жөн. Сондықтан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып келеді. Президент Жолдауларында дені сау ұлтты қалыптасыру үшін Туризм және спорт министрлігіне бірқатар міндеттер қойған болатын.
Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен саулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайданалатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын адамды айтамыз./13/
Біздің елімізде кәсіподақтар
бірыңғай ерікті дене
Дене жаттығулары, сылап - сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, шынығу, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады.
Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәнге ие. Бұл:
- Біріншіден дене жаттығуларынын арқасында қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі, мықты және шыныққан адам сирек ауырады.
- Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталанадырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіріледі, яғни салқыннан болатын сырқанттауға қарсылық артады.
- Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себептер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналасу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділік қолдайды.
Дене тәрбиесімен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алынуы керектігі есте болғаны жөн.Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесімен спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттылуын, әр түрлі құралдар мен формуларды кешенді түрде пайдалану.
Дене
тәрбиесі мен салауатты өмір салтын
және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру
жастардың бойына психикалық тұрақтылықты
және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін
қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын
дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру
мақсатын қояды. Оны іске асыруға алдын
алушылық білімі кіреді. Салауатты
өмір салтын қалыптастыру адам ағзасының
мүмкіндіктерін, оның қызметінің ерекшеліктерін
болжау, адамның физикалық, психикалық
және рухани саулығының өзара байланысы,
сондай-ақ, тәрбиелену-шілерді саналуан
спорт түрлеріне тікелей қатыстыру жолымен ағартушылық
және ақпараттық түсіндіруші жұмыс барысында
жүзеге асырылады.
- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында «Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз»,- деген болатын./1/
Білім
беру жүйесінің маңызды
Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар, педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады:
- дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс-тәжірибесі;
- әр түрлі тарихи кезеңдерде ойшылдар мен ағартушылардың жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу туралы ой-тұжырымдары мен идеялары;
- үйлесімді дамыған, жан-жақты, білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудегі озат педагогикалық іс-тәжірибелер мен ұсыныстар;
- дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер мен ғылыми негізделген тұжырымдамалар;
-
дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін
дамыту жөніндегі мемлекеттік сұраныстар.
Дене
тәрбиесінің адам әрекетінің сан
– қилы сипатымен, өзіне тән ой-сана
мен даму заңы, өзара ішкі байланыстары
мен өзара ықпалдастықта
1-Cурет. Дене тәрбиесінің теориясы
Дене мәдениеті – адамның тұтастай өмір сүру салты мен мінез-құлқын анықтайтын фактор.
Бұл
қағида дене тәрбиесінің сауықтыру
құндылықтарын толыққанды меңгеру
- оқыту мен тәрбиенің жаңа технологияларын
іздестіруді қажет етеді деген
тұжырым жасауға мүмкіндік
Денсаулықты қалыптастырушы құндылықтарды меңгеру тек жеке тұлғаның дене тәрбиесі қоғам ортасыныа, адам өміріне жүйелі түрде белсенді кірістірілуі жағдайында ғана мүмкін.
Әр отбасында дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Қай отбасында болмасын аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болды. Отбасындағы дене тәрбиесінің мақсаты бала денесін дамыту, денсаулығын нығайту, ағзасын шынықтыру және күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болды. /6/
Жер бетіндегі халықтың қай қайсысы да еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күретамыры деп қарастырды. Еңбекке асыл мұрат деңгейінде қарады. Ал дене тәрбиесінің деп баланы еңбекке сүйіспеншілікпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбек түрлеріне баулу, еңбек іс - әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, болашаққа мамандық таңдауға дайындауды түсінді.
Отбасында еңбекке тәрбиелеу, баулу мен кәсіптік бағдар беру баланың қоғамға пайдалы , өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген сапалы көзқарасты тәрбиелеудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Көптеген халық қағидаында баланы қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртіп және мінез құлық тәжірибесін қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін тәрбиелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелей білді. Міне , осының түбінде дене тәрбиесінің ықпалы тұр./4/
Дене шынықтыру бағытындағы мақсаты дене саулығы және тән сұлулығы тәрбиесі міндеттерінен туындайды. Олар:
- Дене шынықтыру, оқушыларды салауаттылыққа дағдыландыру, дұрыс өсуіне көмектесу;
- Спорт - дене тәрбиесі білімдерін меңгерту;
- Қозғалыс дағдылары мен біліктерін дамыту;
- Қозғалыс сапасын дамыту (күш, ептілік т.б.);
- Адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (ерлік, тұрақ-тылық, тәртіп, ұжымшылдық);
- Эстетикалық қасиеттерді қалыптастыру (дене түзулігі, жүріс-тұрыс мәдениеті);
- Дене шынықтыру мен спортпен үнемі айналысуды әдетке айналдыру;
- Гигиеналық дағды мен ептілікті қалыптастыру.
Дене тәрбиесі бағытындағы тәрбиелік істер жан-жақтылығы алға қойылған міндеттерді адамгершілік, ой-сана, эстетика, еңбек тәрбие түрлерімен бірге шешуге көмектеседі./12/
Бұл бағыттағы тәрбиелік істердің көп тараған түрі - сабақ алдында мектептегі еңбек күнін бастайтын дене машықтары.
Тәрбиелік
істер дене тәрбиесі бағытындағы дене
шынықтыру сәттері, шаршағанда сергітуші
бұл бірнеше жаттығулар да маңызды келеді.
- ДЕНЕ ТӘРБИЕСІН ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ІС – ӘРЕКЕТІ
Дене тәрбиесі білімінің маңыздылығымен анықталатын, жалпы орта білім берудегі және жоғары мектепте мұғалімдерді дайындауда дене тәрбиесі білімінің рөлі мен үлесін, онымен қоса орта мектепте дене тәрбиесін берудің жаңа мақсаттарын және дене тәрбиесінің мазмұндық меңгерудің объективті қиындықтарын ескере отырып, дене тәрбиесі мұғалімдерін дайындауды жеке мәселе ретінде тек тәжірибелік қана емес, теориялық тұрғыдан да талданып отыр. Түрлі әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар дене тәрбиесін жүзеге асыруға болашақ мұғалімдерді дайындаудағы негізгі ұғымдарды анықтап, оларға берілген анықтамаларды нақтылап, жаңа түсініктер мен ұғымдардың пайда болуына негіз болды.
Қоғамдағы негізгі өзектілік дене тәрбиесі мамандарын дайындау жүйесін және оны психлогиялық-педагогикалық білім алуын үйлестірудің жетекші бағыты ретінде дене тәрбиесі үрдісін жүзеге асырудың және түрлендірудің жолдарын түсіндіретін және көрсететін білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Дене тәрбиесін жүзеге асыруды сабақтастыру, дене тәрбиесі әдістемесін қоғам мүшелеріне үйрету жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дене тәрбиесі мазмұны бойынша білім беруді жүзеге асыруда дұрыс меңгеруге ықпал жасайтын дене тәрбиесі әдістері мен технологияларына, оларды логикалық түрде құру, ұйымдастыру тәсілдеріне ерекше көңіл бөлінуі қажеттігін көрсетеді.
М.Я. Виленский пікірі бойынша, оқушылардың жеке тұлғалық дене мәдениеті – бұл жеке тұлғаның физикалық дамуы мен білімінің деңгейін, осы деңгейге жету тәсілдерін түсінуін және дене тәрбиесі-спорттық іс-әрекетінің әр түрлі формалары мен жалпы өмірінен көрінуін сипаттайтын сапалық, жүйелілік, динамикалық білім. Оның құрылымы өзара байланысты үш бірліктен тұрады.:
- құндылық бірлік - жеке тұлғаның қажетін, мұратын, мотивін, ұстанымын, қызығушылығын білдіреді;
- нақты қызметтік бірлік - жеке тұлғаның денсаулығын, қозғалу қабілеті мен дағдысын анықтайтын физикалық мінсіздік болып табылады;
- тәжірибелік - іс-әрекеттік бірлік, дене тәрбиесі-спорттық белсенділік өрісінен кең көрінеді (танымдық, үгіт-насихаттық, нұсқаулық, өзін-өзі жетілділдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу).
Дене тәрбиесі маманынан сабақ алатын тұлғалар үшін құндылық бағытын қалыптастыру үдерісінің тетігін сызба түрінде төмендегідей етіп көрсетуге болады. Жеке тұлға қабылдайтын құндылық бағыттары сананың ерекше арналары арқылы өтіп, «маңызды» немесе «жеке тұлғалық мән» деңгейімен топтастырылады. Одан әрі қоғам мүшелері нақты өмірі мен тәжірибесі жағдайында шыңдалады, олар бекітілген және бекітілмеген, өз іс-әрекеттері мен тәртіптерінің шын мәнінде басқара алатыны және санада сақталып, қажетті жағдайда талап еткен жағдайда ғана көрінетін дағдылар болып бөлінеді.
Құндылық
бағыттары жеке іс-тәжірибеден өтіп,
жеке тұлғаның шынайы мінез-құлық құндылығына
айналған жағдайда, қалыптасу үдерісін
аяқталды деп есептеуге болады/9/(Сурет
3).
2- сурет
ІІ
ТАРАУ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ
ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
2.1.
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ
ЖАНДАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ
ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ӘДЕТТЕРМЕН
КҮРЕСУДЕГІ ДЕНЕ
ТӘРБИЕСІНІҢ РӨЛІ
Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.
Денсаулық
әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан
оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар
жасалуы қажет. Демек, әр адамның
өзінің де, өзгелердің де денсаулығы үшін
қоғам алдында моральдық
Денсаулық – Жаратқанның адамға берген сыйы. Алайда, соны кез келген дені сау адам түсіне бермейді. Оның қадірін тек ауырғанда немесе бір кембағал жанды көргенде ғана білеміз. Аяқ-қолынан айрылған мүгедек жанның өмірден баз кешпей, он екі мүшесі сау адамның қолынан келе қоймайтын шаруаны тындырып, қоғамға қажетті үлкен іс атқарғанына қалай таң қалмайсың?!
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында дене тәрбиесін басты жолға қойылып , осы дене тәрбиесі арқылы кембағал жандардың жандарын жадыратып жүруі – дене тәрбиесінің қоғамдағы рөлін айшықтай түседі .
Елдің атын шығарып, туымызды көк жүзінде қалықтатуда бірден бір себепкер әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстар екені белгілі. Осындай байрақты бәсекелерде барын салып, ел мерейін көтеріп жүретін саңлақтарымыз да аз емес. Олар жайында насихат та хал-қадерінше жасалып келеді. Алайда, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дүбірлі додаларда топ жарған спортшыларымыз жайында жазуда көбіне атүсті өтіп кетіп жатамыз. Мүгедек жандардың спорттық жарыстардан алған қандай да бір жетістіктерін жалпақ жұртқа жақсылап жеткізу олардың өмірге деген құлшыныстарын арттыра түсуге төте жол болмақ.
Дене тәрбиесінің бұл жолдағы мақсаты - мүгедектерді шығармашылық және қоғамдық қалпына келтіру және ынталандыру. Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғаммен тығыз байланыс орнатуы олардың еркіндігі мен белсенділігін арттырып, әлеуметтік кедергілерді жояды.
Дене тәрбиесінің қоғамдағы айрықша маңыздылығын танытатын тағы бір мәселе – қазіргі заман індетіне айналған зиянды әрекеттермен күресуі. Арақ, темекі,есіртікі сынды замана тажалдарының алдын алу жолында басты қару – дене тәрбиесінің басты құрамдас бөлігі – спорт болып табылады./11/
Әрбір ұлттың болашағы оның білімді, іскер, талантты да мәдениетті, дені сау, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі жастарының қолында екені анық. Ал, жастарының денсаулығы нашар, зиянды әдеттерге әуес мемлекет - қашанда әлсіз, қорғансыз болмақ. Сонымен қатар мемлекет беделі тек қана қуатты экономика емес, әлем чемпионаттарында және басқа да жарыстардағы ірі спорттық табыстармен ерекшеленеді. Сондықтан да салауатты өмір салтын еліміздің болашағы жастарымыз арасында насихаттау бүгінгі күннің басты талабы екені баршамызға аян.
Жер бетіндегі адамдардың гигиенасы мен физиологиясын дамытудағы дене тәрбиесінің мақсаты – қандай да бір спорттық нәтижелерге жету емес, жоғары деңгейдегі денсаулық көрсеткіштеріне жету. Бұл мақсат жеке адамдармен қатар, жалпы қоғамның мүддесіне де сәйкес келеді. /10/
Көрсетілген мақсатқа жету үшін дене тәрбиесінің міндеттері оның жетістіктеріне байланысты біршама өзгертілді, жарамдылығы негізінде жүргізілген есептеулер бойынша бұл өзгертулердің тиімділігі өте көптеген факторларға байланысты.
Бұл негіздегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттеріне жатады:
- Денсаулықты нығайту;
- Функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімінің дамуының үйлесімділігін жетілдіру;
- Қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшықет күшін дамыту;
- Гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу;
2.2.
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ
ҚОҒАМДАҒЫ МАҢЫЗЫДЫЛЫҒЫН
АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР
МЕН ІС ШАРАЛАР
Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі.
Республика Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы жолдауында «Салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек. 2020 жылға жаппай спортқа қазақстандықтардың 30% қамту, ана мен бала өлім- жітімін екі есеге азайту, жалпы өлім-жітімді 30% және туберкулезбен ауыруды 20% төмендету қажет. Бұл ретте халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 72 жасқа дейін ұлғайту қажет. Бұл маңызды мақсат» деп,/2/ салауатты өмір салтын ұстанудың халық үшін маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
Адам өміріндегі басты байлық та, бақыт та деннің саулығы. Дұрыс тамақтанбау мен спортпен шұғылданбау денсаулығымызға немқұрайлы қарағандығымыздың белгісі.
Дене
тәрбиесі мен спортты дамытуды мемлекеттiк
қолдау
1. Мемлекет дене тәрбиесі мен спорт саласындағы
қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру,
дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше
қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар,
ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық,
нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз
ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы
дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк
мәртебесiн тану жолымен реттейдi.
2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы
балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң,
азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша
спорт және балалар клубтарының, балалар
мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң,
мамандандырылған топтардың және мүгедектерге
арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене
шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту,
олардың материалдық-техникалық базасын
нығайту үшiн жағдайлар жасайды.
3. Мемлекет дене тәрбиесі -спорт ұйымдары
сыртқы байланыстарының дамытылуына,
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру
қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық
спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға
қолдау көрсетедi.
4. Мемлекет халықаралық стандарттарға
сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт
мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар,
спортшыларға арналған жоғары сапалы
өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды
жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын
отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы
инвестициялық ахуал жасайды.
Қазақстан
Республикасында дене
тәрбиесі мен спортты
дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасы
1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру
мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын
Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтедi.
2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың
денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi
шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына,
бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне
қойылатын талаптар және түрлi топтардың
дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар,
жоғары жетiстiктер спортын дамытудың
негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық,
кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан
қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi
көзделедi.

- Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері
- Дене шыныктыру ойын турлери
- Дене шынықтыру жүйесі
- Дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
- Дене шынықтыру спорттық үйірмелердің мақсат - міндеттері
- Деннежная система РФ
- Деннежно-кредитная политика в Республике Беларусь
- Денежный рынок. Цена денег.
- Денежный рынок: экономическая сущность и особенности функционирования
- Денежный фонды предпиятия
- Денежныхе средства
- Денежных систем зарубежных стран
- Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні
- Дене тәрбиесі