Дене шыныктыру ойын турлери

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

3

 

1  

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

 

4

1.1

Ойын түрлері. Іскерлік ойын.

5-7

1.2

Дидактикалық ойын.

7-11

1.3

Рөлдік-мазмұндық ойын.

11-13

     

2

ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ

 

14-15

2.1

Оқушылардың қозғалыс белсенділігін жетілдіруді тәрбиелеу бағытында қолданылатын кейбір ерекшеліктері

 

15-18

2.2

Ойын арқылы баланың  психикалық ерекшеліктерін қалыптастыру

 

18-20

2.3

Ойын – бала білімін  берік меңгерту құралы

20-23

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

24

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

25


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 
      Ойын  - бала әрекетінің бір түрі, адамзат мәдениетінің қазынасы. Ұлы педагогтер, ғалымдар баланы тәрбиелеудегі ойын рөлін жоғары бағалаған. Бала ойын арқылы өмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы қалыптасады.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: Бастауыш сыныптардағы дене тәрбиесі сабақтарында ойындарды қолдану ерекшеліктері.

 Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын қолдану.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мақсатты түрде дене тәрбиесін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттердің оңтайлы іске асырылуын зерделеу. Дене тәрбиесінің мақсаты, денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын корғауға және ұзак уакыт шығармашылық енбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Қазақстан Республикасыныңн Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан 2030» бағдарламасында: «Біздің ұрпақтың бүгінгі кезеңінің міндеттерінен өзге келер ұрпактар алдында орасан зор жауапкершілк жүгін арқалайтынымыздығы, сонымен бірге жастар алдындағы жауапкершілікті күнде есте ұстауға тиіс екеніміз» туралы айтылған. Бұдан егемен елімізде жас ұрпактың дене тэрбиесіне айрықша көңіл бөлініп отырғандығын көрсетеді. Ол тусінікті. Келешекте Азия барысына айналатын және де елелі 50 мемлекеттің қатарына қосылуына ат салысып еліміздің іргесін нығайтатын да казіргі жас ұрпақ. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлігінде, қимылды ойындар ерекше орынды алады. Себебі адам өмірге келген күннен бастап үнемі қимыл- қозғалыстар жасау арқылы өсіп жетіледі.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;

Қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарының мәнін көрсету;

Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;

Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету;  
Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;

Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету; Қозғалмалы ойындар алдындағы гимнастиканы ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесі.

Қозғалмалы ойындар бастауыш сыныптағы баланың дамуына үлкен роль атқарады. Дене тәрбиесі оқытушыларына әдістемелік материал ретінде ұсынуға болады.

 

 

 

 

 

1. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

 

Бастауыш сынып  оқушыларының қатарына  I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы  оқушылар жатады.

Бастауыш сынып жасындағы  оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:

- денсаулықты нығайту, шынықтыру,  жан-жақты дене дамуына көмектесу,  жалпақ табандылықтың алдын алу,  бала ағзасының жағымсыз сыртқы  орта әсеріне қарсылық күшін  қалыптастыру;

Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғы тебу, жүгіру баланың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің  міндеті – балаларды дене тәрбиесімен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;

- дене тәрбиесі жаттығулары,  гигиеналық дағдылар, күн тәртібі  туралы арнайы білім беру. Ол  білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының  ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық  ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- оқушылардың өмірге керек қозғалыс  ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге   үйрету. Бағдарламада берілген барлық  негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын  дұрыс орындай білу;

- дене қаситтерін дамыту. Гигиеналық дағдылар,  күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;

- бастауыш сыныптарда  қимыл үйлесімділігі, ептілік,  икемділік қасиеттерін дамыту;

            - жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбек  сүйгіштікке,  көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.  Дене тәрбиесі жаттығулары, әр  түрлі  қозғалмалы ойындар  осы қасиеттерді дамытады;

- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда,  тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда  тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;

          - оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;

          - оқушылардың  дене тәрбиесі мен спортқа  деген ынтасын, қызығушылығын  оятып, оларды спортпен тұрақты,  жүйелі шұғылдануға дағдыландыру  керек [1].

      Мектептің міндеті – оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс;

- оқушыларды ұйымдастыру,  басқара білу дағдыларына дағдыландыру. Оқушылардың ішінен дене тәрбиесі  белсенділерін дайындау[2].

           

    1. Ойын түрлері. Іскерлік ойын.

 

Іскерлік ойындарды  педагогтың кәсіби шеберлігін дамытуда, құзырлылығын анықтауда пайдалану  арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге  болатынын күнделікті тәжірибенің  өзі дәлелдеуде. Іскерлік ойындардың өзі бірнеше топқа бөлінеді. Олар: иммитациялық, операциялық, рөлдерді орындау, іскерлік театр, психо және социодрамалар.

Психодраманың туып, дамуына  ерекше үлес қосқан Джекобу Леви Морена болды. Классикалық психодрама –  топтық   жұмыстың өте айқын, ең эмоционалды бай бағыттарының бірі. Ол жүргізушіден жоғары кәсіби біліктілік пен зор шығармашылық қабілеттерді талап етеді. Өйткені  ол бір мезетте режиссер, терапевт және сарапшы рөлін атқарады. Бұл әдістің мәні жүргізуші режиссер басқаруымен топ мүшелерінің арнайы ұйымдастырылған кеңістікте арнайы тәсілдер көмегімен спектакль қоюында[2].

Дәстүрлі театрландырылған қойылымдардан оның ерекшелігі- қатысушыларға  бейтаныс жағдай емес, керісінше олардың  өздерінің өмірлік тәжірибесі, жеке проблемалары немесе өзіндік әлеуметтік рөлдердің ойналуында болып табылады. Сондықтан сахналандырылатын қойылымның авторы қатысушылардың өздері болады. Оларға режиссер мен топтың басқа мүшелері көмектеседі. Мұнда суырып салмалық пен аяқ астынан туған, шын жүректен шыққан ойлар мен пайымдауларға ерекше мән беріледі, ал қойылымның сәтті шығуына кедергі келтіруі де ғажап емес. Әдетте, топта кәсіби актер режиссердің көмекшісі болуы міндетті емес. Психодрамалық сессияларды топтастырудың негізгі кезеңдері төмендегілер болып есептеледі.

-сергіту сәті (драмалық  фазасы)

-психодрамалық әрекет  фазасы (қойылымның жүзеге асуы)

-кіріктіру фазасы, қатысушылар  өз пікірлері мен әсерлерімен  алмасады.

Психодрамалық әрекеттер  кульминациялық нүктесіне жеткенде,  топтың эмоционалдық қуаты шарықтау шегіне жетіп, «катарсис» - жан дүниесінің тазаруы жүзеге асады. Эмоционалдыққабылдау сәтінде жағдайды басқаша бағалау, қабылдау жүзеге асқандықтан, тұлға аралық қақтығыстарды жағымды шешуге ықпал етеді. Психодрамалық әрекетке режиссер, протогонист (қойылым негізіне тәжірибесі алынып отырған адам), оның әріптестері және аудитория (рөлі жоқ көрермендер) қатысады.

Психодрамаға қатысушылар  әрекетке түсу барысында ішкі қайшылықтар  мен маза бермейтін ойларынан  арылып, емдік терапия жүреді. Сонымен  қатар көрермендер де терең эмоцианалдық қоюалжуды бастан кешіретіндіктен, топ мүшелерінің өзара сезіммен бөлісуі жүзеге асады. Рөлдік ойын барысында қатысушылар өз тәжірибесін басынан қайта кешіп қана қоймайды, оны талдап, мінез-құлықтың жаңа моделін сынап көреді.

Психодрамаларда сезімге  қатысты мәселелер қарастырылса, әлеуметтік драмаларда өзара қатынас деңгейіндегі мәселелер қарастырылады[3].

Интерактивті әдістер  – қарым-қатынас пен біріккен әрекетті танудың жолдары мен  тәсілдеріне меңзейді,  белсенді диалог негізінде құрылады. Қатысушылар  бірігіп жұмыс жасауға үйренеді; өз ойларын ортаға салып,  пікірталасқа түседі; өзін-өзі дамытуға деген қажеттіліктерді анықтап,  өзін-өзі бақылай,  бағалай білуге машықтанады. Олардың қатарында өзіміз тәжірибеде қолданып жүрген мынадай әдістерді атап өтуге болады: «ми шабуылы»,  «дөңгелек стол» рольдік және  іскерлік ойындар,  медитация,  дискуссия,   тренингтік жаттығулар және т.б. Білімгерлерді кең ойлауға,  шабыттандыруға негізделген тренингтік жаттығулар жеке тұлға белсенділігін және топтық даму деңгейін көтеруге бағыталған әлеуметтік – психологиялық оқыту және білімгерлерді тәжірибелік бағытта психологиялық дайындауда мүмкіндік беретін оқыту әдістерінің ең тиімдісі ретінде сабақтарда кеңінен қолданылып жүр. Мәселен рольдік ойын элементтерін пайдалана отырып,  Абайдың он жетінші қара сөзін талдағанымызда білімгерлер  «қайрат»,  «ақыл»,  «жүрек» рольдеріне ене отырып,  пікірталасқа түсіп,  ғылымға жүгінеді. Мұнда әрбір «роль» өзінің дұрыстығын,  ақиқаттығын,  адамзат үшін қажеттілігін,  адалдығын дәлелдеп өзін жақсы тұстан көрсеткілері  келеді. Сонда ғылым жүректің әрі билеуші,  әрі әмірші екендігін айғақтап,  үшеуінің де бір кісіде табылса,  одан асқан бақыттың жоқ екендігін айтады. Мұндай талқылаулар білім құндылығы туралы түсінікті тереңдетіп,  дамытады. Сабақтарда осы сияқты пікірталастар қызықты да тартысты өтіп жүр. Оның бірден-бір себебі: оқытушы – білімгер,  білімгер – білімгер арасында жағымды қарым-қатынастың орнауы. Жағымды қарым-қатынас - өзін-өзі және өзгені тану,  білу,  дамытуда ерекшеленіп,  эгоцентризмнен,  өзіндік ұстанымнан альтруизмге,  өзгеге, басқаға бағыталған ұстанымға көшуде көрініс береді. Ол қатысушылардың өзара түсіністігін тереңдетіп,  бірінің жан дүниесін бірі ұғынуға, жағдай жасайды. Жағымды қарым-қатынасты іске асыру үшін қажетті өмірлік шарттар және қатысушылардың ішкі дайындығы үлкен роль атқарады. Интерактивті оқытуды ұйымдастыруда,  біздің байқағанымыз,  жағымды қарым-қатынас орната білетін білімгерлердің психикалық денсаулығы,  мінездерінің біртұтастығы,  салмақтылығы көзге түсердей. Осы тұста негізгі міндеттердің бірі – қарым-қатынасты реттеп отыру,  қатынас мәдениетіне баулу. Келесі кезекте психодрама жеке тұлғаның «өмір театрындағы» шығармашылық «Менін» дамытуға негізделіп ұйымдастырылды. Қатысушыларға тек өз ролін ғана емес,  басқа да адамдардың роліне еніп шығармашылық тапқырлығын көрсете алатындығы,  ойын адам өмірінің ажырамас бөлігі,  оның әдеттен озбағаны, шектен шықпағаны абзал екендігі ескертілді [4].

      Топты екі жұпқа бөле отырып «Менің құрбым»,  «Жетім бала» атты психодраманы рольдер арқылы көрсетуді ұсындық. Мұнда ойыншылар ішкі және сыртқы дамуға,  тіл табысуға кері әсер беретін мәселелерге көңіл аударып,  баса көрсетті.

       Білімгерлерге психогимнастика,  соның ішінде вербальді емес қарым-қатынасқа негізделген ойын жаттығуларын орындамас бұрын,  бір-бірімізбен сөйлемей-ақ ұғыну арқылы тіл табысуға болатындығы,  егер бізге мұндай ұғыну табылса онда тілдік қатынасқа түсу де жеңіл,  әрі еркін сипат алатындығы түсіндірілді. Осы орайда ұйымдастырылған «арқамен – арқаға»,   «отырып және тұрып»,  «көзбен ұғыну» жаттығулары жағымды эмоциялық күй тудырып,  ойыншыларды серігітті. Бұл жаттығулар  «өзін-өзі тану»пәнінің үш «алыбы»: «қайырымды сөздер»,  «көзбен-көзге»,  «жанасу» бойынша құрылды.

Жаңа педагогикалық  технологияны меңгеруге қатысты  оқытудың әдістері төмендегідей болмақшы: проблемалық-іскерлік ойын; рефлексивті-рольдік ойын; педагогикалық шеберханалар; панорамалық сабақ; лекция; семинар; практикалық сабақтар; педагогикалық оқулар; педагогикалық ринг; педагогикалық идеялар, аукцион; сынақ мерзімін өткізу; бейнетаспаға түсірілген сабақтар көру; ашық сабақтарға кіру, талдау; педагогикалық тренинг [2].

 

 

1.2. Дидактикалық ойын

 

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз  – балаларға белгілі бір білім  беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған [1].

       Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады.

       Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу [3].

        Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл – ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де,жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, оқушыларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, оқушыларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді [4].

Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы  үшін, оның арнайы құрылымы болуы шарт.

Оның құрылмы төмендегідей:

Міндеті.

Әрекет.

Ереже.

Нәтиже, ойынның аяқталуы.

Егер оның әрқайсысына  жеке-жеке тоқталайық:

1. Міндеті - әрбір дидактикалық  ойынның белгілі міндеті болады, ол дидактикалық мақсаттан келіп  туындайды. Ойынның ( мақсаттан  келіп ) міндеті, оның оқу мазмұнын құрайды. Ойын мазмұны балалардың қызығушылығын оятады, олардың танымдық іс - әрекетін белсендіреді және жаңа білім, іскерлік, дағдымен байытады.

2. Әрекет – ойынның  негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның  мақсатын жүзеге асыру мүмкін  емес. Әрбір дидактикалық ойынның міндеті әрбір оқушының мінез – құлқын анықтап, ұйымдастырып, бір тұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы іске асады. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға деген эмоцияналдық қатынасын анықтайды. Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және айқын түрде белгіленген. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:

а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асырылуы шарт;

ә) ойынның аяғына дейін  тартымды, әрі қызықты болуы шарт.

3. Ереже – дидактикалық  ойынның қажетті бөлігі болып  табылады және ерекше орн алады,  сондықтан кейде дидактикалық  ойындарды «ережеге құрылған  ойындар» деп те атайды. Ереже  ойын міндетіне бағынады. Олар  іс - әрекетті ойынның міндетін  жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында іс - әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережелер бала ойын үстінде не істеу керек және қалай істеу керек екендігін анықтайды. Ережесіз іс - әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады. Дидактикалық ойынның ережесі іс - әрекетті ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады.

4. Ойын нәтижесі –  бұл міндетті шешу мен ережені  орындау. Нәтиже мен ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысынан және мұғалімнің немесе тірбиешінің көзқарасы тұрғысынан.

Егер ойын нәтижесін  баланың көзқарасы тұрғысынан бағаласа, онда мұғалім ойынның балаға моральдық  және рухани ләззат беру жағын есепке алады. Дидактикалық ойынның міндетін шешу баладан белгілі бір күш – жігерді талап етіп, олардың ойлау іс - әрекетіне талаптар қояды. Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, оларды қуаныш сезімге бөлейді.

Мұғалім мен тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде  міндеттің орындалғанын, әрекеттің  жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі  бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор [5].

Адам өскен сайын  ойын өзінің мәнін, жетекші ролін  жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқа  да мамандықтар). Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді. Сондықтан дидактикалық ойын – бастауыш сынып оқушыларын оқытудың ақыл – ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.

Тиімді пайдаланған  дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік – танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы [5].

Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық  әрекет негізге алынған, оның көмегімен  жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс - әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда, оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады,сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады,сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы, оқушыларды іс - әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс [5].

Әдіскер – ғалым Ж.В.Арутюнян бастауыш сынып оқушыларына математиканы оқытуда ойынды қолдану әдістемесін  жасады. Ол «оқытуда ойынды қолдану  әдістемесін компоненттердің белгілі бір жүйесінің жиынтығы», деп түсінеді. Оның негізгі компоненті ретінде ойынның мақсатын алады. Оған байланысты жүйенің басқа компоненттері қарастырылады: мазмұны, ұйымдастыру формасы, ойын түрлері, ойын құралдары, сонымен бірге олардың өзара байланысы. 

Ойынның нақты мақсаты 

Мазмұны                                                       

Құралдары

Ұйымдастыру формасы                          

Түрлері

Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда  мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.

Мұғалімге қойылатын  бірінші талап – ойынның нақты  мақсаттарын түсіну және білу болып  табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

Бастауыш сынып оқушыларына  әрбір пән бойынша меңгеруге  тиісті білім мөлшерін саналы түрде  игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру;

Бала қабілетінің қырларын жан – жақты дамыту;

Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту;

Еңбек, дене тәрбиесін  жетілдіру, оның өмірге көзқарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық  талғамын арттыру;

Есте сақтау қабілетін дамыту.

Екінші талап –  ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда  қажетті шарт – ойынның көмегімен  жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық  талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.

Ойынның мазмұны тек  пәндік мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыруғ бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады [6].

Дидактикалық ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын  талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық  таңдау ) ең алдымен оқушылардың  ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік  іскерліктерді ( оқу, жазу ), қарым –  қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6 – 7 жасар балаларға тән көрнекті - әрекеттік және көрнекті – бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатынасушыларды қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу керек [7]

Ойынның құралдарына  қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір  зат ( ойыншықтар, материалдар т.с.с ) оқушыларға жақсы таныс болуы керек.

Дидактикалық ойындарды  таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен  ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне  енгізу, біріншіден сабақта қолайлы  жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл – күйінің болуын талап етеді.

 Дидактикалық ойындардың  тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі  орны мен міндетін және мақсатын  дәл анықтауға, оны қолданудың  теориясы мен практикасының мұғалімнің  жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.

Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында  оқушылар түрлі іс - әрекеттерді  орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс - әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс - әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс - әрекеттер орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс - әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек [8].

 

 

    1. Рөлдік-мазмұндық ойын

 

Қоғам дамуының осы сатысында ойынның жаңа түрі — рольдік ойын пайда болады. Бұл ойын арқылы балалар өздерінің негізгі әлеуметтік қажеттілігін - үлкендермен бірге өмір сүруге ұмтылысын қанағаттандырады, өйткені бұл қажеттілік олардың еңбегіне қатысудың негізінде қанағаттандырылуы мүмкін емес. Өзімен-өзі жүрген балалар өзара бірігіп, қоғамдасып, үлкендердің әлеуметтік қатынасы мен еңбек іс-әрекеттерінің негізгі белгілерін қайталайтын ойын ұйымдастырып, өздері үлкендердің ролін орындауды алады. Сөйтіп, өндіріс пен өндірістік қатынастардың күрделіленуіне байланысты баланың қоғамдағы ерекше орнына олардың үлкендермен ортақ өмірінің ерекше формасы ретінде біреудің ролін ойнау пайда болады [8].

Рольдік ойында заттың іс-әрекеттерді жаңғырту екінші кезекке ығысады да, қоғамдық қатынастар мен еңбек функциясын жаңғырту бірінші кезекке шығады. Сол арқылы баланың үлкендермен байланыс жасауы мен ортақ өмірінің қоғам мүшесі ретіндегі негізі қажеттілігі қанағаттандырылады.

Рольдік ойынның алғышарттары ерте балалық шақ бойына заттық іс-әрекетте пайда болады. Олар заттың ерекше тегінің— ойыншықтардың іс-әрекеттерін игеруден тұрады. Ерте балалық шақтың өзінде-ақ балалар үлкендермен бірлесе қимыл жасап, ойыншықтарды ұстап-тұрудың кейбір әдістерін үйренеді, ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады. Мұндай іс-әрекеттерді, әдетте, ойын деп атайды, бірақ дәл мына жағдайда осылайша тек шартты түрде ғана айтылуы мүмкін.

Сәбилік шақтағы балалар  ойындарында кең жайылған рольдер  болмаса да рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардың барын байқауға болады. Ойында заттардың  баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің (мамасының, тәрбиешісінің, күтушісінің, дәрігердің, шаштараздың) іс-әрекеттерін бейнелей бастайды.

Рольдік ойын элементтері  сәбилік шақта пайда болып, дами бастайтындығын біз айтып өткенбіз. Рольді ойындарда балалар үлкендермен бірге болуға тырысып, ерекше ойын түрінде ересектердің өзара қарым-қатынастары мен еңбектегі қызметін еске түсіреді.

          Рольдік ойындар белгілі бір  мақсатта,тілді меңгеруге ынтызарлықты  оята отырып орындаушылық қабілетке  де жетектейді.Рольдік ойынның мәні ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда.Қажетті сөздерді үйренсем,тауып айтсам деген ойды да туғызады.Осындай ойындық жағдайда ғана қарым-қатынастық ерекше маңызға ие болады.Рольдік ойындар ғана үйренушінің сөздік қорын молайта түсіп,өз бетінше тілді үйренуге үлкен септігін тигізеді.

Рольдік ойындар,негізінен,тұрмыстық,қоғамдық-саяси,ғылыми,кәсіптік қарым-қатынасты ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді. 

«Жаңа таныс»ойыны.Сіз абитурентсіз.Сіздің қолыңызда емтиханға қажетті кітап болмай тұр.Сіз оны бейтаныс замандасыңыздың қолыннан кордіңіз.Енді осы сәтті пайдаланып сол кісімен танысыңыз.Кітабын сұрай отырып,әңгіме арасында тілдік әдеп формулаларын пайдалануыңызға болады.

Айналасындағыларға қатысты міндеттер — баланың өз басына алған рольді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған ролін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының ролінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардық ролін орындайтын басқалардың да праволарына ие болады. Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген товарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге правосы бар. Дәрігер-өзіне құрмет пен сенімділік қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.

Дене шыныктыру ойын турлери