Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері

                                         Мазмұны

Кіріспе

 1.     Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері.

 2.     Дене  тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі. Дене тәрбиесінің арнайы амалдары .

 3.     Дене шынықтыру мәдениеті.

 4.    Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері.

 5.     Спорт.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Кіріспе

Қазақ халқының дене тәрбиесіне, оны шынықтыруға, ептілікке, денсаулықты, көңіл-күйді көтеруге арналған осы  кездегі дене тәрбиесі мен спорт  нышаны ерте заманда-ақ халық кәдесіне жарағандығын кейбір археологиялық  деректер дәлелдейді. 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында б.з.б. 4 – 3 ғасырларда тоғызқұмалақ тастары табылды. Сол  жылы Тараз қаласынан 30 км жерде  археологтар тоғызқұмалақ тақтасының тасқа қашап салынған суретін  кездестірді. Түрік қағандығы дәуірінде  Қазақстан жерінде көптеген қалалар  салынып, мәдени орталықтар бой көтерді. Көне Таразда әнші-күйшілер, шабандоздар, садақ тартушылар, балуандар, басқа  да күш өнерін көрсетушілер бас қосып  отырған. 7 ғасырларда Орта Азия мен  Қазақстан жерін жаулап алған  Араб халифаты ислам дінін уағыздаумен  қатар, шахмат (шатрандж) ойынының таралуына, оның дамуына айтарлықтай ықпал  етті. Сөйтіп, көшпенді деп аталып келген қазақ халқы дене тәрбиесін, оның ішінде спортты дамытуға көңіл бөлгені  байқалады.

                     

                                           "Бәйге жарысы"

Ежелден садақ тарту, бәйге, сайыс, күрес, аударыспақ сияқты спорт  түрлерімен айналысқан қазақ халқы  басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын  жетілдіріп, толықтырып отырған. Халық  өзіне лайықты деп санаған  ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі  дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп келген. Әр рудың, әр жүздің, әрбір хан  мен бай-манаптың, болыс-бектің өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Олар бәйге-жарыстарда ірі рулардың намысын  қорғаған

 

                            

                                                     "Күрес"

Қазақ халқы арасында спорттың дамуына әр ұлт өкілдерімен арадағы  қарым-қатынастың нығаюы көп әсер етті. Мұндай жағдай, әсіресе, Қазан төңкерісінен кейін берік қалыптасты. Алғашқы  кезеңде спорт пен дене тәрбиесі еңбекшілердің денсаулығын нығайту, жалпы гигиеналық мәселелер, әскери шынықтыру даярлығын жақсарту мақсатында жүргізілді. 1918 жылдың 1-жартысында жұмысшылар клубтарында гимнастикамен айналысатын  үйірмелер ұйымдастырыла бастады. Халық ағарту органдары мен комсомол ұйымдары қыруар жұмыстар атқарып, жастар күшімен спорт алаңдарын, әскери даярлық ісіне жаттығу өткізетін  орындар жасады. 1920 жылы 1 қазанда  Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынбор қ-нда дене тәрбиесі нұсқаушылары және ұйымдастырушыларымен әскерге  баратын жастарды спортқа баулуға  арналған курстар ұйымдастырылды. Оған жүзден астам кісі қатысты. Оның тең  жартысынан көбі қазақ жастары болатын. Мұнан соң Ақтөбе, Гурьев (қазіргі  Атырау), Орал, Верный (қазіргі Алматы), Орынбор, Петропавл, Қызылорда, Семей  қалаларында ірі спорттық орталықтар құрылды. Сол жылдары Семей, Қостанай, Жетісу губернияларында спартакиадалар өте бастады. Әйелдер арасында дене тәрбиесін дамыту мақсатында 1925 жылы Семей қаласында арнаулы спартакиада  өтті. Дәл осындай әйелдер арасында спартакиадалар Орал, Петропавл, Алматы қалаларында да ұйымдастырылды. 1928 жылы Петропавл қаласыннда Бүкілқазақстандық 1-спартакиада өз жалауын көтерді. Оған қатысушылар футбол, жеңіл атлетика, қалашық (городки), қазақша күрес, баскетбол  және нысана көздеуден сынға түсті. Қазақстанда дене тәрбиесі мен спортты  дамытуда 1931 жылы енгізілген “КСРО-ны қорғауға, еңбек етуге дайын бол” (ГТО) деп аталған бәсекелердің маңызы зор болды. Бұл жастардың спортқа  тұрақты түрде қатысуына мүмкіндік  берді. Дене тәрбиесінен ұлттық кадрлар  даярлауға көңіл бөліне бастады. 1932 жылы Алматыда дене тәрбиесі техникумы ашылды. 1934 жылы республикалық ведомствоаралық 1-спартакиада, Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасындағы 1-спартакиада және мектеп оқушылары арасында бүкілқазақстандық 1-спартакиада өтті. Қазақстан К(б)П-нің 1937 жылы өткен 1 съезі дене тәрбиесі мен спорт және бұқаралық қорғаныс жұмыстарын кеңейте түсуді атап көрсетті. 2-дүниежүзүлік соғыс қарсаңында Қазақстан спортшыларының саны 150 мыңға жетті, оның ішінде 30 мыңнан астамы қазақ жастары болатын. Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс атқарылып, елімізде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары тәрбиеленді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

                      Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері

      Дене тәрбиесінің мақсаты - жалпы халық пен жеке адамның үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін кешенді дене шынықтыру және спорттық ілімдер мен тәжірибені меңгеру. Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бұл мақсат қоғамды құрап, оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан дүниесі рухани бай, ар-ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың дене қимылы дамуын қалыптастыру болып табылады.

     «Мәдениет» латын тілінен - жетілу, тәрбие, білім, даму деген түсініктерді білдіреді және адамзаттың тарихи дамуы барысында адам қолымен жасалған материалдық, рухани қазыналардың жиынтығы (бұл туралы мәдениеттану сабақтарында толық түсінік берілген). Бұл ұғым әртүрлі қоғамдағы (көне дәуір, құл иеленуші, т.б.) техникалық, ғылым, білім, әдебиет, өнер, пәлсапа, адамгершілік және соған тән мекемелердің дамуы жолындағы қол жеткен табыстарын қамти көрсетеді. Дене мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір түрі. Оның өзіне тән ерекше мәні адамның дене қуаты дайындығын, қимыл-әрекетін өмір тәжірибесіне сәйкес пайдалануға, өзінің дене ахуалын және дамуын үйлестіре жетілдіріп, ширата түсуіне байланысты, оған: жоғарыдағы қызметтің мақсатына сай жетілдірген түрлері, олардың мәдени құнды бағаға ие болған нәтижелері жатады. Дене мәдениеті кең ұғым деңгейінде алғанда қоғамның халық дене тәрбиесі қабілетін дамытуға бағдарлаған арнайы әдістер және жағдайлар жетістігінің жиынтығы болып табылады.

        Адамгершілік, ізгілік өріс алған қоғамда дене мәдениеті жеке тұлғаның жан-жақты үндестік таба дамуы тиімді қүралдарының әр адамның дене шынығуын жетілдіру жолында игіліктерге жеткізудің арнаулы ықпал етуші фактордың біріне саналады. Осы жайларды ескере отырып, дене мәдениеті халықтың дене шынығуын жетілдіре түсуге жасаған жағдайлар мен тиісті құралдарды пайдалана білудегі жеткен нәтижелерінің жиынтығы болып табылады. Сөйтіп, дене мәдениеті осы саладағы қоғамдық тарихи даму практикасының барлық жетістіктерін бойға жинақтаған қоғамдық қүбылыс ретінде көрінеді. Дене мәдениетінің жетістіктері қоғам өмірінде белсенді рөл атқарады. Олар адамдардың дене және рухани мәдениетін тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланады.Негізгі түсініктер арасында «дене мәдениеті» деген сөздің мағынасы кең.  Дене тәрбиесінің пайда болуы және алғашқы дамуы қоғамдық құбылыс ретінде халықтың сана-сезімі арқылы дамыды.                                     Негізінде дене тәрбиесі ертедегі адам қоғамындагы пайда болған ең алғашқы тәрбие негіздерінің біріне жатады.

      Талай мындаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келді. Ол өзінің икемділігін, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді, сондықтан барлық ұжым болып, бірігіп аң аулауға шығар еді. Найза лақтыру, садақ ату, т.б. еңбек құралдарын аң аулауға, үй шаруашылығына керекті шаруаларын істеді. Осының бәрі дене қимылын жетілдіруге әкеліп соқты. Сонымен бірге, сол уақыттағы табиғаттың дүлей күштері (жер сілкінісі, қарлы борандар, дауылдар, су тасқындары, құрғақшылық т.б.) және өз тайпасын қорғау немесе басқа бөтен тайпаларды басып алып, өзіне бағындыру үшін жасалынған қорғаныс-шапқыншылық әрекеттері де адамзат баласының өз тұқымын аман алып қалу мәжбүрлігінен туындаған еді.

      Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына  әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді. Бұл жаттығулар күнкөріс қамынан басқа ойын ретінде қолдана бастады. Соның арқасында дене қимылы жаттығулары одан әрі дами бастады. Ол жаттығулар адам еңбек құралынан адамның өзіне жарайтын қалыпқа жетті.

      Қоғамның саяси, экономикалық өмір салтының өзгеруі дене тәрбиесі жүйелерінің өзгеруіне әкеліп соқты, жаңа жүйе пайда болды. Дене тәрбиесінің мақсат, міндеттері өзгерді, дене қимылы жаттығулары, амалдары, қағидалары т.б. формалары дене қимылын үйымдастыру жолдары өзгергенмен, қоғамдық құбылыс ретінде ол адам өмірінде мәңгі қалып қойды. Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі дене тәрбиесінің арнайы амалдары — дене қимылы жаттығуларына да әсерін тигізді. Бір жаттығулар түрлері өзгерсе, екіншілері - пайдасының аздығынан немесе сол заманның сұранысына орай, жоғалып кетіп, олардың орнына жаңа жаттығулар келіп жатты. Ол екі себепке байланысты еді: біріншіден, қоғамның ол-ауқаты жақсарып дами бастаған әр кезеңде адамнан дене қимылы  мен қасиеттерін көбейтіп отыру керек еді. Жаңа міндеттер жаңа дене қимылы жүйелерін әкеліп жатты. Екіншіден, дене тәрбиесі ғылымының дамуына байланысты, дене қимылы қасиеттерін адам терендете оқып біле бастады, бұл деген адамға кездесіп көрмеген жаңа жаттығулар түрін дайындау болса, үшіншіден, сол дайындаған жаттығулардың адам ағзасына пайда келтіретін жаттығуларды дайындау болды. Дене тәрбиесі дамыған сайын дене қимылы жаттығулары да көп түрленіп, көбейе түсті.    Олар тек еңбек саласынан емес, әскери, өнер, би билеу салаларынан да алынып жатты. Уақыт өте келе, заман сұранысына байланысты, дене қимылы жаттығулары адамның өзінің білу мүмкіндіктеріне орай, жасанды істеліне бастады. Дене тәрбиесі жұмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттері. Аталмыш міндеттердің өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосар үлесі мол. Сондықтан да, оларға қысқаша сипаттама берген жөн.

      Сауықтыру міндеттеріне - денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры - мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сүлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.

      Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан-жақты дамуына рухани, патриоттық, адамгершілік, сана-сезім мен дене қуатының уйлесімді бірлігін құрайды. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық мәні. Білім беру саласында өзінің арнайы зандылықтарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады. Тәрбиелік міндеттердің мектептегі оқу-тәрбие, сыныптан және мектептен тыс жүмыстарына қосар үлесі мол. Дене шынықтыру мүғалімі бұл бағыттағы жұмыстарды ұжыммен бірлесіп істеуі қажет.

      Білім беру міндеттері - дене шынықтыру мен спорт саласындағы арнайы білімдерді меңгеріп, оны арнайы орындарда қимыл-қозғалыстарды үйрету арқылы, күнделікті қолданысқа түсіру. Дене қимылының білімі деп, арнайы жүйелі білімді, дене қимылы жаттығуларын игеріп, оны түрмыста, өмірде, әскери қызметте т.б. түрлі амалдар мен айла-тәсілдер арқылы өз бетінше қолданады. Арнайы білім - дене тәрбиесінің зандылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын дене қимылы білімінің деңгейі мен бағыты қарастырылады. Дене қимылы білімі ұғымын ең алғаш рет орыстың белгілі ғалымы П.Ф. Лесгафттың ғылыми еңбегінде айтылады. Нақ осы ғалым алғаш рет дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесін бөліп, спорттық ойындар, гимнастика, жеңіл атлетика түрлерін айырьш, олардың әрқайсысын жеке спорт түрі ретінде жіктеді.

      Қазіргі кезде оқу материалының кеңеюі оқу орындарында бекітілген тарификация сағаттарының көлемімен беріледі. Елбасының бекіткен «Дене шынықтыру және спорт» туралы Заңына байланысты, жалпы білім беретін мектептердегі дене шынықтыру сабақтарының саны артқаны белгілі. Жоғары буын оқушыларынан басқа, онда орта және төменгі буындарда да ұлдар мен қыздардың сабақта жеке өткізілуі көзделген. Болашақта дене шынықтыру мен спорт педагогикасы қүрамына біріктірілетін дене мәдениетінің тарихы, дене тәрбиесінің психофизиологиясы, биомеханика және тағы басқа арнайы пәндерді кешенді оқу пәні ретінде оқыту жоспарлануда. Бұл педагогикалық мүмкіндіктерді ашып қана қоймай, оны қалың жұртшылықтың қабылдауына игі ықпал етеді.

      Қандай да болсын, оқу орындарында (орта мектептер, арнаулы орта білім беретін мекемелер мен кәсіптік білім беретін оку орьшдары, жоғары оку орындары) «Дене шынықтыру» пәнінің маңызы зор екенін әрдайым есте ұстап, оның маңызын биіктете отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізгені абзал, ол үшін жас мамандарды әрбір тақырыптарды өткен кезде нақтылы мақсат-міндеттерді қоя білу және бұқаралық көпшілік арасында дене тәрбиесі, дене шынықтыру және спорт жөнінде үгіт-насихат жұмыстары мен салауатгы өмір сүру салты женінде жұмыстарды жүргізу тәсілдері мен дағды-машықтарын, әдістерін, қағидаларын және амалдарын үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Дене  тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруі.    

                          Дене тәрбиесінің арнайы амалдары

     Дене тәрбиесі жүйесінің ең басты мақсаты - адам баласының дене қалпының жетілуі жөніндегі көрсеткіштерін ойдағыдай болуын қамтамасыз ету болып табылады. Қоғамның өзі дене тәрбиесі жүйесінің және оның қалыпты жүмыс атқаруын көтермелеп отыруға міндетті. Бұл күтіліп отырған көрсеткіш қоғамның даму заңдылыктарьша негізделген. Бұл мақсатта елдің байлығын арттыру және оны қорғауға дайын адамдар жөніндегі қоғамның объективті қажеттілігі көрініс тапқан.

       Дене тәрбиесі - адам ағзасына дене қимылы жаттығуларымен максатты, жүйелі түрде ықпал ету, денсаулықты нығайтуға жақсартарлық табиғаттың табиғи күштері мен тазалық сақтауды жолға қою, дене қасиеттерін тәрбиелеу және өмірлік мәні зор қозғалтқыштық іскерлік иен дағдыларды, соларға байланысты білімдерді қалыптастырып, жетілдіру, адамды белсенді өмірге даярлау, деп түсінік беруге болады.

Бұл анықтамадан дене мәдениетінің екі ерекшелігі байқалады:

1.  Қозғалыстарға үйрету.  Ол дене тәрбиесі  білімінің негізгі мазмұнын қүрайды, яғни, өзінің қозғалысын басқарудағы арнайы тәсілдерді   орынды   пайдалану   жүйесін   меңгертеді,   сол   арқылы іскерліктің, дағдылардың және онымен байланысты білімнің қорын игереді.

      Адамның    дене    құрылысы    сапаларына    қатысты    дене құрылысының табиғи қасиеттері кешеніне максатты түрде ықпал ету. Дене тәрбиесінің бұл саласын дене сапаларын тәрбиелеу сапалары деп   атайды.   Соңғы   нәтижеде   дене   тәрбиесі   тәрбиенің   басқа түрлерімен   бірге   педагогикалық   үдеріс  ретінде   жеке   тулғаның қалыптасуына ықпал етеді.

      Дене қимылы білімі - қозғалыстарға үйретудің негізгі мазмұнын құрайды және адамның өз қозғалыстарын басқарудағы орынды тәсілдерді меңгеру жүйесін жасайды, сол арқылы іскерліктің дағдылардың және солармен байланысты білімдердің емірге қажетті қозғалтқыш қорын меңгертеді.

      Дене қимылы дамуы - адам жеке өмірінің үзақ жолында өз дене қызметінің табиғи қасиеттеріне және дене сапалары мен қабілеттеріне негізделе біртіндеп қалыптасуы және өзгеруі занды үдеріс. Дене дамуына тұқым қуалаушылық факторлары, өмір жағдайлары және тәрбие ерекшеліктері айтарлықтай әсер етеді.

      Дене қимылы дайындығы - белгілі бір іс-әрекетке байланысты, мақсатты орындауға бағытталған дене тәрбиесінің мамандырылған үдерісі. Ол жалпы арнайы дене дайындығын танып білуге көмектеседі.  Дене кимылының дайындығы - еңбекке  әзірлеудің, әскерде қызмет етуте дайындықтың бөлінбес қүрамы болып табылады.

      Дене кимылынын жағдайы - рекреациядан (үзілістен) және реабилитациядан (қалпына келтіруден) тұрады. Дене тәрбиесінің үзілісі деп - дене қимылы жаттығуларының көмегі арқылы адамдардың лэззат аларлық белсенді демалысын жүзеге асыру және жаттығудың бір түрінен екінші түріне үзіліссіз, тоқтаусыз ауысуы дейді. Ал, дене тәрбиесінің қалпына келтіруі — біршама жоғалған немесе әлсіреген дене қабілеттерін дене шынықтыру құралдарымен қалпына келтіру қызметін айтады. Онда адам ағзасын қалпына келтіру жолдары көп, тек әдістерін дүрыс пайдалану қажет.

     «Дене қимылы реабилитациясы» термині уақытша жоғалған немесе оқыс жағдайлар мен ауру кезінде төмендеген дене қуатын қалпына келтіру дегенді білдіреді. Атап айтқанда, дене шынықтырумен немесе спортпен шұғылдану барысында жарақат алып немесе басқа аурулармен ауырып, уақытша денсаулығын жоғалтқан адам ағзасының мүмкіндіктерін қалпына келтіру үшін дене жаттығуларьш арнайы түрде пайдалануын айтады. Дене жаттығуларын бұлай пайдаланудың медициналық емдік қасиеті бар. Тынығу қызметі дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану арқылы белсенді демалыс, адам ағзасының уақытша жоғалтқан функциялық мүмкіндіктерін қалпына келтіруін айтады. «Дене рекреациясы» - белсенді демалысты қамтамасыз ету, адам бойындағы дене қимылы қасиеттерін қалпына келтіру үшін, басқа бір қимыл белсенділігі аз іспен айналыса отырып, үзіліспен дене тәрбиесінің тағы бір міндетін шешуді көрсетеді. Яғни, жүктемені реттей отырып, жаттығудың бір түрінен екінші түріне тоқтаусыз ауысуы деп аталады.

     Дене тәрбиесінің жүйесі - үғымы дене тәрбиесінің әлеуметтік сараманындағы белгілі тарихи үлгіні бейнелейді, яғни, өзі тәуелді нақты қоғамдық қауым жағдайының алғашқы негіздері мен ұйымдары түрлерінің тәртіпке келтірілген жиынтығы. Біздің еліміздің дене тәрбиесі жүйесі дене тәрбиесінің идеологиялық, ғылыми - әдістемелік негіздерінің, сондай-ақ, адамдардың дене мәдениетін жүзеге асыратын және бақылайтын үйымдар мен мекемелердің бір екендігін танытады.

     Дене мәдениетінің қозгалысы - бұл үғым адамдардың дене мәдениетінің мүраларын пайдаланып, дамыта көбейтуде бір арнада бірлесе еңбек ететін әлеуметтік қозғалысты қамтиды. Дене мәдениетінің дамуы бүкіл адамзаттық құбылыс болғандықтан, оны дамытуға ұмтылған адамдардың өзара іс-әрекетінсіз жузеге аспайды. Дене тәрбиесі қозғалысы - осы өзара іс-әрекетті үйымдастырудың бір түрі.

      Дене қимылының жетілдіруі - адам денесінің жан-жақты және дене тәрбиесінің үйлесімді дамуыньщ шаралары туралы түсініктерді жинақтайды. Сонымен бірге, бұл шара еңбек және басқа да өмірлік қызмет өрістеріне қолайлы келетінін, дене шынықтыру саласында жеке дарынның жеткен барынша жоғары даму дәрежесін білдіреді және ұзақ өмір сүру заңдылықтарына жауап береді.

      Спорт туралы тақырыптар мен тарауларды қайталау және күнделікті ақпарат қүралдарынан толықтырып отыру.

      Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты — денсаулығы мықты, рухани байлықты игерген, моральдік тұргыдан таза, Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылык еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру болып табылады. Осы мақсат біздің елімізде әрбір адамның және қоғамның мүддесін білдіреді. Денені жетілдіру, дене мүшесінің кемістігі жоқ, барлық қажеттілік пен қасиеттерді бойында жинақтаған адам туралы халықтардың ғасырлар бойы жетуге тырысқан арманын бейнелейді.

      Дене тәрбиесінің ғылыми және оқу тұрғысындағы теориясы мен әдісі оның кәсіби құрылымын айқындайтын негізгі білімді құрайды. Дене тәрбиесінің теориясы мен тәсілдері мұғалімнің педагогикалық қабілетін дамытып, дене тәрбиесінің кез-келген сатысында түрлі мәселелерді шешіп, ғылыми бағытта дұрыс пайдалануға көмек береді.

      Кез-келген білім өзіндік әдістемелік бағыт-бағдар болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Белгілі бір ғылымньщ өзіндік зерттейтін объектісі болады. Зерттеу нәтижесінде жинақталған білімдер үйретілетін пәннің айқын жүйесін, оқу барысын құрайды. Оның өткізу әдістерін үйрену барысында бұрыннан жинақталған тәжірибені ортаға бөлісумен тиянақталады.

 

 

 

 

 

                                 Дене шынықтыру мәдениеті

      Дене мәдениеті дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық. «Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мәдениет» деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен айтқанда — дене шынықтыру адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуға болады. Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Дене шьшықтыру» сабағына қатысуы. «Дене мәдениеті» түсінігін «Мәдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мәдениеті мәдениеттің бір бөлігіне жатады. «Дене мәдениеті дегеніміз адам өз дене күшін, құрылысын, жаттыгулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган үдерісті айтуга болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге арналган материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал мектептегі дене мәдениеті дегеніміз - материалдық рухани бағыттың қосындысы ретінде мектепте қогамның күшімен балалардың дене даярлығын ұштайтын пән ретінде болады.

      Балалар дене даярлығының кұндылығын тек мектеп мүғалімдері, жаттықтырушылар ғана емес, қоғам да өз күшін салу керек.

      Дене мәдениеті педагогикалық тұрғыдан алып қарағанда, дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны туралы жоғарыда айтылған. Педагогикада адамның саяси әлеуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп атайды. Дене тәрбиесі – адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе. Мұнымен қоса, ол осы саладағы кәсіптік бағытты анықтайды, білім негізін құрайды. Әр түрлі деңгей мен түрлерде дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық тұрғыдан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, өзінің педагогикалық шығармашылық негізін жасауда маңызы зор екенін атап өткен дүрыс.

     Балалар дене тәрбиесі жеткіншектің дене дамытуының педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене тәрбиесі мектеп аясында ғана жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ал балалардың дене тәрбиесі мектепте және мектептен тыс та атқарыла береді. Осыған байланысты, дене шынықтыру мүғалімдерінің шығармашылық тұрғыдағы біліктілік деңгейі де аталмыш жұмыстарды орындауға өз септіктерін тигізеді. Балалар тәрбиесі мектеп үжымы үшін жалпы міндет болғандықтан, басқа да тан мүғалімдері мектеп экімшілігімен қоса жоспарланған іс-шараларды бір кісідей атқаруы - алға қойған мақсаттарға жетелейді және оның орындалуын қадағалайды.

      Анатомиялық-физиологиялық тұрғыда дененің қаншалықты дамығандығындене көлемін өлшеу арқылы (бойдың биіктігі мен салмағы, кеуденің колемі, аяк-қолдардың ұзындығы және т.б,) анықтауға болады, дене құрылысының сыртқы дамуын (кеуде жасушасының сыртқы қалпы түрі, бұлшық еттерінің реңі, май жиналуы, терінің біртегіс әдемілігі және т.б.), сыртқы белгілер арқылы жыныстық жетілуді, сонымен қатар, кейбір функционалды көрсеткіштерді өлшеу арқылы білуге болатынын көрсетеді. Мысалы, өкпедегі ауа сиымдылығының көлемі, кейбір жекеленген бұлшық еттер тобының күшін өлшеу арқылы, дененің даму дәрежесі анықталады.

       Дене қимылын адамдармен сапалы пайдалану мүмкіндіктері, педагогикалық үдерісті ұйымдастыру жағы мен материалдық ғылыми деңгейіне және бақылау, басқару органдарының жетілдірулігіне байланысты. Осылардың барлығының бірі-бірімен тығыз байланыстылығы арқылы ғана, осы бөлімдердің өзара байланыстылығы арқасында - бүтіндей дене тәрбиесі жүйесі шығады. Әр дене тәрбиесі жүйесі қандай болсын, қоғамда өзінше дамиды, сондықтан, сол коғамның сөзін сөйлеп, тасы мен тымағын аспанға лақтырады демекші, әр қоғамның да өз дене тәрбиесі жүйелері болды. Мысалы, алғашқы қоғамдық дәуірдегі алға қойылған мақсат -күнделікті тамақ тауып, ыңғайлы өмір сүретін орын тауып, өз тұқымының амандығы немесе езі секілді, басқа да тайпаларды басьш альш, өз қүрамдарына қосу, ал құл иеленушілер дәуіріндегі мақсат одан басқапта - көбінесе, бөтен жерлерді басып алу, соған байланысты, өз жерлерін қорғау. Осылардың эсерінен, сол кездеғі іальш, пэлсапашы, дэрігерлер сияқты, көзі ашық адамдардың адам ағзасы туралы қызметінің заңдылықтарын дүрыс білмегендіктен, дене қимылы жаттығуларының әсер еіу механизмінің ерекшеліктерін жеткізе алмайтын болған. Сонын себебінен, дене қимылы қозғалыстарын жасау, оның қажетті дене қасиеттерін дамытатынын ішкі түйсікпен түсінетін болғанын, феодалдық дәуірде сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің қалай дамығанын тарихтан білеміз. Жүйеде өзіне байланысты құрамдары бар, басқа жүйелерге қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар.

      Өнер, мәдениет, ғылым, экономика, саясат ықпалымен дамып отырған дене тәрбиесі, оларға да өз ықпалын тигізеді. Бір типтік қоғамдық құрылысы бар мемлекеттердің дене тәрбиесі мақсаттары мен міндеттері бірыңғай болуы мүмкін, ал керісінше, әртүрлі типтік қоғамдық құрылыстағы мемлекетгердің дене тәрбиесі жүйесінің мақсат-міндеттері де әртүрлі болуы мүмкін. Жүйенің өз функцияларын толыққанды орындауы қоғамдық-саяси жағдайларға да байланысты. Экономикасы жақсы дамыған елдердің дене тәрбиесі жүйелері де жан-жақты, жақсы дамыған, мысалы, АҚШ, Германия, Жапония, Англия т.б. Ал енді дамьш келе жатқан елдердің (Азия, Африка, Оңтүстік Америка т.б.) дене тәрбиесі жүйесі сол күйі нашар болуы, болмаса тек бір жақты дамыған болуы мүмкін. Оны әрбір төрт жыл сайын өтетін Олимпиадалық ойындарға қатысушы елдердің спортшыларынеың санына байланысты білуге болады. Себебі, қазіргі жағдайда аталмыш ойындарға лицензия ұтып алу уақыт өткен сайын қиындап бара жатқанын ескеру қажет. Оның үстіне, олимпиадалық қозғалысқа қосылып жатқан елдер мен спорт түрлері көбеюде.

      Біздің еліміз сол екі жақтың ортасында жақсы жағына қарай енді дамып келе жатыр. Себебі, мемлекетіміз қазір керекті спорт стадиондары, базалары, арнайы спорт ғимараттары, құрал-жабдықтары, жоғары білікті, жақсы дайындалған мамандары, халықтың ақылы қызметтерді енді телей алулары т.б. жағдайларға енді қол жеткізе бастады, әртүрлі деңгейдегі билік органдары дене шынықтыру мен спорттың дамуына жағдайлар мен ықпалдар жасай бастауы - мемлекетіміздің дамуы үшін дұрыс жолда келе жатқандығын айқындайды. Осыған байланысты, әр елдің дене тәрбиесі жүйесінің дамуы әрқилы екендігі, оған себеп - сол елдің дене шынықтыру мен спортқа деген көзқарасы мен саясатында екендігі әр елдерде болып жатқан күнделікті саяси, экономикалық, спорттық, мәдени жаңалықтардан білуге болатындығында. Онымен қоса, дене тәрбиесінің жүйесі қандай да болмасын елдің хал-ахуалын, әсіресе жаңадан дамып келе жатқан елдерде даму деңгейін көрсетеді.

       Дене тәрбиесінің жалпы жүйесі өзімен бірге әлеуметтік ұйымды құрайтын, халықтың барын әлеуметтік топтарының жан-жақты дене шынығының жетілдіруіне бағытталады.

       Ал, балалар дене тәрбиесінің жүйесі әлеуметтік ұйым ретінде барлық жастардағы балалардың жан-жақты дене қимылының жетілдіруіне бағытталған. Онда осы саладағы білім негізінің жүйесін құрай отырып, дене шынықгыру маманының өз бағытындағы теориясы мен әдістемесін жете меңгергендігі мен оның педагогикалық ойлау жүйесінің дамуының басты шарттылығында. Әртүрлі деңгейлер мен түрлерде дене шынықтыру, дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін шығармашылық тұрғысынан шешуге, болып жатқан жаңалықтарды біліп отыруға, мектеп дене тәрбиесіндегі кейбір теориялық және іс-тәжірибелік жаңалықтарға дене шынықтыру маманынъщ сын көзбен қарауына, мектептегі денс шынықтыру, дене тәрбиесі және спорт мақсат-міндеттерін шешуде қосымша ететін пәндердің атқарар рөлін дұрыс бағалауға, өзініц педагогикалық шығармашылық негізін жасауда аталып отырған білімнің маңызы зор екендігін көрсетеді.

      Балалардың дене тәрбиесі ескелең ұрпақтың дені сау, оның барлық дене мүшелерінің жақсы жетілуіне мүмкіндік туғызуды мақсат етіп, жан-жақты дайындығы жоғары, кез-келген жағдайлар мен қиыншылықтарда Отанын қорғай алатын қоғам мүшелерін дайындау міндеті тұрады. Мектепте дене тәрбиесі мақсатты бағыттағы педагогикалық жүйе ретінде сабақта, спорт үйірмелерінде г.б. дене шынықтыру мен спорттық іс-шараларда іске асырады. Оқушылардың дене тәрбиесі мектеп жасындағы балаларға мектепте және мектептен тыс балаларға білім беру мекемелерінде, балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептерінде, аулалар мен шағын аудандардағы түрлі тәрбие ұйымдарында әр түрлі жұмыстар мен дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық іс-шаралардьщ алдын-ала, күнделікті және перспективалық (болашақтағы) жоспарлары түрінде сскеріп қамтылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері

       Дене тәрбиесінің жалпы жүйесінің негізгі түсініктері мынадай: «Дене мәдениеті», «Дене тәрбиесі», «Спорт». «Дене мәдениеті» осы құрылымда ең жалпы түсінік болып қалады. Қоғамның тәрбие ықпалы өрісінде келешектегі көп жылдарға және тәрбиенің жалпы нәтижесін жақсартуға бағытталған басты мақсаты - түбірімен қоғамдық қажеттіліктен туындаған жәйт. «Дене мәдениетіне тәрбиелеуде» дене тәрбиесінің сипат ерекшелігі мақсаттан туындайды, ал «денені шынықтыру арқылы адамды тәрбиелеу» дене тәрбиесінің құралдарынан тұрады. Бірақ, адамның мақсаты тек өз дұрыстығын жақтайтын болғандықтан айнымалы болып өзгеріп кетеді, ал құралы: дене шынықтыру жаттығулары - керісінше анық, дұрыс және дене мәдениетінің негізгі қорына кіреді.

       Дене шынықтыру жаттығулары дене тәрбиесінің сипат ерекшелігінің материалдық қолдаушысы болып, оның міндетті мәселелерді шешудегі мақсаттары мен мүмкіндіктерінің дұрыстығын анықтаушы күші болып табылады. Бул дене тәрбиесінің теориясы пәні туралы мәселені шешу үшін, дене шынықтыру жаттығуларының сипат ерекшеліктеріне және мән-мағынасына сүйенуге амалсыз мәжбүр етеді. Дене шынықтыру жаттығулары тұрғысында дене тәрбиесінің теориялық негіздерін дамытудағы негізгі әдіснамалық (жеке ғылымдардың әдістері туралы ғылым) бағыттары бар. Адамның дүниетаным айырмашылығында және дене шынықтьгру жаттығуларының пайда болуы көзқарасында идеалистік бағыттағы және субъективті идеалистік бағытгағы зерттеулер бойынша жаттығуларды ойындардан шыққан, ал дінге табынатын идеалисгердің негізгі өкілдері, былайша айтқанда, диалектикалық тарихи материализмнің бетке ұстар діңгектері - жаттығуларды еңбектен шыққан, деп өз дәлелдерін осындай тұрғыда тұжырымдайды.

Дене тәрбиесінің пайда болуы мен даму себептері