Дене тәрбиесі

Дене тәрбиесі

 

 

 

 

`Дене тәрбиесі

Жоспары:

1. Дене тәрбиесінің маңызы мен  міндеттері.

2. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы.

3. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру  сабақтары.

4. Сыныптан тыс жұмыстар.

5. Тәртіп.

6. Салауатты өмір салты. (П.Иванов  жүйесі).

1. Оқушылар дене-бітімінің дұрыс  дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс  қабілетінің артуы сыртқы ортаның  қолайсыз жағдайларына қарсы  тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық  -адамның еңбек және қоғамның  іс-әрекетке жемісті қатысуының  маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.

Табиғи қозғалыстың түрлері  жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.

Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.

Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, үйқы, бос уақыт ырғақтарын дұрыс ұйымдастыруда талап етеді. Күн тәртібін тиімді пайдалану балалардың ақыл-ойы мен дене құрылысының дұрыс дамуына, денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Күн тәртібін бұзбау міндет. Тәртіп дегеніміз - демалыс, тамақтану, жеке гигиена және күн мен түннің пайдалы сәттерін маңызды, мазмұнды қолдану.

Мектепте дене тәрбиесін мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиеші басқарады. Олардың жұмысының мазмұны:

•  шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды пайдалануды  үйрету, оқушылардың денсаулығын  үнемі бақылау, жұмыс қабілетін жаңсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау.

•  оқу күні және оқу жылы бойында  қозғалыс жасау, қозғалтқыш әрекетке үйрету және қозғалтқыш сапаларын дамыту, дене шынықтыру және сауықтыру жұмысын  тиімді өткізу.

Дене тәрбиесін мектепте және мектептен  тыс оқу орындарында спорттық базаларда іске асыру үшін төмендегі талаптарды еске алған жөн:

•  оқушылардың бойында жоғары адамгершілік сапаларын тәрбиелеу.

•  шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру.

•  спортпен шүғылдануға оқушылардың  тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.

•  негізгі қозғалтқыш сапаларын  дамыту.

2. Дене тәрбиесінің мазмұны,  міндеттері және формалары әрбір  мектептердің жағдайларына байланысты  дене шынықтыру және сауықтыру  жұмысының жүйесін жасауды қажет  етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде  орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс  алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика.

Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртңы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Спорт - оқушылардың денсаулығын  нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін  дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау.

Табиғат факторларын балалардың денесін  сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану  өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды  мақсаттарының бірі - балалар мен  ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

Дене тәрбиесінің міндеттері:

- денсаулықты нығайту және шынықтыру,  дененің дұрыс өсіп-жетілуіне  және ағзаның жұмыс қабілетін  арттыруына әсер ету;

- қимыл дағдылары мен іскерліктерін  қалыптастыру және жетілдіру;

- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;

-  негізгі қимыл-қасиеттерін  күшті, төзімділікті, шапшаңдықты  және ептілікті дамыту;

-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық  пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;

- өдеттерді қалыптастыру және  дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға  ынтаны тәрбиелеу;

- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру  гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.

3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік,  негізгі, қорытынды бөлімдерінен  тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың  сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен  шұғылдану ынтасын арттыру және  балаларды сабақтың негізгі бөлігінде  күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.

Сабақтың негізгі бөлігіне оқу  бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі  көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі  ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.

Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру  міндеттері шешіледі.

Дене шынықтыру сабағының маңызды  тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.

4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан  тыс жұмыстардың міндеттері: баланың  денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.

Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.

5. Оқушыларды жүйелі түрде дене  жаттығуларына үйретудің тиімді  жолдарының бірі - олардың өз еркімен  дайындалуы. Осыған байланысты оқу  бағдарламасына дене тәрбиесінен  үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.

Отбасында өз еркімен орындалатын  дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік  гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан  соңғы тіршілік қызметіне тез  араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.

6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты  жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.

Оның нұсқаулары:

•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық  суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;

•  шомылар алдында, не шомылып  жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;

•  арақ ішпе, темекі тартпа;

•  аптасына кем дегенде 1 рет  тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;

•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;

•  денім сау болсын десең  барлық адаммен сәлемдес;

•  бойыңдағы  жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен  және оларды сүй;

•  адамдарға  әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен  көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;

•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше  рет тыныс ал да, ойлан;

•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;

•  ес пен ойды бөле қарама. Оны  жүзеге асыр;

•  іс жөніндегі тәжірибеңді  үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".

Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан  тазарып, салауатты өмір сүруіне  тигізетін рөлі ерекше.

Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.

 

Әдебиеттер:

1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.

2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды  тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.

3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.

4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.

5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дене тәрбиесі мен спорттың қазіргі  проблемалары Райханов Ш.

Ғылыми сектор - мақалалар 

108-18 тобының Райханов Ш.

Ғылыми жетекшісі п.ғ.к., доцент Шегенбаев Н.Б.

Дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық негіздері дене мәдениеті теориясының бөлімі болып табылады. Бұл – дене мәдениеті мен спорт міндеттерін педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған процестер ретінде шешу жолдары туралы білім жүйесі.

Студенттердің құрылымы, сәйкестенген жағдайларға сабақ пәндер мен  орындалатын міндеттерге байланысты алға қойған міндеттерге жету үшін пайдалануға қажетті құралдар мен әдістер, сабақ жүргізу түрлері, педагогикалық басқару ерекшеліктері де өзгеріп отырады. Сондықтан мамандығы мен дәрежесі бірдей, бір жарысқа дайындалып жатқан екі спортшының сабағында да ерекшелік болады. Бұлармен қатар дене мәдениеті мен спорт сабақтарының барлық түрлеріне тең дәрежеде таралатын жалпы ережелерде бар.

Қазіргі таңда дене мәдениеті мен  спорт денсаулықты нығайтудың өміршеңдік пен еңбекке қабілеттілікті арттырудың шығармашылық жолды ұзартудың және жеке тұлғаның үйлесімді дамып қалыптасуы мен басқа да әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді құралы болып табылады. Осыған байланысты дене тәрбиесі мен спорт проблемаларына жарық түсіретін ғылыми білімдерге көп назар аударылып отыр.

Бұл кітаптың мақсаты – дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы барлық міндеттерді шешуде спортшылардың  спорттық мамандықтары мен құрамына қарамастан басшылыққа алуға тиісті ғылыми-педагогикалық ережелерді мазмұндау  болып табылады.

Адамды дамыту мен қалыптастырудың негізгі факторлары қоршаған орта іс-әрекет тәрбие және мұрагерлік болып саналады. Адамды дамыту мен қалыптастырудағы іс-әрекеттің маңыздылығын ғылымның көрнекті өкілдері – И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.Ф.Лесгафт, т.б. атап көрсетті. Олар адамның жаны мен тәні өзара бірлікте және байланыста көрінетінің дәлелдеді, сондықтан іс-әрекетті сәйкес ұйымдастыру тұлғаны бүгіндей қалыптастыру факторы бола алады.

Гигиеналық білім беру және тәрбие беру міндеттерін шешуге арналған тарихи қалыптасқан немесе арнайы ұйымдастырылған іс-әрекет дене жаттығулары деп аталады. Оларды негізгі төрт бөлімге бөліп қарастырады: спорт жаттығулары, гимнастикалық жаттығулар, ойындар және түрлестік іс-шаралар. Дене тәрбиесі оның міндеттерін орындаудың басты құралы дене жаттығуларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты, педагогикалық құбылыс ретіндегі дене тәрбиесі-бұл гигиеналық, білім беру және тәрбиелеу міндеттерін дене жаттығуларын қолдану жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Дене тәрбиесінің гигиеналық міндеттеріне дене дамуын жақсарту мен денсаулықты нығайту, білім беруге-білімді меңгеру мен қимыл қабілеттерін жетілдіру, тәрбие беруге-тұлғаны бүтіндей қалыптастыру жатады. Осыған орай дене тәрбиесінің міндеттері мыналалар: 1) денсаулықты нығайту; 2) дене дамуын жақсарту; 3) қимыл қабілетін жетілдіру; 4) білімді меңгеру; 5) тұлғаны толық қалыптастыру.

Дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық және еңбек тәрбиесімен  біріге отырып, адамның жан-жақты  дамуына жағдай жасайды.

Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ұйымдастырудың негізгі екі түрі – дене мәдениеті сабақтары мен спорт сабақтарының бірігуімен шешіледі.

Дене мәдениеті сабақтары («дене  мәдениеті»)-бұл дене тәрбиесі міндеттерін  спорттық және гимнастикалық жаттығуларды, ойындар мен туристік іс-шараларды үйлестіру жолымен шешуге бағытталған іс-әрекет.

Спорт сабақтары («спорт») – бұл  дене тәрбиесі міндеттерін бір ғана спорт жаттығуларын қолдану жолымен  шешуге бағытталған іс-әрекет.

«Дене мәдениеті» мен «спорт» түсініктері  мәндері жағынан бірдей педагогикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар, олар: оның бағыттары мен қолданылатын құралдарының ерекшеліктері. Дене мәдениеті сабақтарының негізгі мақсаты жалпы дене дайындығы болса, ал спорт сабақтарының мақсаты – іс-әрекет қабілетін дамытуда жоғары деңгейге жету үшін бір немесе бірнеше спорт жаттығуларын орындауды жетілдіру болып табылады. Бағыттарындағы айырмашылық осы. Сондай-ақ дене мәдениеті сабақтарында бір ғана немесе топтама сабақтарға сәйкестендірілген көптеген спорттық және гимнастикалық жаттығулар, ойындар мен туристік іс-шаралар пайдаланылса, ал спорт сабақтарында – нақты спорт жаттығулары қолданылады. Бұл пайдаланылатын құралдар айырмашылығы болып табылады.

Спорт жарыстарына  қатысуға дайындық басты мақсаты болып саналатын спорт сабақтары спорттық жаттықтыру деп аталады. Жаттықтыру сөзі ағылшынның (тренировка) «train» сөзінен шыққан, яғни, үйрену, жаттығу, тәрбиелеу деген мағынаны береді. Жаттықтыру мақсаты – дайындалушының белгілі бір іс-әрекет түріне деген қабілетін жетілдіру болып табылады. Спорттық жаттықтыру – бұл жарысқа қатысуға дайындалу мақсатында психиканың кейбір жақтарын дамыту мен іс-әрекет қабілетін дамытуды ең биік деңгейге жеткізуге, таңдаған спорт түрінің әдіс-тәсілдерін меңгеруге бағытталған спорт сабақтарының бір түрі.

Спорт жаттықтыруларында  дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы міндеттер толық орындалады. Алайда онда бұл міндеттердің әрқайсысы  оның биік спорт нәтижелеріне жету мен жарыстарда жеңу сияқты мақсаттарына жетуді қамтамассыз ететін сипатқа ие болады.

Спорт жаттықтыруы  спортшының жарысқа қатысуға дайындығын қамтамассыз ететін бір ғана фактор болып табылады. Спортшының жарысқа  қатысуына дайындығын қамтамассыз  ететін шаралар кешенін спорт  дайындығы деп атайды. Ол дене, тәсілдік, тактикалық, теориялық және психологиялық тәрізді сәйкес дайындық түрлерін жүзеге асыруды немесе дайындық: түрлерін қамтамассыз етуді қарастырады. Дене дайындығы - ағзаның вегетативті қызметін, тұлғаның іс-әрекет сапасы мен пішінін, сондай-ақ адамның игерген іс-әрекет дағдысының байлығын дамыту деңгейімен сипатталады. Тәсілдік дайындық - таңдаған спорт түрі барысында іс-әрекетті орындауды жетілдіру деңгейімен сипатталады. Тактикалық дайындық спорт жекпе-жегінің жағдайлары мен талаптарына сай мінез-құлықты, қимыл мен іс-әрекетті өзгерту қабілеттілігімен сипатталады. Теориялық дайындық таңдаған спорт жарыстарына қатысу сабақтарының табыстылығы үшін қажетті алынған білімдер көлемімен сипатталады. Психологиялық дайындық-адамның спорт жаттықтыру мен жарыстардағы табысын айқындайтын интелектуалдық, ерік пен көңіл-күй жақтарының дамуымен және жағдайымен сипатталады.

Спорт дайындығының аталған барлық түрлері өзара  бірлік пен байланыста көрінеді, бірақ  олардың әрқайсының айырмашылығы спорттық мамандандырылу пәніне байланысты болады. Мысалы, гимнастикада, конькимен мәнерлеп сырғанауда, суға секіру мен басқа да спорт түрлерінде басты міндет тәсілдік міндет, яғни қимыл өнерін меңгеру болып табылады, ал ауыр атлетика мен түрлі қашықтықтарға жүгіруде дене дайындығы  (сәйкес қимыл сапасын дамыту), спорт ойындары мен бірсайыс тәрізді спорт түрлерінде тәсілдік-тактикалық дайындық басты міндет болып саналады т.б. аталған дайындық түрлерінің маңызы мен қарым-қатынасы жаттықтыру кезеңіне, дайындық деңгейіне, спортшының мамандығына сәйкес өзгеріп отырады.

Дене тәрбиесі және спорт сабақтары әсерінен пайда  болатын және қимыл-қозғалыс көрсеткіштерін жақсартуда көрінетін ағзадағы өзгерістер жаттықтырылу жағдайы ретінде анықталады. Спорт сабақтарындағы жаттықтырылудың  жоғарғы деңгейі спорт пішіні деп аталады.

Спорттық  пішін белгілі бір спорт түрінің  талаптарына сәйкес денелік, тәсілдік-тактикалық және психологиялық дайындықты қамтамассыз  ету нәтижесі болып табылады. Бұл  спортшының барынша жоғары нәтижелерге  жетуге қабілетті жаттықтыру жағдайы болып табылады.

Жаттығуға қойылған талаптар ағзаның икемделіп, бейімделуінен туындайды, яғни ағзаның  жаттығуы нәтижесі жалпы биологиялық  құбылыс болып саналады. Адамның  жаттығуы шексіз жүйелі жаттығулар нәтижесінде  адам кейде өз қозғалыс мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайта алады.

Сабақтардағы  дене мәдениеті мен спорттың педагогикалық  принциптерінің бұзылуы кері әсерлерге  әкелуі мүмкін, кейде жүйелі жаттығулар нәтижесінде ағзада болатын ілгерішіл  өзгерістердің күрт бұзылуымен көрінетін  артық жаттықтырылу жағдайы туындайды.

Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық принциптерін сақтаған жағдайда бірдей түрдегі спорт  сабақтарындағы жаттықтыруды дамытудағы ілгерлеушілік орындалатын қимыл  күрделілігіне байланыстын болады. Шағын бұлшықет тобынның қатысуымен жасалған қимылдар күрделі шоғырланған қимылдарға қарағанда тез нәтижеге жетеді. Дене мәдениеті мен спортпен жүйелі айналысу сабақтарында жаттығуды ұлғайту шегі жас шамасына байланысты. Өз  сипаты жағынан төзімділік пен ептілікті қажет ететін спорт түрлеріне қарағанда, жылдамдықты талап ететін спорт түрлерінде жас шамасы көп жағдайда жаттықтырудың дамуын шектейді. жаттықтырудың дамуын шектейді. Қысқа қашықтыққа жүгіруде 30 жастан асқан адамдар жоғары спорт нәтижелеріне жетуі сирек, ал алыс қашықтыққа жүгіретіндер, семсерлесушілер арасында 40 жастан асқан жоғары дәрежелі спортшылар көп кездеседі.

  Дене  тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы  құралдар

мен әдістер  туралы түсінік

 Құралдар  тек сабақ барысында қолданылып, оның міндеттерін орындауға бағытталған,  оқытушы мен оқушының іс-әрекет қимылдарымен олардың түрлерін атаймыз. Әдіс-бұл нақты тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын амалдардың қосындысы. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтары тапсырмаларын орындаудың құралдары мен әдістеріне дене жаттығулары мен түрлі ақпарат түрлері жатады.

Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының құралдары  мен әдістері ажырамас бірлікте болады.

Барлық  жаттығулар қозғалыс құрылымы бойынша  айналымдық және айналымдық емес болып  бөлінеді. Айналымдық деп, белгілі бір  қимыл топтамасы барлық іс-әрекет барысында дерлік түгелдей қайталанып отыратын дене жаттығуларын айтамыз (мысалы, жүгіру, жүру, жүзу, ескек елу, шаңғы тебу, коньки тебу). Айналымдық емес деп қимыл түрлері қайталанбайтын дене жаттығуларын айтамыз (секіру, лақтыру бокс, күрес, ойындар, семсерлесу, т.б.). Аталған әр бөлімдер топтар мен шағын топтарға бөлінеді (2-сурет).

Бұдан бұрын  да айтылғандай дене жаттығуларын негізгі  төрт топқа бөлеміз: 1) спорт жаттығулары; 2) гимнастикалық жаттығулар; 3) ойындар; 4) туристік шаралар. Спорт жаттығулары, бұл – дене дайындығы дәрежесімен, қимыл өнерін меңгеруімен, психиканың кей жақтарын дамытумен жарыс пәні ретінде көрінетін қимыл іс-әрекеті. Гимнастикалық жаттығулары еңбек, әскери, спорт және табыну іс-әрекеттері мен солардың үйлесуінен құралады. Ойындар ойыншыларды ролдерге, олардың орындайтын қимыл-қозғалыстарына бөлуді анықтайтын фабуламен сипатталады. Туристік шаралар (серуен, экскурсия, жорық және саяхат) қозғалыстың белсенді құралдарымен елді мекендері аз жерде орындалады.

Дене жаттығуларын олардың көмегімен қандай тапсырмалар орындалатынына қарай мынандай топтарға бөлуге болады: 1) реттік;                  2) дайындық, 3) жүргізілетін; 4) кіріспе; 5) сымбат; 6) тәрбиелік.

  Реттік  дене жаттығулары деп - дайындалушыларды  ұйымдастыруға, оларды сапқа тұрғызуға арналған жаттығуларды айтамыз. Дайындық дене жаттығулары тірек-қимыл аппараты мен қимыл сапаларын дамыту үшін қолданылады. Дене жаттығуларының бұл түрі өз ішінде қимыл сапасына, яғни оның әсер ету мүмкіндігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді (күшті, тездікті, төзімділікті, т.б. дамытуға арналған жаттығулар). Дайындық жаттығуларына тыныс алу жаттығулары да жатады. Жүргізілетін жаттығулар үйреніп жатқан қимыл туралы бейне қалыптастыру, оның құрылымын меңгеруді жеңілдету қатені дұрыстау тактикалық дағдыны игеру үшін пайдаланылады. Кіріспе жаттығулары белсенді демалыс және сабаққа қызығушылығын арттыру үшін қолданылады. Сымбат жаттығулары дене кемшілігін дұрыстау үшін жүргізіледі. Тәрбиелік жаттығулар көмегімен белгілі бір мінез-құлық сипатына, психикалық процестерге ықпал ету үшін қолданылады (мысалы, батылдыққа шешімталдыққа, аптықпауға, байқампаздыққа, есте ұстау мен зейінге).

Дене жаттығуларының бұлай болу оқытушы мен оқушының дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы кез-келген тапсырманы орындау үшін қолданылуы мүмкін. Өзіне тән қимыл іс-әрекеттерін білуі үшін қажет. Алайда дене жаттығуларын аталған топтарға бөлуді оларды жіктеуге талаптану деп қарастыру дұрыс емес, себебі дене тәрбиесінің ешқандай да қимыл құралдарын тек бір ғана топқа жатқызып қоюға болмайды. Дене жаттығуларының көпшілігі дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық тапсырмаларын орындауға арналған.

Жаттығу (дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының әдісі ретінде) – бұл нақты  тапсырмаларды орындауға арналған, (қойылған мақсатқа жету) мақсатты бағытталған белгілі қимыл іс-әрекетінің жүйелі қайталануы.

Олардың мағынасына қарай (үлкен немесе кіші міндеттерді атқару мүмкіндігіне қарай) жаттығуларды (әдістерді) екі  топқа бөлеміз: негізгі және көмекші. Негізгі әдістерге дене тәрбиесі мен спорт сабақтарының барлық міндеттерін орындайтын, ал көмекші жаттығуларда дене жаттығуларын үйретуде ғана қолданылатын жаттығулар жатады.

Қолдану аясының белгілеріне қарай  жаттығу әдістері пайдаланылатын айналымдық және айналымдық емес дене жаттығуларына бөлінеді.

Негізгі әдістер жұмыс сипатына қарай үздіксіз және интервалды болып  бөлінеді. Үздіксіз жаттығулар (әдістер) ұзақ уақыт ішінде орташа қарқынмен  белгілі бір қимылды орындау  арқылы жасалады (мысалы, 800м-ге жүгіруге дайындалған спортшы үшін – 3-5 км-ге біркелкі жылдамдықпен тоқтамай жүгіру). Үздіксіз жаттығулар негізінен айналымдық спорт түрлерінде, сондай-ақ қимыл ұзақтығы белгіленген уақытпен шектелетін айналымдық емес түрлерінде де қолданылады (мысалы, бокста, күресте, спорт ойындарының көпшілігінде). Спорттың айналымдық емес түрлерінде үздіксіз жаттығулар құрылымы бойынша өзгеретін немесе өзгермей орындалатын спорт жаттығуларын бүтіндей немесе оның жеке топтарын демалыссыз орындау арқылы жүзеге асырылады (мысалы, бокстағы қапты ұру топтама жаттығулары, футболшылар мен баскетболшылардың допты алып жүру жаттығулары). Үздіксіз жаттығуларда сабақтан сабаққа жаттығу көлемі бірте-бірте ұлғая береді.

Интервалды жаттығулар қимылдарды үзбей орындауды қарқындылықпен игеріп немесе түрлі ұзақтық пен үзіп-үзіп орындау арқылы құрылады.

Жоғарыда аталған жағдайлардың өзгеруіне қарай бұл әдіс кезекті  жаттығулар және қайталау жаттығулары  деп екіге бөлінеді.

Кезекті жаттығулар қимылды орындау  күшін бірте-бірте өзгерту арқылы (кезекпен) орындалады (3-сурет). Бұл әдіс айналымдық және айналымдық емес спорт түрінде қолданылады, яғни үздіксіз жаттығулармен қатар қолданылады (бокс, күрес, спорт ойныдары). Спорттың айналымдық емес түрлерінде кезекті жаттығулар түрлі қарқындағы үздіксіз қимыл түрінде орындалады (өзгермелі).

1 Қашықтықтың көп бөлігі баяу, азы-тез бағындырылады

2 Қашықтықты тең түрде әрі тез, әрі баяу бағындыру

3 Қашықтықтың көп бөлігі тез, азы, баяу бағындырылады

4 Тез бастау қимылды баяулатумен аяқталады, сосын жылдамдық артады, ол қашықтықты тез өтумен аяқталады

5 Қашықтықты қысқа, бөліктерде баяу өтумен жылдамдықты бірнеше дүркін өзгерту

6 Жаттыққан қашықтықты тез өтіп, қанша спортшы ырғақты ұстап тұра алады, сосын қалған қашықтық бөлігін баяу аяқтау

 

 

3-сурет. Спорттың айналымдық  түріндегі кезекті жаттығулар  нұсқасы

 

Қайталау жаттығулары бір сабақ  барысында белгілі бір қимылды  демалыс үзілістерімен орындауға  құралады. Бұл әдіс барлық спорт  түрі сабақтарында қолданылады. Интервалды әдістің қайталау және кезекті нұсқаулары арасындағы айырмашылық бірінші жағдайда оқушылар демалыстық үзіліс уақытында толығымен демалмайды (немесе басқа бір қимылдарды орындайды), ал екінші жағдайда-демалыс үшін негізгі жаттығу пайдаланылады, бірақ оның орындалу қарқыны бұнда тез төмендейді (мысалы, жүзуде-еркін жүзу, желаяқтарда-жай жүгіру) (4-сурет).

Дене жаттығуларының айналымдық емес түрлерінде қайталау әдісі жаттығу  пәнінің өзгермеуін нақтаумен немесе жаттығу пәнін өзгертумен орындалады. Жаттығулар бір сызықпен немесе дәлдеумен орындалады. Дәлдеу әдісінің түрі шеңбер әдісі болып табылады. Қайталау әдісінің бір сызықты түрінде жаттығу спорт жаттығуының түрлі тәсілдік жүйеліктерін немесе оның тактикалық түрлерін меңгеру үшін түрлі қимыл сапаларын бірізді әсер етуі үшін бір шеңбермен жүргізіледі. Қайталау әдісінің дәлдеу немесе шеңбер нұсқасында жаттығу бірнеше «шеңберде» орындалады. Көптеген зерттеушілердің (С.П. Белиц-Гейман мен Г.Ф. Полевой-теннисте, Ю.В. Куншир-жүзуде, Е.М. Чумаков-күресте) мәліметтері бойынша сызықты әдіске қарағанда дәлдік әдісі тиімді деп есептеледі. Шеңбер әдісі түрлі дене жаттығуларын бағдарланған ретпен және олардың әрқайсысын қарқынды қайталаумен бірізді орындауға құрылған (5-сурет).

Бұнда қимыл сипаты, жаттығудың қарқындылығы мен көлемі сабақ міндетіне байланысты анықталады. Бұл әдіс бойынша жаттығулар қатарына тапсырманы алдын-ала үйреніп және оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін ғана кірісе алады. 4-6 аптадан соң әр жаттығу бойынша оқушылардың ең жоғарғы мүмкіндіктерін анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Тапсырма реті кезеңімен ауысып тұрады.

Үздіксіз, қайталау және кезекті жаттығулар «таза» күйінде бір-бірімен үйлесіп  те қолданыла береді. Ең көп тараған  үйлесімді қайталау кезекті жаттығулар болып табылады.

Таңдаған спорт түріне, сабақ кезеңі, орындалатын тапсырмалар, оқушылардың жағдайына қарай аталған жаттығу әдістерінің біріне немесе олардың түрлі үйлесімдеріне таңдау жасалады. Олар бір немесе бірнеше аралас сабақтар барысында белгілі бірізділікпен кезектесіп отырады.

Жаттығулардың негізгі әдістері академиялық және ойындық жарыстар түрінде орындалады. Академиялық түр ең бастысы орындалатын жаттығулар түрінде, олардың құрылымдарын қатаң сақтай отырып, оқушы зейінін аударумен сипатталады, ал ойындық (жарыстық) түріне сюжеттік ендіріледі, нақты қимыл тапсырмалары мен оған қол жеткізу көрсеткіштері анықталады. Ойын әдісі дегенде жарыстың ұйымдастырылуын немесе ойынды тура мағынасында түсінген жөн емес ол берілген тапсырмаларды шешуге көмектесетін қосымша екпінді іздеуге бағытталған. Дене жаттығулары бүтіндей және оның жекелеген жүйеліктері оқытылады, ал қимыл сапасын дамытуға арналған жаттығулар жарыс түрінде орындалады. Жарыстар оқытушының немесе оқушылардың өздері ұсынған өндірістік ережелер бойынша орындалады. Бұл әдіс үшін түрлі снарядтар мен ойын жаттығуларының аспаптарын пайдалану сипатына тән. Жарыстық әдіс оқушыға үлкен қимыл. Еркіндігін береді, олардың қызығушылығын арттырады, қимыл түрлерін іздеуде бастама көтеруге мүмкіндік береді. Жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен орындауға жол ашып, спорт тәсілдерін тез әрі жетік меңгеруге, ағзаның қызмет мүмкіндіктерін дамытуға жәрдем береді. Бірсайыс сияқты спорт түрлері сабақтарында немесе спорт ойындарында жарыстық әдіс негізгі болып табылады.

Дене тәрбиесі