Долгосрочные активы

 

                                                     Мазмұны

 

Кіріспе

 

І. Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.

1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері.

1.2 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын ролі.

1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау.

 

ІІ. «ҚТЖ» ҰК»  АҚ Ақтөбе магистралды желі бөлімшесі  филиалының ұзақ мерзімді активтер есебін ұйымдастыру

2.1 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе  магистралды желі бөлімшесі филиалының  экономикалық сипаты, оның қаржылық  жағдайы мен есеп саясаты.

2.2 Кәсіпорынның негізгі  құралдарының есебінің ұйымдастырылуы.

2.3 Кәсіпорынның материалдық  емес активтерінің есебі.

 

ІІІ.

3.1

3.2 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау.

3.3 Ұзақ мерзімді активтерді жетілдіру жолдары.

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     І. Ұзақ мерзімді активтер есебі және оның теориялық негіздері.

                    1.1 Ұзақ мерзімді активтердің теориялық негіздері

     Ұзақ мерзімді (айналыстан тыс) активтер дегеніміз ұзақ уақыт (бір жылдан артық) пайдаланылатын айналымдылығы баяу активтер болып табылады.

     Ұзақ мерзімді активтер: материалдық (негізгі құралдар және аяқталмаған күрделі құрылыс); материалдық емес; басқа да ұзақ мерзімді активтер; ұзақ мерзімді дебиторлық берешек (өтелу мерзімі бір жылдан артық) болып бөлінеді. Материалдық емес активтер– бұлар натуральдық–физикалық формасы жоқ, алайда «болмашы құндылығы бар» соған сәйкес субъектіге ұзақ уақыттар бойында немесе үнемі қосымша табыс түсіретін активтер. Оның үстіне материалдық емес активтер алынып қосылу қабілетіне де ие болуға тиіс. Материалдық емес активтерге тауар белгілері (қызмет көрсету белгілері), тауарлардың шығарылатын тіркеулі жерлері, гудвилл («фирма бағасы»), «ноу–хоу», патенттер мен өнеркәсіп үлгілері, лицензиялар, интеллектуальды меншік пен ұйымдастыру шығындары, табиғи ресурстарды пайдалану құқы, ЭВМ–мен бағдарламалық қамтамасыз ету және басқалары жатқызылады.

       Нарықтық экономиканың дамуына қарай метериалдық емес активтердің субъектілер мүліктеріндегі маңызы мен үлгісі ұлғая түседі, мұның өзі техника мен технологияның дамуымен, ақпараттың таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен сабақтас.

       Негізгі құралдар–материалдық активтер ұзақ уақыттар бойында (бір жылдан астам) материалдық өндірісте де, өндірістік емес салада да еңбек құрал–жабдықтары ретінде қызмет атқарады.

Негізгі құрал–жабдықтарға: тұрақты мүліктер (жер учаскесі, ғимараттар, құрылғылар, көп жылғы  екпе өсімдіктер және жерге тығыз  байланысты, басқа орынға көшіру оның әуелгі мақсатына нұқсан келтірмей қоймайтын басқа да объектілер); транспорт құралдары; құрал–жабдықтар; балық аулау саймандары; өндірістік және шаруашылық мүліктері; ересек жұмысшы және өнімді мол; құрал–саймандар мен басқа да негізгі құралдар жатады.

Алыну мақсатына қарай  материалдық активтер есеп жұмысында  негізгі құралдардың, қосалқы тауар  материалдың, қаржылық инвестицияның  құрамында көрсетіледі. Мысалы, субъектінің  шаруашылық мақсат үшін сатып алған  автомобилі негізгі құрал– жабдықтар құрамында, ал қайыра сатып жіберу үшін алынған автомобиль қосалық тауар–материал құрамында көрсетіледі. Субъектінің тек өзі пайдалану үшін емес, ұзақ уақыт кезіңінде қаржы алу үшін алған жер учаскесі мен ғимараттары қаржылық инвестиция ретінде көрсетіледі. Субъектінің қолындағы негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі пайдаланыла бермейді, өйткені олар резерв ретінде қоймада жатуы мүмкін немесе белгілі бір тәртіп бойынша сақталынып қойылуы, әйтпесе жалға берілуі ықтимал.

     Материалдық және материалдық емес активтерді негізгі құралдар объектілері ретінде тану сәтінде бағалаудың біріңғай жолы қажетті шарт болып табылады.

 

 

 

1.2 Ұзақ мерзімді  активтердің экономикалық мақсаты  және атқаратын ролі.

 

Қазіргі нарықтық экономикаға  түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр. Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен.

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі  қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.

Нарықтық қатынастардың  дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар  да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік  қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнатақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да дамып келе жатыр.

Осы айтылғандар ұйымдар  тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына  сай инвестициялық саясат жүргізуді  қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық  саясаты мүмкін болған инвестициялық  жобалалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастырудың, нәтижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.

Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойынша  пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.

Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға  берсе, сатса, айырбастаса, болашақта  алынатын экономикалық олжаға олардың  тікелей қатысы болса. Материалдық  емес активтерді субъект бақылай  алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей  байланысты, егер олар  мынадай жағдай алынса, болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің  рөлі анықталса, субъектінің осы  активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.

Материалдық емес (ұстап  көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи нысаны жоқ  сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық  активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.

Мысалға, кәсіпорын технологиялық  құрал-жабдықты басқару үшін, оны  компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал- жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осылай; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.

Кейбір материалдық  емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ, компьютерлік бағдарламамен  қамтамасыз ететін дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.

Бұған, қарамастан, материалдық  та, материалдық емес активтердіңде  есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.

Кейбір материалдық  емес активтер фирманың басқа да активтеріне  жеке тенестірілуі мүмкін, мысалға; патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да  фирманың активтерімен тығыз байланысты шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сенім деңгейіне негізделеді

Қоғамдық өндірістің тиімділігін негізгі өндірістік қорларды жақсы пайдалану арқылы арттыру - бүгінгі таңдағы өткір  мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселелерді тек өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде ғана емес бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде шешу, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру үшін материалдық игіліктердің ұлғаймалы ұдайы өндірісті тез қарқынымен өткізуге мүмкіндік береді.

Жекелеген кәсіпорын  немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік рентабелінің артуын қамтамасыз етеді.

Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастырудың жағдайын қарастырғанда бұл есеп ұйымдарды басқару құралдарының ең маңыздыларының бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі ақпараттар көзі болып табылады және  оның бағыттарын анықтайды.  

Негізгі құралдардың  есебі - ақпараттардың тұрақтылығының жоғары деңгейімен сипатталады, ол тұрақты ақпараттар тасушыларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстың бұл бөлігін автоматтандыру қажет. Негізгі құралдар есебін ЭЕМ автоматтандыру олардың оперативті-техникалық және бухгалтерлік есебінің ақпараттар базасын тездетуге, есеп беру жүйесін жеңілдетуге, тозу құнын есептеудің тәсілдерін автоматты түрде таңдауға жол береді. Бұл мұндай есептің нәтижелерінің тұтыну құндылығын арттырудың кейбір бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар негізгі құралдардың қолда барының талдамалық есебінің деңгейін арттыру оларды басқаруды мұнан басқа жалпы объектінің ғана емес оның құрамды бөліктерінің сақтығына, техникалық және пайдалану  жағдайына бақылауды күшейтеді.

Активтер үш сатыдан: анықтау , тану және бағалаудан тұрады. Анықтау сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.

Активтерді тану деп активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай қанағаттандыруды айтады.

Активтер дәстүрлі әдістермен, бастапқы құнымен бағаланады. Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнымен яғни:

- бастапқы өзіндік  құнымен; 

- қалпына келтіру құнымен; 

- жоюдағы құнымен; 

- ағымдағы құнымен  (немесе базарлы құнға келтіру  әдістерімен) бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау

 

Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі. Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз-бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып  табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың  тұрақты дамуын қамтамасыз етеді  және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- қаржылық және материалдық  ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;

- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

- бизнестің жаңа  түрлерін меңгеру нәтижесінде  өз қызметін әртараптандыру.

Кәсіпорындар  инвестициялар салымдарды әр түрлі  нысандарды жүзеге асыра алады, өйткені  инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1-сызбада көрсетілген.

 

 

 

Интеллектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары



 

Жаңадан

жасалатын негізгі құралдар



 

 

 

 

Мақсатты ақша салымдары



 


Инвестициялық қызметінің объектілері



 

Ғылыми-техникалық өнімдер


 

Құнды қағаздар


 

 

 

Мүліктік құқықтар


 

 

Басқада да

меншік  объектілері


 

 

 

1 сызба - Инвестициялық  қызметтің объектілері

Инвестицияларды әр түрлі  белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестицияларды жіктелу белгілері 2-сызбада берілген.

Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар  дегеніміз –бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер  көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.


Инвестиция түрлері


 


Инвестициялау объектілері бойынша




Нақты (тікелей)


 


Қаржылық (қоржындық)


 


Инвестициялау мерзіміне қарай 




Қысқа мерзімді



Ұзақ мерзімді 


 


Кәсіпорынның инвестиция барысында қатысу сипатына қарай




Тікелей


 


Тікелей емес (жанама)


 

 

 

 

 


Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай



Жеке 


 


Мемлекеттік


 


Аралас 


 

2 сызба -Инвестициялардың  негізгі белгілері бойынша жіктелуі

 

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларды жіктеудің  келесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып  келеді.

Ұзақ мерзімді инвестициялар деп - кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысында қатысу сипатына қарай  тікелей және тікелей емес инвестициялар  болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-диллерлік компаниялар) немесе инвестициялар қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың  меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп  көрсетуге болады. Жеке инвестициялар  жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысандағы емес кәсіпорындардың  капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

Инвестицияларды дұрыс  басқара білу кәсіпорынның экономикалық тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы өміршендігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты міндеттерінің бірі болып табылады.

Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:

а) инвестицияларды мемлекеттік  деңгейде басқару- бұл инвестициялық  қызметті заңды түрде реттеуде,  бақылауды және ынталандыруды қажет  етеді;

ә) жеке инвестициялық  жобаларды басқару – бұл қазіргі  заман талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды қамтиды;

б) жеке кәсіпорынның инвестициялық  қызметін басқару – бұл кәсіпорын  тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын бақылаумен сипатталады.

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды  басқару капитал салымдарының ең тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың инвестицияларды  басқару барысында толығырақ  тоқтала кетелік 3-сызбада.

 


Инвестицияларды басқару  кезеңдері

 


Елдегі инвестициялық жағдайды талдау


 


Инвестициялық қызметтің нақты  бағыттарын таңдау


 

 

Инвестициялаудың нақты объектілерін таңдау




Инвестициялардың өтімділігін  бағалау 


 


Инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін


анықтау

 


Инвестициялық тәуекелдерді басқару 


 

3 сызба - Инвестицияларды басқару  барысы


 

Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды  басқарудың бірінші кезеңі - бұл  елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей көрсеткіштерді ескереді:

- жалпы ішкі өнімнің  (ЖІӨ), ұлттық табыстың  және өнеркәсіптік  тауарлардың өндіріс көлемінің  динамикасы;

- ұлттық табысты бөлудің  динамикасы;

- мемлекеттік инвестициялық  қызметті заңды түрде реттеуі,  бақылауы және ынталандыруы;

- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды қағаздар нарығының даму деңгейі.

Келесі кезең кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде  кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі   инвестициялаудың негізгі нысандарын анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.

Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компъютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және тағы басқалары. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде  4- топқа бөлінеді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа  «ноухау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын  бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіктік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. «Ноухау» - құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б. түрінде керінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарды қолданылатын термин.

Кең мағынасына «ноу-хау» техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, бірақ патентелмеген, белгілі бір  өндірістің түрін ұйымдастыруға  қажетті өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизинге, «кілті қолма-қол»  тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

«Ноу-хау» өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. «Ноу-хау» сатып алушылардан қосымша  алынған табыстың есебінен қалыптасады  және ол  оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен патентерден «ноу-хаудың» өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін. «Ноу-хаудың» субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.

Өндірістік ақпаратты  пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін, ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ кезеңдегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер жатады.

Ұйымдастыру шығындары  бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып есептелінеді. Бұған кәсіпорын  қызметінің бастапқы кезеңдегі шығындар мен кәсіпорынның әрбір қатысушының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай шығындарға жаранамаларға кеткен шығын, кезеңшілерге төленген ақы, кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары жатады.

ЭЕМ бағдарламасымен  жабдықтау – кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге  қабілетті бағдарламаларды пайдалануға, қажетті мәліметтерді талдау және бағдарламалық  құжаттар жүйесінің жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен  байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.

Тауар таңбалары мен  қызмет көрсету таңбалары деп  тауарларды тиесілі таңбалар бойынша  айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті  жүзеге асырушы заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасы қалай пайдаланамын десе де, толық құқығы бар, басқа тұлғаларға  пайдалануға тыйым сала  алады. Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып есептелінеді.

Таңбалар сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің комбинациясы түрінде болмауы мүмкін, олар кез-келген түсте немесе түстер үйлесімінде тіркеледі.

Айыру белгісі жоқ, тек  бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары, халықаралық  және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған  бақылау, кепілдік және сапасын (пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас,  аралас деңгейіндегі белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар,  қоғамдық мүдделлер мен адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.

Заңды немесе жеке тұлға  тіркелген барлық тауарға немесе оның бір бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.

Тауардың шыққан жерінің  атауы-тауарды таңбалау үшін   пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса және басқа  да ерекшілеліктері арқылы сипатталады.

Тауардың шыққан жерінің  атауы географиялық объектінің  тарихи  атауы болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан жерінің атауы паудалану  деп оны тауарда, қорабында, жарнамада, проспектілерде, банктілерде және басқа да тауарда шаруашылық айналымда енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.

 

Тауар таңбасы мен  тауардың шыққан жерінің  атауы бәсекелестің әрекет етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын «Белорусь» (трокторлары),  «Зенит» (фототауарлары), «Новое Заря» (парфюмериясы), «Лада» (автомобильдері), «Рахат» (конфеттері), «Славо» және «Чайка» (сағаттары) және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы кәсіпорындар тауар таңбаларымен, тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды да, қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай  қорғаудың болмауы ұқсас немесе дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездей-соқ қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал  енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың арасының тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.

Долгосрочные активы