Газбен пісірудің техникасы
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
І. Газбен пісірудің техникасы |
|
1.1. Пісіргіш жалын |
4 |
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов)түрлері |
7 |
1.3. Пісіру техникасы |
11 |
ІІ. Қауіпсіздік техникасы |
|
2.1. Еңбек қорғау мәселелері
жайлы мемлекеттік заңды |
24 |
2.2. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі |
26 |
2.3. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген еңбек қорғаудың талаптары |
27 |
2.4. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы |
29 |
2.5. Қауіпсіздік техникасының маңызы мен міндеттері |
31 |
2.6. Өрт қауіпсіздігінің сипаттамасы. Өрттің алдын алу жүйелері |
33 |
2.7. Жануды тоқтату әдістері және өрт сөндіргіш заттар |
35 |
2.8. Өрт сөндіргіш құралдар |
36 |
2.9. Өндіріс үдерісінің
қауіпсіздігіне қойылатын |
38 |
ІІІ. Тест жұмыстары |
Кіріспе
Пісіру - металдарды өңдеудің
жетекші технологиялық
Пісіру жоғары пайдаланушыльщ сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Пісіруді пайдалану құрылымдар өндірісі барысында материалдар мен уақытты үнемдеуге септігін тигізеді.
Ғылыми-техникалық прогрестің
дамуымен бірге әр түрлі қалыңдықтағы
материалдар бөлшектерінің, ал осыған
байланысты пісірудің қолданылатын
түрлері мен әдістері де көбейді.
Қазіргі кезде қалыңдығы
Газбен пісіру - пісірілетін металл қырларын балқыту және оған қосымша металл ерітіп құю жолымен жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтын қосылыс жасайтын процесс.
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.
Газбен пісіру әдісі
аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды
қажет етпейді. Сондықтан да өндірістің
барлық салаларында кеңінен
Газбен пісіруді қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды біріктіруге кең қолданады; сол сияқты кіші және орташа диаметрлі (600 мм-ге дейінгі) құбырлардың ұштарын пісіріп жалғауға, әр түрлі қалыңдықтағы шойын мен түсті металдарды пісіруге қолданады.
Газбен қалындығы 3-4 мм-ден жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол сияқты ете қатты және қоспалы болаттарды пісіруге де электр доғалы пісіргіш пайдаланған жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің өнімділігі жоғарырақ болады.
І. Газбен пісірудің техникасы
1.1. Пісіргіш жалын
Пісіргіш газ жалыны - пісіру кезіндегі жылудың негізгі көзі. Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады.
Ацетилен мен оттегі коспасының жалынын қолдану кең таралған. Дегенмен басқа газдарды да (пропан-бутан, табиғи газ, керосин және т.б.) қолдануға болады.
Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады (1-сурет). Бірінші, аймақ "А" - жалынның ядросы. Оның сыртқы қабатында қозған көміртегінің бөліктері жанады да, сол ядроның қабы өте жарық қалыпта болады. Екінші, "В" - толықтай жанбаған аймақ. Оны байқау қиын. Жалын ацетиленнің немесе лонғыш газдың ыдырауының бірінші кезеңінде пайда болатын көміртегі мен сутегінің тотықтарынан құралады. Бұл тотықтар балқыған металдың оксидтерінен оттегіні алады да, оны тотықсыздандырады. Үшінші аймақ "С" - толық жанған аймақ. Бұл аймақта сырттағы оттегін пайдаланғандықтан жалынның толық жануы болады.
Ацетилен мен оттегі қоспасының жалынындағы температурасы (1 а,- сурет) - ең үлкен (3150 °С), ал метан мен оттегі қоспасында - 2100 °С.
Жалынның қалыпты күйіне екінші аймақта бос оттегі мен көміртегі жоқ болғанда келеді. Бұл жағдай оттыққа ацетиленнің бір көлеміне оттегінің 1,1,-1,2 көлемін қосқанда туады. Ал ацетиленді айырбастайтын газдарды пайдаланғандығы осы қатынас төмендегідей болады:
табиғи газ бен оттегі - 1,5-1,6 (1 б-сурет); пропан- бутан мен оттегі - 3,4-3,8 (1 в-сурет).
Тотықтандыратын жалын ацетилен мен оттегінің арақатынасы 1,3-тен көп болған жағдайда пайда болады. Оның температурасы жоғары. Бірақ төменгі көміртекті болаттарды пісірген кезде ондағы артық оттегі металды тотықтандырып жібереді де, пісірілген жік кеуекті, морт сынғыш болады.
Мұндай кезде жақсы сапалы пісіру жігін алу үшін, қоса балқытатын металл үшін СВ08ГС немесе СВ12ГС сымдарын пайдалану керек. Сол кезде ол сымдардың құрамындағы марганец пен кремний пайда болатын металл тотықтарын жойып жібереді.
Күйдіретін жалын ацетиленнің артық қосылғандығынан болады, яғни бұл кездегі оның оттегімен қатынасы 0,95.
Пісіру кезінде мундштуктың қызып кетуіне байланысты жалын құрамын жиі реттеуге тура келеді. Себебі қатты қызғандықтан жалынның кері соққысы пайда болуы мүмкін. Егер оттық суық ұштықтары бар кезінде "ацетилен қорымен" қамтамасыз етілсе, онда жоғарғы реттеуді жүргізуге болады. Бұл термин жанғыш газ вентилін толық ашпай-ақ қалыпты жалын алуға болатындығын түсіндіреді. Осы кезде мундштук қызып кетсе де жанғыш газдың вентилін бірте-бірте аша отырып, біраз уақытқа қалыпты құрамдағы жалын жасауға болады.
1-сурет. Пісіргіш жалын аймағы:
а - ацетилен - оттегі; б - метан-оттегі; в - пропан-оттегі;
А - ядро; В - толық жанбаған аймақ; С - толық жанған аймақ; I - ядро ұзындығы
2-сурет. Пісіргіш жалынның пішіні:
а – бейтарап; б – тотықтандырғыш; е – көміртектендіргіш
Жалын құрамын тек көзбен ғана сыртқы пішініне (2-сурет) қарап анықтамайды, оған қосымша пісіру кезіндегі шашырау мөлшерімен, балқыған металл ваннасымен де анықтауға болады. Пісіргіш жалын құрамын үнемі қадағалап отыру керек және қажет болса ацетилен мен оттегінің қатынасын вентильдер арқылы ретке келтіреді.
Пісіргіш жалын балқыған металл ваннасына тек жылумен ғана әсер етіп қоймайды, оған қоса механикалық әсері де бар. Оған жанған газдың мундштуктан үлкен жылдамдықпен (135 м/с) ұшып шыққандығынан пайда болатын қысым ықпал етеді.
Тәжірибелі пісірушілер оттықтың жантаю бұрышы мен оның пісірілетін металл бетінен қашықтығын реттей отырып, жалынның балқыған металл ваннасына механикалық әсерін басқара отырып, пісірілген жіктің дұрыс дөңес болуын қадағалайды.
Төмен көміртекті болаттарды пісіргенде қалыпты жалынды пайдаланады. Ал болатқа қарағанда жылу өткізгіштігі артық түсті металдарды пісірген кезде тотықтыратын жалынды қолданады.
Артық ацетиленді күйдіретін жалынды кейде шойынды, сол сияқты қатты қорытпаларды пісіргенде пайдаланады.
1.2. Пісірген жалғастырулар мен жік (шов) түрлері
Пісірген жалғастыруларды төмендегіше жіктейді:
- пісірілетін бөлшектердің өзара орналасуына байланысты - түйістірілетін, айқастырылатын, таврлық, бұрыштық (3-сурет);
- кеңістіктегі орналасуына байланысты - төменгі, көлденең, тік, төбелік (4-сурет);
Жалғастыру түрі мен жік пішіні пісіру тәсіліне, пісірілетін бұйымның өзінің құрылысына және металл қалыңдығына байланысты белгіленеді.
- жіктің пішініне қарай - қалыпты, күшейтілген және осалданған бұрыштық жік (5-сурет).
Түйістіріп жалғастыру пісіретін металдың қалыңдығына байланысты олардың қырларын арнайы дайындауды қажет етеді (1-кестеде). Қалындығы -3-6 мм болатын металды ацетилен айырбастағыш газбен пісірген кезде қырлардың жантаю бұрышын 70-90 °С, ал саңылауын 1,5-3,0 мм етіп дайындайды. Қырлардың бұл кездегі желіну қаупі ацетиленді-оттегімен пісірген кездегіден аз болады.
Әр түрлі пісіріп жалғастырулар мен жіктердің түрлеріне қарай газбен пісіру әдістерінің өзіндік ерекшеліктері көп болады. (2-кестеде).
3-сурет. Пісіріп жалғастыру түрлері:
а - түйістірілетін; б- айқастырылган; в- таврлық; г - бұрыштық
4-сурет. жіктердің кеңістікте орналасуы:
а - төменгі; б - көлденең; в - тік; г - төбелік
5-сурет. Жік түрлері:
а - күшейтілген; б - қалыпты; в – осалданған
Газбен пісіру кезіндегі жік қырларын дайындау
1-кесте
Металл қалыңдығы.мм |
Жік түрі |
Жіктің көлденең қимасы |
в,мм |
S, мм |
0,5-2,0 |
Шеті қайырылған |
|
0-1 |
|
1-5 |
Қыры жантаймаған |
|
0,5-2,0 |
|
3-5 |
Қыры жантаймаған |
|
1-2 |
|
6-15 |
Қыры V тәрізді жантайтылған |
|
2-4 |
1,5-3,0 |
15-25 |
Қыры Х-тәрізді жантайтылған |
|
2-4 |
2-4 |
Әр турлі пісіру жіктерін жасау кезіндегі техникалық ерекшеліктер
2-кесте
Ерскше белгілері |
Пісіру жігінің түрі |
Пісіру техникасының ерекшеліктері |
Кеңістікте орналасқан |
Төменгі |
Металл қалыңдығына байланысты оң немесе сол жақпен пісіру тәсілін пайдаланып пісіреді. |
Тік |
Қалыңдыгы 4-5 мм болатын металды пісіруге қолданады. Пісіруді төменнен жоғары қарай сол жақпен пісіру тәсілін пайдалана отырып жүргізеді. Бұл кезде балқыған металл ваннасындағы сұйық ағып кетпеуі үшін оттықпен үрлей отырып ұстап тұрады. Ол үшін оттықтың бағытталу бұрышын қадағалау керек. Ал жоғарыдан төмен қарай оң жақ тәсілді қолданып пісіру пісірушінің үлкен шеберлігін қажет етеді | |
Төбелік |
Бұл өте қиындық туғызады. Пісіруді оң жақ тәсілмен жүргізеді. Балқыған металл төгіліп кетпес үшін пісіруші оны оттық жалынымен ұстап тұруы қажет. Бұл кезде пісіруді бірнеше рет аздаған қалыңдықпен жүргізген жөн болады. Қосып пісіретін сымды да оның бойымен балқыған металл ағып кетпейтіндей етіп ұстау керек | |
Жалғанатын бөлшектер өзара орналасқан |
Түйістірілген |
Қалындыгы 1-5 мм металдарды, қырларын жатқызып өңдемей-ақ, аралығындағы саңылауды 0,5-2,0 мм етіп пісіреді. Қалыңдыгы 5-10 мм металды, қырларының бір жағын 45 °С-пен еңкейте өңдеп, аралығындағы саңылауды 1,5-3,0 мм етіп пісіреді. Қалыңдығы 10 мм-ден артық металдарды қырларының екі жағын бірдей 35-45°С-пен жантайта өңдеп, аралығындағы саңылауды 2-4 мм етіп пісіреді |
Бұрыштық |
Пісірілетін бөлшек қырларының аралығындағы саңылауды 1-2 мм етіп пісіреді. Металл қалыңдығы 5-6 мм- ден көп болса, онда оның қырларын 50-60 °С-пен бір немесе екі жағын жантайтып өңдейді | |
Айқастырылған |
Мұны өте қажет жағдайда ғана (қорғасынды пісіргеннен басқа) қолдануға болады. Себебі бұл кезде пісірілген металл жігі әр түрлі температураға қызғандықтан майысып, томпайып кетеді. Бұл жағдайда ең дұрысы электр доғалы пісіргішті пайдалану болып табылады | |
Жік пішіні |
Қалыпты |
Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл қалыңдықтарымен бірдей |
Күшейтілген |
Түйістірілген жіктің биіктігі пісірілетін металл қалыңдықтарынан 20 % -ға көп | |
Осалданған |
Түйістірілген жіктің биіктігі гіісірілетін металл қалыңдықтарынан төмен (өте аз қолданылады, кейбір жауапкершіліксіз пісіріп жалғастырулар үшін) |
1.3. Пісіру техникасы
Пісіру тәсілі. Газбен пісірудің негізінен екі түрі сол және оң (6-сурет) тәсілдері болады. Сол жақпен пісіру кезінде (6 а-сурет) пісіруші оттықты оңнан солға қарай жылжытады, ал қоса пісірілетін металды жалын бетіне ұстайды. Пісірілетін металды жақсы қыздырып дұрыс балқыту үшін оттық пен қоса пісірілетін металды жікке көлденец иректеп қозғап отырады. Бұл тәсіл жұқа қаңылтырлармен оңай балқитын металдарды пісіргенде қолданылады.
Оң жақпен пісіруді (6. б-сурет ) оттықты солдан оңға қарай, теңселтпей түзу сызық бойымен жылжытып жүргізеді. Бұл кезде жалын балқыған ваннаға бағытталады да оның соңында қоса пісірілетін металл жігі баяу суиды. Солардың нәтижелерінде жалғастырулардың сапалары жақсарады, газ шығыны 15-10%-ға азаяды, қырлардың ашу бұрышын 60-70°С-қа азайтқандықтан еңбек өнімділігі 20-25% -ға өседі.
Оң жақпен пісіру тәсілін қалыңдығы 5 мм-ден артық бөлшектерді немесе жылу өткізгіштігі жоғары металдарды (мыс, жез және олардың қорытпалары) пісіргенде пайдаланған тиімді.
Оттықты және қосып пісіретін. металды, жылжыту. Пісіру кезінде пісіруші оттықты егер пісірілетін металл қалыңдығы орташа болса, жік осінің бойымен спираль немесе жарты ай сызығымен жылжытады. Егер металл қалыңдығы жұқа болса (7-сурет) тура сызықпен жылжытады. Оттықпен тербелмелі қозғалыс жасау негізгі металл қырларының өрісін арттырады да, қоса пісірілетін металдың жақсы қызуын қамтамасыз етеді. Металдардың қызу тездігін оттықты оның бетіне қарай жантайту бұрышымен реттейді. Металл қалыңдығы мен жылу өткізгіштігі артқан сайын оттықтың жантаю бұрышын арттыра түседі (8-сурет). Пісіру алғаш бастаған кезде, металдың жақсы қызуы үшін оттықты оның бетіне тік, яғни 90°С-пен ұстайды. Одан әрі қарай металл қалыңдығына байланысты ол бұрышты азайта береді. Қоса пісірілетін металдың еңкіштік бұрышын, оттық бұрышына қарама-қарсы 45 °С жасап ұстайды.
Қоса пісірілетін сымның қозғалысы.
Балқыған металл ваннада жақсы араласуы үшін қоса пісірілетін сымды да оттық бағытына қарама-қарсы тербей қозғайды. Пісірілген жіктің тотығын кетуін болдырмау үшін қоса пісірілетін сымды балқытылған металл ваннасынан шығарып, пісіргіш жалын аймағынан алыстатуға болмайды.
Бұрыштық жік жасаған кезде
де оттық пен қоса пісірілетін
сымды жоғарыдағыдай
Қырлар мен оның айналасын (ені 20-30 мм) металл жалтырап көрінгенше, күйіктен, бояудан, майдан және басқа ластанудан тазартады. Ол үшін металл щеткаларды немесе оттық жалындарын пайдаланады. Өте жауапты жалғастыруларды жасаған кезде ол беттерді қышқылмен немесе құм шашатын аппаратпен тазалайды.
6-сурет. Газбен пісіру тәсілдері:
а - солға; б - оңға
7-сурет. Пісіру кезіндегі оттық пен қоса пісірілетін сым қозғалысы:
а - ирек (сол тәсілде); б - бұрандалы - сымдікі; түзу-оттықтікі (оң тәсілде); в - ирек (оң тәсілде), металл қалыңдығы 8 мм-ден көп кезінде
Қырларды өңдеуді пісірілетін металл қалыңдығына байланысты әр түрлі етіп жүргізеді (4.1-кесте) және оларды механикалық әдіспен гильотиндерде, фрезерлік немесе сүргіш станоктарымен аткарады. Кейде пневматикалық кескіштер мен егеудің көмегімен олардың қырларын тегістеп тастайды.
Пісірілетін бөлшектер жылжып кетпеуі және жұмыс кезінің барлық жағдайында олардың аралығында қалдырылған саңылаудың сақталуы үшін ұстағыштар қойылады. Олардың ұзындығы, ара қалыңтығы және қою реті металл қалындығы мен жік ұзындығына байланысты болады:
Пісірілетін металл қалыңдығы 8, мм <5 5
Жік ұзындығы в, мм < 150-200 200
Ұстағыш ұзындығы, мм < 5 20-30
Ұстағыштардың арақашықтығы.мм 50-100 300-500
Пісірілетін бөлшектерді ұстатуды өте мұқият, пісіру процесі сияқты етіп жүргізу керек. Өйткені толық ұстатпау барлық жасалған жікті іске жаратпай тастауы мүмкін.
Мысты пісірген кезде бұйымдарды алдын ала пісіріп үстатпаған жөн. Себебі кейін қайта қыздырған кезде жарқыншақтар пайда болуы мүмкін. Оларды кондукторлардың, басқа қысқыш құралдардың көмегімен бекітіп қойған дұрыс.
Пісіру режимі. Пісіру режимінің көрсеткіштеріне жалын қуаты, балқытып қосылатын сымның диаметрі, оның шығыны, жалын құрамы жатады.
Пісіру режимінің
Жалын қуаты (немесе жанатын газдың шығыны) М, л/сағ. пісірілетін металл қалыңдығы S, мм тура пропорционал, яғни
М = К т S
Мұндағы Кт - шамаластық коэффициенті қалыңдығы 1 мм болатын осындай металды пісірген кездегі ацетилен газының меншікті шығынын көрсетеді.
Жалын құрамы оттегінің шығынының жанғыш газ шығынымен салыстырғандағы, ара қатынасымен анықталады. Ол жалынның сыртқы пішініне қарап қойылады. Жұмыс кезінде пісіруші жалын сапасын қадағалап және оның құрамын реттеп отырады. Өйткені түрлі металды пісіру үшін әр түрлі жалын құрамы керек. Әр түрлі металдарды пісіруге кететін ацетилен мен оттегінің шығындары және олардың өзара қатынастары 3-кестеде келтірілген.
Осы кестедегі мәндерге сүйене отырып, пісірілгелі отырған металл қалыңдығына байланысты жалын қуатын анықтауға болады және сол сияқты оттық ұшықтарының да нөмірін анықтайды.
Қоса пісірілетін сымның диаметрін д., мм қалыңдығы S, мм болатын төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды пісіргенде мына формуламен анықтайды:
d= (S+1)/2
оң жақ пісіру үшін
d= S/2
Қоса пісірілетін металдың шығынын Р, кг жіктің 1 м ұзындығына байланысты анықтайды және ол пісірілетін металл калыңдығының квадратына тура пропорционал болады, яғни
Р = КпS2
Шамамен жуықтап Кп~ шамаластық коэффициентінің мәнін қалыңдығы 5 мм металл үшін мынандай деп алуға болады: төменгі көміртекті болат үшін - 12, мыс үшін -18, жез үшін - 16, алюминий үшін - 6,5. Қалындығы 5 мм-ден артық металдарды пісірген кезде бұл коэффициенттің мәндерін 20-25% -ға төмендетеді.
Жылумен өңдеу пісірудің алдында, пісіру кезінде және соңынан жүргізіледі. Әрбір металды қыздыру мен суытудың жік және жік маңының құрылымдық құрамын жақсартатын режимдері бар. Әдетте ондай жылумен өңдеудің нұсқаулары бұйым жасаудың техникалық шарттарында көрсетіледі. Егер ондай шарттар болмаған жағдайда 4-кестеде келтірілген пісіру жіктерін жылумен өңдеудің жалпы нұсқауларын пайдалануға болады.
Беттерді қоса пісірілетін сымды қолданып немесе қолданбай да пісіруге болады. Оңай майысатын, қалыңдығы 2 мм-ден аспайтын беттердің шетін бүгіп майыстырады да қосып пісірілетін сымсыз-ақ пісіре береді (5-кесте).
Әр түрлі металдарды пісіру кезіндегі газ шығындары.
3-кесте
Көрсеткіштері |
Көмір текті болаттар |
Қоспалы болаттар |
Шойын және қатты металдар |
Мыс |
Жез |
Алюми ний және оның қорытпа лары |
Мырыш |
Қола | |
қалайымен |
алюминиймен | ||||||||
1 мм қалыңдыққа ацетиленнің жұмсалатын шығыны, л/сағ |
100-30 |
75 |
100-20 |
150-200 |
100-130 |
75 |
15-20 |
70-120 |
100-150* |
1 мм қалыңдыққа оттегі шығыны, л/сағ |
110-140 |
80-85 |
90-110 |
165-220 |
135-175 |
80-85 |
20-25 |
80-130 |
110-165 |
Қоспадағы ацетилен мен оттегінің өзара катынастары |
1,1 |
1,1 |
0,9 |
1,1 |
1,3 |
1,1 |
1,1 |
1,1 |
1,1 |
Газбен пісіргенде жалғастыру жігін жылумен өңдеу режимі
4-кесте
Материал түрі |
Өңдеу түрі |
Жылумен өңдеудің режимі |
Жылумен өңдеудің мақсаты |
Қыздыру құралы |
Төмен көміртекті болат(0,25 % С) |
Жікті жымырып, одан әрі оны бірыңғайлау (ол тек жіктің ғана қасиетін жақсартады) |
Пісіргеннен кейін 850- 900°С дейін қыздырады, қалыңдығы 1 мм металға 2,5 мин беріп, сол температурада ұстайды және ауада суытады |
Құрамын жақсартады, беріктігі мен қаттылығын арттырады |
Қыздыру пеші |
Орташа көміртекті болат (0,25-0,6 % С) |
Пісіргенге дейін бөлшекті қыздырады |
Ірі бұйымдар үшін, жалпы 300-400°С дейін қыздырады |
Қыздырылған аймақта суару құрылымын болдырмау | |
Пісіргеннен кейін жоғары температурамен қалыпқа түсіру |
Металды 600-650°С дейін қыздыру, қалындығы 1 мм металға 2,5 мин уақыт беріп, осы температурада ұстау, пештің ішінде қалыпты температураға дейін суыту |
Құрамында 0,6 пайызға дейін көміртегі бар болаттарды тұтас жікпен сапалы жалғастыру | ||
Аз қоспалы хромды-молибденді болаттар (12ХМ, 15ХМ, 12ХМІМФ ж. б.) |
Түйісетін жерді пісіруден бұрын алдын ала қыздыру |
200-300"С дейін қыздыру |
Қыздырылған аймақта суару құрылымын болдырмайды |
Оттықпен қыздырады |
Пісірілген жікті бірыңғайлау |
Жік енінен кем дегенде 5 есе артық аймақты қыздырып, соңынан ауада суыту |
Пісірілген металмен беріктігі бірдей болатын жік жасау |
||
Аз қоспалы хромды-кремнийлі- марганецті болаттар. (20ХГС, 25ХГС, ЗОХГС, 35ХГС, ЗОХГСА ж.б.) |
Пісіргеннен кейін суа рып, әрі қарай жоғары дәрежеде қалыпқа түсіру |
880°С дейін қыздырып, май ішінде суыту, әрі қарай тура қалыпқа түсіру |
Жарықтар пайда болу мүмкіндігін азайту |
Қыздыру пеші |
4-кестенің жалғасы
Материал түрі |
Өңдеу түрі |
Жылумен өңдеудің режимі |
Жылумен өңдеудің мақсаты |
Қыздыру құралы |
Шойын (1,7-6,3% С) |
Шойынды пісіру кезінде бөлшекті алдын ала қыздыру |
Ұсақ бұйымдардың бөлігін немесе толықтай 300-4000С дейін, ал ірілерін 500-6000С дейін қыздыру |
Қатты қызудан және шынығудан морт құрамның пайда болу мүмкіндігін азайту |
Пісіретін немесе қыздыратын оттықтармен бір жерді ғана қыздыру |
Жіктің және оның айналасында жарықтың пайда болу мүмкіндігін азайту |
Пеште немесе көрікте жалпы қыздыру | |||
Пісіргеннен кейін күйдіру |
600-750°С дейін қыздырып, пешпен бірге суытады |
Ішкі кернеулерді азайтып, жарықтарды болдырмау |
Пеште немесе көрікте | |
Төмен температурада шойын дәнекерімен пісіру үшін алдын ала қыздыру |
Пісірер алдында 300- 400"С дейін қыздыру |
Пісіру аймағында құрылымдарын болдырмау |
Бөлшек мөлшеріне байланысты пісіргіш оттықтар, пеш, кһрік | |
Төмен температурада жез дәнекерімен дәнекерлеу мен пісіру үшін: ақау- лы жерді қыздыру; дәнекерлеген не- месе пісірген бой- дан 600-700°С қыздырып жымыру |
Пісіру кезінде 450-500°С дейін ақаулы жерді қыздыру, металл жігінің беріктігін арттыру Жез дәне- керімен дәнекерлеп пісірген кезде алдын ала қыздыру қолда- нылмайды, соңынан баяу суытады |
Ол да |
Пісіру оттығының тотықтандырғыш жалынымен | |
Мыс |
Қалыңдығы 5 мм-ге дейінгі ме- талды суықтай жымыра- ды, ал қалындығы одан көп болса, 500-550°С-қа дейін қыздырады |
Жымырғаннан соң 500- 550°С дейін қыздырып, күйдіреді, сумен тез салқындатады |
Мысқа қажетті иілімдік беру үшін |
Пісіргіш оттығының жалынымен |
Алюминилі қолалар үшін: жымырудан кейін төменгі температурамен күйдіру |
Жезді пісірген кездегі режим |
Жіктің беріктігін арттырып, қалдық кернеуді жою |
Көрік немесе оттық | |
Алюминий және оның қорытпалары |
Пісіргеннен кейін күйдіру (нішіні күрделі бөлшектер мен мөлшері кіші бұйымдар үшін) |
300-3500С қыздырып, сол күйінде 2-5 сағат ұстау, содан кейін пешпен бірге салқындату |
Ақауды пісіргеннен кейін қалдық кернеуді жою |
Пеш, көрік |
Жұқа құрылымдарды. косымша балқытылатын сым қолданбай қырларын балқытып пісіру тәсілдері
5-кесте
Жалғау түрлері |
Суреті |
Қолданылатын аймағы және орындалу технологиясы |
Қырларды қайырып, жанастырып пісіру |
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі беттелген металды пісіру. Құрамы күрделі қоспаларды кіріктіретін сым таңдап алу қиын болғанда қолданылады. Құрастыруды әр жерінен пісіріп ұстату арқылы жүргізеді | |
Бір жақ бетті ғана қайырып, бұрылтап пісіру |
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі беттелген металдан жасалған әр түрлі пішінді бұйымдарды пісіру | |
Цилиндр пішінді бұйымның түбін пісіру |
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі ыдыстардың түбін пісіргенде қолданылады | |
Қораптық шегі қайырылған ыдыс түбін пісіру |
Егер пісірілетін ыдыс түбінің қыры қайырылмайтын болса, онда оның өз қырын қайырып пісіру үшін қолданылады | |
Қырлы бұйымдарды пісіру |
Иіп немесе штамптап жасалған радиатор типті бұйымдардың қырларын пісіруге қолданады | |
Түтіктерді жалғап пісіру |
Қабырға қалыңдығы 3 мм-ден аспайтын жұмсақ металдан жасалған түтіктерді олардың ішкі диаметрін өзгертпей дәл жалғау үшін қолданады | |
Екі бетті қырларын қайырмай, бір-біріне жанастырып, астына төсеніш қойып пісіру |
Жік беріктігі осал бұйымдар үшін қолданады. Қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі беттелген металдарды аралы- ғында саңылау қалдырмай, жанастырып қояды да, астына төсеніш қойып пісіреді. Сол кезде негізгі металдан жұқа пісіру жігі жасалады. |
Бұдан қалыңдау беттерді балқытып қосылатын сымды пайдаланып қана пісіреді және олардың қырларын (егер қалыңдығы 5 мм-ден көп болса) металл қалыңдығына қарай өңдейді (1-кесте).
Металл қырларын үлкен бұрышпен жантайтқанда пісіру жігі тұтас металл қалыңдығына дейін балқытылады да, еңбек өнімділігі азаяды. Ал жантайту бұрышы аз болса, онда жіктерді түбіне дейін балқыту қиындайды Сондықтан да әдетте ол бұрыштарды 70-90°С етіп өңдейді.
Пісірілетін беттердің аралығындағы саңьшауды 1- кестеде келтірілген мәліметтер бойынша, ал оларды ұстатуды жоғарыда көрсетілген бойынша орындайды.
Ұзын жікті жазық конструкцияларды пісірген кезде жік жасаудың сатылы немесе кері сатылы әдісі қолданылады. Бұл жағдайда барлық жікті ұзына бойына 10-250 мм мөлшерінде бірнеше бөлікке бөледі. Оларды пісірген кезде әрбір белік келесі бөлікті 10-20 м артық жауып жатады (9-сурет). Жіктерді осы тәсілмен жүргізгенде беттерді түйістіріп пісірген кезде деформация азаяды.
Осындай тәсіл беттерден жасалған қораптарды пісіруге де қолданылады (10-сурет). Сонда қораптың пішіні майыспай, алғашқы қалпында қалады.
Қалыңдығы 4-5 мм-ден артық бүйымдарды пісіру үшін жікті бірнеше қабат етіп жүргізетін көп қабатты пісіру тәсілі пайдаланылады. Бұл жағдайда жіктерді қысқа-қысқа салады. Оның үстіне жіктер дөңестерін бір-бірімен дәл түйістіру қажет емес. Әрбір қабатты пісірер алдында оның бетін жалтыратып тазарту керек. Сонда пісірілген жалғаулардың беріктігі мен тығыздығы артады.
Көп қабатты етіп пісірудін артықшылығына бұл жағдайда металдың аз ғана аймағы қызатындығын жатқызуға болады. Оның үстіне әрбір қабатты жеке-жеке бақылап пісіруге болады. Бірақ оның кемшілігіне еңбек өнімділігінің төмендеуі мен газ шығынының артып кететіндігін жатқызуға болады.
Құбырларды пісіру. Қабырға қалыңдығы 3-5 мм болатын, диаметрі - 100 мм-ден аспайтын құбырларды газды пісіргіштермен пісіреді. Көбінесе үйлердің жылыту жүйесін, ыстық және суық сулар құбырларын жүргізген кезде қолданылады.
Көміртекті болаттан, түсті металдан және қорытпалардан (мыс, жез және т.б.) жасалған түтіктерді пісіреді. Пісіру әдісін таңдағанда көбінесе құбырлардың қырларын түйістіріп пісіру әдісін қолданған жөн, себебі осы кезде оның қырларын қарапайым жолмен өңдейді және газ шығыны төмен болады (6-кесте).
Қабырға қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі түтіктерді пісіргенде олардың қырларын өндемей-ақ, аралығындағы саңылауды 1,5 мм етіп пісіреді, ал қабырғасы қалың түтіктердің қырларын V- тәрізді етіп 70-90°С бұрышпен өндеп, 1,5-2,5 мм доғалдандырып, аралық саңылауды 2-3 мм қойып пісіреді.
9-сурет. Жік жасау реті:
а - шеттен бастап; б - ортадан бастап
10-сурет. Қораптарды пісіру реті
11-сурет. Түтікті айналдырып пісіру кезіндегі оттық пен сымның орналасуы:
а - сол тәсілмен; б - оң тәсілмен
Түтіктерді құрау мен
Газ құбырларын пісіруге койылатын ерекше талаптар төменде баяндалады.
Түтіктерді пісіруді оң жақ немесе сол жақ тәсілдермен жүргізе береді. Бұрылыстағы жалғауларды оттық және қоса пісірілетін металды (11-суретте ) көрсетілгендей төменгі әдіспен пісіреді. Жік аздаған дөңес болуы үшін балқыған металл ваннасы түтіктің жоғарғы бөлігінен сәл төмендеу болуы шарт. Осы әдіспен үзындығы 30-50 мм ұстағыштармен ұстатылған иінді түтіктерді де пісіруге болады. Пісіру кезінде, әсіресе жіктің аяқталар жеріне қатты көңіл бөлу керек.

- Газды кептіру кезіндегі абсорбциялық жүйені автоматтау. Қондырғыларда температураны реттеу контурлары. Автоматты басқару жүйесінің құры
- Газета The Washington Post в сучасну епоху
- Газета «Аргументы недели» как пример качественной прессы
- Газета «Дыхание Земли» как инструмент формирования экологического сознания молодёжи
- Газета "Звязда"
- «Газета – копейка» как тип массовой городской газеты
- Газета «Петровские Ведомости», ее значение в истории журналистики
- Гoсударство в пoлитической систeме oбщества Рoссии
- Гoсударство в пoлитической систeме oбщества Рoссии
- Гοcудapcтвο и пpaвο в иx cοοтнοшeнии и взaимοдeйcтвии
- Гаагские конвенции 1899, 1907гг. и современность
- Габаритные расчёты теодолита- тахеометра
- Габитарный имидж
- ГАЖ түсінігі және пайда болуы