ГАЖ түсінігі және пайда болуы
Кіріспе
Өткен ғасырдың соңында ақпараттық жүйелердің жаңа класы-географиялы ақпаратты жүйелер (ГАЖ) пайда болды. Олар табиғи ресурстарды басқару мен өндірістің көптеген түрлерін ұйымдастырудың негізгі құралына айналып отыр.
Біздің елде бұл түсінік 1992 жылы бастап кеңейе түсті. Бүгінгі таңда әртүрлі деңгейдегі геоақпараттық жобалар ұйымдастыруда құрамында мыңдаған маманы бар жүздеген ұйым жұмыс атқаруда.
Геоақпаратты жүйелердің анықтамасы көп, нақты айтқанда- бұл аймақтық деректерді жинау, сақтау, өңдеу, сараптау және шығаруға арналған копьютерлік жүйелер.
Сандық түрге келтіру- бұл деректердің аналогтық, цифрлы өзгертулер үрдісі, яғни цифрлық формаға ауыстыру. Бұл машиналық цифрлық ортада сақтау, әртүрлі цифрлаушы көмегімен жасалып, машинамен оқылатын құралдарына сақтау үшін қолайлы. Геоақпаратта, компьютерлік графикада, картографияда: аналогты графиктік және картографиялық құжаттарды цифрлық жазба формасына өзгерту, олар кеңістіктік және картографиялық құжаттарды цифрлық жазба формасына өзгерту, олар кеңістіктік нысананың векторлық көрністеріне сәйкес келеді. Сандақ карта – картографиялық қайнаркөздерін мәліметтерді фотограмметриялық өңдеуді, дистанциондық зондауды, дала түсірістерінің мәліметтерін сандық тіркеудегі немесе сандық жолмен құрылған және т.б. тәсілдерді картаның сандық үлгісі деп аталады. Сандық бейне-растр файлдары сияқты сандық тірде көрсетілген бейне.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - географиялық ақпараттар жүйесін меңгеру, дәлірек айтқанда MapInfo Professional бағдарламасын, негізгі анықтамалар мен ұғымдарды білу, оның жұмыс істеу ережелерімен танысу және жұмыста берген растрлық картамен нұсқаны түрлі-түсті карта жасау.
1 ГАЖ түсінігі және пайда болуы
1.1 ГАЖ түсінігі
ГАЖ дегеніміз-бұл кеңістік-үйлестіруші деректерді жинауды, сақтауды, өңдеуді, кіруді бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарда ГАЖ жер қыртысы мен жағдайы, орналасқан ғимараттары мен құрылыстары (жер үсті, жер асты және жерден жоғары) және жоспарға сай орналасқан басқа да элементтер туралы нақты, сенімді және өзекті материалдар мен мәліметтер (сандық, графиктік немесе басқа формада) алу үшін қолданылады. Ол территорияны тиімді шаруашылық қолдану мақсатында; нысандарды тиімді қолдану мен жою үшін, жоба алдындағы құжаттарды негіздеу үшін, жаңа нысандар салуды жобалау және салу үшін, бар нысандарды кеңейту, қайта құру және техникалық қайта қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттік тізімдеме жасау және жұмысын қамтамасыз ету үшін (жер, қала құрылысы және т.б.), жылжымайтын мүлік нысандарын техникалық инвентаризациясын есепке алу жүйесін құру үшін, территорияны басқаруды қамтамасыз ету үшін, жылжымайтын мүлікпен азаматтық-құқықтық операцияларды өткізу үшін қажет.
ГАЖ-да топографиялық-геодезиялық қамтамасыз ету модулі бар, ол түрлі мекемелердің топографиялық-геодезиялық қызметтерінің жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылады.
Модульда қызметтер жиынтығы көмегімен жүйеге келтірілген кешенді жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік туады. Осындай модульдің қызметтерін бірнеше топтарға бөлуге болады:
- Тірек негіздемесінің қалыптасуы, оның ұлғаюы мен теңесуі;
- Топографиялық мәліметтерді өңдеуі;
- Өлшемдерді автоматтандыру (бұрыштық және сызықтық), аудан мен көлемнің есептелуі;
- Геометриялық есептердің позитивті шешілуі;
- Карталар мен жобаларда ақпараттың толықтырылуы;
ГАЖ әртүрлі құбырларды пайдалануда, инфрақұрылымның дамуында және инженерлік-құрылыстық жұмыстарда қолданылады. Геодезия мамандары еңбек ресурстарына баға бере отырып, географиялық ақпараттық жүйелер қазіргі технологиялар жұмыс процесстеріне талдау жасайды. [1]
1.2 ГАЖ пайда болуы
Ақпараттық жүйелердің дамуымен ғылыми және өндіріс сферасына ақпараттық-есептеулік саласының соңғы жаңалықтары енгізіледі.
Геодезия қолданбалы ғылым ретінде алдыңғы қатарлы технологияларды ақпараттық жүйеде қолданылуын және өндіріске геоақпараттық жүйе және технологиялар ретінде енгізуінде шетте қалған жоқ.
Бүгінгі күні геоақпараттық жүйелер және технологиялар ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік-экономикалық, саяси және экологиялық дамуда табиғи, өндірістік және еңбек әлеуеті салаларында ерекше орынға ие..
ГАЖ ұғымы мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің (МҚБЖ), растрлік және векторлық графиктер редакторларының және сараптамалық құралдар мүмкіндіктерін қамтиды. Картографияда, геологияда, метеорологияда, жерге орналастыру саласында, экологияда, жергілікті басқаруда, көлік саласында, экономикада, қорғаныста және т.б. салаларда ГАЖ қолданылады.
ГАЖ дамуы өткен ғасырдың 50 жж. басталып бүгінгі күні өндірісте, күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. ГАЖ даму кезеңдерін шартты түрде төртке бөлуге болады.
Бастапқы кезең 1950 жж. соңы мен 1970 жж. басы жатады. Осы кезде негізгі мүмкіндіктерді, шекаралас білімдер мен технологияларды зерттеу, эмпирикалық тәжірибе жинақтау, алғашқы үлкен жобалар және теоретикалық жұмыстар жүргізілген. Жердің алғашқы жасанды серігі жіберілді, 50-жж. электрондық санау машиналар пайда болды (ЭСМ), 60-жж. плоттерлерді, графикалық дисплейлерді және басқа құрылғыларды сандау пайда болды, дисплейлерде және плоттерлердің көмегімен ақпараттың графикалық көрсетілу бағдарламалық алгоритмдер және процедуралар жасалды, кеңістікті талдаудың формальдық әдістері пайда болды, мәліметтер базаларын басқару бағдарламалық құралдары жасалды. 1963-1971 жж. Р. Томлисон Канадада алғшқы ГАЖ жасап шығарған.
Мемлекеттік бастамалар кезеңі 1970 жж. – 1980 жж. басына жатады. ГАЖ мемлекеттік қолдау ГАЖ саласында қалалық желілер өтетін мәліметтер базаларын қолдануға негізделген тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне жағдай жасалды. Соның ішінде навигация жүйесін автоматтау, қалалық қоқыстарды шығару жүйесін ұйымдастыру, қауіпті жағдай кезінде көлік қозғалысын реттеу және т.б.
Коммерциялық даму кезеңі 1980 жж. басында бастау алып қазіргі кезге дейін жалғасын табуда. Алуан түрлі бағдарламалық құралдардың үлкен нарығы, үстел үстілік ГАЖ, тікелей мәліметтер базаларымен байланыс нәтижесінде қолданудың кеңеюі, торлық қосымшалардың пайда болуы, кәсіби емес қолданушылар санының көбеюі, жеке компьютерлердегі мәліметтерді жинау мүмкіндіктерін қолдайтын жүйелердің пайда болуы, мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ГАЖ түрлерінің пайда болуы.
Қолданушы кезеңі 1980 жж. соңында басталып қазіргі кезге дейін жалғасып жатыр. Осы кезең геоинформациялық технологияларды коммерциялық жасап шығарушылар арасында жоғары бәсекелестіктің болуы ГАЖ қолданушыларына қосымша мүмкіндік берді, бағдарламалық құралдардың қол жетімділігі және «ашықтығы» бағдарламаларды қолдануға және жетілдіруге мүмкіндік берді, қолданушылық «клубтары», телеконференциялары, әр түрлі территорияда орналасқан бірақ ортақ тақырыпппен біріккен пайдаланушылар топтары пайда болуымен, геомәліметке деген сұраныстың өсуімен, әлемдік геоақпараттық инфрақұрылымның пайда болуымен ерекшеленеді.
Бүгінгі күні ГАЖ келесі классификацияға ие. Территорияның қамтылуына байланысты – ғаламдық (global GIS), субконтиненталдық, ұлттық (мемлекеттік мәртебеге ие), аймақтық (regional GIS), субаймақтық, жергілікті (local GIS). Ақпараттық модельдеу саласының пәніне байланысты – жер қойнауын пайдаланушы қалалық (муниципалды) ГАЖ (urban GIS), таулы-геологиялық ГАЖ, табиғатты қорғау ГАЖ (environmental GIS) және т.б., олардың арасында кеңінен таралған геоақпараттық жүйелері. Мәселелік бағытына қарай – алдына қойған мақсатына байланысты (ғылыми және қолданбалы), олардың арасында ресурстарды инвентаризациялау (соның ішінде кадастр), талдау, бағалау, мониторинг, басқару және жоспарлау, шешім қабылдауды қолдау деп бөлінеді.
Біріктірілген ГАЖ (integrated GIS, IGIS) және суреттерді (дистанциялық байқау мәліметтері) сандық өңдеу жүйелерінің қызметтік мүмкіндіктерін көп жағдайда бірге қолданылады. Сонымен қатар, полимасштабты немесе масштабты-тәуелсіз ГАЖ (multiscale GIS), кеңістіктік-уақыттық ГАЖ (spatio-temporal GIS) деп айырады.
Геоақпараттық жүйелер түсінігімен геоақпараттық технологиялар түсінігі тығыз байланысты. Бұл – ақпараттық технологиялардың географиялық ұйымдастырылған ақпараттарды өңдеуі. Негізгі геоақпараттық жүйелердің ерекшеліктері, оның басқа автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің артықшылықтарын салыстырудағы оның геоақпараттық негіздемесінің бар болуын анықтайды. Яғни, сандық карталар, жер беті жайындағы қажетті ақпаратты беріп отырады. Осының барлығы жоба ретінде қарастыруға болады.
Геоақпараттық жобаларды (GIS project) іске асыру ГАЖ жасау ұғымын қамтиды және оның төмендегідей кезеңдері көрсетіледі. Жоба алдындағы зерттеулер (feasibility study), соның ішінде қолданушының талаптарын (user requirements) және ГАЖ қолданылатын бағдарламалық құралдардың қызметтік мүмкіндіктерін зерттеу, техникалық-экономикалық негіздеме, «шығын/табыс» (costs/benefits) қатынасын бағалау; ГАЖ жүйелік жобалау (GIS designing), соның ішінде тәжірибелік жоба (pilot-project) кезеңі, ГАЖ дайындау (GIS development); оны үлкен емес территориялық бөлікте немесе тестік учаскіде (test area) тестілеу, тәжірибелік үлгі немесе прототип (prototype) жасау; ГАЖ (GIS implementation) пайдалануға және қолданысқа енгізу.
Қазіргі ГАЖ заманауи ақпараттық технологиялардың алдыңғы қатарлы құрылғыларына жатады. Бір жағынан автоматтандырылған әдістерді қосады, ал екінші жағынан мәліметтерді өңдеу және ұйымдастырумен ерекшелінеді. Олар геоақпараттық жүйелерді көп мақсатты және көп көріністі жүйе ретінде анықтайды. [2]
2 Растрлық бейнелермен жұмыс жасайтын бағдарламалық өнімдер
Қазіргі кезде қолданыста американдық MaрInfo Professional, ресейлік ГеоГраф, Панорама ГАЖ, басқа да ER Mapper, ERDAS IMAGINE сияқты ГАЖ бар.
Кейінгі кезде нарықта Жер туралы ғылымда қолданылатын ГАЖ Encom Discover 5.0 бағдарламасы пайда болды. 1994 жылы пайда болғаннан бері, бұл үстел үстілік ГАЖ геологтарға маңызды құралға айналды. Ол геологиялық жиынтық деректерін дайындауда, ұңғыма жоспарын және қимылдарды құруда, берілген масштабта геологиялық символды таңбалармен сызықтық линияларды қолданып жоғары сапалы карталар шығаруда, координаттары байланған графиктерді құруда, кеңістік деректер жиынтығынан құралған метадеректерді өңдеуде және пайдалануда кеңінен қолданады. Одан басқа бірқатар ГАЖ ArcGIS ArcInfo, ArcCOGO, ArsGRID, ArcTIN, ArcNETWORK, ArcGIS Arcview атап көрсетуге болады.
Еуропа, АҚШ, Қытай, Жапония, Ресей және басқа дамыған елдер заманауи техникаларды қолданумен қатар ГАЖ мемлекет мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында белсенді қолдануда.
ГАЖ Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі отандық мамандардың жетіспеушілігінен, материалдық-техникалық базаның жетілмегендігінен, мемлекеттік органдарда және түрлі мекемелерде заманауи компьютерлік құрылғылардың жетіспеушілігінен шектеліп отыр. Жаңа ақпараттық технологиялар саласында шетелдік тәжірибие алмасу, шетел тілін меңгерген жоғары сапалы кәсіби мамандарды дайындау мәселесі туындап отыр.
ГАЖ геодезияда қолдану геодезиялық мәселелерді шешудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, еңбек өнімділігі мен оның тиімділігін жоғарылатады, өлшеу дәлдігін арттырады.
Қазіргі компьютерлік технологиямен бірге қарқынды даму қарсаңындағы геодезия әдістері ГАЖ мүмкіндіктерін пайдаланып, геодезиялық тапсырмаларды, яғни жасалынатын карталарды қажетті дәлдікте, тез әрі тиімді, материалдық және ақшалай шығынсыз шешуге мүмкіндік тудырды.
ГАЖ-технологиясын картографиялауда және жерге агроэкологиялық бағалау жасауға қолдану үшін сәйкесінше базалық және аппараттық қамтамасыздықты қажет етеді. Қазіргі кезде қолданылатын әртүрлі ГАЖ бағдарламалық қамтамасыздандыруларының ішінен Қазақстанда да және басқа елдерде де кеңінен қолданылатын 2 пакетті айтуға болады. Бұл ArcGIS (және оның жеңілдетілген нұсқасы ArcView) және MapInfo пакеттері. Қазіргі уақытта MapInfo бағдарламасын қолдану ұсынылады, ол түрлі ГАЖ жасауда үлкен мүмкіндіктерімен, салыстырмалы арзан бағасымен, жақсы орысшалануымен, басқа таралған ГАЖ бағдарламаларымен және Windows операциялық жүйелерімен үйлесімділігімен, жаңа нұсқаларының жиі шығуымен ерекшеленеді. ГАЖ бағдарламасынан басқа сәйкес келетін операциялық жүйе (MS Windows 2000/XP Pro және басқалары), офистік пакет (әдетте, MS Office), графикалық редактор (әдетте, Adobe Photoshop), диск жазушы бағдарлама және антивирус қажет. Цифрлау жұмысын векторизациялау-бағдарламалары (мысалы, Еasy Trace) айтарлықтай жеңілдетеді.
Геоақпараттық технологиялар адамзат қызметінің көптеген салаларында, әсіресе табиғатты қорғаумен байланысты тапсырмаларды шешуде пайдаланылады. Қазіргі кезде қоршаған орта өзгерістері, мониторингі, анализін картографиялау тапсырмаларын шешуге көмектесетін Жерді арақашықтықтан зондылау (ЖАЗ) мәліметтерін пайдаланбайтын ГАЖ-ды елестету мүмкін емес. ЖАЗ геоақпараттық мәліметтерді алудың ең жедел (оперативті) көзі болып табылады. Яғни, ол ГАЖ ақпаратын маңызды (актуалды) жағдайда сақтайтын негізгі көз болып табылады, әсіресе егер маңыздылық факторы шешуші роль атқаратын болса (әскери бақылау, апаттық кедейленуді бақылау, экологиялық мониторинг, табиғат ресурстарын бақылау және т.б.). Жаһандық интеграция мәліметтері жүйесі ретінде ГАЖ-ға қызығушылықтың өсуі геоақпараттық өнім нарығын кеңейту әдістері мен ГАЖ-да ақпаратты өңдеу мен жинау әдістерін іздеуді жеңілдетеді.
Mapinfo бағдарламасы. MapInfo – қолданбалы геоақпараттық жүйе, ол келесі жұмыстарды іске асыруға арналған: - карталарды құрастыру және оларды өңдеу; - карталарды безендіру және оларды көзбен шолу; - тақырыптық карталарды құру; - графикалық және семантикалық ақпаратты кеңістіктік және статистикалық тұрғыда талдау; - геокодтау; - мәліметтер базасымен жұмыс жасау, соның ішінде ODBC бойынша карталарды принтер/плоттер немесе графикалық файлдардан шығару.
MapInfo-дағы
мәліметтер карталар, диаграммалар
мен кестелер түрінде де
3 Зайсан қаласының картасын тіркеу
Барлық жұмыс негізгі Географиялық ақпараттар жүйесімен, яғни MapInfo Professional 7.5 орындалады.
MapInfo растр бейнелерінің келесі түрлерімен жұмыс істейді:
- ақ-қара бейнелер: әрбір пиксель қара және ақ нүктеге. Мұндай бейнелер MapInfo-да аз орын алады және өте тез оқылады және көрсетіледі;
- жарты түсті бейнелер: әрбір пиксельде қараның, ақтың және сұр түстің бір түсін болады;
- түрлі-түсті бейнелер: берілген
бейненің палитрасында бар
MapInfo келесі форматтармен жұмыс істеуге рұқсат береді:
- файл аты. GIF (Graphics Interchange Format),
- файл аты.JPG (JPEG format),
- файл аты.TIF (Tagged Image File Format),
- файл аты.PCX (Soft Paintbrush),
- файл аты.BMP (Windows Bitmap),
- файл аты. TGA (Targa),
- файл аты. BIL (Spot спутниктік фотосуреттер),
Берілген растр Зайсан ауданының бейнесі.
Сурет 1. Берілген растр Зайсан ауданының бейнесі.
Нұсқа бойынша берілген Зайсан қаласының растр бейнесін тіркеу және ашу: Растр бейнесін (карта немесе түсіріс) ашу үшін ФАЙЛ менюынан Открыть таблицу командасын таңдап аламыз. Сол кезде диалог терезесі пайда болады.
Открыть көмегімен файл түрін – Растр таңдап, файл атын көрсетіп ашамыз. Содан кейін экранда тағы бір диалог терезесі пайда болады, ол бейнемен жұмыс істеу режимін таңдап алуға көмектеседі: Показать немесе Регистрировать.
Показать – бейне карта терезесінде координаттың шартты жүйесі түрінде көрсетіледі.
Регистрировать – бейнені тіркеу үшін орындалады, яғни таңдап алынған координаттар жүйесінде бейнеге үш нүктеден аз емес координаттар беруді
Растр бейнесін тіркеу үшін бейнені ашқан кезде Регстриацияны таңдап алу керек немесе тіркелмеген бейнені ашып, басты менюда ТАБЛИЦА-ны таңдап аламыз да Растр>Регистрация деп аламыз. Сол кезде “Регистрация изображения” диологты терезесі пайда болады. (сурет 5)
Бейнені тіркеу үшін келесі операцияларды орындау керек:
- бейнеде тірек нүктелердің
жиынтығын анықтау керек. Тірек
нүктелердің растр бейнелері
мен картада тез табу үшін
ашық түстермен болу керек. Тірек
нүктелерін көбіндке
- MapInfo-ға тірек нүктелері жайлы ақпарат енгізу керек.
- ең жақсы тіркеудің
қорытындысын алу үшін тірек
нүктелерінің саны жоғары болу
керек және олар бүкіл растр
бейнесінде көрсетілуі керек. Бір
растр телімінде бірнеше нүкте
көрсетпеу керек.Берілген
Растр бейнесін тіркеу кезінде курсорды тірек нүктелеріне тура қоюдың маңызы зор. Егер тірек нүктелерң дұрыс орналасқан болса, MapInfo растр бейнесін бұрмалауынсыз көрсетеді. Векторлық мәліметтер қабаттасқан кезде MapInfo, растр және векторлық қабаттардың дұрыс орналасуы үшін векторлық ақпараттарды өзгерте алады.
Ең бірінші картографиялық проекция және өлшем бірліктері таңдап алынады. Содан кейін тышқан курсорымен бейненің нүктесіне көрсетеді. Сол кезде нүктеге координаттар (картада өлшенген немесе басқа қайнар көздерден алынған ) енгізетін “Добавить опорную точку” диолог терезесі пайда болады. Нүкте бейненің терезесінде көрсетіледі. Картаны тіркеу үшін көп дегенде үш тірек нүктелерін енгізу керек ; егер проекция бейнесі белгісіз болса, онда нүктелер саны көп болуы керек. Жаңа растр бейнесін тіркеу кезінде “Регистрация изображения”диолог терезінде тіркеудің қателіктерін көрсетен тірек нүктелердің маңызы көрсетіледі. Бейнені нүктенің нақты жағдайымен Х және У берілген кооррдинаттарының айырмасы қателік болып саналады. Қателіктің маңызы аз болуы өте маңызды. Біздің жағдаймызда қателік 3 тен кем болуы шарт. Тіркеудің үлкен қателіктері кезінде векторлық және растрлық қабаттарды қоса атқарғанда ауытқулар пайда болады. Сол үшін тірек нүктелердің координаттарын көрсеткен кезде ең жоғарғы дәлдікті алу үшін бейнені үлкейту керек (+ батырмасы).
Растр бейнесінің тіркеуін бір рет қанга орындайды. Ары қарай бұл ақпарат tab. Кеңейтілген файлда сақталынып тұрады.
MapInfo бағдарламасымен жұмыс істеу үшін берілген растрды тіркеп алу керек. Ол үшін MapInfo бағдарламасын жүктеп, Таблицу түймесін басу.
Сурет 2. MapInfo бағдарламасын ашқандағы терезе
Ашылған терезеде растр адресі жіне форматы таңдап алынады. Регистрация таңдалады.
Сурет 3. Тіркеу немесе көруді таңдау терезесі
Шыққан терезеден ең бірінші проекция түрі, өлшем бірлік енгізіледі. Растр бойынан 4 нүкте таңдап, координаталарын жазамыз. Жаңа нүкте белгілеу үшін Новая, жою үшін Удалить басу керек. Ощибка бөлімінде қателік мөлшері көрсетілген. Қателіктің кесілген мөлшері 3 санынан аспауы тиіс.
Сурет 4. Растрды тіркеу терезесі
Сурет 5. Нүкте координаталарын жазу терезесі
Егер шыққан қателік шартқа сай келсе, ОК түймесімен жалғастырамыз. Шарт бойынша қателік 3-тен аспауы керек.
Сурет 6. Тіркелген растр көрінісі
3.1 Зайсан қаласының қысқаша сипаттамасы
Сауыр тауын бойлау өтіп, оның етегінде «Кішкене тау»сайлары арқылы Зайсан ойпатына құлай ағатын көп өзендердің бірі «Жеменей»деп аталады. Осы ну орманда Жеменейдің жоғарғы саласында 1830-1840 «Джеменей»деп аталған. 1830 жылдар шамасында географ-геодезист Мяковский Ертістің Шығыс тұсында пост (күзет орны) орнатуға ұрымтал да қолайлы мекенді белгілеу үшін зерттеуге келеді. Оны Базарка бекетінен руы Таукен Сәрменұлы Сырымбай бастап келеді. Қаланың Зайсан атауы 1864-1868 жылдар аралығы, ресми мұрағат деректерінде осы екі аралық көбірек кездеседі. 1903 жылы Санкт-Петербургтен А.Ф.Дербиен баспаханасынан шыққан географиялық энциклопедияның 18 томында «Зайсан қаласының іргетасы 1868 жылдары қазіргі уезд жерінің көп бөлігі Россияға қараған кезде салынды»,-деп көрсетілген. Ал 1864 жылы Зайсан қаласына станция аталған яғни патша үкметі Л.Ф.Баков деген инфантерия генерао-майоры бастаған әскери құрамаға қамал салу тапсырысымен мұнда бекініс болып көтерген. Қазақ даласынан Қытай, Тибет, Синзянға жүн, тері, мал, ағаш тағы басқа да шикізат, ал ол жақтан мата , киім-кешек, қол өнер бұйымдары Зайсан кедені арқылы өткендіктен маңызы арта түсті. Ауданның жер көлемі: 1 миллион 43 мың гектар. Өлкеге 42 ірі елді – мекен қарайды. Сондай-ақ, Зайсан қаласының әкімшілігі мен 8 ауылдық әкімшілік қамтылған. Зайсан қаласы – ауданның әкімшілік орталығы болып саналады. 1993 жылы Қалалық Кеңес таратылып, «Зайсан қала әкімі Мемлекеттік мекемесі» болып өзгертілді. «Ақынның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді » дейді дана халқымыз. Өмірдің өзі дәлелденген ақиқат. Тарихы әріден басталатын біздің Зайсан өңірінде де халықтың құрметіне, қошеметіне бөленген талай ізгі жақсылар өткен. Мәселен, күркіреп күндей өткен соғыс кездері.
Жалпы, аудан өміріндегі ең ауыр жіне жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 Зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза тапты, 238 госпитальда жарадан өлді, 1339-ы хабар – ошарсыз кетті, 175 адам әр түрлі аурудан қайтыс болды, 3 адам неміс тұтқынында қаза болды. Басқалары жараланып, мүгедектікке душар болып, аман - есен туған елге оралды. Қазіргі қалада қалған соғыс ардагерлері 29. [4]
3.2 Шартты белгілер классификациясы
Қиылысу жүйелері мен геокеңістік ақпараттың кодтауы ГАЖ және картографиялық ақпаратты автоматты жүйесін қңдеуге қолдану үшін арналған.
Бұл жүйелер кейбір формальды тілдерге оларды арықарай жазу мақсатында жергілікті жердің объектілері жайлы геокеңістік мәліметтерінің шағын көрнісін алу үшін арналған. Массив мәліметтерінде керек ақпаратты тиімді іздеу мүмкіндігімен қамтамасыз ететін және әрбір модельденген объекті мен оның атрибутынның идентификациясы бұл жүйелердің басты функционалды мәні болып есептеледі. Геокеңістік ақпараттың кодтауы іздестіруді жеңілдетеді және сақталатын, табысталатын және өңделетін мәліметтердің көлемін қысқартады.
Классификация кезінде табиғи немесе жасанды шыққан жері жергілікті жердің элементінің объект ретінде қабылданады. Геометриялық сипаттамадан басқа, яғни жергілікті жерде кеңістікті орналасуы және де мағыналы сипаттамалар олар объектілердің функционалдық, техникалық және табиғи сапалары жайлы ақпаратты көрініс етеді.
Объектілер әртүрлі категорияларда қарым-қатынаста бола алады және сол уақытта өзара қиын ара қатынаста бола алады, мысалы, бағыныстылықтың иерархиялық құрылысын құру. Мысалы, объектілер өзендер(гидрография элементі), темір жолдар, автомобиль жолдары, көшелердің орталық сызықтары (көлік желілер элементі), және т.б. бола алады. Автомобильдік жолдар өзара әртүрлі көптеген класстарға, әр түрлі белгілерге (мағынасы, қадамы, қозғалыстың сызық сандары, жол қабатының түрі және т.б.) топтастырылады. Мысалыға келтірілген белгілер бойынша бірнеше классификация жүйелерін құруға болады. Қандай белгілер шын мәнінде елеулі, жоғарыда аталған белгілер негізінде бірнеше классификациялық жүйе құрастыруға болады.
2 Кесте
Зайсан қаласының шартты белгілер классификациясы
№ |
Топографиялық картаның атауы мен мінездемесі |
Масштаб 1:2000 | |
Құрылыстар, ғимараттар мен олардың бөлшектері | |||
|
1 |
Отқа төзімді тұрғын үй құрлыстары(кірпіш, тас, бетон, шлакты және т.б.) 1) бірқабатты |
1)
| |
2 |
Отқа төзімсіз тұрғын үй құрлыстары (ағаш, сабан, саз, балшықты) 1)бірқабатты |
1) | |
3 |
Тұрғын емес және отқа төзімсіз құрлыстар 1) бірқабатты |
1)
| |
Жолдар | |||
4 |
Асфальтты жол |
| |
Қоршаулар | |||
5 |
Ағаш қашалар
тұтас қақпасымен |
| |
Жер бедері | |||
6 |
Горизонтальдар
1) негізгі горизонтальдар
2) қосымша горизонтальдар
3) ойпаттардың нұсқау көрсеткіштері (бергштрихтар)
4) горизонталь жазулары (м) |
1) 0,12-0,15
2) 0,12-0,15
3)
4) | |
7 |
Биіктік белгілері |
342.7 | |
Өсімдік жамылғысы | |||
8 |
Жеке тұрған ағаш |
| |
9 |
Терек |
| |
10 |
Терек орманы |
| |
Геодезиялық пункттер | |||
11 |
Координаталық сызықтардың қиылысуы
|
| |
Су көлігі мен сумен қамтамассыз етудің гидротехникалық объектілері | |||
12 |
Су колонкасы |
| |
13 |
Труба арқылы өтетін каналдар, арықтар |
||
Өндіріс объектілері, коммуналды және ауылшаруашылық объектілері | |||
14 |
Діңгектегі әлсіз кернеудің электр байланыс тізбегі |
| |
15 |
Жерасты коммуникацияның люкті құдықтары
1) белгілеу бойынша бөлінбеген |
1,5 P | |
16 |
Діңгектегі жоғарғы кернеудің электр байланыс тізбегі |
||
17 |
Діңгектегі электр шамдары |
BC | |
Жазу шрифтерінің үлгілері | |||
18 |
Топографиялық объектілердің сандық мінездемесі
Биіктік белгілері |
271.8 93.5 | |
Қысқартылған сөздер | |||
19 |
Асфальт, асфальтбетон (жолдар салынған материалдар) |
А | |
4 Қабатты картографиялау. Қабаттарды басқару
Компьютерлік Карта қабаттардан тұрады. Бір-бірінде жатқан қабатты түссіз пленка сияқты көрсетуге болады. Әр қабат әр түрлі ақпарат түрін құрайды: аудандар, нүктелер, сызықтар, мәтіндер; ал бәрін бірге қосқанда Картаны құрайды.
Мысалы, мұндай қабаттары бар қаланың немесе ауылдың картасы болуы мүмкін: Қаланың немесе ауылдың шекарасы, жолдары, үйлері, жер телімдері, құдықтар және т.б. MapInfo не бір, не екі немесе барлық қабаттарды бірақ көрсете алады.
Қабаттардан картаны құрсақ, әр қабаты жеке-жеке оны жөндеуге, жаңа қабат қосуға немесе қабатттарды өшіруге немесе орын ауыстыруға болады.
Ең алдымен алғашқы
қабатты құру үшін «Операциялар
4 Кесте
«Қабаттарды басқару» сұхбат терезе
Қабат құрамы |
Сипаттау |
Көрінетін
(Видымый) |
Әр қабат өз бетінше көрінетін болады. Қабат көрінбеу үшін «Видымый» бағанасында флажокты алып тастау керек. |
Өзгертілетін (Изменяемый)
|
Барлық қабаттар өз бетінше өзгертілмейді. Яғни, берілген қабаттың обьектілерін өзгертуге болмайды, мысалы жаңа обьект құруға, өшіруге немесе түрін өзгертуге болмайды. Қабат өзгертілуге болу үшін осы бағанаға флажокты қосамыз. |
Қол жетімді (Доступный)
|
Барлық қабаттар өз бетінше қол жетімді бола алады. Яғни, бір ғана таңдау құрал-сайманын қолдана отырып картада обьектіні таңдауға болады.Қабатты қолжетімсіз ету үшін «Доступный» бағанасында флажокты өшіру керек. |
Жазу (Подпись)
|
Қабатты автоматты жазу режимін қосу үшін соған сәйкес флажокты қосу керек. Автоматты жазудың баптауын өзгерту үшін «Подписи» бағанасында қабатқа арналған флажокты өшіру керек. |

- Газбен пісірудің техникасы
- Газды кептіру кезіндегі абсорбциялық жүйені автоматтау. Қондырғыларда температураны реттеу контурлары. Автоматты басқару жүйесінің құры
- Газета The Washington Post в сучасну епоху
- Газета «Аргументы недели» как пример качественной прессы
- Газета «Дыхание Земли» как инструмент формирования экологического сознания молодёжи
- Газета "Звязда"
- «Газета – копейка» как тип массовой городской газеты
- Гoсудaрственнoе упрaвление в oблaсти безoпaснoсти и oхрaны трудa
- Гoсударство в пoлитической систeме oбщества Рoссии
- Гoсударство в пoлитической систeме oбщества Рoссии
- Гοcудapcтвο и пpaвο в иx cοοтнοшeнии и взaимοдeйcтвии
- Гаагские конвенции 1899, 1907гг. и современность
- Габаритные расчёты теодолита- тахеометра
- Габитарный имидж