Грекия мадинети
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Антикалық мәдениеттің пайда болуы
1. Ежелгі Грекия мәдениеті
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XІ—VІІІ ғасырлар)
3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ ғ.)
4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бөлінбеген, олардың арасында үйлесімділік бар (грек филисофиясында ол макрокосм мен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты).
Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатуымен байланысты болды.
Жағрапия немесе медицина, сәулет өнері немесе театр және басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмаймыз. Гректер мифологиясы тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды.
Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші роль атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.
Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді. Б.э.д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т.б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды.
Негізгі бөлім
Антикалық мәдениеттің пайда болуы
1. Ежелгі Грекия мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғ-да Рим империясының құлауымен аяқталды.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды. Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. ІІІ—ІІ мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениетіжатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аральшда жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.
Бұл мәдениеттің ашылуы — археологияның ең ғажайып жетістіктерінің бірі болды. Криттегі археологиялық қазба жұмыстары Оксфорд музейінің сақтаушысы Артур Джон Эванстың басшылығымен 1900 жылы басталды. Осы жұмысқа бүкіл өмірін арнаған атақты ғалым кейіннен Крит өркениетін ашудағы орасан зор ғылыми еңбегі үшін «Құрметті сэр» атағын алды. Ең бастысы — Эванс өзінің «Минос» мәдениеті (Минос патшаның құрметіне солай атаған) деп аталатын төрт томдық еңбегін жарыққа шығарды. Ол «Минос» мәдениетін үш кезеңге бөлді:
• І-ші кезең — ерте Минос кезеңі б.з.д. ІІІ мыңжылдық;
• ІІ-ші кезең — орта Минос кезеңі б.з.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысы;
• ІІІ-ші кезең — кейінгі Минос кезеңі б.з.д. ІІ-мыңжылдықтың екінші жартысы. Археологиялық жазба жұмыстары барысында ғалым Кностан (аралдың орталық бөлігі) ең алғашқы Крит сарайларының бірін тауып, оны аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың құрметіне Минос сарайы деп атаған. Крит мәдениетінің мазмұны мен стиліне тоқталмас бұрын, бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктерін қысқаша атап өтелік. Көне замандағы басқа да мемлекеттердегі сияқты Критте де құрылыс өнері кең етек алған. Бірақ, бұл жердегі өнердің негізінен сарайлық сипатта болғандығы аңғарылады, яғни күйреген ескі сарайлардың орнына олардан да зәулім, әрі айбынды сарайлар салынып отырды. Жоғарыда айтылған, Крит сәулет өнерінің ең атақты ескерткіші болып саналатын Кносс сарайы өзінің әсемдігімен, айналадағы пейзаж үйлесімділігімен ерекшеленеді. Сарайда салтанат залдары, ғибадатхана мен патшаның сәулетті үйлері, діни рәсімдерге арналған бөлмелер мен бассейндер, діни табыну салтына негізделіп театр ойындарын өткізетін алаңдармен қатар сарайда жұмыс істейтін қолөнершілер мен суретшілердің шеберханалары рет-ретімен орналасқан. Сарайдың залдарын арқалықты тасқа тіреген ағаш колонналар сүйеп түр. Сарайдың салтанат бөлмелерінің қабырғалары суреттермен безендірілген. Солардың ішіндегі сый әкеле жатқан жігіттер мен қыздардың ұланғайыр шеруін бейнелейтін көріністің әсерлігін тілмен суреттеп жеткізуге болмайды. Табити қалпында салынған 500-ден астам адамның суреті екі қатар етіп орналастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл көріністе Крит пат-шалығына қарайтын аймақтар мен аралдардан келген салық төлеушілер бейнеленсе керек. Суреттердің сюжеті де сан-алуан болып келеді. Оларда театр ойын-сауықтары, діни мерекелер, бақтардағы қыз-жігіттердің думанды ойындары және т.б. көріністер тамаша көрсетілген. Археологтар «Париж аруы» деп атанған сұлу келіншектің кескіні бүгшгі күнге дейін жап-жақсы сақталған. Сонау заманда өмірге келген бұл мәдени ескерткіштерге осындай атақтың берілуі тегіннен-тегін емес сияқты.
Крит кескіндемесінің тағы бір таңдаулы туындыларының бірі — жігіттер мен қыздардың сүйікті сауығы — бұқамен ойынды көрсететін Кносс сарайындағы фреска. Қыздардың бірі әбден долданған бұқаны мүйізінен ұстай алған сәтте жігіт бұқаның үстінен секіріп барады. Асқан жүректілік пен ептілікті қажет ететін бұл қауіпті «ойын», біздің ойымызша сол кездегі қалыптасқан діни салт-дәстүрлерге байланысты болуы керек, өйткені кез-келген адам бүл ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін. Шындығында да, ғалымдардың пікірінше, «бұқалармен ойнау» табиғаттың қатал күшін бейнелейтін құдай-бұқаға табынуға тікелей байланысты көрінеді.
Критте патша өкіметінің ерекше түрі — теократия қалыптасты, яғни биліктің барлық түрлері бір адамның қолына шоғырланды. Патша сарайы әрі әкімшілік, әрі діни, әрі шаруашылық орталығы болды. Крит патшалары өз сарайларында сән-салтанатпен емін-еркін өмір сүрді. Патшалар мен ақсүйектер егіншіліктен, саудадан және қарақшылық шабуылдан түскен барлық олжаларын бағалы заттарға айналдырып, алтыннан, піл сүйегінен жасалған асыл бұйымдарды жинап беретін болған. Демек, мұндай ағыл-тегіл байлық — шат-шадыман өмірдің бір көрінісі болса керек.
Крит тұрғындары теңізбен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан ба, әйтеуір, Крит суретшілерінен теңізге, ондағы әдемі де, құпия қозғалысқа, теңіз толқындарының құбылмалы бояуларына деген сүйіспеншілікті айқын сезінеміз. Олай дейтініміз, теңіздер тереңі дүниесінен алынған әуендер — ыршып түскен балықтардың, дельфиндердің, аквариумдегі балықтардың суреттері өте табиғи, әрі тартымды болып келеді. Крит дәуірі мәдениетінің ең гүлденген кезеңі б.з.б. XVІ ғ. мен XV ғ-ң бірінші жартысы. Өкінішке орай, аралда болған жер сілкінісі ме, әлде жанартау атқылады ма, әйтеуір Крит патшалығы б.з.б. XVғ-ң аяғында күйреді. Кейбір зерттеушілер Крит сыртқы жаулардың, солардың ішінде ахейлік гректердің соғысынан күйреді деген пікір айтады.
Тарихтың атасы Геродоттың деректеріне сенетін болсақ, Крит патшасы Минос грек болмаған, алайда екінші атақты тарихшы Фукидид оны грек деп санайды. Криттіктердің тегі жөнінде де ғылымдар арасында алуан түрлі пікір бар. Қалай болғанда да криттіктердің гректермен қандас туыстықта болған-болмағанына қарамастан Крит кезеңі мәдениеті грек өркениетінің, демек еуропалық өркениеттің алтын бесігі болды деп толық сеніммен айта аламыз.
Крит дәуірінен кейін грек өркениеті — материктік Грекияға ауысты. Ол микендік (немесе ахейлік) мәдениет болатын. Алғашқыда Микены мәдениеті Минос мәдениетінің ықпалында дамыды деуге болатын. Киім үлгілерінен бастап көптеген құдайларына дейін бірдей. Бірақ, кейіннен Микены мәдениетінің өзіндік бет-бейнесі айқындалып, жаңа даму жолына түсті. Осы орайда, мәдени ұқсастықтардан болу керек, қола дәуірінде Эгей теңізі бассейнінде қалыптасқан Криттік — микенылық мәдениетті «Эгей өнері» деп атанған. Қазіргі заманғы көптеген ғалымдардың пікірінше, Шығыс Жерорта теңізі өнерін гректер келместен бұрын түрлі тілде сөйлейтін талай халықтар мекендеген. Тіпті, неолит дәуірінің өзінде (б.з.д. V—ІV мыңжылдықтар) Балқан түбегін, Кіші Азия жағалауы мен Эгей теңізі аралдарын эгейліктер деп аталатын ел мекендеген. Ал сол эгейлік өнердің басты орталығы Крит болды да, ал одан кейінгі кезеңде — Микены болды. Бір таңқаларлық, жағдай, Микены Криттік сарайларға дейін-ақ аршылып алынған екен, сондықтан да эгейлік мәдениет дүниесін бірінші ашқан адам — неміс Генрих Шлиман (1822—1890) болды. Көп уақытқа дейін Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларындағы баяндалған уақиғалар тарихи шындыққа жатпайтын ойдан шығарылған әдемі аңыздар деп саналып келді. Бала кезінде әкесінен Гомер кейіпкерлері жайында естіп білген Шлиман әкесіне: «Троядан ештеңе қалмады дегенге мен ешуақытта да сенбеймін. Қалай болғанда да мен оны табамын!» — деп мәлімдеме жасады. Шлиманның бұл мақсатына ғалымдар күмәнданып қана қоймай, оны келекеге ұшыратты. Көптеген сәтсіздіктерден кейін, ол Эгей теңізінің азиялық жағалауындағы Гиссарлық төбені, яғни Гомердің «қасиетті Троясы» тұрған жерді қазып, мол олжаға кенелді. Шлиман тапқан алтын қазына — Гомер поэмасында суреттелген Приам патшаға дейін бір мың жыл бұрын өмір сүрген патшаның мол дүниесі болатын, бірақ ол өзі бұл қазынаны Приам патшасының қазынасы деп ойлайды. Мұнан соң Шлиман тағы да Гомер поэмаларында баяндалған тарихи деректерге сүйене отырып, Микеныны аршып алып, ондағы патшалар зиратынан алтын әшекейлердің баға жетпес мол қазынасын табады. Ол Гомер поэмаларында көрсетілген Агамемнон патшаның қазынасы болмауы да мүмкін, бірақ бұл археология саласындағы бас айналдырар тамаша табыстар болатын. Оның ашқан ұлы жаңалықтарының негізінде көне Грекияның тарихында Микены дәуірінің мәдениетін зерттеу жұмыстары басталып та кетті. Сөйтіп Шлиман зор даңққа бөленіп, өз заманының ең атақты адамдарының біріне айналды.
Микены өркениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. XV-XІІІ ғасырлар. Ахейлік гректер жасаған мәдениет көп жағдайларда Криттік мәдениетке қанша ұқсас болса да, оның тек қана өзіндік сипаты, өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері болды. Крит арал болғандықтан, оларға сыртқы жаулардан теңіздің өзі пана болды да, қалаларға бекіністер салудың ешбір қажеттігі болмай қалды. Ал құрылықтағы Микеныда ахейліктер өздерінің сарайларын биік шоқылардың басына салып, сыртқы жаулардан қорғану үшін оларды қуатты дуалдармен қоршап тастады. Осы орайда Критте де, Микеныда да сарайлар басты мәдени орталықтар болғандығын атап өтуіміз қажет. Кейін гректер мұндай мекен-дерге «акрополъ», яғни «үстіңгі қала» деген ат қойды. Бір ғажабы Микены мен Тиринф маңының алып қорғандары біздің заманымызға дейін сақталған. Бұлар б.з.д. XІV-XІІІ ғ. салынған мәдени-тарихи ескерткіштер болып саналады. Микены акрополінің ұзындығы 900 м. дуалының қалыңдығы 6 метрден он метрге дейін жетеді. Тиринф дуалының аумағы да орасан зор. Қалыңдығы 17,5 метр дуалдың ішінде өтпелі жолдар мен азық-түлік, қару-жарақ сақталатьш қоймалар сақталған. Бұл дуалдар салмағы 5-6 тонналық шомбал ауыр тастардан қаланып жасалған. Гректердің ұлттық мақтанышьша айналған бұл дуалдар ұлылылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Мысалы, Гомер Тиринфи «дуалды берік қорған» деп атаса, жазушы Павсаний (б.з.-ң ІІ ғ.) Тиринф дуалдарын Египет пирамидаларына теңеді.
2.Гомер дәуірінің мәдениеті.
Гомер дәуірінің мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі XI—VIII ғасырлар) Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр. Туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек. Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы» оқығанда, «адамдар маған екі есе үлкен көрінеді» деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX—VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді. Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады, қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса «күрес бар жерде өлім бар, күрес бар жерде жеңіс бар» деген өмірлік қағиданы үмытпаған жөн сияқты. «Адам — бар дүниенің өлшемі» деп грек философы Протогор тегіннен-тегін айтпаған бол ар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады. Ол бойынша: мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара үштасып жатқандығын аңғаруға болады. Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды...
Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес. Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан жасалған мүсіндер жатады. Біздің заманымызға дейінгі IX—VIII ғасыр құмыраны өрнектеу өнерінің дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі, композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардагы суреттер «лак» деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан табылған әртүрлі пішінді заттар (біздің заманымызға дейінгі VIII ғасыр) көңіл аударуға тұрарлық. Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт болғандарды жоқтау көріністері, өлікті жерлеу кезіндегі салттық билер, жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және тағы да басқалары шынайы бейнеленген. Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де кездестіруге болады. Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нөрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, біздің заманымызға дейінгі I — мыңжылдықтың алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен «архаикалық» кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде
мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін
басынан кешіргенімен де, дәл осы
тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің
гүлденуіне қолайлы алғышарттар
жасалғандығын естен
3.Грекияның
архаикалық кезеңдегі Грек
Архаикалық кезеңдегі грек мәдениеті(біздің заманымызға дейінгі VIII-VI г.). Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII-VI ғасыр аралығын қамтиды. («'''Архайос'''» грек сөзі, «көне» ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі терең өзгерістер кезеңі.
Архаикалық греция
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады. Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда айналымында кеңінен қолданыла бастады. Крит-Микены мәдениетінің күйреуі нәтижесінде тығырыққа тірелген грек әлемі томаға-тұйықтықтан арылып, басқа халықтармен байланыстарының арнасын кеңейте түсті. Шындығында да, гректер көршілес жатқан халықтардан көп нәрселер үйренді. Мысалы, олар мидиялықтардан теңге-ақшалар соғуды, финикиялықтардан — алфавиттік жазуды (кейіннен оны жетілдірді) мұра етті. Қала тұрғындары арасынан шыққан байыған құлиеленушілерді «жаңа байлар» деп атады. Ру басшыларының зорлық-зомбылығына шыдамаған шаруалар қалаларға қарай ағыла бастады. Шаруалар сияқты кедейленген әлеуметтік топтардан «демос» (халық) қалыптасты. Демостың экономикалық және саяси жағынан билеп-төстеген ақсүйектерге қарсы күресі бір толастамады. Осындай таптық тартыстардың өрлеуі, жердің жетіспеуі және қала тұрғындарының шектен тыс көбеюі біздің заманымызға дейінгі VIII—VI ғасырда етек алған «ұлы отаршылдықтьщ» белең алуына тікелей себепкер болды. Оңтүстік Франция мен Испанияда, Сицилия мен Апенин түбегі жағалауларында, Ніл сағасы мен Қара теңіз жағалауында 150-дей грек қала-отарлары пайда болды. Осы бір жағдайды ұлы Платон «гректер Жерорта теңізі төңірегін батпаққа жиналған бақадай қоршап алды» деп тамаша бейнелеп айтқан. Архаикалық дәуірде рулық құрылыстың түкпілікті ыдырауына байланысты көне полис-құлиеленушілік құрылыстың саяси-әлеуметтік формасы — мемлекет қалалар қалыптаса бастады. Әр полюске қаланың өз жерімен қатар, оны қоршаған егістік жерлер де кіретін болды. Қаланың дербестігі мен тәуелсіздігін еркін азаматтар жасағы қамтамасыз етті. Олар мемлекеттік полистік құрылыс жағдайында халық жиналыстарына, сот процестеріне және мемлекеттік маңызы бар істерді шешуге қатыса алатын болды. Мұндағы шаруашылықтың жүргізілуі құлдық жүйенің мүдделеріне сай келді. Мемлекет-қалалардың орналасқан аумағы әртүрлі болған. Мысалы: Афины мемлекет-қаласының көлемі 8400 шаршы киллометр, ал Спартаның көлемі — 2650 шаршы киллометр болды. Ғалымдардың пікірінше, Грекиядағы мемлекет-қалалардың жалпы саны екі мыңға жуық болған. Солардың ішіндегі ең ірілері — Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы және тағы да басқалары. Саяси жағынан алып қарағанда көптеген мемлекет-қалаларға ұсақталып бөлінген Грекия, дәл осы архаика-лық дәуірде басқа халықтармен қарым-қатынастар жасаудың нәтижесінде елдің бірлігі туралы ойлана бастады, сондықтан да болар бүкіл грек әлемін қамтитын «Эллада», «Эллиндер» деген ұғымдар қалыптасты. Жергілікті діндердің бірігуінің нәтижесінде жалпы гректік құдайға табыну орындары — ғибадатханалар полистер арасындағы басты экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастардың орталықтарына айнала бастайды.
Ежелгі Шығыс елдері сияқты, грек дінінде де политеизм тән болып келеді. Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі. Оның әйелі Гера — аспан құдайы және неке қамқоршысы. Зевс өзінің ағайындары: Пасейдонға теңіздегі билікті, Аидқа жер асты патшалығын берді. Сұлулық пен сүйіспеншілік құдайы Афродита мифтер бойынша теңіз толқынынан жаратылған, ол римдік аңыздарда Венера деген атпен белгілі. Венера Медицейская, Венера Таврическая, әсіресе Милос Венерасы және тағы да басқа әйгілі мүсіндер Афродитаның даңқын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Ежелгі Грекияның басты құдайларының бірі — жануарлар әлемінің, ағаштар мен өсімдіктер дүниесінің қамқоршысы Артемида. Әлемнің жеті кереметі болып саналатын Артемида ғибадатханасы — Артемиданың құрметіне тұрғызылған. Афина данышпандық құдайы, оның шапағатының арқасында адамдар ғылымға ұмтылған, қолөнермен айналысқан, әйелдерді тоқыма ісіне үйреткен. Гелиос — күн құдайы, Ника (Виктория) — жеңіс құдайы, Арес — соғыс құдайы, Дионис — шарап құдайы, Гермес — сауда-саттық құдайы және тағы да басқалар.
Грекияда құдайлар мен адамдардың некесінен пайда болған батырлар да ерекше құрметке бөленген. Әсіресе 12 рет ерлік жайаған Гераклдың мерейі үстем болды. Геракл (Геркулес) — ежелгі грек жұртында аты аңызға айналған нағыз халық батыры. Әкесі Зевс, анасы Алкмена, зайыбы — Амфитриона, Гераклдың көзсіз ерліктері ғасырлар бойы жырланып келді. Бір таңқаларлығы оның есімі «Илиада» мен «Одиссея» дастандары жазылмай тұрған кездің өзінде-ақ белгілі болған. Гераклдың образы өнер туындыларында да асқан шеберлікпен берілген (мүсін өнерінде «Дем алып тұрған Геракл», әдебиет саласында Софокл мен Еврипидтің шығармалары).
Құлиеленуші полистердің өсуі монументтік сәулет өнерінің дамуына, Грекияның көптеген қалаларында салына бастаған храмдар (ғибадатханалар) құрылысының етек алуына әкеліп соқты. Ғибадатханалар қалаларды одан әрі көркейтіп, оның күш-қуатын көрсетті, храм салуда полистер арасында бәсекелестік пайда болды. Сарайлық, криттік сәулет өнеріне қарағанда, бұл дәуірдің сәулет өнері храмдық болып келеді. Бірақ діни рәсімдер арнайы құрбандық орындарында, далада өткізілгендіктен храмдарға, құдайға құлшылық ету үшін емес, тек құдай мүсіндері тұратын орын ретінде ғана пайдаланылатын болған, яғни храмдар — шеберлер қолынан шыққан асқақ мүсіндердің мекені болды. Архаика кезеңінің ең биік храмдарының бірі — Коринфтегі Аполлон храмы (біздің заманымызға дейінгі VI ғасырдың екінші жартысы). Бұл храм — өзінің сәулеті жағынан қас бетінде алты колоннасы, ұзына бойында он бес колоннасы бар таңғажайып құрылыс. Құм қайран тастан қашалған колонналардың ұшы жіңішкере береді, олар әдемі жұқа сылақпен әдемі етіп сырланған. Немістің ұлы ақыны Гете сәулет өнерін «үнсіз музыка» деп бағаласа, сол бір үндестіктің ажырамас бөлшегі болып табылатын грек колоннасы — таңғажайып таза үнді, жан тебірентерлік дауыстарға толы симфония сияқты. Олай болатын себебі, грек сәулет өнерінде колоннаның рөлі зор болды, олар храмның сырт келбетін одан әрі әсерлендіріп, айқындай түсетін. Колонналар көлеңкесінен саудагерлер мен ақша ұстайтын адамдар сая табатын, жауыннан немесе ыстықтан бой тасалайтын орын ғана емес, саяси айтыстар қызып жататын грек қаласының бүкіл тіршілігі осы колонналар аясында өтетін еді. Демек, орнықты да, әсем етіп салынған грек колонналары заман талабына сай өз міндеттерін толық атқара білді. Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды, яғни мүсін өнері сәулет өнерін туғызды, ал сәулет өнері өз кезегінде мүсін өнерін жасады. Бүгінгі заманымызға дейін өзіндік ерекшеліктерін, сыр-сипатын сақтап келген өнердің құнды ескерткіштерінің көпшілігі дәл осы кезенде жасалды. V ғасыр ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады. Олардың қатарына қоладан құйылған құдайлардың мүсіндері, атлеттер мен жануарлар бейнелері және тағы да басқалары жатады. Болашақ ұрпаққа римдік бірнеше мөрмәр көшірме арқылы жеткен «Диск лақтырушы» деген мүсінді алып қарастырып көрейікші. Диск лақтырушы қолындағы ауыр дискіні кейін сермеп, енді ғана лақтырайын деп тұрған сәтінде бейнеленген. Оның бұлшық еттері шиыршық атқан, денесі догадай иілген, бірақ өңі өте сабырлы, барлық ықыласын, ынта-жігерін тек жеңіске арнаған.
4.Грек классикасы мәдениеті (біздің заманымызға дейінгі V — IV ғасырлар)
Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444—429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді. Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған.
Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер іректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді ныгайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және тағы да басқа мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмысстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мөрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек. Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.
Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті.
Қорытынды
Сонымен, египеттіктер мен вавилондықтардың жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, гректер өзіндік математиканың, астрономияның, медицинаның негіздірін қалады: натуродилософия, лирика, поэзия мен театр, алғашқы тарихи еңбектер дүниеге келді.
Храм құбылыстарына байланысты монументалдық сәулет өнері өрістеді. Олардың арасындағы ең көректісі – Коринодтегі Аполлон храмы. Сәулет өнерімен қатар монументалдық пластика дами бастады.
Грецияның классикалық өнерінде, архитектура мен әдебиетте адам құдіреттілігі насихатталады. Эллинистік кезеңде антикалық және шығыстың мәдениеттердің тоғысуы деп қарастыруға болады.
Негізгі құқықтық ұғымдардың
классикалық анықтамаларын
Антикалық мәдениет – Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін қалыптастыру жатады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет
2.Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет
3. Афанасьева В., Луконин В., Померанцева Н. Искусство древнего мира (Малая история искусств). М., 1976.
4. Дмитриева Н. А. Виноградова Н. А. Искусство Древнего мира. М., 1986.
5. Древние цивилизации - М.,1989

- Греко-Римская культура
- Греко-римська боротьба
- Греция
- Греция - финансовый кризис. История и последствия
- Греція у міжвоєнний період
- Грецька міфологія в поемах Гомера
- Греческая кухня
- Гра, як засіб соціалізації дітей молодшого шкільного віку
- Гра як метод навчання. Її пізнавальне та виховне значення
- Гра як психологічний розвиток молодших школярів
- Гребная электрическая установка пассажирского теплохода
- Гребные электрические установка (ГЭК)
- Грегор Мендель
- Грейферный кран