«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі

 


 


М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе......................................................................................................................4

І бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы

1.1. Бухгалтерлік баланс түсінігі, экономикалық мазмұны.................................7

1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында  ғалымдар мен  

       тәжірибешілердің еңбектеріне шолу............................................................11

1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы міндеттері..........................................13

 

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС -  ң экономикалық – ұйымдастырушылық және     

               қаржы жағдайына сипаттама

2.1 Кәсіпорынның  қаржы – экономикалық жағдайын талдау........................17

2.2. Кәсіпорынның есеп - ұйымдастырушылық  жағдайы..............................23

 

ІІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті 

                  және жүргізілу тәртібі

3.1. ХҚЕС – ға көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудың ерекшеліктері.........................................................................................................27

3.2. Баланс құрастыру тәртібі және бухгалтерлік баланс түрлері, құрылуы...32

3.3. Бухгалтерлік баланс компьютеризациясы .................................................51

3.4. Бухгалтерлік баланс  аудиті...........................................................................52

 

Қорытынды мен ұсыныстар.................................................................................58

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................61

Қосымшалар

 

 

 

 

Кіріспе

 

        Қаржылық есептің негізгі атқаратын қызметінің функцияларының бірі пайдаланушыларға  кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру.Осындай ақпараттық мәліметтердің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. «Баланс» сөзі латын тілінен аударғанда теңдікті, теңдестікті және қандай да  бір қызметінің тараптары арасындағы қатынастардың сандық көрсеткіштерін білдіреді. Ақпараттарды баланстық жинақтау  есепте, қаржы- шаруашылық қызметті талдауда басқару ұйымдарының нарық экономикасында бағыт алуы үшін кеңінен қолданылады.

        Бухгалтерлік баланстың мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан бухгалтерлік баланс –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.

        Бухгалтерлік баланс көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Балансты оқып білу –оның әрбір баптарының мазмұнын,бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу.Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, бухгалтерлік баланс арқылы:

  • талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
  • кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
  • айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
  • аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
  • жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.

        Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс коммуникацияның   нақты құралы болып табылады, ол арқылы:басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы  мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.

        Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен  пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

        Жұмысымның мақсаты – нақты кәсіпорынның материалдары бойынша   бухгалтерлік баланстың  мәні мен маңызын, оның басқару шешімдерін бақылаудағы  ролін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында бухгалтерлік баланстың мәнін анықтау;
  • бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызын талдап, ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу;
  • дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз» ЖШС-ң экономикалық-ұйымдастырушылық жағдайына сипаттама беру ( 2004-2006 жылдардағы бухгалтерлік балансын салыстырмалы түрде талдау, қаржы-шаруашылық жағдайына есеп беру және т.б.)
  • бухгалтерлік баланс аудитіне шолу;
  • қазіргі кездегі балансты есептеудегі ақпарат жүйелеріне сипаттама беру;
  • ХҚЕС – на көшудегі бухгалтерлік балансты қайта құрастырудағы ерекшеліктерін анықтап, талдау.

        Дипломдық  жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен ұсыныстан, қолданылған әдебиеттер тізімі  және қосымшалардан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына негізделіп жазылған.Сондай –ақ, бұл жұмысымда салыстыру, материалдарды теориялық және нақты талдау,синтетикалық топтастыру, корреляциялық әдістер қолданылады.

        Бұл жұмысымның нақтылығы - «Индергаз»ЖШС-ң 2004-2006 жылдар бойынша мәліметтерін зерттеу негізінде айқындалады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I бөлім. Бухгалтерлік баланстың экономикалық маңызы

1.1 Бухгалтерлік баланс түсінігі,экономикалық  мазмұны

       

        Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс- есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субъект нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орнын, таңдап алынған стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігін салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұнымен ішкі қолданушылар сияқты, сыртқы қолданушыларға да пайдалануға мүмкіндік береді. Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады, өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәспорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды.  Баланстың  маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс- қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәспорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін , оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымен, сондай- ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік  баланс- талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады. Сыртқы түрі бойынша бухгалтерлік баланс кесте болып көрінеді де, оның сол жақ бөлігінде мүліктер құрамы мен орналасуы бойынша, яғни, баланс активі көрсетіледі. Оң жақ бөлігінде осы мүліктердің қалыптасу көздері, яғни, баланс пассиві көрініс табады. Актив пен пассив жиынтықтарының арасында теңдік болуы тиіс. Мұның өзі баланстың активі мен пассиві қорлардың сол  бір ғана жиынтығын екі түрлі топтарда көрсетілетіндігімен түсіндіріледі. Баланстық бап бухгалтерлік баланстың негізгі элементі болып табылады. Ол мүліктердің, міндеттемелердің түріне, қалыптасу көздеріне сәйкес келеді. Яғни, бухгалтерлік баланс бабы деп - кәсіпорын мүлкінің жекелеген түрлерін, оның пайда болу көздерін, міндеттемелерін сипаттайтын баланс активі мен пассивінің көрсеткішін айтады. Баланс актив бөлігінің құрамына сай ерекшелік бұл, яғни, баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде қатаң белгілі бір дәйектілермен орналасуы, яғни, олардың өтімділік дәрежесіне аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек, басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері  мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке байланысты құрылады: төлем мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

        Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөледі. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз- кәсіпорынның міндеттемелері, яғни, кредитордың бережақ борыштары болып табылады. Ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады.Сондықтан бұл бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз:

Актив=Меншікті капитал + Міндеттеме

        Бұл теңдеу  келесідей түсіндіріледі: кәсіпорынның активіне салынған әрбір теңге кредиторлармен немесе меншік иелерімен жасалады және салынған әрбір теңге активтің кейбір түрлеріне салынады.

Бұл теңдікті кейбір шетелдерде келесі түрде көрсетеді:

Актив -Міндеттеме = Меншікті капитал

        Әдетте, кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беру уақытына қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. ҚР-ң Қаржы Министрлігінің 3.03.1994 жылғы №10-4 /1143 хатына сәйкес кәсіпорындар мен ұйымдар меншік нысандары мен қызметінің түрлеріне қарамастан тоқсан сайын есепті кезең аяқталған бойда 30 күннен кешіктірмей бухгалтерлік балансты жасауға міндетті.

        Сонымен, бухгалтерлік  баланс- бухгалтерлік есептің орталық формасы болып табылады. Баланста объектілер екі рет көрсетіледі және екі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. ҚР – ң заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып  табылатын ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруінің құрылуының методикалық негіздері, мазмұны, құрамы БЕС – мен реттеледі: ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит методология Департаментінің 21 мамыр 1997 жылғы № 7 Бұйрығымен бекітілген 2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі өзгертулер» және « Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық бағыттар».

        ҚР – да қызмет ететін бухгалтерлік есеп және есеп берулер ХҚЕС – ң негізіне алынған принциптер бойынша құрыла  бастады.Егер бухгалтерлік есепті қазіргі таңда « халықаралық бизнес тілі» деп атаса, онда принциптер де, есеп беруді құрастыру формаларының ережелері де қазіргі талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ та айта кететін жайт, еліміздегі көптеген ұйымдардың бухгалтерлік есеп методологиясы әлемдік тәжірибе талаптарына бөлшектеп ғана сәйкес келеді.

        Кәсіпорынның есеп берулері қаржылық есепті процедуралардың логикалық жалғасы болып табылады және есептік кезеңге кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін құрайды. Барлық нақты ақпараттар пайдаланушыларға түсінікті, анық болуы тиіс. Баланста заңды тұлғаның аты, орналасқан жері, есептік мерзім мен есептік кезең көрсетіледі. Сондай – ақ, кәсіпорын қызмет түрінің қысқаша сипаттамасы, оның  заңды формасы, және барлық есеп беруде көрсетілген өлшем бірлігі болады.

        Баланс Қазақстан  Республикасының валютасында құрылады; өлшем бірлігі - мың теңге. Бухгалтерлік баланс Бас кітапта көрсетілген шоттар бойынша қалдықтар негізінде құрылады.

        Бухгалтерлік  баланс спецификалық методологиясымен  айырықша көзделген мақсаттар  мен берілген мәліметтерді пайдалану  сипатымен ерекшеленеді. Бухгалтерлік баланста ешбір қателер мен түзетулер жіберілмеуі тиіс. Бухгалтерлік есеп берулер ( баланс ) міндетті аудиттік тексерістен өтіп, тәуелсіз аудиторлармен оның дұрыстығы дәлелденуі керек. Бухгалтерлік баланс – кәсіпорындағы, ұйымдағы есеп процесінің қорытынды кезеңі болып табылады. Онда кәсіпорынның жыл аяғындағы қаржылық және мүліктік жағдайы, есептік кезеңге шаруашылық қызметінің нәтижелері бейнеленеді, баланстағы ақпараттарды түсіну үшін бухгалтерлік баланстың құрылымын ғана емес, сондай – ақ ондағы негізгі логикалық және бөлек көрсеткіштер арасындағы спецификалық байланыстарды білу қажет.

 

 

1.2. Бухгалтерлік балансты жетілдіру мақсатында   ғалымдар мен

тәжірибешілердің еңбектеріне шолу

        Бухгалтерлік  баланс - еліміздің тәжірибесінде шетелдік тәжірибеге қарағанда, қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде ерекшеленеді. Ал,батыс тәжірибелерінде, яғни, американдық, британдық жән жаңа зейландиялық кәсіпорындардың жылдық есеп беруінде ерекше назарды табыс және шығыс туралы есеп беруге аударады, себебі, онда табыс қызметтің маңызды көрсеткіші болып табылады. Сондай – ақ, бухгалтерлік баланс – белгілі бір уақыт мерзіміне экономикалық объектілердің стратегиялық жағдайын бейнелеу. Ол шаруашылық субъектінің құралдар кірісін, шығысын және ішкі қозғалысын бейнелемейді.

        Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге « Бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының « Бухгалтерлік баланс» деген оқулығында келесідей анықтама берілген: « Бухгалтерлік баланс – бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып табылады».(6)

         Ағылшын ғалымдары шығарған «Бухгалтерлік кіріспе» деген оқу құралында былай жазылған: «Баланс – бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтердің  тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әрбір бабы ақшалай көрініске ие болады.(6) Бухгалтерлік баланс – жылдық есеп берудің ең басты формасы. Ол кәсіпорынның шаруашылық құралдары мен оларды қалыптастыру көздерінің құрамы мен мөлшері туралы ақпарат белгілеу тәсілі болғандықтан бұл айтылған пікірлермен  толығымен келісуге болады.

        Француз авторлары  Э.Лоэте мен А.Гильбо бухгалтерлік  балансты «жабылмаған шоттар  синтезі» деп атайды. Ал, Додэ  «Нақты жағдай мен есептік  жылдың шын мәнінде табысты болғанын тек қана бухгалтерлік баланс көрсетеді» - дейді. (11)

        Әлемлік банк  өңдеп шығарған «Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар»  оқулығында былайша түсіндіріледі: « Бухгалтерлік баланстық есеп  – бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстың есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай – ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан тұрады. Мысалы: бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ әлде меншікті ме?»деген сұрақтар шешіледі.(13)

        «Бухгалтерлік баланстың мақсаты- бухгалтерлік есепті» №2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептегі негізгі өзгертулер» деген стандартында көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады» деп көрсетілген Қазақстандық ғалым К.Ш.Дүйсенбаевтың «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» деген оқу құралында. 10)

        Қазақстандық сертификатталған бухгалтер - тәжірибеші А.Абдиманапов «Терминология және қаржылық есеп беру элементерін мойындау» мақаласында: «Бухгалтерлік баланста ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттар қаржылық есеп берудің бір бөлігі болып табылады. Бұл ақпараттар кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауға және қаржылық шешімдер қабылдауға қажет. Пайдаланушылар дұрыс қаржылық  шешім қабылдай алмайды егер бухгалтерлік баланстағы мәліметтер толық, түсінікті көрсетілмесе» (23) Бұл айтылған сөздермен келісетін себебім шынымен де егер баланста мәліметтер толық көрсетілмесе, онда кәсіпорынның қазіргі жағдайын қандай екенін біз біле алмаймыз . 

        «АТФ Банк» бас маманы Р.Капасов: « Бухгалтерлік баланс – кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және талдау үшін ақпаратты форма болып табылады. Бухгалтерлік баланс анализі кәсіпорынның актив, міндеттеме және меншікті капиталын бағалауды болжайды. (28) Бұл пікірмен келісуге болады, себебі, бухгалтерлік баланс баптары арқылы қазіргі таңда кәсіпорын мүлкі,оның орналасуы туралы көп көлемде ақпарат ала аламыз.

        Қазақстан Республикасының аудиторы Т.Витулева « Бухгалтерлік баланс» деген мақаласында: «Қаржылық есеп беру – есепке алу әдісіне сәйкес қызметтің үздіксіздігі туралы жіберу негізінде құрылуға тиіс баланс»(27) Бухгалтерлік баланс қаржылық есеп берудің ең басты формасы болып саналғандықтан бұл аудиторлық көзқараспен толықтай келісуге болады.

        Cертификацияланған бухгалтер- тәжірибеші Ә.Нурсеитов өз мақаласында(30) : «Бастапқы баланс қалыптасқан терминология бойынша «кіріс қалдықтары», ал бастапқы сальдо есебімен құрылған есептік кезеңге баланс ХҚЕС бойынша құрылған бірінші қаржылық есеп болып табылады» деген сөздеріне толықтай келісуге болады.

 

1.3. Бухгалтерлік баланстың алдындағы  міндеттері

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы негізгі құралдардың орналасуы мен пайдалануы және олардың пайда болу көздері бойынша сипаталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның бухгалтерлік  балансында көрсетіледі, себебі ол қаржылық есеп беру жүйесінің басты көрсеткіші болып табылады. Бухгалтерлік баланс есеп беруде мынадай маңызды міндеттер атқарады:

  • Меншік иелері  мен менеджерлерді шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен таныстырады; баланстан олар осы кәсіпорын иелік ететін материалдық құралдар қорларының саны мен сапасы туралы ақпарат ала алады;
  • Баланс бойынша кәсіпорын жақын арада үшінші тұлғаның алдында өзіне жүктелген міндеттемелерді орындау мүмкіндігі анықталады;
  • Актив пен пассив баптырының мазмұны, ішкі саясаты, сыртқы пайдаланушыларға қолдануға мүмкіндік береді;

Бухгалтерлік баланс - қаржылық есеп берудің басты формасы ретінде, есептік кезеңге кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, шығыстары мен ағымдық активтердік айналымдылығын, меншік капиталы мен міндеттемелерін, дебиторлық кредиторлық бережақтардың жағдайы мен динамикасын,кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның нақты аналитикалық мүмкіндіктерін бағалау үшін берілген баланстағы ақпараттарды оқып білу қажет, яғни : Баланс - бұл есептік кезең басы мен аяғына сол кездегі мәліметтерді сәйкестендіру болып табылады. Ол мынадай сұраққа жауап береді: «Дәл қазіргі уақытта кәсіпорынның жағдайы қандай ?», ал мына сұраққа жауап бермейді: «Мұндай жағдай ненің нәтижесінде болды?»

Негізгі бухгалтерлік баланс мазмұнының жалпы көрсеткіштері оны пайдаланушыларға үлкен ақпарат береді және қаржылық жағдайды нақты бағалау үшін негізгі талдау бағыттарын анықтайды :

  • Қысқа мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі баланс құрылымының қанағаттанарлық бағалау көрсеткіштерінің есептелуіне негізделеді.Төлем қабілетілігін сипаттау үшін мынаған назар аударған жөн,банктердегі есеп шоттардағы ақша қаражаттарына,ұйымның кассасына,шығындарға, дебиторлық,кредиторлық бережақтарға;
  • Ұзақ мерзімді перспективаға қаржылық жағдайдың анализі құралдардың пайда болу көздерінің құрылымын,ұйымның сыртқы инвесторлары мен кредиторларына тәуелді деңгейін зерттейді;
  • Ұйымның іскерлік активтілігінің анализі;

        Сондай –ақ, бухгалтерлік балансты құрған кезде келесідей міндеттер де есепке алынғаны жөн. Оны жасауға дейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтермен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен ( егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.

        Ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелер өзара есепке алынуына рұқсат етілмейді. Бухгалтерлік баланстың кейбір баптары басқа баптарға енгізілмеуі керек немесе бұрып қоюға болмайды ( мысалы: дебиторлық қарызды кредиторлық қарызбен жабуға болмайды)

        Сонымен баланстағы  ағымдық активтер мен міндеттемелерді  анықтау және олардың мазмұнын  ашудың қаржылық есеп беру  үшін маңызы зор, сондай – ақ, пайдаланушылар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

        Сондай – ақ, ұзақ және ағымдағы активтер, меншік капиталы, ұзақ және ағымдағы міндеттемелер бухгалтерлік баланста ашылуы тиіс.

        Бухгалтерлік балансты құру кезінде алдына қойылған міндеттер келесідей принциптерге негізделеді:

  • Ақшалай өлшем – бухгалтерлік бақылауға алынған объектілер бір ақпаратты модельге жалпылау үшін көрсеткіштерді бірдей ақшалай өлшемге алып келінеді;
  • Ерекшеленген кәсіпорын- бухгалтерлік баланс оған байланысты тұлғаларға ( дебитор, кредитор, инвестор т.б) емес, кәсіпорынға қатысты; активінде толық бақылауға алынған және мүлік құқығын иеленген кәсіпорынға тиісті мүліктер есептеледі;
  • Қызмет етуші кәсіпорын – кәсіпорын қызмет атқаратын мерзімі анықталмаған, оның ликвидациясы белгісіз;
  • Өзіндік құны бойынша есеп – бухгалтерлік баланста актив ағымдағы нарықтық құнымен емес, бастапқы сомасы бойынша бейнеленеді;
  • Екі жақты жазу – бұл концепция келесідей фактіден көрінеді: бухгалтердік баланстың сол жағындағы актив сомасы меншікті және тартылған капитал сомасына тең болуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. «Индергаз» ЖШС -  ң қаржы – ұйымдастырушылық

жағдайына сипаттама

2.1 Кәсіпорынның  қаржы – экономикалық жағдайын талдау

        Дипломдық жұмысымның объектісіне алынып отырған «Индергаз»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) Атырау облысы, Индер ауданында орналасқан.

      «Индергаз» ЖШС  ҚР «Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік» заңына және Азаматтық  Кодексіне негізделіп, Атырау облыстық Әділет басқармасының қаулысына сәйкес 1998 жылы 22 сәуірде  құрылды. 2004 жылдың 14 желтоқсанында акционерлердің кезекті отырысында «Индергаз» ЖШС ретінде қайта құрылды.

      Меншік формасы - жеке кәсіпорын.

      «Индергаз» ЖШС  Қазақстан Республикасының «Жеке  кәсіпкерлік туралы»заңына және  жеке Жарғысына (Устав) сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырып келе жатқан заңды тұлға,ол жеке балансын,өз кәсіпорын атымен қазақ және орыс тілдерінде мөр таңбасын және банкте есептік,арнайы және валюталық шоттарын иеленеді.

      Жарғылық капиталы - 6 385 200 мың теңге.

      Негізгі қызмет түрлері:

  • тұрба құбырлары бойынша газ отындарын бөлу;
  • Атырау облысының халқын табиғи және сұйытылған (сжиженный) газбен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету.

        «Индергаз»  ЖШС – ң қаржы – шаруашылық жағдайын талдай келсек келесідей нәтижелерді  көреміз. Мұны төмендегі кестелерден анық көре аламыз.

 

 

 

 

Кесте 1

2004-2006 жылдарға « Индергаз» ЖШС-ң

 өндіріс көлемі

 

Көрсеткіштер

 

Жылдар

Өсу қарқыны %

 

2004

2005

2006

 

Тауарлы өнім көлемі, мың.тг

108080379

144958583

108079895

100

Негізгі құралдар, мың.тг

17781991

22521428

27651274

156

Жұмысшылар саны,адам

38

47

53

139

Таза табыс (зиян),мың.тг

4851342

3954745

5229880

108




 

        Кестеден көріп отырғанымыздай, тауарлы өнім көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ешбір өзгерусіз қалғанын көре аламыз, ал 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда (144958583/108080379)*100%) 34%-ға өскені анық көрінеді.(144958583тг) Осы жылы жағымды бағаны кәсіпорынның негізгі құралдарының көбеюіне бере аламыз, яғни, кестеден көріп отырғанымыздай 56 %-ға немесе 9869283 мың теңгеге көбейген, өсу қарқынының мұндай көрсеткіші кәсіпорынның жер, ғимараттар алуынан білінеді. Мұны 1-3 қосымшалардан, яғни кәсіпорын баланстарынан анық көре аламыз. 2006 жылы кәсіпорынның таза табысы басқа жылдармен салыстырғанда едәуір жоғарылаған (+8%).

        Кәсіпорынның  өндірілген өнім көлемін бөлек  баптар бойынша талдап өтсек,оны  төмендегі кестеден көре аламыз.

 

Кесте 2

2004- 2006 жылдарға «Индергаз» ЖШС-ң 

тауарлы өнім көлемі, (мың. тг)

 

 

Көрсеткіштер

Жылдар

Өсу қарқыны %

2004

2005

2006

Мың,тг

Мың,тг

Мың,тг

Табиғи газды сату

56 977 858

48 634 193

39 346 532

69

Табиғи газ тасымалы

26 847 519

40 543 604

32 718 081

122

Сұйытылған газ сату

24 255 002

55 780 786

36 015 282

148

Барлығы

108 080 379

144 958 583

108 079 895

100


       

        2004 жылы басқа жылдармен салыстырғанда табиғи газды сату көлемі едәуір жоғары болған 56 977 858 мың тг себебі бұл жылдары көптеген жеке және заңды тұлғалар газды жаңадан өткізе бастады. 2004 жылмен салыстыратын болсақ, 2006 жылы газ сату көлемі 31% ға азайған,ал 2005 жылмен салыстырғанда (39346532/ 48634193)* 100%) 19%-ға азайған, бұл жылдан жылға азаюдың себебін Индер ауданында ЖАҚ «ИСИ гипс», ЖАҚ «ИСИ Инерт», АҚ «Тодини» т.б. ірі өндіріс ұйымдарының өз қызметтерін аяқтауына байланысты екенін көре аламыз.2006 жылы табиғи газ тасымалының жоғарылағаны көрінеді, 2004 жылмен салыстыратын болсақ, газ тасымалы 22%-ға көбейген, ал 2005 жылмен салыстырғанда (32718081/40543604)*100%) 19%-ға азайған, себебі бұл жылдары газдың 1м3- не жаңа тарифтік ставка 3,6 теңгеге бірден жоғарылауы көрінеді. Сондықтан да «Индергаз» ЖШС- ң сатып алушылары «Аркагаз» ЖШС сынды көптеген заңды тұлғалар сатып алынатын газ көлемін азайтты,себебі газдың құны жоғарылай түсті. Ал сұйытылған газ (сжиженный) сату көлемі 2005 жылы ең жоғары көрсеткішті көрсетеді. 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда сұйытылған газ сату көлемі 48% -ға көтерілген. Жалпы бұл кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның тауарлы өнім көлемі 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда бірқалыпты қалғананын көреміз.

«Индергаз» ЖШС – ғы бухгалтерлік баланс жағдайы, аудиті және жүргізілу тәртібі