Йдана Жарнама Назгуль апай
Жарнама
Жарнама дегеніміз белгілі тапсырыс
берген демеушінің атынан тауарды тартымды
көрсетуге және оны сатып алушыға жылжытуға
бағытталған ақылы әрекеттер. "Жарнама"
тілінен аударғанда "айқайлау" (reclamare)
ұғымын сипаттайды. АҚШ Маркетинг Ассоциациясының
Жарнаманың негізгі атқаратын рөлі :
-эканомикалық (утилитарлы) – бұл сауда көлемін көбейтіп, кірісті арттыру.
-ақпараттық шығарушылар – бұл белгілі бір тауарлар жайлы толық ақпарат беру.
-маркетингтік (коммерциялық) – тауардың сауда нарығында жылжуына себеп болады.
-қатынасты (идеологиялық) – бұқараға назар аудартады.
-тәрбиелі (ұйымдастырулы) – жарнаманың бұқара санасына әсер етуі.
-мәдениетті – эстетикалық
қанағаттанушылықты
Жарнама мақсаты:
-сауда нарығын кеңейту
-бұқараға тауар жайлы хабарлау
-фирманың атағын, тауар
белгісін қалыптастыру және
-тауардың пайдалылығы мен артықшылығын хабарлау
-қарсыластарға тойтарыс бере алу.
Сонымен, жарнама – бұл ой, және де оны пайдаланушыға жеткізе білу шарт.
.
Жарнама ерекшеліктері:
- қоғамдық сипаттама алады;
- үгіттеуге қаражат қабілеттілігі бар сатушы жарнама өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
- мәнерлік - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
- иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады.
1.1. Жарнаманың атқаратын қызметтері
Рыноктағы жарнама бернесі:
- экономикалық бернесі – сұранысты қалыптастыру, өтімді ынталандыру, тұтынушыларға тауарларды алғызуды тездету арқылы "сату - алу" үдерісін тездетеді;
- ақпараттық бернесі - тұтынушыларды өндірушілер және олардың тауарлары туралы ақпарат ағымдарымен қамтамасыз етеді;
- коммуникациялық бернесі - маркетинг зерттеулері кезінде қолданатын сауалдама, тұтынушылар пікірлерін жинау, тауар өтімін талдау арқылы жарнама рынокпен және тұтынушымен қайтара байланысын қамтамасыз едеті;
- бақылау бернесі - рыноктағы өнімдердің жылжуын бақылауға мүмкіндік береді;
- түзетім бернесі - өткізу саясатын және жарнама қызметін ұтымды жағына өзгертуге мүмкіндік жасайды;
- сұранысты басқару бернесі - нақты тұтынушылар топтарына көзделген әсер тигізу жолдарын табуға мүмкіндік ашады.
1.2. Жарнама түрлері
Жарнаманың жоғарыдағы айтылған көптеген бернесі әмбебап сипатын көрсетеді және оның жеке түрлерін бөліп талдауды қажет етеді. Жарнаманың түрлерін айыруда көптеген белгілер қолданылады. Оның бірнешеуі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Жарнама түрлерінің негізгі белгілері
Жарнама түрлерін айыру белгілері |
Жарнама түрлері |
1 |
2 |
Жарнаманы жеткізу әдіс-теріне қарай |
"Қатаң" жарнама - қысқа мерзімді,
агрессияшыл жарнама "Жайлы" жарнама
- тауар айналасында қолайлы |
Мияткер түріне қарай |
Өндірушінің атынан жүргізілген жарнама көбінесе коммерциялық әрекетхе байланысты Жеке адамдар атынан жүргізілген жарнама көбінесе хабарландыру сипатын алады. |
Тұтынушыға әсер ету әдісіне қарай |
Оңтайлы жарнама - әлуетті тұтынушының ақыл-ойына әсер ететін жарнама Эмоцисналды жарнама - тұтынушылардың сезіміне, эмоциясына ассоциация арқылы әсер ететін жарнама |
Мақсатты аудиторияның түріне қарай |
Бизнес саласына арналған жарнама - тауарды өндіріс үдерісінде қолдану үшін сатып алатын тұтынушыларға және делдалдарға арналған жарнама Жеке тұтынушыға арналған жарнама |
Коммуника-ция стратегия-сына қарай |
Тандамалы жарнама - нақты рынок сегментіне арналған жарнама Жалпылама жарнама - жалпы рынокқа арналған жарнама |
Компания мақсатына қарай |
Ақпараттық жарнама - тұтынушыларды жаңа тауармен және жаңа фирмамен таныстыратын жарнама Ескерту жарнамасы - тұтынушылар есіне тауар туралы ақпаратты сақтауға арналған және тауарды қай жерде сатып алуын еске түсіретін жарнама |
Жарнама затына қарай |
Тауар жарнамасы – тауарға сұранысты Фирма (фирма беделі) жарнамасы – кәсіпорынның жағымды көрсететін жарнама. |
Тигізетін әсеріне қарай |
Тікелей жарнама – жеке тұлғаға арналған жарнама. Жанама жарнама – көпшілікке арналған жарнама. |
Әсер ету жолына қарай |
Көз жарнамасы (баспа және сыртқы жарнамасы). Акустикалық жарнама (радиожарнама). Иіс сезу қабілетіне әсер ететін жарнама (хош иісті буклет немесе с.с.заттар арқылы) |
Жарнама түрлері және оны тарату құралдары 2-кесте
Жарнама түрлері |
Жарнаманы тарату құралдары |
1 |
2 |
Тікелей жарнама |
а) пошта хаттары, баспа материалдары б) пошта арқылы видеокассеталар, видео-дисктер |
Баспа жарнамасы |
а) анықтамалар, каталогтар б) пресс-релиз, баспасөз хабарламасы в) буклет г) анықтама |
Баспасоз жарнамасы |
а) газеталар б) журналдар |
Хабар жарнамасы |
а) радиожарнама б) тележарнама |
Сыртқы жарнама |
а) үлкен габариттік плакат б) газжарығы құрылымдар в) роллер г) мультивизио плакаты д) электронды панносы |
Экран жарнамасы |
а) кино және видеофильмдер б) слайд-фильмдер |
Транспорт жарнамасы |
а) транспорт сыртындағы жарнама б) транспорт салонындағы плакаттгю және хабарландырулар |
Сату орнын-дарындағы жарнама |
а) витрина б) тауар қорабы в) зат таңбасы г) назар аударуға арналған жазулар, таңбалар ("ай-стоппер") |
Жарнаманың баска түрлері |
а) көрме және жәрмеңке б) компьютер жарнамаеы в) кәдесый г) купон, лотерея |
Жарнама мәтінің тақырыбын таңдау
Жарнама мәтіні – бұл жарнаманың барлық жиынтығы мен және оның формалық түрлері болып табылады. Яғни ойлау және айтылу арқылы жасалу болып табылады. Жасалған Әрбір мәтіннің сұрақтары айтылумен ерекшеленеді. Яғни тілдік формасы стилистикалық редакциялық сатылардан тұрады. Бұл жарнамаға өте қатысты. Жалпы мақсатта жақсы жарнамалық мәтінді құру үшін оның ең алдымен « жарнама ойы» кушті болу қажет. Бұл дегеніміз мұқият ойластырылған сату құралы яғни фирмалық өнімдерді. Жарнамалық мәтін сонымен қатар қосалқы хабарлар мен ақпарттармен толықты болу қажет. Мысалы: (мекен жай, заңгерлік қажетті мәліметтер) Ал сапасы төмен жарнамада керек емес мәтіндер көп болуы мүмкін . Анық мәтінді жарнама үшін мынадай мысал қарастыруға болады. Жевательная резинка мен токарлық станок жарнама мәтіндері өте бір бірінен өзгеше болады. Ал кейбір жарнама мәтіндер тек логатип түрінде берілдеі.Мысалы; Мальборо.
Жарнама мәтінінің тақырыбы және ұрандар
Слоган – жарнаманың ұраны. Ұран жасау «мен нақты нұсқауды талап ететін адаммын» дегендей әрекетті оятады. Жарнама материалындағы слоган жасау – іс-әрекетті оятып назарды тартады. Слогандарды байқайтын адамдарды санайтын болсақ, олар барлық жарнаманы оқитын адамдардан 4-5 есе көп.
Слоган - сауда ұсынысының күшті әрекет ететін түрі, әрбір слоганда ұсыныс болуы керек. Жарнама ұранын ойлап табу кезінде мына талаптарды ескерілетін болу керек:
- жалпы жарнама тақырыбына сөзсіз сәйкес келуі;
- қарапайымдылық: «Ортекс» фирмасының ескі слоганы- «Ортек - не
ждет рынка, он формирует, делая ваши рубли свабодно конвертируемымы сегодня!». Фирманың жаңа слоганы (олар екеу)- «Ортекс: сөз - іс! және «Үміт пен сапа - біздің стиль».
- Лозунгты есте сақтау үшін ерекше сөздер ойыны жолымен іске
асады.
- «Пермавиа - акция с вериталным взлетем! » «Пермавиа» фирмасының
атауын еске түсіреді.
- Жарнамалық хабарламада басты рөл оның тақырыбы болып
табылады. Тақырыпсыз жарнамалық хабарлама өте тиімсіз. Орта есеппен мәтінге қарағанда тақырыпты бес есе көп оқиды. Тақырыбында 80 пайыз тауар туралы айтылмаған мәтін берілді делік, онда әлеуетті тұтынушылар шынайы бола алмайды. Тақырыптың тұтынушы оқып үлгеретін сөз болатынын ескерген дұрыс.
- Тақырыпқа қарап тұтынушы жарнаманы елестету арқылы және
тауарды қолданудан түсетін нақты пайда туралы түсінік беретіндей анық болу керек.
- Тақырып – жарнаманың мәтіннің мазмұны және оны елестетіп
суреттеу арқылы қызғушылықты арттырады. Бұл көпір іспеттес.
Мамандар тақырыпты дұрыс қолданудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Ол мына талаптарды қанағаттандыра алу керек:
1. Қысқа әрі нұсқа да болуы. Оннан көп сөзден құралған тақырып
қысқа тақырыпқа қарағанда нашар есте қалады.
2. Мүмкіндік болған жағдайда «тырнақша» ішінде болса оның
ұтымдылығы 28 пайызға өседі.
3. Қызмет немесе тауар артықшылығына нұсқау жасау әуесқойлықты оятады.
4. Белгілі нарыққа, тұтынушының белгілі бір түрінде сәйкестік болу
керек.
5. Жеке қызығушылықты ояту.
6. Өнімнің артықшылығына адресаттың бірден назар аударуы.
7. Тұтынушының қызығушылығын жарнаманың шығармашылық жағына
емес, өнім сапасына аударып бағыттау.
8. Жарнамаланатын өнімнің жалпы кейпін көрсету.
9. Ескі өнімдерді жаңа әдістермен пайдалану туралы айтатын жаңалық
стилімен тарту.
10. Қажет болмаған
жағдайда тақырыпты қисайтуға,
қатарға сыймаған жағдайда тақырыпты екінші сөйлемнің ортасынан бөлмеген дұрыс.
Жарнама мәтінінің графикасы
Мамандар жарнама мәтінінің графикалық безендірілуіне қатысты белгіленген заңдылықтарды былай анықтайды: макетті дайындау кезінде бүгілу орынды жасыратынын, безендіру мен мәтінді бұрмалайтынын ескерген жөн.
Мәтін міндетті түрде
көрерменнің, оқырманның назарын
аударуы қажет. Көз шұбалаңқы
азат жолсыз жазылған, анық көрсетілмеген
атаусыз мәтінді оқырмен бір-ақ
қабылдай алмайды. Жарнама шрифті
күнделікті баспа бетіндегі материалдардың
шрифтінен кіші болмауы керек. Негізінен
газет шрифті өте кіші. Оқырманға
жарнаманы оқуды жеңілдету қажет.
Бас әріптермен басылған мәтін, бір
көлемдегі әріптермен жазылған
мәтінге қарағанда тез қабылданады.
Баса жазылған шрифт ауыр сөз,
қомақты ойды, тауарға деген
сенімділікті, ал нәзік жазулар,
дәлділік пен нәзіктікті білдіреді.
Шрифтің «сабақтастығын»
Жарнаманың көлемі де басты мәселе болып табылады. Кейбіреулердің көзқарасымен көрнекі әрі бүтіндей бет өте жақсы болып көрінуі мүмкін. Жарнаманың мақсаты - адамды сатып алуға немесе қызметті пайдалануға итермелеу. Жарнама қағаз бетінде міндетті түрдетүлі-түсті болуы шарт емес. Бар болғаны оқырманды қызықтырып, жарнама берушінің тілегін орындауға итермелейтіндей болуы қажет. Жарнаманың тиімділігі көлемінің кішілігіне қарамастан, мысалы жиегінің қуаты мен ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Көлденең жолақты әріптер ауырлықты білдіреді, қиғаш жолақтар қозғалысқа әкеледі. Рамкаға орнатылған мәтін рамкасыз мәтінге қарағанда көңіл аударады. Шаршы немесе шеңберге (тұрақты симметрия) орналасқан мәтін сенімділік шақырады. Эллипс шығармашылық ізденісті тұрақтандырады. Үш бұрыштың бір бұрышына рамкада орнатылған мәтін қозғалысты тұрақтандырады. Кертілген таңбалық шрифт жақсы оқылатын және оны тақырыпқа емес жақсысы жарнамалық мәтінге пайдаланған дұрыс. Нағыз жақсы оқылатын аралығы екі интервалдан алынған 10-12 шрифт.
Негізінен бағанда 40 белгіден артық қолданбаған жөн. Ұзақ қатарлы мәтінде келесі қатарды табу қиын. Сондай- ақ ол беттердің бүгілуін қиындатады, жарнамалық хабарламаның боз және ашық түсті элементтерін жоғары, қара және ауыр түсті бөлігін төменге орналастырған жөн. Егер жарнама бір беттен аз болса онда тік орналастырған жөн. Дизайнды дайындау кезінде пайдаланатын сызық түрлері:
қиғаш сызықтар - тартымды қозғалыс жасау үшін, жылдамдық пен
қуат;
- тік сызықтар - үстемдік, ұлылық пен күшқуат;
- көлденең сызықтар – тыныштықты және байсалдылықты сенімділік
және жайлылықты сезіну үшін;
- оқырман үшін табиғи «Маршрут» көзқарасын белгілеу пайдалы.
Мысалы безендіру тақырыбынан өтіп, тауардың ерекшелігіне немесе атауына, содан соң төмен жағына жарнама мәтінін және соңына логотип немесе тауар белгісін орналастыру қажет;
- тиімді жарнама барлық бетті, жолақпен қоса «жиектеу» көрнекті
болып есептеледі. Егер оны орындау қиын болса жарнаманың айналасына жіңішке рамка жасау керек, ол элементтердің өзара әрекетіне септігін тигізеді және жұмыстың аяқталғандығын білдіреді.
- «жиектеу» жарнамасында мәтін беттің шетіне дейін жетпеуі керек: ол
бүгілу мен «кесілуі» мүмкін. Мәтін мен ішкі жиек арасында 1см қалдыру керек. Логотипті ортаның төменгі немесе оң жақтың төменгі жағына орналастырған жөн. Ол көзге түсетіндей көлемді болуы керек
- Жарнама мәтінінде төмендегі жағдайлар болмағаны жөн:
- тақырып бөлшектеніп немесе бас әріптермен жазылу;
- кері шрифт;
- курсив немесе шрифтің сәндік түрлері;
- суреттің үстіне түскен мәтін немесе тақырып;
- әріптер мен сөздердің өте алшақ арақашықтығы; бәрі жинақы болуы
керек;
- элементтердің қатаң орналасуы қабылдауды қиындатады, элементтердің өзара жеңіл асимметриясы;
- мәтін пайдалануда сүйір кескін - оқуды төмендетеді, мәтіннің сол жағы
тегіс болуы керек. Айтылған ұсыныстар мен талаптарды жүзеге асыру үшін, шрифтің көлемі мен басқа көркем элементтер және олардың ара қашықтығын білу керек. Анық көрсетілген жақсы оқылатын болуы шарт.
Қашықтықтан оқу |
Ұсынылатын шрифт көлемі |
1 м............................. |
7 мм |
3 м............................. |
15 мм |
5 м............................. |
25 мм |
10 м............................ |
40 мм |
15 м............................. |
70 мм |
Мамандар жарнаманы қабылдаудың композициялық – графикалық
әдістерін ұсынады.
«Нәтижелі» тәсіл - жарнама беруші фирманың қол жеткізген
нәтижелерін графика түрінде көрнекі көрсетуде қолданылады. Осы мақсатта:
- жарнама материалында тауар іс-әрекетте көрсетіледі;
- тауардың белгілі сипатының бір бөлігі немесе тұтынушы жағымды жағын көрсетеді;
- нәтиже салыстыру түрінде көрсетіледі «Болғаны - болады», «Оларда – Сізде» , «Бәсекелестерде - бізде».
Көбіне артықшылық жөнінде қысқа әрі нұсқа түсіндірме жасалады
Тұтынушыны жаңа ұстанымға бағыттау тәсілі
- белсенді жеңімпаз кейіпкер немесе тауар, қызмет көрсетіліп,
қасында болу кезінде «бізге қосылыңдар» деген ұрандар айтылады. Кейде осындай кейіпкер немесе тауар, қызмет тікелей мағынада шектен шығып кетеді.
- Тұтынушы графика құралдары арқылы белсенді қызметкер,
қожайын ретінде көрсетеді;
- әрбір адам қолға үйреткен жануар, жануарлардың сүп- сүйкімді ,
мамық төлдері, бала қатысатын жарнама материалдарында әрбір жөні түзу адам автоматты түрде өзін «қожайын», «ата- ана» ретінде психологиялық ұтымды жағынан қарайды.
Жарнаманы безендіру технологиясы
Әсіресе жарнамалық хабарламада мына талаптарға сай келетін
безендіру ерекше рөл атқарады. Мәселен:
- Жарнамадағы өнімге
белгілі қызығушылық
оқырманның назар аударатын;
- тауардың артықшылығын көрсетіп, оны қолданудағы нәтижелері
немесе әрекеттерді көзбен шолып көрсету;
- бірнеше ұсақ безендіруден гөрі , бір ғана көлемді безендіру
пайдаланған жөн;
- мүмкіндікке қарай суреттер емес фотосуреттер пайдаланған дұрыс.
Көркемсурет жәй суретке
қарағанда оқырмандардың
Жарнама мәтінінің тілі
Жарнама тілі – бұл ауызша құралдың бірі. Бұны көбінесе ой тәсілдерінің жиыны мен стилистикалық реңктерді, акцентерді қолдана отырып баяндауға болады. Жарнама мәтін композйциясын әр түрлі етіп салуға болады және әр түрліғып абзацтарға да бөлуге болады сонымен қатар сөйлемдерді, сөздерді адамға тартатындай етіп құрастырып жазуға болады. Өте жақсы жарнама мәтіндерінде « барлығы керекмет үйлесімді болу қажет. Жарнама мәтіндерін зерттеу нәтижелерінде жарнаманы қабылдауға кері әсер ететін қателер анықталып жатады. Мамандар жарнамалық хабарламаларда мәтіндегі лингвистиканы жетілдіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше ұсыныстар жасап отыр:
- ойды жүйелеу және жеңілдету. Қарапайым және тіке айту. Күнделікті
сөздер мен қысқа сөйлемдерді пайдалану. Оның мағынасын кез келген адам бірден түсіну керек. Техникалық және басқа да жаргон түрлерін пайдаланбау;
- хабарламаны шабытты және еліктіретіндей етіп көрсету. Егер ол
әуесқойлықты оятса, тіпті қызығушылық тудырса одан да жақсы болар еді. Түрі ұзақ созылыңқы түсіндірмелерден, сондай-ақ мақұлдаулардан аулақ болу қажет;
- Тұтынушыны осы тауар мен қызметтен түсетін пайдаға бағдарлауы
керек;
- Нақты және түрткі болатындай етіп айту қажет. Сұраулы
сөйлемдерден гөрі келісу сөйлемдерін «Сізге неге біздің дүкенге кірмеске?» деген сияқты сөйлемнің орнына «дәл қазір біздің дүкендегі тауарды көріңіз» сөйлемін пайдаланған дұрыс;
- Адал да шыншыл болу. Тауарды өтірік насихаттау дұрыс емес,
мұндай жағдайда қателіктің орнын толтыру өте қиынға соғады;
- Мұнтаздай болу. Безендіру арқылы назар аудару - нәтижелі іс емес.
Оны қолданған көрермен мен оқырман тауар немесе жарнама тартымсыздығын жарнама берушінің соңғы үміті деп болжайды.
- Ойша бейне тудыратын сөйлемдер мен сөздерді пайдалану;
- Сенімді болу, көрерменге, оқырманға әсіресе тікелей сатып алу
кезінде қалай, қайтіп тауарды сату-сатып алуға болатынын айту керек.

- Йога как педагогический метод развития актерской личности
- Йогурт, его диетические и лечебные свойства. Технология производства. Требования стандарта
- Йогурт с фруктово-ягодным наполнителем
- Йогурты
- Йодометричне визначення фенолу і його похідних
- Кoнтрoль тa нaгляд у системi держaвнoї служби Укрaїни
- Кoнфликты в cиcтеме упpaвления и cтpaтегии иx пpеoдoления
- Історія Шотландії та її втілення в історичному романі Вальтера Скотта «Ламермурська наречена»
- Історя Городка
- Істричні аспекти розвитку фінансового менеджменту
- Істрія розвитку світової банківської системи
- Ішемічна хвороба серця поняття,виникнення,клінічні прояви фізична реабілітація
- Ішемічна хвороба серця та її лабораторна діагностика
- Ішкі маркетинг саясатын енгізу және басқару