Каспий банк қызметінің экономикалық негізі

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Университет

 кафедра

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Банк ісі» пәні бойынша

Тақырыбы: «Каспий банк қызметінің экономикалық негізі».

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: _________тобының                                                                          студенті __________

                                            Тексерген:    ________                 

                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала, жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

  1. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4

  1.1        Банк  қызметіне жалпы сипаттама........................      .                  4

  • 1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау......                                              7                                                              
    1. Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
      1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
      2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
      3. Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі......              15
      4. Меншікті капитал есебі ............................................................................17
      5. Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
      6. Міндеттемелер есебі..................................................................................24

    3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27

         3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27

    ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    КІРІСПЕ

     

     

    Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы   бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.

    Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда  алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

    Банктің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

    Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлің есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының  тұрақты өсуіне әсер етеді.

    Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы  жылдардағы банк   саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен  байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.

    Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары  мен Ұлттық Банкттің нормативтік  актілерне сәйкес  жүргізілуін,   банктердің  қызметтері  мен  өнімдерін    тұтынушылардың  құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығы  мен сенімділігін   және  қаржы нарқтарында  адал бәсекелестік  жүргізуін  қамтамасыз  етеді.

    Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:

    • Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;
    • Банктегі  бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
    • Банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • Банктегі  бухгалтерлік есепке  талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;
    • Банктегі басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;
    • Каспий банк АҚ-ғы салық есебінің ұйымдастырылуы.

     

     

     

    1.КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ     ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

      1. Банк қызметіне жалпы сипаттама

     

    Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы, акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.

    Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша  қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы  мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.

    Каспий банкі АҚ-да есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының 2001 жылдың 13 қаңтарында № 3 қаулысымен бекітілген «Есеп саясаты және оның ашылымдары» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жасаған.

    Субъектінің есеп саясаты субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің Бас шот жоспарының, ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі бойынша  департаментінің нұсқауларының, Салық комитетінің және Үкіметтің басқа атқарушы органдарының директиваларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

    Каспий банкі АҚ-да есеп саясаты салықтық есеппен сәйкес келеді және  ҚР « Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның, бухгалтерлік есеп стандарттарының және оның әдістемелік ұсынымдарының  және инструкцияларының қоятын талаптарына жауап береді.

    Банк қабылдаған есеп және салық сясатының ұзақ мерзімді сипаты бар және бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді алу бойынша есеп және салық саясатының төмендегідей талаптарын қамтамасыз етеді:

    • бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің толық көрсетілуі;
    • мүмкін болатын табыстар және активтерге қарағанда шығындар және пассивтер есебін жүргізу кезінде байқампаздық немесе консерватизм талаптарын сақтау;
    • бухгалтерлік есепте шаруашылық қызмет фактілерін тек құқықтық нысанына қарай емес шаруашылық қызметтің экономикалық мазмұны және жағдайларына байланысты көрсету, мазмұнның нысаннан артық болу принципін сақтау;
    • аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерін қалыптастыру кезінде үздіксіздік талаптарын сақтау;
    • өндіріс және шаруашылық қызмет жағдайларына қарай бухгалтерлік есепті тиімді және үнемді, яғни, рационалдық талаптардың сақталуы;
    • ұзақ мерзімді активтерге амортизация есептеуде, тауарлы-материалдық қорларды бағалауда, күдікті борыштар бойынша резервтер құруда, пайдаланылған әдістердің бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге жалғастырылуының қолданылуы, яғни, бір ізділік принципінің сақталуы.

    Есеп және салық саясатының негізгі аспектілері серіктестіктің жылдық есеп беруінің түсіндірме жазбасында көрініс табады. Онда соңғы қаржылық  нәтижелер, орындалған жұмыстар және қызметтер, өткізілген өнім көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны ашылады, серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, күдікті қарыздар сомасы және өндірістің жоспарланған  көлемінің орындалуына әсер еткен   себептер ашылады.

    Каспий банк АҚ-да жылдық қаржылық есеп беруі түсіндірме жазбамен қатар бухгалтерлік баланстан, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептен (№ 2 нысаны), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады.

    Банктің есеп саясатында бухгалтерлік есептің төмендегідей әдістері қарастырылған:

    • негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтерге амортизация есептеуде түзу сызықты әдіс;
    • тауарлы-материалдық қорларды бағалауда орташа салыстырмалы құн әдісі;
    • күдікті дебиторлық қарыздар бойынша резерв құруда төлеу мерзімі бойынша есептеу әдісі;
    • табыстар мен шығындарды тану кезінде есептеу әдісі.

    Есептеу әдісі табыстар мен шығындарды есепке алу нақты ақша қаражаттарының келіп түсуі немесе жұмсалуы кезінде емес, ал нақты операция жүргізілген уақытқа негізделген.

    Банктің есеп саясаты банк Директорымен мына жағдайларда өзгертіледі:

    • Банк қызметінің тоқтатылуы;
    • Басқа банктермен бірігуі;
    • Қазақстан Республикасының заңдылықтарының өзгеруі;
    • Бухгалтерлік және салықтық есепті реттейтін нормативтік құжаттардың өзгеруі.

    Каспий банк АҚ-ның есеп саясаты банк Директорымен 2003 жылдың 13 мамырда қабылданып, 2004 жылы қайта толықтырылып  бекітілген.

    Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық  құрылымының күрделенуіне байланысты бақылау қызметінің қызметі үлкен мәнге ие болуда. Бәсеке ортасында бақылаудың тиімді жүйесі ұйымның өміршеңдігінің кепілі және табысты қызметтің басты шарты болып табылады.

    Шет елдерде ішкі және сыртқы аудит кең қолданылады.Бұл кезде алдын-ала және ағымдық бақылауға орын беріледі, өйткені шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін оның тиімділігіне, яғни ұйымның шаруашылық-қаржы қызметі барысында қолдан шығып кеткен кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға ықпал ету мүмкін емес. Республикамызда ішкі бақылау жүзеге асырылады, бірақ ол әкімшіліктің кейбір ұйғарымдарының, үкіметтің нормативтік актілерінің орындалуын тексерумен, шаруашылық қызметін талдаумен шектеледі, әрі тек кезекті бақылау сипатына ие.

    Ішкі аудит ішкі бақылаудың жалпы  жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде  қарастырылады. Ішкі аудит сыртқы аудиттен маңызды, әрі түбегейлі айырмашылықтарға ие, атап айтсақ:

    1. Банк жетекшісіне немесе орынбасарына, басқармаға немесе акционерлер жиналысына тікелей бағынатындықтан, ішкі аудиттің тәуелсіздігі шартты. Бірақ, қандай жағдайда да, ішкі аудитор ұйым алдында еңбек келісім шартымен және ішкі тәртіппен (распорядок) анықталатын міндеттеме алады және қаржылық тұрғыдан мүдделі болады.
    2. Ішкі аудиттің басты міндеті шынайы есептілікті растап отыру емес, ресурстардың жоғалуын болдырмау үшін бақылау шараларын қамтамасыз ету.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1.2  Банктің қаржылық қызметіне талдау

     

        1-Кесте Каспий банк Акционерлік-Қоғамының      қаржылық қызметінің экономикалық көрсеткіштері

     

    Көрсеткіштер

    Жылдар

    2006 жылды 2008 жылмен салыстырғанда ауытқуы

    2006

    2007

    2008

    +;-

    %

    1.

    Активтері

    Оның ішінде:

    -несие портфелі

    -бағалы қағаздар

    55776,7

     

    37705,7

    10214,6

    82594,1

     

    55011,0

    15787,6

    160974,0

     

    109258,3

    25460,9

    +105197,3

     

    +71552,6

    288,6

     

    289,7

    249,2

    2.

    Депозиттер

    26285,3

    31507,9

    48133,8

    +15246,3

    183,1

    3.

    Меншікті капитал

    6398,3

    9710,0

    13210,3

    +21848,5

    +6812,0

    206,4

    4.

    Таза пайда

    191,7

    60,7

    979,1

    787,4

    510,7


     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Банктің  қаржы  ресурстарының  ұлғаюы  банктің активтерінң көлемінің ұлғаюына ықпал еткен.  Банктің активтері 2005 жылдың  1-сәуіріне 55776,7 мың теңгені құраған. 2006  жылы   1-сәуірде өткен жылдың осы кезеңімен   салыстырғанда 1,5  есеге (148,1%) артып 82594,1 мың теңгені   құраған. 2007  жылдың 1-сәуіріне  активтердің көлемі  160974,0  мың теңгені құрап өткен жылдың  осы кезңімен  салыстырғанда 1,9  есеге (194,8 %)  көбейсе , соңғы 3 жылда 2,9  есеге  (288,6 %)  артқан.   Банктің  активтерінің  артуы  негізінен банктің несиелік  операциялары  мен инвестициялық  операцияларының  ұлғаю  есебінен болған.

    Банктің  несиелік  портфелі  2005  жылдың  1-сәуіріне  55011,0 мың  теңгені  құрап  өткен  жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда 1,5  есеге (145,8%) артқан. Ал 2007  жылдың 1-сәуіріне  109258,3  мың  теңгені құрап  2004 жылдың  осы  кезегімен  салыстырғанда  2,9  есеге (289,7%), 2005 жылдың 1- сәуірдегі көрсеткішімен салыстырғанда 1,9  есеге (198,6%)    өскен. 

    Банк  өзінің қызметін  жыл сайын пайдамен  аяқтап  отырған. 1.04.2005  жылы банктің таза  пайдасы 191,7  мың теңгені құраған.  2006  жылдың  1-  сәуіріне  60,7  мың теңгені құрап өткен  жылдың осы  кезеңімен  салыстырғанда 36% - ке  кеміген.  Ал  2007  жылдың 1-  сәуіріне өткен жылдың  осы кезңімен салыстырғанда 16  есеге көбейіп 979,1  мың теңгені құраған.  1.04.2005  жылы  таза пайданың  кемуі :  1.жалпы әкімшілік  шығындарының  өсуі  есебінен;

    1. корпоративтік  табыс  салығының  есебінен;
    2. мүмкін  болатын  шығындарды  жабуға  арналған  резервке  ақша  аударымының кобеюі  есебінен  болған.

       1.04.2007  жылы  таза пайданың  көбеюі:

    1  таза  проценттік  табыстың артуы  есебінен;

    2 проценттік емес  табыстың  кобеюі  есебінен;

    3  операциялық   табыстың  артуы  есебінен  болған;                        

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1. КАСПИЙ БАНК АҚ-ДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ     ҰЙЫМДАСТЫРУ

     

      1.   Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі

     

             Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

    НҚ-ң келіп түсуі НҚ-ды қабылдау-өткізу (ф.№ НҚ-1) нысандағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді НҚ-ң құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, НҚ-ң бөлімше  ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, НҚ-ды қоймадан пайдалануға беру үшін , сондай-ақ  басқа субъектіге беру мақсатында  НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. НҚ-ды қабылдауды рәсімдеген кезде  басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы  әр бір жеке бір дана объектіге акт жасайды. Акт рәсімдеогеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және субъект басшысы немесе уәкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдегенде акт 2 данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылғанда акт 3 дана жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады.

    Негізгі құралдардың есебі активтік 2410 шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пасивтік 2420 шоттар арналған.

    НҚ-ң келіп  түсуі.

    НҚ-р кәсіпорынға  сатып алуға байланысты, құрылыс  нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға  салым ретінде  және т.б. жағдайларда  келіп түседі.

    НҚ-р өндіріс  үдерісіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық  күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен  өз қасиеттерін  жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

    Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі.

    Амортизациялық құн- дегеніміз  бастапқы құн мен жою құнының  арасындағы айырмашылық.

    Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының  НҚ-ң жылдық орташа құнына қатынасы.

    1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен  шығару әдісі. Объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады.

    2. Өндірістік әдіс. Амортизация  объектіні пайдалану мен уақыт  бөлігінің нәтижесі ғана болып  табылады деген негіздеме оны  есептеген кезде ешқандай роль  атқармайды.

    3. Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивті) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады.

    4. Кемімелі қалдық әдісі амортизацияны  есептеу бастапқы құнынан емес, баланстық құннан  жүргізілуге  тиістілігін білдіреді. 

    НҚ-ң шығарылуының есебі.

    НҚ объектілері субъектінің  бухгалтерлік балансынан:

    1. физикалық және моральды тозғанда;

    2. шаруашылық қызметте пайдаланылмаған  объектілер сатылғанда;

    3. жарғылық капиталға салым ретінде  басқа субъектілерге берілгенде;

    4.  басқа заңды немесе жеке  тұлғаларға өтеусіз берілгенде;

    5. қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;

    6. кемшіліктерге, табиғи апаттарға  және басқа себептерге байланысты  есептен шығарылады.

    Материалдық емес активтер есебі.

    Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын ( 1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.

    Материалдық емес активтерге (МЕА): лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

    МЕА-ді  бағалау:

    1. Басқа банктер мен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;

    2. Банкке өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады;

    3. Жарғылық капиталға  салым ретінде құрылтайшыдан  келіп түскен активтер есепте  тараптардың келісімімен белгіленген  құн бойынша көрсетіледі.

    МЕА-р басқа  банкке табыс етілгенде ( сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА –ді есепке алу ведомосінде  топтастырады, онда мыналар келтіріледі:

    а/ МЕА атауы;

    ә/ ай басындағы  және соңындағы қалдықтары;

    б/ ай ішіндегі қозғалысы.

    Каспий банк АҚ-на МЕА келіп түсуі:

    1. «Связной» 1С: Бухгалтерия бағдарламасын сатып алды:

    а/ сатып алынған  МЕА-ң келісім құнына  ( ҚҚС-сыз)

    Дебит 1659

    Кредит 2066

    ә/ ҚҚС сомасына Дебит5761 Кредит2206

    б/ ҚҚС-ты есепке алу Дебит3130 Кредит 5761

    в/ ұсынылған шотты төлеу Дебит 2066 Кредит 1001, 1000,1002

    2. МЕА-і банктің өзі жасауы (интеллектуалдық құн объектісін құру, бағдарламалық қамтамасыз ету, сауда белгілерін әзірлеу):

    а/ жұмсалған материалдардың құнына Дебит 1650 Кредит 1601

    б/ жасалған МЕА-ң нақты құнына Дебит 1654 Кредит 1650

    МЕА есептен шығарылуы:

    1. Басқа кәсіпорындардың жарғылық  капиталына салым: 

    а/  МЕА баланстық құнына Дебит 5000 Кредит 1660

    ә/ бұрын есептелген тозу сомасына  Дебит 1694 Кредит 1660

    б/ келісім құнына Дебит 7708 Кредит 7868

    г/ жыл соңында барлық жиынтық кірістің кемуіне  Дебит 4896Кредит 5022

    Жиынтық кірістің артуына Дебит 5022 Кредит 4896

    2. Моральдық тозуына және кәсіпорынға  пайда әкелу қабілетін жоғалтуына  байланысты МЕА есептен шығарылуы:

    а/ МЕА баланстық құнынан Дебит 5022 Кредит 1660

    ә/ бұрын есептелген тозу сомасына Дебит 5784 Кредит 5785

    б/ жыл соңында Дебит 4954 Кредит 5022

    МЕА амортизациясын ексепке алу  үшін 11 «МЕА амортизациясы» бөлімшесінің 5784 шоттары көделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 5784 шоттардың кредиті бойынша  МЕА амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 5784 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.

    МЕА аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі  нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің  анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

    Белгіленуі мен атқарылатын  функцияларына байланысты МЕА үш негізгі топқа бөлінеді:

    1. Санаткерлің ( зияткерлік) меншік.

    2. Мүліктік құқықтар.

    3. Кейінге қалдырылған шығындар.

    Санаткерлік  меншіктің объектілері  мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер ( модельдер),  өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.

    Мүлік пайдалану жөніндегі  мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын ( жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін ( учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін  және т.с.с.

    Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар  жатады: ұйымдатыру шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

     

     

     

     

     

     

     

      1.    Ақша қаражаттарының есебі мен қаржылық инвестициялар есебі

     

    Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу  мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал  жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция дейді.

    Инвестиция мыналарға бөлінеді:

    - үлестік- жай және артықшылықты акциялар;

    - борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.

    Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:

    1. Жұмсау мерзімі бойынша :

    - қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі ( бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздағы компанияның инвестициясы);

    - ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;

    - мерзімсіз инвестициялар.

    2. Тағайындалуы бойынша:

    - қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;

    - нақты – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.

    3. Шығу тегі бойынша – бірінші,  екінші.

    4. Болу формасы бойынша –  құжаттық, құжатсыз.

    5. Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.

    6. Қолдану түрі бойынша –  инвестициялық, инвестициялық емес.

    7. Иемдену қатары бойынша –  жеке, жалпы.

    8. Шығарылым формасы бойынша  – эмиссиондық, эмиссиондық емес.

    9. Меншік формасы бойынша –  мемлекеттік, корпоративтік.

    10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.

    11. Тәуекелдік деңгейі бойынша  – аз тәуекелділікпен, мүмкін  үлкен тәуекелдікпен. 

    12. Қолма-қол табыс бойынша –  табыстық, табыссыз.

    13. Қаражатты жұмсау формасы  бойынша : борыштық, иелі үлестік,  жеке жобалар.

    14. Экономикалық мәні бойынша – мүліктік, міндеттік.

    15. Халықаралық және отандық  стандарт бойынша бухесепте инвестициялар  мыналарға бөлінеді:

    а/ қаржылық;

    ә/ еншілес, тәуелді және бірігіп  бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі  инвестициялар.

    Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы  басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.

    Қаржылық инвестиция мыналарға  жіктеледі:

    - қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасыы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.

    Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау  сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты  болады. Арзандатулар сомасы бір ана  сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге асырылады, ал бағалау  сомасы болмаған кезде оның кеміген сомасы залалға жатады.

    Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай  бастапқы мәселелер шешілуі қажет:

      1. шаруашылық жүргізуші субъектілердің активтерін инвестицияларға жатқызылу дұрыстығын тексеру;
      2. инвестиция есебінде оларды тиісті жіктеу  белгілері  бойынша шектеу;
      3. инвестицияларды есепке қойғанда олардың құнын дұрыс бағалау;
      4. инвестицияларға байланысты операциялары есебінің дұрыстығын тексеру;
      5. инвестициялардың синтетикалық және  аналитикалық есептерде жүргізу  жағдайын талдау;
      6. бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікке шаруашылық операцияларын  көрсетудің толықтығы мен дұрыстығын бағалау;
      7. инвестицияларды түгендеу мен олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте дұрыс көрсету;
      8. инвестициямен байланысты операциялар  бойынша салықтық заңнама талаптарының толық сақталуы.
    Каспий банк қызметінің экономикалық негізі