Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
1. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері........ 4-7
2.Криминалистикалық идентификацияның субъектілері мен объектілері...................
3. Криминалистикалық идентификацияның түрлері.......................
4. Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Қылмысты тергеу барысында, кейде қандай да бір заттың, адамның, құбылыстың қылмыстық оқиғамен байланыста болғанын анықтау қажеттілігі туындайды.
Ол үшін криминалистикалық идентификация және диагностика деген криминалистиканың арнайы әдістері кеңінен қолданылады.
«Идентификация» термині латынның identificare -теңдестіру деген сөзінен шыққан.
Объектіні идентификациялау, яғни, аталмыш объектіні өз кескіндерінің (бейнеленулерінің, олар іздер немесе бөлшектер түрінде болады) көмегімен салыстырмалы зерттеулер жүргізу арқылы, әр уақыттағы және әр күйдегі теңдігін анықтау болып табылады.
Объектінің теңдігі (идентификациясы) дегеніміз, ол оның келесіде дәл осылай қайталанбайтындылығы, жеке даралығы, өзі сияқты объектілерден айырмашылығы.
Кезінде осы жөнінде Фридрих Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген еңбегінде «Басынан өзіне өзі тең болу, ол басқадан айырмашылығы бар екендігін көрсетеді. Табиғатта мүлдем бірдей зат болмайды» деген екен.
Белгілі француз криминалисті Альфонс Бертильон бірнеше мәрте ұсталған қылмыскерлермен жұмыс жүргізу барысында тарихта бірінші болып идентификация терминін қолданды.
Кез келген қылмыс күнделікті адам өмір сүріп отырған ортада жасалатындықтан, қылмыс болған жерде әр түрлі іздердің қалмауы мүмкін емес.Бұл материяның өзінің белгілерін қоршаған ортаға, басқа нәрсеге беру қасиетіне тығыз байланысты.Сондықтан қылмысты тергеуде, ашуда іздерге және олардың басқа бейнелеріне қарап, адам қолданған зат немесе басқа объектілердің дәлелдеме ретінде қажеттілігі анықталады.
1. Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері
Криминалистикалық идентификация ұғымының өзінің атқаратын қызметіне қарай негізгі үш бағыты болады. Олар - мақсаты, міндеті және зерттеу нәтижесі; теңдігін анықтауға бағытталған, қимылдар жүйесі (процесс); криминалистиканың жалпы теориясына құрамды элемент болып енетін, теориялық тұжырым (концепция).
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері материалдың дүниедегі барлың объектілерде болатын мынадай қасиеттермен анықталады:
1. Жеке даралық;
2. Салыстырмалы тұрақтылық;
2. Объектілердің қоршаған ортада кескінделу мүмкіндігі.
Объектінің жеке даралығы - тура осындай объектілердің біреуінде жоқ, қайталанбас белгілер жиынтығымен байқалады.
Криминалистикалық идентификация теориясының негізінде, материалдық дүниедегі барлық объектілер қайталанбас, дара деген, диалектикалық теңдік туралы философиялық ілім жатыр. Осыдан, барлық белгілері бойынша тең келетін, екі бірдей объект болмайтынына көзіміз жетіп отыр. Өзінің тобы, түрі бойынша ұқсастығы бар деп айта аламыз, ал мүлдем толығымен тең болатын екі объект болмайды, өйткені, оларда әрқашан ерекшеліктер болады.
Мысалы, егіз адамдардың өзінде де ұқсастық белгілері көп болғанмен, олардың әрқайсысының дене бітімінен, кескін-келбетінен жекелейтін ажыратпа (ерекше) белгілерді табуға болады.
Идентификация мақсатында қолданылатын объектілердің белгілерін идентификациялық белгілер деп атайды. Олар төмендегідей бөлінеді:
• жалпы (объектілердің бір тектес тобын сипаттайтын) және жеке (нақтылы объектіні топ арасынан бөліп шығарып, идентификациялауға көмектесетін);
• сыртқы (объектінің сырт құрылысын, формасын, өлшемін көрсететін) және ішкі (объектінің ішкі құрылысын көрсететін);
• сапалық (мысалы, түсі-сары, папилляр өрнек-тұзақ (петлевой) және сандық (мысалы, аяқ киім ізінің өлшемі, тапанша оңпанының каналындағы иірімдер саны (количество нарезов);
• қажетті (объект мәнін сипаттайтын, мысалы атыс қаруының калибрі) және кездейсоқ (мысалы, қолдану барысында пышақ үстінде пайда болған кедір-бұдырлар).
Объектіні идентификациялаудағы белгілерді қолдану шарттарына олардың елеулігі (ерекшелік, өзіндік, өзгешелік), айқындалу немесе кескінін түсіру (бірнеше рет бейнелену мүмкіндігі) және салыстырмалы тұрақ-тылығы жатады.
Нақтылы объектіні теңдестіруге жеткілікті идентификациялық белгілер жиынтығын идентификациялық өріс (поле) деп атайды.
Криминалистикалық идентификацияның екінші алғы шарты ретінде объектілердегі салыстырмалы тұрақтылықты атауға болады. Ол қандай да бір уақыт аралығында объект өз даралығын сақтай тұру қасиетімен анықталады.
Тұрақтылық мөлшерін анықау барысында, қоршаған орта, уақыт факторы жөне тағы басқалардың әсер ету нәтижесінде, объекті белгілерінің өзгеру қасиетін ескерген жөн (мысалы, автокөлік доңғалағының протекторларында кесілу түріндегі, эксплуатация нәтижесіндегі қажалулар сияқты жаңа белгілердің пайда болуы). Аталмыш қасиеттер криминалистикалың идентификацияның идентификациялық аралық деген категориясымен байланысты.
Осыдан, идентификациялық аралық деп кескіннің (іздің) пайда болу уақытынан бастап, осы кескін арқылы объектіні теңдестіру мезетіне дейінгі уақыт аралығын айтады.
Идентификацияның үшінші жағдайы болып, объектілердің қоршаған ортада кескінделу мүмкіндігі табылады және де криминалистикалық идентификацияның мәні де, нақты объектінің (тексерістегі) өзін оның кескінімен салыстырып қарауда жатыр. Мұндай іс-әрекет материяның жалпылама қасиеті — кескінделумен (отражение) негізделген. Кескіндердің пайда болуы -кескінделетін объектілердің қасиеттерін көрсететін және оңып білуге жататын заңдыльщтарға бағынады. Кескінделудің екі нысанын ескерген жөн:
1) материалдың түрде бекіген (материально-фиксированный), мысалы, қол саусақ іздері, аяқ киім іздері және т.б.
2) идеалдық немесе психофизиологиялық (адам ойындағы (есіндегі) заттардың, құбылыстардың ой бейнелері).
Идентификация барысында алынатын нәтижелер:
а) теңдіктің (тождество) болуын анықтау;
б) теңдіктің болмауын анықтау;
в) теңдестіру мумкіндігі жоң деген қорытындысы (мысалы, белгілердің идентификациялың жиынтығының жоқтығынан).
Криминалистикада криминалистикалық сәйкестендірудің жеке ғылыми криминалистік теория ретінде сот дәлелдемесін шығару мен пайдалану мақсатында белгілі бір материялдық объектілердің әр бір уақыт аралығында өз өзіне теңдігінің жалпф заңдылықтары туралы ілім:
Криминалистикалық сәйкестендіру зерттеу барысында ,сыртқы ортаға қалдыратын белгілі бір бейнелеріне байланысты объектінің ұқсастығының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу, тану үрдісі;
Мақсат немесе нәтиже ретіндегі, криминалистік сәйкестендіру қаралып отырған қылмыстық іс бойынша дәлел немесе айғақ бола алатын объекінің өз- өзіне ұқсастығы бар – жоқтығын анықтаудың тәжірибелік ,жолын көрсетіп, содан қажетті қорытынды шығарады.Бұл анықтамаларда объектінің өз- өзіне ұқсастығы деген түсінік белгілі қиындықтар туғызады,сондықтан оны толығырақ түсіну үшін мына бір мысал келтірейік.Қостанай қаласының Локомотив көшесіндегі 13 нөмірлі жеке үйге ұры түсіп, үй заттары ұрланған. Кезекші бөлімге хабар түскеннен соң, тез арада ұры түскен үйге құрамында тергеуші,қылмысты жедел іздестіруші өкіл,криминалист-маман , із кесуші ит ерткен кинолог, полицияның бөлімшелік өкілі бар жедел іздестіру тобы келіп жетті.Оқиға болған жерді қарау нәтижесінде мынадай айғақтар алынды: кіретін есікте бұзған құралдың ізі, үстел үстіндегі кішкене қобдишадан саусақтың ізі, сыртқы есік алдынан үй иелеріне беймәлім құлыптың кілті табылды.Учаскелік инспектор мен кинолог із кесуші иттің көмегімен, оқиға болған жерден 800 метр қашықтықта орналасқан бір үйге келіп тіреледі.Олар табылған кілтті осы үйдің есігіндегі құлыпқа салып көргенде, кілт құлыпты ашады.Үйге тінту жүргізген кезде Локомотив көшесі 13 үйден және басқа да ұрлық болғаны тіркелген бірнеше үйлерден ұрланған заттар және шегежұлғыш темір аспабы табылып,алынды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде оқиға болған жерден алынған саусақ ізі – ұсталған қылмыскерлердің есіктегі бұзу қаруы ізі – шеге жұлатын аспаптың ізі, ал кілт қылмыскер тұратын үй құлыптың кілті екені дәлелденді.
Бұл мысалда бір іс бойынша үш төрт бағытта жүргізілген сәйкестендіру жұмыстарының нәтижесі көрінеді.
2. Криминалистикалық идентификацияның субъектілері мен объектілері
Криминалистикалық идентификацияның субъектілеріне қылмысты тергеп ашу барысында идентификациялық сұрақтарды шешетін тергеушілер, сарапшылар, мамандар, сот және басқа да қылмыстық процеске қаты-сушыларды жатқызамыз.
Криминалистикалық идентификацияның объектілеріне адамдар (жәбірленушілер, айғақтар, айыпкерлер және басқалар), материалдың заттар (аяқ киім, қылмыс құралы, көлік құралы, қару жөне басқалар), жануарлар, өсімдіктер жөне тағы басқаларды жатқызамыз.
Сонымен қатар, зерттеу объектілеріне қандай да бір заттардың бөліктерін, яғни, олардың тұтас затқа жататындығын анықтауда көмектесетіндерді айтамыз (установление целого почастям). Мұнда «тұтас» деген ұғым кең мағынада қарастырылады:
1) біртұтас құрылымды (монолитті) заттар, бұйымдар, материалдар;
2) биологиялық объектілер, мысалы, өсімдіктер;
3) механизмдер мен агрегаттар;
4) заттар комплектілері (мысалы, пышақ және оның қыны).
Идентификацияда қолданылатын объектілердің екі түрі болады:
1) идентификациялауға жататын (идентифицируемый), яғни, теңдігі анықталатын объект;
2) идентификациялауға көмектесетін (идентифицирующий), яғни, осы объектінің көмегімен теңдігі анықталады.
Дәлірек айтқанда, оқиға болған жерде саусағының іздерін қалдырған адам идентификациялауға жататын объект болады да, ал саусақ іздері идентификациялауға көмектесетін объектіге жатады; қолжазба идентифи-кациялауға көмектесетін объекті ретінде пайдаланып, ал қол жазу (почерк) белгілері бойынша анықталатын адам идентификациялауға жататын объект болып саналады.
Идентификациялауға көмектесетін объектілердің екі түрі болады:
• пайда болу тегі белгісіз (неизвестного происхождения) заттық дәлелдемелер, мысалы, оқиға болған жерден табылған аяқ киім іздері;
• пайда болу тегі белгілі (известного происхождения), салыстырмалы зерттеулерге арналған үлгілер. Олар алу тәсіліне байланысты еркін (свободный) және эскперименталды болып бөлінеді.
Еркін үлгілер деп тергеліп жатқан қылмысқа қатыссыз жағдайда пайда болып, идентификациялауға көмектесетін объектілер түрінде қолданылатындарды атайды (мысалы, күдіктінің хаттарындағы, қызмет құжаттарындағы қол жазу үлгілері).
Эксперименталды үлгілер деп тергеу барысында пайда болған идентификациялық сұрақтарды шешу үшін арнайы алынатын идентификациялауға көмектесетін объектілерді атаймыз (мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 256-бабының, 2-тармағында көрсетілгендей, күдіктіден қол саусақ бедерінің көшірмесі, яғни, эксперименталды үлгісі алынады).
Объектілердің идентификациялық зерттеуінің кезеңдері:
а) алдын ала зерттеу дегеніміз — салыстырмалы материал сапасының жеткіліктілігі туралы сұрақты шешу;
б) нақты зерттеу дегеніміз - зерттеуге берілген объектілерде идентификациялық белгілерді табу;
в) салыстырмалы зерттеу, ол дегеніміз, идентификациялауға жататын (идентифицируемый) және идентификациялауға көмектесетін (идентифицирующий) объектілер белгілерін салыстыру;
г) нәтижелерге баға беру және қорытынды жасау.
3. Криминалистикалыц идентификация түрлері
Криминалистикалың идентификация түрлеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
1) материалды түрде бекітілген кескінделулер бойынша (по материально-фиксированным отображениям). Мысалы, қол іздері бойынша адамды теңдестіру, атылған гильза мен ондағы іздер бойынша атыс қаруын теңдестіру;
2) біртұтасты бөліктері бойынша (целого по частям). Мысалы, қол жазбаның жыртылған бөліктері бұрын біртұтас болған ба деген сұрақты шешу;
3) ойында, есінде қалған бейне бойынша (по мысленному образу). Мысалы, тану үшін ұсыну тергеу әрекеті кезінде жәбірленушінің күдіктіні тануы;
4) белгілерді суреттеу бойынша (по описанию признаков). Мысалы, адамның сырт келбеті суреттелген іздеу бойынша қылмыскерді теңдестіру.
Криминалистикалық идентификация нысандары:
- процессуалдық (идентификациялық соттың сараптама жүргізу мен тергеу әрекеттері кезіндегі идентификация);
- процессуалды емес (идентификациялық сұрақтарды алдын ала зерттеу, объектілерді криминалистік тіркеуден тексеру, жедел іздестіру шаралары, әкімшілік қызметі кездерінде шешу).
4. Криминалистикадағы белгілі бір топқа жататындығын анықтау
Нақтылы жеке даралығын анықтаумен қатар топтың идентификация немесе белгілі бір топқа жататындығын анықтауға бағытталған зерттеулер де кеңінен қолданылады (установление групповой принадлежности).
Зерттеудегі объектіде идентификациялық белгілер жиынтығы болмаған жағдайларда, біртоптас объектілерге сай жалпы белгілерді қарастырумен негізделген, оның белгілі бір топқа жататындығын анықтауға болады.
Мұндай жағдайда, жіктемелік (классификациялық) деген зерттеудің жеке бір түрі туралы айтылған. Кейбір жағдайларда зерттеудегі объектінің белгілі бір топқа жататындығын анықтаудың жеке криминалистикалық мағынасы болады (мысалы, пышақты суық қару тобына жатқызу сұрағын шешу). Біртектес объектілер санаты үшін жинақы түсінік ретінде «топ» деген термин жүреді, сол себепті зерттеуді белгілі бір топқа жататындығын анықтау деп атаймыз.
Сондай-ақ белгілі бір топқа жататындығын анықтау, әрбір идентификациялық зерттеудің алғашқы кезеңі болып саналады немесе өз алдына бөлек міндетті шешу түрінде де байқалады. Салыстырудағы объектілердің жалпы белгілері дәл келгеннен кейін (бұл біртектес топқа жататындығына көз жеткізеді), идентификациялау мақсатында оның жеке белгілерін зерттеуге кіріседі.
Кейде теңдестіру объектінің нақтылы жеке даралығын айқындауға ғана қатысты деген көзқараспен, белгілі бір топқа жататындығын анықтауды жасанды түрде криминалистикалық идентификация теориясынан бөлектейді. Шын мәнінде белгілі бір топқа жататындығын аныңтау криминалистикалық идентификацияның қажетті бөлігі болып табылады.
Объектінің нақтылы бір топқа жататындығын анықтау осы объектінің белгілерін зерттеу негізінде және топтас басқа объектілердің белгілерімен салыстыру арқылы жүргізіледі. Осылайша, ұңғыдан өту нәтижесінде пайда болған оқтағы өзгерістер, яғни, қалыбы, өлшемі, конструкциясы және іздері арқылы қандай қару моделінен атыс жүргізілгендігін аңғаруға болады.
Осы жерде қару табылып және оқиға болған жерден алынса, зерттеудің келесі кезеңі ретінде нақты қаруды теңдестіру, яғни, идентификациялау жүреді. Алайда, қару болмаса, ал объектінің жеке даралығын анықтайтын оқ үстінде белгілер болған жағдайда да, теңдестіру тек белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен ғана аяқталады.
Іздерде объектіні жеке даралайтын белгілер кескінделмеген жағдайда да белгілі бір топқа жататындығын анықтаумен шектелуге тура келеді. Осылайша, көлік құралдарының іздері бойынша автомобиль моделін (яғни, ол көліктің тобы) анықтауға болады, алайда ізде осы көлікті теңдестіретіндей белгілердің болмауы, көліктің өзі табылған жағдайда да, оны идентификациялауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен, белгілі бір топқа жататындыеын анықтау деп объектінің нақты топқа, түрге, яғни, біртектес объектілер тобына жататындығын анықтауды айтамыз (мысалы, ұрлық болған жерде табылған бұзу құралынан қалған із бойынша құрал түрін анықтау).
Белгілі бір топқа жатқыза отырып жіктеудің бір түріне шығу тегінің біртектес екендігін анықтауды жатқызуға болады. Мұндай зерттеу нәтижесінде бір немесе бірнеше объектілердің бір топқа жататындығы анықталады.
Аталмыш объектілер қатарына қаламсаптағы және мәтін штрихтарындағы сия жатады; мәйіттен алынған бытыра және күдікті патрондардағы бытыра және т. б. Бұл жерде салыстыру негізінен объектілердің ішкі қасиеттерін көрсететін белгілер арқылы жүргізіледі.
Басқа жағдайларда шығу тегінің біртектестігі сыртқы белгілерді салыстыру негізінде анықталады. Мысалы, өндіріс механизмдерінің жасалу процесін көрсететін іздер бойынша нақтылы кезеңде белгілі тауарлар жиынымен бірге шыққандығын анықтау болады. Мұндай зерттеулер көбіне көптеп шығаратын өнімдерге қатысты жүргізіледі.
Сонымен түйіндей келе, белгілі бір топқа жататындығын анықтауға әр түрлі себептерге сәйкес идентификация мүмкін болмаған жағдайларда жүгінеді, осыларды тағы да атап өтейік.
Бірінші оқиға. Теңдестіруге жататын объектіде бейнеленген белгілер жиынтығы тепе-теңдік туралы мәселені шешуге жеткіліксіз. Мысалы, аяқ киім ізінде тек табанның өлшемі мен қалыбы кескінделген. Бұл белгілер әдетте, аяқ киімнің түрі мен мөлшері туралы мағлұмат бере алады.
Екінші оқиға. Тендігін шығаруға тиісті объект біршама өзгеріске ұшырады. Белгілердің жаңа жиынтығы идентификациялауға көмектесетін объектіде кескінделген белгілермен сәйкес келмейді. Мысалы, оқ атылған оқиға болған жерден алынған тапанша, көп уақыт дымқыл жерде жатып қалып, оның ұңғысы даттанып кеткен. Әрине, оңтағы іздер кескінделген белгілер өзгеріске ұшырап, кейбіреулері мүлдем жоғалған. Тепе-теңдігін табу туралы мәселе ашық қалады. Сарапшының қарудың түрі немесе моделі жайлы қорытындымен шектелуіне тура келеді.
Үшінші оқиға. Іздердің пайда болу механизмінің ерекшелігі соншалықты, нақты объектіні жекелейтін белгілер көбіне кескінделмей қалады. Мұндай іздерге мысалы, егеумен жасалған аралау іздерін жатқызуға болады. Құрал-сайманды идентификациялауға бұл іздер көмек бермейді. Кейде олар бойынша егеудің түрін және түсірген ізін, яғни, осындай құрал-саймандар тобын анықтау мүмкіндігі пайда болады.
Төртінші оқиға. Теңдестіруге көмектесетін объект (мысалы, із) бар, алайда теңдігін табу қажет объект белгісіз (анықталмаған). Мұндай жағдай тергеудің бастапқы кезеңіне қатысты, әдетте, окиға болған жерді қарау процесінде осы жерде табылып жатқан іздер белгілі бір топқа жататындығын анықтау үшін қолданылады. Бұл тергеу оқиғасына қатысты объектілердің іздеп-табылуын жеңілдетіп, жылдамдатады.
Қарағанды облысының шаруа қожалығының бірінде белгісіз қылмыскерлер түнде дүкен иесіне қатысты қарақшылық әрекет жасайды. Оқиға болған жерді қарау барысында қылмыскерлер қолданған автокөлік дөңгелегінің іздері табылады. Қарауға қатысқан маман-криминалист іздерді алдын ала зерттеуден өткізіп, олар «ВАЗ-2121» автокөлігімен қалдырылған деген өз ойын білдірді.
Жол полициясы басқармасының тіркеуіне сөйкес мұндай көлік түрі аудан әкімшілігінде бар екен. Жедел іздестіру қызметкерлері тез арада жүргізушіні анықтап, ол өзінің сыбайластарының сырт келбет белгілерін атайды. Қылмыскерлердің барлығы сол күні ұсталады.
Бесінші оқиға. Бірқатар объектілер өзінің кеңістікте тұрақты құрылымы болмағандықтан, мүлдем идентификациялауға келмейді.
Әңгіме бұл жерде сұйық, ұнтақты, сусымалы және осы тәріздес нәрселер туралы болмақ. Аталмыш объектілерді зерттеу нәтижесінде олардың тек белгілі бір топқа жататындығы ғана анықталуы мүмкін. Мұндай зерттеулер осы объектілер арасындағы байланысты аңғаруға немесе олардың бір шығу тегін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қорытынды
Қорытындылай келгенде, криминалистикалық идентификация дегеніміз - нақтылы бір объектінің, өзі қалдырған кескінделу немесе бөлінділерінің көмегімен анықталған теңдігі.
Мұндай жағдайда, зат өзі сияқты объектілерден ерекшелігі бар ма, дәлірек айтқанда ізделіп отырған зат па деген сұрақтар шешіледі.
Мысалы, оқиға болған жерден табылған қол саусақ бедерінің іздері арқылы, нақтылы осы іздерді қалдырған адамды теңдестіруге болады; қолжазбадағы (қолмен жазылған құжат, қысқа хат), қол жазуды зерттеу барысында, оны орындаған адамды анықтауға болады.
Криминалистикалық идентификацияның субъектілеріне қылмысты тергеп ашу барысында идентификациялық сұрақтарды шешетін тергеушілер, сарапшылар, мамандар, сот және басқа да қылмыстық процеске қаты-сушыларды жатқызамыз.
Криминалистикалық идентификацияның объектілеріне адамдар (жәбірленушілер, айғақтар, айыпкерлер және басқалар), материалдың заттар (аяқ киім, қылмыс құралы, көлік құралы, қару жөне басқалар), жануарлар, өсімдіктер жөне тағы басқаларды жатқызамыз.
Қолданылған әдебиеттер;
1. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы: жеті Жарғы, 2004. – 256 б.
2. Жәкішев Е.Ғ. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы. – Алматы, 1991
3. Криминалистика: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. – 520 б.
4. Нұрғалиев Б.М., Арыстанбеков М.А, Шакенов А.О. Криминалистика: (дәрістер жинағы). – Қарағанды, 2005-283 б.
5. Шәкенов А. Криминалистика: оқулық. – Астана, Фолиант, 2008
14

- Криминалистика исследование
- Криминалистика как наука и как учебная дисциплина
- Криминалистика (кражи)
- Криминалистикалық идентификация және диагностика
- Криминалистикалық тактика
- Криминалистикалық тактика білім жүйесінде
- Криминалистика: следы ног
- Криминализация и декриминализация общественно опасных деяний
- Криминалистика
- Криминалистика
- Криминалистика в дореволюционной России
- Криминалистика. Возникновение, становление и тенденции развития криминалистики
- Криминалистика в системе научных знаний
- Криминалистика в системе юридических наук