Кривошипті – шатун механизмі

ЖОСПАР

 

І   КІРІСПЕ......................................................................................... 2-4

ІІ  НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Цилиндр-поршень  топтары................................................................5-8

2. Кривошипті-шатунды топтар............................................................9-10

3. Иінді білік............................................................................................11-12

4. Маховик...............................................................................................12

5. Мотордың сығылу дәрежесін басқару..............................................13-14

6. Кривошипті-шатунды механизмнің  ...................................................15-16

негізгі ақаулары

7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы...........................................17-18

8. Газ тарату механизмінің  бөлшектері..................................................19-20

9. Газ тарату фазасын басқару.................................................................21

10. Газ таратпу механизмінің жұмысы...................................................22

      11. Газ тарату механизмін (ГТМ) ашу және жабу бұрыштарын ..........23

электронды  жүйемен реттеу

 ІІІ   ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................24

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ

Мотор қаңқасының ішіне, оның сыртқы жағында мотор бөлшектері, механизмдер мен жүйелері орналасады.

Автомобиль  моторының қаңқасына ілініс пен беріліс қораптары берік бекітіледі. Мотор типіне және қуатына қарай қаңқаның құрамдас бөлшегінің кейбір конструкциялық   айырма шылығы болғанымен, құрылыс принципі бірдей.

 

 

1-сурет. Мотордың блогы.

 

Мотор, ілініс және беріліс қораптары автомобильдің қаңқасына үштен жетіге дейін тіректер арқылы бекітіледі. Көп цилиндрлі мотор қаңқасының негізгі бөлшегі - блок — картер.

Моторлардың блок қабырғасы және цилиндрлер гильзасының аралығындағы қуысты сумен толтырады. Картердің төменгі бөлігі ұлғайтылған, өйткені онда иінді білік айналады. Қатарлы мотордың картері бірнеше бөліктерге бөлінген. Оның төменгі жағында құйылма бар, ол қақпақпен бірге иінді біліктің түпкі подшипнигінің тірегіш қызметін атқарады. Таратқыш жұдырықшалы білікке арналған тесіктер бар.

Су картерге енбеуі үшін горизонталь бөліктің қашап кеңейтілген жеріне гильза сыртына нығыздауыш сақина орналасқан. Блоктың жоғарғы плитасында шпилькаға арналған бұрандалы тесік бар, ол цилиндр қалпақшасын блоккартермен және штанг саңылауын түрткішпен жалғастырады. Мотордың кейбір үйкелетін детальдарына май жіберетін саңылаумен канал тесілген.

2-сурет ГАЗ жеңіл  автомобилі моторының корпусы.

1-клапан қақпағы, 2-таратқыш  білік корпусы, 3-цилиндрлер блогы, 4-картер.

 

Блок-катердегі V тәрізді моторлардың цилиндрлер гильзасын рет санына қарай орналастыратын үлкен саңылау жасалған. Барлық цилиндрлердің сыртқы қабырғалары жалпы су тысымен біріккен. Шпилькалармен иінді біліктің түпкі подшипниктерінің қақпағы бекітіледі. Жартылай блоктың жазықтығына цилиндрлер қалпақшасын орнатады.

Ауамен   салқындатылатын моторлардың     блок картері болмайды.  Оның барлық бөлшектері картерге құйып орналастырылған.   Картердің   жоғарғы   плитасына  цилиндрлер гильзасын орнататын саңылау ер орналасқан. Блок-картердің сыртында бұрандалы саңылауларға құйылма және әр түрлі агрегаттар мен құрастырма бөлшектер бекітіледі. Судың немесе майдың ақпауы үшін олардың аралығына, сондай-ақ детальдардың түйіндескен жерлеріне тесем немесе сальник қояды. Блок-картердің өңделген алаңшаларына - цилиндрлер қалпақшасы, артына — маховик картері, алдына - таратқыш шестерня картері, төменгі жағына — картер түбі бекітілді.

Ауамен салқындатылатын моторларда әр цилиндрге бөлек қалпақша жасалады. Қалпақшаның сыртқы беті салқындатқышпен жабдықталған.

Блок-картердің төменгі жағына қуыс түп бекітілген ол май резервуары қызметін атқарады, әрі мотордың төменгі бөлігін жауып тұрады. Мотор жұмыс істеген кезде май шайқалуын азайту_үшін қуыс түпке тыныштандырғыш орнатылған. Таратқыш шестерняның картері отын гидравликалық және май (16) насостары жетегі арқылы иінді біліктен таратқыш айналысты беретін шестерняларды жабады.

Мотор асқышы. Көп автомобиль мотор агрегаттарының құрамына мотор, ілініс және беріліс қораптары жатады. Олар бір-біріне бекітілген. Осы агрегат автомобиль қаңқасына 3 тен 7-ге дейін резинка металды амортизаторлар арқылы орнатылады. КамАЗ автомобилінің мотор агрегаты автомобиль қаңқасына 4 асқыш арқылы орнатылады. Урал-375Д автомобилінде мотор агрегаты автомобиль қаңқасына 3 асқыш арқылы бекітіледі.

Таратқыш шестерня картерінің қақпағында мотордың алдыңғы тірегі орнатылған. Тірек резеңке металды амортизатор арқылы кронштейнге бекітіліп, ол қаңқаға орнатылған. Амортизатор, мотор мен автомобиль қаңқасының дірілін басады. Мотор арт жағынан трансмиссия корпусына болат қаңылтыр арқылы бекітілген. Двигательдің бұлайша асылуын үш, төрт, алты нүктелі және консольды мотор аспасы деп бөледі. Консольды аспа жағдайында (мәселен, өздігінен жүретін шассиде) мотордың артқы бөлігі трансмиссия корпусына қатаң бекітілген, ал алдыңғы тұсында тірек болмайды. Алты нүктелі аспада алты солқылдаң резеңке-металл амортизатор көмегімен мотор фамаға бекітіледі; оның екеуі алдында және төртеуі — артында орналасқан.

Маховик картері  маховикті орналастыру, моторды  рамаға бекіту және әр түрлі агрегаттарды (мәселен, беріліс қорабы, іске қосу моторы, іске қосу құрылғысының редукторы, т.б.) жалғастыру үшін қолданылады. Бірқатар моторлардың маховик картерінде поршеньнің жоғарғы шектік нүктесін айқындайтын құрылғы (стрелкалы көрсеткіш, қысқышы бар саңылау) болады. Мотор түбінен басқа қаңқа бөлшектері шойыннан құйылады, ал кейбір моторлар -алюминий қорытпасынан жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Цилиндр-поршень топтары

Қарастырылып  отырған автомобиль моторларының цилиндрлері  алмалы-салмалы келеді. Бөлек жасалған цилиндрді гильза деп атайды. Осындай гильзаны пайдалану блок-картердің жұмыс істеу мерзімін ұзартады, тозған гильзаны жаңасымен ауыстырға болады. Гильза қоспалы шойыннан жасалады. Гильзаның айнасы немесе ішкі беті жақсылап өңделеді және шынықтырылады. Ішкі диаметрі бойынша гильзаны үш мөлшерлік топқа сорттайды: Б, С жөне М (үлкен, орташа және кіші).


 

 

 

ГАЗ жеңіл автомобилінің моторының корпусы. 1—клапан қақпағы, 2—таратқыш білік корпусы, 3-цилиндрлер блогы, 4 - картер, 5 —цилиндр гилъзасының салқындатқыш қырлары, 6—нығыздауыш төсем.

Гильзалар дымқыл және құрғаң деп бөлінеді. Оның сыртқы беті салқындатылған сұйықтыққа малынып тұратыны «дымқыл» деп атайды. Сыртқы бетінде екі қондырма белдеу (2 және 3) жасалған, бұлар гильзаны блокқа нығыз орналастыру үшін қажет. Кейбір моторларда резеңке сақина 4 гильзаның төменгі белдеуінде жасалған қырнақтарға орнатылады. Гильзаның жоғарғы шеті блок бетінен шығып тұрады, мұның өзі цилиндрден газды шығармай нығыз бекітілуіне мүмкіндік береді.

Ауамен салқындатылатын мотор цилиндрлері сырт жағынан салқындатқыш қырларымен жабдықталған.

Цилиндрдің  теменгі бөлігінде кертпек болады, ол картер бетіне тіреледі. Картер мен кертпек аралығына мыс сақина орнатылады. Цилиндрлер арнайы (анкерлі) шпилькамен картерге бекітіледі.

Поршеньге жоғары температура мен қысым әсер етеді, ол өте жылдам қозғалады. Жұмыс жағдайына байланысты поршень материалының механикалық қасиеті өте жоғары, әрі қажалуға төзімді, жеңіл, жылуды тез шығаратын болуы тиіс. Сондықтан да қазіргі кезде мотор поршеньдерін жеңіл, әрі біршама төзімді алюминий қорытпасынан құяды.

а —дизелъді мотордың поршені, в - автомобилъдің бензинді моторының поршені, г — поршенъ саусағы; 1 — жай бүріккіш жиек, 2 — май сыдырғыш сақина жырашығы, 3—бекіткіш сақина жырашығы, 4 — поршенъ саусақтарына май жеткізетін тесік, 5 — компрессиялық сақина жырашығы, в — поршеньдегі жану камерасы, 7 — тілік, 8 — поршенъ саусағы; А — түбі, Г — бобышкалар,Д — тоңазытқыш, Е — поршенънің массасын және өлшемдік тобын таңбалайтын жер, Ж — поршенъді орнатудың бағытын белгілеу, 3 — саусақтың өлшем тобының таңба салу орны.

Поршень төңкерілген стаканға ұқсайды. Ол түбінен (А), қалпақшадан (Б) (немесе нығыздағыш бөліктен), және етегі деп аталатын бағыттауыш бөліктен (В) тұрады. Мотордың поршень түбінің ойығы бар үлгі формасында жасайды. Оның түбінің мұндай формада болуы цилиндрден келетін отынның ауамен жақсы араласуына және оның толық жануына мүмкіндік береді.

Тікелей бүрку инжекпторы (форсункасы) бар бензинді мотордың поршенінің үстіндегі жану камерасы.

Қалпақшасының ішкі беті мен етегінде компрессиялық және май сыдырғыш сақиналарға арналған ойықтар (5 және 2) жасалған. Поршеньге орнатылатын сақиналар саны мотордың типіне және иінді біліктің айналу жиілігіне бай- ланысты. Ойық шеңбері бойында, май сыдырғыш сақина астында тесіктер болады, ол майды мотор картеріне жіберу үшін қажет.

Поршень етегінің ішкі жағында екі құйылма — бобышкалар (Г) бар, оның саңылауларына поршень саусақтары орнатылады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поршень мен шатунка  тобы.

 

Құрастырған кезде  поршень топтары гильза топтарымен бірдей болуы тиіс. Суретте тікелей бүрку инжекторы бар мотордың жану камерасы мен поршені көр-сетілген.

Бензинді моторларда түбі жалпақ немесе арнайы формалы  поршеньдер пайдаланылады. Кейбір автомобиль моторларында   бобышка, астындағы поршень етегінің бір бөлігі алынып тасталынады. Поршендегі қалпақша астында көлденең тілік (7),  ал поршень етегінде ұзынша Т тәрізді тілік болады. Тіліктер поршень етегінің серпімділігін арттырып, кептеліп қалу қаупінен сақтайды. Поршеньдерді моторға дұрыс бағыттап орналастыруға поршень етегіндегі жазу көмектеседі.

Поршень саусақтары ішкі қуыс болаттан (16) жасалған. Поршень саусақтарын осьтік орын ауыстырудан қозғалтпай ұстау үшін бекіткіш сақина (15) қолданылады. 
      Поршень саусағы поршеньді шатунмен жалғастырады. Шатунның жоғарғы қалпақшасының втулкасындағы тесікке саусақты саңылауына келтіріп, ал поршеньді — керіп орнатады.

Поршень сақиналары поршень мен цилиндр арасынан 
картерге жанған газды өткізбеу (18) үшін және цилиндр бетінен майды сындыруға (17) қолданылады. Компрессиялық сақина (18) жану камерасындағы газдың картерге өтуіне мүмкіндік бермейді. Май сыдырғыш сақина (17) картердегі майдың жану камерасына енуіне бөгет жасап, цилиндр кенересіндегі артық майды жинап алады.

Цилиндрдің  герметикалығын (нығыз жабылуын) қамтамасыз ету мақсатында бензинді моторларда поршеньге 2-3, ал цилиндрлеріндегі газ қысымы едәуір жоғары келетін дизельдерде 3-4 компрессиялы сақина орнатылады. Сақинаны қоспалы шойыннан немесе болаттан жасайды. Сақина бөліктері кесілген болғандықтан, цилиндрге орнатқан кезде сақина серіппеленіп, оның беткі жағына тығыз орналасады. Поршень сақинасының жапқышы қиғаш немесе тік болуы мүмкін. Поршень ойығына сақинаны_ аздаған саңылау қалдырып орнатады және олар поршеньде біршама бос орналасуы мүмкін. Егер поршень саусақтары цилиндр кенересіне нығыз орналаспаса, онда цилиндр мен сақина арасындағы саңылаудан газ шығып, сақинаны қыздырып жібереді.

Компрессиялық сақинаның көлденең қимасының формасы әр түрлі келеді, тік бұрышты және конус қималы.

Компрессиялық сақинаның цилиндрге үйкелетін бетіне хром жалатылады. Көпшілік моторларда поршень сақиналарының қажалатын беттері ұзақ жұмыс істеуі үшін қапталады.

Компресскялық сақинаның астына май сыдырғыш сақинасы орнатады. Олардың компрессиялық сақиналардан айырмашылығы — тілігі болады немесе бірікпен екі сақинадан тұрады. Құрастырмалы сақиналар цилиндр бетіне жақсы орналасатындықтан картер майының аз жұмсалуын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Кривошипті-шатунды топтар

 

Кривошипті-шатунды  топқа шатун, поршень саусағының втулкасы, шатун және иінді білік подшипнигі, иінді білік, маховик, жетекші шкив пен шестерня және қолмен айналдыруға арналған храповик немесе болт жатады.

Шатун (5) поршеньдерді (1) иінді білікке (7) жалғастырады. Шатунға газ бен инерция қысымының күші әсер етеді, сондықтан ол өте берік, әрі жеңіл болуы тиіс. Шатун сапалы болаттан жасалады, кесіндісі екі қалпақшалы стержень тәрізді.

ГАЗ автомобилъ моторының  кривошипті-шаптунды тобы.

Қола втулка шатунның жоғарғы қалпақшасына (4) престеп орнатылады.

Шатун ажыратылмалы қалпақшамен білікке (7) бекітіледі, оның алмалы-салмалы бөлігі - қақпақ (9).

Шатунның төменгі  қалпақшасындағы қақпақты өзара ауыстыруға болмайды. Шатунның төменгі қалпақшасының бүйір бетіне жөне қақпаққа рет нөмірі салынады, бірінші нөмір радиатор жағынан басталады. Құрастырған кезде осы цифр жиынтықтары сәйкес келуі тиіс. Шатунды білікке орналастырған кезде қалпақшаның екі жартысын өте берік арнайы болттармен (10) бекітеді. Болат гайкаларын кілтпен бұрап қатайтады және шплинттейді (мұрындықтайды). Шатунға жоғарғы және төменгіден тұратын подшипниктер (6, 8) орнатады. Подшипниктердің осьтен ығысуын және бұрылуын болдырмас үшін шатунның бір жақ тұсындағы ойықтан мұртша жасалған. Шатунның стерженінде (5) май жіберетін тесік болады.

Поршень саусағына (2) май канал арқылы беріледі. Бұл канал шатунның өзінде жасалған. Шатунның төменгі қалпақшасы тік немесе қиғаш ажыратылмалы орналасқан. Қиғаш ажыратылма поршень топтарын монтаждаған кезде шатунның төменгі бөлігін гильза арқылы шығарып алуына мүмкіндік береді. Оларды гайкамен емес, арнайы шатунға бұралып кіретін болтпен бекітеді. Қиғаш ажыратылмалы жазығының жанасу аумағын арттыру үшін шатунның төменгі қалпақшасы тегіс емес, ойыдты (шлицті) етіп жасалған, мұнық өзі шатун болттарының кесілуін болдырмайды. Өздігінен бұралып кетпес үшін болт қалпақшасының астына бекіткіш шайба орнатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Иінді білік

Поршень (1) мен  шатун (5) арқылы келетін күшті қабылдап және оны бұраушы моментке өзгертіп, мұны автомобильдің трансмиссиясына беретін иінді білік (7)| мотордың әр түрлі механизмдері мен бөлшектерін жетекке алу үшін пайдаланылады. Газ бен инерция қысымының күші ұдайы әсер ететіндіктен иінді білік ете төзімді болуы тиіс.

Жоғары сапалы болаттан иінді білікті штамтайды немесе өте тезімді шойыннан құяды. Иінді білік түпкі және шатундық мойыннан имек түрінде жасалады. Жақтауына білікпен қоса, оны теңгеріп тұратын қарсы салмақ бекітілген немесе құйылған. Білік мойны тозуға өте берік болуы үшін жоғары жиіліктегі токпен шынықтырылған. Білік жадтауынан қиғаш каналдар өтеді, сол арқылы май түпкі және шатунды подшипниктерге келеді. Иінді білік (7) мойнының іші қуыс (15) етіп жасалған, мұның өзі ортадан тепкіш тазартқыш үшін қажет. Қуыс (15) бұрандалы динамометрлік тығынмен бекітілген. Иінді білік айналған кезде механикалық қоспалар (тозған енімдер) ортадан тепкіш күштің әсерінен қуыс кенересіне тұнады. Иінді біліктің әрбір шатунды мойынындағы V тәрізді орналасқан цилиндрлерінің иінді білігіне екі шатуннан орналасады, сондықтанда мойны ұзын болады. Иінді біліктің алдыңғы шетіне газ таратқыш және басқа да механизмдерді жетекке алатын бір не екі шестерня, желдеткіш пен генераторды жетекке алатын шкив (16), сондай-ақ иінді білікті қолмен айналдыруға арналған тіреуіші тісті дөңгелек (храповник) немесе болт бекітілген. Шкив пен шестерня аралығына май қайтарғыш орнатылған, ол сальникті нығыздағыштың алдындағы майды кері қайтарады. Кейбір моторларда таратқыш шестерня біліктің артқы шетіне орналасқан.

Бірқатар моторларда маховикті (14) орналастыру штифімен және болтпен бекітіледі. Ал, басқа бір моторларда фланец болады, оған маховикті болтпен ұстататын тесік жасалады.

 

 

 

        Иінді білік (7), шатун (5) кесіндісі.

Иінді білік фланецінің алдына май айдайтын бұранда жасалған, ол арнайы жіңішке ішпекпен немесе сальникпен қоса лабиринтті нығыздағыш құрайды да, маховик картеріне май құйылуынан сақтайды. Түпкі подшипникте кертпектер немесе тіреуіш жартылай сақина болады.

Түпкі подшипниктер де, сол сияқты шатунды подшипниктерде ішпек секілді, олар биметалды болат-алюминий лентасынан жасалған. Шатунның да, сондай-ақ көптеген түпкі подшипниктердің де ішпектері өзара ауыстырмалы.

 

4. Маховик

 

Иінді біліктің біркелкі айналуына жағдай жасайтын және көлік орнынан қозғалғанда, әрі жұмыс кезінде моторда пайда болған аса ауыр күшті жеңуге жәрдемдесетін — маховик 14. Маховик салмағы біршама ауыр шойын диск. Маховиктің артқы жақ тұсында іліністі орналастыратын қырнақ болады, сол мақсатта маховиктің артқы беті мұқият өңделеді.

Маховиктің  алдыңғы ұшында ойық бойынша бірінші цилиндрдегі поршеньнің орналасу қалпын белгілейді немесе кейбір дизель моторларында бірінші цилиндрде отын бүрку бастау бұрышын көрсетеді. Осы ойық маховик картерінің тесігімен сәйкес келген жағдайда бірінші цилиндрдегі поршень жоғарғы шекті нүктеде болады немесе бірінші цилиндрде отын бүрку басталады.

Маховик құрсауына болат тісті тәж престеп ұсталған немесе болтпен бекітілген. Моторды алғаш іске қосқанда стартер ең алдымен осы тіс тәжімен ілінісе отырып, иінді білікті айналдырады.

 

5. Мотордың сыҒылу дәрежесін басқару

 

Осы заманғы  автомобиль техникасын пайдалану көрсеткіштерін автоматты бақылау мен басқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін мәліметтер оқулықтарда жарық көрген.

Бензинді моторларда сығылу дәрежесінің максималды мәні детонациямен шектеледі және максималды айналу моментінде ең ауыр режимде қалыпты жұмыс істеу үшін таңдалады.

Сырылу дәрежесі ең үнемді режимдегі мотордың жұмысына жетуден анағұрлым төмен мөлшерде таңдалады. Осыны біле тұра мотордың үнемділігі төмендейді. Бұл тиімсіз режимдегі жұмыс жартылай жүктелгенде күшті білінеді. Бұл режимде цилиндрдің жанармаймен толтырылуын төмендету сығылу дәрежесі мотордың үнемділігін көтеру үшін жасалады. Өйткені жартылай жүктелу - автотрактор моторының жұмысының негізгі пайдалану режимі.

Жартылай жүктелу кезіндегі  және жанармай ауыстыру кезіндегі тиімсіз жұмысты жою үшін ауыспалы жану камерасы көлемі бар мотор қолданады. Оған екі жолмен жетуге болады.

1. Жану камерасының көлемін  қадамсыз өзгертумен

2. Жану камерасы көлемін сатылы өзгертумен  
      SААВ фирмасы өзгермелі сығылу дәрежесі мен бензиндік мотор жасады. Жану камерасы көлемін қадамсыз өзгерту моторға бензинмен, газбен, дизельді отынмен және спиртпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Конструкторлар мотор  жұмыс істеп тұрғанда сығылу дәрежесін басқару жетістігіне жетті.

   

 

SААВ фирмасының сығылу  дәрежесі реттелетін моторы. а—сығу  дәрежесі жоғары, в—сығу дәрежесі  төмен. 1—картер мен блокты қосатын топса (шарнир); 2—осі картерге бекітілген эксцентрикпгі білік (оны бұрау арқылы сығу дәрежесін өзгертеді); 3—эксцентрикті біліктің шатунын мотор блогына жалғайтын топса (шарнир).

SААВ моторының сығылу дәрежесі 8:1 ден 14:1 тұрады. Мотор «талғаусыз болды, ол әр түрлі сападағы және фракциялық құрамында айырмашылық бар отындармен жұмыс істей береді. Екіншіден, орташа жүктелуде үнемділігі 30% -ке артты, ал максималдыда - қуаты бірден жоғарылады.

SААВ моторында картер (иінді білік) мен мотор блогы топса (шарнир-1) арқылы бекітілген. Картердің қарама-қарсы жағына эксцентрикті білік бекітілген (2), оның шатуны мотор блогына жалғайтын топсаға (3) жалғасқан (шарнир). Эксцентрикті бұрау арқылы сығу дәрежесін өзгертеді, немесе мотор блогының сол жағын (1 топса арқылы) жоғары немесе төмен түсіруге болады.  а-сығу дәрежесі жоғарылату үшін блок (картерге 2 қарағанда) сағат жүру бағытымен, ал е-сығу дәрежесін төмендету үшін сағат бағытына қарсы бұралады.

Жүргізушінің  тапсырмасымен (қолданылатын отын түрінің өзгеруі кезінде), болмаса иінді білік айналу жиілігі көрсеткішінің дабылымен және ЭСУ басқару басқышының қалпында, моторды тоқтатпай сығылу дәрежесін басқаруда іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Кривошипті-шатунды механизмнің

негізгі ақаулары

Мотор үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық (тартымдылық) қасиетін, жанармай және жағар майдың шығынын белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін қуатта жұмыс істеуі қажет.

Кривошипті-шатунды  механизмнің техникалық жағдайын анықтауға болады: дыбысы мен діріл-соғысынан, бөлшектерінің едәуір желінгендігінен, ұлғаятын май (жоғары шығында) күйігі түтінінен. Өйткені мотордың жұмысында қатты түтіндеуден, сығымдау процесінің соңында (компрессиясы) қысымның азаюынан болады.

4.5.1. Мотордың діріл-соққысы стетоскоп арқылы тыңдалады және басқа да электронды жүйелер қолданылады.

Үнді соққы-мотордың салқын кездегі және оның қыза бастаған кезінде бәсеңдейтін немесе жоғарылайтын дыбыс поршеньнің желінгенінен пайда болады.

Егер айналу жиілігі шапшаң артқан кезде қатты шығатын соққы дыбысы иінбіліктің негізгі мойыншасындағы күпшектерінің немесе шатундың мойыншадағы күп-шектердің (тесеніш) желінгенін байқатады.

4.5.2 Май қысымның күрт төмендеуі көбіне инбіліктегі негізгі немесе шатундық мойыншадағы күпшектердің еріп кетуінен болады. Бұл жағдайда ақаудың күрделіленіп кетуін алдын алу үшін моторды тоқтату қажет.

4.5.3 Күйген және түтін шығару поршень сақинасының поршень ойығына отырып қалуы, желінуінен және сақинаның сынуынан, оның серпімділігін жоғалтуынан, май ысыратын сақиналардағы саңлақ кесінділердің бітеліп қалуы, гильзаның немесе цилиндр ішкі қабатының жырылғанынан.

Сонымен қатар, майдың жоғары шығыны, оның мотор төсеніш саңлақтарынан ағуынан және картерді желдету жүйесінің ақаулығынан болады,

Сығымдау процесінің соңында (компрессия) қысымның азаюы поршень сақинасының күйгендігі, желінуі және сынғандығы салдарынан, цилиндр қалпағының төсенішінің зақымдалғанынан, цилиндрлердің желінгендігінен болады.

Қалыпты моторда  компрессия 70—75 кН/м3 (7,0—7,5 кгс/см3) болуға тиіс. Компрессия айырмасы әрбір цилиндрлердегі 10 кН/м2 (1 кгс/см2) аспауға тиіс.

Түтін және зиянды газдың мотордан шығуын тексеретін сезгі арқылы автомобильдің компьютері анықтап отырады. Оның қалай істейтіні келесі тарауларда келтірілген. Ол сезгі — лямбда-зонд, О2 - сезгісі (датчигі) немесе мотордан шығатын газ сезгісі.

4.5.4. Күйенің отыруы поршеньнің түбінде және Жану камерасының    қабырғаларындағы    мотордың    бөлшектерінен жылудың алып кетілуін төмендетеді, бүның өзі бөлшектердің қызуына, қуаттың бәсеңдеуіне және жанар- 
майдың шығынына соқтырады.

Күйе қабыршақтары ағаштан жасалған немесе жұмсаң темірден жасалған қырғышпен тазаланады. Тазалар алдында отырған күйе қабыршағын жұмсарту үшін. Бөлшектерді керосинмен немесе арнайы ерітіндімен ылғалдайды. Қазіргі кезде басқа да тазалау жолдары қарастырылған.

Жарық   цилиндр   блогының   жөне   цилиндр қалпағындағы суыту кеңістігінің қабырғаларындағы судың қатуынан немесе ысып тұрған моторды суыту кеңістігін 
суық сумен толтыруынан пайда болуы мүмкін. Жарықты 
болдырмас үшін алдын-алған жөн.

Электронды  басқару блогының мағлұматтары бойынша мотор жағдайын анықтау компьютерлік тексеру арқылы анықталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7. Газ тарату механизмінің (ГТМ) жұмысы

ГТМ ол цилиндрлерге дер кезінде ауа (дизельді моторда) немесе жанғыш қоспа (бензинді моторда) жеткізу және цилиндрдегі пайдаланылған газды шығару қызметін атқарады. Клапандар енгізу жөне шығару тесіктерін ашыл-жауып тұрады, ал бұлар цилиндрлердің енгізу және шығару түтіктерімен жалғастырады.

Газ тарату механизмінің екі түрі бар: жоғары және үйірге орналасқан клапандар. Оқулықтағы автомобильмоторларында газ тарату механизмінің клапаны жоғары орналасқан.

Газ тарату меха низмінің құрамына енгізу және шығару клапандары, таратқыш біліктен клапандарға қозғалыс бергіш бөлшектер, таратқыш білік пен шестернялар кіреді.

Жоғарғы клапанды механизм: 1-клапан, 2—таратқыш, 3—күйенте (коромысло), 4—реттегіш винт, 5—шпанга,6—түрткіш.

Иінді білік  шестернялардың көмегімен таратңыш^ білікті (2) айналдырады. Қатарлы (а) және V тәрізді (б) таратңыш біліктің жүдырыңшасы (2) түрткішті жылжы-та отырып, оны  штангамен (5) ңоса көтереді, ал осы кез-де оның екінші/шеті төмен жылжып, немесе клапанды (1) күйенте (3) арқылы басады да, клапан (1) серіппені сығып енгізу немесе шығару тесіктерін ашады (2.22-су-рет).

Таратңыш біліктің жүдырьщшасы түрткіштен шыңқан кезде  штанга мен түрткіш түседі, ал клапан серіппе әсерінен ершікке отырып, канал тесігін ныгыздап жаба-ды.

Иінді білік  бензин моторларында 1 секунд ішінде 100-150 айналыс жасайды, ал дизельдерде 1 секундта 70 рет айналыц үргіреді, немесе поршень 1 секундта 70-150 рет төмен және жоғары жылжып үлгіреді. Клапандардың ашылып жабылу аралық уақыты 0,07-0,2 секунд/ғана немесе осы аз|уақыт ішінде цилиндр ауа немесе жанғыш қоспаны кіргізіп және оны жанып болғаннан кейін шығарып жібе-руге мүмкіндік жасауы қажет.

Сондықтан сору клапаны поршень жоғарғы шекті нүктеге (ЖШН) жетпей ашылады, төменгі шекті нүктеден (ТШН) өткеннен кейін жабылады.

Сол сияқты шығару клапаны да ерте ашылып шекті нүктеден өткеннен кейін жабылады.

Газ тарату диаграммасы

 Газ тарату диаграммасы

Клапандардың  ашылу моментінен олардың жабылу моментіне дейінгі кезеңді (бұл иінді біліктің айналу градусымен өрнектеледі) газ таратудың фазасы деп атайды.

Газ тарату фазасын таблица |немесе айналма диаграмма түрінде бейнелейді.  Қазіргі автомобиль моторларының газ тарату диаграммасының фазасы келтірілген. Енгізу клапанының ертерек ашылуын және кешігіңкіреп жабылуын жүзеге асырудың нәтижесінде енгізу тактісін 180 градустан 270 градусқа дейін ұзартуға мүмкіндік туады.

Шығару клапанының ашылу ұзақтығы иінді біліктің бұрылу бұрышы бойынша 237-275°С болады.

Клапанның ашылу және жабылу сәтін таратқыш білік жұдырықшасының профилі және клапандар мен күйентелердің арасындағы саңылау бойынша анықтайды.

 

 

 

 

8. Газ тарату механизмінің бөлшектері

Клапан (1) стержені ажарланған. Стержень (5) ұшы шынықтырылған, соның нәтижесінде онын, күйентесі әсерінен баяу тозады. Клапандар жақсы жабысып орналасуы үшін олардың әрқайсысы ұя (2) қырнағына (фаскасына) 1,5-2 мм ендік те үйкеленіп тұрады. Мұның өзі көпшілік моторларда 45°С бұрыштықта |орындалып, мұқият ажарланады. Цилиндрді ауаға жақсы толтыру үшін шығару клапандарының ұясы мен қалпақшасының диаметріне қарағанда, енгізу клапандарының ұясы мен қалпақшасының диаметрін үл-кенірек жасайды.  Клапанның жоғарғы бөлігіндегі стерженьде конусты суха-риктер (7) орналастыруға арналған қырнақ болады, сол қырнақтың көмегімен клапан серіппе (8) табаңшасына (6) берік ұстатылады. Сухарик-тер (7) жартылай қақ бөлінген конус сақина тәрізді. Кейбір моторларда жоғарғы тірек шайбалар  мен сухариктердің аралығында) втулка болады, ол сухариктерді қысып ұстап, төменгі сүйір ұшымен табақша (6) түбіне тереледі.

Кривошипті – шатун механизмі