Курстық жұмыс. 3

Мазмұны

Кіріспе

  1. Халықтың өмір сүру деңгейі

 

 1.1 Халықтың өмір сүру деңгейі,теориясы

 1.2 Халықтың материялдық әл-ауқатты

 1.3 Қазакстандағы демографиялық ахуал

 

2. Қазіргі кедейшілік жағдай

2.1  Қазақстан Республикасының  кедейлік бейіні

2.2  Халықтың өмір сүру деңгейін  мемлекетпен реттеу

2.3 ҚР-ның әлеуметік-экономикалық  даму көрсеткіші

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 Өмір сүру деңгейі күрделі және көп қырлы категория екендігін адамның өмірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жиынтығы сипаттайды.

      Халықтың өмір сүру барысында туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады. Кеңес одағының  экономикасында халықтың өмір сүру деңгейін объективті бағалау идеологиялық себептер бойынша мүмкін болмады да, жабық экономиканың қағидаларына сәйкес өнімдерді тарату және жеке тұтыну, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-аухаты жөнінде көрсеткіштерге көңіл аударылмады.

   «Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.Халық саны проблемасының Қазақстан үшін айрықша маңызы бар. Халық санының тығыздығы республика бойынша тұтастай алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. 2010 жылдың 1қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар - 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған.                                                   

Кедейлік бейiнi –   кедейлiктiң барынша  айқын    көрiнiстерiнiң сандық          және сапалық сипаттамасы. 2011 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен 
сипатталады: халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды.Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарынiске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.

 Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады.      

    .

 

 

1.Халықтың өмір  сүру деңгейі.

1.1 Халықтың өмір сүру  деңгейін және кедейшілікпен  күрес түсінігі, теориясы.

 Өмір сүру деңгейі  күрделі және көп қырлы категория  екендігін адамның өмірдегі нақты  әлеуметтік-экономикалық жағдайларының  жиынтығы сипаттайды.

Халықтың өмір сүру барысында  туындайтын проблемалар және оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу қай елдің  болмасын әлеуметтік-экономикалық дамуына  тәуелсіз, қашанда өзекті болып саналады.

«Өмір сүру деңгейі» экономикалық зерттеу объектісі ретінде оның басты міндеттері деп келесілерді  атауға болады:

  • адамның өмір сүру сапасын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау (салауатты өмір салтын жүргізу қабілеті, білім алу мүмкіншілігі, лайықты өмірге жеткілікті табыс көзі және жоғары кәсіби білімі);
  • атаулы және нақты табыстарды зерттеу;
  • халықтың баспанамен, ұзақ қолданылатын тұтыну игіліктерімен қамтамасыз етілуі;
  • әлемнің әр түрлі елдеріндегі өмір сапасы мен оның деңгейін бағалау арқылы ел аралық салыстыру жүргізу;
  • аталмыш сала саясатын қалыптастыру  үшін өмір сүру деңгейін зерттеу.

«Өмір сүру деңгейі» категориясын алғаш рет К.Маркс «Жалақы, баға және пайда» атты еңбегінде енгізілген. Ол осы категорияны халықтың, әлеуметтік топтардың материалдық, рухани және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі мен деңгейінің әлеуметтік-экономикалық сипаты ретінде қарастырған.

Зерттеу объектісі  жөнінде  мәліметтерді әрі қарай өрбіту үшін төменде келтірілген сызбаларға негіз болған статистикалық әдістемелік  мәліметтерді айта кету маңызды. Аталмыш  мәлімет көзіне сәйкес халықтың өмір сүру деңгейін бағалау үшін бастапқы көрсеткіштер мен әлеуметтік-экономикалық индикаторлар жиынтығы бар. Бастапқы көрсеткіштер келесілер:

  • үй шаруашылығының табыстары;
  • олардың нақты түпкілікті тұтынылуы;
  • үй шаруашылығының түпкілікті тұтынуға кеткен шығыстары;
  • халықтың ақшалай табыстары;
  • халықтың ақшалай шығыстары мен жинақ ақшалары;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыстар;
  • қолда бар нақты ақшалай табыстар;
  • орташа айлық есептелген жалақы;
  • тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  • халықтың ақшалай табысының сатып алу қабілеттілігі;
  • жан басына шаққандағы ақшалай табыс деңгейі бойынша халықты бөлу;
  • халықтың әр түрлі топтары бойынша ақшалай табыстың жалпы көлемін
  • бөлу;
  • халық табысының саралану коэффициенттері, табыстарды шоғырландыру
  • коэффициенті (Джини индексі), күнкөрістің ең төменгі деңгейі;
  • табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейінен төмен халықтың саны, табыс

тапшылығы.

 

    Кесте 1 – Экономикалық  қызмет түрлері бойынша Қазақстандағы  жалдамалы жұмысшылардың табыс  серпіні

 

 

жылдар:

2008

2009

2010

2011

2012

Есептелген орташа айлық  жалақы (республика бойынша), теңге

28329

34060

40790

52429

60805

Өткен жылмен салыстырғандағы  пайыздық индексі

         

атаулы жалақы

122,5

120,2

119,8

128,7

115,9

Нақты жалақы

114,6

111,7

110,3

116,1

99,0

Жалақының орта жылдық ең төменгі  мөлшері, теңге

6600

8100

9200

9752

11270

Жалақының күнкөріс шамасына қатынасы – есе, оның ішінде:

5,2

5,6

4,8

5,4

4,9

- өнеркәсіпте

6,3

6,9

5,9

6,3

6

- ауыл шаруашылығында

2,2

2,5

2,2

2,5

2,5

Ескерту:  кесте ҚР Сатистика  агенттігі мәліметтері негізінде  дайындалды


 

Кестеден көріп отырғанымыздай, есептелген орташа айлық жалақы, жалақының  орта жылдық ең төменгі мөлшері көрсетілген 5 жыл ішінде 2 есеге өскен. Жалақының күнкөріс шамасына қатынасы 2008 жылы – 5,2, 2006 жылы – 5,4 және 2012 жылы 4,9 есе болды. Оның ішінде өнеркәсіпте аталмыш жылдарда, тұтастай алғанда 6 есе, ауыл шаруашылығы бойынша 2,5 есе айырмашылықты көрсетеді. Бұл жалпы алғанда бірқалыптылықты сипаттайды және осы жерде біздің талдау жұмыстарымыз мемлекеттік реттеу объектісі болып табылатын ресми мәліметтерге сүйене отырып, дайындалды. Мемлекеттік реттеуге тек бюджет саласы жұмысшыларының жалақысы жатады, оның орташа көлемі 2008 жылы республика бойынша орташа жалақыдан 37%-ға артта қалғандығын көруге болады. Еңбек ақы төлеуде кепілденген ставкалар мен окладтар нарықтық экономика принциптеріне сәйкес келмейді әрі жұмысшыларды жоғары өнімді және тиімді еңбекке ынталандырмайды да.

  Қорыта айтқанда, мемлекет өзінің әлеуметтік саясатын жүргізуде шешілуі кезек күттірмейтін өзекті мәселелерді есепке алып, әлеуметтік саладағы басым бағыттарды анықтауы шарт.

 

1.2 Халықтың материялдық  әл-ауқатты.

 

«Өмір сүру деңгейі» түсінігінің  өте күрделілігі мен көп қырлылығы  оның әлеуметтік тұрғыдан маңыздылығында болып табылады. Олай болса, зерттеліп  отырған экономикалық категорияның әлеуметтік астары халықтың аз қамтылған (тұрмысы нашарлар), ең аухатты, жұмыс  беруші мен жұмысшылардың, зейнеткерлердің, жанұяның және нақты адамның өмір сүру деңгейлерін қарастырады. Аталғандарға көрнекілік беру үшін оларды топтастырып, сызба ретінде келтірдік. Ол төмендегі  сызбада.

 

 Сурет 1 –Әлеуметтік топтарды саралау сызбасы

Осылайша, біздің ойымызша, «өмір сүру деңгейі» - адамның тұтынуға байланысты игіліктерін қанағаттандыру мақсатында біріңғай негізге сүйене отырып, өмір сапасын арттыру болып  табылады. 

 

 


 

 

 

 

 

 

Сурет 2 – Өмір сүруде адамның  әл-аухат құрылымы

 

Сонымен бірге, республикамызда  өмір сүру деңгейін бағалау үшін 11 негізгі  әлеуметтік-экономикалық индикаторлар негізге алынады, олар

  1. үй шаруашылықтарың жалпы түзетілген табысы: халықтың жан басына шаққандағы жалпы түзетілген табысы және жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
  2. үй шаруашылықтарының нақты түпкілікті тұтынуы: жан басына шаққанда және өткен жылға пайызбен;
  3. жан басына шаққандағы айлық ақшалай табыс;
  4. жан басына шаққандағы халықтың нақты қолда бар ақшалай табыстары, өткен жылға пайызбен;
  5. айына 1 жұмысшының атаулы жалақысы;
  6. өткен жылға пайызбен 1 жұмысшының нақты жалақысы;
  7. есептелген айлық зейнетақының орташа мөлшері;
  8. өткен жылға пайызбен зейнетақының нақты мөлшері;
  9. айына жан басына шаққандағы күнкөріс шегі;
  10. айына еңбек ақының ең төменгі мөлшері;
  11. айына зейнетақының ең төменгі мөлшері.

Халықтың өмір сүру деңгейін анықтау күрделі процесс, әйтседе,  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жүйесінде халықтың табыстары мен  шығыстарының құрылымын, табыс бойынша  саралануын, әр түрлі әлеуметтік топтар табысының сатып алу қабілеттілігін, материалдық игіліктер мен қызметтерді  тұтынуды қанағаттандыру деңгейін есепке алу маңызды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде өмір сапасы мен  оның деңгейін толық және кешенді  қамтитын, мәнін түсіндіретін, өмір сүруді бағалайтын нақты көрсеткіштер жүйесі қалыптасады. Логикалық бірізділікпен  қалыптасқан осы жүйе төмендегідей көрсеткіштер топтамасынан құралады:

  • жалпыланған көрсеткіштер;
  • халықтың табыстары;
  • халықтың шығыстары мен тұтынуы;
  • жинақталған мүлік пен тұрғын-үй;
  • әлеуметтік қорғау жүйесі;
  • әлеуметтік сала;
  • қоршаған орта;
  • халықтың әлеуметтік саралануы.

Осыдан келіп, бастапқыда айтып өткеніміздей, «өмір сүру деңгейінің»  құраушы бөлігі әлеуметтік тұрғыдағы  мәселелер туындайды. Дәлірек айтқанда, жоғарыда келтірілген көрсеткіштерді талдау арқылы халықтың «өмір сүру деңгейі» түсінігі анықталып, топтастырылады және мемлекет тарапынан қолдауға ие болады. Кеңірек аша айтатын болсақ, осыдан келіп, әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасады. Ол:

  • әлеуметтік қамсыздандыру;
  • зейнетақыны, жәрдемақыны, қарттарға, балаларға, ауруларға материалдық көмек беру жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер кешенін қамту;
  • ең төменгі: күнкөріс деңгейі (кедейшілік шегі), тұтыну бюджеті, жалақы, зейнетақы мөлшері, жалақының сатып алу қабілеттілігі, зейнетақының сатып алу қабілеттілігі, кедейшілік коэффициенті мен деңгейі, табыс тапшылығы, кедейшіліктің әлеуметтік портреті сияқты индикаторлардан тұрады. Мақсат: мемлекеттің әлеуметтік саясатын жетілдіру, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, өмір сапасын көтеру.

Әлеуметтік сала көрсеткіштері  адамның өмір сүру деңгейін ғана емес, сонымен бірге өмір қалпын да анықтайды. Олар келесілер:

  • білім беру (мектепке дейінгі, жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • мәдениет пен өнер (мәдениет пен өнер мекемелерінің жұмысын сипаттайтын, сонымен бірге кітап, журнал, газет өнімдері басылуын көрсететін көрсеткіштер жүйесі);
  • денсаулық сақтау (денсаулық сақтау статистикасының, халықтың ауыруының, мүгедектіктің, өндірістік жарақат алудың көрсеткіштер жүйесі);
  • туризм, демалу, дене шынықтыру және спорт (санаториялық-курорттық мекемелердің, демалыс және туризм мекемелерінің, спорттық мекемелер желісінің жағдайын, дамуын және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • коммуналдық шараушылық (халықты сумен, жылумен, газбен, қонақ үй және басқа да жабдықталуымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі);
  • ақылы қызметтер (халыққа әр түрлі қызметтерді ұсынуды сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі: тұрмыстық қызметтер, жолаушылық көліктер, байланыс, құқықтық қызметтер, банк қызметтері және т.б.)

 

1.3Қазақстандағы демографиялық ахуал

 Халық саны проблемасының  Қазақстан үшін айрықша маңызы  бар. Халық санының тығыздығы  республика бойынша тұтастай  алғанда бір шаршы километрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда  бұл көрсеткіш бір шаршы метрге 140 адам.Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына ел халқы 15 394,6 мың адамды құрады, оның ішінде 8838,1 мың адам (57,4%) - қала халқы, 6 556,5 мың адам (42,6%) – ауыл халқы, 2008 жылдың 1 қаңтарына - 15 565 647 адам, оның ішінде: 8 230 319 (52,8%) адам қалада тұрса; 7 335 328 (47%) адам ауылда тұрады.  
    2010 жылдың 1 қаңтарына республика халқының жас құрамы мынадай болды: 15 жасқа дейінгі балалар – 24% (24,2), 15-тен 65 жасқа дейінгі адамдар - 68,2% (68,0), 65 және одан жоғары жастағылар барлық халық санының 7,8%-ын құраған. 2007 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%-ға ұлғайған. 15-64 жастағы және 65 пен одан жоғары жастағылар саны тиісінше 1,5% және 1,2%-ға ұлғайған.Қазақстанда әйел жыныстылар санының басым болуынан көрінетін гендерлік асимметрия қалыптасты. 1000 еркекке 1078 әйел келеді. 2009 жылдың 1 қаңтарына  ерлер саны 7407,8 (7324,8) адам нмесе барлық халықтың 48,1%-ын, әйелдер тиісінше 7986,8 (7894,5) адамды немесе 51,9%-ды құраған. 15-64 жастағы әрбір қайтыс болатын 100 әйелге осы жас тобының қайтыс болатын 246 ер адамның келуі жағдайды қиындата түсіп тұр. 15–64 жастағы ерлер өлімінің жоғары пайызы мен өмір ұзақтығының аз болуы дағдарысқа әкелетін қазіргі әлеуметтік-экономикалық қатынастар проблемасымен.2009 жылы республика халқының табиғи өсімі 157 891 адамды ( 2008 жылы 141 876) құрады. Табиғи өсімнің 1000 тұрғынға жалпы коэффициенті 2008 жылдың 1 қаңтарына 10,2 (9,3) адамды құраған. 
   2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда елдегі өлген адамдар саны 158 931 (157 357) адамды құраған, оның ішінде 92 81 (92 425) адам қала халқы, 66 050 (64 932) ауыл халқы. Осы кезең ішінде 90 760 ер адам және 68 171 әйел адам өлген, немесе 100 әйелге 133 еркек. 1000 адамға жалпы өлім коэффициенті 2009 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінде қалды және өлген адамдардың 10,3 санын құрады.2006 жылдан бастап елде жылына шамамен 250 нәресте дүниеге келеді, 2009 жылы бұл көрсеткіш 300 мыңға жетті, алайда нәресте өлім-жітімінің деңгейі өте жоғары болып отыр. Бұл көбінесе 30%-дан аспайтын бала туатын жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмен деңгейімен байланысты болып отыр. Халықтың ұрпақ берушілігі төменгі деңгейде, бүгінде елде 450 мың отбасының баласы жоқ. Сонымен қатар Қазақстанда жылсайын 170мың аборт жасалады. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде елде 4561 (4172) 1 жасқа дейінгі  балалардың өлімі тіркелген, оның ішінде 2701 (2406) – ұл балалар және 1860 (1766) қыз балалар. Нәрестелер өлім-жітімі коэффициенті 1000 туған балаға 14,5 (14,1) құраған. Нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі жатырда өсу кезеңінде пайда болған жағдайға байланысты болып отыр, бұдан 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2169 (2063) нәресте өлген немесе барлық нәресте өлім-жітімінің 47,6%-ын (49,4%).Демографиялық ахуалды жақсартуда денсаулық сақтау саласы үлкен рөл атқарады. Әлсіз және көбіне қағаз жүзіндегі жұмыстар, коммерциялану деңгейінің жоғарылығы аналардың жүктілікке нашар дайындалуына әкеледі.Халықтың көші-қонының оң сальдосы әлі сақталып отыр, 2010 жылғы қаңтар-желтоқсанда ол 10878 (33 472) адамды құрады, оның ішінде ТМД елдерімен 2989 (26 778). Республикаға келген адамдар саны 53 309 (67 386), одан тысқары кеткендер 42431 (33914) адамды құраған. 
   Қазақстанға келушілер арасында қазақтардың басым салмағы 78,2%,орыстар – 12,5%,немістер – 1,0% құраған. Қазақстаннан тысқары кеткендер ішінде орыстар үлесіне – 69,5%, немістер – 7,1%,қазақтар–5,3%тиесілі. 
    Статистка агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарда жастар (15–29 жастағылар) саны халық құрылымы ішінде 4 288 387 адамды құрайды, пайыздық қатынас бойынша бұл үлес 27,8%. Олардың ішінде ерлері 2 168 347адам,әйелдер–2120040адам.Экономикада жұмыс істейтін жастар саны 2 730 951, оның ішінде     15–24 жастағылар 1577355 адам, 25–29 жастағылар 1 153 596 адамды құрайды. Республика бойынша экономикалық белсенді жастар саны 2 961 644 адамды құрайды, оның ішінде 15–24 жастағылар 1710 600адам,25–29жастағылар 1251044адам. 
    Осы статистикаға орай жастардың 60%-ы халықтың экономикалық белсенді бөлігін, 30%-ы оқушылар мен студенттер және 10%-ы жұмысшылар. 
   Республика бойынша барлық жұмыс істемейтін жастар саны  264 652 адамды құрайды немесе 9,6 %, олардың ішінде 15–24 жастағылар 183 610 адам немесе 10,7%,25–29 жастағылар 81042адам немесе 6,5 %. 
Елдің барлық қалаларында жалпы жұмссыздық деңгейінен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары. Бұл жергілікті еңбек нарықтарындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі және ауыл жастарының қалаға кетуі салдарынан болып отыр, олар көбіне біліктілігінің төмендігі немесе мүлде жоқтығына орай жұмысқа орналаса алмайды.  
Қала мен ауылдағы кедейлік деңгейіндегі айырма сақталып отыр және қиындай түсуде, бұл да жастардың кетуіне әкеледі.  Ауылдағы кедей халық деңгейі 21,2%-ды, қалада – 5,5%-ды құрап отыр.

Сонымен, статистика 15-29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстанның барлық халқының 28%-ын құрайтынын көрсетіп отыр. Бұл ретте жастар үшін қоғамның барлық проблемалары тән. Бұл ересектермен салыстырғанда жастар арасында 2 есеге жоғары болып отырған жұмыссыздық. Бұл қала жастарымен салыстырғанда ауыл жастарының кедейлігі. Бұл құқық бұзушылықтың жалпы статистикасі ішінде жастар жасайтын қылмыстар үлесінің жоғарлығы.Демография мәселелерін шешуде  экономикалық ынталандыру келешегін сипаттай отырып,  Қазақстанда нәрестелерге арналған тамақ өнімі мен тауарлар өндірісі жоқ екенін атап кету керек.       Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі демографиялық проблемаларды шешуге бағдарланбағанын батыл айтуға болады. Сонымен қатар, елде балаларды мектепке дейінгі дайындау мекемелері жетіспейді, бұл проблема әйелдердің еңбек әлеуетін  не аналар әлеуетін іске асыруға мүмкіндік бермейді.  
Бүгінде халық арасында бала туу өсімінің үрдісі байқалып отыр. Осының негізінде кейбір зерттеушілер мұны демографиялық дағдарыстан шығудың басы деп бағалайды. Кейбір демографтар мен мемлекеттік билік органдарының басшылары қазіргі кездегі демографиялық дағдарысты, ең бастысы халық санының азаюын барлық өркениетті елдерге тән әлемдік процесс деп өзін-өзі жұбатады. Бұл құбылысты демографиялық өтпелі кезең (өмір сүру деңгейі ең жоғары елдерде бала туу барынша төмен) деп сипаттайды. Бұдан екі қорытынды шығады: жалпы әлемдік үрдістерден қорықпау керек және демографиялық саясат шаралары көп нәрсені өзгерте алмайды.Бірақ бұлардың екеуі де қатеұғым.Ілгерінді демографиялық өтпелі кезеңнің негізгі құрамдас бөлігі – бұл бала туудың қат-қабат төмендеуі, ең бастысы өлім-жітімнің жоғарлауы. Қазақстанда да, бұрынғы кеңестік елдер кеңістігінде де өлім-жітім өсіп келеді және орташа өмір сүру ұзақтығы тым төмен, ол ерлерде 58 жас, әйелдерде 68 жасты құрап отыр.  
Қазіргі кезде Қазақстанда  бала туу ұлғаюда, жыл сайын 300 нәресте дүниеге келеді. Алайда 1989 жылғы санақпен салыстырғанда халықтың жиынтық саны азайған. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанға келген  және азаматтық алған жарты миллилон оралман да демографиялық ахуалды жақсарта алмай отыр. 1989 жылғы санақ деректері бойынша сол жылдары Қазақстанда 16 199 154 адам болса, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15 565 647 адам. 
    Еуропа елдеріндегі демографиялық дағдарысты ескере отырып, бұл елдер экономиканың барлық саласына иммигранттарды белсенді тарта бастайтынын болжау қиын емес, әсіресе бұл Қазақстан, Ресей, Урнаина мен Белоруссияға қатысты болатын бұрынғы кеңес елдері халқының жоғары зиялы әлеуетіне айрықша назар аударылатын болады. Ресейдегі демографиялық депопуляция да таяу уақытта иммиграциялық саясаттың жандануына әкеледі, бұрынғы КСРО-ның орыс тілінде сөйлейтін халқының көшуіненегізгі екпін түсірілетін болады.Бұдан шығатын қорытынды, Шығыс Еуропа, Канада мен Ресей елдеріне халықтың белсенді көшуі арқасында таяу арада Қазақстанның халық санының өсімі үрдісі оң бағыттан теріс бағытқа ауысып кетуі мүмкін.Сондықтан  демографиялық ахуалды жақсарту жөніндегі жұмыстарды бірнеше бағыттар бойынша жүргізу қажет:

  • отбасылардың, әсіресе көп балалы отбасылар мәртебесін көтеру;
  • көп балалы отбасыларына пәтер алуға және жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға басым құқықты заңнамамен белгілеу;
  • адамдардың санасына отбасылық, үш және төрт балалары бар отбасылық өмір  салтын тұрақты орнату қажет;
  • отбасылық өмір салты сөзсіз әлеуметтік норма болуы тиіс;
  • ата-аналар еңбегін отбасы жоқ кәсіпқой мамандардың еңбегімен заңнама арқылы теңестіру қажет, бұл үшін «отбасылық еңбекақы» енгізу керек, яғни бала тәрбиелейтін әйелге ең төменгі өмір сүру деңгейін ескере отырып және отбасындағы балалар санына қарай белгіленген ең аз еңбекақы төлеу қажет;
  • қызметкерлердің (немесе әйел қызметкердің) еңбекақы бөлінісі проблемасын шешу керек, өйткені ол бүгінде отбасы мүшелерінің қажеттілігіне арналған шығыстарды көздемейді және жекелеген жағдайларда жеткілікті болып табылмайды;
  • тұрақты демографиялық, әсіресе екінші және үшінші бала туу мониторингін жүргізу қажет;
  • балалары жоқ отбасы жұптарын емдеуді мемлекеттік деңгейде қаржыландыру қажет;
  • шетел тәжірибесі негізінде бала тууды материалдық ынталандыру  қажет;
  • бала тууға қабілетті әйелдерді тегін емдеу жүйесіне баса назар аудару қажет

Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2013 жылы халық саны 17 миллионға  жетеді десе, әлем демографтары 2100 жылы жер бетінің тұрғындарының барлығы 100 жасайтын болады деп болжайды.

 

 

 

2.Қазіргі кедейшілік  жағдай.

2.1 Қазақстан Республикасының кедейлік  бейіні

   Кедейлiк бейiнi - кедейлiктiң барынша айқын көрiнiстерiнiң сандық және сапалық сипаттамасы. 2010 жылы Қазақстанда ол мынадай деректермен 
сипатталады: халықтың 28,4%-ының табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен болды; ел халқының 11,7%-ының табысы азық-түлiк қоржынының құнынан төмен болды, соның iшiнде Маңғыстау облысында - 26,7%, Атырау облысында - 21,6%; халықтың неғұрлым ауқатты 10% және неғұрлым ауқатсыз 10% топтары табыстарының арасалмағы республика бойынша орта есеппен 11,3 есенi құрады (шектi көрсеткiш - 8 есенi құрайды); 
кедейлiк аумақтар бойынша шалғайдағы ауылдық аудандар мен шағын 
қалаларда орын алып отыр: ауылда халықтың кедей тобының үлесi орта 
есеппен - 38,0%-ды, ал Маңғыстау облысында - 95,5%-ды құрады; қаладағы 
кедейлiк негiзiнен тоқырауға ұшыраған шағын қалаларда байқалады; 
республика бойынша тұтастай алғанда жұмыссыздық деңгейi 10,4 %-ды 
құрады; 2008 жылы туберкулезбен ауру 1996 жылмен салыстырғанда 78,3 %-ға өскен;жүктi әйелдердiң 55%-ға жуығы қаны аздықтан зардап шегуде; 
табысы аз азаматтардың жалпы санының iшiнде табысы ең төменгi 
күнкөрiс деңгейiнен төмен тұрғындардың 48,1%-ы 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтарында тұрған; 30 мыңнан астам мектеп оқушысы мектепке бару үшiн 3 километрден 40 
километрге дейiн жол жүруге мәжбүр болуда, 6 мыңға жуығы жалға алынған 
пәтерлерде немесе туған-туыстарының үйiнде тұрады; 
Ішкi iстер министрлiгi тiркеген балалардың мектепке бармау 
оқиғаларының 75%-ы отбасының жайсыз жай-күйiмен немесе нашар материалдық жағдайымен байланысты болған; қала халқының 14%-ы және ауыл халқының 27%-ы сапалы ауыз суымен 
қамтамасыз етiлмеген; халықтың 4%-ы тасып әкелiнетiн суды пайдаланады, республиканың оңтүстiк аймақтарындағы кедейлiк, негiзiнен, суландыру үшiн қажет судың болмауымен байланысты; 
халықтың белгiлi бiр бөлiгi қоршаған ортаның азуы мен ластануынан 
зардап шегуде.

  Кедейлiк - бұл халықтың белгiлi бiр топтары өмiр сүру құқықтарын 
iске асыруға байланысты бiрiншi кезектегi физиологиялық қажеттiлiктердi 
қанағаттандыруда қиындық көретiн, конституциямен бекiтiлген құқықтар менбостандықтар шеңберiнде қоғам өмiрiне толыққанды қатысу мүмкiндiгiнен айырылатын әлеуметтiк экономикалық құбылыс.Кедейлiк проблемасы экономикалық және әлеуметтiк аспектiлердi,сондай-ақ басқару аспектiсiн қамтиды.Кедейлiк проблемаларының ауқымын 
осындай аспектiлер тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көрсеткiштер 
индикаторлар бола алады.Табыстар бойынша және мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк қызметтеркөрсетуге халықтың қол жетiмдiлiгi бойынша кедейлiк өлшемiн бiлуге арналған өлшемдер мен индикаторлар бар.Табыстар бойынша негiзгi өлшемдер - бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейi 
мен кедейлiк шегi. Кедейлiк деңгейiн анықтауға негiз болып табылатын және 
ең аз тұтыну қоржыны негiзiнде есептелетiн ең төменгi күнкөрiс деңгейi 
азық-түлiк тауарларының 70%-ын және азық-түлiк емес тауарлардың 30 
пайызын қамтиды. Ең төменгi күнкөрiс деңгейiнде азық-түлiк және азық-түлiк емес тауарларға тұтыну шығындарының нақты арақатынасы 2009 жылы 56,3/43,7 болды.

Тұтыну қоржыны табысы аз адамдар  бюджетiнiң едәуiр бөлiгiн құрап  отырған коммуналдық қызметтер  көрсету мен көлiк шығындарын толық көрсетпейдi.2009 жылы белгiленген кедейлiк шегi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 38%-ын, 2010 жылы - 40%-ын құрады. Бұл көрсеткiш, ең алдымен, атаулыәлеуметтiк көмек көрсетудегi мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерiн сипаттайды.Кедейлiктiң табыстар бойынша индикаторлары - бұл табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi, кедейлiктiң алшақтығы менөткiрлiгі.Кедейлiктi табыстар бойынша ғана бағалап қоймаудың негiзгi өлшемдерi- негiзгi әлеуметтiк игiлiктер мен қызметтер көрсетуге қол жетiмдiлiгiнiңең төменгi деңгейi. Денсаулық сақтау саласында - бұл халықтың жан басынашаққанда медицина қызметкерлерi мен медициналық ұйымдардың саны,медициналық ұйымдары жоқ елдi мекендерсаны; бiлiм беруде - бұл балалардыоқумен қамту, мектептерi жоқ елдi мекендер саны, оқыту жүйесiнен тыс қалған балалар, сондай-ақ бiлiм беру мекемелерiнде материалдық көмек көрсетілген балалар саны;  

2.2  Халықтың өмір сүру деңгейін  мемлекетпен реттеу

    Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік – тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушыларды нарықтық өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының «сыртқы әсерлері» болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар (қызметтер) өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және табиғи шикізатты (әсіресе оның қайта өндірілмейтін түрлерін) тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді.Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің ролі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.

     Белгілі шарттылықпен  алғанда өзара байланысты экономикалық  көрсеткіштер жүйесін ескере  отырып, бұл жүйенің негізін –  микроэкономикалық, ал жоғарғы  деңгейін мақроэкономикалық көрсеткіштер  құрайтын пирамида түрінде елестетуге  болар еді. Макро және микроэкономикалық  көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі  пирамиданың орталық бөлігінде  жүзеге асады, бұл тұста халық  шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық  органдарының шаруашылық қызметінің  көрсеткіштері басым болып келеді.

Осылайша, бұл қажеттілік тауарлар мен қызметтердің барлық түрін  өндіру мен тұтынуды мемлекеттік  және нарықтық реттеудің диалектикалық  бірлігінен туындайды. Мысалы, күрделі  ғылыми зерттеулер жүргізуді және нәтижеоерін  пайдалануды алайық. Алғашқысын жүзеге асыруда бірінші кезекте жалпы  мемлекет деңгейіндегі реттеу тұратыны сөзсіз. Ал олардың нәтижелерін пайдалануды  ұйымдастыруда нарықтық механизм шешуші рөл атқарады, өйткені өнімді шығаруға жұмсалған шығындарды азайту және оның сапасын арттыру (оған нарықтық қатынастардың  субъектілері де мүдделі) барысын ғылыми-техникалық жетістіктер деңгейі анықтайды. Мұндай мысалдарды қоғамдық тауарларды басқа да түрлері бойынша келтіруге  болар еді.

Кәсіпкердің мүддесі нақтылы  тауар өндірісінің тиімділігімен  шектелетіндігі, ал сыртқы нәтиже оның ой-өрісінен тыс қалатындығы әбден  қисынды да, түсінікті. Бұл нарықтық механизм құрылымына байланысты жүзеге асады. Ал сыртқы нәтиже қоршаған табиғи ортаның ластануымен, шикізаттардың  қайта өндірілмейтін және басқа  да қорларын орынсыз пайдаланумен, сондай-ақ қалдықсыз технологияны ұйымдастырудың жеткіліксіздігемен сипатталады. Мемлекет сыртқы бақылаушы қалпында бола алмайды, сондықтан келесідей үш бағыт бойынша белсенді шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болады:

а) ағымдағы және болашақтағы  табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың  орталықтандырылған көздері есебінен жүргізу;

ә) шаруашылық жүргізуші  субъектілер іс-әрекетінің сыртқы нәтижесі алдын ала бекітілген ережелер мен  мөлшерден артық кететін болса, оларға әкімшілік-құқықтық шектеулерді  бекіту;

б) табиғатты тиімді пайдалануды  ынталандыратын механизмді жасап-дайындау және бақылау.

Мемлекеттік реттеудің ролі қарастырып отырған салада адамның  тіршілік әрекетінің табиғи ортасын  сақтау барынша келелі, күрделі мәселе болып отырғандығына байланысты үздіксіз артатындығын ерекше атап өту  керек. Біздің жағдайымызда оның ролінің  артуы шаруашылық жүйесінің нарықтық үлгісіне өтудің алғашқы кезеңінде  ерікті кәсіпкерлікке қатысушылардың өндірістік қызметінің сыртқы нәтижесін  төмендету мүмкіндігіне үміт арта алмайтындығымызбен де түсіндіріледі. Оның үстіне экологияның  кең ауқымды мәселелерін шешу көптеген мемлекеттер күш-жігерін  біріктіру негізінде мүмкін болатындығын атап өтуге тура келеді. Ал бұл - әрбір  мемлекеттің, олардың экономикалық интеграциясына да жауап беретін  орталық басқару органдарының міндеті.

Курстық жұмыс. 3