Курстық жұмыс. 5
Астана қаласы Агротехникалық Университет
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кассадағы ақша қаражаты есебі
Орындаған : Мажитова Диана
Астана 2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Шаруашылық субъектінің кассасы қол ақша қаражаттарын (ұлттық және шетел валютасында), сондай-ақ ақша құжаттарын (бағалы қағаздар, қатаң есеп берілетін бланкілер) сақтау, қабылдау және беруге арналған.
Кассада қол ақшаны сақтау, қабылдау және беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бекітетін кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Әрбір шаруашылық субъектісі қол ақшамен есеп айырысуды жүргізу үшін кассасы болуы керек. Касса – бұл қол ақша қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған, арнайы жабдықталған және оқшауланған бөлме. Субъекті жетекшілері кассаны жабдықтауға және касса бөлмесінде ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне тапсыру кезінде оның сақтығын қамтамасыз етуге және олардың кінәсінен сақтау және тасымалдау кезінде ақша қаражатының сақталуын қамтамасыз ететін қажетті жағдайлар жасалмаған жағдайларда белгіленген заң тәртібінде жауапкершілік көтереді.
Кәсіпорын кассасы қажет болған жағдайда оны сақтандыру ұйымдары сақтандыруы мүмкін.
Ақша қаражаты – кәсіпорын кассасындағы қолма-қол және ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл ақшалай қаражаттың белгілі бір сомасына айналатын және құндылықтар өзгеруінің аздаған тәуекеліне салынатын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар.
Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алынған мағлұматтың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржылық жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.
Ақша қаражат қозғалысының есебі №7 ХҚЕС және №2 ҰҚЕС 7 бөліміне сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Ақшалай қаражат қозғалысының ішкі бақылау жүйесі – активтерді қорғау, субъектілердің қаржылық саясатына сай болуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік шоттарда көрсетілген мәліметтердің шүбәсіз сенімділігін қамтамасыз ету үшін жасалған саясат пен амалдар. Ақшалай қаражатты оңай жасыруға, тасуға болады, оларда тиістілік белгілері жоқ және олар айырбасталады. Ақшалар – шаруашылық қызметі өлшемі мен есебінің ағымдағы қаржылық ақпараттың негізгі бірлігі.
Ақшалай қаржылармен
есеп айырысу операцияларының
- Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
- Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Тақырыптың өзектілігі есеп жүргізу жүйесінде, ақша қаражатының есебін жүргізу ерекше орын алуымен бйланысты, өйткені субьектілердің ағымдағы, қаржылық және инвестициялық қызметтері ақшалай есептесу негізінде құрылады.
Курстық жұмыстың міндетіне төмендегілер жатады:
- Ақша қаражаттар қозғалысының мазмұныны талдау;
- Ақша қаражат қозғалыстары бойынша есеп беру әдістерін талдау;
- «Қазпошта» АҚ ақша қаражатының есебін зерттеу болып табылады.
Ақша қаражаты мен операциялар тұрақты атқарылып тұрады, олар ұтқыр әрі бұзылуларға бейім болады, сондықтан да ақша қаражатының тиімді пайдаланылуының проблемасын шешуде, есеп жүргізу мен аудитті жетілдіруді қажет етеді. Осы аталған жағдайлар диплом жұмысының актуальдығын анықтайды.
Курстық жұмысының мақсаты – қазіргі кездегі ақша қаражатының есебін жүргізудің жайы және оны жетілдірудің ұсынбаларын әзірлеу болып табылады.
Курстық жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болып аудит және есеп жөніндегі нормативтік актілер, осы зерттеліп отырған мәселе бойынша оқулықтар мен ғылыми еңбектер алынды. Ақша қаражаттарының есебін жүргізудің жай үйі «Қазпошта» АҚ мысалы ретінде алынды. Сонымен қатар қаржылық есеп берудегі алғашқы құжаттары мен есеп жүргізу жөніндегі тізім көрсеткіштері пайдаланылды.
1. Ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы ақпаратты қалыптастыруда
бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі
№2 ҰҚЕС №7 бөліміне сәйкес ақша қаражаты -ақша қаражаты, оның баламалары және ағымы болып жіктеледі.
Аталған стандартқа сәйкес ақша қаражаттарына келесі анықтама беріледі:
Ақша қаражатттары бұл - қолма қол ақшалар мен талап етілгенге дейінгі жинақтар.
Ақша қаражаттарының баламалары (эквиваленті) – бұл, қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар, тез арада ақша қаражатына айналуына мүмкіндігі бар, бірақ осының салдарынан құндылығы шамалап өзгерістерге тәуекелденеді, ол – қазыналық вексель, коммерциялық құнды қағаз, депозиттік сертификаттар.
Қазыналық вексель – 1жыл мерзімді үкіметтік пайызсыз міндеттеме. Ол жеңілдікпен сатылады, белгіленген мерзімде өтеледі.
Нарықтағы құнды қағаз – қысқа мерзімді ақша қаражатының қажеттілігін өтеуге корпорациялардың шығарылған қаражаттары.
Депозиттік сертификаттар – қысқа мерзімді инвестициялар. Қосымша ақша қаражатты қолдану үшін кәсіпорындар банктік қарыз ретінде пайдалана алады, оны – овердрафт деп атайды.
Ақша қаражатының ағымы аталған стандарт бойынша операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметтер нәтижесіндегі ақша қаражаты мен оның баламаларының кірісі мен шығысы.
Ақша қаражатының қозғалысы кәсіпорында операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерден туындайды.
Операциялық қызмет – кәсіпорынның негізгі кіріс келтіретін қызметі.
Кәсіпорын операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының ағымын екі әдіс арқылы көрсетеді.
1.Тура әдіс – бұл әдістежалпы ақша түсімі мен жалпы ақша төлемдерінің негізгі түрлері анықталады.
2.Жанама әдіс арқылы таза табыс пен шығыс ақшалай емес операциялардың нәтижесін есепке алумен сипатталады.
Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалы, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, көлік-дайындау шығыстарының төлемін, несие үшін пайыз төлемдері, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.
Операциялық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатудан түскен түсімдер, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және басқа да табыстардан, жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төленген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және басқа шығыстарынан тұрады.
Жанама әдістер –
бұл әдісте таза табыс немесе зиян
өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне,
ақшасыз операцияларына, сондай-ақ
өткен жылдармен салыстыра
Инвестициялық қызмет – ақша қаражатының баламаларына жатпайтын активтер мен тағы басқа инвестициялары немесе кәсіпорын өзінің инвестициялық және қаржылық қызметінен түсетін жалпы ақша түсімі мен ақша төлемдерінің түрлері туралы жеке ақпарат беріп отыруы керек. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:
- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;
- Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражттарының шығысы;
- Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорынға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер;
Инвестициялық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияларға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады. Онда ол акцияларды сатудан алынған табыс және шығыс ретінде көрінеді, сондықтан негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.
Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оларға мыналар жатады:
-шығарылған акциялардан
түскен ақша қаражаттары және
басқа да бағалы қағаздарды
сатқаннан алынған банктік
-алынған банктік және
банктік емес несиелерді
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтер, негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторларға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.
Қай саладағы кәсіпорындар
мен ұйымдар болмасын өз қызметі
барысында басқа заңды және жеке
тұлғалармен қарым-қатынас
- Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;
- Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгенділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;
- Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығысқа шығарылуын дұрыс есептеу;
Қазірге кезде ақша қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы кезеңдерде дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.
Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада қабілетті активтер есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың ақшаларынан, аккредитивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады.
Ақшалай қаражаттарды басқару қаржы нарығында өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процестерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақшалай қаражат талап етіледі. Сондықтан ақшалай қаражат пен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
Ақша баламалары – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.
Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іссапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатпайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.
Овердрафт – дегеніміз кәсіпорынның иелігінде, яғни активті шоттың қалдығындағы сомадан артық сомада төлем төлеу нәтижесінде пайда болған кредиттік қалдық. Бұл сома қысқа мерзімді міндеттеме болып табылады және кредиторлық борыш болып есептеледі. Овердрафт кәсіпорындар мен ұйымдардың банк мекемесі арқылы басқаларға төленген қаржысы есеп айырысу шотындағы қалдық соиадан артық болған уақытта ғана пайда болады. Егер овердрафт үлкен көлемде болатын болса, онда бұл сома кәсіпорынның балансында немесе өз алдына жасалған түсіндірмелі құжатында бөлек көрсетілуі тиіс.
Ақшалай қаражатқа міндеттемені жедел төлеу үшін қолдануға болатын қаржы ғана кіреді. Оларға қаржылық мекемелердегі ағымдағы шоттағы қалдықтар, қолма-қол ақша қаражаты, монеталар, валюта мен субъект кассасына нақты берілетін ақшалай құжаттар (жай чектер, кассалық ордерлер, клиенттердің чектері, ақшалай аударымдар және басқа да есеп айрысу құралдары) жатады.
БҚОФ «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы 39 мекен жайында орналасқан. Қоғамда қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар фирма бланкілері, мөрі, штампы, өзінің балансы, банктердегі есеп және басқа да шоттары бар. Қоғамның құрылу және іс-әрекеттерінің мақсаты:
- Баспа, кітап т.б. өнімдерін тарату;
- Банктік қызмет көрсету;
- Редакциялық-баспа іс-әрекеті;
- Тұрғындарға газет-журнал, хат, посылка, бандерол тарату;
- Қазақстан Республикасы
нарығын, қызметтермен
- Тұрғындарға байланыс қызметін көрсету;
-Жеке және заңды тұлғаларға есептік кассалық қызметтер көрсету;
- Зейнетақы, жәрдемақы,
және басқада әлеуметтік
-Күнделікті қажетті тауарларды сату мен лотореялық билеттерді тарату;
-Зейнетақы қорлары,
сақтандыру ұйымдарының
-Бюджеттегі мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, степендия төлеу;
Өз мақсаттарына жету үшін қоғам өзінің атынан келісім шарт жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтар, міндеттемелерді атқаруға құқылы.
«Қазпошта» АҚ қаржылық
жұмыстың маңызды бағыттары
- қаржылық жоспарлау;
- оперативті жұмыс;
- бақылау-аналитикалық жұмыс.
Қаржылық жоспарлау шаруашылық субьектісінің қаржылық іс-әрекетін ұйымдастыруда маңызды орын иеленеді. Қаржылық жоспарлау кезінде әрбір кәсіпорын өзінің қаржылық жағдайын жан-жақты бағалайды, қаржылық ресурстарды арттыру мүмкіндігін анықтайды және оларды неғұрлым тиімді пайдалану бағыттарын айқындайды.
Қаржылық жоспарлау бухгалтерлік есеп және басқару есептерінен алынатын кәсіпорын қаржылары туралы ақпараттарды талдау негізінде іске асырылады.
Жоспарлау саласында қаржылық қызмет келесідей міндеттерді орындайды:
- барлық керекті есептеулері бар қаржылық және несие жоспарының жобаларын жасап шығару;
- өзіндік айналым капиталына деген қажеттілікті анықтау;
- шаруашылық іс-әрекеттерді қаржыландыру көздерін айқындау;
- керекті есептеулері бар капитал салмдарының жоспарларын жасап шығару;
- бизнес жоспарды дайындауға қатысу;
- кассалық жоспарды құрастыру;
- жоспарды құрастыруға, ақшалай көріністегі қызмет көрсетулерге қатысу, қорытынды табыстың жылдық және тоқсандар бойынша жоспарлы сомаларын анықтау, рентабельділік көрсеткіштерін есептеу.
Оперативті жұмыс саласында қаржылық қызмет көптеген міндеттерді орындайды. Негізгілері болып келесілері табылады:
- бекітілген уақытта бюджетке төлемдердің жасалуын қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді банк ссудалары бойынша пайыздардың төленуін, қызметкерлерге еңбек ақының берілуін және басқа да кассалық операцияларды қамтамасыз ету, қызмет көрсетулер және жұмыстар үшін жабдықтаушының шоттарына төлемдерді аудару;
- жоспар шығындарын қаржыландыруды қамтамасыз ету,
- несиелерді келісімдерге сәйкесті түрде рәсімдеу;
- түскен табысты және қаржылық жоспардың басқа да көрсеткіштерін күнделікті оперативті есепке алуды енгізу.
Кәсіпорында бақылау-аналитикалық жұмысына үлкен көңіл бөлінеді, себебі оның тиімділігі көп жағдайда қаржылық іс-әрекеттің нәтижесін анықтайды. Қаржылық қызметтер, пайда, рентабельділік бойынша қаржылық, кассалық және несие жоспарлары көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жүргізеді, меншікті және қарыз капиталының бағытталуы бойынша пайдаланылуын, банк несиесінің мақсатты пайдаланылуын қадағалап отырады. Бақылау – аналитикалық жұмысының іске асырылуына бухгалтерия бөлімі көмектеседі. Олар бірлесе отырып шоттардың құрастыру дұрыстығын, капитал салымдарының өтімдігін есептеуді тексереді, есеп берудің барлық түрлеріне талдау жасайды, қаржылық және жоспарлы тәртіптің сақталуына бақылау жүргізеді
Қаржылық қызмет шаруашылық іс-әрекетті басқарудың бірегей механизмінің бірі болып табылады және ол кәсіпорынның басқа қалған қызметтері мен тығыз байланыста болып келеді. Осылайша, бухгалтериямен тығыз байланыста болуы нәтижесінде қаржылық қызметке өндіріс жоспарлары, кредитор мен дебиторлар тізімдері, қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша құжаттар пайдалануға беріледі. Өз кезегінде қаржылық қызмет бухгалтерия бөлімін қаржылық жоспарлармен және олардың орындалуы жөніндегі аналитикалық есептермен таныстырып отырады.
Бухгалтерия бөлімінің
іс-әрекеті бухгалтерлік есеп әдістемесі
департаментінің және Қазақстан
Республикасының қаржы
- Бас бухгалтердің міндеттері мен құқықтары. Бухгалтерия бөлімін бас бухгалтер басқарады. Ол бухгалтерлік есепте шоттар жоспарын жалпы жүргізуді іске асырады, ұжым жұмысын ұйымдастырады, лауазымдық міндеттерді бөліп таратады, олардың орындалуын қадағалайды.
- Бас бухгалтер орынбасарының міндеттері. Ол касса, негізгі құралдарды, жинақтаушы кассамен есеп айырысу және аудандық желі байланысының бастапқы құжаттарын өңдеп журнал ордерге енгізеді. Негізігі құралдарды күрделі жөндеуден, құрылыстан амортизация есептегенде құжаттарды өңдеу. Негізгі құралдарға аналитикалық есепті енгізу. Қорға, табысқа, шығысқа журнал-ордерге үйлетіру. Бас кітапқа енгізу. Есептің дұрыстығын бақылау.
- Материалдық бухгалтерлік есеп жүргізушінің құқықтары мен міндеттері. Төлеу қызыметіне есеп және материалдық есептердің өңделген құжаттарды қабылдау. Жиынтық шешімді келтірудің қозғалысын, тауарлы материалдық құндылықтарды және олардың берілгенін салыстыруды құру.
- Есептеуді жүргізуші бухгалтерінің міндеттері. Еңбек келісім шартын, бұйрықты, нарядты, табельдерді, зейнет ақы есептеудегі, барлық еңбек ақы түрлерін келістіруді есептеу. Еңбек ақы бойынша табыс салығын, касса арқылы төлеуді және басқа да құжаттарды ұстау. әлеуметтік салықты, зейнетақыны есептеуді, еңбек ақыны есептеуді және айлық бухгалтерлік жазуларды көрсету. Еңбек ақыдан әртүрлі ұстамдарды және несиелік қарыздарды аналитикалық есеп арқылы есептеуді енгізу.
- Салық есебін жүргізуші бухгалтер мынадай міндеттерді атқарады: бюджетпен салықтық есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізеді, салық органдарына, салық төлемдеріне және жылдар бойынша декларацияны, оның есебін құрып тапсырады. Олардың уақытында төленуін бақылайды.
- Бухгалтер-кассирдің міндеттері. Құрылған құжаттар бойынша бойынша ақша қаражаттарын береді және қабылдайды. Кассадағы ақша құралдарының сақталуына материалдық жауапкершілік және кассалық есепті құрайды.
Қаржылық жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер табылады: табысты арттыру және рентабельділікті жоғарлату жолдарын іздестіру, негізгі іс-әрекетті қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету, қаржылық органдар алдында қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша міндеттемелерін уақытылы және толық орындау.
«Қазпошта»
АҚ жұмысының қорытындылары
2. Кассадағы
ақша қаражаттарының қозғалысын
құжаттық рәсімдеу
Есеп-қисап құжаттамаларын
қолмен өңдеу, сол сияқты автоматтандырылған
өңдеу кезіндегі кассаға
Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдаған туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс (№КО-2) (ҚОСЫМША) ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен, ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Еңбекақы, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар мен сыйлықтар төлеу, ақшаны беру мерзімі жалпы сомасы жазу түрінде көрсетілуімен ұйым жетекшісі мен бас бухгалтер қол қойған төлем ведомостері бойынша жүзеге асырылады. Оның қас бетінде (титул) ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін
үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбекақысы бойынша
тиесілі сомасын алмаған
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерлерінің толтырылған күні мен номері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі (жалақы, сыйлықтар, степендиялар, іссапарға төленген және басқа да шығыстар). Егер ақша қаражатының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Кіріс және шығыс кассалық құжаттарды тіркеу үшін “Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы” қолданылады, шығыс құжаттарға бөлек, кіріс кассалық құжаттарға бөлек журнал ашылады. Бұл журналда мыналар көрсетіледі:
- Кіріс және шығыс ордерінің күні мен нөмірі;
- Кімнің қолына ақша берілді немесе кімнен алынды, сол адамның аты-жөні немесе кәсіпорынның атауы;
- Берілген немесе алынған ақшалардың қандай мақсаттарға берілгені;
- Түскен немесе берілген ақшалардың сомасы;
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын, олардың дұрыс рәсімделуін, ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен күнін, айы мен жылын көрсете отырып “Алынды” немесе “Төленді” деп белгі соғады.
Кассадағы сақталатын ақша
қаражаттары мен қатаң есептегі
бланкілеріне тексеру, есеп саясатында
белгіленген мерзімдерде
Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады, кем шыққан ақша қаражаттары кассирден өндіріледі.
Қолға берілетін ақшадан өзге, кассада акциялар, мемлекеттік зайымдардың акциялары, вексельдер, чек кітапшалары, өзге де бағалы қағаздармен қатаң есептегі бланкілер сақталуы мүмкін.
Қатаң есептегі бланкілерге мыналар жатады: асханадан тамақ алуға, белгілі бір ас қабылдауға, оқу орындарының асханаларынан тамақ алуға, емдеу профилактикалық ас қабылдауға берілетін абонементтер, қызметкерлерге тегін арнайы тамақ босатуға арналған талондар (сүт немесе соған тең тамақ өнімдері) және басқа да Билеттер, талондар, абонементтер және қатаң есептегі өзге де бланкілер, материалдық құндылықтар ретінде, оларды сатып алынған нақты өзіндік құны бойынша 1350 “Өзге қорлар” шотында есепке алынады. Материалға жауапты тұлғалар бланкілер есебінен кіріс-шығыс кітабында қатаң есептегі бланкілер есебі бойынша әрбір атауы және нақты құны бойынша жүргізіледі. Бланкілердің кіріс және шығыс операциялары қатаң есептегі бланкілерде кіріс шығыс (накладной) құжатымен рәсімделеді. Материалға жауапты тұлға ай сайын бухгалтерияға қатаң есептегі бланкілердің қозғалысы туралы есеп береді. Белгілерді (бланкілерді) өткізуге дайындау кезінде, субъект жетекшісі арнайы тағайындайтын комиссия материалға жауапты адамның қатысуымен қапшықтарды ашып, бланкілерді әр парақ бойынша түгендеп, санап шығады. Ашылған қапшықтағы бланкілерді парақтап санап шығу кезінде анықталған нәтижелер абонементтерді, талондарды және өзге де белгілерді тексеру нәтижелері туралы Актіге жазылады. Актіде алшақтықтар анықталған жағдайда, орауындағы құлақша қағаздағы деректер мен қапшықтан шыққан нақты белгілер жазылады. Акт негізінде белгілерді (бланкілерді) жасаушыларға талап білдірілуі мүмкін. Тамақ алуға берілетін абонементтерге және өзге белгілерге оларды сатуға дайындау кезінде субъектінің мөрі басылады.
Есеп саясатында белгіленген мерзімдерде кассада сақталатын ақша қаржаттары мен қатаң есептегі бланкілерге тексеру жүргізу қажет. Оны субъект жетекшісі тағайындайтын комиссия жүргізеді.
Кассалық операциялар есебін компьютерлендіру кезінде, сондай-ақ кассалық құжаттарды өңдейтін бағдарламалық құралдар жұмысының дұрыстығына тексеру жүргізіледі. Оның бұзылуына кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Ақша қаражаттары мен қатаң есептегі бланкілерді тексеру нәтижелері қолға берілетін ақша қаражаттарын түгендеу Актісімен және құндылықтар мен қатаң есептегі құжаттар бланкілерін түгендеу тізімдемесімен рәсімделеді. Кассада анықталған артық шыққан ақша қаражаттары кіріске алынады. Бұл операция дебет бойынша 1010 “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” шотында және кредит бойынша 6280 “Басқа да кірістер” шотында көрсетіледі. Кем шыққан ақша қаражаттары мен бағалы қағаздар кассирден өндіріледі:

- Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау
- Курстық жұмыстың өзектілігі
- Курстық жұмыс ТЭЦ
- Курстық жұмысымың құрылымы
- Курстық жұмысының өзектілігі
- Курчалоевский райо
- Куры гриль
- Курс теории механизмов и машин
- Курстық жоба есебінің шығарылу жолдары
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс