Курстық жұмыс. 2
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
«Алатау»
Қазақстан Университеті
Курстық
жұмыс
Пәні: Аудит.
Тақырыбы: Сыртқы аудит.
Алматы-2011ж.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I - ТАРАУ. Аудит
түрлеріне сипаттама...........
1.1 Сыртқы аудит
және оның ерекшелігі....................
1.2 Ішкі аудит және
оның мақсаты.......................
1.3 Ішкі және сыртқы
аудиттің айырмашылықтары...............
ІІ- ТАРАУ
Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы....................
2.1.
Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері.....................
2.2.
Аудиттің мәні, қажеттілігі және
зерделеу аспектілері...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................ .............................. ..................33
Кіріспе
Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Курстық жұмыстың мәні: Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" — деген адамгершілік касиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгал-тсрлік есеп жүршуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүрпзуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда оның ролі орасан зор.
I - ТАРАУ. Аудит түрлеріне сипаттама
1.1 Сыртқы аудит және оның ерекшелігі
Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылыққ тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.
Ерікті
(инициативалық) аудит кәсіпорын
тарапынан өз еркімен жүргізіледі.
Бүл жағдайда аудит тексеруінің
көлешн және қойылатын талапты кәсіпорын
шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының
арнайы анықтаған шешімі бойынша
жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда
заң орындары кәсіпорынға аудит
тексеруін жүргізуді талап
Нарықты қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттін атқаратын рөлі өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінін атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.
Жалпы аудит туралы. оның ішінде сьгртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғаңдығын дәлелдей, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жургізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағышн көрсетіп, оның каржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, каржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорыннын, қаржы жағдаиының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.
Сыртқы
аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері.
Сыртқы аудиттің мақсаты тадсырушының
талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар
- кәсіпорын, мемлекеттік құрылым
және қаржы, мүлік егелері. Мемлекеттік
құрылымының тапсыруымен аудит
тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық
мәселелер көтеріледі де, аудитор
кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің,
меншік егелерінің шаруашылығының тиімді
жүргізілуіне қатты көңіл белінеді.
Оған себеп, олар шаруашылығын пайда
табуға тиімді жолмен жүргізсе, мемлекет-ке
салық толемі көбейеді, әрине ол
өз кезегінде мемлекеттің
Шаруашылық субъектілеріне аудит тексеруін жүргізгеңде, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есеп жұмысының жүргізілу жағдайы, оның көрсеткіштерінің нақты дұрыстығын анықтау, содан кейін тапсырушы талабына сәйкес өз ойын айту және меншік иесінің мүддесін қорғау.
Сыртқы аудит қызметін атқарушылар — жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржы қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары өзінің жэне кәсіпорын жұмысын. оның қаржылық жағдайын тек кана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықты қатынас жағдайыңда ешқандай фирма, кәсііюрынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.
Сыртқы аудитттер өз жүмысын сол елдегі занды түрде қабылданған аудит стандартына, бухгалтерлік ессп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз корытындысын бергеннен кейін және балансқа морін басқаннан кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана корытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шыгуының үлкен мағынасы бар.
Сыртқы аудиттің мазмұнын кеңірек түсіндіру үшін төмендегі схеманы келтіреміз.
Сызба 1. Аудиттің мазмұнын тереңірек түсіну схемасы
Ақпарағы басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі кәсіпкерлігімен айналысуға ерікті болғанын дәлелдейді. Олай дейтін себебіміз, аудит қорытындысы сол кәсіорының өткен уақытға тапқан табыс сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғаи, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып танылады.
Екіншіден,
басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша
сыбайлас көсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа
келеді. Себебі, басынымға шыққан материалдарды
сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайлыстыққа
сенімді екен деген қорытынды
жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы
өзінің негізгі функциясының бірі,
пайдалануға дайындалған
Үшіншіден,
аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге
кепілдік алған кэсіпорындар сол
елдің экономи-касының бір
Төртіншіден, қалыптасқан экономика құрынымы болған елде тиянақты нарықты қатынас заңдылығы қалыптасып, сол заңдылыққа сәйкес ол елде тауарға нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нотижесінде сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни, аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған - ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі. Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі.
Аудиторлық тексеру жүргізбей шаруашылық, субъектісі басылымға шықпайды, яғаи өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында өзінің шаруашылық субъектісі ретінде қүқысын қорғай алмайды. Екіншіден, сыбайлас кәсіпорындар қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер сенімсіздік білдіріп несие беруін тоқтатып, жалпы ессп айырцсу процесін тежсй бастайды.
Сыртқы
аудит өзінің жұмыс процесінде ішкі
аудит жұмысының сомасына баға береді.
Қаншалықты тиімді жүргізілетінің тиімділігін,
сенімділігін, оның аудит барысындағы
рөлін анықтайды. Оңдағы негізгі
мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит
күдігін жіберетінін, аудит стандартын
қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын
анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген
сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін
және кемшілікгерін, жетіспеушіліктерін
жазбаша түрде анықтап
Сыртқы аудит соңғы жылдары тек қана қаржы ақпаратын тексеріп қана қоймай кәсіпорын шаруашылышна экономи-калық талдау жасап, оның кәсіпкерлігшің табыс сомасына баға . береді, оның жұмысының табыстылық және экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде "Заңды аудит" деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тәуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен пайданушылар алдында ғана жауапкершілікте.
Жоғарыда
келтірілген сыртқы аудит туралы
берілген түсінік негізінде шет
елдерде толығымен қолданылады,
оның принциптері жұмыс бабында
толық іске асырынуда. Қазір Қазақстан
Республикасында аудит қызметі
жаңадан ғана дамып, қалыптасып келе
жатыр. Осы орайдағы ең өкініштісі —
аудит қызметі толық міндетті
түрде таратылған жағдайда еліміздегі
жүргізіліп жатқан реформаның әлдеқайда
сәтті жүргізілуіне, нарықты қатынас
зандылықтарының кәсіпорын
Сондықтан
Қазақстан Республикасында
1.2 Ішкі аудит және оның мақсаты
Ішкі аудит бұрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысьмың жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте кажет жұмыс тәртібі. Сыртған қарағанда ішкі аудиттің төуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жұмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.
Аудит қызметі қалынтасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен құралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:
1)
шаруашынық субъектілерінің
2)
аудитор маманы мен кәсіпорын
басшылары келісім-шарт
а)
аудитор тобының атқаратын
б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті наклы көрсетіледі;
в)
аудитор тобының штаты
Бұл
келісім-шарттың зандынық қүқысы бар,
осы орайда ескеретін жағдай аудитор
тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек
ақысы туралы тапсырушыға тәуелді
емес. Яғни, каржылану, толем мәселесі
аудит қызметіне ешқандай әсерін
тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит
тобы өз қызметін жүргізуде, барлық озіне
кажет молімет жинауда
Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындыған, дұрыстығын қамтамасыз ету.
Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орнысыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатын іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.
Ішкі
аудит қызметі қалыптасқан
Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушылық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Аудит жұмысы арнайы анықталған "Ереже" талабына сәйкес жүргізіледі. Ішкі аудит ережесінде оның күрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нүсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына. кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты боладьг Ішкі аудит хағдайы өз кезегінле "контракт" келісім-шарты міндетін атқарады. Себебі, онда ішкі аудит тобының қүқысы, міндеті бір жағынан, екінші жағанан кәсіпорын басшыларының қүқы мен міндеті анықталған. Осы ішкі аудит жағдайында оның негізгі максаты, жұмыс көлемі, іпш бақылауындағы және анықталған экономикалық қылмыстарға жауапкершілігі белгіленген.
Ішкі
аудит ережесін дайындауға шаруашылық
субъектілерінің жауапты
Ішкі
аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы
ақпараты, өндіріс процесі және компьютер
жүйесі. Себебі, шаруашынық субъектілерінін
негізгі шығыны осы көрсетілген
шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде .өндіріс
барысының шышны, әсіресе материал
шығыны, өндіріс қызметкерлеріне
еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік
қосалқы шыған, ішкі аудитті ұйымдастыру
шығыны, таш басқа шығындар кәсіпорын
және олардың басшысы үшін арнайы
тексеру немесе ішкі бақылау барысын
ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында
жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы
ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау
және тексеру қызметін атқаруға міндетті.
Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар
барлық бухгалтерлік құжаттардың дұрыс
жазынуын, әкімшілік тәртіптің
Ішкі
аудит жалпы бақылау жоспарын
жасайды, оның ішінде шаруашылық іс-әрекеттеріне
оперативтік, жедел бақылау-тексеруді
жетілдіру, осіресе сату барысы, ондіріс
шығыны, таза табысты болжау, өндіріске
негізгі күралды енгізу, қаржыландыру,
козш қарастыру мәселелерімен
Аудитордың
негізгі қызметі өндіріс
-
инвестицияның дұрыс және
Арнайы
топтарға түсініктеме және онда қызмет
мамандарға мінездеме берейік. Арнайы
топтарға қызмет атқаратын мамандардың
түрі: аудит стандартының мамандары.
Ішкі аудит қызметінің құрамында
оздерінің арнайы аудит стандарты
мен қызметі жүргізіледі. Стандарт
мамандары кәсіпорын
Әрине, бүл жоғарыда келтірілген әрбір тәсілдің өзіндік ерекшеліктері бар, әрқайсысының өзіндік жақсы жағы да, кемшілігі де бар. Ішкі аудит тобының басшысы өзі тиімді жолын пайдалануы қажет.
Келесі ерекше мәселе, ол ішкі аудит құрамына білікті мамандар жинап алу. Қазіргі кезде бухгалтер мамандыш жеткіліксіз, ал білікті аудитор одан да аз. Оған тағы бір себеп аудит қызметін өте тығыз уақытта жүргізілу ерекшелігі. Қатал, қаурыт графикпен қызмет атқаруға кез келген маман бере бермейді.
Ішкі аудит тобы шаруашылық субъектілерінің және филиалдарының қаржынық ақпаратын нақты. жүйелі тексеріп отырады. Олар, сол кәсіпорынның күрамында және еңбек ақысын сол жерден алып отырғандықтан өзінің қызметі мен кәсіпорын сенімін ақтауға міндетті. Ішкі аудит қызметі, онын, берген кеңесі, ұсынысы кәсіпорын қаржылық жағдайының, кәсіпкерлігінің тұрақтынығын, тиянақтылығын қамтамасыз етеді
Ішкі
аудит қызметі үлкен
Ішкі аудит оз қызметін талапқа сай орыңдап. онын ролін көтеру үшін ол тек кана кәсіпорыннын, басшылық талабына сіай қызмет жасауға міндетті. Сондықтан да шет елдерде, мысалы, неміс елінің кәсіпорындарында ішкі аудит құрылымының бастығы сол кәсіпорынның жоғарғы басқару тобына мүшелікке қосыларда өзінің дербестігін қамтамасыз етеді.
Ішкі
аудит жалпы үлкен көлемді
қызмет атқарады. Оның ішінде кәсіпорын
мүлкін тиімді пайдалануды тексеру,
жұмысшылар күшін, еңбек ақы төлемінің
тиімділігін бақылау. Өндірістік кәсіпорындарда
ішкі аудит жұмысы өндіріс шышнын
және дайын өнімді сату процесін тексеру.
Материалдық және еңбек шығынына
экономикалық талдау жасап, оның тиімді,
орынды болғанын анықтап, төзу сомасын
және басқару шығы-нын есептеуді,
оның шығысқа шығарылу есебінің дұрыстығын
тексереді. Бүл тексерулер шаруашылық
субъектілерінің экономикасында ерекше
орын алады, себебі, жоғарыда аталған
шығындар өндіріс өнімінің өзіндік
құнының негізін құрайтын элементтер.
Олардың дұрыс есептелуін тексеру
арқылы өндіріс өнімінің өзіндік
қүнының дұрыс анықталғанын, оны
сату бағасымен салыстыру арқылы
таза пайда сомасының мөлшерін дұрыс
анықтауға болады. Сондықтан да аудит
туралы басылымдарда, ғылыми зерттеулерде
ішкі аудит — негізінде оперативтік
ішкі бақылау, тексеру деп тегін
айтпасас керек. Өйткені, тек қана ішкі
бақылау, тексеру арқылы әндіріс
шығынына нақты өндіріс саласында
бақылау жүргізіліп, іс жүзінде тексеру
жасап жауапкершіліктегі
Ішкі аудит қызметінде жабдықтаушылармен, сатып алушынармен есеп айырысу, банк операциялары, қаржы, салық, әлеуметтік қамсыздындару мекемелерімен, дебиторлармен, кредиторлармен есесптесу процесі тексеріледі. Сонымен қатар күнделікті касса әрекетін бақылап, тексеріп отыру, құнды қағаз әрекеттеріне тексеру жүргізеді. Осы орайда құнды қағаз әрекеттерінің ерекше дамуына сәйкес ішкі аудит қызметінде құнды қағаз биржасындағы оның бағасының толқуы, соған сәйкес құнды қағаз пакетін сатын алу немесе сату барысына жүйелі бақылау жасап, кәсіпкерге өзінің ұсынысын жасап отырады. Бүл өз бетінше ерекше экономикалық ізденіс болып табылады.
Әрине, ішкі аудиттің күнделікті жұмысы — ол кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыруын, күнделікті дұрыс жүргізілуін, материалдармен және мамандармен қаматамасыз етуін бақылап, қадағалап, тексеріп отыру. Ішкі аудиттің бухгалтерлік есеп тобы қолданылатын бухгалтерлік есеп фирмасын, алғашқы есеп немесе бухгалтерлік құжаттау барысын, есеп кестесін толтыру төртібін, екі жақты жасаудың дұрыстығын, Бас кіталты жүргізуді, бухгалтерлік ақпарат жасауды тексеріп отырады.
Ішкі аудиттің жаңа бір ағымы ол, кәсіпорында басқару жұмысының құндылығын, тиімдшгін анықтау. Осы тұрғыдан, кәсіпорынның басқару жүйесі, қызметкерлердің міндетін бөлу, олардың жауапкершілігіне талдау жасап, басқару құрылымын жақсарту, жетілдіру мақсатымен өздерінің ұсынысын жасайды. Мамаңдар дайындауға олардың біліктілігін, іскерлігін жетілдіруге, қайта дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Қорыта келгенде, ішкі аудит қызметі кәсіпорын шаруашы-лыған жан-жақты түгел қамтиды. Өндірістік бриғада, цех, жеке бөлімдер шаруашынығынан бастап олардың мемлекет заңын, нормативтік құжаттар талабын қалай орындалатынына бақылау жасап, өндіріс технологиясына талдау жасайды. Сондықтан да ішкі аудиттің бақылау, тексеру барысында кэсіпорын шаруашылығындағы қандай толқу өзгерістер болса да уақтылы анықталып оның түзету немесе өзгеріс енгізу жолдары қарастырылады. Соның нотижесінде кәсіпорын шаруашылық -қаржылық жағдайын жақсартуға арналған, оған әсерін тигізетін факторларды пайдалану жолы қарастырылады.
Ішкі
аудит қызметі күнделікгі жүйелі
жұмыс жүргізу нотижесінде
Қазіргі кезде ішкі аудит қызметі күннен күнге қиындап, күрделеніп отыр. Оған себеп өндіріс көлемінің жедел өсуі, өндіріс технологиясының өте күрделі түрде дамуы, соған сәйкес экономикалық мәліметті қалынтастыру барысының күрделенуіне сәйкес болып отыр. Оған қоса қазіргі кезде өте көп шатысып жатқан қаржыны пайдалану зандары да себеп болып отыр. Сондықтан да, ішкі аудит қызметін атқарушы мамандар өте жоғары сатыдағы білімді, тәжірибелі болуы қажет. Олар өз жұмысын өте тиянақты, орынды, аудит этикасын өте жоғары үстайтын мамандар болуы керек. Сонда ғана олар жоғарғы беделді кәсіпорын үжымының сеніміне ие болады.

- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау
- Курстық жұмыстың өзектілігі
- Курстық жұмыс ТЭЦ
- Курстық жұмысымың құрылымы
- Курстық жұмысының өзектілігі
- Курсовые по информатике
- Курс.раб по эк-ке предприятия
- Курс теории механизмов и машин
- Курстық жоба есебінің шығарылу жолдары
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс
- Курстық жұмыс