Курстық жұмыстың өзектілігі
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Өркенді өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жаңдануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты. Өйткені, мемлекетті басқару – бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық, ұйымдастырушылық қызметі. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қазіргі заманғы тиімді жүйесін қалыптастыруға баса назар аудартады. Осы орайда елбасы тануда Үкімет алдына міндет етіп қойған әкімшілік реформасы респубилкамыздағы бүгінге дейін өніктілігімен танылып келе жатқан келелі өзгерістердің заңды жалғасы деуге болады. Ол ұзақ мерзімді «Қазақстан 2030» стратегиясында көрсетілген кәсіби мемлекет құру жөніндегі жетінші басымдық негізінде іске асырылмақ. Реформаға сәйкес, мемлекеттік органдар құрылымдарын жетілдіру, шенеуніктердің жұмыс сапасына баға беру негізінде олардың жалақыларын ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің оң сапасына қол жеткізу, сыбайлас жемқорлықтың тынысын тарылту және басқа да маңызды шаралар Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруіндегі басты өлшемдердің бірі болып қалмақ. Сондықтан саяси сипаты бойынша да, әлеуметтік – экономикалық жағынан алып қарағанда да мұның мәні маңызы аса зор.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік басқару теориясымен тереңірек танысып, оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап, жетілдіру жолдарын меңгеру. Сондықтан біріншісі – бұл мемелекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе, екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс-әрекеті және мәселелері. Бөлімде жетілдіру жолдары мен әдістері қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілерін қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Шетелдегі мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін талқылау;
- Қазақстанның мемлекеттік басқарудағы қазіргі қоғамдағы міндетін қарастыру;
- Қазақтан Республикасының мемлекетті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын әлеуметтік және экономикалық проблемасы ретінде қарастыру.
Курстық
жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының Заңдар жинағы, нормативті
актілер, мерзімді басылымдар, сонымен
қатар шетелдік және отандық әдебиеттер
қолданылды.
1
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ
- Мемлекеттік басқару мәні және рөлі
Мемлекеттік
басқару мен өзін-өзі басқару
тұжырымдамасы өзін-өзі
Мемлекеттiк басқару – бұл оның билiктiк күшiне сүйенетiн оны реттеу, сақтау немесе түрлендiру мақсатымен адамдардың қоғамдық және жеке тiршiлiк әрекетiне мемлекеттiң (өз құрылымдар жүйесi арқылы) практикалық, ұйымдастырушы және реттеушi ықпалы.
Мемлекеттік басқару нысандары мынадай екі топқа бөлінеді:
а) атқару билігін жүзеге асырудың нысаны;
ә) ішкі ұйымастыру жұмыстарының нысаны.
Мемлекет тұтас құрылым, бiрыңғай механизм, сондықтан да мемлекеттiк басқару бiрыңғай түсiнiк ретiнде болады. Сомдаудың жоғарғы деңгейiнде мемлекеттiң осы бiрлiгi мемлекеттiк басқару түсiнiгiн мемлекеттiк билiктi кiм, қандай көлемде және нысанда жүзеге асыратын тұлғаға қатыссыз және объективтi санатқа айналдырады. Басқаша айтқанда, мемлекеттiк басқару қоғамдағы мемлекеттiк билiктiң әрекет етуi болып табылады.
Мемлекеттiк басқарудың айрықша қасиетi оның бүкiл қоғамға таралатындығы болып табылады.
Мемлекет күрделi (элементтiк құрамы бойынша) және көп қырлы (қызметтерi бойынша) қоғамдық құбылыс және басқарудың субъектiсi ретiнде бола отырып, мемлекеттiк басқаруға сондай-ақ жүйелiлiк қасиетiн бередi. Басқарудың өзге түрлерiне қарағанда мемлекеттiк басқару бұл қасиетсiз бола алмайды. Онда миллиондаған адамдар, көптеген мемлекеттiк органдар мен өзге құрылымдар, ал оларда – лауазымды адамдар мен өзге де қызметшiлердiң көптеген саны қатыстырылған.
Мемлекеттiк басқарудың нақты субъектiсi мемлекеттiң сәйкес органы, лауазымды адамы болып табылады. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың әр алуан түрлерi бар.
Мемлекеттiк басқарудың объектiсi – бұл адамдардың әлеуметтiк, ұлттық және өзге де қауымдарының қоғамдық қатынастары, қоғамдық бiрлестiктердің, ұйымдардың, заңды тұлғалардың мiнез-құлқы, қоғамдық маңызға ие болатын жекелеген азаматтардың мiнез-құлқы. Кейде қоғамдық маңызға жеке қатынастар да ие болуы мүмкiн (мысалы, алименттiк қатынастар). Бұл жағдайда мұндай қатынастар мемлекеттiк реттеуге ұшырауы тиiс.
Сөйтiп, мемлекеттiк басқару – бұл заңдар мен өзге құқықтық актiлер негiзiнде жариялы билiктi мақсаттылықпен пайдалану жөнiндегi адамдардың (органдардың, лауазымды тұлғалардың) ерекше тобымен кәсiби негiзде жүзеге асырылатын әлеуметтiк қызметтiң айрықша түрi. Бұл объектiнi мiндеттейтiн тiкелей және бұйрықтық байланыстарды, бiрақ та жалпы ереже бойынша объект – субъект керi байланыстарын ескере отырып, орнатуға әкеледi. Керi байланыстар ықпалымен субъектiнiң iс-әрекеттерi өзгеруi мүмкiн.
Мемлекеттiк басқару ғылымының басты мiндеттерi мемлекеттiк аппараттағы басқарушылық үрдiстердi зерделеу, мемлекеттiк басқару өрiсiндегi объективтi заңдылықтарды табу және қоғамдық үрдiстерге мемлекеттiк ықпалдың тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын iздеу болып табылады.
Шындығында, мемлекеттiк басқару саяси, экономикалық, құқықтық және өзге аспектiлердi қамтитын күрделi әлеуметтiк құбылыс болып табылады. «Мемлекеттiк басқару, - деп атап өттi Г.А. Туманов, - зерттеу объектiсi ретiнде кем дегенде сегiз аспектiден қарастырылуы тиiс: жалпы ұйымдық, саяси, экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық, психология-педагогикалық, ақпараттық-кибернетикалық, сондай-ақ белгiлiктi түрде ұйымдастырылған тiрi еңбектiң ерекше түрi ретiнде.
1.2
Мемлекеттік басқарудың маңызы
Мемлекеттік басқаруды тарихи даму кезеңдеріне орай қарастырып, бағаласақ жинақталған теориялық және практикалық ілім-білімге толы екенін байқаймыз.
Мемлекеттік
басқарудың әлеуметтік-экономикалық,
саяси, этикалық және психологиялық
тұрғыдағы көзқарастары басқаруды
қоғамдық құбылыс түрінде көп
қырлы категория ретінде
Осы жайлардың басымдық бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында айқындалып, мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін, орталық, жергілікті атқарушы билік органдарын қайта ұтымды құру жөніндегі қағидалар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін көздейтін қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Мемлекеттi басқару нысаны мынандай мәселелердi түсiнугiе мүмкiндiк бередi: мемлекеттiң жоғарғы органы қалай құрылады және олардың кұрылымы қандай; жоғарғы және басқа мемлекеттiк органдардың арасындағы карым-қатынастардың негiзiнде қандай принциптер жатыр; жоғарғы мемлекеттiк билiс пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы қызметті) жүзеге асыру атқарушы билікті жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай, мемлекетті қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет. Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Нарықтық қатынасқа көшуімізге байланысты, мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар дамып, өркендеуде. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару кезінде мемлекеттік өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару органдарының құрамына кіреді. Мемлекет тарапынан белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзегеасырылады. Сонда да болса ескеретін бір жәйт, қандай да бірлескен немесе мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде нысанда өздерін басқаруды жүзеге асырмасын мемлекет аумағында болғандықтан мемлекеттегі барлық салалар мен жүйелерді реттейтін заңдардың күші, талаптары оларға да таратады. Себебі, мемлекет аумағында құрылып және қызмет атқара жүріп, мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға бағынбау ешқандай қисынға келмейтін іс болып табылады. Мемлекеттік басқару, атқару биліктері әрқашан да әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылады және олар мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі – қандай салада болмасын нақты кезеңге байланысты міндеттер мен мәселелердің бірінші кезекке қойылып, шешілуі. Түптеп қарағанда басқару әр тұрғыдан қаралуы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да көзқарастар бойынша. Басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыру деп әкімшілік құқықтық нормаларымен бекітілген субъектілер жүйесін айтуға болады. Осы субъектілер жүйесін асыруға ат салысады. Басқаруды әкімшілік тұрғыдан ұйымдастырудың элементтері мынадай сипатта болады: атқарушы билік және басқа да басқару органдары; басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары, әкімшілік құқықпен белгіленген олардың қатынастарының ауқымы; әкімшілік-құқықтық жағдайлары бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.
Басқаруды ұйымдастырудың мәні әртүрлі мәселелерді шешуден тұрады. Осы іс-қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандары олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың арасындағы міндеттерін, қызметтерін қоса отырып, межелеу; мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың төменгі және жоғарғы тұрған буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру нысандары.
Тура басқару кезінде де басқару субъектісі мен объектісінің арасында тікелей байланыс, мәселең бастық пен оның қызметкерінің комндирлер мен әскери қызметкерлердің арасында туындайды. Жедел бағыну тек кейбір белгілі мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде туындайды.
Қосарлы бағыну тікелей және көлденең бағынуға негізделген. Бұл жерде бір объектіге байланысты, өкілеттіліктің бөлінуі, олардың бірікпеуі қарастырылған. Бағынышты органдар тиісті деңгейдегі төменгі тұрған органдар жүйесіне жатады. Ортақ бағыну бір уақытта бірнеше басқару субъектілерінің екі немесе одан да көп жоғарғы мемлекеттік билік органдарына бағыну болып есептелінеді.
Басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды. Сол құқықтық актілерді шамамен мына өлшемдер бойынша топтастыруға болады: заңды күші бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.
Мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады: Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару; Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін реттеу; Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру; Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету және т.б.
Мемлекеттік
реттеу мемлекеттік басқару
1.3
Шет елдердегі мемлекеттік басқаруды
реформалау ерекшеліктері
Қазақстанда
мемлекеттік басқаруды
Мемлекеттік басқаруды реформалау қозғалысы экономикасы дамыған мемлекеттерде басталды. Ол «жаңа мемлекеттік менеждмент» деген атау алып, оның негізгі мәні азаматтарға қоғамдық, әлеуметтік маңызды игіліктерді ұсынатын мемлекеттік мекемелерге коммерциялық ұйымдарды басқару қағидаларын енгізуде болып табылды.
Жаңа мемлекеттік менеждменттің негізінде екі қағида жатыр:
1) қойылған міндеттерді орындауда билік пен жауапкершілікті нақты орындаушыларға өкілеттік ету;
2) мемлекеттік мекемелердің қызметінің тиімділігін нақты (output), ақырғы нәтижелерге жету және қызметінің әлеуметтік әсер (impact) дәрежесіне қарай бағалау. Осы қағидаларды жүзеге асыру мына іс-шаралармен ұштасты:
- бюжеттік қаржыларды жұмсаудағы мемлекеттік мекемелердің өкілеттілігін кеңейту; мемлекеттік мекемелерді ақырғы нәтижелерге жетуге бағыттау;
- мемлекеттік мекемелерге тікелей нұсқау беруден жанама реттеуге өту;
- иерархиялық атқарушы мемлекеттік органдарды қызмет көрсету қоғамдық кәсіпорындарға өзгерту арқылы қоғамдық секторда бәсекені дамыту.
Шет елдерде «жаңа мемлекеттік менеждмент» ұранымен жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалаудың өзіндік басыңқы бағыттары болды.
Мысалы, Ұлыбритания, Канада, Жаңа Зеландия, Норвегия елдерінде орталықсыздандыру, мемлекеттік реттеуді шектеу, Данияда – қаржы мен персоналды реформалау, Финляндияда – саяси басқаруды реформалау, Швеция мен Алманияда – жергілікті билік органдарының құзыретін кеңейту, Нидерландының Тилбург қаласында – муниципалды басқару құрылымын холдинг түрінде құру болды. Сонымен бірге, қиындықтар да орын алған:
- елдің құқықтық және мәдине ерекшеліктері өз әсерін тигізген. Мысалы, Франция мен Алманияда мемлекеттік қызметшілердің жоғары деңгейде құқықтық қорғалуына байланысты үкіметті қысқарту өте ауыр жүрді;
- мемлекеттік мемкемелерді қаржыландырудың қатты орталықтандырылған механизмі қалыптасқан елдерде ортаңғы звено менеджерлерінің деңгейіне қаржы өкілеттігін тапсыруда көптеген проблемалар туындады;
- келісім шартқа отыру арқылы жұмыс жасау дәстүрінің жоғары деңгейде дамымауына орай министрліктер мен агенттіктер арасында келісім шарт механизмін енгізу ауыртпалықтар туғызды;
- келісім шарттарды кеңінен қолдану мемлекеттік қызметшілердің дәстүрлі құндылықтарына кері әсерін тигізді.
Қазақстанға келетін болсақ «жаңа мемлекеттік менеждмент» қағидалары шеңберінде мемлекеттік басқаруды реформалау әр түрлі қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Реформаның басты мақсаттарының бірі мемлекеттік қаржыны тиімді пайдалану механизмін қалыптастыру болып табылады. Осы бағытта мемлекеттік қызметтер аутсорсингі жүргізілді, артығы мемлекеттік емес секторға тапсырылды, мемлекеттік органдарда өз қызметін стратегиялық жоспарлау енгізілді.
Мемлекеттік басқаруды реформалауды әрі қарай жетілдіруге ұсыныстар:
- нақты және ақырғы нәтижелерді сұрыптау әдістемін дайындау;
- мемлекеттік органдардың бюджеттік ресурстар сұранымының негіздемесін тәуелсіздік сараптамадан өткізу;
- бюджеттік қаржының операторлары мен осы қаржыны алушы мемлекеттік мекемелер, ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың анық және ашық механизмін дайындау;
- даму институттарының қызметі мен нәтижелерін бақылауға жауапты тәуелсіз ұйымды анықтау керек.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ
2.1
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
басқару ерекшеліктері
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады.
Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет.
Аймақтық
басқару жүйесін жетілдіру
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу.
Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін қамтамасыз ету:
а) аймақтық – салалық өзара байланыстар;
ә) салааралық байланыстар;
б)
жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда өндірісті
дамыту.
Кесте 2.1 – Казақстан Республикасының өзін - өзі басқару тұжырымдамасы
Кестеден көріп отырғанымыздай, республикалық өзін - өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей жағдайларды енгізу қажет етеді:
- территориялық деңгейдегі мүдделер жүйесі және басымдықтар;
- өзін - өзі басқарудың субьектілер жиынтығы, олардың функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;
- өзін - өзі басқарудың мүдделеріне жету үшін өндіріс-материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;
- экономикалық кешенінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер;
- мемлекеттік басқару мен территориялық өзін - өзі басқару мәселелері үйлесімді болуы қажет.
Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуы оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол әкімдік шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі - ірі экономикалық мәселелер шешілуі әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана отырып көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез арада шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақтың шеңберінде тез талқыланып керекті басқару шешімі қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.
Осыған орай біздің экономика ғылымының шұғылданатын мәселесі: нақтылы облыстар, аудандар, қалалардағы шаруашылықтың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер етеді. Олар мыналар:
- тоталитарлық жүйе кезінде облыстардың жағдайларына орталықтандырылған басқарушылық тарапынан мүлде көңіл бөлінбеуі, өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;
- республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын жаңадан жіктеу қажеттілігі. Ол өндірісті аймақтарда жаңартуға тікелей әсер етеді;
- нарықтық механизмді аймақтық экономиканы басқарудың негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.
2.2
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
басқаруды бағдарламалау
Мемлекеттік басқарудың ең жоғарғы формасы бағдарламалау мен болжау болып табылады. Бағдарламалаудың басты мақсаты – ғаламдық мақсаттарда мемлекеттік басқарудың барлық элементтерін кешенді пайдалану. Шартты реттеу бойынша тапсырмалардың күрделілігіне байланысты Үкімет қысқа, орта, ұзақ мерзімді бағдарламалар жасап оларды шешудің тәртібі мен осы шешімдердің орындалуына жауапты органдарды анықтайды. Мақсаттық бағдарламалардың объектілеріне салалар, аймақтар, әлеуметтік сфера, ғылыми зерттеу бағыттары және т.б. жатады. Ал субъектілеріне бағдарламаны жасауға жауапты мемлекеттік мекемелер, олардың мүлтіксіз жузеге асуын бақылайтын органдар жатады. Бағдарламаларды арнайы мемлекеттік органдар жасайды, егер ондай органдар болмаса экономика және қаржы министрлігі немесе арнайы министр аралық органдар құрады. Экономика министрлігі әдеттегідей бағдарламалаудың жобасын жасайды.
Қаржы
министірі бағдарламаның
Төтенше бағдарламалар дағдарыс жағдайында, жаппай жұмыссыздық болғанда, қауіпті инфрақұрылымда жасалады. Олар қысқа мерзімді болады. Барлық нарықтық экономикасы дамыған елдерде мақсаттық бағдарламалар жүзеге асырылады.
Ұлттық болжамдау – ұлттық экономиканы дамыту туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу процесі. Болжамдаудың мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін варианттарын анықтауда оңтайлы шешім қабылдау. Болжамдау экономиканы басқару бойынша алдағы кезеңдегі үкіметтің қабылдаған шешімдері мен жоспарларының ғылыми базасы.
Кесте
2.1 - Болжамдаудың мақсаты
Кестеден көріп отырғанымыздай, болжамдаудың мақсатты негізінен үш бағыттан тұрады:
- экономиканың даму процесін талдаудың алғы шартын құру;
- алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті алдын ала көріп білу нұсқасы;
- қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау.
Экономикалық болжамдаудың объектілері: халық шаруашылығы, салааралық кешендер, аймақтар және салардың алғашқы буындары. Болжамдаудың экономикалық, инфрақұрылымдық, табиғи ресурстарды, демографиялық, әлеуметтік, мәдени, діни деген сияқты түрлері бар.
Сонымен мемлекеттік қызметкерлерге және шаруашылық басқарушылары өз қызметтерін нәтижелі орындау мезгілінде статистиканың заңдылығын білу керек, циклдік динамика және әлеуметтік генетика, алдын - ала болжамның теориялық негізі. Болашақты алдын ала көріп білудің күрделі және міндетті элементі болып циклдік динамика болжамы болып табылады. Цикл бұл жалпылай алғанда табиғаттың және қоғамның әр түрлі жүйесіндегі қозғалыс формасы. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде динамика циклі әртүрлі ұзақтықта болады. Барлық циклдер әр түрлі сферадағы циклдерге тең өзара қарым - қатынаста болады.
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі оның ұйымдастырушылық құрылымы өте күрделі аймақтық басқару обьектісінің құрылымына сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару обьектісінің көптеген қайшылықтары, жеке нышандары бар. Оларға ұлттық мемлекеттік және әкімшілік - аймақтық құрылыс, тұрғындардың орналасу тығыздығы, көлік байланыстары т.б жатады. Сондықтан аймақтық басқару жүйесіне кейбір обьективтік қайшылықтар тән. Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін үнемі жетілдіру қажет. Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі аймақтық басқару обьектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі, екіншісі оның субьектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі. Оған өзін өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін - өзі басқарумен тығыз байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық әдістерге көшу. Өйткені жергілікті үкімет органдарына көптеген өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда қаржының бірталай үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады. Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін функциялар мен өкілеттіліктерді кеңейтілуін қамтамасыз ету:
а) аймақтық – салалық өзара байланыстар;
ә) салааралық байланыстар;
