Лизинг. 37

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ...................................................................................................................2

ЛИЗИНГ

1. Лизингтің  экономикадағы мәні мен мазмұны.  Лизингтің даму тарихы........4

1.2 Лизинг түсінігі  мен лизингтік операциялардың негізгі элементтері...........7

1.3 Лизингтік  қаржылардың несиеден айырмашылығы.....................................8

1.4 Лизингтік  операциялардың нысандары мен  түрлері.....................................9

2. Қаржы лизингі...................................................................................................13

3. Қазіргі   ҚР-ның  индустриалды – инновациялық кезеңіндегі лизингтің

    орны....................................................................................................................17

3.1 Лизингтің артықшылықтары..........................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ 

     Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау  еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында.Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер қазіргі банктік несиелік істі қалыптастыра отырып әлемдік тәжірибеге сүйенеді. Бірақ, қазіргі жағдайда батыс экономикалық теорияларының жетістіктері Қазақстандық коммерциялық банктердің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алмайды.

     Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

     Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

     Осы жағдайларда негізгі құрал-жабдықтарды  жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құбылысты қаржыландырудың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.

     Лизинг  ХХ ғасырдың 50 жылдарындағы американдық  өнер табысы болып табылады деп есептелінеді. Оны ондағын жылдардан кейін  американдық кәсіпкерлер Еуропада, содан кейін Жапонияда пайдаланған. Сонымен бірге лизингтік қатынстар туралы мысалдарды өте ерте кезендерден де кездестіруге болады. IX ғасырда Венедцияда саудагерлерге лизинг негізінде саудалық кемелер және сол кезде өте қымбат болған зәкірлер уақытша пайдалануға берілген. Англияда орта ғасырда қазіргі замандағы лизингке ұқсас операциялар дың негізі фермерлік құрал-жабдықтар және аттар болып табылады. ХIX ғасырда Англияда өнеркәсіптің дамуына байланысты лизинг шарттарымен берілетін тауарлардың тізімі көбейе бастады. Бұл кездерде көмір өндіру өнеркәсібінің және темір жол көліктерінің  дамуы ерекше роль атқарды.

     Кейбір  мамандар «лизинг» сөзінің өзі пайдаланылуға  ХIX ғасырдың соңғы ширегінде енгізілген деп есептейді. Мұндай тұжырымға келуге 1877 жылы «Бели» телефон компаниясы тұтынушыларға телефон ақпараттарын стпай, оларды уақытша пайдалануға беру туралы қабылданған шешімі себеп болған. Соған қарамастан, лизингтің қазіргі кездегі түсінігіндегі отаны АҚШ деп санауға болады.

     Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдану көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1. Лизингтің экономикадағы  мәні мен мазмұны. Лизингтің даму тарихы 

     Лизингтің идеясы жас емес. Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің  ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизингтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалады. Аристотельдің ( б.э.д. 384/383 – 322 ж.ж. ) «Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности» атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу  мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды.

     Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға  ұқсас мәлілелер жасалынды: венецияндықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда  қайықтарын жалға берді. Жүзі аяқталғаннан сон якарьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уәльс заңы болды.

     1572 жылы Ұлыбританияда тек қана  нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кем екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.

     1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданылды. Бірақ автокөліктік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрәнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.

     Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты  Америкада 1950 жылы революция деп  атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар  мен механизмдер, кемелер, ұшақтар, т.б.. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа «лизинг» терминінің енгізілуін «Белл» телефон кормпаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.

     Сан-Францискода  белгілі болған « United States Leasing Corporation» американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд. $, ал 80 жылдары олар 110 млрд. $-дан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болуы себебі лизингтік мәміле бойынша серкітестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасын өтіп, халықаралық лизингке айналды. АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметкерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компаниялар санының өсуі және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модификациясы экономиканың әртүрлі сфераларында  кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар « қаржы – лизингтік қоғамдар» деген атқа ие болды.

     Батыс Еуропада алғашқы қаржы – лизингтік  қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ  та лизингтік операциялардың дамуына  көптеген факторлар әсер етті, т.қ. салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді. Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания «Локафранс» 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім – шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетініңірі компаниялары «Локафранс», « Слибай», « Локабай», « Софимобай», « Слиминико», т.б..

     Италияда  алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар «Ассима» ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылды. Осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлес  80%-ға тең болды. 60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.

     Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерінің  негізгі бөлігі « АҚШ – Батыс  Еуропа – Жапония»  мемлекеттерінде  шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан «қызметтер пакетіне» дейін ұлғайтты.

     КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде  жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген  №270 « бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары» КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі боды. 1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес – неміс лизингтік компания «Евролизинг» құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы « Насиональ де Пари Банкісі», ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі компанияның ірі лизингтік компания – « Митфинанц ГмбХ» болды. 
 
 

1.2 Лизинг түсінігі  мен лизингтік  операциялардың негізгі  элементтері 

     Әлемдік тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәлілелерді  белгілеу үшін қолданылады.

     Аренда  келісім – шартты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:

    - Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;

    - Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;

    - Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін.

     Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді  лизингте де бірнеше анықтамалар  бар. Ең біріншіден, лизинг – бұл  ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.

    1. Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім –шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
    2. Лизинг дегеніміз аренда келісім – шарты. ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құралдары, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және  мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.

     Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті  сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде «несие – аренда» деп атайды.

     Сатып алу-сату келісім – шарттында  тауарға иелік ету құқығы сатушыдан  сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады. 

1.3 Лизингтік қаржылардың  несиеден айырмашылығы 

     Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған “Қаржы заңынан” кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.  
Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады. 

1.4 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері 

     Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім – шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.

     Лизингтің нысандары:

  1. Қатысушылар құрамына байланысты:

    - тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға   беруші және жалға алушы арасында;

    - жанама лизинг, келісім – шарт үшін үш немесе одан да көп жақтар арасында.

     2.  Мүлік нысанына байланысты:

      • жылжыйтын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;
      • жылжымайтын мүліктік лизинг ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады);
      • қолданыста болған лизинг мүлігі.

     3.  Мүліктің өтелімдігі бойынша:

      • толығымен өтелінетін лизинг, келісім – шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
      • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім – шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

     4.  Амортизация деңгейіне байланысты:

      • толық амортизация деңгейі;
      • толық емес амортизациялық деңгейі;
      • қызмет көрсету мөлшері бойынша.

     5.  Қызмет көрсету мөлшері бойынша:

      •                 таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
      •                 толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
      •                 жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

      •                 ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
      •                 халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.

                               Халықаралық лизинг:

          • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса;
          • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса;
          • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.

7. Лизингтік  төлемдер сипатына байланысты:

      •                 ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
      •                 өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
      •                 аралас төлемді лизинг.

8. Салық  және амортизациялық жеңілдіктерге  қатысты:

      •                 нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады;
      •                жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.

9. Қаржыландыру  әдісіне байланысты:

      •                 мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
      •                 жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.

10. Жалға  алынатын мүлікке қатысты:

      •                 таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
      •                 толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

  Лизингтің түрлері:

1.  Қаржылық  лизинг. Жалға беруші төлейтін  төлем есебінен, жалға алынатын  жабдықтың толық амортизациясын  білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

     Қаржылық лизинг келесі негізгі  белгілермен сипатталады:

      • үшінші тұлғаның қатысуымен;
      • келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
      • лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
      • қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

     Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.  
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.

2.  Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.  
     Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).  
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
 

     2. Қаржы лизингі 

     Біздің  елімізде 2000 жылың шілде айында қабылданған  «Қаржылық лизинг туралы» Заңға  сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.

     Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар  ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті  сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік  қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

     Қаржы лизингі – бұл  инвестицияның бір түрі. Лизинг беруші  сатушыдан жекешелендіріп алған затын лизинг келісімшарты негізінде, белгілі бір құны мен белгілі бір шарттар негізінде уақытша иелік ету және кәсіпкерлік мақсатпен үштен жылдан аса уақытқа пайдалануға Лизинг алушыға беруге міндетті. 

     Мәмілеге  үш тарап қатысады:

     Лизинг  беруші («Қазкоммерцбанк» АҚ – Банк) – Лизинг бұйымын жекешелендіріп алып, оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша  алуға және пайдалануға беретін  қатысушы.

     Лизингті  алушы – лизинг келісімшарты негізінде  лизинг бұйымын уақытша алатын және кәсіпкерлігі үшін пайдаланатын қатысушы.

     Сатушы  – Лизингті алушы таңдап алған  тарап. Сатушы лизинг бұйымын Сатып  алу-сату келісімшарты негізінде Банктің  жекеменшігіне өткізеді. Ал Банк оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және кәсіпкерлігінде пайдалануға береді.

     Лизингтік мәміленің оңайлатылған нұсқасы:

     Лизингті  ала алатындар:

     Жеке  кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары, жүк және жолаушыларды тасымалдау аясында қызмет істейтін ұйымдар, құрылыс және өндірістік компаниялар, мұнай және газ өңдеу кәсіпорындары және т.б.

     Қызмет  шарттары:

     Лизинг  заты: ғимараттар, құрылыс нысандары, жер телімдері, транспорт, машиналар, және т.б. қолданбайтын заттар. Құнды қағаздар мен табиғи байлықтар лизингке жатпайды.

       Ең төменгі сома:

     Резидент  сатушылармен жасалатын мәміле – 30 000 АҚШ доллары;

     Резидент  емес сатушылармен жасалатын мәміле – 100 000 АҚШ доллары.

     Лизинг  мерзімі: 37 айдан аз болмауы тиіс. 

     Аванстық  төлем: лизинг бұйымының өтімділігі мен оның бағасының амортизациясына  байланысты лизинг бұйымының 0%-дан 50%-ға дейін;    

     Пайыздық  мөлшерлеме: қаржыландыру мерзімі мен  несиелеу тәуекелдігіне байланысты есептеледі;

     Төлеу мерзімділігі: ай сайын немесе тоқсан сайын;

     Ұйымдастыру комиссиясы: 0%-ден 3%-ға дейін;  

     Сақтандыру: лизингті жеткізу мен пайдалану  мерзімі бойы міндетті түрде сақтандыру қажет.

     Қаржы лизингін ұсыну шарттары жобаның  ерекшелігіне байланысты әрбір клиентпен жекеше талқыланады.

     Қаржы лизингтің артықшылығы:

      • Лизингті алушының салық түсетін табысынан қаржы лизингі бойынша сыйақысы шегеріледі;
      • Лизинг бұйымын пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизацияны бөлу амортизацияның екі нормасы бойынша есептеледі;
      • Қаржыландыру мерзімі – 3 жылдан аз болмауы керек;
      • Лизингті алушы Сатушыны, лизинг бұйымын таңдау, жеткізу түрін және кедендік рәсімдеуді өзі таңдайды;
      • Мәмілені жүзеге асыру барысында Банктегілердің білікті кеңесі беріледі;
      • Лизингті алушыдан лизингтік аванстық төлем жасауы негізінде (несие қаржысына қарағанда соманың төмендеуі кепілдікпен қамсыздандыруды қажет етеді) қосымша кепілдік қажет етілмейді. 

     Лизингтік мәміленің кезеңдері

      • Әлеуетті Лизингті алушыға кеңес беру және мандатқа қол қою (мәміленің индикативті шарттары);
      • Банктің өкілетті органдарының лизингтік қаржыландыруға түскен өтініштерді қарауы және шешім қабылдауы;
      • Сатушы мен Лизингті алушының лизинг келісімшартына және сату-сатып алу келісімшартына отыруы;
      • Мәміле құжатын рәсімдеу және валюта заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті процедураларды жүзеге асыру (лизинг бұйымы импортталса);
      • Жеткізу мен кедендік рәсімдеу (лизинг бұйымы импортталса);
      • Лизинг бұйымын алу мен беру, мемлекеттік органдарда тіркеу (қажет болған жағдайда) және лизинг бұйымын сақтандыру;
      • Банк пен Лизингті алушы арасында салыстыру актісін жасау;
      • Лизинг бұйымының меншік құқығын Лизингті алушыға рәсімдеу (барлық лизингтік төлемдер жасалғаннан кейін).  
      • Лизинг бұйымын сатушыларға банк бірқатар талаптар қояды:
      • Банк ұсынған сату мен сатып алу келісімшарттың формасын пайдалану;
      • Лизинг бұйымын жеткізу шарттары - СIP және DDU;
      • Лизинг бұйымы үшін сатушыға ақша төлеу:
      • Жеткізілген күні;
      • Аккредитив;
      • Лизингті алушымен алу-беру актісіне қол қою;
      • Лизинг бұйымының кепілдігі – 1 жылдан аз болмауы керек;
      • Сатушы Лизингті алушының алдында лизинг бұйымын жеткізу, жеткізу уақыты және лизинг бұйымының қалпы үшін жауап береді.
Лизинг. 37