Лизинг



Мазмұны

   Кіріспе

 

І бөлім. Лизингтің мәні

  1. Лизинг түсінігі, ұғымның пайда болуы
  2. Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері
  3. Лизинг нысандары, типтері және түрлері

 

ІІ бөлім. Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері

  1. Лизингті мемлекеттік реттелуі
  2. Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары
  3. Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі

 

ІІІ бөлім. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар

  1. Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру
  2. Лизинг кәсіпкер қаруы

 

 

   Қорытынды 

   Пайдаланылған әдебиет

   Қосымша материал 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елдің қаржылық жүйесінің  басты тобы болып халық шаруашылығы  салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т.с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.

Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.

Өндіріс, айналым саласын  қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика  үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.

Аталған дипломдық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушы үлгілері бойынша, біздің елімізде әртүрлі факторлар ықпалымен қалыптасқан  жақсы және теріс сәттерді және лизингтік қатынастардың қалыптасушы нарығын жақсарту бойынша бағыттарды талдауға әрекет жасалды.

Аталған тақырыпты таңдауға бірнеше себептер болды. Біріншіден,  лизингтік қызмет нарығы өте жас  және игерілмеген. Екіншіден, лизинг Қаржы  Академиясының түлектері үшін лизинг перспективті бағыт болып отыр, яғни, осы салада мамандар жетпейді. Соңында, үшіншіден, лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының аса мұқтаж тобына нақты түрде қажетті инвестиция жіберіледі.

Жұмыстың басты мақсаты  ретінде лизингтік қатынастарға байланысты барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық қатынастардың мазмұнын барынша ашуды алдым. Яғни кез-келген субъектілер үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.

Жас, бірақ қарқынды дамып  келе жатқан мемлекетіміздің экономикасын тұрақтандыру, ғаламдық қатынастарда рөлін молайту, жалпы айтқанда мемлекеттік экономикасының дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жағдайына жеткізу жолдарының бірін толықтай ашып, пайдасын көрсету.

Жұмыста кестелер мен  диаграммалар қатары көрсетілген, мерзімді әдебиет, монографиялар, заңдар пайдаланылған

Таңдалған тақырып және «Ақша, Несие, Банктер» курсының арасында өте тығыз байланыс байқалады, яғни лизингтік мәмілелерді жүзеге асыруда  негізгі рөл коммерциялық банктерге, инвестициялық қорларға, сақтандыру компанияларына жатады. Жабдықты алушылар бұл ұйымдардың қаржысына несиеленеді

І бөлім. Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері

1.1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні

 

Қандай да болмасын күрделі  экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке  алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.

Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру  үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.

Лизингтің заты болып  қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады.  Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.

Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.

1. Пайдаланушы (лизингтік  қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.

2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп,  бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан  немесе лизинг объектісі болып  саналатын мүлікті сататын, басқа  заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.

3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік  иесі болғаннан соң,  орнына  лизингтік төлемдер алып, оны  одан әрі сатып алу құқығымен  (келісіммен анықталады) лизинг алушыға  уақытша пайдалануға береді.

 

Лизингтік компания


Лизинг алушы 




Сатып алу-сату келісімі                                                  Лизинг келісімі

Жасаушы




  

 

 

№1 сызба. Қарапайым лизингтік  қатынастың көрінісі

 

Үш жақты лизингтік  мәміленің күрделі сызбасы №7 (34 бетте) көрсетілген.

Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық  меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы  қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.

Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік  операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады.  Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті  мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания  - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.

Лизинг туралы заңдардың  алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс  Заңы.

Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын –  меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.

«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде  кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды  пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың  қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь).

Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.

 

 

 

1.2 Лизингтің нысандары,  типтері мен түрлері

 

Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.

Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті  болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының  меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.

Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті  болмаса, онда лизинг заты Қазақстан  Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.

Оған қоса, «Лизинг  туралы» заңдылық лизингтің 3 негізгі  типін реттейді:

ұзақ мерзімді лизинг – үш және одан көп жыл бойы жүзеге асырылатын лизинг;

        орта мерзімді лизинг – бір  жарым жылдан үш жылға дейін  жүзеге асырылатын лизинг

         қысқа мерзімді лизинг – бір жарым жылдан кем уақыт ішінде жүзеге асырылатын лизинг.

Қазіргі кезде дамыған  елдердің шаруашылық тәжірибесінде  әрқайсысы өзінің маманданым ерекшеліктерімен сипатталатын әркелкі лизингтер  пайдаланылады.

Аса көп тарағандары:

-жеделдік (сервистік) лизинг (operating lease)

      - қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease)

       - қайтару  (sale and lease bask

      - үлестік  лизинг (leveraged lease)

      - тікелей  лизинг (direct lease)

      - сублизинг  (sub- lease)

Осындай келісімдердің барлық барлық түрлері екі базалық лизингтің басқа түрі – жеделдік не қаржылық болып табылады. Қазақстан Республикасында «Лизингтер туралы» заң лизингтің негізі үш түрін реттейді: жеделдік, қаржылық және қайтарымдық (мәні жағынан, қаржылық лизингтің бір түрі). Сонымен бірге, мен лизингтің кең тараған түрлері туралы толық қарастыруды ұсынамын.

1) Оперативті (сервистік)  лизинг (№1 сызба)

жеделдік (сервистік) лизинг – бұл ағымдағы жалдау туралы келісім. Мұндай келісімнің мерзімі жалға  алған активтің толық өтелімі кезеңінен аз. Осылайша, келісім-шартпен қарастырылған жалға алу ақысы активтің толық құнын жаппайды, ол оны лизингке бірнеше рет тапсыру қажеттігін тудырады.

Жеделдік лизингтің  маңызды белгісі –лизинг алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын өтеу құқығы. Осындай келісімдер жалға тапсырылатын жабдықтың ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді бекіту бойынша әртүрлі қызмет көрсетуді қарастырады. Осыдан келіп, лизингтің жиі қолданылатын – сервистік атауы шығады. Сонымен қатар көрсетілген қызметтер құны жалға беру бағасына кіреді не жекелей төленеді.

Жеделдік лизингтің  негізгі объектілеріне тез ескіретін  жабдықтар (компьютерлер, көшірме және көбейту мащиналары, оргтехниканың  әртүрлі түрлері және т.с) және техникалық күрделі, әрқашан сервистік қызмет көрсетуді талап ететін (ауыр және жеңіл көліктер, әуелайнерлері, темір жол және теңіз көлігі).

Жеделдік лизинг шарты  жалгер үшін өте тиімді екенін байқаймыз. Соның ішінде, жалға алуды мерзімінен бұрын тоқтату ескірген жабдықтан  уақытында құтылып, оны ең жоғары технологиялық және бәскелесу қабілеті бар жабдыққа айырбастауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қолайсыз жағдайлар туғанда жалгер аталған қызметті тез тоқтата алады, сәйкес жабдығын иесіне мерзімінен ерте қайтаруға, өндірісті тарату мен қайта құру туралы шығындарды азайта алады.

Бір жолғы жобаларды  немесе тапсырмаларды жүзеге асырғанда  жеделдік лизинг одан әрі қажет болмайтын  сатып алуларды және жабдықты одан әрі ұстаудан босатады.

Лизинг беруші не жабдық жасаушы көрсететін әртүрлі сервистік қызметті пайдалану, одан әрі қажет болмайтын жабдықты сатып алудан, және кейін ұстау қажеттігінен босатады.

Жеделдік лизингтің  кемшліктері: лизингтің басқа нысандарына  қарағанда жалға алу төлемі өте  жоғары; аванастар мен алдын ала  төлеу талаптары; жалға алуды мерзімінен ерте тоқтатқан жағдайда айып төлеу туралы келісім-шартарда тармақтың болуы; мүлік иесінің қауіп-қатерін жартылай төмендететін және орына келтіруге шақырған басқа да жағдайлар.

 

Жедел лизингтік үдеріс үшін

 

Жалгер                                                                              Өндіруші


4              5                                                                 2


 

   

(Лизингтік 

  компания)

                                                  1         3

                                    

                                           Жалгер

 

 

    1. жабдыққа тапсырыс;
    2. жабдық үшін төлем;
    3. жабдық;
    4. жалгерлік төлемдер;
    5. келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін жабдықты қайтару.

 

№2 Сызба. Жедел (оперативті) лизинг

 

 

 

2) Қаржылық (капиталдық) лизинг (№2 сызба)

Қаржылық (капиталдық) лизинг жалға алушы салатын төлем  есебінен жалға алған жабдықтың  толық өтелімін қарастыратын ұзақ мерзімдік  келісім. Мұндай келісімдер жалға алудың мерзімінен ерте тоқтатылу мүмкіндігін  болдырмайтындықтан, кезеңдік төлем мөлшерін дұрыс анықтау жабдық иесіне жабдықты сатып алу мен ұстауға кеткен шығында толық орнына келтіруді, сондай-ақ пайдалылықтың талап етілген нормасын қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл нысанында мүлікті орнатуға және ағымдағы қызмет етуге кеткен барлық шығындардың толық өтелуін жалгерге қамтамасыз етеді. Көбіне мұндай келісімдер жалгердің келісім-шарт мерзімі өтіп кеткен соң мүлікті арзан немесе қалған бағасымен алуды қарастырады (мұндай баға таза символикалық болуы да мүмкін, мысалы, 1 доллар).

Жеделдікке қарағанда қаржылық лизинг көбіне ұзақ мерзімдік банктік несиелерді алғанда жасайтын келісімдерге ұқсас, себебі жабдықтың толық өтелуін; жабдықтың құны мен иесінің пайдасын қосатын, кезеңдік төлемдер енгізуді (займ бойынша төлем – негізгі және пайыздық бөліктерін); келісімді орындай алмаған жағдайда жалгерді банкрот деп жариялау құқығын және т.б. қарастырады.

Қаржылық лизинг объектілеріне  жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат, құрылыс), сондай-ақ өндірістің ұзақ мерзімдік  құралы жатады.

Қаржылық лизинг ұзақ мерзімдік жалгерліктің екі – қайтару мен үлестік (үшінші жақтың қатысуымен) нысаны үшін база ретінде қызмет етеді.

 

Қаржылық лизингтік үдеріс үшін


Жалгер                                                                              Өндіруші


              4                                                       2


 

   (Лизингтік 

    компания)                                     1                        3

 

                                           

 

                                           Жалгер

 

    1. жабдыққа тапсырыс;
    2. жабдық үшін төлем;
    3. жабдық;
    4. жалгерлік төлемдер;

 

 

 

II бөлім Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері

2.1.Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі

 

Ауыл шаруашылығында лизингті ұйымдастырудың 2001 жылға арналған ережесі

     1. Жалпы шарттар

           1. Осы Ереже "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Өкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына сәйкес "Лизингтік негізде ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз ету" (бұдан әрі - Лизинг) 10 212 85 бағдарламасы бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджет ақшасы есебінен 1 188 700 000 теңге сомасында жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы саласында лизингтік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін белгілейді.1     

2. Қаражат жаңа  ауыл шаруашылығы техникасын  сатып алып, кейіннен ауыл шаруашылығы  тауарын өндірушілер арасында  Лизинг ережелерінде орналастыру  үшін және осыған байланысты  шығыстарды жүзеге асыруға арнап  сыйақының (мүдденің) жылдық 7 пайыз  ставкасы бойынша Қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ете отырып, 7 жыл мерзімге бөлінеді.     

3. Лизингті  жүргізу үшін Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрлігі  Қазақстан Республикасының Өкіметі  уәкілеттілік берген ұйымды тартады.  
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ауылшарминінен және Ұйыммен қаражатты Ұйымға бөлу тәртібін және оны республикалыє бюджетке қайтару мерзімін реттейтін тиісті несиелік келісім жасасады.  
      5. Пайдаланылуы Лизинг ережелерінде жүзеге асырылатын машина жасау өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін және жобалардың шығыстар сметасын Ауылшармині бекітеді.      

6. Ұйым лизинг  беруші ретінде әрекет етеді  және қаражаттың мақсатты пайдаланылуы  мен оның республикалық бюджетке  уақытылы қайтарылуын қамтамасыз етеді.      

7. Лизинг алушыға  Техниканы Лизингке берген ретте  Ұйымның Қаражатты Қаржыминінен  қайтаруы Ұйым лизинг алушылардан  қабылдайтын міндеттемелердің орындалуын  қамтамасыз ету тәсілдеріне (екінші  деңгейдегі банктер кепілдеріне, кепілзатқа, кепілгерлікке, мүлікті ұстап қалуға) талаптар қою құқықтарын Ұйымның Қаржыминіне беруі олардың араларында шарттарға қол қою жолымен немесе Ауылшармині, Қаржымині және Ұйым арасында жасалатын Несиелік келісімде көзделетін Қаражаттың қайтарымдылығын қамтамасыз етудің өзге тәсілдерімен жүзеге асырылады. Ұйымның талаптар қою құқықтарын Қаржыминіне беруі шартының күшіне енуі және талаптар қою құқықтарының іс жүзінде берілуі талаптар қою құқықтарын беру шартында көзделген жағдайларда және Қаржыминінің жазбаша талабы бойынша ғана жүзеге асырылады.      

8. Мыналар Лизинг  субъектілері болып табылады:

1) лизинг беруші - Ұйым;

2) сатушылар  - ауыл шаруашылығы техникасын  жеткізушілер (бұдан әрі - Сатушылар);

3) лизинг алушылар - Лизинг заттарын Лизинг шарты ережелерінде кәсіпкерлік мақсаттар үшін қабылдайтын лизингтік мәміленің қатысушылары.

       2. Лизингтік операцияларды жүргізу

9. Лизинг беруші  мен лизинг алушы Лизинг ережелері,  тараптардың кепілдіктері, міндеттері  мен құқықтары бекітілген Лизинг  шартын жасасады.  
      10. Лизинг шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ретінде екінші деңгейдегі банктердің кепілдіктері, өтемді мүліктің және мүліктік құқықтардың кепілзаты, кепілгерлік, банктер аккредитивтері, мүлікті ұстап қалу қолданылады.

11. Лизинг беруші  Техниканы лизинг алушыға бергенге  дейін Сатушылар 

ұсынған шот-фактураға  сәйкес Техниканы өзінің бухгалтерлік теңгеріміне кіріске алады.

     12. Лизинг алушы өз кезегінде,  келіп түскен Техниканы Лизингке  алынған ретінде өзінің бухгалтерлік теңгеріміне есепке алады, заңда белгіленген тәртіппен ол бойынша тозуды қосып есептейді, Техникаға салынатын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлейді және Лизинг шартында белгіленген мерзімдерде лизингтік төлемдерді өтейді.

     13. Жылжымалы мүлік Лизингінің шарты  жылжымалы мүлік кепілзатын 

тіркеуді жүзеге асыратын органдардың міндетті мемлекеттік  тіркеуіне жатады.

     14. Техника бойынша Лизинг мерзімі  7 жылға дейін болады.

     15. Лизинг беруші Ауылшарминімен келісім бойынша өз пайдасына сыйақы

(мүдде) ставкасын  жылдықтың 5 пайызына дейінгі  мөлшерде тағайындай алады.

     16. Лизинг шарты өзіне мыналарды  енгізуі тиіс:

     1) Лизинг шартының мәнісі және  оның сипаттамасы;

     2) Лизинг затын Сатушының атауы;

     3) Лизинг алушыға Лизинг затын  беру ережелері мен мерзімі;

     4) лизингтік төлемдер мөлшері және  кезеңділігі;

     5) Лизинг затының құны;

     6) Лизинг шартының қолданылу мерзімі;

     7) егер шартта Лизинг затының  лизинг алушының меншігіне өтуі көзделген болса, мұндай өтудің ережелері;

     8) Лизинг затын ұстау және жөндеу  тәртібі;

     9) Лизинг затын сақтандыру;

     10) Лизинг затын лизинг берушінің  атына міндетті мемлекеттік тіркеуді  тараптардың біріне жүктеу;

     11) лизинг алушының Лизинг шарты бойынша міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

     12) тараптардың жауапкершілігі;

     17. Лизинг субъектілері оны жүзеге  асыру және ұйымдастыру барысында  Қазақстан Республикасының заңдарын  басшылыққа алады.

             3. Ауыл шаруашылығында Лизингті  қаржыландыру үшін бөлінген қаражаттың  пайдаланылуын бақылау          

18. Несиелік қаражатты  Ауылшарминінің бюджеттік шотынан  Ұйымның шоты есебіне аударуды  Ауылшармині Несиелік келісімде  белгіленген тәртіппен, Қаржыминінен міндетті түрде келісе отырып, Ұйымның тапсырысы негізінде Техниканы жеткізуге келісім-шартты ұсынған ретте жүзеге асырады.

9. Ұйым:     

1) ай сайын есепті  айдан кейінгі айдың 15-інен  кешіктірмей 

Ауылшарминінен  және Қаржыминіне бөлінген несиелік қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп ұсынады;

     2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан  кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей 

лизинг алушылардан  төлемдердің түсуі туралы Қаржыминінен және

Ауылшарминінен  есеп ұсынады.

     20. Ауыл шаруашылығында Лизинг ұйымдастыруға арнап бөлінген

Қаражаттың  мақсатты пайдаланылуын және республикалық  бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылауды  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі ретінде Ауылшармині және Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Республика Үкіметі осыдан бес  жыл бұрын лизинг жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып  алу жобасын ұсынса, бүгінде бұл  жұмысты «ҚазАгроҚаржы» компаниясы ойдағыдай атқарып келеді. Өткен  кезеңде компанияның несиелік қоры 16,5 милиард деңгейге дейін көтеріліп, шаруа қожалықтары мен ауылдық жердегі ұжымда 5,3 мыңнан астам комбайндар мен тракторлар алуға қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАгроҚаржы» компаниясы басқармасының төрағасы Ибрагим  Тағашевтің айтуына қарағанда, лизинг жолымен ауыл шаруашылығы саласы ұйымдарын техникамен жарақтандыру тәжірибеде өзін толық ақтап отыр. Ол жеті жылға беріледі. 2005 жылы ауыл шаруашылығына қажетті тұқым себу және астық жинау техникаларын сатып алуға 6 миллиард теңге көлемінде лизингілік қаржы бөлу жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы ұжымдарының жаңа үлгідегі техникаларға ие болуы елімізде 14 машина-трактор стансаларын құруға, оларда 500 адамдық жұмыс орнының ашылуына қолайлы жағдай туғызды.2 

  1. Өндірістік кәсіпорындардың дамуындағы лизинг рөлі

Қазақстан Республикасында  мемлекеттік эконоиканы көтеру мақсатында көптеген шаралар өткізіледі. Мемлекет тарапынан өте үлкен көмек  келіп жатыр. Соның бірі – үлкен  қаржы мөлшері бюджеттен бөлініп  берілуі. Соның арқасында шағын  бизнес өте қарқынды дамып келеді. Өндіруші салаға өте көп қаржы құйылып жатыр, өнеркәсіп саласы пайда әкелетіні бәріне мәлім болғаны бірден байқалады. Қаржылық несиелер көп пайда әкеле алмады, жәнете бөлініп жатқан қаражатты бөлу қажеттілігі туындады. Бірақ, көптеген, қаржыны қажетсінетін, субъектілер кепілдеме беретін мүмкіндіктері төмен, сондықтан қаржы жүйесінің қатысушы элементтері бұл мәселенің басқа шешу жолдарын іздене бастаған. Бұл мәселені шешуде шетелдік қаржы жүйесінің құрылымы өте маңызды рөл атқарған. Шетелдік лизингтік қатынас жүйесі өте тиімді шешім болып табылатыны отандық банкирлердің көздері жетті. Қазақстан Республикасының дәстүрлі өміріне сай болатын тиімді лизингтік қатынасы бар қаржылық жүйе құрастырылған.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін отандық кәсіпкерлерге өте  көп көмек керек. Түрлі техника мен құрал жабдықтар жене басқа шараларға жұмсалатын жалпы қаржы-қаражат түрінде қажетсінеді. Лизинг осыған оңай шешім болып келеді. Өнеркәсіб өндірісі жылдан жылға өсіп келеді, оның жұмыс істеу динамикасын 1-ші кестеден көре аламыз3//.

 

 

2000

2001

2002

2003

2004

 

өнеркәсіптің өндіріс  пен кәсіпорындардың саны

14326

13343

13177

12707

12519

өнеркәсіптік өндірістің  көлемі, млрд. тенге

1798,3

2000,2

2336,9

2836

3733,8

өнеркәсіптік-өндірістің персоналдың саны, мың Адам

653,8

664,5

671,2

629,6

636,4

негігі қызметінен табыс, млн.теңге

358164

298770

401087

588015

1023289


Кесте 1 Өндірістің жұмысының негізгі көрсеткіштерінің динамикасы