Майлау жүйесі



МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

 

МАЙЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЛЫСЫ

Қызметі мен жүйе схемасы. Майлау жүйесі мотор бөлшектерінің үйкеліс беттеріне май жеткізіп тұру және майлау қызметін атқарады. Үйкелген беттерге жеткен май үйкеліс күшін жеңілдетеді, қажалуын тежейді, беттерді салқындатады және бөлшек беттерін қажалу қалдықтарынан тазартады. Қазіргі моторларда аралас майлау жүйесі қолданылады, мұнда кейбір бөлшек сығылған май арқылы, кейбірі шашырау, ал бірі ағып келген май арқылы майланады.

Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі, әрі өзара жанасып үйкеліседі. Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мүқият тегіс етіп өңдегенге қарамастан, оларда микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір-бірімен айқасып, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.

Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір-біріне айқасу құбылысын болдырмайды. Әрі қарай бөлшектердің жылжуы еңді сұйық майдың жылжуына байланысты болғандықтан, үйкеліс мүлде жеңілдейді.

Үйкеліс беттеріне майлайтын сұйықты жеткізуге байланысты, майлау жүйесін үш түрге бөлуге болады.

Бірінші үйкеліс беттеріне үлкен қысыммен беріледі де үйкелетін екі бөлшек тіпті бір-бірімен тек сұйық қабат арқылы жанасады десе де болады.

Екіншісі үйкеліс беттеріне майды қысымсыз ағызып немесе шашып береді. Бұл кезде үйкелетін екі бөлшек жартылай сұйықпен, жартылай өзара жанасады.

Үшінші түрі үйкеліс беттеріне әрі қысыммен, әрі шашып береді. Мұны құрама майлау жүйесі деп атайды.

Двигательдердің бөлшектері құрылысы жөнінен және жұмыс істеу жағдайларына байланысты әртүрлі болатындықтан, оларды майлаудың бір ғана түрін, яғни тек қысыммен немесе тек шашып беретін тәсілін қолдана алмайды. Сондықтанда қазіргі двигательдердің барлығыңда құрама майлау жүйесі қолданылады, яғни кейбір бөлшектер қысыммен, кейбір бөлшектер шашып майланады.

1.1-суретте осындай құрама майлау жүйесінің принципиалдық схемасы көрсетілген. Оның жалпы құрылысы мен жұмысы мына төмендегіше болады. Майлайтын сұйық (көбінесе двигательдік майлар) картер түбіне құйылып қойылады. Оның деңгейі белгілі бір мөлшерде болуға тиіс және оны арнаулы көрсеткішпен (16) үнемі бақылап отырады. Енді осы картер түбіндегі май арнаулы сүзгімен жабдықталған қабылдағыш (6) арқылы май насосымен (7) сорылып алынады да қысыммен әрі қарай сүзгілерге (1,10) жіберіледі.

Сүзгілер екі түрлі болады: біреуі ірі тазартқыш (10), екіншісі майда тазартқыш (1). Сондықтанда олардың бүкіл жүйеге қосылу тәсіліне қарай толық немесе жартылай ағынды сүзгілер деп түрлендіреді. Толық ағынды сүзгілер жүйедегі насос (7) айдап шығарғын майды тұтас тазалайды, ал жартылай ағынды сүзгілер түгел емес, бір бөлігін ғана тазалап тұрады. Көбінесе қазіргі двигательдерде ірі тазалағыштар (10) тұтас ағынды, ал майда сүзгілер (1) жартылай ағынды болады.

Сүзгіден шыққан таза май бөлшектерді майлауға жіберіледі. Ол үшін двигатель блогында магистралдық тесік (12) жасалады. Сол магистралдық тесіктерден майланатын бөлшектерге де тесіктер жасалады. Сонда ондай бөлшектер қысыммен берілген май арқылы майланады. Көбінесе қысыммен майланатын бөлшектерге иінді біліктің тірек және шатун мойындары (13), жұдырықша біліктердің тірек мойындары (14), күйентелердің осьтері (15) жатады. Одан басқа поршень мен цилиндр, клапандар, жұдырықшалар, поршень саусақтары сияқты болшектер шашыраған май тамшыларымен майланады. Иіңді білік және тағы басқа айналатын бөлшектер майды шашып, картер ішінде ұсақ май тамшыларынан тұман түзеді де, олар барып шашылып майланатын бөлшек беттеріне қонады.

Осыларға қосымша жүйеге майды суытатын радиатор (3), май қысымын бақылайтын манометр (11) және температураны көрсететін термометр (2) қойылған.

Май насосы (7) үшін көбінесе шестернялы насос қойылады. Себебі ол сенімді жұмыс істейді және аз ғана айналыста жоғарғы қысым жасай алатын мүмкіндігі бар. Сондықтанда ол тұтас майлау жүйесін двигательдің аз айналысы кезінде қамтамасыз ете алады. Ал двигательдің айналыс жылдамдығы көбейген кезде, оның қысымын реттеп отыратын қысым реттегіш клапан (8) қойылады.

Қайта жіберу клапаны ротордағы май қысымын сақтайды. Егер роторға май енген кездегі қысым 0,65 МПа-ға дейін артса (қою майда немесе ротор ластанғанда), онда клапан ашылып, тазартылмаған май мотор картеріне ңүйылады. Кейбір моторларда ңайта жіберу клапаны ашылған кезде май центрифугаға соқпай, май магистраліне өтеді. Қайта жіберу клапанын реттегіш винтпен 0,65-0,70 МПа қысымға реттеп келтіреді.

Оның серіппесі насостан шыққан тесікті бітеп тұратын шар тәрізді клапанды, қысым аз кезінде, жауып итеріп түрады. Ал қысым көбейгенде шар май қысымының әсерімен серіппені қысады да тесікті ашып, артық май қайтадан картерге кетеді немесе насостың соратын тесігіне қайта келеді.

 

Осыдан басқа ірі сүзгімен (10) параллель тура жіберетін клапан (9) жалғастырылады. Оның қызметі сүзгі өте ластанып, май жүрмей қалған жағдайда, оның кіре берісіндегі көбейген қысымның әсерімен клапаны ашылады да, май ағыны тазаланбаған күйінше тура магистралдық тесікке жіберіледі. Олай болмаған жағдайда двигатель майсыз жұмыс істеп, барлық үйкелетін бөлшектер істен шығуы мүмкін.

Ірі сүзгі үшін көбінесе металл сымнан жасалған торлар немесе араларында саңылау қалатын металл пластинкалар қолданылады. Сонда тордан немесе өте тар саңылаудан май насос қысымымен өткен кезде, оның ішінде ірі механикалық қоспалар сүзіліп, май тазартылады. Кейде осындай металл сүзгілердің сыртына қағаз сүзгі бірге қойылады да май тазалануын жақсартады. Мұндай сүзгілерді белгілі бір мезгілден кейін айырбастап тұрады.

Майда сүзгі есебінде көбінесе реактивті центрифуга пайдаланылады. Оның жұмыс принципі ортадан тепкіш күшке негізделген. Сол үшін оның айналатын бөлігі болады. Оны ротор деп атайды. Сол роторда радиусқа перпендикуляр бағытта екі шашқыш тесік қойылған. Оларды сопло деп атайды. Насостан қысыммен келген май сол соплолар арқылы қысылып шығады да кері тебетін реактивті күш тудырады. Осы пайда болған күштер бір-біріне қарама-қарсы бағытталғандықтан, айналдыру моментін жасап, роторды айналуға мәжбүр етеді. Ротор айналмалы қозғалысқа келгендіктен, оның ішіндегі майда айналып, ондағы лас кесектер ауыр болғандықтан ортадан сыртқа қарай көп күшпен итеріледі де ротордың ішкі қабырғасына жабысып қалады. Ал тазаланған май қайтадан картерге құйылады. Осылайша біртіндеп майды тазалай береді. Двигательге техникалық күтім жасалған кезде, роторды бөлшектеп, оның ішкі қабырғасында жиналған лас тұнбаларды қырып тазартып, қайтадан орнына бекітеді.

Май суытатын радиаторлар әртүрлі двигательдерде әрқалай жүйеге жалғасады. 1.1-суретте көрсетілген схемада радиатор жүйеге арнаулы жапқыш кран (5) арқылы жалғасқан. Ол кранды көбінесе жазда ашып, қыс мезгілінде жауып ұстайды. Оған қосымша сақтандырғыш клапан (4) жалғасады.

Кейбір двигательдерде осылай радиаторды жүйеге қосып ажырату қызметін арнаулы клапан атқарады. Жүйедегі май суық кезінде, оның тұтқырлығы көп болғандығынан қысым артып клапанды ашады да май радиаторға бармай қайтадан картерге құйылады, ал май қызғандықтан оның тұтқырлығы азаяды да клапан жабылып, май радиатор арқылы суып барып картерге қүйылады.

Радиатор клапаны салқын майды қайта жіберуге арналған, ол май радиаторына соқпай, двигательдің май каналына келеді. Қысым айырмашылығы 0,06-0,7 МПа болғанда клапан ашылады. Радиатор клапанын ретке келтіру жүргізілмейді.

Ағызу клапаны двигательдің май каналында қысым артңан жағдайда тазартылмаған майдың артығын картерге құю үшін қолданылады. Реттегіш винттің көмегімен майлау жүйесіндегі май қысымы бірқалыпқа келгенше клапанды ретке келтіреді. Кейбір двигательдердің май сүзгісіне радиатор клапанның орнына ауыстырып қосқыш шүмек орнатылған, соның көмегімен май радиаторын қыс кезінде ажыратып тастайды.

Жүйедегі май қысымы мен температурасын көрсететін құралдар (11,2) жүргізушінің алдыңдағы қалқанға көрінетін орынға бекітілген. Жұмыс кезінде оларды үнемі бақылап отыру қажет. Оның үстіне күнделікті картердегі май деңгейін де тексеріп түрады.

Май жүйесіндегі қысым двигательдің тозу дәрежесіне қарай қалыпты мөлшерінен өзгеріп кетуі мүмкін. Ол қысымның өзгеше болуы майланатын бөлшектердің аралығындағы саңылаулардың көбеюі себепті май кедергісіз тез өтіп кетеді, сөйтіп май жүйесінің қысымы төмендейді де, оның жүмысына нүқсан келуі мүмкін. Мұндай жағдайда май қысымын реттейтін клапанның жұмысын реттеу керек. Ол үшін осы клапанның бекіткіш қақпағын шығарып алады да, реттеуіш гайканы тиісті жағына бұрайды. Ол гайка шарикті клапанды итеріп тұратын серіппенің қысу күшін өзгертеді. Егер гайканы кіргізе бұрасақ, май жүйесіндегі қысым артады, ал керісінше бұрасақ, май қысымы азаяды. Май қысымын көрсеткіш манометр арқылы бақылайды.

Двигатель жұмысы кезінде майдың тазалығы төмеңдейді де сүзгіштердің жұмысын нашарлатады.

Егер сүзгіштер өте ластанып кетсе, онда олар май жүйесіне қарай майды өткізбеуі мүмкін. Мұндай жағдайда двигатель механизмдері құрғақ жұмыс істейді де, апатқа ұшырайды. Осы жағдайды болдырмау үшін май жүйесіне қайтарғыш клапан қойылады. Бұл клапан сүзгіштер істен шыққан кезде насостан келген майды тазартпай-ақ бірден май жүйесіне өткізіп жібереді. Осыған қосымша, двигательдің салқын кезінде май тұтқырлығы өте жоғары болады да жоғарыда айтылған жағдай қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда да қайта жіберетін клапан іске қосылады.

Қайта жіберетін клапанның жұмысын реттеуге мүқият көңіл бөлген жөн. Себебі, бүл клапан қалыпты мөлшердегіден ерте ашылатын болса, онда май жүйесіне тазаланбаған майлар өтіп кетеді де, бүның өзі двигатель бөлшектерінің тез тозуына әкеп соғады. Ал егер кеш ашылатын болса, онда майдың қою кезіңдегі немесе сүзгілер өте ластанып кеткенде май жүйесіне жіберілетін май мөлшері азаяды да, двигатель механизмдерінің тозуын тездетеді.

Төгетін клапан май жүйесінің магистралдық каналындағы қысымды тұрақтандыру үшін орнатылады. Оның қызметі де қысым реттеуіш клапанның қызметіне ұқсас. Бірақ ол насос каналында емес, май жүйесінің каналында орналасады. Май жүйесіндегі қысым көбейген жағдайда артық майды қайтадан картерге жібереді.

Двигательдердің майлау жүйесіне жоғарыда көрсетілген тораптармен қоса, салқындатқыш радиатор қойылады, себебі жұмыс кезінде май темрепатурасы жоғарылайды да, оның тұтқырлығы азайып кетеді. Май салқындатқыш радиаторды жұмысқа қосу қызметін арнаулы клапан атқарады. Оны клапан-термостат деп атайды. Майдың тұтқырлығы жеткілікті шамада болған кезінде жүйедегі май қысымы осы клапаңды аша алады, ал егер май тұтқырлығы азайса, оңда жүйедегі қысым азайғандықтан, клапан жабылады. Осы клапан-термостатпен май салқындатқыш радиатор өзара параллель жалғасқан, сондықтан да клапан ашылған кезде май радиаторға бармай, қайтадан жүйеге кетеді, ал жабық кезінде май радиатор арқылы салқындатылып, жүйеге қосылады. Мұндай клапандар сүзгілер корпусында немесе май насосының радиаторға айдайтын бөлігінде орналасады.

Жұмыс кезінде май тұратын картерге поршень мен цилиндр аралығындағы жапсардан жанған газ өтіп, оның ішіңде майға қолайсыз жағдай тудырады. Сондықтанда ондай газдан картерді тазалап тұратын арнаулы желдеткіш қондырғы қолданылады. Сол желдеткіш тесік арқылы газ двигательге қайта сорылады немесе сыртқы қоршаған ортаға шығарылып жіберіледі. Осы газбен бірге май түйіршектері де кетпес үшін ол тесікке арнаулы сүзгіш қойылады. Сүзгішті техникалық күтім кезінде жуып, тазалап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МОТОР МАЙЫ

 

Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін майдың атқаратын қызметі.

Май қолданғанда үйкеліс күшін азайту, демек үйкелуші бөлшектердің тозуы мен қызып кетуін барынша кеміту мақсаты көзделеді. Мұнымен қоса, үйкеліс азайса, мотордың механикалық әсер коэффициенті ұлғаяды.

Майлағанда өзара жанаса қозғалатын беттердің арасына май қабаты жіберіледі, сөйтіп, беттердің арасындағы тікелей үйкелістің орнына май қабатының өзінің ішкі кедергісін жеңу ғана қалады.

Тәжірибелер, үйкеліс күші үйкелуші беттердің арасындағы май қабатының қалыңдығына кері пропорционалды екенін көрсетті. Май қабатының қалыңдығын ұлғайтса, үйкеліс пен май температурасына кететін шығын азаяды.

Үйкелуші беттердің арасына жіберілетін май, үйкелісті азайтумен қатар, азда болса, үйкелуші бөлшектерді салқындату үшін қолданылады. Бұл салқындату майдың айналып ағып отыруының арқасында жүзеге асады. Жағар-май үйкелуші беттерді үйкелген кезде мүжіліп түсетін металл бөлшектерден тазартып тұрады жөне үлкен температура мен қысымның әсерінен күйген майдан пайда болатын күйе бөлшектерінен тазартып тұрады.

Майдың, сонымен қатар, цилиндрдің саңлаусыз жабылуын қамтамасыз ететін фактор ретіндегі рөлін атап кетуіміз керек, өйткені май қабатының тұтқырлығы жеткілікті болса, газдарды өткізбеуге поршень сақиналарына жағдай туғызады.

Мотор бөлшектерін майлау үшін жоғары сапалы мотор майы қолданылады. Іштен жанатын моторларға қолданылатын майдың қолайлы тұтқырлық, жақсы майлай алатын, тоттануға қарсы қасиеті болуы тиіс. Майдың пайдаланылу қасиетін жақсарту мақсатында оған арнайы тұнба қосады. Соңғы кезде мотор майы бұрынғы қабылданған сорт атауларымен қоса, жаңа жіктеу тәртібі бойынша алты топқа таңбаланады: А, Б, В,Г,Д, Е.

align:justify">Ауыл шаруашылығы тракторлары мен автомобильдері үшін Б, В және Г тобындағы майлар қолданылады. Майды таңбалағанда (мәселен, М-8 Віг М-10 Г2) мынадай белгілерді қолданады: М - моторлық, 8-10 - кинематикалық тұтқырлығы, мм2/с, 100°С ыстықта; Б, Г - май тобына жататындығы; 1 - карбюратор двигателі үшін, 2 - дизель двигателі үшін.

Жазда әдетте кинематикалық тұтқырлығы 10 мм2/с, ал қыста - 8 мм2/с болатын мотор майы пайдаланылады. Бір ескеретін жайт, май маркасындағы цифр май тұтқырлығының 100°С температурадағы су тұтқырлығынан неше есе артық екендігін көрсетеді.

Б тобындағы май баяу жүмыс істейтін моторларға, В - орташа жүмыс істейтін моторларға, Г - өте тез жүмыс істейтін моторларға арналған. Май мотор маркасына және жұмыс маусымына сай келуі тиіс. Тым тұтқыр май бөлшектердің қажалатын беттерінің аралығындағы саңылаудан өте нашар өтеді, ал тұтқырлығы жеткіліксіз май саңылау арасында тұрмайды. Екі жағдайда да бөлшектердің қажалатын беттері тез тозып, моторлардың қуаты кемиді.

Мотордың сенімді жұмыс істеуі көп жағдайда мотор майының тазалығына байланысты. Майда механикалық қоспалар мен су болмауы тиіс. Майға механикалық қоспалар мен су, негізінен тасымалдағанда, қабылдағанда, құйғанда және сақтағанда енеді. Ол механикалық қоспалар, әсіресе моторлар қатты шаң-тозаңда жұмыс істегенде түсіп, ластанады. Сондықтан да бүкіл әрекеттерді атқарған кезде майға механикалық қоспалар мен судың енбеуін мұқият қадағалаған жөн.

 

 

 

 

 

 

МАЙЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Майлау материалдары үйкеліске жұмсалатын әнергия шығыны мен автомобильдің үйкелетін бөлшектерінің тозуын азайту үшін қолданылады, яғни майлау материалдары мынадай қызмет атқарады:

-              сұйықтық   үйкелісті   қамтамасыз   ету  үшін
үйкелетін бөлшектерді сенімді майлы қабаттармен бөлу
немесе ерекше қиын жағдайларда, бөлшектерді құрғақ
үйкелістен саңтай отырьш, шектік үйкелісті қамтамасыз ету үшін олардың бетіне берік майлы үлдірлерді
жасау.

-  жұмыс істейтін бөлшектердің беткі қабатын коррозиядан сақтау үшін майлау;

-  үйкелетін бөлшектерден жылуды алыстату;

-  үйкелетін беттерден тозу өнімдерін алу қабілетіне
ие болу және олардан оңай алшақтауы;

-  оларды сақтау процесінде өздерінің қасиеттерін
ұзақ уақыт өзгертпеу;

-  үнемді болуы және тапшы болмауы;

Майлар сұйық майлар және иілгішті майлар болып бөлінеді. Сондай-ақ, майлар минералдық, синтетикалық, жартылай синтетикалық болып бөлінеді.

Минералды майлардың кемшіліктері: -20° жағдайында майлардың көпшілігі қатып қалады, ал 200° жоғары температура жағдайында майлардың көпшілігі буланып ұшып кетеді де, тотықтанады.

Мотор майлары сапасына қойылатын талаптарды қанағаттандырудың бірден-бір жолы – синтетикалық майларды қолдану және өңдеу. Синтетикалық майлар жеке қосылыстар немесе бірнеше қосылыстар қоспаларынан тұратын химиялық құрылыстар. Мәселен, полиеолефиндер және басқалар көрсетеді. Синтетикалың майлар тұтқырлықтың жоғарғы индексіне ие болады (150-170). Синтетикалық майлардың қозғалыс шығындарының температурасы, минералдық майларға қарағанда төмен (-65°С-қа дейін). Демек, кері температура жағдайында қозғалтқыштарды іске қосу, синтетикалық майларды қолдану, минералдыққа қарағанда, жеңіл әрі ауаның аса төменгі температурасында мүмкін болады. Автомобиль қозғалысының бастапқы сәтінде қозғалтқышты іске қосу жағдайында синтетикалық май қозғалтқыштың металл бетін жылдам жабады да барлық қиын жерлерге ене алады.

Синтетикалың майлардың тұтқырлығы 250-300°С температура жағдайында, олардың жылулық тұрақтылығы жақсырақ, булануы төмен және жоғары температуралық қалдықтар түзуге бейімділігі аз. Сондықтан синтетикалық майлар жоғары үдемелі жылу кернеулі қозғалтқыштарда табысты қолданылады. Сол себепті бастапқы іспекті сақиналар аумағында лак түзуге бейімділігі аз болады. Синтетикалық майлар әдеттегідей, дисперциялы және механикалық тұрақтылығымен коррозияға қарсы қасиеттерге ие болады. Осыған байланысты синтетикалық майлардың жарамдылығы автомобиль жылдамдығының 20 мың километр қашықтығынан артық болады, ал жекелеген үлгілер алмастырусыз 800-1000 километр қашықтыққа қызмет етеді. Синтетикалық майлардың иісті газға шығыны минералдыққа қарағанда 30-40% төмен.

Синтетикалық майлардың құндылығы, минералдық майларға қарағанда 2-3 есе жоғары. Автомобильдердің резеңке және басқа да төсемдері, синтетикалық майларға әрқашан шыдай бермейді (яғни ағып кетеді), өйткені соңғысы негіздік қүраушылардың жоғары химиялың белсенділігіне ие болады. Тағы да бір кемшілігі - минералдық майлармен араластыру жағдайындағы үйлесімсіздігі.

 

 

 

 

 

 

 

МАЙЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Майлардың майлағыштық және тұтқырлық-температуралық сапасына үйкелістегі бөлшектердің тозу және үйкеліс энергиясының шығынына байланысты тұтқырлық аумағы жатады.

Қозғалтқыштарға арналған майлардың тұтқырлығы майлау жүйесі бойынша майдың жарамдылығына, қоз-ғалтқышты іске қосудың жеңілділігі мен шапшаңдылығына, цилиндрдегі піспекті саңиналардың тығыздығына, сүзгідегі майларды тазалау дәрежесіне, майдың шығынына сондай-ақ, отынның шығынына әсер етеді. Майдың тұтқырлығы, сондай-ақ үйкелісті бөлшектердің салқындатылуына байланысты. Жоғары тұтқырлықты май цилиндрдегі піспекті сақиналарды жақсы тығыздайды және жану камерасынан қозғалтқыш картеріне газдың үзіліп қонуын азайтады. Ол жану камерасына аз мөлшерде түседі, сонысымен майдың шығынын және дөңес түзілуді азайтады, сондай-ақ аз дәрежеде тығыздама (сальниктер) мен картер қақпақтарының тығыздаушы төсемдері арқылы тамады.

Майлайтын материалдардың тұтқырлығын кинематикалық тұтқырлық бірлігінде (стокста жән сантис токста) білдіреді, не болмаса Энглердің шартты бірлік градусында көрсетеді. Сол себепті, сандың мәндерден басқа тұтқырлықты анықтау сәтіндегі майдың температурасы көрсетіледі.

Майдың тұтқырлығы жұмыс жағдайларына байланысты нормаланады: мотор майлары үшін 100°С температура, индустриалды майлар үшін 20°С жағдайы.

Майлайтын материалдардың тұтқырлығын өзгерту қасиеті (эталонды майлармен салыстыру бойынша) жоғары немесе төменгі температура жағдайында маңызды мәнге ие болады және тұтқырлық индексімен бағаланады. Тұтқырлық неғүрлым көп езгерсе, оның индексі соғүрлым төмен және тұтқырлық қасиеті нашар. Механизм пайдаланатын температура неғұрлым жоғары болса, майлау материалдары соғұрлым тұтқыр болуы қажет.

Сұйық күйде үйкелетін беттерге берілетін майлау материалдары қату температурасы деп аталатын, мүмкіндіктегі ең төмен температурада қатаюы қажет.

Қату температурасы — бұл сыналатын май өнімінің қоюланатыны соншалық, өнімі бар пробирканы 45°С бұрышпен үлкейтіп, өнім деңгейі бір минут бойы қозғалыссыз қалатын температура. Қату температурасын тәжірибелік жолмен анықтайды.

Майлау материалдарының тұтану температурасы (тигельге орналастырылған) - бұл мүнай өнімдерінің буын қыздыру жағдайында оған жалын апарғанда 5 с ішінде тұтанатын, қоршаған ауамен қоспа түзетін температура. Тұтану температурасы неғұрлым жоғары болған сайын, майлау материалдары қыздыру жағдайында өздерінің қасиеттерін соғұрлым ұзақ сақтайды, сығымдағыштар мен іштен жану қозғалтқыштарының картерлеріне ауамен жарылыс қауіпті қоспалар түзуге және булануға қарсы түруға жақсы болады.

Металл бөлшектерге майлайтын материалдардың коррозиялық әсері қышқылдық санмен бағаланады. Қышқылдың сан - бұл 1 г майдағы барлық нафтенді қышқылдарды бейтараптандыру үшін қажетті күшті (өткін) натрийдың (мг) мөлшері. Майлау материалдарының металға коррозия әсері ең төменгі деңгейде болуы тиіс.

Майлау материалдарының коксталуы мұнай өнімдерінің жануы кезінде кокс түрінде күйік түзуге қабілеттілігін сипаттайды. Кокстілікті мұнай өнімдерінің біршама бөлігін қыздыру шарттарымен буландыра отырып және кокстің қалдықтарын санау арқылы анықтайды.

Үйкелетін беттердің тозуына ықпал етуші, майлау материалдарының аймаңтылығын оның біраз мөлшерін (2-5 г) жаға отырып және шыңдалудан кейінгі қатты қалдықтың массасын санай отырып анықтайды.

Тотықтыруға қарсы тұрақтылық - бұл қалыпты өлшемдегі металл сақиналы болат дискісін 10 Н (1 кг.) күшпен үзу кезінде, оны ұстап тұруға қабілетті, белгілі бір температура жағдайында сыналатын мұнай өнімі лакты үлдірге айналатын уақыт, минут.

Піспекті қозғалтқыштардың жұмысы жағдайында майлайтын материалдардың тотығуы күйіктің түзілуі мен піспекті сақиналардың жабысуына зиян келтіреді.

Майлау материалдарының құрамында механикалық қоспалар, су, суда ерігіш қышқылдар мен сілтілер болмауы керек, өйткені олар мұнай өнімдерінің майлағыштық қасиеттерін нашарлатады, олардың коррозиялық әсерін күшейтеді және механизм бөлшектерінің тозуына бейімдейді.

 

МОТОР МАЙЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ.

Мотор майларының атқаратын қызметтері:

1. Үйкелісті азайту, тозуды төмендету;

2. Жылуды бұру (бөлу);

3. Ластану өнімдерінен тазалау;

4. Цилиндр-сақина, саңина піспек герметикалығын
қамтамасыз ету.

Мотор майлары жүмысының температуралық шарттары:

1. Жоғары температуралық аумақ: жану камерасы.
Қызған газдардың температурасы - 1700-2200°С;

2. Орташа температуралық аумаң: піспекті сақина,
піспекті саусақ. Температура - 280-350°С.

Төменгі температуралық аумаң: бұлғақты және түпкі иінтіректе, картер. Температура - 110-130°С.

Майлар қысқы, жазғы, барлың маусымдық болып бөлінеді.

Майлар енгізілген қоспалардың мөлшерінен бір-бірінен ерекшеленетін 6 топқа (А,Б,В,Г,Д,Е) бөлінеді.

Мотор майларының таңбалануы:

М-8Б2

М - мотор майы

8-саны - 100°С жағдайындағы сантистокстағы кинематикалық тұтқырлық.

" 1" индексі - карбюраторлы қозғалтқыштарға арналған май;

"2" индексі - дизельдік қозғалтқыштарға арналған май.

Индекссіз - карбюраторлық және дизельдік қозғалтқыштарға арналған.

 

А, Б — күші үдетілмеген немесе аз күші үдетілген қозғалтқыш.

В — орташа күші үдетілген қозғалтқыш

Г — жоғары күші үдетілген қозғалтқыш

Д - жылу кернеулі үдемелі қозғалтқыш

Тұтқырлық температуралық қасиеті жақсартылған, қоюландырылған, қысқы және бүкіл маусымдық майлар жиі шығарылады.

 

МОТОР МАЙЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Майлардың сапасын американдық жіктелім (классификация) (АР) және еуропалық (АСЕ А) жіктелім бойынша анықтайды. Еуропалық жіктеу майларға аса жоғары талаптар қояды.

АР бензиндік қозғалтқыштарға арналған "S" (сервис) және дизельдік қозғалтқыштарға арналған. "С" (коммерция) майларды бөлуді қарастырады.

АСЕА жүк автомобильдерінің бензиндік қозғалтқыштарына арналған. Қазіргі уақытта 1998 жылы қабылданған жіктелім әрекет етеді.

 

АРІ бойынша жіктеу

(Американдық мұнай институты)

Сонымен осы жіктеудегі бірінші әріп " S" - бензиндік қозғалтқыштарғаарналған, "С" — дизельдік қозғалтқыштарға арналған белгіні көрсетеді. Алфавиттік тәртіп бойынша екінші әріп сапа дәрежесін білдіреді. Көптеген шетелдік майлар әмбебап болып келеді. Оларды бензиндік, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштарға да қолданады. Мүндай майлар қосарлы белгілерді көрсетеді, мәселен, SҒ/СС СД/ SҒ және т.б. Майдың негізгі арналуын алғашқы әріптер көрсетеді (бөлу белгісіне дейінгі).

ТМД елдерінің өндірісіндегі бензинді қозғалтқышты автомобильдерге арналған нормасы SР майлары болып табылады. АРІ бойынша SО класты майлары - минералды (мұнайлы) негізде жасалған майдың жоғары класы.

Дизельдік ңозғалтқышты жеңіл автомобильдерге арналған майлар СД, СЕ, СД /8Е/.

Жеңіл жоғары жылдамдықты дизельдерде жүк машиналарының дизельдік қозғалтқыштарына арналған майларды қолдануға болмайды.

Жүк машиналарының дизельдік қозғалтқыштары үшін СД/SҒ, СЕ/SО, СЕ/SҒ және т.б. класты майларды қолдану ұсынылады.

Майлар сондай-ақ, тұтңырлық дәрежесі бойынша да бөлінеді. Тұтқырлығы бойынша жіктеуді 8АЕ J 300 деп атайды. Температуралық шарттарға байланысты майларды қолдану 8АЕ бойынша тұтқырлық мәнімен анықталады.

5 W таңбалы май - біршама сұйық май, қоңыржай климат аймағында қыста күнделікті жарай береді.

15 W таңбалы май - 25°С-қа жуық температура жағдайында қиындық туғызуы мүмкін (қуатты стартер және жақсы шоғырлағышта диапазонын кеңейту мүмкіндігі бола тұра қиындық). Қоңыржай климатта тәулік бойы жүруге қолайлы май.

20W таңбалы май температура — 20°С-қа дейін ғана төмендейтін, жылы жерлерге лайықты, көбінесе жарыс және раллийлі автоларға қолданады.

 

 

Тұтқырлық таңбалары мен температураның жұмыс диапазоны арасындағы өзара байланыс

 

SАЕ бойынша тұтқырлық мәндері

Температураның жұмыс диапазоны

5W-20

-40             

...10

5W-30

-40             

....+20

5W-40

-40             

....+10

5W-50

-40             

....+10+20

10W-30

-30/20...

              +40

10W - 40

-30             

....+50

10W - 50

-30             

....+50

15W-40

-22/-15 7.

 

15W-50

-22             

....+50

20W - 40

-10             

...+50

20W - 50

-10             

...+50

Майлау жүйесі