В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын

оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                      3

1 В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына шолу          5

1.1. В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен еңбек жолы                                              5

1.2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері                                                                   6

2 Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын қолдану негіздері                                                                                                   8

2.1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығы    8

2.2. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасы             12

2.3. В.А.Сухомлинскийдің мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану               14

3 Айқындаушы эксперимент  жұмысы                                                               19

Қорытынды                                                                                                           23

Әдебиеттер тізімі                                                                                                  25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі: көрнекті совет педагогы, талантты ұстаз В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді.

Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, керісінше теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды.

В.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық және де әдебиеттердің үлкен бөлігі оның ғұмырнамалық деректеріне және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған.

Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді. Бірақ оныі әр еңбегі өзінің құндылығы мен қайталанбастығымен ерекшеленеді.

Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш ортамектебі, «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», тағы басқа құнды еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

В.А.Сухомлинский: «Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы - ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек» - деген.

В.А.Сухомлинскийдің пайымдауынша: «Балалар ұжымы – тәрбиенің шешуші факторы ретінде, кез-келген мұғалімнен ұжымды қалыптастырудың жолдарын білуді талап етеді. Ұжым балалар тобы жиналғаннан кейін, олар бірден ұжым болып қалыптасады деп айту әрине дұрыс пікір емес. Тіпті қалыптасқан ұжымның өзіне даму үшін бірталай жұмыстар жасау қажет.

           Мұғалім балаларға тек білім  беріп ғана қоймайды, сонымен  қатар оларды ұжымда тәрбиелеп, ұжымшылдық арқылы олардың жеке  бастарын, жеке қасиеттерін қалыптастырады. Яғни, мұғалім оларды тәрбилеуші, олардың жетекшісі ретінде психолог болып та табылады».

Сондықтан да, курстық жұмысымыздың басты және өзекті тақырыбына айналып отырған В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану қай уақытта болмасын өзінің мәнділігін және өзектілігін жойған емес.

Зерттеу жұмысының мақсаты: В.А.Сухамлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына тарихи шолу жасай отырып, оның педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдарын сипаттау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1. В.А.Сухомлинскийдің өмірі  мен еңбек жолын баяндау.                                             

2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектеріне әдебиет көздерін басшылыққа ала отырып тарихи шолу жасау.                                                                  

3. В.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығын айқындау.   

4. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасын баяндау.            

5.В.Сухомлинскийдің мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдарын ғылыми-педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып айқындау.              

          Зерттеу жұмыстың болжамы: егер балалардың жеке басын қалыптастыра отырып дамытуда В.А.Сухомлинскийдің ұжымдағы тәрбие туралы еңбектерін басшылыққа алатын болсақ, онда сынып ұжымындағы оқу тәрбие жұмысы жүйелі түрде төмендегідей талаптарға сайкес жүзеге асырыла отырып оңтайлы шешімін табады, яғни:

1) Оқушылардың жеке басын қалыптастыру бағытында ұйымдасқан сынып ұжымы құрылады.

2) Балалардың жеке тұлғасын зерттеу арқылы балалар ұжымын дамиды.

3) Балалардың жеке басын қалыптастырудағы ұжымның рөлін анықтау арқылы тиімді тәрбиелеу жолдары анықталады.

         Курстық жұмыстың зерттеу көзі:

  1. Ғылыми педагогикалық және психологиялық әдебиеттер;
  2. ғылыми зерттеу жұмыстары (дипломдық және магистрлік диссертациялар);
  3. озат педагогикалық іс тәжірибелер;
  4. педагогикалық басылымдар мен жариялымдар;
  5. ғылыми конференция материалдары;
  6. мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар

Курс жұмысының зерттеу пәні: В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын оқыту үрдісі.

         Зерттеу жұмысының нысаны: ғылыми және педагогикалық әдебиеттердегі педагогтардың В.Сухомлинский еңбектерін қолдану жолдары.

          Курстық жұмыстың құрамы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 В.А.Сухамлинскийдің өмірі мен педагогикалық еңбек жолына шолу

 

1.1. В.А.Сухомлинскийдің өмір мен еңбек жолы

 

Василий Александрович Сухомлинский 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысындағы Онуфриев ауданына қарасты Васильевка селосында дүниеге келген.

Осында оның балалық және жастық шағы өтті.

В.А.Сухамлинский 1934-1938 жылдар аралығында В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды.

1938 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді.

В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне және де қарым-қатынас мәдениетіне, сонымен қатар ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгілік қалды.

1938 жылы  институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский  өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин  тілі мен әдебиетінен мұғалім  болып қызмет атқарады.

 1941 жылы өз еркімен майданға аттанады.

 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейіннен оның денсаулығына ойсырата соққы беріп біліне бастады.

Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.

1943 жылдан КПСС мүшесі  болды.

Педагогикалық қызметі 1945 жылдан басталды.

1947 жылдан Кировоград  облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды[11;69].

1948 жылы  В.А.Сухомлинский Павлыш орта  мектебінің директоры болып тағайындалды  және үзбестен оны өмірінің  соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық  қиындығын басынан кешуге тура  келді.

Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды.

Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды.

1957 жылдан В.А.Сухомлинский  РСФСР Педагогикалық ғылымдар  академиясының корреспондент-мүшесі атанды.

1958 жылдан УССР-нің еңбек  сіңірген мұғалімі атығын алды.

1968 жылы оған үкіметтің  ең жоғарғы Социалистік Еңбек  Ері атағы берілді. Сол жылы  СССР Педагогикалық ғылымдары  академиясының корреспондент-мүшесіне  сайланды.

В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды.

1982 жылы В.Г.Короленко  атындағы Полтава педагогикалық  инстиутының ғимаратында Василий  Александровичтің есімін мәңгі  есте сақтау мақсатында мемориалдық  тақта орнатылды.

Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені,                 К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды[5;81].

 

 

 

1.2. В.А.Сухомлинскийдің еңбектері

 

В.А.Сухомлинский совет педагогы, дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист.

УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім.

В.А.Сухомлинский зерттеу жұмыстары:

1) коммунистік тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемаларын зерттеді;

2) оқушылардың коммунистік сенімділігін қалыптастыру;

3) еңбекке коммунистік қатынасын коллективизмге тәрбиелеу т.б.;

4) бастауыш мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының әдістемесімен шұғылданды[10;22].

Танымал педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етті. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.

В.А.Сухомлинский:

1) 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың,

2) 600 астам ғылыи мақалалардың,

3) 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы.

Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.

1970 жылдың сәуір  айында ол еңбектерінің жиынтығы  бойынша докторлық диссертацияны  қорғау үшін “Жан-жақты дамыған  тұлғаны тәрбиелеу мәселелері”  тақырыбында баяндамасын аяқтады.

В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған:

1) “Балаға жүрек  жылуы”;

2) “Азаматтық қалыптасуы”;

3) “Коллективтің құдыретті күші”;

4) “Павлыш орта  мектебі”;

5) “Мұғалімдерге  жүз кеңес”;

6) “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.

В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда 1920 жылғы “Баланы қалай сүюге болады”, 1926 жылғы “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” атты еңбектері соғысқа дейін де таныс болған еді.

Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.

Бұл мәселелер В.А.Сухомлинскийді ол мектепте жұмыс істеген барлық уақытта қызықтырып отырғаны мәлім, Мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы, ата-аналар ұжымы ғалымның ұдайы да мұқият назарында болды.

В.А.Сухомлинскийдің мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі бұл 1969 жылы жарық көрген «Павлыш орта мектебі» атты кітабында жан-жақты баяндалды[20;63].

1974 жылы В.А.Сухомлинскийге «Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді, ал осы кітабы 1976 жылы қазақ тіліне аударылды.

Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу — барлық жастарға орта білім беруге арналған.

Педагогиканың мұндай күрделі де маңызды міндеттері — комплексті түрде, мектеп практикасы арқылы, мектептің қазіргі жағдайына байланысты шешіліп, нәтижесі тез арада тарап кетті. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Оқу-тәрбие үрдісінде В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық мұрасын қолдану негіздері

 

2.1. В.А.Сухомлинскийдің педагогикалық идеялары, оның маңыздылығы

 

Білім беру мен оқыту органикалық талдаудың көзі, дамыған сезім мен ақылдың бірлігі, халық пен адамның үзіліссіз білім алуының қалыптасқан сұранысы. Сухомлинский өзінің көптеген еңбектерінде ең маңызды ой-пікірі — педагогтың мынадай екі мәселені шешуіне арналады.

Біріншіден, оқушыларға білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру.

Екіншіден, оқушыларды ұдайы, барлық өмір бойы өз білімін толықтырып отыруға әсіресе, адамзат мәдениетінің қазынасын тиімді пайдалануға үйрету. Оның айтуынша, білім беру творчестволық процесс — адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы өмірлік толастамайтын ағынды, тасқынды процесс. Оқыту, білім беру, тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып, кезекпе-кезек жалғасып отыратын тарихи процесс. Сухомлинский: »Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі — адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты» — деп тұжырымдады.

Қазіргі Қазақстан Республикасында кәсіптік даярлыққа асқан қызығушылықпен талаптар қойылуда. Жаңа типті оқу орындары ашылып, оған жаңа оқу-құралдары жасалуда, гимназиялар, колледждер, лицейлер, жоғары кәсіптік училищелер, жекелей кәсіптік авторлық мектептер ашылып өз концепциясын жасау үстінде. Инженерлік — педагогикалық институттар, индустриальдық-педагогикалық техникумдар, педагогикалық колледждер көптеп ашылуда. Кәсіптік білім беру ұдайы дамуда. Бұл басқа ғылымдар мен ұдайы байланыста дамып, білім берудің комплексті жүйесін іске асыруда, жаңа теория мен концепция жасауда, мұның барлығы практикада сыналу үстінде[12;46].

Адамгершіліктің ең жоғарғы өлшеулі болып табылатын Я.Корчактың ерлігін В.А.Сухомлинский соғыстан кейін білді. “Януш Корчактың өлімі – деп жазды “Балаға жүрек жылуы ”кітабында, — оның ерлігі ерекше адамгершілік күш пен тазалықтың мен үшін жігерлендіретін шабыт болып табылады”.

Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты. В.А.Сухомлинский – гуманистік дәстүрлердің лайықты ізбасары болып табылады. Павлыш мектебінде жазалаусыз тәрбие бүкіл педагогикалық ұжымның педагогикалық қағидасы болып табылады. “Он жыл мен, — деп жазды В.А.Сухомлинский,- өзімнің тәрбиеленушілерімді жазалаусыз тәрбиеледім және олар белгілі адамдар болып шықты”.

Балаларды мадақтау және жазалау идеясы тәрбие құралы ретінде кездейсоқ пайда болған жоқ. Оның көп жүйелерде қызығушылық танытты.

В.А.Сухомлинский баға туралы жазалау құралы ретінде айта келіп, оны тек ғана жоғары сыныптарда қанағаттанғысыз баға қою баланың жүрегін жаралайды, психологиясына әсер етеді, өзіне деген енімі жоғалады. Сухомлинскийдің айтуынша, барлық балалар І сыныпқа бір ғана мақсатпен жақсы оқу үшін келеді.

Тек ғана баланың оқудағы 7 жетістігі, оның әрбір күн сайын алға басқан қадамы оған күш-жігер береді. В.А.Сухомлинский төрт жыл бастауыш сыныпта оқығанда бірде-бір қанағаттанғысыз баға қоймапты. Бірде бір бала екімен жазаланбапты[5;12].

Баға В.А.Сухомлинскийше, жазалау емес, жалқаулығы үшін жазалау емес, әр уақытта да оптимистік түрде еңбегі үшін марапат деп түсінді.

          Эстетикалық тәрбие теориясы  мен практикасын талдауда орыстың ұлы көрнекті педагогы, ғалымы К.Д.Ушинский – «Барлық балалар бірі қалмастан әуесқой - суретші» - десе, ал В.А.Сухомлинский «Әрбір бала - ақын» деп жазған. Оның пайымдауынша эстетикалық тәрбие берудің мазмұны көркемдік талғамды жетілдірумен, оқушыларды өнерге тартып-таныстырумен ғана шектелмейді. Ол ақиқатқа эстетикалық көзқарасты, өмірдегі әсемділікті дұрыс қабылдауды, табиғатты эстетикалық тұрғыдан  қабылдауды қарастырады деген.

Мектептегі эстетикалық тәрбие берудің негізгі міндеті жас жеткіншектерді сұлулық дүниесімен таныстыра отырып, олардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, бізді қоршаған ортадағы сұлулықты дұрыс бағалап, түсіну білуге үйретеді. Оқушылардың рухани және дене жағынан дамуында олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке басы мен мінез-құлқындағы сұлулық қасиеттерін дамыту.

Сонымен қатар Василий Александрович: "Ойынсыз ақыл-ойдың, қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады» деген.

          Яғни, оқу-тәрбие үрдісінде ойындар  мазмұнының сан алуандылығымен   ерекшеленеді.   Олардың   қайсысы   болмасын баланың танымдық деңгейлерін жоғарылатады,  белсенді  қимылдың  дағдыларын   қалыптастырады.   Ойынның   жүйелі,   мақсатты  түрде ұйымдастырлуы оның тәрбиелік маңызын арттыра түседі. Ойын түрлерінің тәрбиелік мәні зор, әрі адам денесінің дамып жетілуіне пайдасы мол. Ойынның үстінде балалардың бойындағы барлық дерлік психологиялық процестері, сезімдері мен эмоциялары, ерік – жігер қасиеттері шыңдалады, мінез – құлқы айқындала түседі.

В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде «мектептік-отбасылық тәрбие» ұғымы кең қолданылады. Оның пікірінше тәрбиені мектептік немесе отбасылық деп қарастыруға болмайды, өйткені бала тұлғасы біртүтас және оны қалыптастыру процесі де біртүтас сипат алады. Міне, осындай біртұтас тәрбие процесінде мектеп жетекші рөл атқарады.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

«Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын  қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала бала кезден  жанұяда басталатыны баршаға аян» деген құнды пікір айтты.

Жанұяның тәрбие өмір салты, оның құрылымдық элементтері бір – бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат – міндеттері ортақ іс - әрекеттің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Жанұядағы тәрбиенің субъектілері  ата – ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсіл, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз іс - әрекет. Ұйымдастырылған  іс - әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Жанұя  ата – ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс- әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыру.

Баланың жанұяда орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың жанұядағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі педагогикалық процестің бірлігі. Қазіргі уақытта мектеп пен жанұя ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналарыны сауаттылығын дамыту; ата – аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.

В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі, В.А.Сухомлинскийдің қарым-қатынас жайындағы идеясы жаңашыл мұғалімдердің идеяларымен ұштасып жатыр. Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды.

Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”[9;65].

Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.

В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады. Бұл мәселелер В.А.Сухомлинскийді ол мектепте жұмыс істеген барлық уақытта қызықтырып отырғаны мәлім, Мұғалімдер ұжымы, оқушылар ұжымы, ата-аналар ұжымы оның ұдайы мұқият назарында болды.

Аса көрнекті педагогтың қамқорлығы мен ұдайы толғаныстарының тақырыбы нақ осындай ұжым еді. Егер оның қазір шығып жатқан әрбір кітабы еліміздің мұғалімдер жұртшылығының өміріндегі ғана емес, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ден қоятын баршаның өміріндегі оқиғаға айналатын болса, «Коллективтің құдіретті күші» кітабының жарыққа шығуы-жалпы ғанибет те қуанышты құбылыс. Бұл аса көрнекті педагогтың, аса көрнекті ғалымның өмірінің соңғы жылдарында жазған, демек, мектеп өмірінің мәселелері төңірегіндегі ұзақ жылдар бойғы, ойының қорытындысы болып табылатын ойлар мен сезімдерді жинақтаған соңғы кітаптарының бірі болғандықтан да; кітап мазмұны педагогика мен мектеп өмірінің ең күрделі де, ең маңызды мәселелерінің бірі коллектив пен кісінің өзара қарым-қатынасы мен өзара ықпалы туралы болғандықтан да ғанибет те қуанышты.

Василий Александрович Сухомлинский мектеп ұжымының мәні мен оны тәрбиелеудің принциптерін терең ашып көрсетеді, идеялық-азаматтық мазмұнды коллективтің өмірі мен дамуының негізі деп белгілейді. Бұл кітаптың ерекше құндылығы кісіге коллективтік тәрбиенің ықпалын терең ашып көрсетеді. Осы бөлімді оқи отырып, автордың адамдық өзара қарым –қатынастың аса нәзік қырларына соншалық бойлап енуіне, педагогикалық бақылауларының байлығы мен сан алуандығына таң қалмасқа болмайды.

В.А.Сухомлинский «Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеудің проблемаларын» зерттеді. Сухомлинский еңбектері басты да күрделі міндеттерді шешу — барлық жастарға орта білім беруге арналған. Ол халықтық педагогиканың үлгісіне сүйенеді. Ол халықты нағыз тірі құрал ретінде педагогикалық даналықтың көзіне айналдыра отырып зерттеді.

Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. Ол бұл принциптің методологиялық мөнін түсініп, тәжірибеде балаға ұжымның әсер ету күшін дәлелдеді.

    В.А.Сухомлинский соңғы еңбектері өзара қатынас мәселелеріне байланысты. Бұл еңбектерде «қарым-қатынас» термині көп кездеседі, бірақ ол В.А.Сухомлинскийдің теориялық талдауының пәні деп есептеуге болмайды. Ол педагог пен оқушы қарым-қатынасы мәселесіне көп көңіл бөлді. Әрбір қарым-қатынас түрі де педагогтың оқушыларға әсер етуін  байқатады деді[13;85].

    Педагогтың қарым-қатынасындағы авторитарлық стиль педагогтың позициясымен сипатталады. Онда педагогтың оқушылардан бағынуды талап етуі, не іс-әрекетті күшпен орындатуы, жазалау тәсілдерін қолдануы, оқушылар инициативасын табан асты етуі, оқушылар мүмкіншілігінен тыс жетістікке үміттенуіне әсер ету, тәрбиелеу тәсіліне айналады.

Мұндай жағдайда оқушылардың өз мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттей алмауы, қорқыныш-үрейлі күй кешуі, кез-келген іс-әрекетке қызығушылық, ниет, мотивтің болмайтындығы талай зерттеулерде белгілі болған.

2.2. В.А.Сухомлинскийдің ұжым туралы педагогикалық көзқарасы

 

А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді.

В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.

В.А.Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қоса отырып, ұжым туралы баяндаған терең ойлары бірсыпыра ғылыми еңбектерінде "Коллективтің құдіретті күші" және т.б. баяндалды.

Танымал педагогтың пікірі бойынша ұжымдық шығармашылық іс мына кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

1-кезеңде ұжымның атқаратын  жұмыстары әңгімеден басталып, шешуге  тиісті мәселелер ұсынылып, талқыланып, міндеттер белгіленіп, сұрақтар  қойылады, іс жобасы жасалады.

2-кезеңде ұжымдық іс жоспарланып, жалпы жиналыста талқыланады. Әр  ұжым мүшесі өз пікірін айтып, мәселеге байланысты сұрақтар  қойып, ұсыныстарын кіргізеді.

3-кезеңде ұжымдық шығармашылық  іс анықталады және дәлелденеді. Іс жобасы әр бөлімде талқыланып, жұмыс басталады.

4-кезеңде ұжымдық шығармашылық  іс өткізіліп, дайындық қорытындысы  шығарылады. Мұны барлық ұжым  мүшелерімен бірігіп, жетекшілері, тәрбиешілері ұйымдастырады. Бұл  іске қатысушылар үшін ең бастысы  — сергектік, өзі үшін, қабілетінше, жолдастарына және адамдарға  қуаныш әкелуге сенімділік.

В.А.Сухамлинскийдің педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану негіздері