Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР САПАСЫН ЭСТЕТИКАЛЫҚ
БАҒАЛАУ
1.1 Эстетикалық бағалау сапаны
бағалаудың ерекше түрі ретінде
1.2 Зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық
көрсеткіштері
2 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР
ӨНІМІНІҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ҚАСИТЕТТЕРІН БАҒАЛАУ
ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Зергерлік бұйымдарды кешенді
бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
2.2 Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері 3 ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАРДЫҢ
СЫНАМАСЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Квалиметрия — әртүрлі
объектілер сапасының сандық бағалау
әдістерін біріктіретін ғылыми сала. Сапа
– бұл жалпы ғылыми категория екені белгілі.
Оның мағынасы кез келген объектінің мәнді
анықтамасын көрсетеді. «Квалиметрия»
термині екі сөз түбірінен тұрады, яғни
«квали»-бұл сапа болса, ал «мерия» — бұл
бір нәрсені өлшеу және сандық бағалау.
Олай болса, квалиметрия – сапаны басқару
құрамына кіретін жеке бір ғылым. Мәдениеттің
ажырамас бөлігі болып табылатын сәндік-қолданбалы
өнер түрлерінің біріне зергерлік бұйымдарды
дайындау жатады. Оларды бағалы, жартылай
бағалы және әшекейлеу тастарын, сондай-ақ
басқа да жоғарғы эстетикалық талаптарға
сәйкес үлкен шебелікпен орындаған бағалы
емес металдардан жасалған көркемсурет
бұйымдарын үйлестіру арқылы алады.Зергерлік
өнер өте ертеде пайда болған. Бұл өнерден
адамның әдемілікке деген беталысын аңғаруға
болады.
Біздің эрамызға дейінгі VІІ ғасырда Ежелгі
Грецияда глиптика – тасты қашау өнері
пайда болған. Ежелгі Римде бағалы тастары
бар әртүрлі бұйымдар кең қолданған. Алтын
мен күміс ежелгі орыс мәдениетінің барлық
жағында қолданылған.Көркемсурет мәдениетінің
дәстүрлі зергерлік өнері көптеген Кавказ
және Орта Азия халықтарының да ежелгі
өнер танымы. Табиғат ерекшеліктері, өмір
ағыны, ұлттық өнер салттары – осының
барлығы да зергерлік бұйымдардан, олардың
түрлері мен әшекейлеу тәсілдерінен көрініп
тұрады.
Осы қурстық жұмысты орындаудың мақсаты
— зергерлік өнердегі материалдың ерекшеліктерін
терең түсініп, оның сапалы сәндік қасиеттерін
анықтау және көркемсурет шеберлігінің
жоғарғы орындалу сипаттарын білу, яғни
зергерлік бұйымдар сапасының эстетикалық
көтсеткіштерін кешенді бағалау.
Эстетикалық бағалау сапаны бағалаудың ерекше түрі ретінде
Соңғы жылдары зергерлік бұйымдардың шығарылуы едәуір өсті. Олардың ассортименті кеңейіп, сапасы мен көркемсуреттік әшекейленуі жақсарды. Әлемнің көптеген зергерлік бұйымдарды шығару зауыттарында бағалы металдарды сапалы балқыту, кесу, үскілеуді қамтамасыз ететін лазерлік техникалар енгізілді. Алмасты қиыршықтау, қарайту, эмальдау, бедерлі сурет салу сияқты жұмыстар сапасы бағалана бастады.
Барлық кезеңнің зергерлері – данышпан шеберлермен жасалған ең үздік бұйымдарға гауһар, зүбәржәт, жақұт, сапфир, меруерт тастары, әлемнің ең таңдаулы мұражайларын безендіріп тұрған алтын және күміс ыдыстары жатады.
Зергерлік тауарларға сәндік үшін жасалған бұйымдар, жеке күтіну құралдары, үстел және тұрмыс сәнділіктері, темекі шегу және сағат бұйымдары, сувенирлер және тағы басқалары жатады.
Жеке бастың әшекей заттары (жүзіктер, сырғалар, алқалар, білезіктер, моншақтар, мойынтұмарлар, медальондар және баулар) түрлері мен фасондарына қарай әртүрлі болады: сыртқы сәнділігі бойынша қарапайым және материалы қымбат, не болмаса әсерлі және қымбат емес – осының барлығы да киімді жақсы сәндейді, және де онымен жақсы үйлесімін табуы керек.
Жеке зергерлік әшекейлермен қоса, бір композициямен орындалатын жиынтықтар да болады. Жеке күтіну заттары тобына опа қалыптары, айналар, иіс сулар шынысы, қалпақтарға арналған түйреуіштер, галстукке арналған қысқыштар және т.б. жатады.
Өнім шығарушы кәсіпорындарындағы зергерлік бұйымдардың сапасын тексеру үшін, оларды әртүрлі сынақтардан өткізеді. Сауда кәсіпорындарында, әдетте, таңдау жолымен өнімнің дайындалу партиясынан 10 данадан кем емес 10%-ға дейін бұйым іріктеліп алынады. Іріктелген бұйымдардың пломбаланған үлгі-эталонына және нормативтік-техникалық құжаттамаға, техникалық үлгіге сәйкес сыртқы түрін анықтайды; этикеткаларының дұрыс ресімделуін (барлық реквизиттерінің болуы және дұрыс толтырылуы); білезіктер мен жүзіктердің нақты өлшемінің таңбалау мәліметтеріне сәйкестігін, зергерлік тастардың болуын және олардың сапасын тексереді, және де зергерлік тастардың шынайы екенін анықтайды.
Зергерлік тастарды қасиеттердің бірімен тексерген кездегі маңызды ақпарат алу көзі болып, ультрафиолет сәулелерінің әсерінен пайда болатын люминесценция табылады. Түсті анықтау үшін, қараңғы бөлмені пайдаланады.
Зергерлік тастардың мықты орнатылғанын, ағаш таяқшамен басып немесе бұйымды сілку арқылы анықтауға болады. Ал бағалы металдардан жасалған бұйымның салмағын 1-ші класты техникалық таразыларда өлшеуме анықтайды. Осы орайда, алтын қорытпаларынан және платина металдарынан жасалған бұйымдарды 0,01 г дейінгі нақтылықпен; күміс қорытпаларынанжасалған бұйымдарды 3-ші класты таразыларында 0,1 г дейінгі нақтылықпен өлшейді.
Егер іріктеліп алынған бақылау үлгілерінің біреуі болсын МЕМ СТ талаптарына сәйкес келмесе, онда екі еселенген үлгі алып (20%-ға дейін), қайталанған тексеріс жүргізеді. Ал егер де осы тексерістің қорытындысында бұйымның біреуі МЕМ СТ талаптарына және таңбаланған үлгі-эталонына сәйкес келмей шықса, онда барлық партия брак болып есептеледі.
Зергерлік бұйымдардың сапасына және де тұтынушылық қасиеттерінің қалыптасуына әсер ететін факторлардың бірі болып материал табылады. Тұтынушылық қасиеттер функционалдық, эргономикалық, гигиеналық, беріктілік, қауіпсіздік, ал ең бастысы – эстетикалық болмақ.
Зергерлік бұйымдарды дайындауға қажетті негізгі материалдар болып, ізгі (бағалы) және түрлі-түсті металдар мен олардың қорытпалары, бағалы, жартылай бағалы және әшекейлеу тастары, янтарь, перламутр, синтетикалық тастар, сондай-ақ шыны, эмаль, сүйек, мүйіз және пластикалық заттар табылады.
Бағалы, жартылай бағалы және дайындау тастарының негізгі мекен орны еліміздің әр түкпірінде орналасқан. Олардың бірнеше жіктемесі бар. Саудада және кәсіпорында зергерлік бұйымдарды салыстырмалы құндылығына қарай бөледі. Бағалы және жартылай бағалы тастар әдетте мөлдір болады, және де жарқырауық тастар деп аталады, ал өңдеу тастары – егелеуге ғана жарамды мөлдір емес немесе әлсіз көрінетін түсті минералдар болып саналады.
Бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған бұйымдарды тек шығарушының бәсіре бедерлемесі мен мемлекеттік сынамалы таңбасы болған жағдайда ғана сатуға болады. Сондай-ақ, шетел өндірістерінің де бұйымдарының міндетті түрде мемлекеттік сынамалы таңбасы болу керек.
Біздің елімізде сатылуға шығарылатын түсті металдардан жасалған барлық бұйымдардың Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігінің сынамалық бақылау инспекциясымен қойылған сынамасы болуы керек.
Мемлекеттік сынамалы таңба – бұйымға бедер салу немесе механикалық емес тәсілмен, мемлекеттік сынамалы бақылау инспекциясымен салынатын арнайы белгі. Бұл бұйымның мемлекеттік инспекциямен тексеріліп, көрсетілген таңбадан кем емес сынамасының бар екенін білдіреді. Мемлекеттік сынамалы таңба куәландыру және сынама белгілерінен тұрады. Олар бірге (бір бейнеде) немесе бөлек қойылуы мүмкін.
Екі жартыдан тұратын (сырғалар, қос қысқыштар және т.б.) бұйымдардың әр бөлігіне таңба соғады. әртүрлі фасонды баулардың бір шетіне таңба салып, екінші шетіне кәсіпорынның бәсіре-белгісін таңбалайды.Бұйымның көркемдік әрленуі мен пішіні олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді.
Зергерлік бұйымдардың эстетикалық көрсеткіштері
Қорытпадағы таза алтын мөлшерін сынама деп атайды. Сынама бірнеше жүйеден тұрады.
1927 жылға дейін КСРО-да алтынды сынама болған. Яғни, бұл бір фунт қорытпадағы (бір фунт 96 алтынға немесе 409,5 г тең) таза алтын саны деген сөз.
1927 жылы лигатурлы қорытпаның 1000
салмақ бірлігіндегі химиялық
таза алтын санын анықтайтын
метрикалық сынама пайда
Сонымен қатар, сынаманың карат жүйесі болады (Англияда, АҚШ-та). Карат сынамасы – қорытпаның 24 бөлігіндегі химиялық таза алтынның салмақ бірлігінің саны. Карат сынамасын метрикалық сынамаға аудару үшін, берілген карат сынамасын 1000-ға көбейтіп, 24-ке бөлу керек, ал алтынды сынамаға аудару үшін – 4-ке көбейту керек. Карат сынамасын, карат бірлігіне тиісті бағалы тастардың салмақ өлшемдерімен араластыруға болмайды.
Жасалған бұйым қорытпасындағы алтын мөлшерінің көп немесе аз болуы, металл қасиеттерінің көркемдік суреттелу жағына әсер етпейді. Егер, салмағы және көркемсуреттік орындалуы бірдей бұйымдарды салыстырса, олардың ішінен, алтын сынамасы жоғарғысы қымбат бағаланады. Ресейдің алтынынан 2000-нан астам, ал күміс қоспаларынан 1500-ден астам зергерлік бұйымдарын жасайды.
Зергерлік бұйымдарды шығару өндірісінде, көбінесе, 87,5% күміс пен 12,5% мыстан тұратын күмісті-мысты қорытпасын қолданады. Мұндай қорытпа мүмкіндігінше берік, химиялық төзімді болады.
Күміс бұйымдары 875-ші, және де эмальмен жабылатын 916-шы сынамалы күмістен алынады. Сондай-ақ 800-ші және 750-ші сынамалы күмістен жасалған бұйымдар да кездеседі. Төменгі сынамалы қорытпалардан жасалған бұйымдар, ауаның құрамындағы күкірт сутегінің әсерінен тез қарайып кетеді. Асханалық күміс те тамақтағы қышқылдар әсерінен тез қараяды.
Сынама – зергерлік бұйымдардың сапасына кепіл беретін мемлекеттік таңба болып табылады. Таңбаны жасау заңмен қудаланады.
Зергерлік бұйымдарды дайындау өндірісінде сақина, сырға, алқа және тағы басқа бұйымдырдың сыртын дайындауда, гауһар, меруерт және ашық бояулы тастарды бекіту кезінде платина қорытпаларын қолданады. Платина өндіру кезінде, онымен тығыз байланысқан және қасиеттері бойынша ұқсас келетін платина топтарының металдары – палладий, родий, рутиний, иридий және осмий кездеседі.
Зергерлік бұйымдардың сарапталуы, олардың сапасын анықтайтын органолептикалық және зертханалық әдістермен жүргізіледі: бұйымның физикалық қасиеттерін, химиялық құрамы мен экологиялық қауіпсіздігін анықтау. Бұйымның моделі мен құрылымы бекітілген үлгіге, техникалық талаптар немесе техникалық көрсеткіштерге, сызбаларға, сурет бойынша техникалық құжаттамаға, пішіні мен тағайындалуына сәйкес келулері керек.
Жартылай бағалы тастардан жасалған қосымшалардың сырты жақсы тегістелген және жылтыр болу керек. Ал жасанды өсірілген меруерт тастардың қосымшалары майда және жырық жерлері болмауға тиіс. Ал таза янтарь тасының кейбір бұйымдарында органикалық және органикалық емес қоспалар кездесе береді. Ондағы жарықшалар, дөңестер, қабатталған жерлер, ішкі және сыртқы тотығу учаскелері бұйымның көркемдік бағалануын төмендетпейді.
Бағалы және бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда, меруерт тас пен янтарь тасын желімге және кесілген штифтерге отырғызу жіберіледі. Бірақ бұйымның сыртында желім іздері болмауға тиіс. Қосымшаларды бүгілген тетік арқылы қыстыру және қадау, тек бағалы емес металдардан жасалған бұйымдарда ғана орындалады.
Бағалы металдардан жасалған бұйымдарда майысулар, қылшалар, бұдырлар, жұмыс құралының іздері, жарықшалар болмауы тиіс. 958-ші сынамалы алтын бұйымдарында, олардың сырт пішінін бұзбайтын аздаған ауытқулар болуы мүмкін. Бағалы металдардан жасалған бұйымдардың салмағы бұйымның нақты салмағының +15% көп ауытқымау керек. Барлық бөлшектер жақсы және берік орнатылған болу керек. Сәнділік және қорғаушы-әшекей жамылғысы – бұл бұйымның барлық жеріне бірдей, тиісті бірқалыпты қалыңдықпен, ешқандай ақаусыз, дақсыз, жырықсыз, бөлек қоспаларсыз жабылуы. Бұйымдардың қосылған жерлері мұқият жабылған және оның іздері қарусыз көзге көрінбеуі тиіс. Біріккен жердің түсі бұйым түсінен ажырамағаны дұрыс.
Өнімнің көркемсуреттік әрленуі мен пішіні, олардың тағайындалуына сәйкес келіп, оның пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етеді және жаңаша эстетикалық талаптарға сай келеді. Сақиналардың пішіні тас өлшеміне қатаң түрде сәйкес келіп, оның жалғасқан жерлері тегіс, әрі қолды жырмауы керек. Сырғаның жапқыштары, тастары бірдей мөлшерде, түсте болады.
Тастан ойылған көркемсуреттік бұйымдардың сыртқы беті мұқият айнадай етіліп ажарланған болады, бұйымның пішінін бұзатын оң жақ бетіндегі ойықтар, жырықтар, өңдеу іздері, майысулар жіберілмейді.
Сүйек пен мүйізден жасалған мүсінді, бедерлі және оюлы бұйымдардың бұрандасы нық, таза және сурет бойынша нақты және де жақсы ағартылған болу керек.
Сурет салу, оюлау немесе басқа да әшекейлеу түрлері тегіс қабатты боялған, сурет болса бұрмалаусыз және аяғына жейін жеткізілген, сырты айнадай жарқылға дейін ажарланған болуға тиіс.
Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері
Ізгі металдар химиялық
Бұйымдарды таза күйінде дайындау үшін бұл металдар қолданылмайды. Өйткені, олар салыстырмалы түрде жұмсақ және механикалық төзімділігі аз болып келеді. Сондықтан ізгі металдардың қорытпаларын басқа металдармен қосып пайдаланады. Таза металға қарағанда, қорытпалардың механикалық қасиеттері жақсы, балқу температурасы төмен және белгілі реңкі болады. Осындай қорытпалардың құрамына кіретін металдарды лигатурлы деп атайды. Қорытпалар құрамы мемлекеттік стандарттармен қатаң белгіленіп, олар лигатура деп аталады.
Ізгі металдарға алтын, күміс, платина, сонымен қатар платиналық металл топтары (палладий, родий, рутений, иридий және осмий) жатады. Ал түсті металдар қатарына мыс, мырыш, никель, қалайы, қорғасын, кадмий, хром және алюминий кіреді.
Зергерлік бұйымдарды дайындау кезінде, белгілі мөлшердегі алтын мен лигатура мөлшері бар қорытпаларды қолданады. Бұл қорытпаның таза алтынға қарағанда қаттылығы мен мықтылығын күшейтеді. Демек, мыс пен платина алтын қорытпасының (лигатураның) қаттылығын өсірсе, күміс оның балқу температурасын төмендетеді
Қорытпаның құрамына қарай, алтынның түсі мен реңкі өзгереді. Күміс пен платина алтын қорытпасына бозарған түс, мыс қызаруға айналған сары түс, темір қоспасы – көк реңк, ал кадмий болса – жасыл түс береді. Мырыш, никель және паладий қоспаларынан қорытпа ақ түсті береді.
Зергерлік тастардың жарыққа байланысты түсін өзгерту қабілеттілігі де жоғары бағаланған. Мысалы, александрит тасы күндізгі жарықпен жасыл болып көрінсе, ал жасанды жарықта – қызыл түске айналады.
Тастардың жарқырауы, сәулелердің шағылысуы мен бейнеленген тұстың сипатына байланысты. Олардың жарқылы жалтылдаған, қатты, жай және көмескі болуы мүмкін.
Зергерлік бұйымдардың негізгі эстетикалық қасиеттерінің бірі – жарықтың шағылысуы. Шағылысу көрсеткіші дегеніміз, кеңістіктегі жарық жылдамдығының берілген ортадағы жарық жылдамдығына қатынасы. Бұл көрсеткіш, ақ түсті басып кету қай ортада күштірек болса, сонда жоғары болады. Дұрыс және жақсы өңделіп ажарланған тастар ғана өте жақсы жарқырайды. Жарықпен шағылысу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тас «жарқырап ойнайды». Анизотропты кристалдарда оптикалық қасиеттер жарық бағытымен өзгереді: оларға түскен жарық ағыны екі еселеніп, сондықтан бұл кристалдарды екі есе шағылысқан деп атайды. Зергерлік шеберлер тастарды өңдеу кезінде, осындай екі еселенген шағылысты жақсы көрсетуге тырысады.
Соңғы кездері зергерлік әшекейлерді қолдануда әртүрлі компоненттерден тұратын ақ алтынның қорытпасын қолданады. Мысалы, 750-ші сынамалы ақ алтын қорытпасының құрамына 75% алтын, 9% күміс, 6% мыс және 4% никель немесе 75% алтын, 7% күміс, 6% мыс, 8% мырыш және 4% никель кіруі мүмкін. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды жасау үшін қолданатын ақ алтынның басқа да құрамды қорытпалары бар.
Зергерлік бұйымдардың тұтастық қасиеттері мен сапасының қалыпасуына әсер ететін негізгі фактор болып, оның өндірісі табылады. Зергерлік бұйымдарды шығарудың бір ерекшелігі, оларды өндіруде шебер-зергердің, өзі қолданып отырған материалдардың әдемілігі мен сәндік қасиеттерін мейлінше тауып және көрсетуге тырысуында жатыр. Мысалға алсақ, алтын — ауқымды ірі бөлшектерден едәуір ұтылады, ал керісінше, жұқа безендірілген жұмыстарда әдемі көрінеді. Суреттің жақсы көрінуі және бекітілген тасқа сәндік беру үшін, күмісті әдетте оксидтейді. Тас пен ілгектің бір-біріне сәйкестігі мағыналы орын алады. Мысалға, аметист пен меруерт тас алтында жақсы көрінсе, көк тас үшін оксидтелген күміс тән. Гауһар тас ақ алтын мен платинада өз орнын табады.
Өндірілу тәсілдері бойынша, зергерлік бұйымдар жеке және жалпылама (сериялық) түрде шығарылады. Жеке дайындау кезінде, зергер тек қана алғашқы өнімді немесе қажетті металл пішінін алатын жабдықтарды пайдалана отырып, барлық жұмысты басынан аяғына дейін қолмен жасайды. Бұл тәсіл жеке үлгілерді, не болмаса күрделі және нәзік суретпен әрленетін қымбат зергерлік бұйымдарды шығару кезінде, сонымен қатар формалары бағалы және жартылай бағалы тастар көлеміне келетін стандартты емес бұйымдарды пайдаланғанда қолданылады.
Жалпы дайындау кезінде, бұйымдар механикалық өңдеуден өтіп, балқыту модельдері бойынша нақты құю жолымен шығарылады. Үлгілі зергерлік бұйымдарды аз топтармен өндіреді.
Зергерлік бұйымдардың өндірілуі келесі кешенді процестерден өтеді: материалды дайындау, бұйым қалыпын құрастыру, әрлеу жұмыстары, әшекейлеу және тастарды бекіту.
Ең алдымен, лигатура құрастырылып, оны балқыту, уату, созу, соққылау және кесу жолдарымен материалдар дайындалады.
Зергерлік бұйымдар өндірісінде зергерлік тастарды қолданады («тас» тым нақты атау емес, өйткені Жер тастардан емес, минералдар мен тау жыныстарынан тұрады).
Бағалы тастар (алмас, жақұт, зүбәржәт, сапфир) табиғатта сирек кездеседі, оларды алтыннан жасалған қымбат бұйымдарға шектеулі түрде қосады; бағалы тастарға меруерт тасты да жатқызады. Жартылай бағалы тастар (аквамарин, александрит, турмалин, гранат, аметист, опал, көк тас, топаз, янтарь және тағы басқалары) көп тараған; оларды әдетте алтынмен, күміспен, мельхиормен қосады, және де тас кесу бұйымдарында пайдаланады. Өңдеу тастарына агат, лазурит, нефрит, оникс, яшма, малахит және тағы басқалары жатады.
Зергерлік ісінде түсті металдарды, сыртқы түрі бағалы металды еске түсіретін қорытпалар түрінде қолданады. Қорытпалардың негізгі компоненттері болып мыс, мырыш және никель табылады. Мыс – жұқа беттерге жеңіл ауысатын және сымға тез созылатын қызыл түсті, жұмсақ, созылмалы да ұрылғыш материал. Тығыздығы – 8,93 г/см3, Моос шкаласы бойынша қаттылығы – 3, балқу температурасы – 1083оС, көмір қышқылы бар дымқыл ауада мыс тез тотығады. Мысты негізінде кеннен өндіреді, алайда ол табиғи күйінде де кездеседі. Оны лигатурлы материал ретінде алтын қорытпаларында қолданады.
Мырыш – ақшыл-көк түсті жеңіл балқитын, нәзік материал. Мырыш тығыздығы – 7,14 г/см3, балқу температурасы – 419,4оС. Ол дымқыл ауада тез тотығып, тотықтың қорғау қабатымен жабылады. Оны көптеген қорытпаларда лигатурлы материал ретінде қолданады. Қорытпалардың мырышқа қосылуы, оларды ақшыл етеді және балқу температурасын төмендетеді.
Никель – жылтыраған ақ-күміс түсті, ауада өзгермейтін қатты, тығыз балқитын металл. Оны басқа металдардың сыртын коррозиядан қорғау мақсатында қаптайды. Қалайыны металдарды жалғау үшін және әртүрлі қорытпаларда пайдаланады. Алюминий – жақсы иілетін жеңіл де жұмсақ металл. Ол жеңіл пленкамен жабылып, ауада жақсы сақталатын болғандықтан келешекте тотықпайды. Алюминий әртүрлі сәнділіктер жасауда (алқалар, білезіктер, баулар және т.б.) және тұрмыс заттарында кең қолданылады. Хром механикалық тозуға берік келеді. Оны металл зергерлік бұйымдарын тозудан, коррозиядан сақтау үшін, затқа әдемілік беру мақсатында да пайдаланады. Кадмий – алтын және күміс қорытпаларын дайындау үшін қолданылады.
Зергерлік бұйымдарды әшекейлеу тәсілдері
Зергерлік бұйымдырды әртүрлі тәсілдермен әшекейлейді. Олар: алтын және күміс жалату, оксидтеу, анодирлеу, қиыршықтау, қарайту, көркемсуреттік эмаль жағу, бедер салу.
Алтындау және күмістеу – бұл бұйымға сәнділік беріп, оларды коррозиядан сақтау үшін берік металдармен әлсіздеу металдардың гальваникалық қапталуы. Әдетте, алтын мен күміс жалатуды электролиттік тәсілмен жүргізеді. Бұл процестің мәні – бұйым сыртына оның тұзының сулы ерітіндісінен жасалған металл қабатын шөктіру. Шөгілетін металл тұзының ерітіндісі (электролит) толтырылған ваннаға алтын немесе күміс жалататын бұйымды іледі. Ванна арқылы үзілмейтін тоқ күшін өткізіп, сосын ондағы ерітіндіден бұйым сыртына шөгіліп қалатын металл (алтын немесе күміс) бөлініп шығады.
Алтындау немесе күмістеу қабаты бұйымның түріне және тағайындалуына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, күмістен жасалған сырға, алқа, медальондардың алтын жалату қалыңдығы 1мкм, баулар үшін – 2 мкм; мельхиор мен нейзильберг тастарынан дайындалған үстелді әшекейлеу заттарының (қасықтар, шанышқылар, сүт құйғыштар, қантқа арналған қалақшалар және т.б.) күміс жалату қабаты 24 мкм.
Бұйымдар қатты, химиялық төзімді және сырты жылтыр болу үшін, родий қабатының жұқа шөгіндісін қолданады (0,25 мкм). Күміс бұйымдарға жалатылған родий қабаты оларды ауадағы күңгірттенуден қорғайды.
Оксидтеу – бұл күміс және күмістелген бұйымдарды немесе олардың жеке бөліктерін әшекейлеу мақсатында күңгірт, ал кейде ақшыл түске айналған қақпен бүркеу. Ол бұйымды ыстық күкірт ерітіндісіне салу жолымен жүргізіледі. Шеті ақшыл оксидпен көмкерілген бедерлі суреті бар бұйымдар өте әдемі көрінеді.
Анодирлеу (анодты оксидтеу) – бұл жасанды пленка алу және алюминий бұйымдарын алтын немесе басқа түстерге бояу. Ол күкірт қышқылында жүргізіледі, және де алюминий бұйымын бояуға салу жолымен орындалады. Бұйымдарды органикалық бояулармен бояйды. Анодирленген бұйымның оксидті пленкасы коррозияға төзімді және қатты келеді. Бұл бұйымдар өте сәнді және қымбат емес.
Бұйымдарды қиыршықтауды қолмен, механикалық тәсілмен және сыртын қышқылмен улау жолымен орындайды. Бұйымға сурет бойынша қолмен бедер салу кезінде, болат кескіштерінің (штихель) көмегімен әртүрлі пішінді металдарды таңдайды да, осылайша бедерленген суретті қалыптастырады. Металдың бетіне қышқылмен бедер салу кезінде, бұйымның сыртын балауыз, канифоль және асфальт топырақтарымен жауып, оның үстіне металы көрінгенше қышқылмен өңдеп сурет салады. Осылайша, қышқылдың металға әсер етуінен, топырағы кеткен жерде сурет пайда болады.
Қарайту – бұл қара эмальмен күміс бұйымына сурет безендіру. Суреттер оюланған және сюжетті болады. Қарайтып сурет салу мәнерлігі мен көркемсуреттік бағалануы бедер салу сапасына байланысты болмақ.
Кішігірім портреттік бейнелеу өнеріне арналған әртүрлі заттарды сәндеу үшін көркемсуреттік эмальдарды қолданады. Эмаль — металл бұйымдарына және оларға арнайы пештерде күйдіру жолымен бекітілген шыны тәрізді қабат. Эмаль мөлдір және мөлдір емес, ақ және әртүрлі түстерге боялған болады. Қандай эмаль түрі болсын, оларды бейнелеу бояуларына арналған жұқа қылқаламмен жағу жолымен орындайды. Содан кейін муфель пештерінде күйдіріп бекітеді.
Инкрустирлеу – ағаш немесе металл бұйымдарының сыртқы бетінің кейбір тұстарын сүйекпен, металмен, шынымен немесе зергерлік тастармен толтыратын әрлеу тәсілі. Мысалы, осы тәсілмен жасалған халық шеберлерінің ағаш қобдишалары мен әшекей ыдыстары белгілі.
Металдардың көркемсуреттік өңделуінің тағы біріне бедер салу жұмыстары жатады. Бұл жұмысты безендірілген суретті салып қана қоймай, оған тиісті эстетикалық бағалық беретін суретші-бедершілер жүргізеді. Қолдан жасалған бедерлік жұмыстар ылғи да өте қымбат болған. Себебі, оларды дайындауға өте көп уақыт және жоғарғы сапалы қол еңбегі керек.
Зергерлік тастардың бағалығын, сапасын, құндылығын олардың эстетикалық көрсеткіштерімен анықтайды: әдемілігі, мөлдірлігі, жылтырлығы, түсі, пішіні.
Зергерлік тастардың көпшілік қасиеттері (қаттылық, беріктілік және т.б.) осы минералдардың пайда болу жағдайларымен және олардың ішкі құрылымымен байланысқан. Заттың екі түрлі құрылу типі бар: кристадық және аморфты (кристалдық емес). Заттардың кристалдық құрылуы кезінде, оның атомдары немесе атомдар тобы өзара байланысқан белгілі қашықтықта және қатаң тәртіппен орналасады, ал аморфты құрылуы кезінде – атомдардың немесе олардың топтарының ара-қашықтығы мен өзара орналасуы ретсіз немесе жартылай реттелген болады. Зергерлік тастардың құрылымы, негізінде, кристалдық болады, сондықтан олардың құрамы біркелкі, бірақ физикалық қасиеттері барлық бағытта да бірдей емес, яғни анизотропиямен сипатталады.
Кристалдар формасы көпжақты болады: гексаэдр, октаэдр, ромбододекаэдр, пентагондодекаэдр. Сол сияқты, кристалдардың одан да күрделі формалары болады. Егер тасты микроскоппен қарайтын болсақ, онда ол бірнеше ұсақ кристалл-дәндерінен тұратынын көре аламыз.
Түс – зергерлік тастардың маңызды, әрі өзіне тән сапа көрсеткіштерінің бірі. Тастар түсі бойынша сан алуан болады: жеңіл боялған, қою боялған, сызықтармен, шұбар-ала, ауыспалы әртүрлі түстермен және т.б. боялған. Сондай-ақ, тастар мөлдір, жартылай мөлдір және мөлдір емес болады. Табиғатта өз бояуы бар минералдар саны көп емес. Олар, мысалы, көгілдір немесе жасыл түске мыспен боялған көк тас пен малахит. Ал қоспалармен бояу көзделген минералдар саны недәуір көп. Көп жағдайда, аса қарқынмен боялған тастар ерекше бағаланады (бұл зүбәржәт пен аквамаринге тән). Әдетте, ашық түстер аз бағаланады, бірақ оған аса бағалы саналатын түссіз немесе аздаған көгілдір реңкі бар алмасты жатқызбайды.
Зергерлік бұйымдардың
сынамасы.
Әдетте таза, асыл металдардан зергерлік
бұйымдар жасалмайды. Оларға қажетті механикалық
қасиет-тер дарытып, тиісті түс алу үшін
түсті металдар қосады, мәселен алтынның
күміс және мыспен қорытпасын, кейде палладиймен,
кадмий- мен, никельмен, мырышпен қорытпасын,
күміс пен платинаның мыспен қорыт- пасын,
палладийдің күміспен және никельмен
қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы
асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды.
Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің
метрлік жүйесі қабылданған, ол бойынша
сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі
асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді.1927
жылға дейін Россияда сынаманы белгілеудің
мыс- қалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдан
тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі
болды. Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі
асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін.АҚШ-та,
Ұлыбритания мен Швейцарияда караттық
жүйе қабылданған. Бұл бойынша асыл тастың
1000-сынамасы 24 шартты бірлікке сәйкес
келеді. Зергерлік және басқа бұйымдар
дайындауға рұқсат етілетін асыл металдар
қорыт- пасының сынамасы заңды түрде белгіленіп,
мемлекет кепілдігінде болады. Бұл үшін
бұйымдар сынамалық бақылаудан өтіп, оларға
сынама таңбасы қойылады. Бұйымдарға таңба
салу үшін түрлі елдерде суреті мен пішіні
әр түрлі бақылау белгілері қолданылады.
Алтынның 583-сынамалы қорытпасы неғұрлым
кең тараған; бұл сынаманың қорытпасының
түсі құрамында енген түсті металдардың
сандық қарым-қатынасына қарай әр түрлі
болуы мүмкін.
Мысалы, егер 583-сынаманың қорытпасында
алтын 58,3% , күміс шамамен 36 %, ал мыс 5,7 %
болса, қорытпаның түсі жасыл реңк алады;
күміс 18,3 %, мыс 23,4 % болса – күлгін – қызғылт;
күміс 8,3 %, мыс 33,4 % болса – қызылдау болады.
Гауһар тасты әсемдік бұйымдарды дайындау
үшін ақ алтын деп аталатын қорытпа кеңінен
пайдаланылады, оның құрамы мынандай:
583 – сынамалы алтын қорытпасында күміс
23,7 – 28,7 %, палладий – 13,0- 18,0 % немесе никель
17,0 %, мырыш 8,7 %, 16,0 %, ал 750-сынамалы алтын
қорытпасында – күміс 7,0-15,0 %, пал- ладий
14,0 % -ке дейін, никель 4,0 % мырыш 2,4 % немесе
никель 7,5-16,5 %, мырыш 2,0-5,0 %, мыс 15,0 %-ке дейін
болады. 958-сынамалы алтын қорытпасы берік
болмайды. Сондықтан кең қолданылмайды.
375 сынамалы алтын қорытпасының құрамында
алтын 37,5 %, күміс 10,0 %, мыс 48,7 %, палладий
3,8 % болады.Күмістің 875-сынамалы қорытпасы
неғұрлым кең тараған. Оны әшекей заттарын
және ыдыс-аяқ жабдықтау үшін пайдаланылады.
Күмістің 916-сынамалы қорытпасы эмаль
жалатқан ыдыстарды дайындау үшін; 960-сынамалы
қорытпасы – нәзік өрнекті ыдыстар жасауға
қолданылады. Платина мен палладийдің
қорытпасы зергерлік істе болар-болмас
мөлшерде пай- даланылады. Күміс және жез
бұйымдардың тым тез тотығып кетпеуі үшін
және олардың әсемдік қасиеттерін жақсарту
мақсатында бетіне электролиттік тәсілмен
999 сынамалы алтын немесе 999-сынамалы күміс
жалатқан.Бағалы сәндік тастар Әсем нақышталып
жасал- ған зергерлік бұйымға қондырылған
бағалы, сондай-ақ табиғи жарқырауық тастар
әдемі өң беріп, бағасын арттырады. Бұл тастар шартты
түрде бағалы, жартылай бағалы және әшекейлік
деп бөлінеді. Бағалы тастарға – алмас,
лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит;
жартылай бағалыға – ай тасы, аквамарин,
аметист, берилл, гранат, көгілдір ақық,
гиоцинт, тау хрусталі, жадеит, морион,
опал, топаз, турмалин, хризоберилл, хризолит,
хриз- опраз, шпинель, циркон, цитрин, хромдиопсид,
қолдан өсірілген інжу; әшекейлік тастарға
– авантюрин, агат, малахит, янтарь, маржан,
лазурит, нефрит, родонит, сердолик, кровавик,
яшма және басқа жарқырауық тастар жатады.Зергерлік
істе бойында табиғи асыл тастардың барлық
қасиеті бар синтетикалық лағыл, сапфир,
александрит тастары кеңінен қолданылады.
Тиісті температура мен қысымда гауһар,
аметист, алтын жалқынды топаз және басқа
бағалы тастардан жасалатыниттрийлік
– алюминийлік гранаттар да кең таралған.
Зергерлік бұйымдарды күту Зергерлік
әшекей бұйым- дарында адам денесі терлегеннен
пайда болатын қоңыр дақ қалмауы үшін
әшекейлерді шешіп алысымен фланельмен
құрғатып сүр- ту керек. Түрлі шаруа істегенде
және химикаттарды пайдаланарда жүзік,
білезік және басқа зергерлік бұйым- дарды
шешіп қояды. Әсіресе алтын жалатқан бұйымдарды
сақтықпен тұтыну керек. Әшекей заттарын
сынап пен күкірт негізінде жасалған косметикалық
бұйымдарды пайдаланғанда да (сынап алтынмен
қосылса амальгома түзеді, бұдан бұйымдардың
бетіне ақ дақ түседі, ал күкірт алтын
мен күміске қосылса, қара түсті күкірттік
қосылыстар түзеді) шешіп қойған жөн. Алтын
және күміс бұйымдарға тиген йод та қоңырқай
дақтар қалдырады. Зергерлік бұйымдарды
қорапшасында, құрғақ жерде сақтау керек.
Әсіресе күннің ультракүлгін сәулелерінің
әсерінен белгілі бір дәрежеде бояуының
түрін жоғалтатын аметисті, түсті топазды
(алтын жалқындыдан басқасын), інжу мен
ақықты ұқыптап сақтау қажет. Егер тас
қондырылып асыл металдан жасалған немесе
тас қондырылмаған әшекейлік бұйымдардың
жылтыр өңі тайса, оны жұмсақ тіс щеткасымен
1/2 стакан суға 1 шай қасық мүсәтір спиртін
қосып сабынды суға жуу керек. Одан соң
бұйымды таза жылы сумен шайып жіберіп,
әбден құрғағанша фланельмен сүрту қа-
жет. Алтын жалатқан бұйымдарды щеткамен
неғұрлым сирегірек жуған жөн. Інжу, ақық,
малахит пен янтарь ылғалға төзімсіз келеді.
Осындай тасты және фольгаға қондырылған
жасанды тасты бұйымдарды, сондай-ақ тастары
желімдеп жапсырылған әшекей зат- тарын
қатты ластанғанда этиль спирті қосылған
сабынды суға (1:1) көп ұстамай шайып алу
керек; янтарьды фланельмен ғана, ал қалған
тастарды этиль спиртімен сүртіп тазартуға
болады. Күмістен жасалған ірі бұйымдарды
(мәселен ыдыс-аяқтар мен бөлменің ішкі
әшекейлері) «Ювелирная» пастасымен тазартуға
болады. Тым қатты ластанған бұйымдарды
зергерлік шеберханаларда тазарттыру
керек. Сынама палатасының
таңбасы – сапа кепілі. Зергерлік бұйымдардың,
сонымен бірге асыл және жартылай асыл
тастардың сараптамасы – Сынама палатасы
қызметінің негізгі міндеті. Сараптамаға
тапсырыс беру дегеніміз – зергерлік
бұйымдардың және олардың құрамдас бөліктері
– асыл, жартылай асыл тастар мен металдардың
түпнұсқалылығы туралы барынша толық
және жан-жақты ақпарат алуды білдіреді. Қызметтер: сараптық тұжырымдамасымен
бірге гауһарлардың, меруерттердің, түсті
асыл және өңдеуші тастардың диагностикасы;мемлекеттік
бақылау мақсатында асыл тастарды идентификациялау;импорттық
және отандық өндірістің бағалы металдары
мен олардың қорытпаларынан жасалған
зергерлік және тұрмыстық бұйымдарды
сыннан өткізу және таңбалау;бағалы металдардың
техникалық сараптамасын жүргізу;зергерлік
бұйымдарды сынау;реактивтер жасау;бағалы
металдарды, асыл және жартылай асыл тастарды
және олардан жасалатын бұйымдарды шығару
(әзірлеу) кезінде әдістемелік және кеңестік
көмек көрсету;аналитикалық және сату
мақсатында зертханалық жағдайда бағалы
металдарды балқыту және тазарту;бағалы
металдардың сынықтары мен олардан жасалған
бұйымдарды сатып алу және сату;сынама
таңбаларын әзірлеу және тану саласында
халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;бағалы
металдар мен олардан жасалған бұйымдарды
шығару және техникалық сараптау саласындағы
өнімдерді, қызметтерді және сапа жүйелерін
сертификаттау бойынша органдарды аккредитивтеуге
қатысу;бағалы металдар мен олардан жасалған
бұйымдарды сараптау саласындағы нормативтік
(әдістемелік, жетекшілік және ұсыныстық)
құжаттармен қатар, әкелу, сату, бағалы
металл сынықтарынан жасалған бұйымдарды
сатып алу ережелерін, бұйымдарды сынама
таңбасымен таңбалау тәртібін, өнімді
жасау кезіндегі шығын нормаларын, бағалы
металдардың сынықтары мен қалдықтарын
жинау, өңдеу, сақтау, тіркеу және тапсыру
тәртібін, атаулы таңбаны тіркеу және
беру тәртібін әзірлеуге қатысу.

- Зеркало как культурный феномен
- Зеркало как культурный феномен
- Зеркало как культурный феномер
- Зернобобовые культуры
- Зерновое производство
- Зерновое хозяйство в мире
- Зерновой подкомплекс
- Земское и местное самоуправление в дореволюционной России
- Земское самоуправление
- Земское самоуправление
- Земское самоуправление в России
- Земское самоуправление в России
- Земства и их деятельность в конце
- Зергерлік бұйымдар