Желілік модельдеу



 

 

 

 

                                         Жоспар

 

КІРІСПЕ...........................................................................................................................3

І. ЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕУ

1.1. Модельдеу туралы түсінік.........................................................................................5

1.2.Желілік жобалау мен басқару туралы түсінік.........................................................8

1.3.  Ақпараттық модельдеу тәсілдері............................................................................16

ІІ.АҚПАРАТТЫҚ МОДЕЛЬДІҢ БІЛІМ ОРТАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.         

2.1 Жоғары  оқу орнының ақпараттық модельдің  негізін қалыптастыру...............22

2.2 Оқытудың  ақпараттық модельдің теориясы................................................................27

Қорытынды.......................................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

Ғылымға, экономикаға, өндіріске ақпараттық процестерді енгізу ісін жоғары қарқынмен жүргізу үшін қазіргі ақпараттық технологияларға негізделген білім жүйесінің жаңа моделін құру қажет. Адамның өз шығармашылық потенциалын толық аша алатындай, өз мүмкіндіктерін дамытып, өз білімін үздіксіз шыңдай алатындай жағдай жасалуы тиіс.

Кез келген оқыту түрінің, оның ішінде қашықтан оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға тығыз байланысты болады, олар: оқуды ұйымдастыру технологиясы, оның техникалык базасы, жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі Осындайда атқарылып жатқан жұмыстар бұрында да болған сияқгы болып көрінеді. Әрине, автоматтандырылған оқыту түрі де осылай басталған. Автоматтандырылған оқыту ісіндегі теориялық бастамаларды қазіргі кездегі компьютерлік оқыту тәсілдеріңде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программадары мен жаңа ақпараттық білім құралдарын жасау және пайдалану қазіргі оқыту технологияларымен бірге қолданылып, біте қайнасуы шарт.

Қазіргі технологиялар  ақпараттың кез келген көлемін орналастырудың, сақтаудың, өңдеудің және кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді.

Осындай кезде  мамандар даярлаудағы алғашқы сатыға олардың өздігінен білім алуына бағыттал ған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білімжүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз — оқытуға арналған материалдың мазмұның таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту программаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпаратгық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысын, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Басқаша айтқанда, оқыту ісінің тиімділігі мен сапасы көбінесе өздігінен оқып үйрену процесін тиімді ұйымдастыру мен пайдаланылатын материалдардың дидактикалық сапасына тәуелді болады.

Осындай оңай іске аса қоймайтын мәселелерді шешу педагоггардың күннен күнге тасқындап бара жатқан ақпараттар ағынының көбеюі кезінде мәліметтерді бейнелеу, іздеу және өңдеу тәсілдерінің қазіргі деңгейінде жұмыс істей білуіне дайынды ғына байланысты болып отыр. Педаготтардың жаңа ақпараттық кеңістікте жұмысқа дайын болуы, олардың көзкарастарының алдыңғы сатыға көтерілуі — білім беру ісінің жаңа формалары мен технологияларын жасау мен соларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕУ

1.1. Модельдеу туралы түсінік   

     XX ғасырда модель түсінігі нақты және идеалдық модельдерді қатар қамтитындай болып жалпыланды. Сондықтан, абстрактылы модель түсінігі математикалық модельдер шеңберінен шығып, әлем туралы білімдер мен танымдардың барлығына қатысты болды. Модель түсінігінің айналасындағы кең талқылаудың қазіргі кезде де жалғасып отырғандығын естен шығармау қажет.Бастапқыда ақпараттық, кибернетикалық бағыттардағы ғылыми пәндер аясында, содан соң ғалымның басқа да салаларында түрлі тәсілдермен іске асырылатын модель ретінде танылды. Негізінде модель білімнің мәнін нақтылау тәсілі ретінде қарастырылады.

Модель - 1) қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; 2) сериялы бұйымдарды жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы, мыс, процессордың жұмыс істеуін модельдейтін программа немесе құрылғы. Ол материалдық объект түрінде, математикалық    байланыстар    жүйесі    ретінде    немесе    құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады. Модельге қойылатын негізгі талап - оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.

Модельдеу кез-келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардьщ үлгісін құру (жасау) және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында (моделінде) объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі, Модель төрт деңгейде түпнұсқаның гносеологиялық орынбасары бола алады: элементтер деңгейінде, 2-құрылым дейгейінде, 3- қалып-күй немесе қызметтік деңгейін, 4-нәтижелер дейгейінде. Сипаты бойынша модельдеу материалдық және идеалдық болып ' бөлінеді. Материалдық модельдеу объектінің геометриялық, физиқалық, динамикалық және қызметтік сипатын нақты дәл береді. Идеалдық модельдеуге объектінің ойдағы бейнесі жатады. Ойша модельдеу тіл көмегімен іске асырылады.

  Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады.

Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.

Моделъ - объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалық ақпараттық алмастырушысы.

Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші объекті  мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.

Барлық модельдердің көп бейнелілігі негізінен үш топқа бөлінеді:

  • материалдың (табиғи)   модельдеуші   объектінің   сыртқы  түрін,құрыльшын    (кристал    торлардың    модельдері,    глобус),    жағдайын 
    (самолеттің         радио         басқарылымды         моделі)         бейнелейтін 
    кішірейтілген  ұлғайтылған көшірмелері;
  • бейнеленуші моделъдер (геометриялық нүктелер,  математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
  • ақпараттық модельдер  -  модельденуші   объектінің  ақпаратты 
    кодтау  тілдерінің     бірінде  жазылған  сипаттамасы  (сөздік  сипаттау, 
    схемалар,    сызбалар,    картиналар,    суреттер,    ғылыми    формулалар, 
    бағдарламалар).

Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.

Ақпараттық моделъ (Информационная моделъ;) — 1) басқару жүйесінде - автоматтандырылған өңцеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2)мәліметтер базасында -тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.

Ақпараттық  модельдердің басқа да ақпарат түрлері  сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар қағаз, сынып тақтасы, қабырға -яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бұл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: қалам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда ақпараттық модель түсінігінің аясында берілетін мазмұнда түсінеміз. Мысалы, квадраттың тендеу формуласы қалай және қайда жазылғандығына қарамастан квадраттық тендеу формуласы болып қала береді.

Модель (франсуз тілінде - өлшем, үлгі) - бұл:

  • нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
  • заттың кішірейтілген ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат  пен  қоғамдағы  қандай да бір  процесстің құбылыстың 
бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

- жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық ақпараттық аналогы;

- анықталған  шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

модельдеу мақсаты  тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жаңа объект.

Ақпараттық моделъ - модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.

Моделъдеу - бұл:

- нақты бар  объектілердің (заттар, құбылыстар, процестер) модельдерін құру;

  • нақты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;
  • таным объектілерін модельдері арқылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген мақсатқа бағытталған қызметтің  ажырамас бөлігі.

Модельдеу танымның негізгі әдістерінің бірі.

Нақты қызметтердегі  объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:

  • материалдық заттарды бейнелеу;
  • белгілі фактілерді түсіндіру;
  • болжамдар құру;
  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;
  • болжау;
  • басқару және т.с.с.

1.2. Желілік жобалау мен басқару туралы тусінік

      Экономика, технология салаларының ғылыми зерттеулерін жобалауда негізгі аурлық жобалауға және жаңа жүйе құруға түседі.

      Құрылыс объектісінің белгіленген мерзімге бітіру немесе өнімді құруды аяқктау үшін сонда жобалау мүмкіндішінше жеңілдейді. Басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерге және ресурстарға, уақыт, құн бойнша барлық орындаушылармен атқаратын жұмысты ұштастыру қажет. Бұймның жобалау немесе дайндалуынан тундайтын модель құруға процестер көрініс табуы керек. Бірінші модельге осы салада қолданудағы таспалы модель түрі жатады (таспалы графиктер – Гант графигі, циклограммалар) жеңіл машинаның шанағы (кузов) өндірісін дайндауды, таспалық графиканың мысалы беріледі.

      Өндірістің қазіргі ұймдастыру  жағдайнда таспалы графикті қолдану тиімсіз, өйткені оның көрнектілігі мен қарапаймдылығына қарамастан, олар орындаушылар және жекеленген жұмыстар арасындағы өзара байланысты сипаттай алмайды. Мұндай графикалармен жекеленген орындау жұмыс мерзімін бұзушылықты талдау және соңғы нәтижеде әрбір орындаушының ықпал дәрежесін білу мүмкін емес. Таспалық графиктер жеткіліксіз иілгіш, жағдай өзгерген сәтте оларды көрнектілеу қиын, олар жұмыс барысында келешек болжаудан және басқкада кемшіліктерді шектеу мүмкіндігі болады.

      Техника мен ғылымның соңғы жетістіктері негізінде басқару мен жобалау жаңа әдістерінің зерттемесіне өндірісті ұймдастырудың қазіргі деңгейі модельдің таспалы моделінің сәйкессыздігінен әкеп соғады. Мұндай әдіс түрінде жобалау мен басқару (ЖЖБ) жатады, бұл 50-жылдардың аяғында АҚШ-та дамыған (СРМ – қиын-қыстыру жол әдісі, PERT – бағдарлама бағасы және техника шолуы, т.б.).

    ЖЖБ жүйесі іштей графикалық және есептік әдістердің кешені бола отырып, дайндалатын кейбір бұйым немесе жобалау бойнша жұмыс жоспарын тиімдеу және жалдау, модельдеу мақсатымен  ұймдастырушылық ісшараларды өоткізу.

       ЖЖБ жүйесінде негізгі жоспарлы  құжат болып желілік графиг  саналады (желілік модель немесе жай модель), бұлар жоспарланған процесте графикалық масштабсыз кескіндеу көрсетілуі және бейнелі өзара байланыс пен олардың жұмысында бірізділік енеді.

Оқытудың  интерактивті режимі — оқушының жүйемен белсенді түрде өзара әрекеттесуі арқылы орындалатын, әр түрлі оқыту, бақылау, навигация (бірінен біріне ауысу) құралдары арқылы педагог жұмысын атқара алатын білім беру процесі субьектілерінің диалогтық жұмыс режимі.

Оқытудың компьютерлік технологиялары — акпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушынның танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері,құралдары жиыны.

                 "Ақпарат" түсінігімен байланысты казіргі ұғымдар.

Біздің зерттеулерімізбен  — ақпарат, ақпараттандыру және соңғы ұғымнан туындайтын басқа да түсінікгермен — тығыз байланысты терминдерді қарастырып шығайық.

Ақпарат (латын тілінде — таныстыру, түсіңдіру, көрсету,түсінік)—бұл:

1) адамдар арқылы таратылатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме;

2) хабарлама алу арқылы азайатын, төмендейтін белгісіздік; 3) басқарумен тығыз байланыстағы хабарлама, синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамалардың біртұтас сигналдары; 4) кез келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу, жеткізу.

Ақпаратты материя  және энергия тәрізді философиялық категориялармен бір деңгейде карастырады.Бұл түсініктің көптеген анықтамалары бар. Төменде көрсетілген  мақалада осы көп мағыналы түсініктің белгілі ғалымдар берген анықтамалары жинақгалған, олар:

  • ақпарат — сыртқы әлемге бейімделу арқылы одан алынатын мазмұнды бейнелеу (Винер);
  • ақпарат — энтропияны терістеу (Бриллюэн);
  • ақпарат — коммуникация мен байланыс,бұларды пайдалану процесінде белгісіздік жойылады(Шеннон);
  • ақпарат — әр түрлілікті жеткізу (Эшби);
  • акпарат — құрылымдар күрделілігінің өлшемі (Моль);
  • ақпарат — таңдау ықтималдығы (Яглом).

Акпараттың  тағы да бірсыпыра анықтамаларын келтіріп. оның басқа да түсініктермен байланысын және ара қатынасын көрсетуге болады, мысалы: акпараттың бейнелеу категориясымен байланысы; ақпарат экономикалық ресурс ретінде; ақпарат әлеуметтік ресурс ретінде; ақпарат көп шы-ғарылатын жалпылама өнім ретінде; ақпарат прогресті жылдамдатушы ретінде, т.б.

Біз ақпаратты бағалы заттар жүйесіндегі негізгі көрсеткіш ретінде оны адамзаттың рухани этикалық жетістіктері тұрғысынан бағалап, жеке тұлғаның дамуына ақпараттың тигізетін әсерін аксиологиялық тұрғыдан қарастыруды ұсынамыз.

Ақпараттың  кең мағынасы — нақты әлемді бейнелеу; ал шағын (тар) мағынасы — сақтауға, тасымалдауға, түрлендіруге және басқаруға болатын кез келген мәліметтер.Ақпараттандыру - әр түрлі ақпаратық қорларды (ресурстарды) қалыптастыру мен пайдалану негізіңде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің кұқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағатгаңдыру үшін тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметгік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс.

Білімді ақпараттандыру — оқыту мен тәрбиелеу ісінің психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыру бағытында білім беру саласын қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологияларды жасау және пайдалану жұмыстарының теориясы мен практикасы мен қамтамасыз ету процесі.

Қазіргі кездегі жаңа акпараттық технологиялар — қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық технологиялардың жиі кездесетін осы анықтамасын біз де пайдаланамыз. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары — қазіргі окыту технологиясын интерактивті программалық-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ететін қазіргі компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдың рефаммалық құраддар жиыны.Оқыту ісіңдегі қазіргі ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері — танымдық әрекеттерді басқару процесі мен қазіргі ақпараттық білім ресурстарына қол жеткізудің интерактивті ортасын жасау ісі болып табылады.

                Білім берудің ақпараттық ортасы.

Төмеңдегі, сонғы кезде өте кең тараған түсініктер тобын қарастырып, олардың ара қатынастарын анықтап көрелік, олар: білім берудің ақпараттық ортасы; ақпараттық-пәндік орта; ғылыми-кәсіби білім беру ортасы; біріктірілген ақпараттық білім беру ортасы; ақпараттық оқыту сайты (ортаның бір түрі); біртұтас ақпараттық білім беру кеңістігі.

"Білім  берудің ақпараттық ортасы" термині құрамын қарастырайық.

Орта - адамды қоршап тұрған, оның тірлігіне, қалыптасуына және қызмет етуіне қажетті қоғамдық, материалдық және рухани шарттар.

Орта ұғымының кең мағынасы (макроорта) жалпы қоғамдық-экономикалық жүйені — өңдіргіш күшттерді. коғамдық қатынастар мен институттарды, коғамдық ой-өріс пен мәдениетті қамтиды. Орта ұғымынын тар мағынасы (микроорта) адамның нақты айналасы — отбасы, еңбек ететін, оқитын және де басқа ұжымдары мен топтары.

 Ортаны әр түрлі негіздерге қарай жіктеуге (топтауға) болады. Біздіңше, олардың жиі ұшырасатындары мыналар:

• ортаның ауқымдылығын анықтайтын оның камту деңгейіне қарай: макро-, мезо-,микро орталар;

- материяның болу және даму  түріне қарай: биогииялық, техникалық, мәдени-этникалық және де басқа орталар;

• қоғомның көрнекті мәселелерін шешу бағытына байланысты: адамның тіршілік етуі мен рухани даму ортасы,  жалпы халықтың бір жеке коғамдастығына қарай; салауатты өмір салты мен физикалық дамуына байланысты; тәрбиелеу, оқыту және біліктілікті үздіксіз жетілдіруіне қарай; елдің техникалық және коммуникативтік деңгейін жетілдіруге байланысты;    елдің,  аймақтың каланың, селоның экологиялық жағдайына қарай; елдің,  заманның әлеуметтік-экономикалық жағдайына және дамуына қарай, т.б.;

• танымдық әрекеттерді басқару түріне және ақпаратты жеткізу (қабылдау) тәсілдеріне қарай.

Мұндағы бізді  қызықтыратыны білім беру ортасын  әлеуметтік ортаның бір түрі ретінде философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық тұрғылардан қарастыру болып табылады.

Білім беру ортасы түсінігінің болмысын толық етіп көрсету жолын әр түрлі авторлар әр қилы етіп қарастырады. Мысалы, жұмыста білім мекемесінің оқыту ортасы түсінігінің мынадай сипаттамасы берілген: бұл түсінік оку процесінің толық циклын немесе оның логикалық толық бір бөлігін жүзеге асыратын білім беруді қамтамасыз ету ісі мен білім мекемесінің ақпараттық ресурстары, оқыту технологиялары жиындарын бейнелейді.

Білім беру ортасы — көпаспектілі, толыкқаңды, әлеуметік-психологиялық нақты орта, ол адамның осы бағытта алдын ала дайындалған ақпарат тұнығынан сусындап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы, үйренуі үшін сол ақпаратты ыңғайлы түрде бейнелеу тәсілдерін және содан алынатын қажетті психологиялық-педагогикалық шарттарды қамтамасыз ете алатын білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алады.

Бізді керекті "ақпараттық-білім беру ортасы" түсінігіндегі "ақпараттық" сөзі, бір қарағанда, артықтау сияқты, өйткені білім беру ортасы мәліметсіз, ақпаратсыз жүзеге асырылмайды. Бірақ бұл жердегі осы қосымша сөз қоғамның қазіргі даму кезеңінің жаңа ақпараттық технологиялаларға негізделген білім ортасын құруға талпынуынан туып отыр деп түсіну керек. Осы айтылғандардан шығатын қорытынды — "ақпараттық" деген сөз арқылы ақпараттық-білім ортасын құрудың технологиялық негізі болып табылатын қазіргі ақпараттық технологиялар туралы айтып отырмыз.

Сонымен, ойымызды тұжырымдай келе ақпараттық-білім беру ортасы түсінігінің анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз.

Ақпараттық-білім  беру ортасы(АБО) — танымдық іс-әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін, қазіргі ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті психологиялық-педагогикалық шарттар, қазіргі оқыту технологиялары және бағдарламалық-әдістемелік құралдар жиынын бере алатын, білім алудың материалдық және рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік-психологиялық нақты орта.

Ақпараттық-білім  беру ортасын құруға деген көзқарас тек алдын ала дайындалған, тұтынушының талабына сай бейімделіп жинақталған мәтіндік немесе безеңдіру материаддары ғана емес, сонымен бірге білім берудің танымдық әрекеттерін жобалауға және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін оның технологиялық негізін (әдістемелер, тәсілдер, қазіргі оқыту құралдары) жасау болып табылады. Ақпараттық-білім беру ортасы үздіксіз өзгеріп отыратын, окушының жеке ерекшеліктерін, оны қызықгыратын нәрселерді ескеретіңдей болуы шарт. Осындай орта адамның өзін мәселенің, есептің қойылуына назар аударып, оны шешу жолдарын іздеуге талпындыруы тиіс, адамның кәсіби және жалпы сауаттылығы тұрғысынан өсуін қалыптастыруы керек.

Қазіргі білім  беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің тандай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушыны өздігінен окуға талпыңдыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.

Ақпараттық-пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық-білім беру ортасының бір түрі. Кәсіби ақпараттық орта дегеніміз — кез келген маманның кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқалармен талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және коммуникациялық байланыс құралдарына негізделген көпаспектілі, біріктірілген программалық-аппараттық нақты орта.

Қазіргі компьютерлік технологиялар  негізінде жасалған ақпараттық-білім беру ортасының және кез келген кәсіби ортаның басты ерекшелігі — интерактивтілік, ягаи алдағы мақсатқа байланысты диалог жүргізу. Оны тек сұхбаттасу деп немесе әңгімелесу арқылы мәлімет алмасу деп түсінбеу керек, ол әр түрлі логикалардың, көзқарастардың, қойылған мәселеге байланысты айтылатын пікірлердің, іштей "мәлімет алмасу" формасының диалогы болуы керек.

Ғылыми мақалаларда  жиі кездесетін тағы бір түсінікті қарастырып өтейік.

Біртұтас  ақпараттық-білім беру кеңістігі берілген кеңістіктегі субъектілерді оқыту және тәрбиелеу ісін сүйемелдеу мақсатында біртұтас ақпараттық технология негізінде біріктіріліп, бірыңғай тұжырымдамалар, көзқарастар және механизмдер арқылы жалпы стратегияны жүзеге асыру арқылы солардың мәдени, білім және кәсіби деңгейлерін арттыруға қол жеткізу жолында ұйымдастырылып басқарылатын нақты орта.

Біртұтас ақпараттық-білім беру кеңістігін бірнеше аспектіден қарастыруға болады:

1) тарихи жағынан: ата-бабалардың мәдени тәжірибесі мен білім беру дәстүрлерін кейінгі ұрпакқа жеткізу;

2) ғылыми-әдістемелі кжағыннан: біртұгас ғылыми-әдістемелік тәсілді қолдану және әр түрлі деңгейдегі білім мекемелерінің білім берудің үздіксіздігі факторы ретінде оқыту профаммаларының жалғастығын, білім кеңістігін ұйымдастырудағы біртұтас тұжырымды бағыт ұстануын қамтамасыз ету, мысалы, "мектепке дейінгі тәрбие мекемесі—мектеп—колледж — жоғары оқу орны" жүйесі;

  1. басқару түрі бойынша: білім кеңістігін ұйымастыру мен басқарудың көпдеңгейлі біртұтас ерархиялық жүйесін жасау
  2. әлеуметтік-экономикалық жағынан: "бүкіл ғұмыр боиынша білім деңгейін көтеріп отыру" тезисін жүзеге асырып білім алудың демократиялық принциптерін толығырақ түрде қамтамасыз ететін жағдайлар жасау онын ішінде денсаулығына байланысты физикалық шектеулері барлар және кеңістікте қозғалуы қиын жандар үшін;

5)мәдени-этникалық  жағынан: қарастырылатын аймақтың мәдени және этникалық даму жағдайларын жетілдіру.

Бізді қоршап тұрған әлем үшін, яғни қазіргі адамзат тіршілігі етуі үшін көрсетілген түсініктердік өзара байланыстарын ашуға тырысайық.

Білім кеңістігі — динамикалық қозғалыстағы құрылым, ол көптеген факторларға байланысты болады. Адам бір мезетте бірнеше кеңістікте бола алады, олардың кейбірі бірі-бірімен байланысты және бір-бірін толықтырып отырады, ал кейбірі бір-бірінен тәуелсіз жеке түрде де кездеседі.

Бүкіләлемдік  қауымдастықтың алға басуы, ғылыми-техникалық прогрестің өсу екпіні, әлеуметтік даму істерінің үдеуі, экономикалық, саяси, діни, мәдени және де басқа байланыстарды дамыту қажеттілігі - осылардың барлығы білім кеңістігін қалыптастыруға жол ашады. Бүкіләлемдік біртұтас білім кеңістігінің қалыптасуы мен дамуы бұл күнде кең түрде етек алып келе жатыр.

Білім кеңістігі  мен орталарының қиылысу жазықтықтарында әр адамның жеке білім кеңістігі қалыптасады. Білім процесінің әр түрлі субъектілері өз білім алу кеңістігінде жүріп жатыр. Осындай жеке ішкі кеңістіктер бүтін мен оның бөліктері диалектикасы заңдылығын жүзеге асыра отырып, ауданның, қаланың, аймақтың, елдің, айта берсек, планетаның біртұтас білім кеңістігі ретінде бірігуде.

2001 ж. Федеральдық  желі тәжірибелік жобаларын қорғау кезінде көптеген сарапшылар білім жүйесінде стихиялық түрде туындап келе жатқан бір жайт туралы айтқан болатын, ол ғылыммен айналысып жүрген педагогтардың білім жүйесі айналасындағы басқа салаларға — мәдениетке, әлеумеггік ортаға, өндіріске, т.б. кетуі жиі ұшырасатын болды. Бұл неліктен болып отыр? Оның бірнеше жауаптары бар, егер біз айтып отырған мәселе айналасындағы жауапқа тоқталсақ, онда әр түрлі оку орындарының білім беру кеңістігі оқу жүйесіне жақын басқа да ішкі кеңістіктермен қиылысып отыр дей аламыз. Осындай жазықтықтар қиылысуы көбейген сайын жеке тұлғаның да толыққанды дамуына көптеген жағдайлар жасалып, мүмкіндіктер пайда бола бастайды.

          1.3. Ақпараттық модельдеу тәсілдері.

Информатиканың  мамандыққа баулу курстарының бірі — "Модельдеу". Қазіргі информатиканы оқыту әдістемесінде ақпараттық технологиялар, алгоритмдеу және программалау мәселелері терең, жан-жақты зерттелуде, ал модель, модельдеу процесіне аса назар аударылмай отыр. Шың мәнінде, окушылардың бойында жүйелік-ақпараттық тәсілдерді қапыптастыруға негізделген модельдеу процесі - ғылыми таным әдісі ретінде қарастырылып, формальдандыру принципі мен компьютерлік модельдеу құрылымын меңгерудің сенімді құралы болып табылады.

Модель —  жасанды кұрылған объект. Ол схема, сызба, математикалық таңбалар, физикалық формулалар және т.б. түрінде беріледі. Қазіргі кезде неғұрлым кең таралған қарапайым модельдерге: графикалықмодель (объектіні сурет, кескін, схема, т.б. түрінде бейнелеу); сөздік модель (объектіні сөзбен, ауызша сипаттау); математикалық модель (объектінің заңдылықтарын, әсерін, қасиетін математикалық заңдылықгар бойынша бейнелеу); информациялық модель (ауызша, сөзбен берілгеғ мәліметті формальды тілде бейнелеу) аналитикалық модель (процестерді бастапқы және шекаралық шарттар үшін нақгы саңдық түрде және ізделіңді мәнді айқын тұрде сипаттауды қамтамасы: ету); стохастикалық модель (белгілі бір уақыт мезетінде объектіні сипаттау); көрнекі моделі (зерттелетін объектіні схемалар, диаграммалар графиктер және т.б. түрінде сипаттау), т.с.с.

Модель құру процесі модельдеу деп аталады Модельдеу - зертгелетін объектінің қасиеттерін, өзара байланысын және арақатынасын аналогиялық түрде сипаттау. Қазіргі кезде модельдеудің көптеген түр белгілі. Мысалы, детерміндік модельдеу-табиғаты және қоғамда кездесетін оқиғаларды, кұбылыстарды оның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланысының себептерінің заңдылығын зерттейді динамикалық модельдеу — неғұрлым күрделі математикалық теңдеулерді қарастырады, дискертті және үздіксіз процестерді сипаттайды.

Желілік модельдеу