Суды қорғау шаралары

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1.Судың ластануы

2. Лас суларды тазарту әдістері

3. Жер асты суының ластануы

4. Суды қорғау жөніндегі міндеттер

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатпай қоймайды. Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады.

      Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды.

     Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн. адам (негізінен балалар) өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн.нан 1 млрд.-қа дейін жетеді. Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады.

   Суларда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады. 
Адам суды  пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауыз су, техникалық қажеттіліктер үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары. 
Белгілі мәліметтер бойынша қазір мұхиттың суына жыл сайын 30-дан 50 млн. тоннаға дейін мұнай төгіледі. Оның әр тоннасы 12 км суды қабықшамен жаба алады. 0,05 мг/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мг/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Ластанудың әсерінен балықтар мен тағы басқа ағзалардың миграциялық жолдары өзгереді. Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құбылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалаудағы экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек. 
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушы көзі болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі табыс көзі болып табылады. Алайда 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. 
        Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің немесе басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп аталады.

   Судағы химиялық элементтердің жиынтығы жануарлар мен адамның қанының құрамына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады. 
   Судың химиялық құрамы бір – біріне байланыссыз екі фактордың – тарихи-табиғи және геологиялық жағдайлар мен антропогендік факторлар әсерінен қалыптасады.

  Судың химиялық құрамының  түрліше пайда болуына байланысты, минералдану дәрежесі төмендегіше  бөлінеді:

•Тұщы су – 1 г/л; 
•Тұздылау – 1-25 г/л;; 
•Тұзды – 26-50 г/л; 
•Ащы - 50 г/л; 

   Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрация-лар қолданылады. 
   Ауыз судың сапасын бағалауда химиялық критерийлермен қатар бактериологиялық және органолептік көрсеткіштері қолданылады.

Судың бактериялық жағдайы төмендегідей анықталады:

1) судағы бактериялардың жалпы  саны, ол судың 1 миллиметіріне 100-ден  аспауы керек; 2) ішкі таяқшасы  тобының бактерияларының саны  арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литріндегі  ішек таяқшасының шамасы (үштен  көп болмауы керек) немесе коли – титрмен анықталады: Бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады. 
   Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады. 
  Жамбыл облысының барлық өзендері Арал теңізі алабына жатады. Қырғызстан жерінен бастау алатын Шу, Талас, Аса өзендері облыстың негізгі өзендері болып табылады. Облыс көлеміндегі жерүсті суларының сапасын зертханалық талдауда өткен жылмен салыстырғанда 2006 жылы Шу, Талас, Аса өзендерінде ластану индексінің өскендігі байқалған.Жалпы облыс бойынша ластағыш заттар төгінділері “Шолақтау” таукен өндіру комбинаты, Шатыркөл руднигі, Ақбақай таукен металургиялық комбинаты, “Монолит ” ашық акционерлік қоғамы сияқты кәсіпорындардан болып отырғандығы расталып отыр.

    Қазақстан су ресурстарының үлкен жетіспеушілігі елдерінің санатына жатады. Қазіргі уақытта су объектілерін тау-кен өндіру, металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтері қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндіреді. Ертіс, Нұра, Сырдария, Іле өзендері, Балқаш көлі неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.

    Су объектілеріне антропогендік салмақ пен олардың қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су шаруашылық объектілерінің барынша қанағаттанғысыз (кей жерде апаттық) техникалық жай-күйіне және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемаларының тым шиеленісуіне себеп болды.Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді.

    Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Қазақстан Республикасы тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына жатады.

   Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы жыл сайын өсіп келеді. Ал, мұхиттардың, теңіздердің тұзды сулары шаруашылықта мардымсыз болса да қолданылып жүр. Біздің республикамызда су тұщытқыш станциясы Ақтау қаласында ғана бар. Егер ерте кезде, бір адам басына шаққанда, тәулігіне 12-18 литр су пайдаланса, XX ғасырда мәдениеті дамыған елдерде оның шамасы орта есеппен 200-400 литрге жетіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты.Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен.

    Су ресурстарының “мұхит-атмосфера-жер-мұхит” системасындағы айналым процестерінде тамаша бір қасиеті - өздігінен қайта қалпына келу қабілеті. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса маңызды міндеттерінің бірі табиғи сулардың осы қасиетін сақтап қалуға барынша мүмкіндік жасау.

    Судың өздігінен тазару процесіне әсер ететін физикалық факторлардың ішінде ластаушы заттардың сұйылуы, еруі және араласуы негізгі рөл атқарады. Қазіргі кезде адамзат қоғамында 1 жылда тұщы судың 3000 км шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлігі қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсіру үшін барлық вегетациялық кезеңде 7000 тонна, мақтаға 10000 тонна су жұмсалады.

    Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседі. Мал шаруашылығында түзілген өлі органикалық заттар (көң, шірінді, мочевина) топырақтан суға түсіп, су жүйелеріне едәуір әсер етеді. Органикалық заттары көп мұндай суларда көк-жасыл, қоңыр балдырлар және жоғары сатыдағы өсімдіктер тез көбейіп, өледі, нәтижесінде судағы органикалық заттардың массасы артады, сондықтан суда оттектің жетіспеушілігі туындайды. Соның нәтижесінде су тіршілікке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. 
     Ағызында суларды оларды ластаушы заттардан тазарту күрделі процесс. Олар – механикалық, химиялық және биологиялық болып бөлінеді. 

   Механикалық жолмен тазарту әдісі- ластанған сулардан әдейі арналған құралдардың көмегімен ерімейтін зиянды қосындыларды бөлуге бағытталған. Ол үшін сүзгі, мұнай, май ұстайтын құралдар т.б. пайдаланылады. Бұл әдіспен ластанған судың 60%, өндірістік қалдық сулардың- 95%-ке  дейнін ерімейтін қосындылардан айыруға болады.

   Ластанған суларды химиялық жолмен тазарту әдісі- әр түрлі реагенттерді қосу арқылы құрамын жақмартуға бағытталған. Химиялық әдіспен ластанған сулардағы ерімейтін зиянды заттарды 95%-ке дейін азайтуға болады.

   Хлор суды қауіпті бактериялогиялық ластардан тамаша, пәрменді қауіпсіздендіреді. Бірақ …соңғы кезде белгілі болғандай, хлорланған ауыз суы ғалымдар дәлелдегендей бауыр, қуық, асқазан ісіктерін, аллергиялық аурулар туындатады. Хлор тағы да біздің ағзамыздағы ақуыздарды бұзып, тері мен шашқа жағымсыз әсер етеді. Жазға кезеңде, микроағзалар жылдам, қарқынды көбейетін шақта су көбірек хлорланады, осы кезде адам денсаулығына қауіп күшейеді.Суды жекелей тұтынуда хлордан құтылудың ең тиімді әдісі – су тазартқыш (сүзгіш) пайдалану. Егер сүзгі жоқ болса, онда суды бірнеше сағат тұндырып қою керек, сонда хлор ұшып кетеді.

   Ағызынды суды тазартудың химиялық әдістерінің ең көп қолданылатын түрі – нейтралдау. Өнеркәсіп орындарының әртүрлі қышқылдарды бөлетін лас суларын нейтралдау үшін магнезит, доломит, ізбестастар қолданылады.

     Ластанған суларды тазартудың биологиялық әдісі - биохимиялық процестің көмегімен жүргізіледі. Биологиялық тазарту табиғи жағдайда бөлініп берілген жер учаскелерінде жүргізіледі. Бұлар- жер суару участоктері. Биологиялық тазарту әдісін пайдалану үшін биологиялық тоғандар пайдаланылады. Суды тазалаудың биологиялық әдісі – микроскопиялық өсімдіктер мен жануарлар өсіріп, үстінен ағызынды сумен толтырады да төменгі жағынан қатты ауа ағынымен үрлейді, Оттектің (ауамен үрлегенде) және органикалық заттардың көп мөлшерінде бактериялар мен микрофауна қарқынды өсіп, көбейіп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейін ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесі жүреді. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бактериялар активті көбейе бастап, массалары ұлғая түседі. Бактериялардың кесектелген массалары біртіндеп судың түбіне шөгіп, ал су тазара береді. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялардан басқа балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады.Солардың бірқатарына тоқталамыз.

   Жамбасқұрт – жамбастап жылжып қозғалатын жәндік. Бұл оның уақытша қозғалысы емес табиғи бейімділігі. Жамбасқұрттар балықтардың сүйікті жемі болумен қатар, өте пайдалы жәндіктер. Олар түрлі организмдердің қалдықтарымен қоректеніп, су түбі тазалығын сақтауда үлкен роль атқарады.

   Қоңыздар. Көп жылғы бақылаулар бойынша қоңыздардың негізгі қорегінің 60%-ы маса личинкалары екен. Арнайы жүргізілген тәжірибелерде бір ғана қоңыздың тәулігіне 65-70 маса личинкасын жоятыны осыны дәлелдейді. 
   Су шаяны. Су шаяны ақпайтын тоқтау суларда, өсімдіктері көп, әрі ластанған өсімдік шірінділері көп көлшіктерде тіршілік етеді. Олардың негізгі қорегі – маса, сона мен басқа да су жәндіктері. Лаборатория жағдайында су шаяндары тәулігіне масаның 85 личинкасын жоятыны анықталған.

    Инеліктер. Судағы жәндіктердің ішінде инеліктердің орны ерекше. Барлығы дерліктей жыртқыштар. Тіршілік ету ерекшелігіне байланысты инеліктерді су насекомдарының “қос мекенділері” деп атауға болады. өйткені инеліктердің личинкалары суда дамиды да, ал ересектерінің даму кезеңдері су жағасында өтеді. Ересек инеліктер қорегін тек қана ұшып қуып барып ұстайды. Олардың өткір тырнағына көбіне масалар, шыбындар, соналар т.б. зиянды насекомдар ілінеді. 
    Су жүйелерін тазалайтын балықтар да бар екен. Арықтар бойын арамшөптерден тазарту үшін маман ғалымдар көп ізденіс жасап, канал бойларына ақ амур, дөң маңдай сияқты балықтарды қолдан жерсіндірді. Ақ амур ересектерінің дене тұрқы 120 см, салмағы 32 кг-ға дейін жететін ірі балық. Денесі ірі бұл балықтың ерекшелігі – ол сондай мешкей. Олар каналда өскен шөптерді жеп, өсімдіктердің қаулап өсуіне жол бермеген.

    Арық пен канал бойындағы өсімдіктерден құтылу үшін қолданылып жүрген механикалық әдістерді шөппен қоректенетін балықтармен алмастыру экономикалық жағынан өте тиімді. Сондай-ақ бұл балықтар басқа да маңызды қызмет атқарады. Жағасында қамыс өскен су төңірегінде орналасқан ауыл-село тұрғындары жазда масадан көп зардап шегетіні белгілі. Ондай кезде ақ амурлар суда өскен қамыс құрақты азық етіп, масалардың ұрық салатын орнын құртады. Сондықтан да су жүйелерін тазалайтын бұл балықтарды келешекте канал, арық суларында өсіруді қолға алған Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса- олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі практикаға енген жоқ.

   Әрине, суларды тазартудың бұдан басқа да жаңа әдістері алға қарай шығуы мұмкін. Бірақ, қаншама жетілдірілген әдістер шыққанымен, ластанған суды мүлтіксіз бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес. Суларды тиімді пайдалану және олардың тазалығын сақтауда республикамызда көптеген жағымды тәжірибелер бар. Әсіресе, көп жылдар бойы суармалы егіншілікпен шұғылданып келе жатқан аудандардың пайдалы істерін пайдалана білген жөн.Жер асты суының ластануы — адам әрекеттерінен ластанған жер беті суларынан, басқа да қалдықтардан жер асты суларының ластануы. Әлемде Жер асты суының ластануы кеңінен орын алып отыр, әсіресе АҚШ-та жене Батыс Еуропада. Жер асты суларының тек беткі қабаты емес, сонымен қатар төменгі қабаттары да ластануда.

  Жер асты суларының ластануы – біріншіден сыртқы қолайсыз факторлардан жасырын жатқанына қарамастан, жер асты суларының ластануы. Өнеркәсіп және тұрмыстық лас сулардың жиынтығы, сорғу (фильтрация) алаңдары, өнеркәсіп қалдықтарының үйінділері, лас суларды жердің төменгі қабаттарына күшпен айдау, өнеркәсіп және қала аумақтарынан лас сулардың жерге сіңуі, лас өзен суларының жерге сіңуі және тағы басқа да процестер жер асты суларының негізгі ластану көздері болып табылады. Әсіресе, химиялық және бактериялық ластанулар көп таралған. Жер асты су қабаттарының ластануы жер асты суларын жедел игеру кезінде өтеді; екіншіден жер асты сулары сапасының адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде алғашқы қалпына қарағанда нашарлауы, яғни суда кездеспейтін зиянды заттектердің сырттан қосылуы салдарынан оның пайдалануға жарамсыз болып қалуы. Жер асты суларының ластануы өндіріс орындарының сарқынды суларының жер бетіне бейберекет жіберілуінен, суғармалы жерлердің, елді мекендердің коммуналдық-тұрмыстық және басқа да ақаба сулардың жерге сіңуінен және т.б. салдарынан болады. Құрамында ауыр металдар (қорғасын, мыс, мырыш, сынап, т.б.) бар сулар адам денсаулығына өте зиянды.  

  Сапасының өзгеру деңгейіне қарай жер асты сулары былайша бөлінеді: 1) аздап ластанған – су сапасының көрсеткіштері табиғи мәннен артық, бірақ пайдаланудың нақтылы түрлері үшін шектелген рауалы шоғырланудан төмен; 2)өте ластанған су сапасының көрсеткіштері шектелген рауалы шоғырланудан әлдеқайда артық және ластану кезіндегі ерітінді құрамының көрсеткіштеріне жуық.

    Ластанған сулар Қазақстанның кейбір өндірісі дамыған Риддер, Теміртау, Шымкент, Тараз, Ақтөбе сияқты ірі қалаларда және мұнай өндіретін Каспий жағалауында кездеседі.

   Суды қорғау- адамзаттың жер бетіндегі табиғи су қорларының жай-күйін жақсартуға, қалпына келтіруге және оларды сақтауға бағытталған әрекеті. Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдаланылуының тікелей немесе жанама әсерінен судың құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің бір бөлігінің немесе түгелімен пайдаланудың кез келген бір түріне жарамсыз болып калуын судың ластануы деп атайды. Әдетте, су көзіне оның сапасын өзгеріске ұшыратпайтын, суда ерімейтін бөгде заттардың (ағаш жаңқалары, күл-қоқыс, металл сынықтары, құрылыс қалдықтары және басқа заттар) түсіп жиналуын коқыстану дейді. Суды қорғау аймақтары мен белдеулері — өзендердің, көлдердің, теңіздер мен су қоймаларының жағалауы бойымен, бұлақтардың, мұздықтардың, батпақтардың айласында, сондай-ақ каналдарды және басқа да су шаруашылық құрылыстарын бойлай ерекше пайдаланудың шарттары бар аймақтар мен белдеулер.

   Суды қорғау жөніндегі міндеттер – Қазақстан Республикасының аумағында қызметі судың жай-күйіне әсер ететін барлық заңды ұйымдар мен азаматтардың суды ластанудан, былғану мен сарқылудан қорғауды, сондай-ақ судың жай-күйі мен режімін жақсартуды қамтамасыз ететін технологиялық, агротехникалық, гидротехникалық, санитариялық және басқа да міндетті шараларды жүргізуі.

  Суды қорғаудың міндеттері — барлық судың табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығын бұзуы, халықтың денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ балық қорларының азаюына, судың физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің өзгеруі, олардың табиғи толығу, тазару қабілетінің төмендеуі, судың гидрологиялық және гидрогеологиялық режимінің бұзылуы салдарынан сумен жабдықтау жағдайларының нашарлауына және басқа қолайсыз құбылыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін ластанудан, былғанудан қорғалуға тиістілігі. Суды қорғау судың ластануын, былғануын және сарқылуын болдырмауға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқылық және басқа шаралар жүйесін қамтиды.

 

Қорытынды

     Ресурстардың ішінде судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердің су қорының түрлері арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

    Дүние жүзінің ¾ бөлігін су алып жатыр. Су – бағa жетпес табиғат байлығы. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік болуы мүмкін емес. Ол зат алмсу процесі – барлық органикалық өмірдің негізі екені белгілі. Су – адам және жануарлар денесінде міндетті түрде кездесетін құрамдас бөлігі. Кейбір жануарлар (балықтар, дельфиндер, киттер, құндыздар, т.б) тек қана суда өмір сүреді.

     Су және басқа табиғат  ресурстарын қорғауға бағытталған  бірқатар қарарлар мен қаулылар да баршылық. Солардың ішінде соңғы жылдары жарық көрген Каспий теңізін, Еділ мен Жайық өзендерін, Балтық пен Қара теңізді, Байкал көлін қорғау жөніндегі қаулылардың маңызы ерекше.

     Қорыта айтқанда, су - өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау – бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Су байлықтарын сақтау – бүкілхалықаралық іс екенін ұмытпауымыз керек. Су бірінші қажеттілік және біздің байлығымыз. Халық даналығы: «Су ішетін құдығына түкірме, кейін одан су ішерсің» - дейді. Су байлығынан адам баласына келетін пайда көп, оларды тиімді пайдалану, сақтай білу баршамыздың абыройлы борышымыз!

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер

1)     Г.С.Оспанова  «Экология», 2009ж

2)   Ә.Бейсенова, Ж.Шілдебаев, «Экология және табиғатты тиімді пайдалану»,  « Ғылым»,  2004ж

3)   Ф.Иштаева, Л.Костарева, Ш.Набидоллина, «Экология» оқу құралы, Астана-2011

4)    google.kz

5)   Баешов Ә.Б. “Экология және таза су проблемалары” 2003 ж.

6)  Дәрібаев Ж.Е., Баешов Ә.Б., Сермаңызов С.С. “Экология”,   “Астана”, “Дәнекер”. 2005 ж.

7)    Шілдебаев.Ж.             “Қызықты       экология”. 
8)   Бушман Л.Н. “Шөлімізді қандыра аламыз ба?” 2002 ж.

 

 

 

 


 



Суды қорғау шаралары