Бюджетті қалыптастыру мәселелері
Қазақстан
Республикасының
білім және ғылым
министрлігі
А.Байтұрсынов
атындағы Қостанай мемлекеттік
университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі м.а___________
___________________Н.
___ ____________20___ж.
ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бюджетті қалыптастыру мәселелері»
(Қостанай
облысы Жітіқара
ауданы бойынша)
Мамандығы
050509 – Қаржы
Орындаған
Ғылыми
жетекшісі
қ.ғ.н,
профессор м.а
Қостанай
2010
Мазмұны
Кіріспе
..............................
1 Республикалық
бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары.......................
1.1 ҚР бюджет,
оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі..........................
1.2 Жергілікті
бюджеттің құрамы, қаржы көздері.......................
2 ҚР жергілікті
бюджет........................
2.1 Жергілікті
бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)......................
2.2 Жергілікті
бюджеттің өзгеру динамикасы....................
2.3 Жітіқара
ауданы бюджет көздері.......................
3 Жергілікті
бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары.......................
3.1 Жітіқара
ауданының бюджетті қалыптастыру..................
3.2 Жітіқара
ауданының даму жолдары.......................
Қортынды......................
Пайдалынған
әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан
Республикасының экономикасы
Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жаткан экономикалық саясаттың жемісті болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылыгы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.
Республика экономикасының дамуы соңғы жылдары аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық рыноктық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай есуге қол жеткізді.
Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айкындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты.[1]
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.
Әрбір аймақтың экономикаға қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро-және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.
Аймақтық
бюджеттер Қазақстан
Сондықтан, аймақтардың экономикалық дамуы болымды себебінен кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.[2]
Бұл
әдістің маңызы әр түрлі аймақтар
мен аумақтар бойынша қаржылық жәрдем
бөлудің бірыңғай қалыпты есептемелерін
пайдалану арқылы тұрғындардың мемлекеттік
қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық
деңгейін қамтамасыз ету тұжырымдайды.
Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты
- ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға
бекітілген мемлекеттік қызметті толық
көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік
болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар
көздерімен қамтамасыз ету.
- Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары
1.1
ҚР бюджет, оның әлеуметтік
жағдайын жақсарту рөлі
Қазақстан Республикасында республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы". Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тұжырымдамасы туралы".
Ұсынылып
отырған Тұжырымдама
Қаржы
саласындағы мемлекеттiк
Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының арасында міндеттер мен өкілеттіктерді айқын шектеудің жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi.[3]
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1)
бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының
аумағында Қазақстан
2)
толықтық принципi - Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген барлық
түсiмдер мен шығыстарды
3) реалистiк принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5)
дәйектiлiк принципi - бюджеттiк қатынастар
аясында бұрын қабылданған
6)
тиiмдiлiк және нәтижелiлiк
7)
басымдық принципi - бюджеттiк процестi
республиканың немесе аймақтың
әлеуметтiк-экономикалық
8)
жауапкершiлiк принципi - бюджет процесiне
қатысушыларды Қазақстан
9)
бюджеттердiң дербестiк
Бюджет
қатынастары – мемлекетпен, халық,
мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда
болатын қаржы қатынастары
Қазақстан
Республикасында республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылауды
Есеп комитетi жүзеге асырады, Қазақстан
Республикасының
мемлекеттiк орган ретiнде құрылған.
Қазақстан
Республикасының
Жергiлiктi
бюджеттер мен олардың
Республикалық
бюджеттен қаржыландырылатын
Республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражаттарының пайдаланылуына тексерулер жүргiзудiң тәртiбiн және кезеңділігiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiндiгiне қарамастан, оған оларды үйлестiру, әдiстемелерiн әзiрлеу мен енгiзу өкiлеттiлiктерi берілмеген, ал Есеп комитетiнiң осы "тәртiбi және мерзiмдiлiгi" айқындамасына қатысуы заңдарда тiптi көзделмеген де.
Есеп комитетi республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшілерiнiң қызметiне оларға бюджеттен бөлiнген қаражатты мақсатты және тиiмдi пайдалану бөлiгiнде талдау жасайды және бақылайды, көрсетiлген бағдарламалар мен оларды құрастырушы ішкi бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгi мен орындылығына баға бередi.
Жүргiзiлген
тексерулердiң қорытындылары
Есеп комитеті мен мәслихаттардың тексеру
комиссиялары салық және өзге де мемлекеттік
органдарының қызметіне олардың Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген
түсімдердің республикалық және жергілікті
бюджеттерге толығымен және уақытылы
түсуін қамтамасыз ету бөлігінде бақылау
жасайды.
Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың
тексеру комиссияларының тексерулерi
мен талдауының мәнi қаржылық есеп берудiң
ғана емес, сол сияқты, есеп берудiң басқа
да тиiстi түрлерiнiң мәлiметтерi болып табылады,
онсыз республикалық және жергіліктi бюджеттер
қаражатының тиiмдiлiгiне және мақсатты
пайдаланылуына баға беру мүмкiн емес.
Есеп
комитетi мен мәслихаттардың тексеру
комиссияларының мүшелерi тексерулердi
тексерiлетiн мемлекеттiк
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау
және Есеп комитетiнiң тексерулерi анағұрлым
кешендi, жүйелi сипатқа ие. Iс жүзiнде Есеп
комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары
өздерiнiң негiзгi мақсаттары мен мiндеттерiне
бақылау iс-шараларын, зерттеулер мен талдау
жүргiзу барысында, оның iшiнде ұлттық компаниялар
мен мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа
да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жөнiндегi
аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар жасаған
аудиторлық тұжырымдарды талдау барысында
қол жеткiзедi.
Есеп
комитетi мен мәслихаттардың тексеру
комиссияларының бұл
Қазақстан Республикасында республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
ішкi бақылау жүйесiнiң аралас үлгiсi қалыптасты.
Орталықтандырылған iшкi бақылауды Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгi жүзеге
асырса, орталықтың қарамағынан шығарылған
iшкi бақылауды кейбiр министрлiктердiң
бақылау-тексеру қызметтерi жүргiзедi.
Бұл
үлгiнiң негiзгi кемшiлiгi тәсiлдер мен
әдiстемелердiң
Республикалық
және жергiліктi бюджеттердiң атқарылуын
бақылау мынандай нысанда iске асырылады:
алдын ала бақылау мемлекеттiк органдардың,
бюджет ақшасы есебiнен ұсталатын, демеуқаржылар
мен несиелер алуға үмiткер, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
кепiлдiгiн алудың есебiнен ұсталатын мекемелер
мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаражатын пайдалануы жобаларын
жасау және қарау сатысында жүзеге асырылады;
ағымдағы бақылау мемлекеттiк органдардың,
мекемелер мен ұйымдардың республикалық
және жергіліктi бюджеттердiң қаражатын
пайдалану жөнiндегi қаржы операцияларын
жүзеге асыру сатысында жүргiзiледi;
республикалық және жергіліктi бюджеттердiң
қаражатын уақтылы, мақсатты және тиiмдi
пайдалануына, сондай-ақ оларды пайдалану
туралы есептердiң дұрыстығына кезектi
бақылау мемлекеттiк органдардың, мекемелер
мен ұйымдардың республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаражатымен қаржы операцияларын
жасау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
"Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан
Республикасы Заңында "бюджет процедурасы"
ұғымы мемлекеттiк органдар мен лауазымды
тұлғалардың бюджеттi әзiрлеу, қарау, бекiту,
атқару, оның атқарылуын бақылау және
бюджеттiң атқарылуы туралы есептi бекiту
жөнiндегi заңнамамен регламенттелуi ретiнде
айқындалған. Атқарылу мәселелерi, мысалға
республикалық бюджеттiң атқарылуы аталмыш
заңның тек бiр ғана бабында көрсетiлген,
ал оның атқарылуын бақылау мәселелерi
- баржоғы бiр сөйлеммен ғана келтiрiлген
- "республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын
бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге
асырады". Тиiстi заңнамалық нормалардың
осындай жетiспеушiлiгi жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуы мен бақылауы мәселелерiнде
де орын алған. [5]
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тиiстi регламенттеу үшiн "бюджеттің атқарылуы" ұғымын, дәлiрек айтқанда республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы процесi қай жерден басталып, қай жерде аяқталатыны туралы мәселенi анықтап алу қажет. Қалыптасқан практика мен қолданылып жүрген заңнамалар қойылған сұраққа жауап бере алмайды.
Сонымен
бiрге, қолданылып жүрген нормативтiк
құқықтық кесiмдерде республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына
бақылау саласындағы Есеп комитетiнiң,
мәслихаттардың тексеру комиссияларының
және Қазақстан Республикасының Үкiметi
уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың
мiндеттерi мен функцияларының нақты шектелуi
жоқ. Бұдан басқа, салық-бюджеттiк қызмет
практикасында да, ғылыми-теориялық зерттеулерде
де республикалық және жергілiктi бюджеттердi
талдау мәселелерi тыңғылықты, кешендi
шешiмiн таппаған. Сондықтан да республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
сараптау, бағалау, талдау әдiстемелерi
мен стандарттарын әзiрлеу және бекiту
мәселесi кідiртпей шешудi талап етедi.
Қазiргi кездегi ұлттық корпорациялар мен
мемлекеттiк капитал үлесiне ие басқа да
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнде мемлекеттiк
қаржының пайдаланылуын жүйелi бақылаудың
жоқтығы да республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн
жетiлдiрудiң қажеттілiгiн негiздеудiң факторы
болып табылады.
Бақылау
органдарының мiндеттерiнiң өзiндiк
ерекшелiгi бақылау iс-шараларын жүзеге
асырудың нысандары мен түрлерiнiң
ерекшелiктерiнде көрiнiс
Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылаудың орын алып отырған ұйымдық және әдістемелік проблемаларын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сол сияқты жеке меншік нысанындағы ұйымдардың әлі күнге дейін есепке алу мен есеп берудің халықаралық стандарттарына толық көшпегендігі де күрделендiре түседi. Бұл жағдайлар халықаралық қаржы практикасындағы жинақталған жалпыға ортақ қабылданған әдiстемелiк базаны пайдалануды тежейдi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заңнамаларында Есеп комитетiнiң, мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерiн қызметке тағайындау институты ғана бар, Есеп комитетiнiң төрағасын қоспағанда, оларды қызметiнен босатуды регламенттейтiн тиiстi нормалар жоқ. Ал шет елдерде бақылау органдарының жетекшiлерi мен мүшелерiн қызметтен тайдырудың себептерiн мiндеттi түрде түсiндiру, олардың мәртебесi мен осы мәртебенiң құқықтық кепiлдiктерi бақылау органдары туралы заңнамаларда көзделген.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында облыстық бюджеттiң, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады. [6]
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы бюджеттiк инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн, сондай-ақ кассалық алшақтықты жабуға облыстың жергiлiктi атқарушы органынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
Жергiлiктi
атқарушы органның қарыздары бойынша
алынған қаражаттар тиiстi қаржы
жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару
тәртiбiмен аталған
Жергiлiктi
атқарушы органының, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың мемлекеттiк қарыз
алуы тиiстi жергiлiктi атқарушы органның
белгiленген борыш лимитiмен және тиiстi
жергiлiктi атқарушы органның борышын өтеуге
және оған қызмет көрсетуге бағытталатын
жергiлiктi бюджет қаражатының көлемiмен
шектеледi.
Жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi
тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi
бюджет кiрiстерiнiң жиырма бес процентiн
құрайды.

- Бюджеттің экономикалық тиімділігі
- Бюджету району в місті для більш повного їх формування та ефективного виконання
- Бюджеты муниципальных образований
- Вагонное депо
- Вагон-ремонтное депо
- Важнейшие полимеры и их применение
- ВАЗ 2110
- Бюджетный процесс в муниципальном учреждении на примере Дорожно-транспортного управления
- Бюджетный процесс и бюджетная политика субъекта РФ
- Бюджетный учет
- Бюджетпен есеп айырысу
- Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті
- Бюджет субьекта Российской федерации "Иркутская область": доходы, расходы и обеспечение сбалансированности
- Бюджеттік органдардың ролі