Бюджеттік органдардың ролі
1 БЮДЖЕТ
ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
1.1
Бюджет жүйесі және оның
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттерінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісі байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет үш буыннан тұрады:
мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері);
жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан
Республикасында жиынтығында
- Республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанда
төтенше немесе соғыс жағдайында
төтенше мемлекеттік бюджеттің
әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы
мүмкін.
1-сызба.
Қазақстан Республикасының
1991
жылы Қазақстан
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципиалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады., бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырлан- дырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджеттте шоғырланған.
Республикалық
бюджет – бұл салықтық және басқа
да түсімдер есебінен қалыптастырылатын
және орталық мемлекеттік
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бдюжеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан
Республикасының бүкіл
Төтенше
мемлекеттік бюджеттің
Төтенше
мемлекеттік бюджеттің
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.
Төтенше
мемлекеттік бюджеттің
Қазақстан
республикасының жекелеген
Қазақстан
Республикасының бірнеше
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының
аумағында Қазақстан
2) толықтық
принципi - Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген барлық
түсiмдер мен шығыстарды
3) реалистiк
принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген)
бюджет көрсеткiштерiнiң орта
4) транспаренттiлiк принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк
принципi - бюджеттiк қатынастар аясында
бұрын қабылданған шешiмдердi
мемлекеттiк басқару
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;
7) басымдық
принципi - бюджеттiк процестi
8) жауапкершiлiк
принципi - бюджет процесiне
9) бюджеттердiң
дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi
бюджеттер арасында
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджетгің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет жөне салық саясатын жургізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық
қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның
мемлекеттік бюджетінің кірістері
мемлекеттік көсіпорындардың
Дағдыдағыдай,
кірістердің көзі салықтар немесе оларға
бара-бар төлемдер болып табылады.
Қазақстан Республикасының
1.2
Бюджет процесін Қазақстан Республикасында
ұйымдастыру
Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, түзеті жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мелекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саясаи өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджжеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзырыны мыналар кіреді:
Алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
Тиісті
қаржы жылына арналған бюджеттер
жобаларының көрсеткіштерін айқындау
жөнінде ұсыныстар талдап-
Алдағы
үш жылдық кезеңде және жоспарланып
отырған қаржы жылында
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
Тиісті
қаржы жылына арналған бюджеттіреді
нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-
Бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіліктер.
Бюджеттік
жоспарлау жоспарланып отырған
кезеңге арналған бюджет түсімдерінің
көлемін және басымдықты ескере отырып
мемлекеттің әлеуметтік-
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық
бюджеттің жобасын әзірлеу
Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процесі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:
- алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
- ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
- республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін жасауы;
- республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
- алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.
1.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган үш
жылдық кезеңге бекітілген
2.
Республикалық бюджет
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комииссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттері шегінде:
- ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды ескере отырып, басым инвестициялық жобалар тізбесін;
- заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
- Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгіленген тәртіппен:
бірыңғай бюджеттік сыныптама;
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
басым
бюджеттік инвестициялық
өткен қаржы жылында Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңде арналған бюджеттік өтінім;
орта мерзімді жоспар;
орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.
Алдағы
үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік
өтінімдерді республикалық
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.
4.Республикалық
бюджеттік бағдарламалар
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
5.Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Укіметтің қарауына ұсынады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасының бүкіл
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының, тапшылығын қаржыландырудың көлемдері;
жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсетікштің ең төменгі мөлшері;
жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;
республикалық
бюджеттен жергілікті бюджеттерге
берілетін бюджеттік
Үкіметтің резерві мөлшері;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

- Бюджетті қалыптастыру мәселелері
- Бюджеттің экономикалық тиімділігі
- Бюджету району в місті для більш повного їх формування та ефективного виконання
- Бюджеты муниципальных образований
- Вагонное депо
- Вагон-ремонтное депо
- Важнейшие полимеры и их применение
- Бюджетный процесс в муниципальном образовании
- Бюджетный процесс в муниципальном учреждении на примере Дорожно-транспортного управления
- Бюджетный процесс и бюджетная политика субъекта РФ
- Бюджетный учет
- Бюджетпен есеп айырысу
- Бюджетпен есеп айырысу есебі және аудиті
- Бюджет субьекта Российской федерации "Иркутская область": доходы, расходы и обеспечение сбалансированности