Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі



Мазмұны:

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық

негіздері

1.1.           Активтер туралы жалпы түсінік......................................................................5

 

1.2.           Ұзақ мерзімді активтер есебі...........................................................................7

 

1.3.           Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтер есебі...................................................15

 

2. «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының ұзақ және қысқа мерзімді активтерін талдау

2.1.  «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның жалпы сипаттамасы және есеп саясаты....30

 

2.2. «Кеңкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы................................................................................................................38

 

2.3.  Баланс өтімділігін талдау..................................................................................52

 

Қорытынды..............................................................................................................57

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................60

 

Қосымша...................................................................................................................62

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

              Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

              Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ұзақ және қысқа мерзімді активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
              Ұзақ және қысқа мерзімді активтер кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, нәтижесінде өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Сол себепті, кәсіпорындардың өндірілген өнімінің және жалпы кәсіпкерлік қызметінің рентабельділігі қысқа (ағымды) активтерді басқару жүйесін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Қаржы менеджерлері үшін қысқа (ағымды) активтердің құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Қысқа активтерді тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде қысқа (ағымды) активтерді несиелеудің ұйымдастырылу деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
              Актив деп кәсіпорынның ақшаға (құнмен) бағаланатын игіліктері мен құқықтарын, мүліктерін (заттарын) айтады. Олар ұйымның өткен уақыттардағы қызметінің нәтижесі болып есептелінеді. Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің меншігіндегі активтерін сол кәсіпорынды басқару, өнім өндіру, басқадай заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету, яғни ұйымның алдағы уақыттарда табыс табуы үшін пайдаланылады. Осы активтерді пайдалану арқылы алдағы уақыттарда алынатын кіріс кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаларына тікелей немесе жанама түрде келіп қосылып оның көлемін арттырып отырады.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы ұзақ және қысқа мерзімді   активтердің кәсіпорын өмірінде аса маңызды роль ойнайтынының айғағы болып табылады. Бұл, өз кезегінде, дипломдық жұмыстың кәсіпорындар үшін ең көкейтесті болып табылатын мәселелерінің біріне арналғанын көрсетеді.

              Дипломдық жұмыстың мақсаты –ұзақ және қысқа мерзімді активтер есебінің теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, ұзақ және қысқа мерзімді активтерін  талдау, қолдану тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес жұмыс өз алдына келесідей сұрақтарды қарастыруды міндет қойып отыр:

-         Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық негіздері;

-         Ұзақ және қысқа мерзімді активтердің есебі;

-         «Кенкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің есебі мен талдауы;

-         «Кенкияқмұнай» МГӨБ-ның ұзақ және қысқа мерзімді активтерінің өтімділігін арттыру.

              Дипломдық жұмыс екі бөлемге бөлінген. Бірінші бөлімде ұзақ және қысқа мерзімді активтердің экономикалық мәні, мазмұны және мақсаты, олардың құрамы мен құрылымы, есебі теориялық тұрғыдан қарастырылады. Екінші бөлім кәсіпорындардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерінің есебі  мен құрылымы динамикасын талдауға арналған. Осы тарауда, сондай-ақ кәсіпорындардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтерін басқарудың, яғни олардың тиімді мөлшерін анықтау әдістері де қарастырылатын болады.
Талдау жұмыстары «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның құрамына кіретін «Кеңкияқмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасының бухгалтерлік баланс және басқа да қаржылық есеп беру құжаттарының ақпараттары негізінді жүргізіледі.
 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бухгалтерлік баланстың актив бөлімінің теориялық негіздері.

1.1. Активтер туралы жалпы түсінік.

 

 

              Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.

              Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымының, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік – бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы – яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымды активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай – ақ басқа да ақша қаражаттары.

Баланстың негізгі элементтері келесідей анықталады:

Актив дегеніміз – бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

              Пассив – бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.

              Капитал – бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты.

              Баланс 5 бөлімнен тұрады:

1)         Ұзақ мерзімді активтер;

2)         Ағымдағы активтер;

3)         Меншікті капитал;

4)         Ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5)         Ағымдағы міндеттемелер.

              Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент – табыс және шығын – қаржы – шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                            Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активтерге – мүлік, субъектінің құндық бағасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтары жатады. Активке айналған болашақ экономикалық пайда субъектісі ақшалай қаражат түсуіне тікелей немесе жанама болуы ықтимал салым.

Болашақ экономикалық пайда егер актив:

   ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, кызмет көрсету) өндірісінде басқа активтермен косылып немесе жеке қолданылса;

   басқа активтерге айырбасталса;

   міндеттемелерді өтеу үшін пайдаланылса;

   ұйымның меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.

АКТИВ:

І.   Ұзақ мерзімді активтер.

ІІ. Қысқа мерзімді  (ағымдағы) активтер.

              Баланстың активі мен пассиві бойынша жиынтықтар баланс валютасы деп аталады. Баланс активі мен пассивінің аталып өткен әрбір бөлімінде тиісті баптар болады.

Активтер былайша жіктеледі:

1. Ұзақ мерзімдік (пайдалану мерзімі бір жылдан астам), бұларға мыналар жатады:

- материалдық емес активтер (лицензиялық келісімдер, бағдарламамен камтамасыз ету, патенттер. гудвилл, басқа да материалдық емес активтер),

- негізгі құралдар (жер, ғимараттар мен үйлер, машиналар мен жабдық, көлік құралдары, басқа да негізі құралдар);

- ұзақ мерзімдік инвестициялар (еншілестерге, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңдық тұлғалар);

-              ұзақ мерзімдік дебиторлық берешек

-              алдагы кезең шығындары;

-              басқа да ұзақ мерзімді активтер.

2. Қысқа мерзімді (ағымдағы) активтердің қолдану мерзімі - бір жылдан кем болып келеді. Олар:

- қайта өңдеу мен өткізу мерзіміне тәуелсіз тауарлы-материалдық қорлар;

-   жыл ішінде есептен шығарылуы мүмкін болашак кезеңдер шығыны;

-     ақшалай қаражат;

-  егер ол баланстық кұннан басқа болса, ағымдағы  кұнын көрсеткен қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар;

-   есепті уақыттан санағанда бір жыл ішінде алынған дебиторлық берешек. (ағымдағы активтерді сатып алғаны үшін аванстық төлемдер; алуға арналган шоттар; алынған вексельдер; негізгі серіктестіктер мен олардың еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалары арасындағы топ ішілік операциялар нәтижесінде пайда болған дебиторлық берешек; акционерлік қоғам лауазымды адамдардың дебиторлық берешегі; басқа да дебиторлық берешек);

-   басқа да қысқа мерзімді активтер.

 

 

1.2. Ұзақ мерзімді активтер есебі

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының №234-III заңына сәйкес ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді активтер есебін ұйымдастырады. Және де қаржылық есеп беру халықаралық №38 «Материалдық емес активтер», №16 «Негізгі құралдар», Бухгалтерлік есеп №6 «Негізгі құралдар», №28 «Материалдық емес активтер» деп аталатын стандарттар негізінде есепті жүргізеді.

              Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, басқа да ұзақ мерзімді активтер жатады.

 

Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді

                                                                                                                

2010

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

Ұзақ мерзімді ұсынылған қарыздар

2020

Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2030

Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2040

Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер

2110

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі

2120

Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2130

Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді берешегі

2140

Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2150

Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі

2160

Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2170

Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар

2180

Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

2210

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

Үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестициялар

2310

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

2320

Инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы

2330

Инвестициялардың құнсыздануынан болған зиян

2410

Негізгі құралдар

2411

Жер

2412

Ғимараттар

2413

Машиналар мен жабдықтар

2414

Көлік құралдары

2415

Басқа да негізгі құралдар

2416

Аяқталмаған құрылыс

2420

Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы

2421

Ғимараттардың тозуы

2422

Машиналар мен жабдықтардың тозуы

2423

Көлік құралдарының тозуы

2424

Басқа да негізгі құралдардың тозуы

2431

Ғимараттардың құнсыздануы

2432

Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы

2433

Көлік құралдарының құнсыздануы

2434

Басқа да негізгі құралдардың құнсыздануы

2510

Биологиялық активтер

Өсімдіктер

2520

Жануарлар

2610

Барлау мен бағалау активтері

2620

Барлау мен бағалау активтерінің амортизациясы

2630

Барлау мен бағалау активтерінің құнсыздануынан болған зиян

2710

Материалдық емес активтер

Гудвилл

2720

Гудвилл құнсыздануы

2730

Өзге материалдық емес активтер

2740

Өзге материалдық емес активтердің тозуы

2750

Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы

2810

Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық активтер

2910

Өзге ұзақ мерзімді активтер

Берілген ұзақ мерзімді аванстар

2920

Алдағы кезеңдердің шығыстары

2930

Аяқталмаған құрылыс

2940

Өзге ұзақ мерзімді активтер

 

Материалдық  емес активтер – табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және табыс әкелетін қасиеттері бар, ұзақ мерзімді пайдаланылатын объектілер.

  38 «Материалдық емес активтер»  ҚЕХС (Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына) және 28 «Материалдық емес активтер есебі» БЕС (бухгалтерлік есеп стандарттары) сәйкес материалды емес активтер әкімшілік  мақсатта және басқа субъектілергі жалға беруде, өндірісте және тауарларды өткізуе ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) қолдануға арналған, заттай формасы  жоқ, үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:

       а) анықтауға болады;

       ә) субъект бақылайды;

       б) қолданудан субъект болашақта пайда алуды күтеді.

       Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:

       а) материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;

       ә) белгі - өлшемдерге сай келеді және мынадай жағдайда есепте тіркеледі:

–               субъектінің осы активке тікелей байланысты күтілетін экономикалық пайда алу ықтималдығы жоғары болса;

–               актив құнын күмәнсіз сеніммен анықтауға болса;

–               материалдық емес активтерді тану сәтінде олардың бастапқы құн бойынша бағаланғанында.

              Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер.Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер, яғни бұл топқа «ноу-хоу», бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығындары, өнеркәсіптік шығындар, өнеркәсіптік үлгілер жатады.

              Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер.

         Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтерге тауар белгілері, тауардың шыққан жері жатады.

         Қолдану құқықтарымен  байланысты материалдық емес активтер.

         Бұл топқа патент, лицензияны пайдаланғаны үшін құқық, франшиза, рояльти, өнеркәсіптік үлгілер, т.б. кіреді.

Материалдық емес активтердің басқа да түрлері.

         Материалдық емес активтердің басқа да түрлеріне «Фирма бағасы» (гудвилл), интеллектуалдық меншік және т.б. кіреді.

              Материалдық емес  активтердің бастапқы құны оларды сатып алу құнына тең болады, бұған оларды алуға кеткен және қолдануға әзірлейтін жағдайға  (сатып алу бағасы, орны толып өтелмейтін салықтар мен алымдар және т.б. шығындар) келтіруге жұмсалған шығындар кіреді.

Материалдық  емес активтерді мынандай түрлерге бөліп, жіктеуге болады:

      лицензиялық  келісімдер – кәсіпорынға үкіметтік органдар немесе муниципалитет беретін және қоғамдық меншікті монополиялық пайдалануға (электр желілері үшін қоғамдық жерді пайдалануға  және т.б.) беретін құқытар;

      бағдарламамен қамтамасыз ету, ол әлде сатып алынады, не болмаса субъектінің өзі жасайды және  сыртқы немесе ішкі  мақсаттарға  арналады;

      патенттер – заңды  түрде танылған  және  тіркелген айрықша құқықтар. Патент белгілі бір өнімді шығаруға, не болмаса арнайы ерекше процесс пен технологияны пайдалануға эксклюзивтік құқық береді;

      ұйымдастыру шығындары (қалдырылған шығындар) – субъект шеккен  шығындар, олардан тек болашақта ғана нәтиже алынады немесе шығындар  болашақ кезеңдерге (ұйымның мекен-тұрақты ауыстыруына байланысты шығындар, ұзақ мерзімді  алдын ала төлеу – бірнеше жыл бұрын аванс болып төленетін) сақтандыру;

      гудвилл – субъектінің  жағымды сипаттамасына  байланысты сатып алуышының сауда сәтінде пайда болған құндылығы. Ол сатып алушының бухгалтерлік балансында сатылым (субъектінің тұтастай алғандағы құны) мен таза активтердің жеке-жеке нарықтық құн сомасы  арасындағы айырма ретінде  анықталады. Есеп мақсаттары үшін гудвилл фирманың алған нақты бағасы мен таза активтердің сәйкес теңестірілген әділ нарықтық бағасы  арасындағы  айырма ретінде қарастырылады. Таза капитал: «капитал минус міндеттемемлер» болып анықталады;

      басқадай (авторлық құқықтар – шығарма, әзірлеме және т.б. авторларға заңмен берілетін қорғау формалары, сауда маркалары немесе тауарлық белгілер – ұйымдарға, өнімге (көрсетілген қызметке) берілген, атаулар, рәміздер немесе сәйкестендіруді білдіретін басқалары); франшизалар – мемлекеттік меншікті пайдалану құқығына ие болу немесе коммуналдық қызмет көрсету және т.б. үшін үкіметтік органдар береді.

Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа ноу-хау, ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бip формуланы пайдалану технологиясы немесе сырткы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады.Кең мағынасында ноу-хау техникалық құжаттама түрінде рәсімделген, біpaқ патенттелмеген, белгілі бip өндірістің түpін ұйымдастыруға қажеттi өндірістік тәжipибeciнің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда, техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизингте, "кілті қолма - қол" тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет керсетудің сан алуан түрлерінде кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттік ақпараттар субъектінің менісі болып табылады. Кәсіпорын ноу-хаудың құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.

Материалдық емес активтердің түсуі мен құрылуын есептеу

Материалдық емес активтер мыналардың нәтижесінде алынады:

Мысалы: Бағдарламалық қамтамасыз ету алынды:

а) нақты өзіндік құнға:

2732 «Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті             

3310 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шот кредиті                                                                    60 000;

ә) ҚҚС сомасына:

1420 «Өтелетін ҚҚС» шот дебеті;

         3310 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шот кредиті                                                                    (12%)                                                             9 000;

          б) объектіні  дайын жағдайға дейін жеткізу бойынша шыққан шығындар сомасына:

2732«Бағдарламамен қамтамасыз ету» шот дебеті;

3150 «Әлеуметтік салық», 3390 «Басқадай кредиторлық берешек»                                                                  8 000;

Негізгі құралдар деп – өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

Мұнда мынадай баптар ашылуға тиіс:

1) жер;

2) ғимараттар мен құрылыс-жайлары;

3) машиналар мен жабдықтар, беріліс құрылғылары;

4) көлік құралдары;

5) өзге де негізгі құралдар;

6) аяқталмаған құрылыс.

Бұған қоса түсіндірме жазуларда ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар мен төлемі кейінге қалып, сатып алынған негізгі құралдар бөлек көрсетіледі.

              Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:

              Инвентарлық – бұл заттай  нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектіер (үйлер, ғимараттар, машиналар).

              Инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер участкесін жоспарлау, егістік алаңның өндеу).

              Негізгі құрал – жабдықтардың бастапқы, ағымды, баланстық, сату, жою, тозу және қалдық құндары болады.

              Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдер әділетті құны.

              Бастапқы құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан,            сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, пайдалануға қосу шығындары және т.б. шығындарынан тұрады.

              Ағымды құн – бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі нарықтық бағасы бойынша бағаланған құны.

              Баланстық құн – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есеп беруде көрсетілетін жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы негізгі құралдардық бастапқы немесе ағымдық құны.

              Әділетті құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.

              Сату құны -  бірін – бірі жақсы білетін және мәмілеге келуге дайын тәуелсіз жақтардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.

              Жою құны – тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бағаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардық құны.

              Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы) құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі – бір себептермен өзгеріп отырады.

Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін кәсіпорында негізгі құралдарды қайта бағалау түрі қажет. Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны бойынша бағаланады.

              Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (қасиетін) жоғалтуы.

     Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды табиғи тозығы жетпей-ақ ескеріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құраладрының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп шығарып отырады.

Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.) шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады.

Бухгалтерлік есептің №6 «Негізгі құралдардың есебі» деп аталатын ұлттық стандартына және №16-«Негізгі құралдар» деп аталатын қаржылық есеп беру халықаралық стандартына сәйкес амортизация дегеніміз – активтердің амортизацияланған құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың ақшалай көрінісі.

Негізгі құралдардың қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар ретінде қосылады.

Бастапқы құны-жойылу құны/пайдалану мерзімі

Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.

Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады, бұл кезде:

-                пайдалы кезең қызметі – бұл кезең ішінде негізгі құралдары пайдаланудан экономикалық олжа алуды кәсіпорын топшылайды;

-                нормативтік қызмет кезеңі – бұл кезең ішінде белгіленген нормаға сәйкес кәсіпорын негізгі құралдың тозуын есептейді.

              Негізгі құралдардың бухгалтерлік жазбаларда көрсетілуі:

              Негізгі өндірісте пайдаланылатын меншік және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар бойынша есептелінген тозу сомасына:

   Дт 8045 «Негізгі құралдардың тозуы»

   Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

   Жалпы шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын меншікті және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына:

   Дт 7210 «Әкімшілік шығыстар»

   Кт 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті шоттары

              Ұзақ мерзімді инвестициялар – кәсіпорындар мен ұйымдардың табысты активтеріне (акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, депозитке салған ақша-қаражаттары), жарғылық қорына және басқа кәсіпорын мен ұйымға салған ұзақ мерзімді (бір жылдан астам мерзімге) салымдары (инвестициялары), өзге кәсіпорындар мен ұйымдарға берілген қарыздар көрсетіледі.

Дебиторлық кредиторлық активткрдің есебі