Мазмұны
Кіріспе
1. Кіші кәсіпкерлікті
ұйысдастыру негізі.
1.1 Кіші кәсіпкерліктің
экономикадағы мәнімен рөлі.
1.2 Кіші кәсіпкерліктің
шаруашылық нысандары
1.3 Маңғыстау облысының
кіші және орта кәсіпкерлігінің
дамуы және жағдайын талдау.
2. Кіші кәсіпкерліктің
бухгалтерлік есебін жүргізу.
2.1 Кіші кәсіпкерліктің
бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
2.2 Кіші кәсіпкерлікте
есеп саясатын ұйымдастыру.
3. Кіші және орта
кәсіпкерлікте бухгалтерлік ұйымдастыруды
жетілдіру.
3.1 Кіші
бизнесте бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруда туындайтын негізгі
мәселелер және жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Кіші кәсіпкерлік
қазіргі нарықтық экономиканың
ең негізгі салаларының бірі
болып саналады. Оның дамуы жаңа
құрылған жұмыс орындарын, тауар
нарығының қызмет көрсетуін, экономикалық
белсенді халықтың біраз бөлігі
дербес табыс көздерінің пайда
болуына, бюджеттік шығындарға
деген әлеуметтік жүктемелерді
төмендетуге дейін апарады.
Кіші кәсіпкерліктің
негізгі ерекшелігі: шаруашылық
саладағы қызметінің мақсаты
- табыс табу, экономикалық еркіндік,
инновациялық мінездемесі, нарықта
тауарларды өткізу және қызмет
көрсету, басқару шешімдерін қабылдаудың
жеңілділігі және жеделділігі,
шаруашылық қызметін жүзеге асыру
кезінде біршама төмен шығындар,
алғашқы капиталды енгізуде ең
төменгі қажеттілік, меншікті капиталдың
айналымдылығы айтарлықтай жоғарылығы
болып табылады.
Кіші кәсіпкерліктің
негізгі рөлі болып, ол жаңа
жұмыс орындарының бірталай санын
қамтамасыз етеді, нарыққа жаңа
тауар өнімдерін енгізеді, көптеген
үлкен кәсіпорындардың мұқтаждықтарын
қамтамасыз етіп, нарыққа арнаулы
тауарларын шығарады. Бұдан басқа
республикалық және аудандық
бюджеттерді қалыптастыруда
және мемлекеттің жалпы ішкі
өнімінің құрылуында кіші кәсіпкерліктің
үлесі айтарлықтай маңызды болып
саналады.
Қазақстанмен
өзара байланысты қазіргі нарықтық
даму кезеңінде осы тақырыпты
зерттеу өзекті болып табылады.
Зерттеу жұмысының
өзектілігі. Нарықтық қатынастардың
тез дамуы барысында уақытында
басқару шешімдерін қабылдап
отыру маңызды. Ол үшін кіші
кәсіпкерлік субектілері бухгалтерлік
есепті жүргізе отырып алуға
болатын толық және нақты ақпараттар
қажет. Кіші кәсіпкерлікте бухгалтерлік
есепті жүргізуде және қаржылық
есептілікті қалыптастыру әдістемесімен
байланысты сұрақтарды шешуде
өзектілік туындайды. Негізгі
факторлар болып, бухгалтерлік
есептің даму үдерісін және
кіші кәсіпкерікте есептілікті
құрастыруда ұйымдық-экономикалық
және құқықтық негізде жұмыс
істеуін жетілдіру өзекті болып
табылады.
Ғылыми-зерттеу
жұмысының мақсаты. Кіші кәсіпкерлік
субектілерінде есеп жүргізудің
әдістемесін және есеп жүргізуде
туындайтын мәселелерін анықтап
оның жетілдіру жолдарын табу.
Осы мақсатқа
жету үшін мынадай міндеттер
қойылған:
• кіші кәсіпкерлік
субектілерінде бухгалтерлік есепті
жүргізудің нормативтік-құқықтық
негіздерін толық зерттеу;
• кіші кәсіпкерлік
субектілерінде бухгалтерлік есеп
жүргізудің әдістемесін зерттеу;
• кіші кәсіпкерлік
субектілерінде бухгалтерлік есепті
ұйымдастыруды және есеп саясатын
зерттеу;
• кіші кәсіпкерлік
субектілерінде бухгалтерлік есепті
жүргізуде туындайтын мәселелер;
• кіші кәсіпкерлік
субектілерінің бухгалтерлік есепті
жүргізуді дамыту және жетілдіру
жолдарын анықтау.
Осы
міндеттемелердің шешімдері кез
келген кіші кәсіпкерлік басшыларына
өзекті, олардың нақты шешімдерінің
жолдары бухгалтерлік есептің
тиімді тәртібін құру арқылы
және кәсіпкерлікті тиімді басқаруы
үшін өте маңызды.
1. Кіші кәсіпкерлікті
ұйымдастыру негізі.
1.1 Кіші кәсіпкерліктің
экономикадағы мәнімен рөлі.
Қазақстан Республикасының
нарықтық экономикаға өту барысында кіші
және орта кәсіпкерлікті дамыту негізгі
орынды алады. Кіші кәсіпкерлік көптеген
жоғары инвестицияларды талап етпейді
және айналым құралдарының жоғары
жылдамдығын қамтамасыз етеді, экономикалық
қайта құрылымдау мәселелерін тез және
үнемдеп шеше алады. Қазақстан экономикасының
тұрақсыздығы жағдайында нарықта тұтыну
тауарларын толтырып қалыптастыруда ресерстары
шектеулі болып табылады. Кіші кәсіпкерліктер
тұтыну сұраныстары өзгергенде соның
есебінен тұтыну нарығында тепе-теңдікті
қамтамасыз етіп оперативті әсертигізуге
мүмкіншілігі бар. Кіші кәсіпкерлік жаңа
жұмыс орындарын ашып, жұмыссыздық мәселелерін
шеше алады. Ол бәсекелі ортаны қалыптастыруда
үлесін тигізеді.
Кіші кәсіпкерліктің
мінездемесі болып:
1) заңнамалық еркіндік;
2) меншікті капиталымен
кәсіпкерлікті басқарады немесе меншікті
серіктестіктер мақсатымен кәсіпкерлікте
кіріс алу;
3) субектінің шаруашылық
қызметінің негізгі көрсеткіштерінің
көлемі шағын: жарғылық капитал, активтерінің
мөлшері, айналымының көлемі (пайда, табыс);
4) қызметкерлердің көлемі
шағын.
Кіші кәсіпкерлікке
мыналар тән:
1) Нарық талабына тез бейімделу;
2) мамандандырудың жоғарғы
деңгейі;
3) келешек бағыттарға ресурстарды
жұмылдыру мүмкіншіліктері.
Кіші кәсіпкерліктің негізгі
әлеуеті ұдайы өндіріс болып
табылады.
Кіші кәсіпкерліктің өндірістік мүмкіншілігі
тура қолдағы ресурстарына байланысты.
Оған келесілерді жатқызамыз:
- техникалық ресурстары
– өндірістік жабдықтануы;
- материалдық ресурстары
– шикізаттармен материалдар;
- кадрлық ресурстары –
кадрлардың саны және біліктілігі;
- ақпараттық ресурстары
– ішкі ортасы;
- қаржылық ресурстары
– қаржылық құралдарды қолданудың
мөлшері;
- басқару ресурсы –
шешімдер қабылдау таңдау, жоспарлау
тәртібі, есеп, бақылау және тағы
басқалары;
- уақытша ресурстар.
Қазіргі таңда
кіші кәсіпкерлік әлеуетін бағалауда
бірнеше жүрістері қабылданады.
Олардың ішінде:
- салыстырмалы жүріс,
бірнеше кәсіпкерліктер арасында
салыстырылып қаралады;
- шығынды жүріс, кәсіпкерліктің
мүліктерін бағалаумен байланысты болып
табылады.
Кәсіпкерлікті
бағалау құралы көрсетілген жүрістерге
сәйкес екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ
құралына бухгалтерлік пайдалардың,
рентабелділік нормаларының, өтімділігіне,
ішкі пайдалардың нормаларына
анықталып негізделеді. Бұл топ
құралдарын қолданғанда қаржылық
есептіліктің талдауына немесе
кәсіпкерлікте біршама уақытқа
ақша ағынын үлгілеуге негізделеді.
Бұл топтың көрсеткіштері отандық
кіші кәсіпкерлікті тиімді басқаруда
қолданады.
Екінші топтың
құралдарына кәсіпкерліктің құнын
және кәсіпкерлікті қолданудың
бағалауда анықталатын, олардың
сапалық критерилері кәсіпкерліктің
құнының мөлшерін анықтау ұсынылады.
Сонымен қатар құндардың түрлері
ажыратылады: ішкі, нарықтық, инвестициялық,
баланстық, арендалық. Бұл жүрістер
шет елдердің тәжрибесінде қабылданған.
Сонымен кез
келген кіші кәсіпкерліктің интегралдық
әлеуетінің мінездемесі, тек қана
өздері мүмкіншілктердің тәртіптерін
және нақты мәселердің шешімдерін
шешудің қабілеттілігін анықтайды.
1.2 Кіші кәсіпкерліктің
шаруашылық нысандары.
Нарықтық экономика
жүйесінде әртүрлі меншікке негізделген
кәсіпорындардың ұйымдық – құқықтық
нысандары жұмыс істейді. Кез
– келген кәсіпорынның құқықтық
негізі кәсіпкерлік болып табылады.
Кәсіпорынның
ұйымдық - құқықтық нысаны келесілермен
анықталады:
• жарғылық қордың
қалыптасу тәртібімен;
• кәсіпорын міндеттемелері
бойынша жауапкершілік дәрежесімен;
• меншік нысанымен.
Қазақстанда
кәсіпорындардың барлық ұйымдық
– құқықтық түрлерінің құқықтары
мен мүмкіндіктері бірдей және
заңдық тұрғыдан кепілдендірілген.
Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысысының
өз артықшылықтары мен кемшіліктер
бар.
Заңды тұлғалар
коммерциялық және коммерциялық
емес кәсіпорындар нысандарында
құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдарға
шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер, акционерлік қоғамдар,
мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
Заңды тұлғаны
құру үшін құрылтай құжаттарын:
жарғы мен құрылтай келісім
– шартын әзірлеу қажет.
Жарғыда келесідей
ақпарат көрсетіледі:
• ұйымның ұйымдық
– құқықтық нысаны;
• фирмалық аталуы;
• орналасқан жері;
аты көрсетілген қатысушылар
тізімі, орналасқан жерлері, мекен-жайлары,
банктік реквизиттері (егер құрылтайшысы
заңды тұлға болса), немесе төлқұжат
бойынша аты, берілген жері
мен уақыты, құжаттың берілген
мәліметтері (егер құрылтайшы
жеке тұлға болса);
• қызмет ету аясы
мен мақсаты;
• жарғылық капиталдың
мөлшері туралы мәліметтер, құрамы
мен қалыптасу тәртібі, басқару
мен бақылау органдарының құзіреттілігі;
• пайда мен зияндарды
бөлу тәртібі;
• қайта құру мен
жою тәртібі және шарттары.
2006 жылы дара
кәсіпкерлер қызметінің тәртібін
анықтайтын «Жеке кәсіпкерлік
туралы» ҚР Заңы өз күшіне
енді. Аталған заң бойынша «Жеке
кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау
туралы», «Шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау туралы» және «Дара
кәсіпкерлік туралы» заңдар өз күштерін
жойды деп танылды.
Өз қызметін
жүзеге асыру барысында, дара
кәсіпкерлерден және басқа да
шаруашылық субъектілерден кез
– келген шаруашылық субъектілері
үшін орындалуы міндетті болып
табылатын еңбек және зейнетақы
заңнамасының, міндетті әлеуметтік
сақтандыру туралы заңнаманың, сыртқы
экономикалық қызметті ұйымдастыру,
валюталық бақылау, бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру туралы заңнамасының
және басқа да заңнамалық актілердің
ережелерін ұстану талап етіледі.
Дара кәсіпкерлерге қылмыстық
заңнама, банкроттық туралы заңнама
ережелері қолданылады.
Дара кәсіпкерлер
өздерінің қызметін реттейтін
және құзіретіне кіретін мәселелер
бойынша мемлекеттік құзырлы
органдармен және жергілікті
атқарушы органдармен жарияланатын
нормативтік актілердің ережелерін
ұстанулары қажет.
Қазақстан
Республикасының Конституциясында
«...әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез
– келген заңды кәсіпкерлік
қызмет үшін еркін пайдалануға
құқығы бар. Монополистік қызмет
заңмен реттеледі әрі шектеледі.
Шынайы емес бәсекеге тыйым
салынады» деп ерекше атап
көрсетілген.
Жеке кәсіпкерлік
– бұл жеке кәсіпкерлік қызметке
негізделген және жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің атынан, олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылатын, табыс табуға
бағытталған, жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің ынталы қызметі.
Дара кәсіпкерлік
– жеке тұлғалардың өз меншігіне
негізделген, олардың тәуекелімен
және өз мүліктік жауапкершілігімен
жүзеге асырылатын, табыс табуға
бағытталған жеке тұлғалардың
ынталы қызметі.
Дара кәсіпкерлік
– өзіндік және бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылатын жеке
кәсіпкерліктің бір түрі болып
табылады.
Жеке кәсіпкерлік
меншік құқығында өзіне тиесілі
мүлік негізінде (немесе мүлікті
пайдалануға және иеленуге мүмкіндік
беретін құқық негізінде) бір
жеке тұлғамен жүзеге асырылады.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті
жүзеге асыру үшін ерлі –
зайыптылардың жалпы мүлкін пайдаланған
жағдайда, оған олардан келісімін
алу қажет.
Бірлескен
кәсіпкерлік бірнеше дара кәсіпкерлерге
тиесілі жалпы мүлік құқығы
(немесе мүлікті бірігіп пайдалануға
және иеленуге рұқсат ететін
құқық негізде) болуына байланысты
жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлік
қызмет түрлері:
- ерлі – зайыптылардың
жалпы бірлескен меншігі негізінде
жүзеге асырылатын ерлі – зайыптылардың
кәсіпкерлік қызметі;
- шаруа (фермерлік) қожалығының
жалпы бірлескен меншігі негізінде
немесе жекешелендірілген тұрғын
үйге деген жалпы бірлескен
меншік негізінде жүзеге асырылатын
отбасылық кәсіпкерлік;
- ҚР азаматтық заңнамасына
сәйкес жалпы үлестік меншік
негізінде жүзеге асырылатын
қарапайым жай серіктестік.
Осылайша, дара
кәсіпкерлер тек шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілеріне
ғана жатқызыла алады.
Шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне жатқызылатын дара
кәсіпкерлер үшін заңнамамен
жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы,
олар үшін нақты шарттарды
ұстанған жағдайда арнаулы салық
режимдері түрінде салық салудың
жеңілдетілген тәртібі, сонымен
қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің
жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.
Қазақстан
Республикасының Салық Кодексімен
белгілі бір параметрлерге сәйкес
келетін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
бір бөлігі (шағын кәсіпкерлік
субъектілері) үшін келесідей арнаулы
салық режимдері қарастырылған:
- бір реттік талон
негізінде;
- патент негізінде;
- оңайлатылған декларация
негізінде.
Арнаулы салық
режимі дара кәсіпкерлер үшін,
әлеуметтік салықты және жеке
табыс салығын есептеу мен
төлеудің оңайлатылған тәртібін
белгілейді.
Арнауы салық
режимінен басқа, шағын бизнес
субъектілеріне жатқызылатын дара
кәсіпкерлер, басқа дара кәсіпкерлер
секілді салықты есептеу, төлеудің
және салықтық есептілікті ұсынудың
жалпыға ортақ тәртібін таңдауына
да болады.
Дара кәсіпкерліктің
артықшылықтары:
• Адамға жұмысқа
тұру және жалақы алу мәселесін
шешуге мүмкіндік береді;
• Жеңіл және арзан
түрде тіркеледі;
• Мемлекеттік тарапынан
реттеу, қадағалау механизмдерінің
әсері төмендеу;
• Көптеген құжаттық
деректерді жинауды талап етпейді.
Дара кәсіпкерліктің
кемшіліктері:
• Шығармашылық белсенділіктің
өсуіне септігін тигізбейді;
• Бастапқы капиталды
жинау қиынға түседі;
• Ресми бизнестен
біреудің сізбен жұмыс істеу
ықтималдығы аз;
• Сіздің жеке меншігіңізге
қауіп төнуі мүмкін және т.б.
1.3 Маңғыстау облысының
кіші және орта кәсіпкерлігінің
дамуы және жағдайын талдау.
1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық
бейнесі
Маңғыстау
облысы 1973 жылдың 20 наурызында құрылған.
Облыс Қазақстанның оңтүстік
батысында орналасқан. Маңғыстау
облысы Каспий теңізінің шығысына
қарай орналасып, солтүстік шығысында
– Ақтөбе және Атырау облыстарында,
оңтүстігінде – Түркменстанмен,
шығысында – Өзбекстанмен шектесіп
жатыр. Маңғыстау облысының аумағы
165,6 мың шаршы километр, яғни республика
аумағының 6,1% құрайды (республика
бойынша 7-орын).
Экономикалық
белсенді халық 219,8 мың адамды
немесе Қазақстандағы барлық
ЭБХ-ның 2,5% құрады. Жұмыспен қамту
органдарында тіркелген тұлғалардың
саны 13,8 мың адам, ЭБХ арасындағы
тіркелген жұмыссыздардың үлесі
6,3% құрайды. 2012 жылдың 1 қазанындағы
жағдай бойынша аймақтағы қала
халқының саны 239,8 мың адам- ды (52%),
ауыл халқы 220,9 мың адамды (48%) құрады.
2012 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша
облыс бойынша халықтың орташа
тығыздығы (1 км² аймаққа) 2,8 адам.
Әкімшілік орталығы – Ақтау
қаласы (1992 жылға дейін Шевченко
қаласы). 2012 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай
бойынша қалада 158,5 мың адам немесе
облыстағы барлық халықтың 34,4% тұрады.
Облыста 5 ауылдық аудан және 3
қала бар, оның 2 қаласының облыстық
маңызы, 1 қаласының аудандық маңызы
бар. Маңғыстау облысы – энергия
мен судың барлық түрлерімен
автономды қамтамасыз ететін
Қазақстандағы жалғыз бірегей
өндіріс кешені. Облыс аумағы
пайдалы қазбалар кеніне бай
өңір. Пайдалы қазбалардың негізгі
түрлері мұнай мен газ. Кен
орындарының көпшілігі Жаңаөзен
қ. мен Бозащы түбегінде шоғырланған.
Маңғыстау облысының аумағында
50-ден астам мұнай мен газ
кен орындары барланған. Мұнайдың
облыс бойынша барланған қорлары
3 млрд тоннадан астам. Өндірілетін
мұнай құбырлар арқылы ішкі
нарыққа да (Атырау мұнайды қайта
өңдеу зауыты), экспортқа да шығарылады
(Ақтау – Самара құбыры арқылы
және Ақтау портымен теңіз
арқылы). 2012 жылдың бірінші жартысында
Маңғыстау облысының жалпы аймақтық
өнімі 595 871,9 млн теңгені немесе
Қазақстанның АЖӨ-нің 6,5%, адам
басына шаққанда – 1293 мың теңгені
(республика бойынша 2-орын) құрады
Маңғыстау
облысының экономикалық қызмет
түрлері бойынша АЖӨ құрылымы:
ауыл шаруашылығы – 0,2%, өнеркәсіп
– 62,3%, құрылыс – 7,8%, сауда –
2,9%, көлік және байланыс – 5,9%,
қызмет көрсету және басқалары
–20,9%. Облыс шығаратын өнеркәсіптік
өнімнің жалпы көлемі бойынша
республика бойынша 3-орында тұр.
Облыстағы негізгі кәсіпорындар:
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (Қазақстан
Республикасындағы мұнай өндіретін
жетекші компания, аймақта мұнайдың
34%, республика бойынша 7% өндіреді),
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (Жаңаөзен
қ., Өзен және Қарамандыбас кен
орындарын қазады), «Қаражанбасмұнай»
АҚ (Бозащы түбегінде мұнай кен орындарын
пайдаланады), Маңғышлақ атом энергетика
комбинаты («Қазатомпром» АҚ бөлімшесі,
аймақтың атомды энергия және сумен жабдықтадуын
қамтмасыз етеді. Құрамына суды тұщыландыратын
бірегей кешен кіреді).
2. Шағын орта кәсіпкерлікте
тіркелген және белсенді субъектілері
санының өзгеру динамикасы
Көптеген өзге
аймақтардағыдай Маңғыстау облысында
2011 жылы (шағын орта кәсіпкерлік) әрі
қарай ШОК тіркелген және белсенді субъектілерінің
саны күрт азайды. Тіркелген субъектілердің
саны 20%, белсенді субъектілердің саны
33% төмендеді. 2012 жылы ШОК белсенді субъектілер
санының азаюы жалғасып, 2012 жылы 3-тоқсанының
аяғында олардың саны 15,9 мыңды құрады.
Осының нәтижесінде ШОК тіркелген субъектілерінің
жалпы санындағы ШОК белсенді субъектілерінің
үлесі де азайды. Атап өтер болсақ, аталмыш
көрсеткіш 2010 жылда 76% құраса, 2012 жылдың
3-тоқсанының аяғында 60% түскен.
3. ШОК субъектілерінің
ұйымдастыру-құқықтық нысандар бойынша
құрылымы және оның динамикасы
ШОК тіркелген
және белсенді субъектілерінің
жалпы санының арасында 2012 жылдың
1 қазанындағы жағдай бойынша
аймақта ЖК саны басым. Тіркелген
субъектілер құрылымында ЖК үлесі
68% (17,9 мың) құрайды. ШОБ кәсіпорындарының
үлесі – 27% (7,2 мың бірл.), ШФҚ
– 5% (1,3 мың) (2-график). Маңғыстау облысындағы
ШОК белсенді субъектілерінің
құрылымында ЖК үлесі 75% (10,5 мың),
ШОБ кәсіпорындарының үлесі –
29% (4,7 мың), ШФҚ – 5% (0,7 мың) (3-график).
Ұйымдастыру-құқықтық
нысандар бөлінісінде ШОК белсенді
субъектілері санының динамикасында
соңғы алты жылда төмендегідей
беталыс көрініс алуда:
1. ШОБ кәсіпорындарының
саны 2007 ж. бері тұрақты өсіп
келеді: қарастырылып отырған кезеңде
өсім 3,1 мыңға жуық субъектіні
құрады.
2. 2010 жылдың аяғына дейін
өсіп келген ЖК саны 2011 жылда
44% дейін күрт азайды. 2012 жылда
ЖК санының азаюы жалғасып, нәтижесінде
2012 жылдың 3-тоқсанының аяғында олардың
саны 10,5 мыңды құрады.
3. ШФҚ саны 2007 жылдан бері
бері тұрақты өсіп келеді: қарастырылып
отырған кезеңде өсім 2012-ға дейін
жуық субъектіні құрады (4-график).
4. ШОК айналысушылардың
саны
Маңғыстау
облысы бойынша ШОК-пен белсенді
айналысушылардың саны 2012 жылдың 1 қазанындағы
жағдай бойынша 64,5 мың адамды
немесе Қазақстан бойынша ШОК-пен
белсенді айналысушылардың жалпы
санының 3% құрады. Бұл көрсеткіш
өткен жылмен салыстырғанда 3%
артық. Тұтастай алғанда, ШОК
аймақтағы жұмыс орнының 31% қамтамасыз
етеді. Ұйымдастыру-құқықтық бөліністе
орта бизнес кәсіпорындарында 17,6
мың адам (ШОК-пен белсенді айналысушылардың
жалпы санының 27%), шағын бизнес
кәсіпорындарында 28 мың адам (44%), ЖК
– 17,6 мың адам (27%), ШФҚ – 1,2 мың
адам (2%) жұмыс істейді (5-график).
5. ШОК субъектілерінің өнімдер
шығаруы
Маңғыстау
облысындағы ШОК субъектілері
шығаратын өнім 2012 жылдың 3 тоқсанында
157,2 млрд теңгені немесе Қазақстандағы
ШОК субъектілері шығаратын жалпы
өнімнің 4% құрады. Бұл өткен жылғы
деңгейден 3,3% артық көрсеткіш. 2012
жылдың 1 жартысындағы деректер бойынша
аймақтағы ШОК белсенді субъектілері
АЖӨ-нің 12% қамтамасыз етеді. Ұйымдастыру-құқықтық
бөліністе орта бизнес кәсіпорындары
2012 жылдың 9 айында 83,4 млрд теңгені
(аймақтағы ШОК шығаратын жалпы
өнімнің 53%), шағын бизнес кәсіпорындары
– 58,2 млрд теңге (37%), ЖК –14,7
млрд теңге (9%), ШФҚ – 0,9 млрд
теңге (1%) құрайтын өнім шығарған
(6-график).
6. ЕДБ-дің шағын
кәсіпкерлікті несиелендіру динамикасы
2012 жылдың 1 қазандағы
жағдай бойынша Маңғыстау облысындағы
екінші деңгейлі банктердің несие
портфелінің жалпы мөлшері 125,5
млрд теңгені құрады. Бұл Қазақстан
бойынша ЕДБ-дің жиынтықты несие
портфелінің 1,7% құрайды. Бұл соманың
29,5 млрд теңгесі (жалпы портфелдің
23%) шағын кәсіпкерлікке берілетін
несиелерге арналған (7-график).
Соңғы төрт
жылда аймақтағы несие портфелі
көлемінің азайғаны байқалуда:
экономикаға берілетін несие
портфелі 28,1 млрд теңгеге, шағын
кәсіпкерлікке берілетін несие
16,9 млрд теңгеге азайған. Шағын
кәсіпкерлікке берілетін несиелердің
үлесі 2010 жылғы 30%-дан, 2012 жылдың 3-тоқсанының
аяғында 23%-ға түскен.
7. Аймақтағы «Даму»
Қоры бағдарламаларының қорытындысы
туралы ақпарат
Қаражатты ЕДБ келісіп
орналастыру бағдарламалары
2012 жылдың 1 қазандағы
жағдай бойынша Маңғыстау облысында
«Даму» Қорының Бағдарламалары
бойынша ЕДБ қаражатты ескертіп
орналастыру арқылы 470 қарыз алушы
жалпы сомасы шамамен 15,9 млрд
теңге қаражат алды. Бұл көрсеткіш
игерілген қаражаттың жалпы сомасының
3,2% құрайды (13-орын). 346 жұмыс орны
құрылды.
Берілген қаражаттың
жалпы көлемінің 13,8 млрд теңгесі
(87%) Ақтау қаласына, қалған бөлігі
облыстағы өзге аудандар мен
қалаларға бөлінген. Серіктес банктердің
арасында анағұрлым белсенді
жұмыс істеп жатқандары – «ЦентрКредит
Банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ, «АТ
Ф Банк» АҚ. Аталмыш банктер
Қордың аймақтағы бағдарламалары
бойынша қаражаттың жалпы көлемінің
54% астамын берді. Салалық бөліністе
сауда (қаражаттың 38%), қызмет көрсету
(24%), өнеркәсіп (14%) және құрылыс
(12%) жобалары белсенді қаржыландырылуда.
2. Кіші кәсіпкерліктің
бухгалтерлік есебін жүргізу.
2.1 Кіші кәсіпкерліктің
бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Әлемдік
тәжрибе көрсетіп отырғандай, орта
және үлкен кәсіпорындар кіші
кәсіпкерлік субектілері ретінде
танылмайды. Кіші кәсіпкерлікте
азайтылған модель немесе аралық
кезеңде ірі фирмалардың дамуындай
болмайды. Олар өздеріне ерекше
моделді ұстанып, яғни спецификалық
сызықпен және құқықтық негізде
дами алады. Олардың басқарудағы
ерекше экономикалық жүргізетін
әдістерінің мінездемесі болып:
1.Персоналдарды басқарудың
орталықтандырған жоғарғы деңгейі.
Басқарушы – өзінің қолына
қаржылық, экономикалық, әлелметтік
функцияларын жинақтап, кәсіпорынның
өкілеттік іскерлік және басқа
да жақтарын байланыстырады.
2.Стратегиялық басқарудың
системасының болуы. Басқарушы
кәсіпорынның оперативті басқаруыда
болатын шешімдермен айналысып,
кәсіпорынның орта, ұзақ мерзімді
перспективалық дамуымен жағдайын
айқындайды.
3.Кәсіпорынның ішкі
ортасында жоғарғы байланыс: яғни
банктермен, ірі фирмалармен, мемлекеттік
администрациялар, ғылыми лобораториялармен,
кеңес беруші фирмалармен байланыста
болады.
4.Қаржылық ресурстарының
жетіспеушілігі – меншікті және
қарыздық.
5.Маркетингтік, құқықтық,
менеджерлер, және де бухгалтер
жоғары квалификацияланған мамандарды
тартуда қаржылық мүмкіншіліктері
шағын болады. Нақты айқындалған,
сауатты койылған есеп, бухгалтерлік
персоналдардың қызметінің бөлістірілуі
бір жағынан бухгалтерлік есептің
және салықтық міндеттелерді
дұрыс есетелуін жолға қояды.
Сондықтан, бірінші қойылған есеп
– кәсіпкерлік ұйымға маңызды
болып табылады және құрылтай
құжаттарының толтырылуын қамтамасыз
етеді.
6.Кәсіпкерлік қызметті
бастамас бұрын құқықтық білімді
жан-жақты жетілдіру қажет. Себебі
ұйым болсын кәсіпкерлік болсын
оған жан-жақты құқықтық база
қажет: азаматтық құқық, салық
кодексі және т.б. Кәсіпкерліктің
бас бухгалтерінің эконономикалық
білімі ғана емес құқықты білімі
болуы шарт. Себебі, әрбір ұйымда
жұмыскерлері бар, бухгалтердің
еңбек заңнамасын білуі маңызды.
7.Жұмыскерлердің шағын
көлемі. Кіші кәсіпкерлікте бір
ғана адам басқаруы мүмкін. Бірақта
басқа да салада арнаулы мамандардың
болуы бизнестің жүргізулің керектігін
аңдатып, қызметкерлерді қосымша
тарта алады.

