Есіл өзендерінің экологиясы

Мазмұны

 

 

Кіріспе .....................................................................................................................3

 

1. Кәсіпорынның  құрылымы

1.1  «Ишим бассейн инспекция» ММ  Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары.............................................................................................................5

1.2  Судың  сапалық көрсеткіштері...................................................................9

1.3   Ауыз  су сапасына себепті –салдарды  сараптау жүргізу.......................11

1.4 Су жүйесі  құбырларын жүргізу......................................................................13

 

2 Су сапасын сынау

2.1 Сынау әдістері  және процедуралары.........................................................15

2.2 Суды қорғау..............................................................................................19

2.3 Судың сапасына  сынақ жүргізуге арналған технологиялық  регламент..24

2.4  Ауыз суды залалсыздандырудың технологиялық регламенті...............26

 

Қорытынды....................................................................................................32

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

«Ишим бассейн  инспекция» ММ –де өндірістік практикамы өткіздім.

Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта  Қазақстанның даму стратегиясындағы басым  бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Осы мақсатта қалалар  мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды  мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.

Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының  пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген  бақылау аясында Қазақстан Республикасының  бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.

Экологиялық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар  кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.

Қоршаған ортаның сапасын  жақсарту және қоғамның экологиялық  тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241  Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.

Қазіргі кезеңде экологиялық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:

төтенше жағдайлардың алдын  алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;

2015 жылға дейiн Қазақстан  Республикасында қызған газдардың  шығарындыларын төмендету;

cу үнемдеу;

шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;

халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;

байырғы ластануларды жою;

өнеркәсiп және тұрмыстық  қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;

әскери-ғарыш және сынақ  кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.

«Ишим бассейн  инспекция» ММ Су қорлары мен су шаруашылығы құрылыстарының ахуалы мен сапасының, халықтың су тұтыну көлемдері мен экономиканың талдауына сүйене отырып, келесі проблемаларды өкшелеуге болады:

-Су ресурстары  мөлшеріне жиынтық баға берудін  жоқтығы, ал Қазақстанның су  қорларына кейінгі мынтық баға  беру 60-шы жылдардың орта шенінде  жүргізілді.

- Сумен жабдықтауға  байланысты қызмет көрсетулердің төмен сапасы, бұл халықтың денсаулығына қоршаған орта үшін қауіп төндіреді.

-  Су қорларын  экономикада артық пайдалану  айналымдық және қайталама сумен  жабдықтауди пайдаланудың төмен  деңгейі;

-    Су  тұтынуға қолдау көрсету мен  ынталандыру экономикалық және қаржы механизмдерінің айқын еместігі;                                                                 

- Айқын емес әрі осал институционалды және нормативтік база;                                                      

- Су қорларының проблемалары жөніндегі ақпарттардың тұрғын халық пен жұртшылыққа аз таралуы.

-   Адамдардың  тұрмыс деңгейінің нашарлауы.

Өндірістік іс – тәжірибе практикасын өткізудің мақсаты – тақырыбымның атына сәйкес  «Ишим бассейн инспекция» ММ –де кәсіпорынында өнім сапасы мен оның бәсекеге қабілеттілігін  ашып көрсету, біздің еліміздегі өндірілетін өнімның сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау болып табылады.

Осы мақсаттарға  жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:

  • Кәсіпорын  ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
  • «Ишим бассейн инспекция» ММ су қорының сапасын және оның бәсекеге қабілеттілігін  анықтау;
  • «Ишим бассейн инспекция» ММ су қорының сапалық жағдайын және суды қорғау мәселелерін талдау.

 

 

 

 

 

1. Кәсіпорынның  құрылымы

1.1  «Ишим бассейн инспекция» ММ Сумен жабдықтау жүйелерінің негізгі ғимараттары

 

Сумен жабдықтау  жүйелері кез келген мекенжайды сумен  қамтамасыз ететін құрылыстардан тұрады және олардың мақсаты суды табиғи су кездерінен қабылдап, оны тазалап  жене тиісті жерлерге жеткізіп беру болып табылады.

Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін сумен жабдықтау  жүйелерінің қүрамына мынадай ғимараттар кіреді:

а)  табиғи су көздерінен суды қабылдау ғимараттары;

б)  суды белгілі  қысыммен тиісті биіктікке немесе белгілі бір жерлерге жеткізіп беретін сорғыштар станциялары;

в)   судың  сапасын өзгертетін, жақсартатын  және тазартатын ғимараттар;

г)  су өткізгіш (водоводы) және суды таратып беретін  құбырлар;

д)  суды сақтаушы жене реттеуші сыйымдылықтар. Төмендегі 1-суретте сумен жабдықтау жүйесінің негізгі ғимараттарының орналасу сызбасы көрсетілген.

1-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ сумен жабдықтау жүйесінің сызбасы:

1 — су қабылдағыш;

2 — бірінші  су котергіш станциясы; 

3 — су тазарту  станциясы; 

4 — таза су  резервуары;

5 — екінші  су көтергіш станциясы; 

6,7 — су өткізгіш  жоне таратып беруші құбырлар;

8 — арынды  мұнара.

Суретгегі ғимараттардың  орналасу орнын өзгертуте де болады. Мөселен, бірінші мен екінші сорғыш станциялары біріктірілуі мүмкін. Кейбір жағдайда олар тіпті бір-бірінен өте алыс орналасуы да мүмкін.

Сумен жабдықтау  сызбасына табиғи су көздерінің сипаты, сапасы және су көлемі әсер етеді. Егерде суды түтынушьшарға тазаламай беру мүмкін болған жағдайда, онда су тазалау  ғимараттарын салып жатудың қажеті жоқ. Мүндай жағдай, есіресе жер асты суларын пайдаланатын жүйелереде жиі кездеседі.

 

 

2-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ жер асты су коздерін пайдалану сызбасы:

1 — артезианды құдық; 

2 - жұмыс павильоны немесе  сорғыш станциясы; 

3 — жинаушы құбыр; 

4 — таза су резервуары;

5 — екінші су көтергіш  станциясы; 

6,7 — су өткізгіш жоне  таратып беруші құбырлар.

Қабылданған су көзі судың  аздығынан мекенжайды толығымен  сумен қамтамасыз ете алмайтын болса, онда әр түрлі су көздерін пайдалана  отырып, елді мекендерге су жеткізіп берілуі мүмкін.

Жер бедерінің де су жүйесінің  сызбасына әсері бар. Мәселен, табиғи су көздері су жүйесі құрылып жатқан мекенжайдан жоғары жерде орналасқан болса (мәселен, таулы жерлерде), онда суды сорғыштарсыз-ақ жөнелтуге болады.

Кейбір жағдайларда, табиғи су көздері су қолданылатын жерден едәуір алыста болады. Сол себептен су өткізгіштердің ұзындығы ондаған, кейде жүздеген шақырымға дейін созылуы мүмкін.

Су тазалағыштар қабылдағыштарға  немесе қалаға жақын жерге орналасуы  мүмкін. Жалпы айтқанда, сумен жабдықтау жүйелерін және олардың сызбаларын жергілікті жағдайға сәйкестендіре отырып тандаған жөн.

Арынды мұнаралар жер  қыртысының ең биік жерлеріне орналасатындықтан, оның орны су қүбыры торабының бас  жағында (1-сурет), соңында немесе кез  келген нүктесінде болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған сумен  жабдықтау жүйелері үлкен немесе шағын қалаларда және өнеркәсіп  орындарында кездесуі мүмкін. Дегенмен, өнеркәсіп мекемелерінде су жүйелерінің  өзгеше және арнаулы түрлері де кездеседі.

Егер өндіріс мұқтажына жұмсалатын су онша ластанбаған немесе сәл ғана жылыған болса, ондай суды оңай тәсілдермен тазалап нсмесе салқын-датып, қайтадан өнеркәсіпке жөнелтуге болады. Мұндай жүйені "айналмалы" деп атаймыз.

3-сурет. «Ишим бассейн инспекция» ММ айналмалы су жүйесі:

1-қосымша су  қабылдағыш;

2-салқындатқыш (тазалағыш);

3-айналмалы  циклдің сорғыш станциясы; 

4-өнеркәсіп  орны;

5,6 - құбырлар.

Бір өнеркәсіп  орнынан немесе цехтан шыққан суды екінші бір өнеркәсіп орнында  немесе цехта пайдаланған  жағдайда "қайтадан" беруі (тізбектелген) су жүйесін қолданған жөн. Осы аталған жүйелерді қолдану арқылы табиғи көздерінен алынатын су шығынын азайтуға болады. Егерде бір-бірінен әр түрлі қашықтықта орналасқан көптеген елді мекендер (аудандар) жер жағдайына байланысты бір табиғи су көзімен қамтамасыз етілетін болса, онда кейінгі кездерде жиірек қолданылып келе жатқан  "топтастырылған" -(ауданаралық) жүйелер құрылуы мүмкін. Топтасқан жүйенің 1 құны әр мекенжайда құрылған жеке су жүйелерінің жалпы бағасынан әлдеқайда төмен болады. Осындай жүйелер арқылы 1 көптеген елді мекендер оңай және арзан жолмен сумен  қамтамасыз етілуі мүмкін.

Сумен жабдықтау  жүйелері мекенжайды сумен үзіліссіз  және сенімді түрде қамтамасыз етуі шарт. Бірақ жүйелердің жұмысы әр түрлі  құбылыстарга тәуелді болатындықтан (су көздеріне электр қуатына т.б.), олар мекенжайға келетін су көлемін азайтып, сапасын және арынын төмендетулері де мүмкін. Сондықтан жүйелердің жұмыс қабілетін жақсарту мақсатында олардың басты элементтері қосарланған (резервтері) болып, ал кейбіреулері кідіріс кезінде еөінен су бере алатындай сыйымдылықта орнатылуы тиіс.

Жоғарыдағы  айтылған сумен жабдықтау жүйелері оларға тек түсініктеме бергені  болмаса, олардың түрлері мен  ерекшеліктерін түгелдей қамти алмайды.

Сумен жабдықтау  жүйелерін мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

а) тұтынушылардың түрлеріне қарай шаруашылық-ауыз су жүйелері, ауылшаруашылық, өндірістік, өрттік т.б. жүйелер;

б)  мекенжайлардың түрлеріне қарай қалаларды, елді мекендерді, өндірістсрді сумен жабдықтау  жүйелері;

в)   мекенжайлардың қамтылу санына байланысты топтасқан немесе ауданаралық; жергілікті-бір мекенжай (меншікті) үшін құрылған жүйе;

г) суды пайдалану  ретіне қарай тікелей ағатын, айналмалы, қайтармалы;

Д) қабылданған  табиғи су көздері бойынша жер  бетіндегі көздерін (теңіздер, өзендер, көлдер, су қоймалар) қолданатын жүйелер;

е) судың жіберілу тәсіліне қарай өзі ағатын (гравитациялық), арынды.

Мекенжайлардың  қайсысында болмасын (қала, ауыл, өнеркәсіп  орындары), судың көлемі мен сапасына әртүрлі талаптар қоятын тұтынушылар кездеседі.

Жоғарыда айтылғандай, суды елді мекендерде шаруашылық-ауыз су мұқтажына, абаттандыру, өндіріс, өрт  қажеттеріне қолданылады. Мекенжайдың  түріне және тұтынушылардың суға қоятын талаптарына қарай және экономикалық жағдайларға байланысты мекенжай көлемінде көп мақсатты "бірлескен" су құбыры немесе жеке тұтынушылар мақсатын көздейтін "бөлінген" су құбырлары құрылуы мүмкін.

Қалаларда, әдетте, барлық тұтынушыларға су бір құбырдан беріледі. Суландыру алқаптары, себу алаңдары қала территориясының әр жерінде кездесетіндіктен және өрттердің де қаланың кез-келген жерінен шығып қалуынан қалада шаруашылық және өрттік құбырларға қосылған болады. Осы су құбыры қаладағы өнеркәсіп орындарында да су бере алады.

Суды көп  шығындайтын, бірақ тазаланбаған суды пайдалана беретін өнеркәсіп орындарында қала құбырынан бөлінген жеке өндірістік жүйені қабылдаған тиімді. Кейбір өнеркәсіп мекемелерінде суды әр түрлі сапамен және арынмен қолданады. Сондықтан, бір мекеменің ішінде әр түрлі сипаттағы тораптар болуы мүмкін.

Өндіріс орындарында  қала территориясынан тысқары жатып  жұмысшы поселкасымен бірге жеке бір өнеркәсіптік аймақты құратын  болса, онда шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына суды қала құбырынан, ал өндіріс үшін суды оның көлеміне байланысты қаладан  немесе жеке жүйеден алуға болады.

Сонымен, өнеркәсіптерде су құбырларының жекеленген (шаруашылық-ауыз су;  өндірістік)  немесе бірлескен (шаруашылық-өндірістік) түрлері кездесуі мүмкін.            

Өртке қарсы  істелетін жұмыстар, әдетте, шаруашылық ауыз су суымен жабдықтайтын жүйеге жүктелінеді, өйткені олар қала немесе өндіріс орындарында жақсы таралған.

 

1.2 Судың сапалық көрсеткіштері

 

Судың сапасы - зиянды заттардың, зияны жоқ жоғарғы  концентрациясымен сипатталады. Зияны  жоқ жоғарғы концентрациясы - ол ұзақ уақыт ішінде күнделікті қолданғанда судың құрамындағы химиялық заттардың немесе қосылыстардың ешкандай ауру немесе денсаулықтың ауытқуын тудырмайтын мөлшері.

Қолданылатын  судың иісі және дәмі 0 - 2 баллдан  аспауы керек. Егер бұған сәйкес келмесе, ол суларды белгілі тәсілдермен тазарту қажет.

 

Кесте 1 - Судың иісі және дәмін анықтау және оны бақылау шкаласы

Судың дәмінің  және иісінің сезілу деңгейі

Судың дәмінің  және иісінің деңгейі анықтау  жолдары

Судың дәміне сәйкес келетін «балл»

Байқалмайды

Лабораториялық  әдіс арқылыда сезілмейді

0

Өте әлсіз сезіледі

Тек зертханалық  жолдармен анықталады

1

Аздап байқалады

Егер назар  аударса байқалады

2

Байқалады

Барлық уақытта  оңай сезіліп тұрады

3

Бірден байқалады

Су ішуге  жарамайды

4

Өте күшті байқалады

Суды ішу  мумкін емес

5


 

Судың құрамындағы  улы заттардың мөлшері шектеулі болуы тиіс.

Зиянды заттардың, зияны жоқ жоғарғы концентрациясының  ауыз су үшін мөлшері төменгі кестеде  көрсетілген:

 

Кесте 2 - Ішетін судағы химиялық элементтердің зиянды зияны жоқ

жоғарғы концентрациясының мөлшері м г/л.

Элементтер

Санитарлық  ереже бойынша (МЕМСТ 2.1.459-96)

Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының талабы бойынша (ВОЗ1994)

Минералдану

1000

1000

рН

6,0-9,0

6,0-9,0

Жалпы кермектілік  моль/л

7,0

7,0

Сілтілігі (НСО³) моль/л

   

Хлоридтер

350

250

Сульфаттар

500

250

Кальций

   

Магний

 

200

Натрий

200

50

Нитраттар

45

3

Нитриттер

3

1,5

Аммоний

 

0,2

Алюминий

0,5

0,7

Барий

0,1

 

Бериллий

0,0002

1,5

Бор

0,5

0,3

Темір

0,3

0,003

Кадмий

0,001

0,5

Марганец

0,1

1

Мыс

1

0,07

Молибден

0,25

0,01

Мышьяк

0,05

0,02

Никель

0,1

0,001

Сынап

0,0005

0,001

Қорғасын

0,03

0,01

Селен

0,01

0,01


 

Физикалық: өндірістік бөлмелер, жұмыс орындарының құрал-жабдықтары, шығындалатын материалдар, реактивтер, энергия, уақыт.

Техникалық: өлшеу  құралдары және құрал-жабдықтар, есептеуіш техника, оргтехника.

 

 

 

1.3   Ауыз су сапасына себепті –салдарды сараптау жүргізу

 

Сапаны басқарудың негізгі принциптерінің бірі — фактылар негізінде шешімдер қабылдау. Бұл  математикалық статистиканың өндірістік, сонымен қатар басқару құралдары ретінде процестерді модельдеу әдісімен негұрлым толық шешіледі /12/. Бірақ, қазіргі заманғы статистикалық әдістерді, процеске қатысушылардың барлығын алдын-ала терең математикалық дайындықсыз қабылдау және тәжірибеде кеңінен пайдалану күрделі. 1979 жылы жапон ғалымдары мен инженерлерінің Кеңесі (JUSЕ) пайдаланылуы қарапайым процестерді сараптаудың жеті көрнекі әдістерін біртұтас етіп жинақтаған. Қарапайымдылығының арқасында олар статистикамен байланысын сақтайды және кәсіби мамандарға олардың нәтижелерін пайдалану мумкіндігін береді, ал қажет болғанда - оларды жетілдіру мүмкіндігін береді.

5М типтік  диаграмма "адам", "машина"; "материал"; "әдіс"; ״бақылау" сияқты сапа компоненттерін қарастырады, ал 6М типті диаграммада оларға "қоршаған орта" компоненті қосылады. Шешілетін квалиметрлік сараптама міндетіне сәйкес, "адам" компоненті үшін, операцияның жайлылығы мен орындалу қауіпсіздігімен байланысқан. факторлар; "машина" компоненті үшін -берілген операцияны орындаумен байланысқан, сарапталатын бұйым конструкциясының элементтері арасындағы өзарақатынас; ״әдіс" компоненті үшін — орындалатын операцияның өнімділігі мен дәлдігіне байланысты болатын факторлар; "материал" компоненті үшін - берілген операцияны орындау процесінде бұйым материалдарының қасиеттерінің өзгеруі болмайтындығымен байланысқан факторлар; "бақылау" компоненті үшін — операцияны орындау кезінде кездесетін қателіктерді нақты танумен байланыскан факторлар; "қоршаған орта" компоненті үшін — бұйымға ортаның және ортаға бұйымның әсер етуімен байланысқан факторлар анықталуы қажет.

Процесс нәтижесі араларында себеп-нәтиже типті қатынасы бар көптеген факторларға байланысты болады. Осындай себептік факторлардың барлығын бірдей бақылау мүмкін емес. Егер осының барлығы мүмкін болғанның  өзінде, онда мұндай жұмыс рентабельді болмайтын еді. Егер Парето принципін негізге алатын болсақ (Парето диаграммасы), онда екі, үш неғұрлым маңызды деген факторларды стандарттау және оларды басқару қажет етіледі. Бірақ, алдымен осы нігізгі факторларды тауып алу керек, бұны миға шабуыл әдісімен анықтауға болады, яғни туындаған жағдайды талқылайтын және нақты процеске қатынасы бар немесе таныс адамдар-эксперттер тобының жұмыс жасауы. Сосын, бір неғұрлым маңызды себеп алынады және Исикава диаграммасының көмегімен себептер мен нәтижелер жиынтығын білдіретін схема анықталады.

Исикава диаграммасы  берілген мәселеге әсерін тигізетін  жағдайлар мен факторларды табуға және топтастыруға жағдай жасайды. Исикава  диаграммасының көмегімен конструкторлық, технологиялық, техникалық, экономикалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және басқа да мәселелердің кең спектрін шешуге болады.

Қарастырылатын  мәселе шартты түрде тіке горизонтальдық сызықпен бейнеленеді. Мәселеге тікелей  немесе жанама түрде әсер ететін себептер мен факторлар еңкіш сызықтармен бейнеленеді. Сараптау кезінде барлық факторлар ескерілуге тиіс, соның ішінде маңызды емес болып көрінгендері де, өйткені Исикава диаграммасының мақсаты алға қойылған мәселені шешудің неғұрлым дәл және тиімді тәсілін іздестіру. Ал тәжірибе жүзінде алғашқы көзқараста маңызды емес болып көрінген себептердің бірнешеуін кетіру жолымен жақсы нәтижелер алуға болатын жағдайларды жиі кездестіруге болады.

Біздің алдымызда  тұрған мәселе - сапалық көрсеткіштері  МЕМСТ талаптарына жауап беретін  ауыз суды тұтынушыға жеткізу және сапалы сараптама жүргізу. "Себептер-нәтижелер" диаграммасын пайдалана отырып, біз өзіміздің мәселемізге сараптама жасай аламыз, жағдайлар мен факторлар тауып, топтастыра аламыз (3-ші сұлба).

Сонымен, "себептер-нәтижелер" диаграммасының көмегімен ауыз су сапасына әсер ететін факторлар анықталады, яғни басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет ақпараттар алынды.

Біріншілік  себептерді сараптау, мәліметтерді стратификациялау. Негізінен стратификация - нәтижелері диаграммалар және графиктер түрінде  көрсететін, кейбір критерийлер немесе айнымалыларға сәйкес, мәліметтерді сорттау процесі. Біз, стратификация айнымалысы дер аталатын, жалпы сипаттамаларына сәйкес, мәліметтер массивтерін әртүрлі топтарга жіктей аламыз. Сорттау Парето сараптамасы немесе шашырату диаграммасы сияқты басқа да құралдарға негіз болып табылады. Құралдардың бұлай үйлесуі оларды неғұрлым қуатты етеді.

Біріншілік  себептер сараптамасы, яғни Парето сарапттамасының  аты, итальяндық экономист Паретоның  атына сәйкес берілген, ол капиталдың үлкен бөлігі (80%) аз ғана адамдардың (20%) қолында болатындығын көрсеткен. Парето ережесі-"универсальды принцип", ол көптеген жағдайларда қолдануға ыңғайлы, соның ішінде сапа мәселесін шешуге де қолданылады. Парето сараптамасы жекелеген облыстарды маңыздылықтары немесе мәнділіктері бойынша тізіп тұрғызады және бірінші кезекте неғұрлым көп мәселелер (сәйкессіздіктер) тудыратын себептерді тауып, кетіруге шақырады. Парето сараптамасы Парето диаграммасымен бейнеленеді, диаграмманың абцисса осі бойынша кему тәртібімен сапа мәселесін туындатқан себептер жатқызылады, ал ордината осі бойынша сандық, сонымен қатар жинақталған (кумулятивтік) проценттік көрініспен, мәселенің өздері сандық түрде жатқызылады.

Диаграммадан  қателіктердің неғұрлым үлкен бөлігін  тудыратын себептерді білдіретін, бірінші кезектегі шараларды қабылдау облысы көрінеді. Сонымен, бірінші кезекте, алдын-алу шаралары дәл осындай мәселелерді шешуге бағытталынуы тиіс. Барлық ақауларды(100%) эксперттік сауалдар көмегімен, біз, төрт категорияға жіктедік, және келтірілген мәліметтер сараптамасынан көрініп тұрғандай, берілген жағдайда "бақылау және басқару" категориясы ақаулар болуына неғұрлым жоғары жұмыс атқарады. 3-ші суретте колдағы бар мәліметтерге сүйене отырып, тұрғызылған - Исикава диаграммасының нұсқасы келтірілген.

 

 

1.4 Су жүйесі құбырларын жүргізу

 

Құбырларды салу жұмыстарының алдында оларды жүргізу бағытын  анықтап, бақылау құдықтарының орнын  белгілеп алу керек. Құбыр жүргізілетін ордың енін құбырдың диаметрі мен  материалына, салу тереңдігі мен  жер қабатына, сонымен қатар жапсарды бекіту жұмыс жағдайларына байланысты қабылдайды.

Құбырлардың жүргізілу тереңдігі  олардағы судың қыста мұдамауын, жазда шамадан тыс қызып кетпеуін, сонымен қатар құбырларға сыртқы ауыртпалақтардан (транспорт және т.б.) зақым келмеуін қамтамасыз етуі қажет.

Жер қабатының тоңазу тереңдігін анықтау өте қиын мәселе, өйткені  ол мекенжайдың географиялық орнына ғана байланысты болмай, сонымен қатар  жер бетіндегі өсімдіктерге, түсетін  қардың қалындығына, күн сәулесінің түсу шамасына және т.б. себептерге де тәуелді болады. Мұндай бір-бірімен тығыз байланысқан себептерді қарастырып шығу, әрине қиын, сондықтан құрылыс ережелері бойынша құбырдың жүргізілу тереңдігін жер қабатының тоңазу терендігінен 0,5 м (қүбырдың астыңғы қабатына дейін) төмен алу керек. Сонымен қатар шаруашылық, ауыз су мұқтажын қамтамасыз ететін құбырларды шілде кезінде су шамадан тыс қызып кетпеу үшін жер бетінен кемінде 0,5 м терендікте жүргізу қажет.

Жалпы мекенжай территориясы үшін қабылданған терендік тұрақты  етіп алынады да, құбырларды жер бетіне параллель жүргізеді. Құбыр диаметрі 600 мм-ден үлкен болғанда, оларға қатарластыра құбырлар жүргізіледі.

Сумен жабдықтау құбырларының жүргізілетін тереңдігі мен бағытын  қала көшелеріндегі басқа торабтармен  үйлестіре отырып белгілеген жөн.

Су жүйесі құбырлары мен  басқа жүйелер торабтарының бір-бірінен  ара қашықтығы төмендегі берілген шамалардан кем болмағаны жөн (метрмен):

үйлердің іргетасына дейін..................5

темір жол рельстеріне  дейін..............4

автомобиль жолдарының жиегіне дейін...........2

байланыс торабтарына  дейін..........0,75

Есіл өзендерінің экологиясы