Еуразия сауда орталығының дизайны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Жоспар

 

 

 

1. КІРІСПЕ __________________________________________________ 3 бет

 

 

 

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2. 1  Дизайн туралы түсінік_____________________________________4 бет

 

2. 2  Еліміздегі дизайн тарихы__________________________________ 5 бет                                                                                   

 

2. 3  Сәулет өнері______________________________________________ 8 бет

 

  1. 4 Сауда индустриясы _____________________________________ 19 бет

 

2. 5  Қазақстандағы сауда-сауық индустриясының даму жолдары_ 22 бет

 

2. 6  «Еуразия» сауда орталығы________________________________ 31 бет

 

2. 7  3D модельдеу ___________________________________________ 32 бет

 

 

3. ҚОРЫТЫНДЫ ___________________________________________ 35 бет

 

 

4. Пайдаланылған деректер__________________________________ 36 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1. КІРІСПЕ 

 

Өнер  әлемі шексіз. Адам баласы өнер әлеміне сеніммен енуі үшін өмірінің алғашқы күндерінен бастап, мыңдаған жылдар бойы адам қолымен жасалынған көркем шығарма қазыналарымен толық байланыста болуы қажет. Бейнелеу өнері адамды, қоршаған айнала шындығын, табиғатты айнытпай суреттеу іс-әрекетімен оқшауланады.

 Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі Қазақстандағы сауда орталықтарының сәулеттік дизайны және сапасы туралы болмақ.

          Дизайн туралы көп нәрсе айтылып,  жазылып жатырғанмен, дизайн табиғаты  жайында ортақ көзқарас қалыптасқан  жоқ. Мәселе «дизайн» деген  сөздің өзі көбінесе қолөнер  шеберлерінің өндірістегі қызметі,  дәлірек айтқанда қызмет нәтижесі, кейбір жағдайда жалпы түрде  алынған қызметті үйымдастыру  саласы деп түсінілетіндігінде. Бірақ, кейбір жағдайда «дизайн»  өндіріс мәселелерін шешу жолындағы  шебердің қызметі саласынан шығып,  кең түрде түсіндіріледі. 

Дизайнның түрлі көріністерін қарастыра отырып, дизайн тәжірибелік қолдануы тұрақты  түрде кеңейіп отырғанын көреміз, оның саласына көрмелік дизайн, полиграфиялық  дизайн, елімізде белең алып келе жатырған ландшафтты дизайн, дизайн қызметінің көп бөлігін қамтитын заттай емес дизайн кірді. Соңғы жылдары компьютерлік дизайн жеке шығармашылық ретінде бөлініп  шықты. Сонымен, көптен бері кәсіптік өнімдерді  жобалау дизайнердің жалғыз да, тіпті  басты да қызметі емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

 

       2. 1 Дизайн туралы түсінік

 

 

       Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу. 1928 ж. АҚШ-та пайда болды. Терминдік атауы жаңа болғанымен, оның негізі ерте замандарда-ақ қалыптасқан. Мысалы, қазақ халқының қолөнер бұйымдарының (қобыз, домбыра, сандық, ожау,торсық, қару-жарақтар, сәндік әшекейлі бұйымдар, т.б.) қайталанбас түрлері этнодизайндық үлгіде жасалған. Безендіру өнерінде де дизайнның әдіс-тәсілдері мен тәжірибесі кең қолданылады. Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады. ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда дизайн өнері 1960 жылдан бастап жүйелі түрде қалыптасып, дами бастады. 1987 ж. Қазақстан Дизайнерлер одағы құрылды. Дизайн өнері қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиhаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты. Ұлттық этнодизайн да өзіндік қолтаңбасы бар өнер ретінде заман талабына сай даму үстінде.

        Графикалық дизайн. Дизайнның екінші бір түрі ақпаратты көзбен, басқа да көру құралдарымен көріп, түйсінумен байланысты. Бұл қаладағы және көлік жолдарындағы, сондай-ақ барлық графикалық дизайн деген түсініктерді біріктіретін плакаттар шығару, журнал, кітап пен газет өнімдері, тегіс қабырғалар мен ғимараттардың қас бетіне салынған «суперграфика» телехабарлардағы графикалық қондырғылар, дүкендер мен көрмелерді көркемдеу, көрнекті үгіт фирмалық стильдерде қолданылады. Бұл көріністік стильдерде жобалаудағы шешімдердің сезімдік табиғатын көрстеіп, ойға да қиял-ерік беріліп, кейде көркемдеу дизайнында ойнақы әзіл көріністер де байқалып отырады. Онда суретшілер нақты кеңістіктен бөлек бір сәттік немесе ұзақ есте қалатын сезімдік ахуал жасауға тырысады. Кеңістікпен ойнап, оны түрлендірудің тағы бір тәсілі – графика, «суперграфика» мен сұңғат өнері құралдарын қатыстырып жасалады. Жалтырақ айна беттерін пайдалануды да осылардың қатарына жатқызуға болады. Осы саладағы тағы бір бағыт нақты көлем негізінде жасалады. Басқаша айтқанда, ауқымдық кеңістік шешімдерге сүйенеді. Мысалға айнадай жарқыраған биік үйлердің қабырғалары көрші ғимараттарды, болмаса бұлт жүзген аспанның көрінісін өзіне тартып, кей жағдайда көрінбей кетсе, кей жағдайда қоршаған ортаның көз тартар белгісіне айналады.

 

 

 

      2. 2 Еліміздің дизайн тарихы 

 

       

        Қазақстан өнер туындыларына және әйгілі өнер қайраткерлеріне бай ел. Қазақ топырағы өнердің өркен жаюына құнарлы болғандықтан, еліміз өзінің мәдени туындыларымен әлемге танымал. Әсіресе біз әңгіме еткелі отырған дизайн өнерінің өрісі көңіл қуантады.

        Дизайн дегеніміз не? Бұл ұғым төңірегінде әртүрлі пікірлер бар. Бір ғалымдар жоба, біреулері сурет, тағы бірі нобай дейді. Біздің ойымызша ол – әсемдік заңына, эргономика және бионика заңдарына негізделіп, формаларды адамның антропометриясына арнап қалыптастыру философиясы. Дизайнның тарихы XІX ғасырдың ортасында Лондондағы Дж. Пэкстонның арнайы салған шыны ғимаратында өткен І халықаралық өнеркәсіп заттарының формаларын сұрыптауға арналған көрмеден басталды. Осы тұста атақты Джон Рескин мен Уильям Морристің дизайнға арналған ғылыми теориялық және тәжірибелік еңбектері де жарық көрді. Сонымен қатар 1907 жылы дүниежүзінің жартысынан көбін электр кұралдарымен қамтамасыз ететін Германия Электр ассоциациясы шығаратын заттардың әрленуіне бас-көз болу үшін әйгілі қолөнер шебері, сәулетші Питер Бернс директор болып тағайындалып, бірінші дизайн маманы және мамандығы пайда болды десек, біздің тұжырымның негізі дұрыс болады. Содан кейін 1918 жылы Германияның әсем өнер қаласы Веймарда атақты “Баухауз” атты дизайнерлер жоғары мектебі ашылғаннан кейін дизайнерлік білім кең өріс алды.

         Бірақ, осы өнердің тарихын дүние жүзін елеңдеткен белгілі бір кезеңдермен ғана сабақтастырсақ, тағы қателесуіміз мүмкін. Себебі, әлемдегі өнер майталмандарының туындылары, өнер ағымдарының даму тарихы және синтезделген өнер саласындағы шығармалар әлі де бір ізге түскен жоқ. Ал енді бәрін айт та, бірін айт дегендей, әңгіме сарынын Қазақстан дизайнына бұрайық.

         Біздің ел топырағына дизайнның келіп, әрі қарай дамуына себепші болған Тимур Бимашұлы Сүлейменов есімді азамат. 1981 жылы Қазақстан түгілі жалпы КСРО-да дизайн деген сөз ілуде бір естіліп жүргенде, Қазақ елінде Тимур Бимашұлы алғашқы болып дизайн шеберханасын ұйымдастырды. Кейінірек, бұл шеберханасын Қазақстан Суретшілер одағының жанынан ұйымдастырып, оны өзі басқарды. Тимур Сүлейменовтің бастамасымен 1987 жылы Дизайнерлер одағының құрылғаны белгілі. Елімізге елеулі азамат күні бүгінге дейін қатарында 400-ден астам дизайн майталмандары бар ұжымды басқарып келеді.

          Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған соң елді ел ететін рәміздер мен белгілердің керек екендігі айдан анық болды. Сондықтан Қазақстан Дизайнерлер одағы осы іске кірісіп кетті. Одақта арнаулы топ құрылып, егемен елдің алғашқы теңгесінің макетін өмірге әкелді. Бұл жерде теңге тек ақша ретінде ғана емес, Қазақстанның рухани және материалды байлығының келбеті екені еске алына отырып жасалды. Алғашқы теңгенің дизайнын жасауда тарихи деректермен толықтыру, ұлттық нақышта әрлендіру және тарихи түлғалардың бейнесін қолдану жөн деп табылды. Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен Қазақстан Дизайнерлер одағының өкілдері Астана, Алматы, Талдықорған, Ақтау, Мәскеу және тағы басқа қалалардың сәулет дизайнының көркеюіне белсене қатысып, Қазақ елінің таңдаулы және маңызды тұлғаларының ескерткіштерінің сәулет дизайндарын жасады. Аңырақай шайқасында ерлік көрсеткен батырларға арналған ескерткішті, Астана қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының мемориалдық кешенін, Мәскеу қаласындағы Абайға арналған монументті, Желтоқсан оқиғасына арналған Алматы қаласындағы “Тәуелсіздік таңы” монументін, Талдықорған қаласының орталық алаңын жасап, Ақтау қаласының орталық алаңының сәулет дизайнын жобалауда Қазақстан Дизайнерлер одағы өкілдерінің еңбегі зор.

         

         Жақында Қазақстан Дизайнерлер одағына 20 жыл толады. Бұл шығармашылық ұйым тек қана күнделікті әрлеу істерімен шұғылданып қоймай, шығармашылық жағынан да орасан зор биікке көтерілуде. Осы жылдың 9-16 тамыз аралығында Қазақстан қолданбалы өнерінің қара шаңырағы Ә. Қастеев атындағы ұлттық өнер мұражайында мерейтойға арналған фестиваль басталып, оның алғашқы кезеңі өтті. Онда Алматы қаласы Дизайнерлер одағы мен еліміздің барлық қалаларының дизайнерлері өз шығармашылық туындыларын халыққа паш етті. Сәулет дизайны, киім дизайны, өнеркәсіп дизайны және дизайнның басқа да түрлерінің туындылары көрсетілді. Бұл көрмеде халықаралық дизайн көрмелерінде көзге түскен авторлар өздерінің жобаларын ұсынды. Соңынан фестиваль тізгіні облыс дизайн бөлімшелеріне берілді. Үстіміздегі жылдың қараша айына дейін осы фестиваль кең байтақ еліміздің бар облыстарында және қалаларында өтеді. Оның соңы қараша айында ретроспективалы дизайн көрмесімен аяқталады. Бағдарламада дизайн өнерлерінің көрмесін, сән туындыларының шығармаларын, ғылыми теориялық және әдістемелік басқосу шараларын өткізу жоспарланған.

         Қазақстанда дизайнерлерді дайындау мәселесі жақсы жолға қойылған. Қазіргі таңда бұл саладағы сапалы, жоғары білімді мамандарды негізінен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Көкшетау университеті, “Сымбат” сән академиясы, Алматы технология және Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттері дайындайды. Заман талабына сай мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес, “Дизайн бакалавры”, “Дизайн магистрі” мамандықтары бойынша халықаралық дәрежедегі мамандар дайындалады.

Республика  Дизайнерлер одағының алдында тұрған ең бірінші міндет – “Қазақстан Республикасының мемлекеттік келбеті” атты мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру. Дүниежүзінің дамыған 50 елінің қатарына қосылу талабына сәйкес, біздің мамандар алдында үлкен істер жетерлік. Елімізді көркейтуге  Қазақстан Дизайнерлер одағының өз үлесін қосуына барлық жағдай жасалған. Қалалардың, аймақтардың келбеті әлемнің дамыған елдерінің келбетінен кем болмай, өзінің ұлттық нақышымен ерекшеленіп тұруы үшін кемеліне жеткен Қазақстан дизайнерлері ортақ іске бар күшін салады.

2. 3 Сәулет өнері

 

Архитектура, сәулет өнері – құрылысты  жобалау, салу, оған көркемдік бейне  беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген  мағынаны білдіреді. Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын  қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді  атқаруға арналған және адамның эстетикалық  талғамына жауап бере алатындай  болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. 
Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді. Ніл, Евфрат, Тигр, Үнді, Ганга, Чанзен өзендерінің сағаларында көне заманда Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда болып, ғаламат сәулет туындылары дүниеге келді. Мардук атты құдайға арналған Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды. Анығында бұл жеті қабатты, ұшар басына қарай баспалдақтап жіңішкере беретін зиккурат еді. Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы 5000 – 1800 ж. каналдар, су қоймалары, акведуктар, көпірлер мен бекіністер салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400 км каналды техникалық зор жетістік деп айтуға болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2700 – 2200 ж. салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен мамандарды әлі күнге дейін таңдандырып келеді. Месопотамияда ғимараттар балшықтан, күйдірілген кірпішпен салынып, сырты қапталып отырса, Мысырда олар сом тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы 2200 – 1500 ж. Фивы қаласы астана болған тұста, жартасқа жартылай үңгіп салынған ғимараттар пайда болды. Жаңа патшалық (біздің заманымыздан бұрынғы 1500 – 1100) кезінде Карнак пен Луксордағы        Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Ч130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады. Ордерлік жүйенің үш негізгі түрі болған: дори, ионика және коринф ордерлері. Рим сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан бұрынғы1 ғасыр – біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған құрылыс – Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған ғимарат. Оны сәулетші Аполлодор Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек қабырға тұңғыш рет күмбезбен жабылды. Кірпіш аралас бетон қабырға алтын түсті сарғылт мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м. Жарық жоғарыдан диаметрі 9 м тесіктен түсіп тұрады. Римнің таңқаларлық құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей амфитеатры, онда ордерлер жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені салынды. Каракаллы моншасына үш мың адам бірден кіре алған. Римдіктер тамаша тас жолдар, су құбырларын, акведуктар және көпірлерді сала білді. Еуропа елдерінде бес түрлі архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды. Олар: роман стилі, готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына Франция көп ықпал етті. Мұның басты ерекшелігі – қабырғалары сом соғылған бітеу, салмақты болып келеді. Терезелері енсіз, тар, бекініске ұқсайды. Готика стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ көтеретін құрылыс қаңқасы күрделі болып келеді, терезелері сүйір етіп ойылады, күмбезі қиық болып келеді де қырлары бүріледі. Қиық күмбездің арқасында салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға түсетін салмақ азаяды. Готиканың алғашқы туындысы Париждегі Нотр-Дам соборы (12 ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы). Бір келгенде 9 мың адам сияды. Әрбір тетігінде готикаға тән ерекшеліктер сақталған. Готиканың гүлденген шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс соборы (1212 – 1311) соның дәлелі. Собордың бір де бос жері жоқ, бәріне мүсіндер қойылған. Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс стилі 15 ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта жаңғыруы деп қарауға болады. Ренессанс, яғни Қайта өркендеу дәуірінде архитектураның алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей айнала кеңістікке бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан ордерлік жүйені ғана алған.

Қазақ архитектурасы, Қазақ сәулет өнері – ғимараттарды, құрылыстар мен ескерткіштер кешендерін жобалау, салу, оларға уақыт талабына сай эстетиклық көркемдік сипат  беру өнерінің ұлттық саласы. Материалдық  игілікті жасаудың басты саласы ретінде  Қазақ архитектурасы қоғамның өндірістік-экономика  дамуына, ғылым және техника жетістіктерімен  жарақтануына, оны жасаушылардың  дүниетанымдық-эстет. талғамына тығыз  байланысты жағдайда өркендейді. Қазақстан  аумағындағы жекелеген аймақтарды, оның ішінде Оңт. Қазақстан өңірін адамдар  шелл-ашель дәуірінде (ерте палеолит кезеңі) қоныстана бастады. Ашель-мустье кезеңінде қоныстану аумағы айтарлықтай  кеңейді. Қазақстан жерінде құрылыс  салу жоғары палеолит дәуірінде пайда  болды. Қаратаудағы, Баянауылдағы, Ұлытаудағы, Маңғыстаудағы үңгірлер мен адам тұрақтары шағын топтар болып  өмір сүрген, бірігіп еңбек еткен  алғашқы қауымдық құрылыстар аңшылардың, кейінірек ертедегі рулық қауымдарды құрған адамдардың тіршілік жайын сипаттайды. Бұл дәуірден ортасында дөңгелек ошағы бар, тастан немесе топырақтан қаланған, аласа қабырғалы, төбесі сырықтармен  жабылған алғашқы тұрғын үйлердің (Орт. Қазақстандағы Тамды, Бөрібас, Дамсы  тұрақтары) іздері сақталып қалған. Металл құралдарын пайдалану, кетпенді егіншілікке, мал өсіруге ауысу қоғамдық еңбек  бөлінісінің бастамасы болды. Бақташы тайпалардың бөлініп шығуы кейінгі қола дәуірінде (Беғазы-Дәндібай мәдениеті) ұланғайыр далалық жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Қола дәуірі тұрақжайлары тұрғын және шаруашылық бөлігі болып, қоршаумен екіге бөлінген (бұлар шаруашылыққа арналған қосымша құрылыстармен бірге дөңгелене орналасқан) тік бұрышты жеркепелер тобынан құралды. Ошақтың үстіндегі орталық кеңістік бөренелермен сатылы-үшбұрышты түрде, басқа жағы тіреулі бөренелермен жабылды, қабырғалары тақта тастан қаластырылды немесе топырақтан соғылды (Оңтүстік Қазақстандағы Атасу, Бұғылы тұрақжайлары). Кейінірек дөңгелек пішінді үйлер, оның ішінде жиналмалы киіз үйлер, төбесі түйетайлы етіп жабылған тік бұрышты құрылыстар (қыстаулар) пайда болды. Сонымен қатар қабір үстіндегі құрылыстардың пішіндері мен түрлері сараланып бөлінді. Қола дәуір сәулет өнерінің үлгісі өңделмеген тақтатастан қаланған Дың ескерткіштері кездеседі (екідың ғимараттары). Тас ғасырының мәйіт жерленген бейіттері күмбезбен көмкерілген және айналасы дөңгелене қоршалған, ортасында тас мүсіндері бар сәулетті кешендер түрінде жасалған. Қабір үстінде көлденеңі 30 м-ге жететін үлкен қорғандар (Жезқазған обл-ндағы Ақсу-Аюлы кешені) жиі салынған.

        Неғұрлым кейінгі дәуірдегі кешендер тас тақталармен тік бұрышты етіп қоршалды, кіре берісте галереялар салынды, төбесі бағаналармен (Беғазы, Қарағанды облысы) жабылды. Тегіскен мазарларының композицияларында (б.з.б. 9 – 6 ғасырлар, Қызылорда облысы) сыртқы қабырғалардың шаршылары оларға кірігіп тұрған дөңгелек камералармен (шикі кірпіштен тұрғызылған), сырықтармен жабылған шатырмен үйлесіп тұр. Б.з.б. 4 ғасырларда құрылыста төбені күмбездеп жабу тәсілі, сондай-ақ, оның алуан түрлері – цилиндр, сопақ, кеспек тәрізді түрлері кеңінен қолданылды. Бұлар негізінен сақ тайпалары көсемдерінің мазарларында (Баланды-2 кешені, Қызылорда облысы) тұрғызылған. Қола дәуіріндегі қабір үсті құрылыстары пішіндерінің композициясы мемориалдық және басқа құрылыстардың пішінін қалыптастыру үшін үлгі болған космогониялық түсініктердің белгілі бір жүйесі екенін дәлелдейді. Олардың жекелеген шарттары Қазақстанның кейінгі дәуірдегі ғұрыптық архитектурасының негізіне айналды.

       Ерте орта ғасырларда отырықшы халықтардың тұрғын-жайларын жоспарлау құрылымы өзгерді. Ежелгі бекініс-қалалардың орнына нығайтылған бекініс-үйлер пайда болды, кейіннен олар қамалдарға айналды. Қамалдардың айналасына немесе бір жағына Орта Азияда шахристан деп аталатын қалалар салынды. Олар бірнеше қорғаныс дуалдарымен қоршалды. Шахристанда негізінен діни ғимараттар, базарлар, ақсүйектердің, әкімдердің, ірі қолөнершілер мен саудагерлердің тұрғын үйлері тұрғызылды. Қалалардың экон. маңызы онан әрі артқан сайын оларға іргелес ұсақ қолөнершілер, саудагерлер, кедейлер тұратын рабаттар пайда болды. Үйлер мен қорғаныс құрылыстары, қорғаныс дуалдары мен мұнаралары шикі кірпіштен және саз балшық соқпаларынан салынды. Тараз қазбаларынан ірі діни ғимараттарды әшекейлеуге арналған пішімі алуан түрлі көптеген күйдірілген саз тақталары табылды. Тараз тақталары 5 – 7 ғасырларда Ақ-Тепедегі (Ташкент түбінде), Пенжикенттегі, Барахшадағы бекініс-үйлерінен табылған архит. нақыштың осындай түрлерімен біртекті. Қалалар сауда-экон. маңызының онан әрі артуы шахристанға шығыс, оңт. және батыс жағынан келіп тірелетін қала іргесіндегі рабаттардың дамуына жағдай туғызды. 11 – 12 ғасырлар қарсаңында қирап қалған бұрынғы бекіністердің орнына қаланы билеушілердің кеңейтілген, қайта жөнделген қорғаныс жүйелері бар жаңа бекіністері (сарайлар) тұрғызылды. Қаланың жоспарлау құрылымы мен бекіністері үш кезең бойында қалыптасты. Негізгі құрылыс материалдары саз балшық соқпалар мен шикі кірпіш болды. Бірінші кезеңдегі бекініс ғимараты шикі кірпіштен екі қабатты монументті етіп салынды. Оның тұғырлы қабатының ортасына биікт. 2 қабат, диам. 5,8 м жартылай өрісті күмбезбен көмкерілген және де бекіністің жоғ. қабаттағы басқа да бөлмелерінен бөлек сегіз қырлы зал орналасты. Залдың ортасында тас тақталармен шегенделген құдық қазылды. Ғимараттың батыс беті жағындағы залдың кіре берісі үстіңгі қабаттағы тұрғын жайлармен, күмбезбен көмкерілген баспалдақтар галереялары арқылы байланысады. Қабырғалардың түрлі биіктігінен ойылған ойықтардан галереяларға жарық түсірілді. Күмбезді зал ерекше құралымды құрылымымен көзге түседі. Шаршы пішінді сегіз бұрышқа айналдыру үшін оның бұрыштары кірпіш бағаналармен 2,88 м биіктікке дейін көтеріліп, содан кейін сегіз қырдың бұрыштарынан, айналдыра қалау әдісімен тұрғызылған жартылай өрісті күмбездің іргетасынан сатылы аркалар тұрғызылған. Қалыңд. бір кірпіш (40 см) күмбездің сыртқы 4 жағы айқас тартылған бедерлермен нығайтылған. Барлық бөлмелер мен баспалдақты галереялардың өтпе жолдары сыналап қаланған жебе тәрізді аркалармен жабылған. Осындай бекініс үйі Шардара бөгенінің аймағындағы Ақтөбе-І ежелгі елді мекенінен табылды. Бұл шикі кірпіштен тұрғызылған екі қабатты бекініс-үйдің бөлмелері жоғарыда айтылған тәсілмен жоспарланған, ортасында құдықты залы бар. Луговой т. ж. ст. (Жамбыл обл.) аймағындағы ежелгі Құлан қ. өзінің жоспарлану құрылымы, құрылыс материалдары және құралымдық тәсілдерінің ерекшеліктері жөнінен ерте орта ғ-ларға тән қалалардың қатарына жатады. Қазақстанның ерте орта ғ-лық ескерткіштерінің ішінде Ақыртас деп аталатын салынып бітпеген құрылыс керуен-сарайға арналған. 

9 – 10 ғасырларда Қазақстанда бүкіл  Орт. Азиядағы сияқты, зор сапалық  өзгерістер болды. 11 – 12 ғ-ларда  ол гүлдену шегіне жетті. Бұл  кезеңнің қалалары 3 жеке құрылымнан  тұрды: қамал, шахристан және  рабат. Құрылысқа күйдірілген  кірпішті қолдана бастау –  сәулет өнерін дамыту ісіндегі  ілгері дамуға жол ашты. Ғаныш  ерітіндісін қосып күйдірілген  кірпіштің өте берік болуы  ғимарат төбесі құралымын жетілдіруге,  үйлердің аумағын ұлғайтуға жағдай  туғызды. Ғаныш ерітіндісінің  тез қататын қасиеті күмбездерді  шегендеусіз қалауға қол жеткізді, мұның орманы жоқ аймақтар  үшін зор маңызы болды. Ерте  орта ғ-лар құрылыстарындағы шаршы  пішінді күмбездердің іргесі  дөңгелек пішінді күмбездерге  ауысуы сатылы-аркалы белдеулер  арқылы жүзеге асырылды. Ғимараттардың  құрылымында сегіз қырлы барабандар  пайда болды. Олар ғимараттың  шаршы пішінді төм. аумағының күмбездерге ауысуын оңайлатты. Желкендер сегіз бұрыштың қырларына орнатылды. Күйдірілген кірпіш бастапқыда негізгі конструкциялардың, шикі кірпіштен тұрғызылған монументті құрылыстардың (Қызылорда обл-ндағы бүгінгі күнге дейін біршама жақсы сақталған Сараман-Қосы мұнарасы және Бегім ана мұнарасы) алдыңғы жақ бетін қаптау үшін қолданылды. Сыртқы аумағы мұнара секілді қабір үстіне шатырлы құрылыстарды салудың ең ежелгі жергілікті дәстүрін сақтап қалған екі ескерткіштің маңызы зор (Тегіскен мазарларының солт-тегі тобы, б.з.б. 9 – 6 ғ.; Баланды күмбезі б.з.б. 4 – 2 ғ-лар).Қарахан әулеті билігі кезінде сәулет өнері барынша гүлденіп өсті. Қазақстан жерінде бұл кезеңнен Жамбыл обл-ндағы Бабажы қатын кесенесі (10 – 11 ғ.), Қарахан күмбезі (11 ғ.), Айша бибі кесенесі (11 – 12 ғ.), Жезқазған обл-ндағы Жұбан ана күмбезі (11 – 12 ғ.), Тараз қ-ндағы моншалар, т.б. ескерткіштер біршама жақсы сақталған, кейбіреулерінің қалдықтары бар. Айша бибі мазары мемориалдық құрылыстардың орт. білікті түріне жатады. Егер Бабажы қатын кесенесі және Қарахан мазарының тек алдыңғы беттері кірпішпен өрнектелген болса, Айша бибі кесенесі түгел әсем және сан алуан геом. және көгеріс нақышына құрылған әшекей тақталармен қапталған. Күн түскен кезде ғимарат қабырғалары алуан түспен құлпырып тұрады. Ескерткіш қабырғаларының құралымы ерекше. Қарағанды обл-ның Ұлытау ауд-нда орналасқан Аяққамыр күмбезі Орт. Қазақстанның аса көрнекті ескерткіштерінің қатарына жатады. Кейбір зерттеушілер оны оғыз-қыпшақ дәуіріне (11 – 12 ғ-лар) жатқызады. 11 – 12 ғ-лардағы ғимараттардың күмбездеп жабылу құралымдары, архит. аумақты композициямен салынуы және архит. сәндік құралдары мен пішіндері Қазақстан жеріндегі сәулет өнерінің озық үлгімен ілгері дамуына негіз болды. Орт. Қазақстан ескерткіштерінің арасында Алаша хан күмбезі (10 – 11 ғ-лар) өзінің архит. келбетімен ерекше көзге түседі. Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи ханақасы 14 ғ-дың аяғы мен 15 ғ-дың басындағы сирек кездесетін бірден бір архит. ескерткіш болып табылады. Ғимаратты әсемдеуге ғанышқа, ағашқа, сүйекке ою-өрнек салу, тас пен металды көркемдеп өңдеу тәсілдері, халықтық бейнелеу өнерімен етене байланысты өрнектер үлгісі кеңінен қолданылды. Бұл тамаша ескерткіште Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көп ғасырлық құрылыс өнерінің жетістіктері пайдаланылған. Қазақтың халықтық сәулет өнерін дамытуда ескерткіштің маңызы орасан зор болды.

      Қазақстанның онан әрі дамуы Орта Азия мен Қазақстан халықтарының сәулет өнерін өркендетудің жалпы бағыт-бағдарын бейнеледі. Күмбез астындағы құралымдар жетілдірілді, құрылыстардың композ. құрылымын өзгерткен қос қабатты сымбатты барабандар, ғимараттарға әсемдік және архит. өзіндік түр беретін алуан түсті жылтыр кірпіштер, қаптағыш тақталар пайда болды. 

      Қазақстанның далалық аймақтарында салынған діни және мемориалдық ескерткіштер 3 негізгі топқа бөлінеді: 1) күмбезді мазарлық; 2) қоршаулар (сағана там, төртқұлақ там); 3) қабір үстіндегі ескерткіштер және қабір үстіндегі ұстындар (сыпа, үштас, бестас, қойтас, құлпытас, т.б.). Мазарлар композициясына қарай: мұнаралы, порталды-күмбезді, орт. білікті; жабу түріне қарай: сфералық немесе барабаны бар яки барабаны жоқ, шатырлы (сопақша), күмбезді болып бөлінеді. 15 – 18 ғ-лардағы мұнаралы құрылыстарға Қызылорда обл-ның Шахнияз, Қармақшы ата мазарлары, Оңт. Қазақстан обл-ның Созақ ауд-ндағы мазарлар, т.б. бірқатар ескерткіштер жатады. Олар тік бұрышты немесе көп қырлы іргетасқа қойылған биік көп қырлы барабан арқылы сопақша немесе ұя тәрізді күмбезбен жабылған. Іші еңселі, 2-қабаты күмбезбен көмкерілген, босаға табалдырығы аласа. Мұндай құрылыстардың шығуы көшпелі баспананың (күйменің) тууына себеп болды. Дөңес жерлерге салынған бұдан ертеректегі мұнаралы құрылыстардың – Қызылорда обл-ндағы Ақсақ қыз, Сараман-Қосы, Бегім ана (10 – 12 ғ-лар) секілді бірсыпыра ескерткіштер пішіндерінің композициясы мен құрылымы ежелгі қорған құрылыстарынан алынғаны дәлелденді. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарының құрылыс ерекшелігінде қола дәуіріндегі Дың ескерткіштері белгілері айқын көрінеді (8 – 10 ғ-лар). Космол. үлгілер діни құрылыстар архитектурасының ертедегі түрлерінің бірі және әр түрлі этн. бірлестіктердің орт-тары болды. Оңт. облыстардағы күмбезді мазарларды салу ісіндегі құралымдық тәсілдер мен пішіндер композициясы Орта Азия архитектурасы ықпалымен дамыды. Оқша ата мазарын (15 – 16 ғ-лар) салған сәулетшілер тік бұрышты қабырғалардан бұрыштардағы аркалар арқылы бірте-бірте күмбездерге көшу тәсілін қолданды. Жүніс ата мазарын салу үстінде өңделген кірпіштен жасалған күрделі сталактиттер жүйесі пайдаланылды.Орт. білікті күмбезді мазарлар (Айқожа ишан күмбезі, 17 ғ., Қызылорда) кеңінен тарады. Оңт. және шығыс аймақтарда 4 шағын күмбезі бар мазарлар өріс алды. Орт. және Бат. Қазақстанда бұрышты күмбездердің орнына ұшы сүйір шағын мұнаралар немесе үшбұрышты құймалар (төрт құлақ) орнатылды. Күмбездердің пішіндерінде қабат жасау дәстүрі сақталған. Бат. Қазақстан мазарларында мұқият қаланған және беті өңделген қабырғаларға керісінше, өңделмеген әктастардан күмбез тұрғызу әдісі тарады. Бұл архит. дәстүр ертедегі темір дәуіріндегі мемориалдық және діни ескерткіштерден басталған үш қабатты қорған және неғұрлым кейінгі дәуірдегі мұнаралы құрылыстардың пішіндерімен сабақтас. Сатылы қорғандар түрлерінің дәстүрлері қабір үстіндегі құрылыстар архитектурасында Қазақстанның барлық жерінде үштас, бестас, сыпа, сандықша түрінде сақталып қалды. 20 ғ-дың қарсаңында тастан немесе шикі кірпіштен 3 – 5 – 7 қабатты, биікт. 8 м-ге дейін жететін шағын сатылы-үшбұрышты қабір үсті ескерткіштері жасалды (Шығ. Қазақстан) ===15 – 18 ғасырлардағы кешендер===Үстіртте, Маңғыстауда, Орал маңында салынған мазарлар Еуразияның көптеген көшпелі халықтарында кең тараған баспана – күймені еске түсіреді. Іргетасы жоқ бұл мазарлардың босағасы берік бекітіледі, олардың ойықтары перделерді немесе шымылдықтарды еске түсіреді. Күмбездерінің ұшы оймышты сүмбі орнатылған цилиндр немесе шар тәрізді болып келеді. Барабандарға күмбездер орнату жиі кездесті. Ішкі безендіруі де баспана-күймемен сабақтастықты байқатады. Бірақ кейбір бөлшектерден сағаналы қорған астындағы құрылыстар (күмбездердің пішіні, тұрмыс заттарының, қару-жарақтың бейнесін салу, жоғ. ойық, т.б.) дәстүрлерінің ықпалы көрінеді. Қазақстан халықтарының көшіп-қону дәстүрінің біраз өзгеруіне байланысты, күймелер бірте-бірте жойылып, оның орнына бұрын халық арасына онша тарамаған, орын ауыстыруға, қайта құруға неғұрлым қолайлы жиналмалы, алмалы-салмалы киіз үй қолданылды (қ. Киіз үй). Дәулетті адамдардың киіз үйлері тікпе немесе жапсырма әшекейлермен өрнектелген ақ киізбен (ақ түс бұрын шарапатты болып есептелді; ру, ауыл, тайпа басының белгісі болды) жабылды. Киіз үй өрнегінің құрылымы, сондай-ақ, оның барлық композициясы белгілі бір жүйеге негізделді (шеңберлі шаңырақ – күн, уықтар – күн сәулесінің тарам-тарам шапағы, аспалы желбаулар немесе бақандар – “өмір ағашы”). Киіз үйдің ортасына ошақ орнатылды. Оның есікке қарама-қарсы түпкі бөлігі – төр (құрметті) деп аталып, есіктің оң жағы әйелдердің орны (мұнда үй жиһаздары – жүк аяқ, абдыра, т.б. қойылды) деп есептелді. Есік (сықырлауық) әшекей, нақыш салынған тақтайлардан жасалды, ал киіз есік ши тоқымасының үстіне жабылды. Верный (қазіргі Алматы қ.) қ-ның әкімш.-қоғамдық орт. 19 ғ-дың 80-жылдарының орта шенінде қазіргі 28 гвардияшы-панфиловшылар бағы маңына (бұрынғы қала бағы) салынды. Бақтың айналасында ірі ғимараттар: губернатор үйі, офицерлер үйі, қоғамдық жиналыс ғимараты (қазіргі Қазақконцерттің әкімш. ғимараты), гимназия және архиерей үйлері орналасты. Олардың кейбіреулері (губернатор үйі, 1887 ж. Жер сілкінісі кезінде қираған) орыстың классик. архитектурасы стилімен салынды. Сілкініс қаланың тастан тұрғызылған көптеген құрылыстарын қиратты. Одан бергі кезде шағын үйлер күйдірілген кірпіштен қаланған аласа тұғыр қабатының үстіне ағаштан тұрғызылды. Қаланың ірі ғимараттары ағаштан қиюластырылды. 1911 жылғы күшті жер сілкінісінен қирамай қалған үйлердің бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін сақталған. Қазақстанда қалалар санының өсуіне байланысты жұмысшы поселкелері мен сауда-қолөнер орт. да көбейді. Табиғат байлықтарын пайдалану негізінде Қарағандыда, Успенскіде, Жезқазғанда, Риддерде, Зыряновта, Шахта қ. маңында, Доссор, Мақат және басқа мұнай кәсіпшіліктерінде кенттер пайда болды. 

       Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды.1927 – 29 ж. Респ. жоспарлау к-тінің арнаулы комиссиясы ауылға арналған тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың, басқа да ш.-тұрмыстық үйлердің бірсыпыра типтік сұлбасын, бас жоспарларын жасады. Жаңа құрылыстар негізінен бос жатқан жерлерде жүргізілді. Қызылорда қ-нда жеке әкімш. ғимараттары мен тұрғын үй орамдары жедел қарқынмен салынды. 30-жылдардың басында Алматы қ-нда құрылыс кең өріс алды. Түркістан-Сібір т. ж-н салу және республика астанасын Алматыға көшіру қаланың қауырт өсуіне қолайлы жағдай жасады. Қаланы көркейтіп дамыту, Алматы үшін жоспарлаудың дәстүрлі тікбұрышты-орамды жүйесі бойынша, көлденең қиып өтетін көшелерді ұзарту жолымен батыс бағытқа қарай дамытылды. Қала орт. жаңа құрылыстар ауданына (қазіргі Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшесінің аралығына) ауысты. 1926 – 34 ж. Үкімет үйінің ғимараты, Байланыс үйі, Түрксіб т. ж. басқармасы үйі салынғаннан кейін республиканың басты әкімш. алаңы ұйымдастырылды.

      

        2. 4 Сауда индустриясы

 

         Табиғат  заңы бойынша адамзат баласы ұрпақ жайып басқа дүниеге есік ашқанша үздіксіз өмір сүріп, тіршілік етіп, онымен күресіп, еңбекшілікпен айналысады. Осы тіршілік үрдісі кезінде әрбір адам ағзасы эмоцаналды түрде демалады оның әрі қарай қызмет етуі биологиялық процесс болып табылады. Сондықтан әрбір адам өз қызмет өмірі барысында міндетті түрде демалып көңіл көтеріп, серігіп, тынығып  және т.б.  үрдістермен  күй кешеді. Қарапайым әрі түбі тереңге кеткен маңызды демалыс, өз кезегінде әрбір адамның қажеттілігіне сай туризм  деген мағыналы қызмет түріне әкеліп соқтырады.

    Әлемнің  барлық тұрғындары (жасы, жынысы, ұлтына, әлеуметтік жағдайына) қарамастан  міндетті түрде демалады және  демалуға құқылы. «Туризм» сөзі  серуендеу, саяхаттау дегенді  білдіретін «тур» сөзінен шыққан. Туризм сөзінің 200-ден аса анықтамасы  бар.

    Жақсы  ұйымдастырылған ойын – сауық  индустриясы көптеген міндеттерді  шешеді:

  • Тәрбие;
  • Жақсы көңіл – күй жасау;
  • Білім;
  • Демалыс;
  • Адамды мәдени тұрғыда дамыту және т.б.

     Өзінің бос уақытының бір бөлігін  ойын – сауықпен толықтыра  отырып адам өзін еңбек бірлігі  ретінде қалыптастырады. Ойын –  сауық индустриясының негізгі  қызметіне адамдардың қажеттіліктерін  көңіл–көтере отырып қанағаттандыратын  кәсіпорындар жатады. Ондай кәсіпорындарға  қызметі ойын – сауықпен сипатталатын   цирк, аттракциондар, ойын залдары,  демалыс саябақтары,  кинотеатрлар  және т.б. жатады. Әр түрлі кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары да  ойын – сауыққа жатады. Дене  шынықтыруға жататын қызметтерді  де ойын - сауыққа жатқызуға болады: клубтар, спорт залдары және  т.б. Мәдени құндылықтарды да: кітапхана, мұражай, көрмелерді  де ойын – сауықпен байланыстыруға  болады.

Адам  баласының өмір сүру деңгейі дамуымен қатар, оның ойын – сауыққа деген  қажеттілігі де арта түсуде. Алғашқы  кезеңдерде адамдарға жүгіру бойынша  жарыстар және тура ата білу де жеткілікті еді. Одан кейін осы жұмысқа сезім  мен ақылдың қажеттілігі байқалды, осылайша театрлар мен интеллектуалды ойындар пайда болды. Егер алғашқы кезеңдері ойын – сауық жабдықтары қолдан жасалған болса, одан кейін бұл жабдықтарға техниканың дамуына орай жаңа идеялар мен материалдар қолданыла бастады. Яғни, біз қазіргі кездегі адамдардың өмір сүру салттарының, көңіл-көтеруге деген мақсаттарының, ойларының өзгергендігін байқаймыз. Осыған орай әрбір ойын – сауық кешені адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қазіргі нарықты зерттеп, адамдардың қалауларын қарастырады. Қазіргі кездегі ғалымдардың айтуынша адамдар өздерін және өз ұрпақтарын қорғаудан, киінуден, тамақтанудан бөлек, ойын сауыққа да, яғни көңіл – көтеруге де үлкен көңіл бөледі.  Оған дәлел ретінде археологиялық қазбалар кезінде табылған әртүрлі ойын және жарыс жоспарлары болып табылады.  Римдіктер, гректер бізге мәдени ғана емес, әлеуметтік – мәдени жоспардағы үлкен байлық қалдырды. Біз оларды осы күндерде де қолданудамыз. Ойын – сауық тарихи даму барысында әрдайым өзгеріп отырды.  Крестік жорықтар, революциялар кезінде олар ақырындап баяулай бастады, бірақ тоқтаған жоқ. Көптеген заң актілері құмар ойындарының өткізілуіне тиым салған, дегенмен адамдардың қалаулары үлкенірек болғандықтан олар тоқтатылмаған және жылдан – жылға әйгілі бола түскен.  Ойын – сауық индустриясының даму тарихын зерттеудің бірнеше себептері бар. Оның ең бастысы бұрынғы қателіктерді қайта кешірмеу болып табылады. Екінші маңызды себептердің бірі адамның шығармашылық табиғатын зерттеу.  Және үшінші себеп, қазіргі таңдағы қоғамның даму тархын зерттеу.

    Ойын-сауық туризмнің ажырамас бөлігі. Қазіргі таңғы турфирмалар әр түрлі ойын – сауық турларын ұсынады. Ойын – сауық турлары бұл бүкіл әлем бойынша әр түрлі және ең танымал турлар. Оның ең негізгі мақсаты, әрине саяхат барысында көңіл көтеру. Ойын – сауық турлары да басқа турлар секілді шектеулі уақытта болады. Олардың ұзақтығы көбінесе 2-4 күн. Ең кең тараған ойын-сауық турлары апта соңында болатын турлар. Кейбір турлар, тақырыптық саябақтарды аралауға негізделген турлар 5-7 күнге дейін созылуы әбден мүмкін. Ойын-сауыққа негізделген турлар көңіл – көтерудің түріне байланысты болады. Сондай турлар түрлерінің бірі – демалып жатқан мекендегі  фестивалдық бағдарламаларда,  мерекелік іс-шараларда қатысу. Және ойын-сауық турлары барысында тақырыптық саябақтарға бару өте кең таралған. Оларға кіруге арнайы билеттер сатылынып алынады және көбінесе ол билеттер жеңілдіктермен берілуі мүмкін. Ойын – сауық сипатындағы кешкі іс-шаралардың болуы да мүмкін. Олар арнайы мейрамханаларға, концерттерге бару болып табылады. Қазіргі кездегі туристерді тамақтандыру орындары да өздерінің негізгі қызметтерінен бөлек, ойын-сауық іс-шараларын ұсынуда. Сондықтанда турда тамақтануға  көбіне  кешкі ас кірмеуі мүмкін. Себебі осындай мейрамханаларда тамақтанудан бөлек, шоу бағдарламалар ұйымдастырылатындықтан турфирмалар үшін олар турдың толық бағасын ақтамауы да мүмкін. Ойын-сауық түрлері екіге бөлінеді: Біріншісі, бір реттік турлар – мейрамдарда, демалыс кездерінде, немесе дәстүрлі фестивальдар (Венециандық, в Рио-де-Жанейро) ретінде, қандай да бір ерекше жағдайларда (қаланың 100 жылдығы секілді)  ұйымдастырылуы мүмкін. Екіншісі, әрдайм қызметтегі арнайы орындарда болатын үлкен – үлкен ойын – сауық мекемелері  (Диснейленд немесе басқа да  тақырыптық саябақтар,  Лас-Вегастағы казино  және Сан-Сити (Оңтүстік  Африка)), басқа да аса танымал емес туристер қызығушылық танытатын, кішігірім ойын-сауыққа арналған жерлер. Мұндай жердегі турлар жыл бойы қызмет көрсетеді

Еуразия сауда орталығының дизайны