Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту
Мазмұны
Кіріспе …………………………………………………………………………….
1. Әдебиеттік шолу. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруға жалпы сипаттама
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды дамыту бағыттарының маңызы…………………………………………………………5-
1.2 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері……………………………………………………
1.3 Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері…………………………………10-12
1.4 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың негізгі түрі-үйірме
………………………………………………………………………………
1.5.Мектептегі химия кештерінің түрлері және оларды
өткізу жолдары ……………………………………………………………19-22
1.6 Факультативтік сабақтарды оқытудың формалары мен
әдістері…………………………………………………………
1.7 Факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі ………………………..28-30
2. Эксперименттік бөлімі. Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігін зерттеу.
2.1 Химияның негізгі курсын тереңдетуге байланысты факультативтік сабақтардың бағдарламасын құрастырып, үлгісін ұсыну.------------25-28
2.2Химиялық кештерде танымдық ойындар, сөзжұмбақтар, викториналарды және қызықты тәжірибелерді көрнекі көрсетудің маңызы------------------------
2.3 «XXI –ғасыр білгірі » ойынының жоспарын ұсыну .----------------43-47
2.4 Сыныптан тыс ойын КВН жоспарын ұсыну.------------------------
3. Нәтижелерді талқылау----------------------
Қорытынды--------------------- ------------------------------ ------------------------51
Қолданылған әдебиеттер-------------------- ------------------------------ --------52
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты, білімді, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көз - қарасы ой - тұжырымы бар бала тәрбиелеу - ұстаз алдындағы ұлы іс. Әр мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру, осыған байланысты мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың түрлерін дамыту. Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату, жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді.
Оқушылардың хмияға қызғуын біршама қанағаттандырғанымен факультетивтік сабақтардың да мазмұны мемлекеттік бағдарлама бойынша шектеледі. Оқушылар бағдарламадан тыс көптеген мәселелерді білгісі, үйренгісі келеді.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды қызықты етіп жүргізуде химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар, жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді.
Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді, осыған байланысты мен өзімнің дипломдық жұмысымдағы жүргізілген жұмыстарды тәжірибе алмасу барысында көпшілікке ұсынамын. Бұл жұмыстар болашақ мұғалімдерді химия пәніне байланысты сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері жайында сөз болды.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың сабақта алған білімін тереңдетіп сарамандық біліктер мен дағдылар алуына жағдай жасау. Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыруды қызықты, тартымды етіп ұйымдастырудың ең тиімді деген әдіс, тәсілдерін жетілдіріп, оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймай, оларды жан-жақты тәрбиелеу мақсатында жасаған жұмыстарымды ұсыну арқылы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың маңызын зерттеу.
Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңызы: жеке тұлғаны қалыптастыру үшін ірі ғалымдардың өмірімен, ғылымға шексіз берілуінің нәтижесінде ашқан жаңалықтарының мәнін және маңызын түсіндіру.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: ғылым негіздерінен білім беру, тәрбиелеудегі жинақты тәсілді жүзеге асыру, оқушыларды әржақты дамыту.
Қазіргі ахуалы: химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге араласуға әзірлеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірліөзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті оқушыны тәрбиелеу.
Зеррттеу обектісі : Орта мектеп жасындағы оқушыларға политехникалық дайындық беру.
Теориялық және әдіснамалық негіздері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың көпшілік, топтық, жеке жұмыстарға арналған әдістемелер арқылы эксперимент жасадықсалыстыру, әңгімелесу, бақылау әдістерін қолдандық және ой қорыту жасадық.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: Оқытудың мақсаты дегеніміз – жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады. Орта мектепте химиядан берілетін білімнің мазмұны химия ғылымының даму дәрежесін ескеріп, дидактикалық талаптарға сай таңдап алынады және химия ғылымының негізі деп аталады. Химияның негізі үш салалы білімнен тұрады. Олар: заттар туралы ілім; химиялық теориялар мен заңдар жөніндегі білім; химиялық өндіріс туралы білім. Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті – химияның жаратылыстану ғылымдарының арасындағы алатын орнын көрсету.
Дипломдық жұмыстың жазылуының практикалық базасы:
Ш.Уалиханов атындағы №1 мектепте мемлекетік педагогикалық практикада жүрген аралықтарда 9 – 11 сыныптарда сыныптан тыс жүргізілді
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт параграфқа бөлінген және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. ХИМИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандырудың тиімділігі
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар химия пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [1].
Химия пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте химияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде химиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын ,атап айтқанда, химиялық кештер, ойлан – тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Мектептердегі «Жас химик» қабырға газеті де бір сарынды, көшірме рөлін атқарып келеді, өйткені онда пайдаланған материалдар көбінесе ғылыми кітаптардан, газеттер мен журналдардан сөзбе - сөз көшіріле салады.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде химия апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, химиялық ойындар,жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік химиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар,тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.
Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты.
Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы болды.
Мектептерде химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс жұмыстар химия пәнін саналы меңгеруге негізделген.
Сыныптан тыс химиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату арқылы химиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі ғылыми тұрғыдан тұжырымдала бастады. Олар химия тарихынан баяндамалар дайындап, жергілікті химия өндірісіне топсеруен жасаумен айналысқан.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың басты негіздерін шешу жөніндегі алғашқы жұмыстар Москва қаласында №110 мектептің мұғалімі Л.И.Розинаның еңбектерінен байқалады. Ол академик Н.Д.Зелинскийдің басшылығымен ұйымдасқан химия қоғамының жұмысын жинақтап, қортындылайды.Л.И.Розинаның іс - тәжірибесі қалалық мектептердің жағдайына негізделіп жазылғандықтан,селолық мектептердің жағдайына аса қолайлы болмады. Осыған орай Л.И.Розинаның ұсынған қондырғылары барлық мектептер үшін шешімін таппаған кездейсоқ қорытындылар екені сыналады. Дегенмен бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіруде мұғалімдерге көп көмегін тигізді.
«Орта мектептердегі химиядан сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар және оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау » деген тақырыпта П.Н.Карелин өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап жазды. Ол өз еңбегінде сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың және оны өткізудің түрлері мен әдістерін әңгіме етеді. Болашақ мұғалімдерді химия пәніне байланысты сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері сөз болды.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың оқу - тәрбиелік рөліне, ұйымдастыру принциптеріне баса назар аударған. Дегенмен бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары химиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
1.2 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттері
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың химиялық білімін дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап химия кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен ) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты-әр түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Оқушы өз күші жететін іспен айналысса ғана оның үйірмедегі не бірлестіктегі ісі жемісті болады. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар түрлі үйірмелердің, клубтардың жұмысына оқушылардың жаппай қатысуына көңіл бөлгендері абзал. Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабілетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу - тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруге көмектесуі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып,алған білімдерін біріне-бірі үйрететін дәрежеде болады.
1.3 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері
Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу үшін химия пәні бойынша сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сапасын жақсартып, рөлін арттыра түсу көзделеді. Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын сыныптын тыс ақпараттық жұмыстар деп атайды. Дегенмен , оқушылардың бос уақыттарында білімін дамытуға байланысты жұмыстары әр түрлі мағынадағы терминдермен аталып жүр. Біз баспасөзден «сабақтан тыс» , «мектептен тыс » , «сыныптан тыс» деген термин сөздерді жиі естиміз. Бұл терминдердің кейбір ұқсастық жақтарымен қатар, бірінен - бірінің елеулі айырмашылықтары да бар.
Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырмасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағаны үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге беріген есептерді шешіп, жаттығуларды орындау да т.б. жатады.
Мектептен тыс жұмыстар сабақтан бос уақытта оқушылар сарайында, жас натуралистер стансасында, институт зертханалаларында, аудандық, қалалық метептен тыс мекемелерде, зауыт, фабрикаларда, агрохимиялық зертханаларда өткізіледі. Бұған да мектеп мұғалімі басшылық жасайды, оның арнаулы бағдарламасы болады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар мектепте, оқушылардың сабақтан бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруы оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмысты атқаруын көздейді. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныптағы жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстары да әр түрлі болады.
Сыныптан тыс жұмыстар мынадай түрлерге бөлінеді: жекелеген оқушылармен жүргізілетін жеке - дара, топтық, көпшілік жұмыстар.
Бұл жұмыстардың бағыттары мен түрлері (1-кесте) оларға қатысатын оқушылар санымен, мазмұнымен, әдістерімен де бір - бірінен ерекшеленеді.
1-кесте
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бағыттары мен түрлері
Әрбір бағытқа сәйкес оқушылар қызметінің түрлері | Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың нәтижелерін жариялау түрлерін ұйымдастыру | |
Теориялық | ||
Баяндамалар, рефераттар даярлау, теориялық, тарихи зерттеулер жүргізу. Аса күрделі есептерді шешу. Газет, хабарлама шығару жұмыстары,т.б. | Химиялық кештер, ғылыми конференциялар, үйірме сабақтары. Химия күндері мен декадаларын, апталықтарын өткізу. Олимпиадалар, білімдік ойлан тап жарыстары. Хабарламалар, газеттер жазба журналдар шығару.т.б. | |
Эксперименттік | ||
Зертханалық препаративті сарамандық сабақтар, оқушылардың эксперименттік ғылыми зерттеу жұмыстары, т.б. | Үйірме сабақтары, конференциялар, байқаулар, конкурстар, тұрақты және әр кездік көрмелер әзірлеу. | |
Конструкторлық | ||
Құралдарды конструкциялау, макеттер, үлгілер,көрнекі құралдар, жинақтамалар даярлау жұмыстары, т.б. | Химия кабинеттерін жабдықтау,көрме-стендтер ұйымдастыру ,байқаулар өткізу,т.б. | |
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың бір түрі - химия пәнінен химия ғылымына көбірек қызығатын оқушылармен жүргізілетін жеке-дара жұмыстар. Бұларға теориялық немесе сарамандық жұмыстарды орындауға байланысты тапсырмалар, ғылыми баяндамалар, рефераттар даярлау, кабинетті жабдықтауға қажетті құралдар мен көрнекіліктер әзірлеу, талдауға, синтездеуге байланысты зерттеулер, олимпиадалық есептерді шығаруға дайындық, жарыс кештеріне даярлану, т.б. жатады. Оқушылар ұжымы бір тақырып не бір жоспар бойынша екі - үш адамнан құралған шағын топқа біріктіріліп, бөлініп жұмыс жасайды.
Мұнда да оқушылар сарамандық жұмыстарды бірлесіп орындап, есептерді бірлесіп шешеді, стендтер әзірлейді, көрме ұйымдастырады, конкурстық немесе олимпиадалық есептерді шешеді. Шағын топтағы оқушылар монтаждар мен КВН, Ойлап –тап жарыстарына әзірленеді, қызықты тәжірибелерді көрсетуге дайындалады. Топтық жұмыстардың негізгі түрі - химиялық үйірме. Үйірме жұмысын ұйымдастыру міндеттерінің бірі – оқушыларға еріктілік беріп, олардың ынтасын көтермелеп отыру, жоспар құруда олардың талап-тілектерін ескеру. Үйірменің факультатив сабақтарға қарағанда уақыт жағынан да, бағдарлама жасау жағынан да елеулі айырмашылығы бар. Ол оқушылардың жеке тілектерін қанағаттандырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарға кеңірек тарту мақсатын көздейді. Үйірме мүшелерінің саны он - он бес оқушыдан артық болмауы керек.
Көптеген мектептерде үйірме жұмысын оқушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап қарасақ, әсіресе ана тілімізде жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезеңде оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәселесіне баса назар аударылады.
Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын жас химиктер үйірмесі әрбір мектепте болғаны жөн.
1.4 Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың негізгі түрі-үйірме
Орта мектепте химия үйірмелері сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың негізгі түрі болып қала береді. Дұрыс ұйымдастырылған үйірме мектептің алдына қойған көптеген мақсаттары мен міндеттерін ойдағыдай шешуіне көмектеседі. Ашып айтқанда, үйірме оқушыларды ғылымды сүюге, білімін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыруға, өз беттерінше жұмыс істей білуге, орындалатын жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа т.б.көптеген адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейді.
Көптеген мектептерде үйірме жұмысын окушылар мен мұғалімдер өз талғамдарынша жүргізіп келеді, бұл салада сыннан өткен көмекші оқу құралдары өте аз. Үйірме жұмысы жөніндегі әдістемелік әдебиеттерді талдап, санап карасақ, әсіресе ана тіліміздегілері жоқтың қасы деуге болады. Қазіргі кезенде окушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, кәсіптік бағдар беретін пайдалы жұмыстарға баулу мәсілесіне баса назар аударылуда. Мақсатқа сәйкес политехникалық білім негіздерін беретін, сарамандық іскерліктер мен дағдылар қалыптастыратын жас химиктер үйірмесі әрбір мектепте болғаны жөн. Ауылдық жердегі жас химиктер үйірмесі ауыл шарушылығын химияландыруға байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Жас химиктер азотты, фосфорлы, калийлі, т.б. тыңайтқыштарды егіске шашудың әдістері мен мөлшерін есептей білуі тиіс.
Химиялық үйірмелер жұмысының мазмұны мен мақсаттарына қарай әр түрлі бағыттары бар, қызыкты химиялық тәжірибелерді таныстыратын және оны көпшілік алдында жасай білуге оқушыларды дағдыландыратын үйірме, болашағы бар химия үйірмесі, химиялық технология, модельдер, макеттер жасайтын конструкторлық химия үйірмесі, талдау химиясы, агрохимиялық үйірме, бейорганикалық, органикалық синтездер жасайтын үйірме, химия біздің айналамызда, химия өсімдіктер әлемінде, химия оқулығы бойынша табиғатты қорғау, өлкентанушы химиктер, теориялық химия, кинетикалық химия, физика - химия, электрохимия, биологиялық химия, геохимия және минералогия, зертханашы химиктер даярлау, фотохимия үйірмелері, т. б. бар.
Үйірме мүшелері өздері таңдап алған химия үйірмесінің мазмұнына сәйкес, теориялық, тәжірибелік, өндірістік мәселелерді шешіп, химиялық өндіріс орындарынан, өздері жасаған танымжорықтан алған әсерлері жайында үйірме отырыстарында және істеген жұмыстарының мазмұны мен оқыған кітаптары туралы химия кештерінде баяндап отырады. Үйірмелердің бағдарламасы қазіргі оқу бағдарламасының негізінде, бірақ оны қайталамайтындай бағытта құрылуы тиіс.
Химия үйірмесінің мүшелері өздері орындаған жұмыстарының мазмұны туралы тұжырымын, жазбаша есебінің нәтижесін арнаулы журналдарға немесе күнделіктеріне жазады. Олар кейбір қызықты деректерді «жас химик» қабырға газетіне жариялайды. Жұмысты жеке дара орындаудан топтасып, бірлесіп орындау кейде нәтижелі шығады. Үйірме мүшелерінің жұмыстары нәтижелі шығуы үшін оны өздері таңдайды, ең негізгісі, ол жұмысты орындауға оқушылардың шамасы келетіндей болуы керек.
Шығармашылықпен жұмыс істейтін көптеген мектептердің мұғалімдері сыныптан ақпараттық тыс жұмыстарға оқушыларды көбірек қамту мақсатында үйірмелердің санын көбейтіп, химия қоғамына біріктіріп жүр. Үйірмелердің өзі бірнеше бірлестіктен тұрады. Қоғамға жас ғалымдар, қызметкерлер, оқытушылар, жоғары курс студенттері де жетекшілік ете алады.
Үйірме жетекшілері оқушылардың орындайтын жұмыстарының мазмұнын түсініп, орындау әдістерін айтады, қажетті әдебиеттерді пайдалана білуге бағыт сілтейді . Оқушыларға жоспар құруға жәрдемдеседі. Онда мынадай мәселер ескерілуі керек: оқушы қандай теориялық білімге назар аударғаны жөн, қандай тәжірибелік жұмысты орындайды, ондағы басты мәселе не, т.б.?
Әрбір үйірменің өзіндік ерекшеліктері бар, мақсаттары да бірдей емес, бірақ соған қарамастан әр түрлі химиялық үйірмелерге ортақ кейбір ерекшеліктер ескеріліп отырады.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктері ескеріліп отырады:
1.Мектептік және мектептен тыс үйірмелердің өзара бірлігі –бірін - бірі қайталамауы.
Осыған орай үйірме жұмыстарының бағдарламасын жасағанда осы ерекшеліктер ескеріліп отырады.
2.Әр түрлі үйірмелердің не бірлестіктердің бағдарламалары оқу - тәрбиелік жоспардың бір бөлігі ретінде оқушылардың мамандық таңдауына көмектесетіндей құрылуы.
3.Үйірме жұмыстарының мазмұнын кеңейтіп, соған жақын мамадық иелерімен кездесулер өткізу, сол арқылы кәсіптік бағдар беру.
4.Үйірме жұмыстарында сынақ тәжірибелік және теориялық материалдардың өзара байланысының болуы. Танымдық, білімдік танымжорықтар өткізіп отыру.
5.Үйірме жұмысын жоспарлауда ғылыми - зерттеу жұмысына, қажетті әдебиеттерді оқушылардың өз беттерінше таңдап ала білуіне көмектесу және соған үйрету
6.Әрбір сабақтың ұзақтығы теориялық матриалды талқылағанда 1 сағаттан, ал сынақтәжірибелік не конструкторлық жұмыстарды орындау 2-3 сағаттан аспауы тиіс.
7.Үйірме жұмыстары негізінен үш бөлімнен тұрады :сарамандық сабақтар, теориялық хабарламалар, сарамандық жұмыстың қорытынды есебі.
8.Үйірме материалдары оқушыларды қызықтыратын, тартымды, алуан түрлі болуы керек.
Осының бәрі оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады, сөйтіп, мамандықты еркін таңдауына мүмкіндік береді.
Үйірменің жетекшісі қауіпсіздік техникасының ережелерімен күн бұрын таныстырып, тәжірибелік жұмыстар жасайтын оқушыларға нұсқау беріп отырады. Химиялық тәжірибелерді орындау кезінде шыны заттармен, электр тоғымен, қыздырғыш, түзеткіш құралдармен жұмыс істеуге тура келеді. Әрбір үйірме сабақтарына кірісерде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау ескеріледі. Әсіресе газбен, қышқыл, сілті ерітінділерімен жұмыс істеп, органикалық синтезге байланысты тәжірибелер орындаған кезде өте сақтық керек. Қауіпсіздік техникасына байланысты нұсқауларды химия оқулықтары мен сарамандық жұмыстардың оқу құралдарынан табуға болады. Зертханада жазатайым оқиғалар бола қалған кезде, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған дәрі – дәрмек болуы қажет. Әрбір химия зертханашысы қауіпті жағдайға қарсы шараларды күнібұрын ойластырып, оған қажетті жабдықтарды дайындап қояды .
Химия үйірмелерінің түрлері: Химия біздің айналамызда, Химия өсімдіктер әлемінде, Конструкторлық химия, Агрохимия, Зертханашы химиктер, Табиғатты қорғау .т.б
1)Химия біздің айналамызда - үйірме сабақтардағы теориялық материалдар мен сарамандық жұмыстар оқушылардың күнделікті тұрмысына жақын , өмірде пайдаланып жүрген материалдардың негізінде баяндалады. Мәселен, су,ауа,топырақ,минералдық заттар,олардың тұрмыстағы рөлі. Сарамандық жұмыстар екі бөлімнен тұруы мүмкін, оны табиғаттағы химия және химия тұрмыста деп алуға болады .

- Химия, металлургия және байыту кафедрасы
- Хищение
- Хищение либо вымогательство оружия
- Хищение,мошенничество
- Хищение-понятие и признаки
- Хлеб и хлебобулочные изделия
- Хлебо - булочное оборудование
- Химическая защита яровой пшеницы
- Химические взаимодействия и процессы при синтезе SmS из металлического самария и серы
- Химические завивки
- Химический состав и пищевая ценность сырокопченых колбас
- Химический эксперимент по неорганической химии в системе проблемного обучения
- Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
- Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру