Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Жаратылыстану пәндерін оқыту технологиясы кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы:Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Орындаған студент: Муханова А.О.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к. Өнербаева З.О.
Алматы 2010
Мазмұны
Кіріспе ------------------- ------------------------------
1. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
1.1. Оқыту теориясы мен практикасында
оқушылардың өзіндік жұмыс істеу мәселелері.-------------------
1.2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды
қалыптастырудың теориялық негіздері.------------------(
2. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастыратын тәжірибелік жұмыстардың
әдістемесі мен ұйымдастырылуы.---------------
2.1. Оқушылырдың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың
әдістемесі.-------------------
2.2. Зертханалық жаттықтыру сабағын өткізу
процесіндегі оқушылардың эксперименттік
іскерлік пен дағдылыларын ұйымдастыру.------------------
2.3. Экспериментті ұйымдастыру және жүргізу тәсілдері
------------------------------
6. Қорытынды:--------------------
Әдебиеттер:-------------------
Мұғалім оқушының белсенді оқу қызметін ұйымдастыруда жетекші роль атқарады. Сапалық есептер оқушының оқуға жауапкершілікпен, түсініктілікпен қарауы сияқты бағытта қарастырылады. Оқытылған материалды түсінуді жүзеге асыратын басты құрал мұғалімнің түсіндіруі болып табылады. Бұл қағида сыныптан-сыныпқа көшкенде күрделеніп отыратын өзіндік жұмыс жүйесін құруды және қолдануды талап етеді. Мұнда оқушылардың өзіндік жұмыстарына маңызды орын беріледі. Білімді жаңарту мен терендету жолдарының бірі-өз бетімен білім алу. Оқушы бойында өздігінен білім алуға деген қажеттілік тудырып оларды тиісті дағдылармен қаруландыру мектептің маңызды міндеттерінің бірі.
Сондықтан орта мектептегі оқу процесі оқушылардың алатын білімін мұғалімнің беретін білімін одан ары өз бетінше белсенді, нысаналы танымдық іс-әрекеттің нәтижесінде игеруді талап етеді. Осыдан кейін оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысқа көңіл бөлу- оқу процесін ұйымдастырудың негізгі бір шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігіне септігін тигізетін оқу процесінде өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруді талап етеді.
Болашақ химия мұғалімі химияны оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсаттары мен мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелік зерттеулерді, оқытудың техникалық және көрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістерін, психология, педагогика ғылымдары мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасында батыл енгізу тәсілдерін университет қабырғасында жүргенде игере бастауы тиіс екені белгілі.
Жалпы психология-педагогикалық әдебиеттерде өз бетімен жұмыс істеу ұғымына әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. И.Н.Нұғманов, У.М.Маканов, М.Ж.Жадрина т.б өз бетімен жұмыс істеу жеке тұлғаға тән қасиет ретінде қарастырса , П.И.Пидкасистый, Т.И. Шамова,М.И.Махмутов және т.б. зертеушілердің пікірінше ізденімпаздылық танымдық іс-әрекеттің сапалық көрсеткіші ретінде сипатталады. Мектеп оқыту жүйесінде, әсіресе химияны оқытуда өзіндік жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру туралы зерттеулер жеткіліксіз деп айтуға болады.
Бұдан оқушылырдың
өзіндік жұмыс істеу дағдысын
химиядан зертханалық сабақтард
Зерттеудің объектісі. Орта мектепте химияны оқыту процесі.
Зерттеу пәні. Зертханалық сабақтар барысында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін тиімді қалыптастыру процесі.
Зерттеудің пәні. Зертханалық сабақтар барысында оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін тиімді қалыптастыру процесі.
Зерттеудің мақсаты. Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздей отырып оны қолданудың педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау.
Зертеудің болжамы. Егер химиядан зертханалық сабақтарда 8 сыныптан бастап оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысы жүйелі түрде әрдайым қалыптастырып отырса, онда олардың ойлау қабілеттері артып білім сапасының жоғарлауына, сабаққа қызығушылығына ықпал жасалынады және болашақ маман- мұғалімдердің мектеп оқушыларының өзіндік жұмыс дағдысын қалыптастыруға дайындығы артады.
Зертеудің мақсатына, пәніне және ұсынылған болжамға сәйкес зерттеу барысында төмендегідей міндеттерді шешу керек екендігі айқындалды:
-психология-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау негізінде оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларының мән-мағынасын, мазмұны мен құрылымын ашу және негіздеу;
- өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыратын оқушылардың танымдық іс-әрекеттеріне сипаттама бере отырып оның негізгі жолдарын ашып көрсету;
- зертханалық сабақтарда химиядан арнайы жеке-дара тапсырмалар құрастыру, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысының даму деңгейлеріне сәйкес әдістемесін ұсыну;
- оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеру.
Қойылған міндеттерді түбегейлі шешу үшін келесі
ғылыми педагогикалық әдістер қолданылды:
-зерттелініп отырған проблемаға байланысты психологиялық, педагогикалық, логикалық, философиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау;
- орта мектепте химияны оқыту процесін бақылау;
- мұғалімдермен анкета, пікірталас, әңгімелер жүргізу;
- ұсынылған әдістеме туралы оқытушылардың, оқушылардың және әріптестердің пікірлерін тыңдау;
- зерттеу барысында дайындалған әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру;
Қорғауға мына мәселелер ұсынылады:
-өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың негізгі құралы бола алатын оқушылардың өзіндік жұмыстарын химиядан зертханалық сабақтарды ұйымдастырудың әдістемелері.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
-оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін тиімді қалыптастыру процесінің мазмұны ашылды, оның негізгі кедергілерінің үлгісі жасалынды;
-химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелері ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылысы:
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
²Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық негіздері², атты-тарауда психологиялық, педагогикалық әдебиеттердегі өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселесі туралы зерттеу еңбектерге, көзқарастарға жан-жақты талдау жасалынады.
²Оқушылардың өзіндік жұмыс дағдыларн қалыптастыратн тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастырылуы², деп аталатын екінші бөлімде, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың нақты әдістемесі беріліп, оның оқу процесінде жүзеге асуының тиімділігі мен нәтижелері талданады.
Педагогика оқулығында И.П.Подласый [1] негізгі керекті категориялардың
анықтамаларын келтірген:
Білік - адамдардың фактілерге, ұғымдарға және ғылыми заңдарға сүйене отырып көрсете алатын объективті шындық,өмір тәжірибесіне және игерілген дағдылары мен білімдері негізінде саналы түрде өз бетімен орындайтын практикалық және теориялық тұжырымдар жасаудағы іс-әрекеттер.
Дағды - көптеген жаттығулар арқылы шыңдалған, керекті іс-әрекеттерді орындауда байқалатын, практикалық түрдегі іс-әрекеттің компоненттері.
Яғни,білік- оқып-үйренген білімдерді іс жүзінде қолдану тәсілдерін игеру, ал дағды -жоғары дәрежелі автоматты түрге дейін жетілдірілген білім деңгейі.
С.В.Иноземцева [2] білім мен дағды ұғымдарына талдау жасай келе, Ильина Т.А.Лернер И.Я., Разумовский В.Т.,Скаткин М.Н.,Талызина Н.Ф. еңбектерінде білімді адамның игеруін саналы түрде орындайтын әрекеттері, жекеленген жалпы іс-әрекеттер және жалпы іс-әрекеттер процесі деп аталатын ойларын, Кабанова-Меллер Е.Н., Усова А.В., Щукина Г.И. еңбектерінде білімді іс-әрекеттердің белгілі түрлерін орындауға керекті қабілеттілік ойларын атап көрсете отырып, бұл ұғымдарға автор өзінің анықтамасын төмендегідей түрде ұсынады: білім-саналы түрде бақылауды талап ететін адам игерген іс-әрекет қабілеттілігі, ал дағды -саналы түрде бақылауды қажет етпей-ақ жүргізілетін іс-әрекет қабілеттілігі.
Осы айтылғандарды қорыта келе, біздің көзқарасымыз бойынша бұл ұғымдарды былай тұжырымдауды ұсынамыз: білім - іс-әрекет қорытындылары сапалы болуда қамтамасыз ететін, адамның өз бетімен істейтін әрекеттер жинағы; ал дағды көптеген қайталаулар арқылы шыңдалып жетілдірілген және солардың негізінде жоғары деңгейдегі жаңа білімдерді қалыптастыру мүмкіндігін туғызатын білім.
Қазақстандағы білім жүйесін дамытудағы қазіргі кезеңдері оқыту әдістемесінің жалпылама түсіндірілетін түрінен проблемалық түрге ауысуын және оқушылардың әрқайсыларының жеке бастарына икемделген әдістерді бағдарлайды. Жеке адамның шығармашылық қабілеттілігін дамыту қазіргі кездегі білім жүйесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі, осы проблеманың әртүрлі қыры мен сырына соңғы жылдардағы көптеген ғылыми зерттеулік жұмыстарында назар аударылды.[3,4,5].
I-тарау. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Оқыту теориясы мен практикасында оқушылардың
өзіндік жұмыс істеу мәселелері
Оқушылардың танымдық өзбеттілігін дамытуды арнайы ұйымдастыру – оқу процесін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектепте оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзбеттілігін ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.[6]
Оқушылардың
өзбеттілігін қалыптастыру
Сократтың
өзі – ақ оқыту процесінде
оқушылардың танымдық
Сондай – ақ В.П.Есипов, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, М.Н.Скаткин, Н.Ф.Талызина, Т.И.Шамованың және тағы басқа зерттеулерінде де бұл проблемаға ерекше көңіл бөлінді. Көптеген еңбектердің авторлары танымдық өзбеттілік пен белсенділік ұғымдарының арасындағы байланысты әрқайсысы өзінше түсіндіреді. Сонымен қатар зерттеулердің авторлары танымдық өзбеттілік ұғымының мазмұнына түрліше мағына берген. Бір зерттеушілер өзбеттілікті жеке туылған қасиет, екіншілері қабілет, ал үшіншілері он қажетсіну мен бейімділік деп түсіндіреді. Авторлар танымдық өзбеттіліктің қалыптасу жолдарын түрліше, яғни өзбеттілік жұмысты ұйымдастыру, танымдық әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру және тағы басқа арқылы қарастырады.
Танымдық өзбеттіліктің мазмұнына, біздіңше Г.Н.Кулагинаның көзқарасы неғұрлым дұрыс көзқарас болып табылады. “Мұғалімнің танымдық өзбеттілігін тек қажетсінуді, іс - әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана біріктіретін тек кәсіптік біліктілікті игеруі дұрыс емес, бұл ұғымның мазмұнын тым тарылтады,” – дейді ол. [7]
Көптеген зерттеу жұмыстарының авторлары оқушылардың оқу барысында өзбеттілігі мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын атап көрсетеді:
1) танымдық іс – әрекетті қалыптастырудағы өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу;
2) танымдық іс - әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы жүргізу;
3) іс - әрекеттің бағдарланушылық негізін құрастыратын жалпылама білімдерді енгізу;
4) оқытуды әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы жүргізу;
5) оқу іс - әрекетін өздігінше бақылауды дамыту;
Оқушлардың танымдық іздемпаздығын қалыптастыру проблемаларын шешуде В.И.Загвязинский, Д.В.Вилькеев, Н.И.Никандров және басқалардың еңбектерін атап өткіміз келеді. Жеке тұлғаның ерекше қасиеттері сияқты танымдық өзбеттіліктің дамуына әлеуметтік – педагогикалық факторлардың ықпалын, әдістері мен тәсілдері жүйесін бөліп көрсетуді зерделенген арнаулы зерттеулерді айта кетейік.
Б.П.Есипов: “Белсенділік шәкірт ақыл – ойының өзбеттілігінің белгілі бір дәрежесін көрсетеді”, - дейді. [8]
И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық өзбеттілік ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама қарсы пікірді ұстанады. Б.П.Есиповтың пікірімен таныса келіп, ол белсенді болмай, ізденімпаз бола алмайсың дейді, сөйтіп белсенділікті өзбеттіліктің шартына жатқызады.
Танымдық белсенділіктің
мәнін өзінің қалай түсінетіне
сүйене отырып, ол оның үш деңгейін
бөліп көрсеткен. Олар: жаңғырту,
түсіндіруші белсенділіктері
Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен өзбеттіліктің ұғымдары ажыратылмаған , ал танымдық өзбеттілік ұғымының мазмұнында өзбеттілік, негізінен, танымдық әрекетке жатқызылады. [9]
В.А.Крутецкий оны зерттей
келе мынандай қорытынды
Жеке адамның белсенділігі
педагогикалық проблема
1. Белсенділік тірі жүйелердің ерекше қасиеті ретіндегі жалпы категория болып қарастырылады. Әрекет әлеуметтік нысан үшін айрықша белсенділік ретінде көрініс табады.
2. Белсенділік және әрекет ұғымдары теңестіріледі
3. Белсенділік әрекеттің сапалық сипаттамасы деген анықтама беріледі
4. Белсенділік дегеніміз жеке адамның сипаты, оның қасиеті
В.И.Лозовая әрбір
көзқарасты бақылай келе, оларға
жасалған талдау белсенділікті
жеке тұлғаның сипаты деп
Сонымен, соңғы
уақытта жеке адамның
Жоғарыда айтылған
пікірлердегі танымдық өзбеттіл
А.В.Усованың [11] анықтамасына сүйене отыра біз өзіндік жұмыстардың жүйесі деп алдымен өзара байланысқан, бірімен – бірі өзара сәйкестендірілген, логикалық түрде туындап отыратын жалпы жұмыстың мақсаты тәуелді жұмыстардың жиынтығын түсінеміз. Кез – келеген жүйе белгілі бір талаптарды немесе принциптерді қанағаттандыруы тиіс. Олай болмаған жағдайда бұл жүйе емес, фактілер мен обьектілердің жиынтығы болуы мүмкін. Өзіндік жұмыстардың түрін таңдаған кезде, оның көлемі мен мазмұнын анықтауда, негізгі зертханалық принциптерді басшылыққа алу керек. Ал бұл принциптерді өзіндік жұмыстарда басшылыққа алудың мынадай ерекшеліктері бар:
1)өзіндік жұмысты ұйымдастыруда жұмыстың мақсаты мен міндетін түсіндіріп беру және оны орындау талаптарының мағынасы зор. Бұл оқушылардың жұмысына мақсаты айқындалған сипат береді және оның анағұрлым саналы орындауына ықпал жасайды. Көрсетілген талаптарды жете бағаламау оқушылардың жұмыстың мақсатын түсінбей басқаша жасап қоюға немесе оны орындау процесінде қайта – қайта оқытушыға сұрақ қоюға мәжбүр болады. Осының бәрі уақытты ұтымсыз шығын етіп, оқушылардың өзіндік дәрежесін төмендетуге әкеліп соғады;
2)өзіндік жұмыс оқушылар өзбетімен орындай алатындай, яғни өзіндік жұмыстың мазмұны әрбір кезеңде студенттердің шамасы келетіндей болуы тиіс;
3)ең алдымен, оқушылардың өзіндік жұмысты орындау дағдыларын қалыптастыру қажет (кестелер мен сызбаларды салу, қарапайым өлшеулер т.б.);
4)өзіндік жұмыс оқушылардың танымдық қабілеті мен белсенділігінің қалыптасуына ықпал етуі үшін, орындауында проблемалық жағдайлар тудыратындай тапсырмалар ұсынылуы тиіс;
5)өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кейбіреулер оқып үйренілетін материалды шапшаң меңгереді, екіншілері оны түсінуі мен есте сақталуына көбірек уақыт керек болатынын міндетті түрде ескерілуі қажет. Бұған саралап оқытудың арқасында қол жеткізуге болады;
6)өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың қызығушылығын тудыру тиіс. Ол ұсынылған тапсырмалардың жаңалығымен шешілетін мәселенің немесе әдістің практикалық мәнін ашу арқылы қол жеткізуге болады.
Біздің тәжірибемізде
оқушылар өзіндік жұмыстарға
әрқашан үлкен ықылас
7)мұғалім оқушылардың түрлі өзіндік жұмыстарын оқу процесінде кездейсоқ және көріністі емес үнемі жоспарлы түрде енгізіп отырса, оқушыларда өзіндік жұмыстың іскерліктері мен шеберліктерінің қалыптасу процесі ойдағыдай болады. Осы жағдайда оқушылардың бірліктері мен дағдылары жақсы қалыптасады;
8)оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің материалды баяндауын оқушылардың білімдерді, біліктері мен дағдылары меңгерумен шебер ұштасуы керек; өзіндік жұмыстың маңыздылығына қарамастан, оны ұйымдастыруда шектен шығуға болмайды; өзіндік жұмыспен артық айналысу бағдарламаларды материалды оқып үйрену екпінін баяулатуы мүмкін;
9)оқушылардың өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекші роль оқытушы болуға тиіс. Ол әрбір өзіндік жұмыстың мазмұны мен көлемін анықтайды, өзіндік жұмыстың әрқилы түрлерін оқыту әдістерін ойластырады; өзіндік жұмыс орындау алдында оқушыларға түсінік нұсқау береді, оларды өзін өзі бақылауға үйретеді және де оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін ескереді.
2.Эксперименттік білімдерді және дағдыларды қалыптастырудың теориялық негіздері
Психологиялық
– педогогикалық әдебиеттерді
талдау арқылы, болашақ мұғалімдерді
дайындаудың негізгі құраушысы
ретінде, өзіндік жұмысқа
Басқа зерттеушілер өзіндік
жұмысты оқушылардың
Енді өзіндік жұмыстың
мағынасын айқындауға арналған
зерттеулерге көңіл аударайық.
Дидактикалық зерттеулердегі
Оқушыларға табиғи ғылыми
пәндерді оқытудағы өзіндік
Өзіндік жұмысты мұғалімнің оқыту процесінде және оқушының білімі алу процесінде қолданылатын әдістеме ретінде қарастырады. Өзіндік жұмыстың әдістемелерінің ерекшеліктерін ол мынадан көрсетті:
біріншіден, өзбетімен жұмыс істеудің мақсатын айқындайтын, тапсырмалардан тұратын, ұйымдастырушы сыртқы стимул болатынын олар оқушылардың алдына зерттеуді талап ететін жаңа сұрақтар ұсынатынын және жұмыстың мақсатына жетуді анықтауға мүмкіндік туғыза отырып, өзін-өзі тексеру әдістерін анықтады.
екіншіден, оқушылардың жинақталған білім жүйесін пайдалана отырып, тапсырмалардың мазмұнына сәйкес және оның орындалуына ықпал жасайтын, ойлану процесі мен іс-әрекеттерін бағдарламалау мүмкіндігін алынады.
үшіншіден, оқу процесін басқару тапсырмада қарастырылған өзін-өзі тексеру және кері ақпарат арқылы жүргізеді, өйткені ол мұғалімге оқушылардың білім игеру дәрежесіне анықтаумен қатар олардың осы білім алу процесіндегі жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
Осы автордың
көзқарасы бойынша өзіндік
М.А. Гарунов [14] өзіндік жұмыс ұғымын тұжырымдауда өзгешелеу көзқарас ұсынды. Оқу процесінің талабы мен ерекшеліктеріне сай, ол өзіндік жұмыстың оқулық және ғылыми ілімтану түрінде қарастырады. Оның ойынша, мұндай ілім танудың ішкі мазмұны ретінде, оқушылардың алға қойған мақсаттарына жету жолдарын өзбеттерімен қарастыру әдістері алынады.
Бұл анықтамада өзіндік жұмыстың білім берудегі функциясы және маңызына назар аударғаны байқалады. Біздің ойымызша оқу ерекшеліктердің, автор атап көрсетпеген, даму және тәрбиелік мәндері де өте зор.
Өзіндік
жұмыстың мағынасының
Өзіндік жұмыстың
түрлерін талқылауда педагогикалық
әдебиеттерде нақтылы
1)қайталаушылық: оның негізгі белгілі бір хабарды зейін қойып тыңдап алып, еске сақтап және қайталап беруге бағытталған, оқушылардың білім алу процесінде іс-әрекеті алынады.
2)жеке ізденушілік: оның негізіне оқушылардың шығармашылық элементтерін игеруі арқылы ізденушілік қабілеттікттерінің тәжірибе жинақтауы алынады.
3)зерттеушілік: оның негізіне шығармашылық қабілеттілік тәжірибелерін дамыта отырып, ғылыми ізденіс әдәстерін игеру алынады.
Соңғы кездерде өзіндік жұмыстың қызметін анықтайтын ұсыныстар да болып жүр. Өзіндік жұмыстың негізгі басты мәні жеке тұлғаның өзбетімен білім алу, өзбетімен даму, өзбетімен оқыту тәсілдерін бойына сіңіре білуінде деп көрсетеді Н.И.Галашвили [18]. Сондықтан да ол, оқушыларға нақтылы білім берумен қатар, оларда өзбетімен білім алу, өзбетімен даму, өзбетімен оқыту тәсілдерін дамыту, өзіндік жұмыс орындалу процессінде ең маңызды деп санайды.
Өз беттілік - жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына жетуге мүмкіндік жасайтын жеке қасиеттердің жиыны ғана емес, сонымен қатар ол болашақ мамандығын таңдауына, жоғары оқу орнындағы процестеріне, балаларға қатынасын сипаттайтын жеке тұлғаның қоғамдаға көрінісі.
Атақты психолог С.Л.Рубенштейн былай деп жазды:
Ойланып істелген іс- әрекетердің себептілігі және оның негігізділігі шын мәніндегі өзбеттіліктің болжамы. Кез- келген бөтен сендірушіліктер мен әсерлерге еліктемеу шын мәнінде өз беттілік жігерлікті көрсетеді, себебі адам өзі басқаша емес, тек осылай істегені дұрыс екендігін объективті түрінде сезінеді [18].
Жеке тұлғаның маңызды көрсеткіші ретінде, өзіндік жұмысты талқылауда, психологиялық және педагогикалық еңбектерде тұрақты көзқарас қалыптаспаған. Мысалы Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин өзбеттілікті жеке тұлға белсенділігінің көрсеткіші және оның танымдық ізденісі қабілеттілігі ретінде сипаттайды. В.Б. Бондаревскийдің анықтауына өзбеттілік жеке тұлғаның оқу нәтижесінеде жоғары тиімділікке жетуге бағытталған, оқу процессіндегі іс-әрекеттерінің түрі. Р.А. Назимов өзбеттілікті жергілілік деп таниды.
Біздің пікірімізше

- Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру
- Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту
- Химия, металлургия және байыту кафедрасы
- Хищение
- Хищение либо вымогательство оружия
- Хищение,мошенничество
- Хищение-понятие и признаки
- Химическая завивка
- Химическая завивка волос. Современные методы завивки
- Химическая защита яровой пшеницы
- Химические взаимодействия и процессы при синтезе SmS из металлического самария и серы
- Химические завивки
- Химический состав и пищевая ценность сырокопченых колбас
- Химический эксперимент по неорганической химии в системе проблемного обучения