Химиядан өзінді жұмыстарды ұйымдастыру
Мазмұны
1. Кіріспе.......................
2. Әдебиеттік шолу...............
2. 1 Өзіндік жұмыс түрлері, олардың рөлі..........................
2. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру
ерекшеліктері.................
2. 3 Өзіндік жұмысты
3. Экперименттік бөлім.........................
3. 1 Өзіндік жұмыстарға арналған
тапсырмалар...................
3. 2 «Алғашқы химиялық ұғымдар»
тақырыбы бойынша тапсырма.....
3. 3 «Бейорганикалық қосылыстардың
негізгі кластары жайлы
3.4 «Қышқыл, негіз, тұздардың
диссоциациясы» тақырыбы
3. 5 «Оттегі. Оксидтер. Жану» тақырыбы
бойынша тапсырмалар...........
3. 6 «Электролиттік диссоциация
теориясы» бойынша тапсырмалар.
3. 7 «Оттекті органикалық заттар: спирттер, көпатомды спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары» тақырыбы бойынша тапсырмалар.............
3. 8 Тест түріндегі тапсырмалар жүйесін пайдалану
5. Қорытынды.....................
6. Пайдаланылған әдебиеттер......
Кіріспе
Еліміздің білім беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту үрдісі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Жаңа заман жаңа адамын
талап ететін болса, ол адамның өмір
сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне
сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады.
Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін
ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір
сүруге даярлаудың негізгі алғы шарты
болып табылады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы-мұғалімнің қажетті нұсқаулар бойынша оқушының оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі-оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындауы.
Ғылыми жаңашылдығы: Бүгінгі күнгі білім мазмұнын жаңғырту кезеңіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді. Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтитын өзара сабақтастықта жүзеге асырылатын тың бағыт [1].
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызылуы қажет.
Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу баланың балалығымен бірге жүретін үрдіс. Зерттеу, іздеу белсенділігі баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс.
Дипломдық жұмыстардың міндеттері: Алға қойылған міндеттерге сәйкес сабақта оқу үрдісінің белгілі бір буындары іске асырылады. Олар:
- тәжірибе орындаған кезде нұсқаулар және ережелермен танысу;
- сарамандық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
- практикалық сабақта жұмысты орындауға дайындық;
- өтілген материалды бір жүйеге келтіру және талдап қорыту;
- бағдарлама тақырыптарына сәйкес жеке мәселелермен өз бетінше танысу;
- теориялық және сынақ-тәжірибелік есептер шығару жолдарын іздестіру;
- нақты материалдарды өтуге байланысты оқулықтағы тапсырманы орындау;
- сызбанұсқаларды, суреттерді, кестелерді және басқа көрнекі бейнелеулерді пайдалану;
- оқулықтары мәліметтерді пайдалану.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Мұғалім оқушыға өздігінен жұмыс істету арқылы оқушылардың дербестігін, өз бетінше ойлау жүйесін, жүйелі білім алу тәртібін қалыптастырады. Оқушылардың сабақ үстінде өздігінен жұмыс жасай білу дағдыларының қалыптасуы - олардың білімінің тиянақты болуының басты шарты.
Өздігінен орындайтын жұмыстардың ішінде оқулықпен жұмыстың орны ерекше. Оның маңызы кейінгі еңбек жолында өздігінен білімін толықтыру кезінде оқушыға оңай икемделеді, өз бойындағы дағдыларға сүйенеді. Сонымен қатар оқу, жазба мәдениетін, ауызша сөз мәдениетін, ойлау дағдыларын қалыптастыруда да оқулықпен жұмыстың үлкен маңызы бар.
Қазіргі ахуалы: Оқушылардың алған білімін жіне білігін жетілдіру үшін ұйымдастыратын өздігінен істейтін жұмыстарда оқушылардың дара ерекшеліктері ескерілетін қиындығы әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Химия сабағында оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы - оқыту әдісі ретінде қолданылады. Ол өзінен басқа әдістермен тиімді ұштастырылса, сабақтың дидактикалық мақсаттарына жетуіне мазмұнын толық меңгеруге жәрдемдеседі.
Үй тапсырмаларын орындағанда оқушылардың өздігінен істейтін жұмысы оқу жұмысын ұйымдастыру формаларына жатады. Мұғалімнің бақылауынсыз орындалатындығынан оның әртүрлі, мазмұны сабақтағыдан гөрі өзгеше болып келеді, тексерілуі сыныптағы өздігінен істелетін жұмыспен ұштастырылуы мүмкін.
Зерттеу объектісі: ОҚО Кентау қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы №24 қазақ орта мектебінде.
Теориялық және әдістемелік негізі: Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары әр сабақта, жеке тақырыптар және курс бойынша жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай химияның жеке курстарын өткенде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының жұйесі анықталған. Олар жаңа материалды дайындау кезінде өздік жұмыстары, жаңа материалды оқып ұйрену кезіндегі өздік жұмыстар, білім және білікті жетілдіру кезінде өздік жұмыстар деп жіктеледі. Бұлардың әрқайсысында орындалатын өздік жұмыс түрлері, мазмұны, оқушының танымдық әрекетінің сипаты арқылы ерекшеленелі.
Практикалық базасы: Зерттеу мәселесі бойынша химиктердің, химик
әдіскерлердің еңбектері,
Қазақстан Республикасының
Диплом жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, экперименттік нәтижелерді талқылау, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, 7- кесте, 3- тірек-сызбадан тұрады,.
- Өзіндік жұмыс түрлері,олардың рөлі
1.1 Өзіндік
жұмысты ұйымдастыру
Қазіргі заман талабын жете түсінген әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ даярлауға міндетті. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін әрбір ұстаз оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулуы керек. Негізінен шығармашылықпен жұмыс жүргізу өзіндік жұмысты сабақ үрдісінде тиімді қолдануына байланысты жүзеге асып отырады. Өзіндік жұмыста конспект, тезис, жоспар құру, тірек сызбалары, тақырып қою іс-әрекеттері орын алып отыруы шарт. Сонда ғана оқушының ойлау қабілеті, іскерлік дағдылары қалыптасады және еркін сөйлеу мәдениеті мен саяси сауаттылығы артып, пәнге қызығуы оянады.
Химия пәнінің бір ерекшелігі: оқушылардың ішінара зерттеу мен ауызекі сөйлеу қабілеттерінің қалыптасуы. Сондықтан өз басым әр сабағымда оқушылардың қызығуын арттыруды көздеймін. 45 минуттық, сабақ жоспарымда: ұйымдастыруға - 2 минут, жаңа сабақ түсіндіруге-10 минут, бекітуге, оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізуге - 15 минут, бағалауға - 2 минут, үйге тапсырма беруге - 1 минут уақытымды жұмсаймын. Кейде өзіндік жұмысқа 15-20 минут кетуі де мүмкін, онда оқушылар өзара талдау жасап, бір-біріне түсіндіргенде, жоспар жасап, жоспарды талдағанда уақыт ұзағырақ қолданылады, яғни сабақ үрдісінде жүргізіліп жатқан жұмысқа 15-20 минут мұғалімнің басшылығынсыз атқарылады. Бір сыныппен жұмыс жасайтын мұғалім кей сабақтарында өз бетінше жұмыс өткізбеуі мүмкін, ал бірнеше сыныппен жұмыс жасайтын мұғалімнің педагогикалық міндеті жеке сыныппен жұмыс жасайтын мұғалімнің алдына қойылатын талаппен бірдей болады, бірақ өз бетінше жұмыс көбірек орындалады. Сондықтан оның берілетін мақсаты айқын, оқушыға түсінікті болуы қажет. Осындай жұмыс тапсырылғанда оның ауыр-жеңілдігіне, қанша уақытта орындалатынына назар аударған жөн. Өзіндік жұмысты сабақтың кез келген уақытында беруге болады:
- жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде;
- қайталау сабақ кезеңінде;
- сабақты бекіту кезеңінде.
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырғанда мына ережені есте ұстанған абзал.
- Орындалатын жұмыстың мазмұны бағдарламадағы талапқа сәйкес болуы.
- Өзіндік жұмыс оқушының ойлау қабілетін дамытуы.
- Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы.
- Әрбір өзіндік жұмыс тексеріліп, бағаланып отырылуы керек.
Сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай бір сабақта бірнеше өзіндік жұмыс тапсыруға болады. Өз бетінше жұмысты ұйымдастыруда болатын жеке қасиеттерін ескеріп, жекелей саралап оқыту әдісін қолданған жөн. Өйткені, әр оқушының танымдық қабілеті, қызығуы, білім бейімділігі әр түрлі болады.
Өзіндік жұмыс - оқушының білім, білікті меңгеруі, оларды қолдану тәсілдерін игеруі үшін мұғалімнің қатысуынсыз ұйымдастырылатын іс-әрекеті.
Сабақта өзіндік жұмыс оқу және бақылау қызметін атқарады, сондықтан осы жұмыс түрін сабақтың әр кезеңінде, әсіресе бекіту, қорыту кезеңінде қолданған тиімді. Оқушыларда оқу, оқығаны мен түсінуде қиындықтар кездеспесе, өзіндік жұмысты жаңа тақырыпты меңгеру кезеңінде де нәтижелі қолдануға болады. Бұл жағдайда оқушылардың танымдық қабілеттері, өзіндік білім алу дағдылары арта түседі. Өзіндік жұмыстың мөлшері нақты белгіленбеген, тек мұғалім өз шеберлігіне лайықтап жұмысты берер алдында оқушылар мүмкіндігін ескеріп отыруы керек. Ең бастысы, ерінбей еңбек еткен мұғалім философ Ж.Руссо айтқанындай, "Ұстаздық ету - оқушының сезімін аялау, өзіңнің уақытыңды аямау". Міне, сонда ғана біз оқушымен жан-жақты шығармашылық жұмыс жүргізе аламыз және пәнге қызығуын арттыра отырып білім сапасын көтереміз [2].
Cабақты жаңа материалдар қосып, жаңаша қайталау оқушыны сол кұбылысты зерттеуге ұмтылдырады, яғни құбылыстардың себебін біліп, негізгі түйінді мәселелерді табады, өз бетінше ой қорытады, тұжырым жасайды. Өткенді қайталау әдістері көп, мұғалімдердің бірі соңғы сабақтың мазмұнын қайталаса, келесісі -өткен сабақ бойынша жеке-дара сұрақтар қояды, т.б. қайталау сабағындағы ең маңызды әдістемелік тәсілдердің бірі — түрлі мысалдар мен жаттығуларды орындау болып табылады. Берілетін тапсырмалардың екі түрі болады: оның шарттары анық берілген немесе жасырын түрде болады. Қайталау сабақтары міндетті түрде сұрақтар мен негізгі мәселелерді жалпылаумен аяқталады. Сондықтан олар екі түрге бөлінеді: ағымдағы қайталау және қорытынды қайталау.
Ағымдағы қайталау аралас сабақтарда жаңа өтілген материалды бекіту түрінде қайталанады. Оның мақсаты өткенді жаңғыртып, жаңа материалды қабылдауға септігін тигізеді. Мұғалімдер қайталауға арналған материалды қайта өңдеп, оны нақтылайды. Берілетін жаттығулар мен тапсырмалар оқушыны ойландыратындай болады. Қайталауға арналған сұрақтардың өзі жаңа, белгісіз нәрселерді қамтып, оған жауап жаңа біліммен толықтырылатындай болып келеді. Ағымдағы қайталау кезінде ережелер, заңдылықтар еске түсіріледі. Сабақты өту үстінде де айтылған елеулі және негізі мәселелер қайта жаңартылып отырады. Оқу материалын түрлі әдістемелік тәсілдермен бекітуге болады. Көбіне мұғалімдер баяндауды үстіртін жүргізеді. Оны бекіту оқушылар деңгейіне сәйкес келетін, шамасы жететін жаттығулар мен тапсырмаларды орындаумен жүзеге асады.
Қорытынды қайталау тараулар мен бөлімдерді игеруді жеңілдету үшін қолданылады. Қорытынды қайталау арнайы жоспарланған жалпылама сабақтар кезінде пайдаланылады. Корытынды қайталау кезінде әрбір оқушының қай тақырыпты игермегеніне, қиындық туғызғанына көңіл бөлінеді.
Өткенді қайталау әдіс-тәсілдері мейлінше бөлшектеніп қарастырылып, тақырыпты жоспарлауға сәйкес жүйелі түрде өткізіледі және оны өткізуде әрбір оқушының жеке-дара ерекшеліктері ескеріледі. Қорытынды қайталау оқу жылының ортасы мен соңына қарай өтетін жалпылауды қамтиды. Жалпылама қайталау өткенді жай ғана қайталау ғана емес, сонымен бірге оқушылардың өзіне талдау, салыстыру, ой қорыту жасататын қайталау болуы керек. Жалпылама қайталау оқушылар білімін жүйелеуге, дәйектілігі мен сенімділігін арттыруға, теоретикалық және практикалық түйіндеуге көмектеседі.
Жаңа материалды оқушылардың қабылдауы мен игеруі. Бұл жұмыс жаңа материалдың ескі материалмен байланысынан басталады. Оны келесі тәсілдермен жүзеге асырады:
- өткен және жаңа материал арасындағы логикалық байланыстарды анықтайды;
- оларды өзара қатар қоя отырып, елеулі белгілері мен түйінді мәселелерін салыстырады.
Жаңа материалды түсіндіруде оқушының назары сабақта болуы қажет. Сондықтан сабақты өткізудің әдістері мен тәсілдері мақсатқа сай алдын ала таңдалынып алынады. Ол топпен не дараланған түрдегі ауызша не жазбаша, өзіндік жұмыс жасау, т.с.с болуы мүмкін. Оқытудың әдісін таңдау ең маңызды мәселе. Негізінен баяндаумен түсіндіру әдістері көп қолданылады. Баяндау мен түсіндіру ауызша жеткізу тәсілдері болғандықтан, бұл әдістер оқытушыдан үлкен педагогтық шеберлікті талап етеді.
Сабақта оқушылармен өздік жұмыстар жасау көбіне үлестірме жаттығулар мен тапсырманы орындағанда, сызба жұмыстарын атқарғанда, техникалық және анықтамалық әдебиеттерді қарастырғанда, кесте мен сұлба, графикалық материалмен жұмыс істегенде өткізіледі. Өзіндік жұмыс жасау жоғарыда аталған оқу жұмыстарының мақсаты мен мазмұнына байланысты болып келеді. Өздік жұмыстары тек белгілі бір аз ғана уақытқа есептеледі, сондықтан мұғалімдер алдымен оның мақсаты мен мазмұнын түсіндіріп, қажетті нұсқаулар беріп өтеді.
Оқушылардың сарамандық біліктілігін және дағдыларын бекіту. Жаңа білімді қабылдау кезінде ондағы ережелер мен заңдылықтар туралы тек түсініктер мен пайымдаулар ғана пайда болады. Бұл түсініктер мен пайымдауларды білімге айналдыру үшін оны дағдыға айналатындай бекіту қажет. Сондықтан машықтандыру жұмыстары жүргізіледі, оларға ауызша және жазбаша сарамандық жұмыстары, зертханалық жұмыстар, кешенді жаттығулар, т.б. жатады. Машықтандыру жұмыстары көбіне үй жұмыстарын орындауда жүзеге асады. Үй тапсырмасын бергенде мұғалім әрбір оқушының деңгейін бақылай отырып, оны анықтап және түзету, бекіту мақсатында береді.
Үй тапсырмасы сабақ
соңында не одан тыс уақытта тексеріледі.
Кейбір жағдайларда материалды түсінбеген
ие оны игермеген оқушылар үй тапсырмасын
орындамайды. Бұл жағдайда мұғалім сабақ
үстінде не одан тыс уақытта оларға қажетті
нұсқаулар мен түсініктемелер, кеңестер
беруі керек.
Өздік жұмыс тапсырмалары. Оқыту мен тәрбиелеудің ең маңызды элементтерінің бірі сабақтан тыс уақытта берілетін өздік жұмыс тапсырмалары. Оның мақсаты:
- сабақта алынған білімді тереңдету және бекіту;
- әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету;
- іріктеу және салыстыру, ой қорыту, тұжырым жасау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Өздік жұмыс оқушыларды тәртіпке, ұқыптылыққа, істерді уақтылы атқаруға тәрбиелейді. Өздік жұмысты орындау оқушыдан жеке жұмыс жасап, оған көп көңіл аударуды, уақыт жұмсауды талап етеді. Ол тапсырманың мазмұнын үғынады, оның сапасына қойылатын талапқа сай орындайды, белгілі бір әдебиеттерді ақтарады.
Өздік жұмысының мазмұны төмен дегідей:
- бағдарламалық материалдар оқулық және қосымша (анықтамалық, техникалық, көркем) әдебиеттерге сүйеніп жасалынады;
- оқушылардың алатын білімін кеңейтеді, тереңдетеді;
- өткен материалды қайталауға арналады;
- күнделікті өмірден және практикадан мысалдар алынады;
- түрлі графикалық жұмыстар (кесте, сызба, диаграмма, сұлба сызу және түзу) орындалады;
- шығармалар, баяндамалар мен рефераттар жазылады;
- жалпы қорытынды мен тұжырым шығару үшін деректер мен мысалдар жинақталады;
- практикалық жұмыстар жүргізіледі;
- жаңа материалды өз бетінше игеру жүреді.
Өздік жұмыстардың мына түрлеріне тоқталып өтейік:
1. Мәтінмен жұмыс жасау. Мәтінмем жұмыс мұғалімнің дайындап берген 4-5 сұрағына жазбаша жауап беру кезінде жасалады. Бұл сұрақтар сарамандық жұмысқа көбірек бағытталады.
2. Тапсырмалар мен жаттығуларды орындау. Бұлар теориялық материалдар мен сарамандық жұмыстарды байланыстырады.
3. Шамалар мен құбылыстар арасындағы өзара байланысын ашады. Кейбір техникалық пәндер үшін қажетті сызба сызу, өлшемдерін өлшеу және сол бойынша есептеулер жүргізіледі.
Мысалы, техникалық пәндер қозғалыстардың (двигательдердің) қуатып анықтау, оған кететін жанар майды, ауа мөлшерін, белгілі уақытта жұмсалатын энергия, жылу мөлшерін eceптеу, т.с.с. тапсырмалар орындалады. Өздік жұмыстарына жеке дәптер арналып, ондағы тапсырмалар тексеріліп тұрады.
4.Сызбамен, сұлбалармен жұмыс. Оның мақсаты оқушыларды
өздігінен графиктер түзуге және оқулықтағы
сызбаның көшірмесін салуға үйрету. Оқу
материалын игерудің нәтижесіне қарай
бұл жұмыстардың деңгейі оқушыларға сарапталып
беріледі. Сызба мен сұлбаларды күрделендіруге
де болады.
5.Кестелермен жұмыс.
Кейбір жағдайда жеке тақырыптар мен бөлімдер талқыға салынады. Ол үшін оқушыларға әдебиеттер тізімі мен әдістемелік нұсқаулар беріледі. Бұндай баяндамалар қысқа уақытқа беріледі, оның ұзақтығы 10-12 мин болады. Баяндамашы өзі кестелер, сұлбалар, ауызша түсіндірме, қысқаша мәліметтер жасайды. Соңында талқыланып, қорытындысы жасалады. Өздік жұмыстарының бәріне мұғалім бақылау жасап, үнемі тексеріп отырады. Бұл өз кезегінде оқушылардың білімін бекіте түсуге көмектеседі.
Жоспарлау. Жоспарлаудың міндетті құжаттарына:
1) оқу сабақтарының кестесі;
2) бағдарламалар, күнтізбелік сабақ жоспары жатады.
Оқу сабақтарының кестесі оқу жұмысының режимін белгілейді. Ол оқытушылардың болатын сабақтарға алдын ала даяр болып келуін қамтамасыз етеді. Оқу мезгіліне байланысты әрбір апталық сағаттардың мөлшері оқу жоспарында анықталады. Мектептің ерекшеліктеріне, таңдап алынған бағдарламаларына сәйкес сол мектептің оқу жоспары құрастырылады. Оқу кестесі мұғалімдер санына қарай, олардың педагогикалық еңбегін тиімді түрде ұйымдастыру үшін керек. Әсіресе жиі кездесетін жағдай бос уақыттың, "терезелердің" болмағаны дұрыс. Педагогикалық жүктемені дұрыс үйлестіру апта бойына мұғалімдердің еңбек қабілетін сақтауға, сабақтарды тиімді өтуге жағдай жасайды. Оқу кестесі екі жарты жылдыққа бөлініп жасалынады. Оқу орнындағы жүктемесі көп мұғалімдердің сабақтары қойылып, ең соңында аз сағаттармен жұмыс жасайтын мұғалімдердің сабақ күндері жоспарланады.
Білім беруді дамыту үшін оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру керек. Оқытудың негізін құрайтын сабақ болған соң, әрбір мұғалім өз сабағының сапасын жақсартуға аса зор көңіл бөлуі тиіс. Әр сабақтың сапасы оның жоспарлануына, алдын ала даярлануына, қажетті көрнекі құралдармен жабдықталуына байланысты. Сондықтан әрбір материалды үлестіру, сабақтың түрін жәнс оны өткізу тақырыптың мақсатына сәйкес келгені ләзім.
Ұйымдастыру-техникалық, даярлық әрбір тақырып бойынша дидактикалық оқу құралдарын (көрнекілік құрал, кино және диафильм, үлестірме карточкалар, аспаптар, тәжірибелік және зертханалық құралдар, сарамандық жұмыстар, тапсырмалар мазмұнын) жүйелеуді, оқу кабинеттерін жабдықтауды, шеберхана құрал-саймандарын түгендейді.
Сонымен қатар мұғалімдердің жекелей дайындығы қажет. Ол жаңа әдістемелік және техникалық әдебиеттермен танысады, басқа оқыту-әдістемелік тәжірибелерді талдайды, білім беру оқу орындарының жаңа стандарттарын қарастырады, әдістемелік кеңестер жұмысына ат салысады, озық тәжірибе жинақтайды және оны тарату жұмыстарын үзбей, үнемі жүргізеді.
Оқыту сабақтарының сапасы
сабақ жоспары арқылы анықталады.
Әрбір оқу жылында оқу
Оқушылардың пәнге қызығушылығын,
белсенділігін арттыруда
1. Ауызша әдісті теориялық және фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда химиялық ережелерді қайталауда, үй тапсырмасын және жаңа сабақты пысықтауда химиялық ережелерді қайталауда пайдаланамын.
2. Көрнекі әдісті бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мәселеге ықыласын көтеру үшін, оқу материалының мазмұнын көрнекі құралдар арқылы
беремін, себебі кейбір оқушыларда
көру қабілеті өте жақсы болады да,
көрген формуланы жақсы есте сақтайды.
3. Практикалық әдісті практикалық іскерлік пен әдетті дамыту үшін және тақырып мазмұнына сәйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланамын.
4. Іздену әдісін өзінше ойлануды және зерттеу қабілетін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде пайдаланамын.
5. Индуктивтік әдісті қорытынды жасау қабілетін дамыту күрделендіре оқыту үшін, ойлау қабілетін қалыптастыру үшін қолданамын
6.Өзіндік жұмыс әдісін —
оқу әрекетінде жұмыс істеуде
қабілетті дамыту және оқу
еңбегінде дағдыны
Өзіндік оқу жұмысы деп қойылған дидактикалық мақсаттың; білімді іздену, оның мәнін түсіну; іскерлік пен дағдыны дамытуды қалыптастыру; білімді талдап қорыту және жүйелеу т.б. орындалуына бағытталатын әдейі бөлінген уақытта оқушылардың белсенді жұмыс жасау әрекетін айтады.
Сонымен қатар,
өзіндік жұмысты орындау
Оқушының өз бетінше жұмыс істеу әдістеріне, өзара және өзін-өзі тексеру тәсілдеріне үйрету керек. Ең бастысы, өзіндік жұмысты жоспарлаудың жаңа формаларын оқушылар қолдана білу қажет. Оқушы сабақта үздіксіз жұмыс істей отырып, оны ары қарай үйде жалғастырады.
Өз бетінше жұмыс істеуде берілген тапсырманың орындалу жылдамдығы оқушының білім деңгейіне және жеке физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Тапсырманың қиындығы мен көлемі әр түрлі деңгейде болуы қажет. Бірінші деңгей «3» бағасына берілетін тапсырма, екінші деңгей «4» бағасына, үшінші деңгей «5» бағасына берілетін тапсырмалар. Химия сабағы жүйелі түрде 8-сыныптан 11-сыныпқа дейін оқытылады. Оқытудың басты мақсатында логикалық ойлау мен кеңістікті көз алдына елестету көп кездеседі. Химяны оқи отырып жаңа бейне қалыптастыруға олар бірнеше операциялар жасай білуі керек.
Барлық оқушылардың есепті өз бетінше шығаруының қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы айтқанда, шешу әдісін іздеу деп түсінеміз.
Өкінішке орай практикада мұндай әдістер көп қолданылып жүрген жоқ. Есептің шешуі мұғалімге белгілі. Ал қиыны оқушының есепті шешуін өз бетінше табуға үйрету. Есеп шығаруда оқушының алдындағы бірінші қиындық- ол есептің шартын түсіну.
Келесі қиындық - шешу әдісін талдап алу. Бұл оқушы үшін ең қажетті және қиын кезең. Ең соңғы кезең- есептің шешуін сөзбен өрнектеу.
Сабақта өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үшін мұғалімге көп дайындық керек.
1.Өзіндік жұмыстың мақсаты,
2.Кітаппен жұмыс істеу түрі. Анықтамалық материалдарды іздеу және жаңа тақырыппен танысу.
3. Өзіндік жұмысты табысты
4. Жаттығумен жұмыс істеу түрлері.
5.Шапшаң тексеру әдісімен жіберілген қателіктерді анықтау әдістерін қолдана білу.
Егер жаңа тақырып оқушылар үшін бірінші рет естіліп отырса, яғни тірек болатындай бұрынғы өткен материалдармен ешқандай байланыс болмаса, онда мұғалім жаңа тақырыпты бастап түсіндіріп, оны бекітеді және қорытындылайды.
Сабақта оқушылармен өзіндік жұмыс жүргізгенде
топтық, ұжымдық жұмыс формулаларын ұйымдастырып
отырған жөн [4].
Профессор Р.Г Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:
- оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын, айқын түсінуі;
- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
- жұмысты оқушылардың өз еркімен орындалуын көздеу керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

- Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ақпараттандыру арқылы оқыту
- Химия, металлургия және байыту кафедрасы
- Хищение
- Хищение либо вымогательство оружия
- Хищение,мошенничество
- Хищение-понятие и признаки
- Хлеб и хлебобулочные изделия
- Химическая завивка волос. Современные методы завивки
- Химическая защита яровой пшеницы
- Химические взаимодействия и процессы при синтезе SmS из металлического самария и серы
- Химические завивки
- Химический состав и пищевая ценность сырокопченых колбас
- Химический эксперимент по неорганической химии в системе проблемного обучения
- Химиядан зертханалық сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру