Колонная головка
1 Техникалық бөлім
1.1 Бұрғыланып болған ұңғыма оқпанының жабдықтары
Аяқталған ұңғыманың
жабдықтары негізінен оның
Ұңғымаларды пайдалану,
өндіруді интенсификациялау,
Ұнғыманың конструкциясы
дегеніміз оған түсірілетін
Тізбек басы және
оның жоғары фланецітің
Тізбек басы – шегендеу тізбектерін іліп ұстап тұрады. Құбырлар арасындағы кеңістікті саңылаусыздандырады жоғарғы жағында пайдалану тізбегін жалғайтын жоғарғы фланец болады. Тізбек басы (сақиналы) құбыр арасы кеңістігін саңылаусыздандырып қана қоймай, ондағы қысымды өлшеу және газдарды шығару немесе газ көріністері байқалғанда оны ауыр сұйықтықпен тастыру мүмкіндігін беру керек. Ол үшін тізбек басында тығындармен жабылған тесіктер болады. Оған тығындардың орнына манометрлер, технологиялық өткізу құбырлары жалғануы мүмкін. Тізбек басы пайдалану тізбегін тіке бағытта қозғалуын, саңылаусыздықты сақтап қамтамассыз ететін сальниктермен жабтықталады.
Мұнай өндіруде құбырлар
ұңғыма қабырғаларын бекіту
- Сорапты компрессорлы құбырлар (СКҚ)
- Шегендеу және бұрғылау құбырлары
- Мұнай кәсіпшілігі коммуникацияларының құбырлары.
1.2 Ұңғыманың құрылысы
Ұңғыманың құрылысы –
оған түсірілетін құбырлардың
санын, диаметрлерін, түсірілу тереңдіктерін
олардың сыртындағы цемент
Ұңғыманы жаңадан бұрғылау кезінде жер бетінде жақын аралықта бос орнықсыз тау жыныстары жатуы мүмкін, олардың қалындығы 10 метрден аспайды, көбінесе 3 – 5 метр болуы мүмкін, сондықтан бұл аралыққа құбыр түсіріп шет жағын цементейді. Бұл құбырды бағыттаушы құбыр дейді. Ол суретте көрсетілмейді ұңғыманы ары қарай тереңдету барысында су қабаттары, потенциальдық саз қабаттары, жұтылу аймақтары кездесу мүмкін, көбінесе бұл аралықтың қалындығы 500 метрден аспайды. Бұл тізбек кондуктор деп аталады. Ұңғыманы ары қарай тереңдету кезінде көптеген шиленісті аймақтар ашылады. Олар өндірістік маңызы жоқ газ мұнай қабаттары, тұз кабаттары, қысымы аномальді жоғары қабаттар немесе аномальді төмен кабаттар, жұтылу аймақтары болып табылады. Сондықтан бұл аралыққа да шегендеу тізбегін түсіріп түгел цементтейді. Кездесетін киыншылықтарға қарай ұңғымада мұндай тізбек бір немесе болуы мүмкін, бұл тізбектерді арасық тізбек деп атайды, санына қарай бірінші, екінші, үшінші аралық тізбек деп аталады. Ұнғыманы бұрғылап өнімді қабатты табанына дейін ашқаннан кейін, оған пайдалану тізбектері түсіріледі, ал оның сыртындағы цемент ерітіндісінің биіктігі мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау және бекітудің біріңғай ережелерінің талаптарына байланысты анықталады, мысалы: барлама ұңғымаларында, газды ұңғымаларында ол толығымен цементтеледі, ал мұнай және пайдалану ұңғымаларында ол жоғарыда түсірілген тізбектің ұшын 100 – 150 м басып цементтеледі. Пайдалану тізбегінің диаметрі ұңғымадан алынатын өнімнің бастапқы дебит шамасына немесе өндірістен берілген тапсырма бойынша таңдап алынады. Екінші жағдайда оның іші арқылы түсірілетін жабдықтардың диаметрі ескеріледі (сораптардың, ЦТС т. б.).
1.3 Тізбек басының түрлері мен конструкциялары
Фонтанды және айдау ұнғымаларында қолданылатын сағалық жадықтары келесі элементтерден тұрады: сағалық тізбекті орама (1.1-сурет), фонтанды және айдау арматуралары, фонтанды арматураның манифольдтары.
1.1-сурет. Тізбек басы байламасы: а - екі тізбекті байлама; б - үш тізбекті байлама; в – төрт тізбекті байлама; г - бес тізбекті байлама;
Тізбек басы тізбектер арасын саңылаусыздандыру үшін ұңғыға сағасын байланыстыру, шегендеу тізбектері бастарын байланыстырып оған атқалауға қарсы қолданылатын жабдықтарды орнатуға арналған. Бұрғылау процессі біткеннен кейін оларды демонтаждайды. Ұңғымаға түсірілетін тізбектердің санына қарай тізбек басы бір, екі, үш, төрт және бес тізбекті болады.
Тізбек басы барлық шегендеу құбырларын бір жүйеге біріктіріп, барлық барлық ауырлық күшін қабылдап, оны кондукторға береді. Тізбек басының конструкциясы – бұл бірнеше элементтердің, яғни катушка мен крестовиктің байланысынан құралып, шегендеу құбырларын ұстайды. Бұл элементтердің саны шегендеу құбырланың саны байланысты.
Фонтанды және
айдау арматураларындағы
Тізбек басының сенімділігінің төмендеуі қауіпті аварияларға соқтыруы мүмкін, оның салдарынан қоршаған ортаның ластануы, өрттің, жарылыстың және төтенше жағдайлардың болуына әкеп соғады.
Көп тізбекті
ұңғымаларда тізбек басы
Шегендеу құбырларын асып қою және құбыраралық тізбек кеңістігін ажырату тізбек басы байламасы арқылы жүзеге асырады. Бұрғылау кезінде тізбек байламасына превентор, ал пайдалану кезінде – фонтанды және айдау арматуралары қолданылады.
Тізбекті байлама құбыраралық кеңістікті ажырату және ондағы қысымды бақылау үшін қолданылады. Оны кондукторға резьба немесе дәнекерлеу арқылы орнатады. Ал аралық және пайдалану тізбектерін сыналарға асып қояды.
Тізбек байламасың конструкциясы келесі талаптарды қанағаттандыру қажет мүнкін:
- тізбектер арасындағы кеңістікті сенімді саңылаусыздандыру;
- тізбекаралық кеңістіктегі тығыздаушы элементінің саңылаусыздануын бастапқы қалпына теңестіру үшін майлау материалдарын жеткізу;
- барлық тізбектер арасындағы сақиналы
кеңістіктегі қысым шамасын бақылау және
бәсеңдету;
- фланецті қосылыстарды
сумен қысым түсіріп сынайда;
- шегендеу тізбектеріне ілінетін жабдықтарды тез және сеніді орнату;
- ұңғыда цементтеуді жүргізу;
- әмбебаптық (әртүрлі шегендеу тізбектерін қолдану мүмкіндігі);
- тез және қолайлы монтаждалуы;
- жоғары дәрежеде сенімді болуы (ұңғымаларды пайдалану кезінде тізбек басы жөндеуге берілмейді).
Тізбек басының екі түрі болады:
- муфталы;
- сыналы.
Тізбек басы әртүрлі қысымдарға есептеліп шығарылады. Мысалы, ОКМ типті тізбек басы 12,5 МПа қасымға есептелген (1.2-сурет). Тізбек басы ОКМ әртүрлі диаметрдегі екі шегендеу тізбегін байланыстарады. Ол тұрқыдан 1, арнайы муфтыдан 7, жартылай сақинадан 5, тығындау сақиналары 2 мен 3, фланецтерден 4 пен 6 тұрады. Тұрқыға 1 қысқа құбырша 8 бұранда арқылы жалғанады. Қасқа құбырша 8 төменгі ұшымен кондуктор муфтасына бұранда арқыла жалғанады. Арнайы муфтаның 7 төменгі ұшында пайдалану тізбегінің ниппеліне арналған бұрандасы бар. Бұл бұранда диаметрі, қабырғасының
қалыңдағы және материалының
маркасына пайдалану
1.2-сурет. ОКМ типті тізбек басы
Жартылай сақина 5 корпус фланці мен фланец 4 арасында белгілі саңлау қалдыру үшін қойылады. Бұл саңлау, фланецтік қосылыстың шпилькаларын тартқанда конустық бет бойынша қасып арнайы муфта мен тұрқы арасын сенімді саңылаусыздандыру керек. Фланец 6 сорапты – компрессорлық құбырлар (СКҚ) тізбегі ілінетін құрылғы бар фонтандық арматура орнатылады. Тізбек басын орнатып болғаннан кейін оны сумен қысым түсіріп сынайда. Шегендеу тізбегінің диаметрі 146 мм болса сынау қысымын 10 МПа, ал 168 мм болса – 8 МПа шамасында ұстайды. Сынау жұмыстарын жүргізу үшін тізбек басы корпусында екі тксік қарастырылған. Олардың бірі тығын 14 жабдықталған, ал екіншісі фланеці 11 бар құбырша (патрубок) жалғанған. Одан басқа осы құбыршаға манометр 10, кран 12 және фланец 13 жалғанған. Фланец 13 сынау кезінде қысым беретін агрегат қосылады. Бұндай тізбек басының биіктігі 1 м дейін, ал салмағы 500 – 550 кг болады.Ұңғыма тереңдігі 1500 – 2500 м дейін, ал орта қысымы 25 МПа дейін болады.
Терең ұңғымалар үшін үш, төрт және бес тізбекті дайындаған тізбек бастары қолданылады.
Жоғары қысымды қабаттар ұңғыма сағасын жабдықтағанда, пайдалану кезінде оның сағасында жоғары қысым байқалатын болғандықтан, пайдалану тізбегі сына ұстағыштарымен ілінетін ОКК тізбек басы қолданылады (1.3-сурет).
Сыналы тізбек басы
ОКК тұрқы 1, пайдалану тізбегі
8 ілінетін сыналы ұштағыш 5, құбырлар
арсындағы кеңістікті
1.4-сурет. ОКК типті тізбек басы
Үш тұрқылы ОКК типті тізбекті байлама қысым бақылаушы манифольді бар бір тұрқылы тізбекті тізбекті байламадан тұрады. Денелердің саны шегендеуші құбырлардың тізбекке байламасының санымен анықталады. Бір фланецті тізбек басы екі шегендеуші құбырлардан тұрады – кондуктор және бірінші аралық. Қалған барлық екі фланецті тізбек басы бір аралық (пайдаланушы) шегендеу құбыр тібек байламасынан тұрады.
Үш денелі тізбек байламасы (1.4-сурет) бір фланецті тізбек басынан 1 және екі фланецті тізбек басынан 2, 4 тұрады. Тізбек басы тұрқылары 9, 13, 16, сыналы асқыштар 8, 12, 15, пакерлер, тіреуіш 7 (төменгі) және басатын 6 (жоғарғы) сақиналардан және тығыздағыштардан 5 тұрады. Тізбек басы бүйірінде қысым бақылаушы манифольдтарында ілмекті құрылғы 10, 14, 17, манометр 11 лайықты класы, фланецті немесе резьбалы бітеуіш 3 орнатылады.
1.4-сурет. Үш тұрқылы ОКК типті тізбек басы
Бес тізбекті тізбек басы (1.5-сурет) өте терең (5000 м астам) және қысымы 70 МПа үңғымаларда қолданылады. Оның биіктігі 3 м дейін болады. Негізгі түйіндері – бес крестовик 1, 8, 9, 10, 11 168 мм ден 502 мм дейін шегендеу құбырлары үшін, ілгіш сыналар 2, 4, 5, 7 және вентилдер 3. 168 мм диаметрлі шегендеу құбыры ең соңғысы, яғни пайдаланушы тізбек болып есептеледі. Крестовик 1 фонтанды арматураларды орналастыру үшін тұғыр.Тізбек басының ерекшелігі, оның сыналарының сырты конусты болып жасалуында және тұрқының соған тиісті болуы. Тығыздағыш элементі конструкциясы, майлау материалымен қолдағанда саңылауларды сенімді саңылаусыздандырады.
1.5-сурет. Терең ұңғымалар үшін арналған бес тұрқылы тізбек басы
Тізбек басының катушкасы мен крестовигі құйылған болаттан, сирек олардың біріктірілген, пісірілген және штампталған тұрқылары мен фланецтері жасалады. Дайындаманы пісірілгеннен кейін оның күштенуін түсіру үшін және механикалық қасиетін жоғарлату үшін термоөңдеуге ұшыратады.Тұрқының ағу шегі 5,0 – 5,5 МПа, салыстырмалы ұзаруы 14–15%, ал ұрылу тұтқырлығы 40 мН м/м2. Тізбек басын дайындау үшін, ауыр жағдайлар жұмыс істейтін, 35ХМЛ төменлегирленген болат қолданылады. Штампталған және соғылған фланецтті және мойынды сәйкесінше 35ХМ, 40Х болаттан жасайды.
Өткен ғасырда шығарылғын тізбек бастары мен бөлшектері, көбінесе заводтарда жасалмаған бөлшектердің өлшемдері әртүрлі болған. Бір жүелілік болмаған. Әлі күнге дейін әртүрлі өлшемдегі тізбек бастарының он мыңдаған түрлері өндірісте қолданылып жүр.
Тізбек басы
бөлшектерінің қосылыс
ГОСТ 26-02-775-73 сәйкес «Тізбек басы. Типі және негізгі параметрлері» бір фланецті тізбек басын үш конструктивті түрде дайындалады:
- шегендеуші тізбекке тұрқыдағы ішкі резьба арқылы қосылу.
- шегендеуші тізбеккке тұрқыдағы сыртқы резьба арқылы қосылу.
- шегендеуші тізбеккке дәнекерлеу арқылы қосылу.
Бұл стандартпен тізбек
басының келесідей жұмыс
Екі фланецті тізбек басы төмендегі тұрған тізбек басына орнатылады. Бұл сынада немесе муфтада орналасқан шегендеуші тізбектің асқыштығын қамтамасыз етеді.
Тізбек байланыстарының негізгі параметрлері:
- байланысатын тізбектердің саны;
- олардың диаметрлері;
- тізбек байланысының тұрқысы қабылдай алатын қысым;
- қоңырсалқын немесе
салқын макроклиматтық
- ингиберленбеген жұмыс ортасы 6 % дейін және ингиберленген жұмыс ортасы 25 % дейін құрамында күкірт сутек және көміртегі газы бар ұңғымалар үшін орындалған коррозияға бейімді К2, К2И, К3 орындалады.
Тізбек байламасын
белгілеу үшін арнайы шифрлеу
қабылданады. Тізбек
Мысалы, екі шегендеу тізбегін сыналы асқышпен ұстау тізбек басы жжабдығы, пайдаланушы тізбегінің диаметрі 168 мм, аралық тізбегінің диаметрі 245 мм, бағыттаушының диаметрі 324 мм, ингиберленген жұмыс ортасы 6 % дейін құрамында күкірт жіне көміртегі газы бар орталар, үшін белгіленуі мынадай болады ОКК2-168×245×324К2.
Ұңғымаларды бұрғылауда қабылданған технология бойынша лайықта қашаулар қолданылады. Қашаулардың өлшемдері тізбек басы тұрқысының ысырылған өлшемдеріне қарай анықталады. Қашау үшін денедегі ысырылған өлшем сыналы асқыштар конструкциясына ықпал жасайды. Сыналы асқыштарды тұрқаға отырғызу үшін тізбек басының тұрқысы конустық немесе цилиндрлік ысырма ретінде орындалады. Сыналы асқыштар екі конструкциялы етіп дайындалады. Олар аралық втулкалы және аралық втулкасыз болып орындалады (1.6-сурет). Аралық втулкасы бар сыналы асқыш тұрқысы арқылы қашаудың үлкен өлшемдерін өткізуге рұқсат етеді. Ол екі тұрқылы втулкалдан тұрады 1, екі жартысақинадан 4, тұрқылы втулканы ұстау үшін және шектегіштен 2 тұрады.
1.6-сурет. Аралық втулкасы бар сыналы ілгіш
Аралық денелі втулкасы жоқ асқыштар және алмалы – салмалы секциядан 1, екі сухарямен байланған 2, сыналырдың орнында орналастыралған (1.7-сурет). Сухари сыналармен болттар арқылы қосылады 3. Басқа осы екі сынаға екі жағалар дәнекерленеді 6, олар болтпен 5 және гайкамен 4 қосылады. Осы құрылғы арқылы сыналы асқыш бір бүтінге біріктіріледі, бұл шегендеуші тізбектің дәл ортада құруын қамтамасыз етеді.
1.7-сурет. Аралық втулкасыз сыналы ілгіш
Сыналы асқыштардың
конструкциясы шегендеу
Цементтеу кезінде тізбек сыналарға жүктеледі. Сонда циркуляция тізбек басы бүйірінде орналасқан бұрғыштар арқылы іске асады. Цемент ерітіндісінің циркуляциясы үшін қайтатастау жабдығының крестовигі арқылы жүргенде шегендеу тізбегінің құбырлары спайдер мен элеваторға ілінеді.
Тізбекаралық кеңістіктен сағаға дейін цементтеу кезінде тізбек сынаға жүктеледі. Ал тізбекаралық кеңістіктен сағаға дейін жетпей цементтеу кезінде, тізбекті сынаға жүктеуге дейін оның керілуін жүзеге асырады. Бұл тізбектің цементтелмеген бөлігінің температураның түсу әсерінен қысымның тізбекке жүктелуінен болатын бұзылу беріктігін болдырмау үшін қажет.
Тізбекарлық кеңістікті саңылаусыздандыруды тығыздауыш түйіні атқарады. Ол өзін-өзі тығыздауыш резеңке манжет түрінде орындалып, екі метал сақина арасында қысылады. Резеңке манжет шеттері конустық бүктелген түрі тізбектің ішкі диаметріне, ал сыртқы диаметрі ысырылған тізбек басының тұрқысда керіледі. Осындай үлгіде ол шегендеу тізбегі мен тізбек басы тұрқысының арасында нығыз орналасуын қамтамасыз етеді.
Конустық шеттері нығыздалушыбеттерге қысылуын ұңғыдағы қысым жағдай жасайды, бұл өзін-өзі тығыздауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде шегендеуші тізбектің массасының бір бөлігін жүктемеге манжет қабылдайды.
Тізбек басының
конструкциясы тізбекаралық
Бір фланецті тізбек басы шығып тұрған кондукторға бұралып кіргізіледі немесе дәнекерленеді, бұл бірінші аралық тізбектің байланысуын және тізбекаралық кеңістіктің саңылаусыз ұстап тұру үшін қажет. Бір фланецті тізбек басы тұрқысының жоғарғы жағы цилиндрлік және конустық ысырылып жасалу себебі, онда тығыздауыш түйіні мен сыналы асқыштарға арналған.
Екі фланецті тізбек басы бір фланецті тізбек басының жоғарғы бөлігіне қондырылып, келесі диаметрі кіші шегендеу тізбекті байланыстырады және тізбекаралық кеңістікті саңылаусыздануын сақтайды. Екі фланецті тізбек басы тұрқысының жоғарғы жағы цилиндрлі және конусты ысырылған, бұл қашау үшін алыбалы бағыттауышты және тығыздауыш түйінін орналастыруға арналған.
Шегендеу құбырларын байланыстыратын тізбектің жоғарғы жағындағы бағыттауыш қашаудан немесе көтеріп-түсіру операцияларын орындайтын жабдықтардан зақымдалуын сақтайды.
Тізбек басы фланецтерінде орналасқан тығыздағыш түйіні сақиналы кеңістіктің саңылаусыздығын сақтап қана қоймай, фланецті байланыстарды суды қысыммен айдау арқылы тексеріп, бұл қысымның соңғысына әсерін азайтып, оның сенімділгін жоғарлатады.
Екі фланецті тізбек басында бір фланецті тізбек басы сияқты бүйірінде екі бұрушымен шығарылады, оның біреуінде қасым бақылауыш манифольд орналасса, екіншісінде – бітеуіш орналасады (резевр).
Ұңғы сағасына әрбір тізбек басын жүйелі қондырылуы шегендеу тізбегін түсіріп цементтеуге байланысты. Тізбек басы қабаттағы максималды қысымға байланысты алынады. Тізбек басына аралық ауыспалы катушка орналасады. Ол кайта лақтыру жабдығының бұрғы еденінен белгілі қашықтықта орналастыру үшін қажет.
ОКК типті тізбек басының техникалық сипаттамасы 1.1-кестеде келтірілген.
ОКБ типтегі тізбек байланысының конструкциялық ерекшеклігі, оның бір тұрқысында үш шегендеу тізбігін байлау мүмкіндігінде. Бұл жағдайда бұрғылау аралық пен пайдалану тізбегін бір превенторымен іске асатын болғандықтан, бұл процесс алдынғыларға қарағанда жылдамырақ болады.
ОКБ типтегі (1.8-сурет) тізбек байламасы келесі түйідер мен жабдықтардан тұрады: тұрқы 13, ниппель резьбасы 12, сына 8, тұрқы ілгіш 7, пакер тығыздағыштары 4, 6 және 11, пакер сақинасы 3, 5 және 10, фонтандық арматураға арналған аудармалық катушка 2, бағыттауыш втулка 1 және манифольд 14.
1.8-сурет. ОКБ типті тізбек басы
ОКБ типтегі тізбек байламасының шифрлеу жүйесі ОКК типтегідей, бірақ соңында саны бар, бұл сан сына мен муфтаға ілінген шегендеу тізбегінің саны, мысалы: ОКБ2 – 168×245×324УХЛ.
ОКБ типтегі тізбек байламасының техникалық
сипаттамасы 1.2-кестеде, ал тізбек басының
техникалық сипаттамасы 1.3-кестеде кетірілген.
|
Көрсеткіштер |
ОКК1-21-140×219 |
ОКК1-21-140×245 |
ОКК1-21-140×273 |
ОКК1-21-146×219 |
ОКК1-21-146×245 |
ОКК1-21-146×273 |
ОКК1-21-168×245 |
ОКК1-21-168×273 |
ОКК1-21-219×324 |
|
Байланысытын тізбектің шартты диаметрі, мм |
140 |
146 |
168 219 | ||||||
|
219 |
245 |
273 |
219 |
245 |
273 |
245 |
273 |
324 | |
Тібек басының жұмыс қысымы, МПа аралық (жоғарғы) аралық (ортаңғы) төменгі (бірфланецті) |
21 - | ||||||||
Жұмыс ортасының температурасы, 0С |
| ||||||||
Климаттық белдеу ГОСТ 16350 – 80 |
| ||||||||
Тізбек басы жоғарғы фланценің шартты өту жолы, мм аралық (жоғарғы) аралық (ортаңғы) төменгі (бірфланецті) |
- - 280 | ||||||||
Тізбек байламасының схемасы |
№ 1 | ||||||||
Тізбек байламасы ілмегінің типі |
Сыналы | ||||||||
Манифольдтағы ілмек типі |
Тура ағысты ілмек ЗМС1-65×210 | ||||||||
Өлшемдері, мм диаметрі ені биіктігі |
535 535 | ||||||||
Массасы, кг жинағанда толық комплектісі |
465 530 485 550 | ||||||||
Ұңғыма ортасы |
Коррозиялық орта (мұнай, газ, газ конденсаты, жуу сұйығы, цемент ерітіндісі, бұрғыланған тау жыныстары, су және оның қоспалары) | ||||||||
1.1-кесте
Тізбек байламасының техникалық мінездемесі
|
Көрсеткіштер
|
ОКК1-35-140×219 |
ОКК1-35-140×245 |
ОКК1-35-140×273 |
ОКК1-35-146×219 |
ОКК1-35-146×245 |
ОКК1-35-146×273 |
ОКК1-35-168×245 |
ОКК1-35-168×273 |
ОКК2-21-140×219 ×299 |
ОКК2-21-146×219 ×299 |
ОКК2-21-168×245 ×324 |
ОКК2-21-178×245 ×324 |
|
Байланысытын тізбектің шартты диаметрі, мм |
140 146 168 140 146 168 178 | |||||||||||
219 245 273 219 245 273 245 273 299 324 | ||||||||||||
Тібек басының жұмыс қысымы, МПа аралық (жоғарғы) аралық (ортаңғы) төменгі ( бір фланецті) |
35 | |||||||||||
Жұмыс ортасының температурасы, 0С |
+120 0С дейін | |||||||||||
|
Климаттық белдеу ГОСТ 16350 – 80 |
Қоңырсалқын | |||||||||||
Тізбек басы жоғарғы фланценің шартты өту жолы, мм аралық (жоғарғы) аралық (ортаңғы) төменгі (бірфланецті) |
280 | |||||||||||
Тізбек байламасының схемасы |
№ 1 | |||||||||||
Тізбек байламасы ілмегінің типі |
Сыналы | |||||||||||
Манифольдтағы ілмек типі |
Тура ағысты ілмек ЗМС1-65×350 және ЗМС1-65×210 | |||||||||||
Өлшемдері, мм диаметрі ені биіктігі |
1340 | |||||||||||
Массасы, кг жинағанда толық комплектісі |
575
610 | |||||||||||
Ұңғыма ортасы
|
Коррозиялық орта (мұнай, газ, газ конденсаты, жуу сұйығы, цемент ерітіндісі, бұрғыланған тау жыныстары, су және оның қоспалары) | |||||||||||

- Кольцевой охладитель
- Командообразование и преимущества работы в команде
- Командообразование и преимущества работы в команде
- Командообразование и преимущества работы в команде
- Комбайн Нива СК-5
- Комбикорм, экструзия, сушка
- Комбинаторные алгоритмы решения школьных задач по информатике
- Коллективный договор как инструмент социально-правовой защиты работника
- Коллективный договор как нормативный документ
- Коллекция работ «Франческа»
- Коллизионные нормы
- Коллизионные нормы права
- Коллизия норм права и способы их разрешения
- Колониальная экспансия Франции в страны Индокитая в конце 18 – начале 20 века