ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕР (ҮДЕРІСТЕР)

050116 – География мамандығы

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...............................................................................................................

1 Халықаралық экономикалық интеграция………………

1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері……

1.2 Батыс Еуропалық  экономикалық интеграцияның даму 

ерекшеліктері…………………………………………………………………….

1.3 Аймақтық экономикалық  ұйымдар...............................................................

1.3.1 Солтүстік америкалық  еркін сауда зонасы

1.3.2 Оңтүстік америкалық  ортақ рынок

1.3.3 Африка және Араб  елдерінің интеграциялық ынтымақтастығы

 

2 ТМД елдеріндегі экономикалық  интеграциялық процестер

2.1 ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті

ерекшеліктері

2.2 Ынтымақтастықтың интеграциялық  формаларының қалыптасу

кезеңдері

2.3 ТМД елдерінің сауда  қатынастары

2.4 ТМД елдерінің өндірістік  кооперация мен валюталық-қаржы  ынтымақтастығының дамуы

2.5 Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі

2.6 ТМД елдерінің валюталық-қаржылық  қатынастары

 

3 ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ТМД ЕЛДЕРІНІҢ  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ

3.1 Қазақстан Республикасының  сыртқы экономикалық байланыс

ерекшеліктері

3.2 Қазақстан Республикасы  мен ТМД елдері арасындағы  инвестициялық 

саясат

3.3 Қазақстан Республикасы  мен ТМД елдері арасындағы  интеграция мәселелері

3.4 ТМД елдеріндегі  экономикалық реинтеграция мәселері

мен ерекшеліктері

3.5 ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер ТІЗІМІ

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Диплом тақырыбының  өзектілігі. Шаруашылық өмірді интернационализациялау ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік шаруашылықты дамытудың жетекші ағымына айналды. Өндірістің халықаралық кооперациясы және халықаралық еңбек бөлінісі (ХЕБ) дамуы нәтижесі ретінде әлемдік шаруашылықты ауқымды интернационализациялаудың негізгі ағымдарының бірі қандай да державаның немесе неғұрлым дамыған елдердің ықпал етуінің көлемді аймағын құруда көрінеді. Бұл елдер немесе елдер тобы әлемдік шаруашылық байланыстар мұхитында өзіндің материктер құрай отырып, төңірегіне басқа мемлекеттер топтасатын өзіндік интеграциялық орталыққа айналады.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасының мемлекеттік шекарасы толығымен анықталып, екіжақты қазақстан-өзбекстан, қазақстан-түркіменстан, қазақстан-қырғызстан келісімдеріне қол қойылды.

Қазақстан Республикасының  дүние жүзіндегі жаһандану сыртқы экономикалық байланысын жетілдірудің бір түрі – дүние жүзілік және аймақтық экономикалық ұйымдарға мүше болу, олардың жұмысына қатысу. Оның ішінде Қазақстан экономикасының дүние жүзілік жаһандану және интеграциялық үрдісіне қатысуда басты роль атқаратын ұйымдар: Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ), Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Орталық Азия экономикалық қауымдастығы.

Ұлттық экономиканың дүние жүзілік шаруашылықпен  қосылуының өзіндік ерекшеліктері  бар. Кез-келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық саясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде. Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.

Қазіргі кезде кез-келген мемлекеттің, сыртқы экономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы – ұлттық шаруашылықтың дүние жүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді. Дүние жүзілік шаруашылықтың р жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және қарама-қайшылықтар болып тұрады. Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңдары жатады.

Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүние жүзілік шаруашылыққа, халықаралық экономикалық байланыстарға кіруге итермелейді. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде өздігінен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.

Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас  түрінде ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды  ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс  түсетін жағын ойластырады. Ал бұл  тек дайын өнім айырбастауда ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғылымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың халықаралық байланыстар жүйесіне деген тең құқықтығы сақталады [1].

Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі: экономикалық, саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін тереңдете түседі.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) ерекшеліктеріне, дүние жүзі елдері мен Қазақстан арасындағы интеграциялық байланыстар географиясына баға беру.

Дипломдық жұмыс  нысаны. Дүние жүзі елдерінің экономикалық-географиялық қарым-қатынастары болып табылады.

Зерттеу пәні. Дүние жүзі елдерінің қарым-қатынас түрлері, қызмет рыногының қалыптасуы мен экономикалық қатынастары болып табылады.

Зерттеу болжамы. Қазақстан Республикасы мен дүние жүзі мемлекеттерінің интеграциялық қарым-қатынас ерекшеліктері қарастырылып, келешектегі маңызды мәселелері, кейбір геосаяси жағдайлары талданды. Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері, Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму ерекшеліктері, аймақтық экономикалық ұйымдар: Африка және Араб, т.б. елдердің интеграциялық ынтымақтастығы, ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті ерекшеліктері, ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу кезеңдері, ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының даму барысы, Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесі сараланып, келешектегі бағыттары қарастырылды.

Дипломдық жұмыстың міндеттері:

– Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдеріне сипаттама беру;

– Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму ерекшеліктерін сипаттау;

         – Аймақтық экономикалық ұйымдар: Африка және Араб, т.б. елдердің интеграциялық ынтымақтастығына баға беру;

– ТМД елдері экономикалық интеграцияның объективті ерекшеліктерін қарастыру;

– Ынтымақтастықтың интеграциялық формаларының қалыптасу кезеңдерін салыстыру;

– ТМД елдерінің өндірістік кооперация мен валюталық-қаржы ынтымақтастығының даму жолдарын қарастыру;

– Трансұлттық корпорациялар мен трансұлттық қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасу процесін саралау;

– Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыс ерекшеліктерін қарастыру;

– Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы интеграция мәселелерін айқындау;

– ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделін қалыптастыру.

Тақырыптың  зерттелу деңгейі. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) мәселелерін зерттеуде экономикалық географиялық, т.б. ғылыми әдебиеттерде біртұтас көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Интеграциялық процестер жайындағы ғылыми, әдіснамалық және теориялық еңбектерді талдау нәтижесінде көп жағдайда ресейлік және отандық экономист ғалымдардың мәліметтері мен зерттеулерін негізге алып жұмыс жасай аламыз. Ш.М. Надиров, Н.К. Исинғарин, А.А. Аубакирова, Ж.Я. Аубакирова, Е.Н. Нәбиев, Б.Б. Темірғалиев, Е.М. Арынов, Н.Қ. Мамыров, Д.М. Мадиярова, Э.Г. Кочетов, Е.Ф. Авдокушин, В.А. Сухов, В.И. Фомичев, Е.Д. Черевик, т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен еңбектері негізге алынды. Осы ғалымдардың еңбектерінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі интеграциялық процестер (үдерістер) мәселелерін теориялық және практикалық жағынан әр түрлі аспектіде қаралып кеңейтіліп отырды.

Н.К. Исинғарин, Д.М. Мадиярова, А.А. Аубакирова, Е.Н. Нәбиев, Е.Ф. Авдокушин зерттеулерi диплом жұмысында кең пайдаланылды. Дегенмен жоғарыда аталған жұмыстарда интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне талдау жасау мақсат етiп қойылмаған, тек теориялық тұрғыдан қарастырылған. Бұл ғалымдар мен зерттеушiлер аталмыш мәселенiң тек жекелеген аспектiлерiн қозғаған.

Дипломдық жұмыстың деректік көзі Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агентігінің, интернет сайттарының, ғылыми әдебиеттердің ақпараттары құрады.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негіздерін интеграциялық процестерді дамыту мәселелеріне қатысы бар ТМД және отандық ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар теориялық және және жалпы әдістемелік сипаттағы материалдар құрады. Дипломдық жұмыста салыстырмалы талдау, бағалау, статистикалық, т.б. экономикалық географиядағы әдістер пайдаланылды. Зерттеудің теориялық негiздерi ретiнде ғылыми ойды қалыптастырушы ғалымдардың, еуропалық, ресейлiк және отандық география, экономика саласындағы ғалымдарының теориялық еңбектерi басшылыққа алынды.

Диплом жұмысының  зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың нәтижелері салыстырмалы талдау әдістері, бағалау әдістері, статистикалық әдістер, хорологиялық (аймақтық зерттеу), аралас сынды әр түрлі географиялық әдістерге негізделді.

Диплом жұмысының практикалық  маңызы және жаңалығы. Орта және арнаулы оқу орындарындағы интеграциялық процестерді тереңдете оқытудың қажеттілігі туындайды. Интеграциялық процестердің даму барысын білу – экономиканың күрделі мәселелерін айыра білуге, аймақтардағы қазіргі халықаралық қатынастар мүмкіншіліктерін дұрыс бағалап, экономиканың дамуындағы ірі өзгерістердің мәнін түсінуге жәрдемдеседі.

Дипломдық жұмыс  құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі         бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Халықаралық экономикалық интеграция

1.1 Экономикалық интеграцияның объективті негіздері және кезеңдері

 

Өндірісті интернационализациялаудың  қол жеткен деңгейі бойынша формальды  және нақты сипатқа ие бола алатын интеграциялық құрылымдарды ажыратып қарау керек. Формальды интернационализация интеграция сияқты, өзара әрекет жасайтын елдер өндірісі деңгейі дамуының тиісінше өлшемдерімен шарттастырылмаған, МРТ базасында елдер арасында экономикалық байланысы белгіленуі негізінде өндірістің халықаралық қоғамдастырылуын білдіреді. Өндірістің халықаралық кооперациясы дамуы мүмкін, бірақ оның қатысушылары түпкі нәтижеге ықпал ететін әр түрлі экономикалық жағдайларда орналасады.

Нақты экономикалық интеграция қатысушы-елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық өлшемдерінің белгілі бір паритет қарастырылатын өндірістің халықаралық қоғамдастырылуын білдіреді. Экономикалық интеграция, өз кезегінде, негізгі әлеуметтік-экономикалық өлшемдерін теңестіре отырып, бұл процестің қатысушы-елдерінің өндірісін интернационализациялауды жеделдету үшін шарт жасайды. Экономикалық интеграцияға әкелетін процестерді схемалы түрде мынадай өзара байланысқан тізбекпен (кері байланыспен) білдіруге болады: өндірістік күштердің дамуы → МРТ → капитал мен өндірістің интернационализациялануы → экономикалық интеграция. Экономикалық интеграцияға жоғарыда айтылған екі фактор — ғылыми-техникалық прогресс және трансұлттық компаниялар елеулі түрде ықпал етеді.

Әлемдік шаруашылықта интеграциялық  процестер дамуының жинақталған  тәжірибесі экономикалық интеграцияның қалыптасуы мен дамуында төрт кезеңнен өту қажеттігі туралы тұжырымға негіз болады.

Бірінші кезең — қатысушы-елдер  арасында кедендік тарифтер мен басқа  да шектеулерді өзгертумен еркін  сауда аймағын құру.

Бұл сатыда қатысушы-елдер өзара сауда кедергілерін жояды, бірақ үшінші елдермен экономикалық байланыстарда әрекеттің толық еркіндігін сақтайды (мысалы, жаңа кедендік алымдарды немесе басқа шектеулерді өзгерту немесе енгізу құқығы, сауда-экономикалық келісім-шарттарын жасау құқығы).

Осылардың салдарынан елдер  арасында тауарлардың шығу жерін, олардың  қиып өтетін мемлекетік шекараларын, соған  сәйкестікте тауарды үшінші елден  жеңілдікпен әкелуге жағдайды бақылайтын кедендік шекаралар мен постылар сақталады. Мұндай еркін сауда аймағының классикалық мысалы 1960 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Еуропа еркін сауда ассоциациясы болып табылады.

Екінші кезең —  бұл жұмысшы күші және капитал  қозғалысында, сонымен бірге саудада  бірыңғай тарифтерді белгілеумен кедендік одақты құру.

Интеграцияның бұл деңгейінде мемлекет өзара сауда кедергілерін жойып қана қоймайды, сонымен бірге үшінші ел тұрғысынан ортақ кедендік алымдар мен сыртқы сауда кедергілерінің бірыңғай жүйесін құрады. Мұнда ішкі шекаралардағы кедендік қызметтерді жояды және ал олардың қызметі сыртқы шекаралардағы тиісті қызметтерге беріледі. Оған кіретін мемлекеттер шектелген бөліктерімен бірыңғай кедендік кеңістік туындайды.

Мұндай құрылымның мысалы еуропалық Одаққа өскен Еуропалық  экономикалық қоғамдастық болып  табылады.

Үшінші кезең нақты экономикалық интеграцияның бастапқы фазасы —  экономикалық одақ туындауын білдіреді. Бұл сатыда мемлекеттер ұлттық шекаралар  арқылы тауардың ғана емес, сондай-ақ капитал, жұмысшы күші, технология, ақпараттарды қосқанда, өндірістің барлық факторларын еркін қозғалту туралы келісімге келеді. Нәтижесінде ортақ рынок, ортақ рыноктық кеңістік қалыптасады.

Төртінші кезең —  бірыңғай экономикалық саясатпен, ортақ  валютамен және ұлттық реттеумен  толық интеграция. Интеграцияның  бұл деңгейіне жету (саяси-экономикалық одақ) оған енетін мемлекеттердің интеграцияның бұрынғы кезеңдерінің қол жеткен нәтижелері есебімен бірлескен сауданы, сосын үшінші ел тұрғысынан тұтасынан экономикалық саясатты жүргізу туралы, сондай-ақ экономиканы реттеу жүйесін сәйкестендіру туралы келісімге отыруды болжамдайды. Интеграцияның бұл сатысы қатысушы-елдердің сыртқы саясатты келісуін болжамдайды, бұл әрбір қатысушы-елдердің және тұтасынан бүкіл одақтың шаруашылықтық даму мүддесіне қаржы мен күштерді өзара тиімділікпен біріктіру үшін бұрынғыдан да неғұрлым кең мүмкіндіктерді береді.

Соңғы екі кезең қандай да интеграциялық топтардың ерекшеліктерімен байланысты белгілі бір шағын  кезеңдерді біріктіре алады. Әлемдегі қолданыстағы интеграциялық топтардың  басым бөлігі әзірге формалды интеграция сатысында орналасқан, интеграциялық дамудың бірінші және екінші кезеңдерінен өтуде.

Халықаралық экономикалық интеграция үш деңгейлі модель ретінде  қарастырылады (әсіресе, оның батысеуропалық вариантында):

* микродеңгейде, яғни  корпоративті деңгейде, онда жекелеген компаниялар тікелей шаруашылық  байланыстарға шығады, интеграциялық процестерді жүзеге асырады;

* мемлекетаралық деңгейде, онда мемлекеттің мақсатты түрдегі  қызметі (ұжымдық немесе бір  жақты) елдердің қандай да бір  топтары шегінде еңбек пен капиталды біріктірудің интеграциялық процестеріне бейімдейді, ерекше интеграциялық құралдардың қызмет етуін қамтамасыз етеді;

* ұлттық деңгейде, мұнда  қатысушы-елдер одаққа бұл салаларда  егемендіктен бас тарта отырып, бірқатар саяси-экономикалық функцияларды ерікті түрде береді.

 

 

1.2 Батыс Еуропалық экономикалық интеграцияның даму

ерекшеліктері

 

Экономикалық интеграция өзінің неғұрлым толық дамуын Батыс  Еуропада алды. Объективті экономикалық процестерден басқа, батысеуропалық интеграция арасында В. Гюго, И. Кант және басқалары бар көптеген еуропалық саясаткерлер, қоғамдық қайраткерлер және ойшылдары ұсынған бірыңғай Еуропа идеясымен қанаттанды.

Еуропалық одақ. Еуропалық одақтың құрылуы мен дамуының қазіргі заманғы тарихы 1951 жылдан басталады. Осы жылдың сәуір айында көмір мен болаттың еуропалық бірлестігі туралы келісім – шартқа қол қойылып, оған алты ел — Франция, ГФР, Италия, Бельгия, Нидерланды және Люксембург кірді. Бұл өз түріндегі батыс еуропалық интеграцияның алғы тарихы еді. Оның нақты өмірге келуі мен дамуының бастауы 1957 жылдан есептеледі, осы мерзімде елдер еуропалық экономикалық қоғамдастықпен еуропалық атом энергиясы бойынша қоғамдастықты құру туралы келісімге қол қойды. Қоғамдастықтың құрамына дамудың жоғарғы деңгейіндегі елдер кірді, бұл олардың соңғы 15 жыл мерзім ішіндегі экономикалық өсуінің жоғарғы қарқынымен бірге анықталды.

Батыс Еуропалық интеграцияның  дамуы елуінші жылдардың аяғынан  бастап, қазіргі уақытқа дейін  теңсіздік деңгейінде және салыстырмалы қарама – қайшылықта ағындап келді. Сонымен бірге еуропалық экономикалық қоғамдастықты құруда алға қойылған міндеттер мен мақсаттар мейлінше бірізділікпен және табысты түрде жүзеге асырылды.

Батыс Еуропа экономикалық интеграциясының даму процесін шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең, (50 – жылдардың  аяғы — 70 – жылдардың ортасы) қоғамдастық  өмірінің «Алтын ғасыры» деп есептеледі. Ол жедел түрде кеден одағын құру мен, салыстырмалы түрде бірыңғай аграрлы  рынокты табысты құрылымдаумен, еуропа экономикалық қоғамдастығына үш жаңа елдің: Ұлыбританияның, Данияның, Ирландияның кіруімен тарихта қалды.

Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың немесе оны жиі айтатындай, «Ортақ рыноктың» құрылуының нақты  мақсаты мыналар болды:

  • қатысушы елдер арасындағы саудада барлық шектеулерді бірте – бірте жою;
  • үшінші елдермен саудада ортақ кеден тарифін орнату;
  • «адамдардың, капиталдың, қызметтің» еркін қозғалысы үшін шектеулерді жою;
  • ауыл – шаруашылығы мен транспорт саласында ортақ саясатты жасау және жүргізу;
  • валюталық одақты құру;
  • салық жүйесін сәйкестендіру;
  • заңдылықтарды жақындастыру;
  • экономикалық саясатта келісу принциптерін жасау.

Бұл бағдарламаларды  жүзеге асыру мақсатында кешенді  басқару құрылымы құрылды, олар —  еуропа экономикалық одағының министрлер кеңесі, еуропалық одақтастықтың комиссиясы, еуропалық кеңес, еуропалық сот, еуропалық парламент.

Еуро – экономикалық қоғамдастықтың бірінші мақсаты  қатысушы елдердің жұмысшы күші мен  қызметтерін, капиталын, тауарлардың  ортақ рыногын құру міндетін шешу болып табылды. Бұл үшін кедендік одақ құрылды. Еуропалық экономикалық негізінде нақ кедендік одақ жатады. Кедендік одақ аясында мына шаруалар атқарылды:

  • қатысушы елдердің өзара саудасында сауда шектеулері жойылды;
  • үшінші елдер тұрғысынан бірыңғай кедендік тариф белгіленді;
  • қызметтерді ұсыну, ақша жөнелту, несие, капиталдың қозғалысының еркіндігіне қол жеткізілді;
  • тұрғын мекен – жайын таңдау еркіндігі мен жұмысшы күшімен еркін көші – қоны қамтамасыз етіледі.

Осы шаралардың барлығы  өнеркәсіптік интеграцияның жеделдеуіне  жағдай жасады. Сонымен бір мезгілде ауыл шаруашылық қоры арқылы қаржыландыру және өтемақы жинағы көмегімен ұжымдық протекционизмді орнату формасында аграрлық интеграцияны жүзеге асыру бойынша әрекеттер жасалды. Еуропалық одақтың аграрлық саясаты еуропалық одақтың мүше елдерінің көптеген ауыл шаруашылық өнімдері үшін бірыңғай төменгі бағаны белгілеуге кепілдік беретін бірыңғай баға жүйесіне негізделеді.

Ортақ рынокты қалыптастыру еуропалық экономикалық қоғамдастықтың елдерінің ұлттық монополиясын транс  – ұлттыққа айналдыру процесін жеделдетті, әріптес елдердің экономикасына енуге жағдай жасады. Еуропалық экономикалық қоғамдастықты дамыту, қоғамдастықтың қатысушы елдерінің тұйықталған ұлттық шаруашылығынан сыртқы рынокқа ашылған ашық типтегі экономикаға интенцивті өтуін білдірді.

Екінші кезең, (70 –  жылдардың ортасы — 80 – жылдардың  ортасы) еуропалық одақ тарихына еуропалық, валюталық, ынтымақтастық бағдарламасын  қабылдау, сыртқы саяси консултациялар механизмін құру реті келуімен енді.

Осы кезеңдегі барлық пайда болған негативті ағымдар батыс еуропалық экономикалық интеграциясының елеулі дағдарысына алып келді. Бұл дағдарыс «Еуро скелероз» деген атақ алды. 70 – жылдары және 80 – жылдардың басында еуропалық одақтың елдері арасындағы даму деңгейінде айырмашылықтар ұлғайды. 1981 жылы еуропалық одаққа Грецияның енуімен бұл ағым тіпті көбірек көрінді, өйткені бұл елдің экономикасы қоғамдастықтың басқа қатысушыларымен салыстырғанда елеулі түрдегі айқын төменгі деңгейде орналасқан еді.

Үшінші кезең, (80 –  жылдардың екінші жартысы — 90 – жылдардың басы) — қоғамдастықтың құрамын одан әрі кеңейту кезеңі. 1986 жылы қоғамдастыққа Испания мен Португалияның қосылуы бұрыннан бар елдер аралық диспропорцияның шиеленісуіне әкелді. Еуропалық одаққа кіру сәтінде Португалияның жан басына шаққанда кірісі еуропалық экономикалық қоғамдастық бойынша орташа деңгейдің шамамен жартысындай, ал Испанияда төрттен үш бөлігі шамасындай болды. Жаңа қатысушы елдерде шамамен бес адамның біреуі ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал бұл көрсеткіш еуропалық экономикалық қоғамдастықта он үштің бірі болып есептеледі. Сонымен бірге нақ осы кезең бәрінен бұрын Бірыңғай Еуропалық Акт қабылдаумен байланысты Батыс Еуропа интеграциясын дамытуда жаңа серпінмен сипатталады.

Бірыңғай Еуропалық  Акт-да Қауымдастықтың қатысушы-елдерінің ортақ мақсаты — Қауымдастықтың қатысушыларының саяси альянсын білдіретін және олардың экономикалық, валюталық-қаржыдық, гуманитарлық жоғары дәрежесін ғана емес, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қосқанда, сыртқы саясатын да келісуді қарайтын бірлестікті — Еуропалық одақты құру. Бірыңғай Еуропалық Актінің орталық ережесі еуропалық экономикалық өзара көмек мүшелері - әртүрлі елдері онда бірыңғай шаруашылық организм құратын бірыңғай экономикалық кеңістікті құру мақсаты болып табылады. Бірыңғай Еуропалық Актінің қабылдануымен микро және макроэкономика, саясат және құқық, ғылым және экология, аймақтық даму, әлеуметтік қатынастар саласында қоғамдастықтың мүше елдерінің интеграциялық процестері күшейе түсті. 90-жылдардың басында еуропалық қауымдастық мүше елдері бірыңғай рынок негіздерін құруды іс жүзінде аяқтап, және валюталық-экономикалық, саяси одақтарды құруға мейлінше жақындай түсті.

Төртінші кезең (ХХ ғасырдың 90-жылдарының ортасы – ХХІ ғасырдың басы). Бірыңғай Еуропалық Актіге сәйкес 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап қоғамдастық шекаралар ішінде өндіріс факторларын еркін қозғалту енгізілді. Нақты іс жүзінде қоғамдастық аясында бірыңғай экономикалық кеңістік туындады, бұл еуропалық қоғамдастықтың экономикалы интеграцияның сапалы жаңа кезеңіне енгендігін білдірді.

Масстрихтск келісім  шартының негізінде (1992 жылғы ақпан) 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап еуропалы экономикалық кеңес 15-ке дейін саны жеткен қатысушы елдердің көлемімен  еуропалық одаққа өтті. Еуропалық  одақ аясында бірыңғай ішкі рынокты толығымен құру жүзеге асырылады. Одан арғы интеграциялық ынтымақтастықтың мақсаттары айқындалды. Олар ішкі шекарасыз бірыңғай батыс еуропалық кеңестікті құруды, еуро бірыңғай валютасы эмиссиясы құқығымен бірыңғай еуропалық банкті құруды біріктіреді.

Он бес мемлекет мүшеден тұратын еуропалық одақ АҚШ және Жапониямен қатар әлемдегі басты өндірушілер мен тұтынушылар қатарында тұрады. Еуростаттың мәліметтері бойынша оның үлесіне әлемдік экспорттың 57%-і және импорттың 55%-і келеді. Сондай-ақ, әлемдік саудада еуро одақ елдерінің үлесі одақ мүшелерінің саны ұлғайғандығына қарамастан, соңғы екі онжылдықта құлдырай түсті. Тұтынушылық қабілет аумағына есептелген, тұрғындардың жан басына шаққандағы жылдық жалпы ішкі өнім мөлшері орташа алғанда еуро одақ елдері үшін 17,3 мың ЭКЮ. Мейлінше жеткілікті әлеуметтік экономикалық жетістіктері мен еуропалық одақ, оның тұрғындары әлемнің 7%-ін ғана құрайды.

Еуро одақтың ілгерлемелі  дамуы одақта қиындықтар мен қарама-қайшылықтар  жоқ дегенді білдірмейді. Жоғарыда еуро одақтың жаңа мүшелерін біріктіру нәтижесінде туындаған еларалық және елішілік теңсіздіктер аталып өтті. Ауылшаруашылығының негізгі өнімдеріне бірыңғай орталықтандырылған баға, бірыңғай аграрлық саясатты жүзеге асыру процесінде елеулі проблемалар туындады және туындайды. Еуросоюз идеологтарын халықаралық рыноктарда еуропалық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігінің құлдырауы, әлемдік саудада еуро одақ үлесінің қысқаруы, компьютерлендіруде АҚШ-тан қалып қою мазасыздандырады.

Еуроодақ елеулі проблемалармен өзіне жаңа мүшелердің енуімен байланысты жолығуы мүмкін. 1998 жылдың наурыз айында Еуропалық одаққа енуге үміткер-елдер тобымен белсенді келіссөздер басталды. Еуропалық одақ Шығыс Еуропаға бет бұра бастады. Еуропалық одақтың болашақ жаңа мүшелері Кипр, Чехия, Венгрия, Словения, Эстония бола алуы мүмкін. Еуропалық одаққа ену ұмтылысында Түркия белсенді бола бастады. 1996 жылғы қаңтардан бастап Еуропалық одаққа Түркияның кедендік одағы туралы келісім күшіне енді.

Кипр мен Түркияны қоспағанда, Еуропалық одаққа мүшелікке  барлық жаңа үміткерлер Шығыс және Орталық Еуропаның бұрынғы социалистік аймағындағы енді ғана реформаланып жатқан рыноктық және демократиялық үйлесімді ұсынады. Еуропалық одаққа жаңа «шығыстық» мүшелердің енуі бойынша келіссөз процесі Еуроодақ эксперттері есептегендей, мейлінше күрделі және ұзақ уақытқа созылатын болады. Ал Еуропалық  одаққа енуге кандидат елдердің бейімделуі бойынша шығындар мейлінше жоғары болады. Бастапқы кезеңде Еуроодақ жыл сайын бұл мақсаттарға жылына 1,7 млрд. доллар шамасында бөледі. 2000 жылдан бастап бұл сома екі еселенеді. Негізінен қаржы артта қалған ауыл шаруашылығын модернизациялауға, транспортты дамытуға, қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметті толық қайта құруға, АЭС қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және басқа салаларды қаржыландыруға кетеді.

Еуроодақ атымен батысеуропалық интеграция теоретиктері «әр түрлі  жылдамдықта» және «Концентрациялы  айналым Еуропасы» экономикалық интеграцияны дамыту концепциясын ұсынды. «Әр түрлі жылдамдықтағы Еуропа» концепциясына келсек, онда Еуропадағы интеграциялық процестер кемі бес жылдамдықта қозғалуда. Ең жылдамы — бұл валюталық одақтың 11 мүшесі. Одан кейін бірінші кезеңде евроны енгізуден бас тартатын Ұлыбритания, Швеция, Дания, Грекия тұрады. Олардан соң ең соңғысы Түркия болып табылатын ең лайықты 11 үміткердің «бес қосу бір» жүреді.

Еуропа  еркін сауда ассоциациясы. Батыс Еуропада экономикалық интеграция Еуроодақ аумағымен ғана шектелмейді: 60-жылдардың басынан Еуропа еркін сауда ассоциациясы өмір сүріп келеді. Еуропа еркін сауда ассоциациясының Еуроодақтан айырмашылығы ұлттан жоғары функциялар мен мемлекетаралық үйлестіруші институттар болмайды. Еуропа еркін сауда ассоциациясы басты мәселе ретінде экономикалық ынтымақтастықты алға қояды. Бірінші кезекте ол кедендік кедергілерді жою мен сауданы либерализациялауға ықпал етті. Еуропа еркін сауда ассоциациясы мүше-елдері (80-жылдары олар жеті, 90-жылдардың ортасында — төртеу — Норвегия, Исландия, Лихтенштейн, Швейцария болды) үшінші елдермен қандай да бір сауда-экономикалық келісімге ерікті түрде қосылды, оның үстіне Еуропа еркін сауда ассоциациясының қатысушыларының әрқайсысы бұл елдер тұрғысынан кез-келген кедендік тарифтерді белгілеуге құқылы болды. Еуропа еркін сауда ассоциациясы мүше-елдері арасында саудада еркін алымсыз сауда айналымы Еуропа еркін сауда ассоциациясы конвенциясы әрекеті ауыл шаруашылығы өнімдеріне таралмайтындықтан, өнеркәсіп тауарлары тұрғысынан ғана әрекет етті.

1972 жылы Еуропа еркін сауда ассоциациясына кіретін әрбір мемлекет Еуропа экономикалық одағы/ Еуроодақ келісіміне қол қойды, соған сәйкес өнеркәсіп тауарларына сандық шектеулер мен алымдар бірте-бірте төмендетілді. Бұл елдер арасындағы алымсыз сауда тауардың шығуы тегіне қатысты жасалған күрделі ережелер жүйесіне негіз салады. Еуропа еркін сауда ассоциациясы ішінде бірыңғай кедендік тариф болмауынан алымсыз сауда еркіндігі мүше-елдерде өндірілген тауарлар үшін ғана жүреді.

ТМД елдері интеграциясының модельдері, даму келешегі және әр түрлі жылдамдықтағы интеграция моделі