Delphi ортасында электронды оқулық программасынын құру әдістемесі

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................6

І.Тарау. Delphi ортасы.............................................................................................8

1.1. Delphi-ді іске қосу............................................................................................8

1.2.  Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль........................................12

ІІ.Тарау. Delphi ортасында электронды оқулық программасынын құру                                    

әдістемесі................................................................................................................15

    1. Программаны жобалаудың алғы шарттары..............................................16

2.2. Программаны қолдануға нұсқаулар............................................................ 21

Қорытынды............................................................................................................23

Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

    Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму  көрсеткіштерінің  бірі ретінде қарастырылады.  Олай  болса,  біздің мемлекетіміз  де бұл мәселеден шеткері кете алмайды. Бұл мәселені  шешу жолдарының  бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарда жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы  орта  білім беру  жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдануы осы   істі қолға алудың алғашқы қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектептердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс істеуді жоғарғы деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан ары жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. бүгінгі күні жоғары және үздік білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің   түрлі мақсаттағы құрлымдары пайда болды. Қазақстан үшін стратегиялық дамудың басым міндеттерінің бірі- білім беру жүйесін ақпараттандыру саласында прогрессшіл саясат жүргізу. Ол үшін ппрограммалық тренажерлер , дидпктикалық ойындар, гипертекістік жүйелер сияқты оқыту, дамыту, бақылау программалары кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптаушы- оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де қолдануда.

      Қазақстан Республикасындағы білімді  ақпараттандыру жүйесін ары қарай  дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуға арналған программалық құралдарды дайындау аса маңызды мәселе. Олардың атқаратын қызметтерінің ауқымды кең, мысалы, бақылау және тестілік программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және мультимедиялық программалар. Оқытуға арналған программалық құралодардыәр түрлі ортада даярлауға болады. бұл информатика мұғалімдерінің  кәсіби даярлығына, шеберлігі мен компьютерлік мәдениеттілігіне бірқаттар талаптар қойып отыр. Бұл  талап үдесінен шығу үшін әр түрлі бағыттағы пәнаралық байланыстарды жандандырған жөн. Информатиканың пәнаралық байланысын жолға қою және оны пайдалану студенттердің біртұтас білім-білігін қалыптастырып, болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби міндеттерінің шешілуіне жағдай жасайды.

        Біздің жұмысымызда осындай компьютерлік  оқыту, дамыту, бақылау программаларының  оқушылардың зерттеушілік қызметіндегі  маңызы айқындалып, оларды жасаудың  әдістері қарастырылған. Мұндай  программаларды пайдалану оқушыларға  өз бетімен жұмыс істеу   мүмкіндігін туғызады. Сонымен бірге  оқушылардың  сабаққа деген  қызығылушығын, белсенділігін арттырады.  Оқыту, дамыту, бақылау программаларын  пайдалану мұғалдімнің оқу-әдістемелік  потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Мысалы, оқытудың әр кезеңінде компьютерлік тест арқылы оқушы білімін жеке бақылаумен қатар, графикалық немесе мәтін түрінде бейнелеу, мультимедиялық бейнелеу және дыбыс бөлімінің бағдарламасын іске асыруға көп көмегін тигізеді.

         Оқушылардың   танымдық ерекшееліктері  мен жас ерекшеліктерге байланысты  ғылыми-тереториялық ұғымдар жүйесі  арқылы жалрыдан жалқыға, абстрактыдан  нақтыға қарай жылжу үрдістері  оқыту, дамыту, бақылау программаларын  оқу процесінде қолданудың маңыздылығын  көрсетеді. Мұнда мұғалімнің басқару  рөлі өзгереді. Енді мұғалім білім  мен ақпарат беретін тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ететін кеңесші әрі әріптес ретінде қызмет атқарады.

Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды  пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтармен бірге оқыту, дамыту, бақылау программалармен жабдықтау жұмыстың көкейкестілігін айқындайды.                  

 

  1. Тарау. Delphi ортасы.

1.1.  Delphi-дi iске қосу.

 

Delphi програмасын iске қосу үшiн  бiз ең алдымен Delphi програмасын орнатуымыз керек. Егер программа орнатылған болса, онда оны әдеттегiдей Iске қосу (Пуск) – Программалар (Программы) - Borland Delphi 6 ® Delphi 6 командалары арқылы iске қосамыз.

Бұл кезде Delphi 6 программасы iске қосылады, (1.1-сурет) көрсетілген.

 

 

1.1-сурет. Delphi 6 программасының ашылуы.

 

Бұл программаны iске қосқанда ең алдымен Delphi програмасының негiзгi үш терезесi экранда көрiнедi (1.2-сурет). Бұл терезелер:

  1- шiсi Delphi ортасының негiзгi терезесі болып саналады.

2-шiсi Delphi ортасының формасы (Form1) деп аталады.

 3-iici Delphi ортасының,обьект инспектор терезесі (Object Inspector)

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2-сурет. Delphi програмасының алғашқы көрiнiсi.

Жалпы, ортада программа құруға арналған төртiншi, модуль терезесi де iске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесiнiң астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрiнбейдi. Delphi-дiң негiзгi терезесiнiң құрамына мәзiр, аспаптар панелi жєне компоненттер палитрасы енгiзiлген (1.3-сурет).

 


 

 

 

1.3-сурет. Delphi-дiң негiзгi терезесi

Оқиғалар. Программалық код терезесi

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшiн алдымен формаѓа компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi  мүмкiн. Оның әр iс-әрекетi оқиға шақырады. Яғни, оқиға  – программаның жұмыс iстеуi кезiнде объект жағдайының өзгеруi.

Delphi-де әр оқиғаға атау берiлiп қойылған. Мысалы, компоненттер палитрасыныњ Button түймесi арқылы формада орнатылған Button1 компонентiн шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектiге байланысты оқиғалар жеткiлiктi Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35 (1.4-сурет). Олар қасиеттер  терезесiнiң Events   қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксi (қосымшасы) тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi.


 

 

 

     

 

 

 

                           1.4-сурет. Форма оқиғалары

 

Delphi-де программа (проект) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) жєне unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сєйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп те атайды. 1.1-тақырыпта ескертiлгенiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерi:

  • форманы жабу (жабу түймесiн шерту);
  • код терезесiнiң бiр шетi  форма астында көрiнiп  тұрса,  оны  шерту.

Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атауларынан тұрады (1.5-суретте) т.б.

 

1.5-сурет. Код терезесi (Unit1)

Жалпы, формадан код терезесiне өту және код терезесiнен формаға өту  үшiн F12  клавишiн басу  жеткiлiктi.  (1.5-сурет) көрiнiп тұрғаны – код терезесiне енгiзiлген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура  оқиғаны өңдуiш не оқиғаны өңдеу процедурасы делiнедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.

Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлымен бір не бірнеше модулдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы *.dpr, модуль *.pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ. Негізгі модуль(проект):

керне

Project1 - негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады.

Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi - дің модульге алғашқы реті меншіктеген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны және онымен байланысты форма атауы көрсетіледі.

{$R *.RES} - нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның Windows көмегімен дайындалғанын қолданбалы программаның қор сипаттамаларын, мысалы, шарт белгілер сақталған файлды және т.с.с. пайдалану керектігін көрсетеді (файлдың кеңейтілуі - *.res);

Begin - end операторларының аралығына енгізілген соңғы бөлім – қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін әдістер. Delphi - де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура және командалар әдісі делінеді:

Application.Initialize - қосымша объектісін инициалдау программаны алғашқы рет дайындау әдісі;

Application.CreateForm - проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда көрсету әдісі;

Application.Run - программаны іске қосуды қамтамасыз ету әдісі.

Delphi - де әдістің командалық түрде  жазылуы:

<Объект>.<Әдіс>

Мысалы,  Application.Initialize - Application объектісінің Initialize әдісін орындау. Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін. Жалпы Delphi - де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.

Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit модуль қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi - дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

Интерфейс (interface) бөлімі кілттік сөзімен басталады да оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандарты модуль атаулары жазылады. Бөлімге пайдаланушы дайындалған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма типі сипатталады. Онда өрістер, қасиеттер, компоненттер сипаталып, олардан соң модульге жазылатын проседуралармен функциялар прогармма элементтері жарияланады.

Private (жеке дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар).

 Public (көпшілік) бөлімнің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.

Impelementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі – {$R *.DFM} -  *.dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады  (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компонентер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті проседураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны өңдеуіш проседуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады.

Кейде модульдің  соңына инициялдау (initialization) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициялдап бастапқы мәндер беріп программаны дайындaу үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты бөлім толтырылмаса, begin  сөзі жазылмай оған тек end сөзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сөз. 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ІІ.Тарау. Delphi ортасында электронды оқулық программасынын құру әдістемесі

             Біздің  зерттеу  жұмысымыздың негізгі  мақсаты оқыту, дамыту, бақылау  электронды программасын  құру  болғандықтан,  оған нақты   мысал  келтірейік.  Мұндай  программаларды  жазуда  оны  құратын құрал- жабдықтарды дұрыс таңдаған жөн.

          Біз программаны соңғы кездері  кеңінен қолданыс тапқан программалау  ортасының бірі- Delphi      объектілі –бағдарлы программалау тілі мен блокнот беттері құру ортасының мүмкіндіктерін пайдаланып жасаудың әдістемесін ұсынып отырмыз. Программада Delphi    ортасының формалары мен бірнеше компоненттері қолданылады. Мысалы, SpeedButton,Memo,Edit,Image.

               1-сурет. Программа интерфейсін  жобалау

    1-суреттен  көрініп тұрғандай командалық  түймелер программадағы оқыту,  дамыту, мысал тапсырмавларын, баспаға  шығару және авторлар туралы  мәліметтерді шығаруға арналған.Form-дегі суретті Powerpoint-та дайындап аламыз.

 

  

2.1.  Программаны жобалаудың алғы  шарттары.

        Программаны құру бірнеше кезеңдерден тұрады:

       1-кезең. Программаның интерфейсін жобалау. Мұнда Delphi  ортасының негізгі обьектісі форма бетіне келесі компоненттер 1-суреттегідей етіп           орнатылады:     

  Speedbutton1…Speedbutton5

                                                     


 

 


       1-сурет

                                                                                    Image1

 

                     1-сурет. Программа интерфейсін жобалау

     1-суреттен көрініп тұрғандай  командалық түймелер программадағы  оқыту,дамыту, баспаға шығару, мысал,және  авторлар туралы мәліметтерді   шығаруға арналған.

      2-кезең.   Әрбір компонентке байланысты программалық  кодтар жазылады. Мұндағы негізгі кодтар командалық түймелерге қатысты болғандықтан, бір командалық түйменің программалық кодынан үзінді келтірейік:

        

 

Оқыту материалдарының  мазмұнын шығаратын командалық түйменің коды: 


                                                                                                 2-сурет

   end.Button1           Form2                                        Memo1

 

 unit Unit2;

interface

uses

  Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

  Dialogs, StdCtrls;

type

  TForm2 = class(TForm)

    Memo1: TMemo;

    Button1: TButton;

    Button2: TButton;

    Button3: TButton;

    Button4: TButton;

    Button5: TButton;

    Memo2: TMemo;

    procedure Button1Click(Sender: TObject);

    procedure FormCreate(Sender: TObject);

    procedure Button5Click(Sender: TObject);

    procedure Button2Click(Sender: TObject);

  private

    { Private declarations }

  public

    { Public declarations }

  end;

 

var

  Form2: TForm2;

implementation

uses Unit1;

{$R *.dfm}

procedure TForm2.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Memo1.Visible :=true;

Memo2.Visible :=false;

Button1.Visible :=true;

end;

 

procedure TForm2.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Memo1.Visible :=false;

Memo2.Visible :=false;

Button1.Visible :=true;

Button2.Visible :=true;

end;

procedure TForm2.Button5Click(Sender: TObject);

begin

Form1.Show

end;

procedure TForm2.Button2Click(Sender: TObject);

begin

Memo2.Visible :=true;

Button2.Visible :=true;

Memo1.Visible :=false;

end;

 

   

Form-дағы  мәліметтерді шығару үшін  Информатика пәні туралы мәлімет батырмасын басқанда шығатын бет. Ал бұл мәлімет шығу үшін  процедураға келесі программаны жазамыз:

 

unit Unit3;

interface

uses

  Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,

  Dialogs, StdCtrls;

type

  TForm3 = class(TForm)

    Memo1: TMemo;

    Button1: TButton;

    Button2: TButton;

    procedure Button1Click(Sender: TObject);

    procedure Button2Click(Sender: TObject);

    procedure FormCreate(Sender: TObject);

    private

    { Private declarations }

  public

    { Public declarations }

  end;

   var

   Form3: TForm3;

 implementation

 uses Unit1;

{$R *.dfm}

procedure TForm3.Button1Click(Sender: TObject);

begin

Button1.visible:=true;

Memo1.visible:=true;

end;

procedure TForm3.Button2Click(Sender: TObject);

begin

form1.show

end;

procedure TForm3.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Memo1.Visible :=false;

Button1.Visible :=true;

end;

end.

 

        

 

 

 

 

 

2.2. Программаны қолдануға нұсқаулар

Оқыту материалының мазмұнын шығаратын терезе. Лекция1 батырмсын басқан кезде Memo1 компаонентіне лекция1 материалы шығады.


            end.Button1           Form2                                        Memo1         3-сурет

Дамыту материалының мазмұнын шығаратын командалық түймені  басқанда шығатын бет:

Form1-дегі Автор батырмасын басқанда төмендегідей терезе көрінеді. Бұл терезе автор жайлы мәліметті көрсетеді.

 

 

«назад» батырмасын басқан кезде Form1 бетіне өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

       Компьютерді оқу  процесінде  пай даланудың негізгі-оқыту, дамыту, бақылау программаларын қолданудан басталды. Сабақ мазмұнына сәйкес мұғалім өз қызметінде оқыту, дамыту, бақылау программаларын құрып, оны пайдалануы тиіс.  Демек,  компьютер мектеп пәндерін оқытудың қалыптасқан дәстүрлі әдістемесіне енумен  бірге бірқатар өзекті мәселелерді шешуге жағдай жасайды. Оқыту, дамыту ,бақылау программаларын құруда белгілі бір қалыптасқан әдіс жоқ, ол мұғалімнің сабақ жүргізгені секілді бір-бірін қайталамайтын өзіндік ерекшелікте болуы керек. Сондықтан жоғарыда  қарастырылған оқыту,дамыту,бақылау программалары олардың бір мысалы ретінде ұсынылып отыр.  Комьпютерлік оқыту, дамыту,бақылау программалары- оқу материалын қайталау және бекіту кезеңдерінде пән мұғаліміне көмекші құрал бола алады. Оқыту, дамыту, бақылау программаларын қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ, мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құрал ретінде қабылдады. Уақыт талабына сай оқушыларға сапалы білім беруде мұндай программаларды пайдаланудың тиімді бір түрі ретінде қарастыруға болатынына көз жеткіздік. Жалпы алғанда, оқыту, дамыту, бақылау  программ асын жасау процесіне пән мұғалімінің , психолог және физиолог мамандардың бірлесе жұмыс істегені оң нәтиже береді. Оның үстіне сауатты, талапқа сай программа құру математикалық дайындықты қажет етеді. Сонымен компьютерді сабаққа пайдалану маңызды да күрделі іс. Оқыту,дамыту,  бақылау программасын құру, оны бір орталықтан көбейтіп тарату, мұндай  программаларды жасау ісіне тәжрибелі программистер мен мұғалімдерді тарту т.с.с. мәселелер қазірге дейін өз шешімін таппай келе жатқанын ескерсек, ұсынылған оқыту, дамыту,бақылау программ аларының маңызды екендігі байқалады.

         Жас ұрпаққа білдім беру жолындағы  ортақ міндетті өз мәнінде  атқару үшін, оқыту,дамыту,бақылау программаларын жасауда  бір-бірімізден тәжрибе алмасып, компьютердің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану әдістемесін ғылыми негізінде жасап, ұсынсақ мұғалімнің еңбегін жеңілдетуге тиімді болады деп есептейміз.

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Ракитин В.И. Практические  руководства по методам вычислений        и приложением программ для персоналных компьютер.: Учебное пособие / В.И. Ракитин, В.С. Первушин –Москва:Высш. Шк. 1998-383 ст. /
  2. Информатика: Практикум по технологий на компьютере. Учебные пособие для вузов. /Под ред. Макаровой Н.В.-1997/
  3. О. Камардинов. Информатика, 2-бөлім, Шымкент,2000
  4. Н.И. Макарова и  др. Информатика. Учебник.-М.: «Финансы и  Статистика» ,2001.
  5. В.В. Фаронов.    Delphi6. Учебный курс. М. 2001
  6. А. Полянский. Среда программирования  Delphi 5-6. Справочное пособие. М.,2001
  7. С. Бобровский. Delphi 5. учебный курс. М.,2001
  8. А.Жуков. Изучаем Delphi, 2001
  9. Сван Т. и др. Delphi для Windows 95. Пер. с англ. К.,         «Диалектика», 1999 
  10. Тейлор Д. и др. Delphi 3. Библиотека программиста. СПБ, Питер,1998



Delphi ортасында электронды оқулық программасынын құру әдістемесі