Алеуметтик салык

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

 

I. НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ-

    -----------------------------------------------------------------------------------------------5

1.1 Әлеуметтік  саясаттың экономикада алатын орны--------------------------5

1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты--------------------------13

 

  ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ   ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------15

2.1.Қазақстандағы  мемлекеттік әлеуметтік саясаттың атқаратын қызметі-

      ----------------------------------------------------------------------------------------15

2.2.Қазақстандағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің ахуалы, қабылданған бағдарламалар -----------------------------------------------------------19

 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ------------------------------------27

 

ҚОСЫМШАЛАР-------------------------------------------------------------------------28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     Кіріспе

 

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам  өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын  реттеу жөніндегі қызметінінң бір  бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің  жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін  жасау.

Нарықтық экономиканың тереңдігі, қоғамдық өмірімізге әрқилы жаңаша өзгерістерді енгізе отырып, өзінің талабын қойып келеді. Оны біреулер өздігінен болып жатқан әдеттегі құрылыстардың бірі деп қабылдаса, екінші бір адамдар оны сананың ойелегінен өткізіп, тереңнен талдайды.

Әлемдік даму аренасына қадам басқан кез  келген мемлекет өз қоғамының мүшелерінің  барлық қажеттіліктерін қанағаттандырып,   жаңа биік белестерге қадам басуға әрекет жасайды. Бүгінгі таңда әлеуметтік мемлекет болып табылатын көптеген әлем мемлекеттері үшін әлеуметтік саясаттың  айқын басым бағыттарын анықтап, салиқалы әлеуметтік саясат жүргізу, халықты  әлеуметтік қорғаудың  өзіндік моделін  қалыптастыру стратегиялық маңызы бар  мәселе болып отыр. Әлеуметтік саясаттың  басым бағыттарын анықтау арқылы мемлекет ең алдымен негізгі халықтың қажеттіліктерін анықтап, саясатты сол арнаға бағыттайды.  Демек, тиімді тетіктерін табу арқылы қоғамның әр түрлі  топтарына, таптарына, әсіресе әлжуаз әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарын әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік саясат» ұғымын теориялық-методологиялық талдау бұл саланың ғылыми негіздемесін орнықтырады. Ал әлеуметтік саясаттың  негізі әлеуметтік қорғаудан бастау алса, әлемнің көптеген мемлекеттерінде  халықты әлеуметтік қорғаудың модельдері (Скандинавия елдері моделі,  Жерорта  теңізі елдері моделі, Чилли моделі және т.б.) қалыптасып үлгерді. Осы тұста  Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесінің әлем елдерінің  озық тәжірбиесі негізінде өзіндік  моделін жасап келеді. Десек те, қоғам түрленіп, нарық құбылып  өзгерген сайын Қазақстанның да басқа  мемлекеттер сияқты әлеуметтік саясатын жетілдіріп отыруы заңды құбылыс  болып табылады.  Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты -  әлеуметтік саясаттың  теориялық аспектілерін ескере отырып, әлемдік тәжірбиеге үңіліп, Қазақстан  Республикасының әлеуметтік қорғау жүйесіндегі бағытын анықтау. Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы азаматтық қоғам, демократия, гумманизм, құқықтық мелекет, еркіндік пен теңдік мәселелерімен тығыз байланысты.

Әлеуметтік саясатты іске асыру кезіндегі ең күрделісі  – шешімді талап ететін әлеуметтік бастаулар туралы сұрақтарды шешу болып  табылады.

Қазақстанның әлеуметтік саясатының стратегиялық мақсаты болып  әлеуметтік бағдарланған экономиканың қалыптасуы болып табылады. Әлеуметтік мемлекет халықтың материалды жағдайы  үшін жүргізілген реформалардың  кері әсерлерін азайтуға және позитивті  әсерлерін күшейтуге ұмтылуы  керек яғни халықты аурудан, мүгедектіктен, жұмыссыздықтан, қарттықтан әлеуметтік қорғауға негізделген.

Қазақстанның әлеуметтік дамуының мақсатын саяси басқарумен анықтайды, ол жергілікті басқару органдары  мен өндірістік коллективтер көпшіліктің  жағдайын жақсартуға байланысты және әлеуметтік саяси тұрақтылықты сақтауға байланысты қоғамдағы әлеуметтік серіктестікті  жоғарылатуға байланысты әлеуметтік мақсат пен нәтижелерге жетуге бағытталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.  НАРЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ДАМУЫ

1.1 Әлеуметтік саясаттың  экономикада алатын орны

Нарықтық экономикада оған қатысушылардың табыстары өндіріс факторлары бойынша  бөлінеді. Мұның өзі халықтың әр алуан жіктері арасында табыстардың  бөлінісінде едәуір теңсіздікке  әкеп соғады. Осындай теңсіздікті  жеңілдету мақсатында мемлекет халықтың жекелеген санаттары арасында басты  мазмұны табысты қайта бөлу болып  табылатын әлеуметтік саясатты жүргізеді.

Нарық теорияларына жүргізілген талдау көрсеткендей, мемлекет әлеуметтік шығындарды жеңілдету үшін, нарықтық экономика бойындағы, оны  басқа экономикалық жүйелермен салыстырғанда  неғұрлым тиімді ететін, демек, адамдардың шектеусіз қажеттіктерін қанағаттандыруға, халықтың тұрмыс деңгейі жоғарылатуға неғұрлым бағдарлы ететін қуатты ішкі стимулдарды пайдалануға тиіс.

Нарықтық  экономикалық қатынастар теориясының  бастауында тұрған Адам Смитке сәйкес, нарықтық экономика қоғамдық міндеттерді  мейлінше дұрыс шеше алады, баршаға  және әркімге мейлінше ықтимал пайдамен жеке әрі ұжымдық ерікті үйлесімге  келтіре алады. нарық дамуының әлеуметтік қырларын сөз ете отырып, егер қоғам  мүшелерінің елеулі бөлігі кедей  болса, ол қоғамның өсіп-өркендей алмайтындығын  атап өткен болатын. Адам қоғамда  қалыптасқан экономикалық қатынастар туралы өзінің аса маңызды қажеттіліктерін  қанағаттандыруға олардың қаншалықты жәрдемдесетіндігі тұрғысынан ой түйеді. Осы идеяны дамыта отырып, А.Смит «экономикалық  адам» және «көзден таса қол» атты атақты ұғымдарды енгізеді. «Экономикалық  адам» деп ол жеке-дара баюға ұмтылатын  индивидті ұғады. «Көзден таса қолдың»  мәні – объективті экономикалық заңдардың  стихиялы әрекеті, яғни кәсіпкерлерінің  еркін бәсекелестігінің арқасында  және олардың пайда табуға ұмтылысы арқылы қоғам мүдделері іске асады, оның әл-ауқаты артады. Бұл ретте  мемлекеттік басқару объективті экономикалық заңдарға қайшы келмеуге, «табиғи» нарықтық тәртіпке жасанды  тосқауыл болмауға тиіс .

Сонымен, нарықтық экономика үшін, біздің ойымызша, Смиттің қоғамдық экономикалық дамуды және қоғамның әл-ауқатының өсуін зерделейтін ғылым ретіндегі экономика ғылымы парадигмалары, сондай-ақ оның экономикалық либерализм тұжырымдамасы маңызды болып табылады, оның негізгі қағидалары мыналарға келіп саяды:

  1. жеке адамдардың мүдделері қоғам мүдделеліре сәйкес келеді;
  2. «экономикалық адам» дегеніміз, Смит бойынша, табиғатына өзімшілдік тән және байлықты жиған үстіне жия түсуге ұмтылатын адам;
  3. экономикалық заңдардың жұмыс істеуінің сөзсіз шарты еркін бәсекелестік болып табылады;
  4. пайда көздеу мен еркін сауданы А.Смит күллі қоғамға тиімді әрекет деп бағалайды;
  5. нарықта «көзден таса қол» әрекет жасайды оның көмегімен еркін бәсекелестік адамдардың мүдделері арқылы олардың іс-қимылын басқарады және қоғамдық проблемалардың жеке адамдар үшін де, сол сияқты тұтас алғанда күллі қоғам үшін де мейлінше тиімді ең жақсы жолмен шешілуіне жетелейді.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Адам Смиттің идеялары Л.Вальрастың, К.Менгердің, А.Маршаллдың және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде нарықтық қатынастардың негізгі  субъектілерін - өндіруші мен тұтынушыны талдауға бағытталған микроэкономикалық  көзқарастар шеңберінде дамуға ие болды.

Осы субъектілер  қызметінің, себептерін, стимулдарын, мақсаттары мен нәтижелерін зерттеу  нарықтық жүйенің бойындағы қуатты ішкі үрдісті анықтауға мүмкіндік  берді. Атап айтқанда: өз пайдасын еселей түсуге ұмтылатын өндірушілер мүмкіндіктері  шегінде сатып алған игіліктері мен қызметтерден келетін пайда-түсімді  барынша ұлғайтуға тырысатын  тұтынушы сұраныстарын, қажеттері мен  сұраныстарын, қажеттері мен мүдделерін мұқият ескеруге тиіс. Мейлінше мол  табыс алу мақсатында, тұтынушылардың өздеріне артықшылық беруі үшін, өндірушілердің бәсекелестігі, нарық күштерінің: өндірушілер  мен тұтынушылардың мүдделері көрінетін  ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеті  нәтижесінде нарықтық тепе-теңдік, экономиканың мейлінше тиімділік ахуалы, демек, адамдардың қажеттіктері мейлінше қанағаттандырылатын ахуал орнығады.

Белгілі швейцар ғылымы Л.Вальрас нарықтық тепе-теңдікті сипаттау үшін «шекті пайдалылық»  ұғымын енгізді. Ол оны тұтынылған игіліктер  мөлшерінде кемитін функция ретінде  айқындады. Тұтынушылардың барлығы  өз қажеттіктерін қанағаттандыруда ең жоғары шекке қол жеткізген  кезде экономикалық тепе-теңдік орнайды. Вальрас сол сияқты нарықтардың  жалпы экономикалық тепе-теңдігінің математикалық моделін жасады.

Әлеуметтік  экономика тетіктерін ұғыну үшін, біздің ойымызша, мемлекеттің табиғатындағы  Л.Вальрас анықтаған функциялар маңызды. Бұл:

  1. ақшаның тұрлаулылығының бақылау;
  2. азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  3. алыпсатарлық процестерді тежеу;
  4. азаматтардың жалпыға бірдей алуын қолдау;
  5. жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуына кепілдік беру;
  6. тиімді бәсекелестіктің жұмыс істеуіне ықпал ету;
  7. пайдалы заттарды өндіру мен тұтынуды ынталандыру.

Нарықтың  тепе-теңдігі тетіктерінің ашылуы эконоомикалық  ғылымның жалпы парадигмасының өзгеруіне  алып келді. Саяси экономияның жалпы  принциптерінің орнына адамдардың шекті  ресурстарының (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік  қабілеттер) әр алуан тауарлар мен  қызметтерді өндіру, оларды қоғам  мүшелері арасында тұтыну мақсатында бөлу мен алмасу үшін пайдаланылуын  талдау дами бастады. Бұл әлеуметтік экономиканың өзіндік теориясын  зерделеуді бастауға мүмкіндік берді.

1871 жылы  К.Менгер индивидтер қызметін  микроэкономикалық талдау негізінде  («робинзондананы» абстракциялау  әдісі) экономика теориясына шектілік  принципін енгізеді. Менгер бәрі  де әр түрлі интенсивті адам  қажеттіктерінің басталады деп  санады. Оларды қанағаттандыру үшін  игіліктер қажет, ал бұларды  өндіру үшін өндірістік ресурстар  қажет. Тұтыну игіліктерінің өзі  өндірістік ресурстарға құндылық  сипатын береді. Бұл ретте тұтыну  иеліктерінің құндылығы игіліктер  қанағаттандыратын қажеттіктің  маңыздылығы дәрежесімен, дәлірек  айтқанда, соңғы, қолда бар игілік  бірлігімен, яғни оның шекті пайдалылығымен  айқындалады. Игіліктердің шекті  пайдалылығыының арасалмағы оларды  өзара алмасу пропорцияларын  негіздейді. Кез келген экономикалық  алмасу өнімділікке ие, өйткені  қатысушыларға мүлік үстейді.

Менгердің шәкірттері Ф.Визер мен Е.Бем-Баберк маржинализм шеңберінде экономикалық либерализмге бағдар ұстанды.

Ф.Визер  жай және қоғамдық экономика үшін субъективті құндылық теориясын  дамытты. Экономикалық ғылым үшін оның ресурстар пайдаланудың балама мүмкіндіктерін болжайтын балама шығындар теориясы маңызды. Қоғамдық шаруашылықты қарастырған  кезде, Визердің жекеше шаруашылық тәртібі  – қоғамдық экономикалық одақтың  бірден-бір, тарихи тұрғыда өзін өзі  ақтаған, жалпыға бірдей бағыныштылықпен  өкім бойынша шаруашылық жүргізуге  қарағанда неғұрлым тиімді нысаны деген  тұжырымға келуінің маңызы үлкен. Осылайша, экономикада Визер заңы ашылды. Оған сәйкес кез келген заттың іс жүзіндегі  құны (пайдалылығы) дегеніміз – осы  затты өндіруге жұмсалған басқа  ресурстардың өзге заттардың жете алынбаған  пайдалалықтары (айта кеткен жөн, Е.Бем-Баверктің  ұстанымынан өзгеше, Ф.Визер мемлекеттің  экономикаға араласуын қорғады).

Е.Бем-Баверк тұтас нарық жағдайында өндіріс  факторларына баға белгілеу проблемасын  талдауға үле қосты. Оның жұмыстарында «күту теориясы» маңызда орын алды, оның орталық идеясы капиталға  түсімнің (пайыздың) туындауы болып  табылады. Бұл теорияның мәні мынада: уақыт ұзақтығына орай өндіру құралдары  өнімге айналады да, осы құралдар мен  өнімнің құндылығында айырмашылық  туындады, нақ осы айырмашылықта  капиталға түсім жасырынып тұрады. Бұл теория капиталдың өнімділігіне орай оған пайыздың пайда болуы туралы пікірден жалаң түрде бас тарту  болып табылады. Бем-Баверк капиталдың өз құндылығын өнімге көшіруі процесінде «қосымша құндылықтың» пайда болуын мойындайтын тәрізді: себеп уақытта.

Ағылшын маржиналистері У.Джевонсон және Ф.Эджуорт  пайдалылықтың негізгі санаттары  ретіндегі сұраныс пен тұтыну туралы маржиналдық субъективистік идеяларды дамытты. Джевонсон кемитін  шекті пайдалылық заңын тұжырымдады  және оның көмегімен «алмасу теңдеуі» ұғымына келді: тепе-теңдік күйінде  тұтынылатын тауарларға үстемелер  қатынастары соңғы кезекте қанағаттардырылатын  қажеттіктер интенсивтілігінің  тиісті қатынастарына немесе Джевонсонның сөзімен айтқанда, «пайдалылықтың соңғы  дәрежелеріне» тең болуға тиіс. Шын  мәнінде, бұл бізге қазіргі заманғы  экономика бойынша таныс тұтынушылық  тепе-теңдігі шарты: шекті пайдалылықтардың салыстырмалы бағаларға барабарлығы .

Ғылымға қосылған аса маңызды үлес Джевонсонның еңбекті ұсыну теориясы болып  табылады. Еңбектің ұзақтылығының артуымен оның бейнеттілігі алдымен төмендейді, одан кнйін өседі, (ал еңбекпен өндірілген өнімнің шекті пайдалылығы бірқалыпты кемиді. Өз әлуетін ұтымды жұмсайтын  жұмысшы еңбектің шекті бейнеттілігі мен өнімнің шекті пайдалылығын теңдестіретін болады.

Эджуорт тепе-теңдікті математикалық анықтамасына үлесі қосты. Тепе-теңдік еңбек игіліктері мен бейнеттілігінің пайдалылығын салғастыру негізінде қарастырылды. Эджуорт фирма өндірісінің өсу  заңын айқындады. Бұл өсуді түсім  шекті шығындармен теңескенге дейін  жалғастыру тиімді. Ғылым Эджуорттың алдында қиғаш айырымсыздықтар  сынды маңызды ұғым үшін қарыздар. Ол бұрын қолданылып келген мөлшерлік  пайдалылық теориясына қарама-қарсы  реттік пайдалылықтар теориясының  негізі болып табылады.

Нарықтық  тепе-теңдік күйіне одан әрі талдауды Вальрастың шәкірті Вильфредо Парето жүзеге асырды. Ол пайдалылықтың өлшену мүмкіндігіне күмәнмен қарап, ретті  пайдалылық идеясын ұсынды, нарықтық тепе-теңдікті талдау үшін қиғаш айырымсыздықтарды пайдаланды. Парето нарықтық қатынастарда мәмілеге қатысушылардың тым болмағанда біреуінің жағдайын нашарлатпайынша, ешкім де өз жағдайын жақсарта алмайтын нарық күйін табады. Мұндай күй Парето-оңтайлы немесе Парето оптимумы атауына ие болды.

Альфред Маршалл баға түзу тетігін анықтап, оны сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынасы ретінде қарайды. Бұл  ретте ол сұраныс теориясының  негізіне У.Джевонстың, К.Мңгердің, Э.Бем-Баверктің, Ф.Визердың, Л.Вальрастың және т.б. шығармашыларында зерттелген маржинализмді – шекті  пайдалылық туралы ілімді қалады.

Ұсыныс  теориясының негізіне Маршалл кейіннен Дж.Б.Кларктың шекті өнімділік теориясымен  толықтырылған өндіріс факторлары тұжырымдамасын арқау етті. Бұл ретте  А.Маршалл ең алдымен объективті заңдылықтарды анықтауға ұмтылған батыс саяси экономиясының басқа  классиктерінен өзгеше, шаруашылық жүргізуші  субъектілеріне субъективті баға беруді, яғни таңдау еркіндігін негіз етіп алды. 

Парадигмалар  алмасуы және тұтас алғанда экономика  ғылымында маржиналистік төңкерсіс  екі кезеңде өткендігін атап өте  қажет. Бірінші кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды, екінші кезең  неоклассикалық мектеп атауына ие болды (көптеген ғалымдар маржиналситік төңкерісті бастады, ал кейін неғұрлым терең  неоклассикалық теорияны түзуге ықпал  етті).

Маржиналистер нарықтық экономиканың жалпы тепе-теңдігі  теориясын дамытты. Олардың басты  идеясы экономикада бәрі қым-қиғаш  аралас және өзара байланысты, кез  келген баға беру басқа бағалауларға тәуелді және өз кезегінде оларға әсер етеді дегенге келіп саяды. Құндылық әрдайым салыстырмалы, ол тауарға деген нақты қажеттіліктің  интенсивтілігі мен оны өндіру шығындарын салыстырумен айқындалады. нарықтық экономикада  бұл тұтас алғанда барлық тауарлар мен қызметтер бойынша сұраныс  пен ұсыныстың теңдігі арқылы көрінеді.

 Маржиналистер  тепе-теңдікке қол жеткізудің  басты реттеуші тетігі деп  теңдес бағалар құрылымының өзгеруін  санады. Құндылық пайдалылықтар  мен шығындардың, сұраныс пен  ұсыныстың  теңдігі айқындағаннан  кейін ғана мәлім болады. Тауарлардың  айырбастық құндылықтары дегеніміз  – экономикалық талдау тендеулерінің  белгісіздері, олар теңдеулер жүйесін  шешу жолымен табылады. нәтижесінде  ресурстардың оңтайлы бөлінісіне  және оңтайлы бөлінісіне қанағаттандырудың  барынша жоғары деңгейіне қол  жеткізеді. Шекті өнімділік теориясы  осылайша пайда болды.

Маржиналистердің, әсіресе Вальрас пен Маршаллдың тұжырымдамалық көзқарастары экономика  ғылымында өткір сынға ұшырап отырды. Шекті талдау теориясы бастамашыларының көптеген еңбектері қажетсіз болып  шықты. Оған тән тұжырымның қасаңдығын алғашқыда Йозеф Шумпетер еңсеруге талпынды. ХХ ғасырдың басында-ақ ол, инновациялық процестің кәсіпкерлік пайда, капитал  және пайыз тәрізді маңызды көрсеткіштердің  өзгеруіне әсерін көрсетуге ұмтыла отырып, капиталимнің дамуын динамикалық  модельдеу тәжірибесін қолға  алды.

Адам  Смиттің жаңа ізбасарлары ретінде  маржиналистер де оның «мемлекет  қаскөй ниетсіз-ақ қоғамға зиян келтіруі мүмкін еркіндікті шектен тыс қолданудың алдын алуға тиіс» деген ескертпесін  ескермеді. Бұл оларды «iaisser-faire»  идеологиясына алып келді, ол соңыра өз кезегінде қазіргі заманғы  абстарктілі экономикалық бәсекелестік теориясы мен ілкі әлеуметтік нарықтық экономика теориясына арасында айырмашылықтың пайда болуына алып келді.

 Соңғы  теорияға сәйкес нарықтық экономикада  бәсекелестікті шектеуге ықпал  ететін күштер қайта-қайта туындап  отырады. Басқаша айтқанда, «laisser-faire»   экономикасы жағдайында әрбір  кәсіпкер пайдаға емес, бірінші  кезекте өзіне кейіннен пайданы  еселеп арттыруға, және де нәтижеде  өзінің еркін және тең құқықты  басырында алуы мүмкін болғаннан  асып алуы мүмкін болғаннан  асып түсетін пайда алуға мүмкіндік  беретін монополиялық, яғни билік  позициясына ұмтылады.

Алайда, сөз  жоқ, неокласиктер зерттеп-талдаған шекті  пайдалылық теориясы мен шекті өнімділік  теориясы тұтынушылық құн негізінде  баға түзілу процесін ұғыну мен қоғам  әл-ауқатының аса маңызды құрамдас бөліктері ретіндегі өндіріс  факторларының (еңбек, капитал, жер) өнімділігі айқындалатын құн көзін ұғынуға  үлес қосты. Олардың көптеген қағидалары қазіргі заманғы саяси экономияға енді.

Мысалы, шекті пайдалылықтың берілген функциялары, шекті өнімділіктің берілген функцияларын, бағаның сұраныстың ұсыныстан артуы  көлемінен өзгеруін неоклассикалық ұғыну жалпы тепе-теңдік жүйесін  өзгерту мәселелерінің кейінгі  шешілуі үшін негіз болды. Ол да кезінде  А.Смит қойған қоғамның әл-ауқаты проблемасын  зерделеуге жаңа серпін берді.

Біздің  пікірімізше, экономика ғылымының  теориясында маржинализмнің мыналарға  мүмкіндік берен маңызы кем емес:

Біріншіден, талдаудың әдіснамалық базасы мен  әдістемесін өзгертуге. Классикалық  экономикадан өзгеше, талдауда негізгі  назар шығындар мен шығыстарға емес, өндірістің ақырғы нәтижелеріне аударыла бастады.

Екіншіден, экономикалық теория үшін бастау нүктесі  ретінде индивидтердің экономикалық мінез-құлқының субъективті дәлелдемесі  басым бола бастады; экономика ғылымына тұңғыш рет шектілік принципі енгізілді.

Классикалық ғылым әдетте орташа шамаларды пайдаланды, орташа шамалары пайдаланы, өйкені нақ  солар заңдлықтарды көрсетеі деп  саналды. Алайда маржиналистер елеулі заңдылықары орташа емес, шекті шамалар  крсетеді деген қорытындыға келді. Шекті талдау дүниеге келді.

Үшіншіден, алға міндеттер қою әдіснамасы өзгерді. Маржиналистер класситерен өзгеше екпінді шамалар өзгеріп үлгірмейтін  қысқа мерзімді кезеңдердің статистикалық  сипаттамаларына ауыстырды. Бұл  ретте ресурстарды қажеттіктерді  қанағаттандыру үшін, ең жақсыны аңау үшін пайдаланудың әр алуан амалдары талданады.

Төріншіден, құнылық теориясында тңкеріс  орын алды. Құнылыққа деген классикалық  кзқарас жоққа шығарылады. Маржиналисер құндылықты пайдалы нәтиже дәрежесімен, яғни  қажеттктері қанағаттаныру  дәрежесімен айқындайды.

Сонымен, ХІХ ғасырда нарықтық экономика  теориясының дамуы нарықтық жүйенің  зіндік ішкі реттеушілеріне, экономиканың тиімді дамуын және соның негізіне қоғамық әл-айқаттың артуын қамамасыз  ететін зінік тетіктеріне ие екенігін дәлелдеуге мүмкінік берді. Сонымен  бірге қоғамдық байлықтың өсуі мен  ауқымы еңбекші бұқараның жағдайының арасындағы көпе-көрінеу айырмашылық, сондай-ақ нарықтық экономиканың дамуына  оқтын-оқтын бой көрсеткен дағдарыстар  көптеген ғалымарды классиктер мен  олардың ізбасарларының экономикалық либерализмін дау айтуға мәжбүр етті.

Экономикалық  теорияда нарықтық реттеушілердің әлеуметтік экономикалық проблемаларды шешудегі рөлін қайта бағамдайтын тұжырымдамалар пайда болд. Бұл негізінен микроэкономикалық талдаудан макроэкономикалық талдауға көшудің шарты болып табылды, бұған ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс тұтас алғанда нарық тетігін және жеке тұрғыда оның әлеумеік құрамдас блігін зерделеу үсінде жүгінде тұңғыш рет мемлекеттің экономикаға араласпауы принципінен бас тарту туралы көзқарастарын Кейнс ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында айта бастад. Алайда неоклассикалық теорияны ол 1936 жылы зінің басты еңбегі «Жұмыспен қамудың, пайыз бен ақшанң жалпы теориясы» атты еңбегінде кеңінен сынға алды.

Кейнс экономика  өндірістік қуаттар толық пайдаланылмайтын және мәжбүрлі жұмыссздық орын алатын тепе-теңдік жағдайында болуы мүмкін деген тұжрымды негізге алды. Бұл  ретте Кейнстің басы теориялық сіңірген еңбегі бірқатар идеяларды ұсынуы болып табылады, олар кейіннен кейнсиандыққа тек болды.

Біріншіден, неоклассикерден өзгеше, Кейнс халықтың жинақ ақшасының көлемі пайыз  ставкасына әуелді емес деп пайымдады. Кейнсің пікірінше, ол табыс деңгейімен, халықтың қалыптасқан үйреншікті әдеттерімен  және басқа да факторлармен айқындалады. Бұл ретте Кейнс жинақ ақшалар  негізгі пихологиялық заңға бағынады деп санады: табыс өскен сайын  адамдар оның көбірек блігін жинақтауға бейілді келеді.

Неоаклассикалық тұжырымдамада инвестициялар мен  жинақ ақшалар пайыз ставкасындағы  өзгерістер арқылы теңдестіріледі: ол жоғарылаған кезде инвестициялар  төмендейді, ал жинақ ақшалар өседі. Кейнсиандық тұжырымдамада жинақ  ақшалар пайыз ставкасна емес, табысқа тәуелді болғандықтан, инвестицияларға  жинақ ақшаларды теңдестірудің  бірден-бір алмалы табысты өзгеруде болып табылады. Кейнс сол сияқты инвестициялар әрдайым жинақ  ақшаларға тең деп санады, бұл  ретте теңдестіру сатылмаған өнім қорларын ұлғайту арқылы орын алу мүмкін .

Екіншіден, Кейнс өзінің жақтаушысы Р.Кан енгізген мультипликатор ұғымын белсенді пайдаланды.

Кейнсиандық тұжырымдама тұтыну табысқа тәуелді  болғандықтан, табыстың ұлғаюы табыстың одан әрі ұлғаю процесінің өрістеуіне алып келеді. Бұл процесс былайша  жүреді: алғашқы сәтте табыс шамасына ұлғаяды дейік, сонда тұтыну артады, мұнда тұтынудың шекті нормасы.

Экономикада іске қосылмаған қуаттар бар жағдайда тұтынудың ұлғаю өндірістің барабар  ұлғаюын өндірісің барабар ұлғаюын  туындатады және, демек, ұлттық табыстың ұлғаюына әкелді, яғни табыс шамасына қосымша артады. Табыстың мұндай өсімі  тұтынудың одан әрі өсуіне алып келеді, мұның өзі өндіріс пен табыстың одан әрі өсуін туындатады. Шексіз арифметикалық прогрессия сомасының  формуласы бойынша, табыстың жалпы  үстелуі. Неғұрлым көп болған сайын, табыстың өсуі де көбірек болады.

 

                 

 

 

 

              

 

 

 

                1.2 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты

 

Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа  көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.

Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің  табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде  анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек  иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден  мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын  дәл болжап көрсете білген брокердің  табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған  елдерінде мемлекеттен адамдар  үшін әл-уақат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар  кеңінен тарай бастады. Әсіресе  тоерия мен тәжірибеде «берекелі  мемлекет» деген ұғым, яғни ауқымды  әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан  елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде  ғана емес, түрлі табыстар ағындарын  мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде  де бөлінетінін байқадық.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам  өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын  реттеу жөніндегі қызметінінң бір  бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің  жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін  жасау.

 Мемлекеттің  қоғамдық өндірісті реттеу мақсатында  жүргізетін шаралардың құрамды  бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік  саясаты елдегі бүкіл экономикалық  ахуалмен тығыз байланысты болады.

       Мемлекеттің әлеуметтік саясаты тізбегіндегі басты буын халық табысын құру саясаты. «Табыс» деген түсінік экономикалық жұмыс нәтижесінің көрсеткіші. Экономикалық әдебиетте «Табыс» дегенді жаңадан жасалған құнның мөлшерін анықтауға қолданып, өндірілген құнның оны өндіруге жұмсалған шығындардан артық болуы, әр таптың, әлеуметтік топтың немесе жекелеген адамның өндірілген өнімдегі үлесі, оны иемденуі мағынасында түсінеді .

Қоғам мүшелерінің  табыс дәрежесі, деңгейі олардың  әл-ауқатының басты көрсеткіші, өйткені  ол жеке адамның материалдық және рухани өмірін анықтап, демалуына білім  алуына, денсаулығын сақтауға, күнделікті тұтыну қажеттілігін өтеуге мүмкіндік  береді. Халық табысының мөлшеріне  тікелей әсер ететін факторлардың ішінде, жалақының көлемінен басқа бөлшек сауда бағасының динамикасы, тұтыну рыногын тауарлармен толтыру  және т.б. бар.

Халық табысының  деңгейі мен динамиксын сараптау үшін номиналды қолдағы және нақтылы  кірістерінің көрсеткіштері қолданылады.

Номиналды табыс  – жекелеген адамдардың белгілі  уақытта алған ақшасының саны.

Қолдағы табыс – жеке тұтынуға және жеке жинақтауға болатын табыс. Қолдағы  бар табыс номиналды табыстан салық пен міндетті төлемдер сомасына кем болады.

Нақтылы табыс – белгілі бір уақытта  қолдағы бар табысқа сатып  алған қызме пен тауарлардың  саны, ол баға деңгейінің өзгеруімен түзетіліп  отырады.

Халықтың  нақтылы ақшалай табыстарының құрылуының бірнеше қайнар көздері бар, олардың  негізгілері: факторлық табыстар, қоғамдық тұтыну қорларынан берілетін төлемдер мен жеңілдіктер; финанс жүйесі арқылы келетін және басқа түсімдер. Жалақы, кәсіпорындардағы, кооперативтердегі  жалақы тектес табыстар; өз шаруашылығының табыстары және басқалар. Еңбек факторына  ақы төлеудің тенденциясын талдау, бұл табыс түрінің болашақта  да жалпы ақша табыстарының көлемін  құруда жетекші рөл атқаратынын  көрсетеді.

Халық табысының  құрылуына айтарлықтай әсер ететін жай қоғамдық тұтыну қорынан берілетін  төлемдер мен жеңілдіктер немесе мемлекеттік көмектің бағдарламасы. Осылардан зейнеткерлерді қамсыздандыруға, уақытша жұмысқа жарамсыздарды  қолдауға әр түрлі жәрлем ақыға қаржы  бөлінеді.

Халық табысында  трансферттік төлемдер мен жалақы үлестерінің  арақатынасы жеке адамның экономикалық мүдделілігі мен еңбекке ықыласын қалыптастыруда ерекше рөл атқарады. Жалпы табыстар сомасындағы жалақының  басым болуы кәсіпкерлік, жаңашылдық, іскерлік сияқты жақсы қасиеттерді  қалыптастырады. Қоғамдық тұтыну қорынан  берілетін төлемдерді күшейту өндірістік қызметке қатысу деңгейін төмендетіп, біреуге арқа сүйеушілік, масылдық психологияны тәрбиелейді.

Алеуметтик салык