Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

                                                  Мазмұны

    

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1.НАРЫҚ ТҮСІНІГІ, ШАРТТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.............................5

1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түсініктері...........................5

1.2 Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері..................................................8

1.3 Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы................................ 11

 

2. Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңдері және даму деңгейлері........................................................16

2.1Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы......................................................................................................................16

    1. Қазақстан Республикасындағы нарықтық  құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің рөлі.................................................................23

2.3 Қазақстан Республикасындағы  нарықтын негізгі даму кезеңдері..................27

 

3. Қазақстан  Республикасындағы нарық жағдайы:оның  функцияларының даму принциптері және жетілдіру жолдары...............................................................................................................31

3.1 Нарықтық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері........31

3.2 Қазақстан Республикасындағы  нарықтың  қалыптасу және даму стратегиясы және жетілдіру жолдары...........................................................................................36

Қорытынды..............................................................................................................39 Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................41

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

                                              Кіріспе

   «Біз  ендігі жерде «қолымыз жеткен»  экономикалық өсуді пайдаланумен  шектелмей, осы өсуді шындап  басқаруды меңгеруге үйренуіміз, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі  экономикалық дамуға ұластыруымыз  керек» деген елбасы Н.Назарбаев  өзінің жолдауында. Міне бұл дегеніміз  елбасының мемлекет алдына бәсекеге  қабілеттілік жөнінен қойып отырған  ең басты міндеттерінің бірі. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 30 елдің құрамына кіру» стратегиясы елбасының 2009 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған тапсырмалардан туындайды. Елдің бәсекеге қабілетті болуы ондағы барлық салалармен өлшенеді. Солардың ішінде экономикалық жағдайдың бәсекеге қабілетті болуы маңызды. Бәсекелестік күрес – жылжымалы, өктемелі үрдіс. Оның өлшемі жағдайдың тепе-теңдігі емес, экономикалық байланыстың барлық салаларындағы және белсенді кәсіпорынындағы негізгі ойларды үнемі бұзып отыру жатады.

   Бүгінгі менің курстық  жұмысымның тақырыбы бір-бірімен  бәсекелес көптеген сатушылар  мен сатып алушылар болатын  нарықтың қызмет істеу механизмін  талдауға арналады.Үлкен нәрсенің  ұсақтан құралатыны секілді елдің  экономикалық бәсекеге төтеп  беруі, ондағы фирмалар мен  кәсіпорындардың өзара бәсекелестігінен  де анықталады. Сондықтан да бәсеке  жағдайындағы бағаның қалыптасу  механизмін түсіну үшін сұраныс  және ұсынысқа талдау жасау  керек. Сұраныс және ұсыныс  бүкіл экономикалық жүйенің ырғақты  жұмыс жасауын көрсететін басты  тұтқа болып табылады. Нарықтық  механизм – сатушы мен сатып  алушының өзара іс-әрекетінің  бәсекелестік механизмі және  сұраныс пен  ұсыныстың негізінде  құрылады.  Нарық - өндіруші мен  тұтынушының арасындағы байланыстың  ерекше түрі. Ол өндіріс пен  тұтыныстың арасындағы  баланыстылықты  қамтамасыз етеді. Бұл баланыстылық  сыртқы құбылыста сұраныс пен  ұсыныс арасының сәйкес болуы  ретінде көрінеді. Міне, сондықтан  да мен бұл жұмысымда сұраныс  пен ұсыныстың ерекшеліктері,  нарықтық тепе-теңдік тақырыптарына  толықтай тоқталатын боламын. Өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау, нарықтық функцияларды, даму  принциптерін қарастыру болып табылады. Сонымен қатар меншік қатынастарының  әртүрлі нысандары, нарық инфрақұрылымын жасау болып табылады.

     Курстық жұмыстың мақсаты: Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.

Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.

Нарықтық экономика, осы заманғы  жекеше іс бастау және іскерлік рухы, саяси  демократиямен астасып отырып,бостандықты  сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың  барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Курстық жұмыстың міндеті: Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады. Оның бірнеше міндеттері бар олар:

  • Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері,
  • Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері
  • Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
  • Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі
  • Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері
  • Қазақстан Республикасындағы нарықтың  қалыптасу және даму стратегиясы

Жұмыстың  құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, Қорытындыдан және Қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

  1.Нарық түсінігі, шарттары және қызметтері.

1.1 Нарықтың атқаратын қызметтері, шарттары мен түрлері.

 

      Нарықтың мәні оның атқаратын  қызметтері арқылы анықталады. Оның  атқаратын қызметтері:

  • Экономикалық игіліктерді және қызметтерді, өндірушілермен тұтынушыларды, байланыстыратын буын.
  • Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін және тиімділігін қамтамасыз етудегі реттеуші ролі.
  • Экономиканың жағдайы туралы объективті ақпараттың қайнар көзі.
  • Бәсеке арқылы экономиканы тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазарту.
  • Өндірістік шығындарды азайтуды экономикалық ынталандыру.
  • Еңбекке деген материалдық стимулдарды экономикалық жағынан қамтамасыз ету.

      Нарықтың басқа бір атқаратын  қызметі – ақпараттық. Нарық тауарлар  бағасы мен қызмет ақыларының, несие және банк депозитінің,  проценттік нарқының т.б. үздіксіз  өзгеріп отыруы арқылы өндіріске  қатысушыларға олар сататын немесе  сатып алатын тауарлар мен  қызметтерге жұмсалатын қоғамдық  қажетті өндіріс шығындары, қоғамдық-қажетті  сапа және ассортимент туралы  объективті ақпар беріп отырады. 

      Нарық күрделі экономикалық категория  ретінде өз бетінше емес, әр-түрлі  факторларға байланысты белгілі  бір нақты әлеуметтік-экономикалық  жағдайларда өмір сүреді. Дүниежүзілік  тәжірибе нарықтық механизмнің  мынадай жағдайлар мен шарттар  орындалғанда ғана тиімді қалыптасатынын  және өмір сүруін дәлелдеп  берді.

  • Шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі.
  • Меншік қатынастарының алуан түрлі формалары.
  • Өндіріс қуатының  белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы.
  • Тауар өндірушілердің және сауда делдалдарының бәсекесі.
  • Нарық инфрақұрылымын жасау.

      Территориялық белгілеріне қарай  нарық мынадай түрлерге бөлінеді: дүниежүзілік нарық, еларалық  бірлестіктер нарығы, ұлттық нарық,  аймақтық нарық және оқшауланған  немесе жергілікті нарық.

      Дүниежүзілік нарық, сатушылар  мен сатып алушылар арасындағы  тауарлар мен қызметтерді айырбастау  жүйесі түрінде көрінетін бұкіләлемдік  шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің,  валюталық-несие және қаржы қатынастарының  негізінде құрылып орнықты. Дүниежүзілік  нарық өндірістік кооперация  және интеграция, сыртқы сауда,  тауарайырбас операциялары арқылы  ішкі нарықпен байланыста болады.

      Еларалық бірлестіктер нарығы  деп, экономикалық айырбастың  ерекше формалары мен шарттары, терең еңбек бөлінісі арқылы  байланысқа, бірнеше мемлекеттердің  қатысуымен құрылған нарықты  айтады.

      Ұлттық нарық бір елдің мемлекеттік  шекарасының аумағымен шектелген  жалпы ішкі нарық. Ұлттық нарықта,  белгілі бір нысанда өндірістің  нәтижелері мен шарттарына байланысты экономикалық қатынастар дамиды. Бұл қатынастар, нарық қызметінің шарты – ақша және тауар айналысының болуын анықтайтын тауарақшалы форма түрінде көрінеді.

      Аймақтық нарық  - бұл бөлек территориялық бөлімше  нарығы (республика, облыс, аймақ,  аудан).   Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

       Нарықтық экономика  мына басымдылықтарға ие:

  1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
  2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
  3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
  4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
  5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.

Сонымен бірге  нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге ,әсіресе банкротқа ұшырағандарға  деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету,білім  алу,табыс табу сияқты әлеуметтік –  экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл  салалар мемлекеттің белсенді түрде  араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде  табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.

       Нарық механизмі ғылым мен  техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын,еңбекті  ұйымдастырудың жаңа әдістерін  кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ  көп қаржы уақытты қажет ететін  оның жаңа бағыттарында стратегиялық  мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте  терең құрылымдық өзгерістер  жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл  жерде мемлекеттің стратегиялық  ғылыми – техникалық саясаты  мен экономикалық көмегінсіз,ірі  кәсіпорындар мен бірлестіктердің  қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге  жету мүмкін емес.

      Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне  мыналар жатады:

  1. табыс алуға кепілдік бермейді;
  2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
  3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
  4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
  5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

       Нарықтық экономиканың  әрекет ету жиынтығында нарық  жүйесін құрайтын оның белгілі  бір элементтерінің болуын көздейді.

      Нарықтық экономиканың  бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар.Олар  еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері  тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған  кезде қалыптасады.Тұтыну жеке  өзіндік және өндіруші болып  бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде  тауарларды өндіріс сферасынан  шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін  қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

        Өндіруші тұтыну  өндіріс процесінің жалғасы ретінде  жүреді,бұл кезде тауар басқа  өндірушілер ары қарайғы өңдеу  үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда  өндірушілер мен тұтынушылар  арасындағы өзара әрекет қызмет  нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық  шаруашылықта ол тұрақтылығымен  ерекшеленіп,мамандандыру негізінде  құрылады және көтерме нарықтық  мәселе нысанында көрінеді.

      Нарықтық экономиканың  екінші элементі ретінде өндірістік  бірліктерді корпоративті басқару  базасындағы меншіктің жеке немесе  аралас нысандарымен ерекшеленетін  экономикалық ерекшелік жүреді.

      Үшінші маңызды  элемент – баға.Ол айрықша  зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде  екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы  әрекет етуші коньюнктураға байланысты  ауытқитын сұраныс пен ұсыныс  нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы  географиялық ауданда өндірілетін  осы тауарға деген нарықтық  қатынастың әрекеті сферасын  анықтайды.Осы сфераның шекарасы  трансакциялық шығындармен,яғни  айырбаспен байланысты айналым  шығындармен анықталады.

Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайла өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:

а) меншік түрлерінің көп болуы;

ә) нарыктағы шаруашылық субъектілерінің қойылатын экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз-өзінше болуы;

б) тауар өндірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз 
дегенде 5-7 бәсекелес);

в) белгісіз нарыққа өнім шығару;

г) өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;

д) керекті инфрақұрылымның болуы.

      Жергілікті оқшауланған нарық  – кейбір елді пунктердің жиынтығы  болып табылатын нарық. «Жергілікті  оқшауланған» нарық деп негізінен,  халық тұтынатын тауарлар мен  ақылы қызмет нарығына қатысты  айтылады.

 

 

 

 

1.2.Нарыққа көшудің стратегиялық ерекшеліктері.

Экономистердің  назарын аудартуға тиісті ең маңызды  проблемалардың бірі – бұл Қазақстан  Республикасында нарық дамуының кейбір стратегиялық ерекшеліктерін қайта  қарауды талап ететін шаруашылық жүргізудің нарық жағдайына көшу арқылы ел экономикасын дағдарыстан  шығару. Атап айтқанда, экономиканың дамуындағы қателіктер мен күрделенген шиеленістердің болуы жаңа жағдайлардағы нарықты  басқару істерінің жолға қойылмауынан деп түсінуге болады.

      Қазір уақыт экономистерге жаңа, ел жоғары талаптарды қояды.  Наоықты дұрыс басқару үшін  не қажет екенін анықтау қажет.  Біздің пікірімізше, бұл үшін  проблемалардың үш блогын шешу  керек.

       -  ел нарығының тұжырымдамасын  жасау;

       -  нарықты басқарудың негізгі  бағыттары мен экономикалық теориясын  таңдап алу;

       -  нарықтың ұйымдық-экономикалық  тетігін, оның критерийін анықтау.

      Республикада нарық жүйесін қалыптастырған  кезде өзіндік ерекшеліктері  ескерілуге тиіс. Қазақстан нарығының  дамуы үш кезеңге бөлінеді:

      1) 1991-1993 жылдары. Нарық жүйесінің  негізгі құралдарын қалыптастыру.

      Ең күшті соққы халыққа нарықтық  баға бірнеше есе өсіп, жалақы, зейнетақы, жәрдемақы бірнеше  айға кешіктірілгенде тиді; ақша  реформасы өтті – қаржы қарыздары,  есепке алу, баспа-бас айырбастар  енгізілді, төленбеген төлемдер  пайда болды, жеткізушілер тек  өзінің меншікті өнімдерімен  есеп айырысты. Мұның нәтижесінде  республикада баспа-бас айырбастау  үлесі 45%-ға жетті.

      2) 1994-1998 жылдары. Үкімет нарық  механизмдерінің элементтеріне  қатысты тіркелген бағам енгізді,  меншіктің дамуының жаңа нысандарын  құрды.

      Нарық нысандарының қарқынды  дамуы меншік иелерінің жаңа  таптарының құрылуына, жеке меншіктің  нығаюына әкелді. Мұнда баға өсуінің  қарқыны айтарлықтай төмендеді.

      3) 1998-2006 жылдары. Нарық жеке меншіктің  кеңею жағдайында дамыды.

      Мемлекеттік және жеке меншіктің  арақатынасы республика бойынша  1:5, ал ТМД елдері бойынша тұтас  алғанда 1:3. нарықтың қалыптасуында  шешуші рөлді шетелдік инвестициялар  атқарады. Нарықтың молықтырылған  кезеңі болды, нарықта іс жүзінде  наннан бастап автомобильге дейін  бәрін сатып алуға болатындай  мүмкіндік туды. Алайда нәтижесінде  ауыл шаруашылығының құлдырауы  өтті.

      Нарық өндірістің реттеушісі  болып табылады, өндірушілер оған  тәуелді. Барлық шығындарды нарық  орташа құнына саяды, сондықтан  бір өндірушілер ойсырай кедейленеді,  ал басқалары баиды. Дамудың  өтпелі кезең жағдайында, біріншіден, нарықтың дақылдар бойынша егіс  алқаптарының көлемдері мен құрылымдарына  ауыл шаруашылығы технологиясына  елулі әсері болады. Республиканың  оңтүстік аймақтарының шаруашылықтары  нарық талаптарына тезірек бейімделді және нарық дақылдары арпа, бидай, күнбағыс, шикі-мақта, темекі т.б. өндірісіне көшті.

      Екіншіден, халықтың сана сезімі  өсуде және тұтынушы үшін өндірушілер  арасында бәсекелестік күрес  күшеюде.

      Үшіншіден, нарық ауылдан адамдардың  ағылу есебінен қала халқының  тез өсуіне себепші болады. Қала  халқы ойсырап кедейленген ауыл  кедейлері есебінен толықтырылады,  сондықтан ауыл тұрғындарына  ауылдан кетпеулері үшін оларға  жағдай туғызу қажет.

      Төртіншіден, таптық қоғамның  құрылу үдерісі жүруде, яғни байлар  мен кедейлер табының қалыптасуы, біреулердің баюы және басқалардың  ойсырай кедейленуі оын алуда.

      Бесіншіден, мемлекет соңғы жылдары  бюджеттік міндеттемелерді орындауда  қаржы қолдауын жасайды, сондықтан  бүгін көптеген кәсіпорындар  өздерінің болашағын нарықтың  дамуымен байланыстырады.

      Алтыншыдан, нарық адамға өзінің  қабілеті, қуаты мен еңбекқорлығына  қарай қаншама табыс табамын  десе де мүмкіндік берді. Бірнеше  жерде жұмыс істеуге, жұмыс  істейтін зейнеткерлерге, т.б. бұрынғыдай  шектеулер жоқ.

      Жетіншіден, тауар айналымы жүруде, тауарлардың жаңа түрлері пайда  болуда, сауда компьютерлендірілуде.

      Сөйтіп, өзінің мазмұны  бойынша нарық экономикалық реформалардың  құралы болып табылады, ло тек  меншіктің өзгеруіне байланысты  өзінің өте ерекше міндеттерімен  қатар, сонымен бірге басқа  да экономикалық өзгерістерді  жүзеге асыру үшін жағдай тудырады.       Қазақстанда көп салалы экономика. Оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды.Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді. Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылылымындағы қайшылықтар да болды.Өнеркәсіп дәрежесі өте төмен болды.Реформаға кірісерде республиканың қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта есеппен 61%болса,Қазақстанда 46%ғана болды.Қор және капиталды көп жұмсайтын салалардың үлесі өте жоғары еді,КСРО-да химия,мұнай-химия өндірудің үлесіне орташа9%келсе,Қазақстанда 15% еді.Машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО бойынша 27%болса,Қазақстанда17%-кеғана жетті.Республика экономикасында шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан,адам басына шағатын өнім өте төмен болды.

Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері  бар.Республикамызда әртүрлі пайдалы  қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.

Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп  пен ауылшаруашылық өндірісінің  жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар. Орталық Қазақстанда негізінен  жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі,түсті  және қара металлургия,машина құрылысы және металл өндеу,химия өнеркәсібі дамыған.Жеңіл өнеркәсіптің дамуы  бүгінгі күннің талабына сай келмейді.Өндірілетін  жалпы өімнің 7%-і ғана жеңіл өнеркәіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің  табиғат-ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған.Семей облысында ет,жүн, тігін бұйымдарын өндіру,т.б. салалар басым.Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.

Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ  киімнің 60%-і,тері өндірісінің 40%-і орналасқан.

    Өркендеу бағыты болып  табылатын республика экономикасын  нарық жолына бағдарлау кең  көлемде жүргізіле бастады.

    Нарықты қалыптастырудың  алғышарты-нақты тәуелсіздік.

Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа  жауап бермес бұрын мына деректерге көңіл аударайық.Бұл сұраққа жауап  бермес бұрын мына деректерге көңіл  аударайық.Бұрыңғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару федостволары менминистірліктерінде  басты-басты 30 өндіріс олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі,мұнай,газ,химия  және мұнай айыру,жалпы машина жасау,т.б.қазақстан  экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын  салалар қалып қойған.

      Осының салдарынан  республикадп өндірілетін осы  салалар өнімдерінің басым мөлшері  сыртқа кетіп,сырттан еңбек құралдары  мен тұтыну заттарын әкелуге  мәжбүр болдық.

 Халық тұтынатын тауарлар  өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда  кем еді.Ол өнімдердің 60%-ке дейін  республикаға сырттан әкелінді.Қазақстаннан  жуылған жүннің 70%-іжиналған астықтың  жартысынан астамы мақтаның мал  терісінің,аң терісінің 50%-і өңделген  күйінде сыртқа жіберілген өнім  құны 6-7 млрд рубль болса, оны  республикадан тыс жерлерде өңделген  соң

Қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8млрд болып шықты.

Республика бюджетіндегі кірісте  салық айналымының үлесі небәрі 9%елі,Эстонияда 45%болатын.

         Бұдан шығатын  қорытынды:Қазақстан өз экономикасының  құрылымын өзі айқындап,оның салаларының  арақатынас пропорцияларын белгілеу  және оған уақытында керекті  түзетулер енгізу,күрделі қаржыларды  пайдалану жағдайда ғана республика  қандай өнімді қанша мөлшерде  және оларды қандай бағамен  сыртқа шығарудан дұрыс реттей  алады.

      Қазақстанның нарыққа  көшуде бастапқы капитал дәрежесі  төмен болды.Республикада адам  басына шаққанда кіріс төмен  болды.Экономиканы қайта құра  бастағанда түрмыс дәрежесі төмен  5-6млн адам болды,бұл Қазақстан  халқының 1/3-денастамы.

     .

 

     

 

 

 

 

 

 

 

    • 1.3.Нарықтың тепе-теңдікке мемлекеттің тигізетін ықпалы.

 Мемлекет  нарықтағы баға қалыптасуына  жиі араласып отырады. Мемлекет  тарапынан нарыққа әсер етудің  басты тәсілдері төмендегілер  болып табылады.

  1. салықтар мен субсидиялар;
  2. бағаларды тікелей реттеу;
  3. нарық айналымындағы тауарларды реттеу.

      Салық – нарық механизімінің  жұмысына мемлекет тарапынан  араласудың ең тиімді құралы  болып саналады.

Тауардың  әрбір данасына салынатын (акциз) салықтың салдарын қарастырайық және бұл салықты  сатушы төлейді деп ұйғарайық.

 

                  Р

                     Q

                                      Салықтың әсері

 

Акцизді енгізу ұсыныс қисығын (S) солға, салық шамасына (Т) жылжытады. Сұраныс пен ұсыныс баға Р1-ге тең болғанда теңеседі және бұл баға Р0-ден жоғары болады. Бірақ  баға өзгеруінің шамасы салық шамасынан  аз болады. бұл салық ауыртпалығы  өндірушіге де, тұтынушыға да түсіретінін  білдіреді. Салықтың жалпы сомасындағы (Т • Q1) бұлардың салыстырмалы үлесі сұраныс (D) пен ұсыныс (S) қисықтарының көлбеулілігіне немесе нарықтағы іс-әрекеттің икемділігіне тәуелді. Кімде-кім икемділеу іс-әрекет жасаса (қисық неғұрлым жатыңқы болса), сол салықтың аз мөлшерін төлейді.

      Бағаны реттеу – мемлекеттің  нарыққа әсер етудегі жарамсыздау  құралы болып саналады, себебі  ол нарықтық механизімнің іс-әрекетінің  өзін қозғайды.                                Р

                                           Q

                                      Бағаны реттеудің әсері

 

Өмір сүру деңгейі төмен тұтынушылардың мүддесін қорғау мақсатында бағаның жоғары шектеуін (әлеуметтік төмен – Рм) белгілеудің  салдарын қарастырайық. Егер «жоғары  деңгейдегі баға – Рм» тепе-теңдік бағадан төмен орналасса, онда (А-В) тапшылық пайда болады. ол «ескі  ауруға» айналып кетеді, себебі оны  жеңу механизімі қамаулы болады. ұсыныс қисығы жасанды түрде (ОА) кесіндісінне дейін «шауып тасталады». Тапшылық «ескі ауруға» айналып кетсе, онда Q тауарын мөлшерлеп бөлу қажеттілігі  туындайды, бұдан шарасыз көлеңкелі  экономика, көлеңкелі базар және  т.б. дамиды.

Графикте  бұл S0 қисығының А нүктесін айналып, солға S1-ге ығысумен көрсетілген. Нәтижесінде:

  • Ұсыныстың жалпы қисығы сынық қисық (OAS1) түрінде болады;
  • Р1 – көлеңкелі базар бағасы, мемлекеттік бағадан емес, тепе-теңдік бағадан да (P) біршама жоғары;
  • Q1 - көлеңкелі базарды есепке алғандағы сату көлемі тепе-теңдік сату көлемінен (Q0) аз.

Бағаны төменгі  деңгейде белгілегенде де осындай салдар болады. Бағаны тұрақты белгілеп, ұстап  тұру нарық механизмін алып тастауды білдіреді.

Нарықтық  ұсынысты реттеу экспорттық-импорттық  операцияларға лицензиялар мен  квоталар тағайындау көмегімен жүргізіледі. Q1(Q1<Q0) деңгейінде квота тағайындалды дейік.

 

                         P  

                             Q

                                  Нарықтық ұсынысқа квотаның әсері

 

Ұсыныс қисығы сынық қисық (S1) түрінде болады. Баға Р1-ге дейін жоғарылайды.

Нәтижесінде тұтынушылар Q тауарын бұрынғыдан аз мөлшерде және жоғары бағамен алатын болады. НАРЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Нарық мынадай қызметтерді атқарады:

- ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамасыз ететін реттеуші;

— ұсынымның көлемі мен құрылы-мының жедел өзгеруі және оның сұраным телем қабілетіне икемделуі;

— бәсеке аркылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау) тазалау;

— экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;

— құрылымдық тұтыну, тұтынысынан (табыстын осы кездегі денгейіне қарай) ыңғайлы рацио-нальды тандауға тұтыну-шыны экономикалық мәжбүр ету;

— экономиканың жағдайы туралы объективті ақпарат кезі (барометрі, экономиканың айнасы);

— ендірістік шығындарды темендетуге тауар өндіру-шілерді экономикалық ынталандыру және олар-ды ете қажетті қоғам аясына жұмсау;

— тауар мен еңбекгің қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал.

— Тауар ендірушіні жоғары сапалы және жоғары еңбек енімділігіне экономикалык тұрғыдан мәжбүр ету.

Біз ендігі жерде «қолымыз жеткен»