Лизинг. 15

1. Лизинг ұғымы және  мәні

 

Қандай да болмасын күрделі  экономикалық түсінік сияқты лизингтің  де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен  шыққан – мүлікті уақытша пайдалануға  алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке  алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.

Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру  үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.

Лизингтің заты болып  қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа  да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен  кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады.  Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ  заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.

Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.

1. Пайдаланушы (лизингтік  қатынастарға кіргеннен кейін  лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін  хабарлайды.

2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп,  бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан  немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.

3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік  иесі болғаннан соң,  орнына  лизингтік төлемдер алып, оны  одан әрі сатып алу құқығымен  (келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.

Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық  меншік құқығы негізінде  мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.ғ.д.1760 жылы  қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады [8].

Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік  операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады.  Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті  мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания  - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.

Лизинг туралы заңдардың  алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс  Заңы [9].

Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын – меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.

«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде  кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды  пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь).

Біздің елімізде қабылданған  лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі  және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.

3 Лизинг шартының мемлекеттік реттелуі

 

Лизинг шарты мүлікті  жалдау шартының ерекше түрі болып  табылады.

Лизинг шарты бойынша  лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен  мүлікті сатушы меншігіне сатып  алуға және лизинг алушыға осы  мүлікті ақы төлеп уақытша  иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді [13].

Лизинг шарты мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар, егер лизинг берушiнi немесе лизинг алушыны, лизинг мәнiн, сондай-ақ лизинг шартының қолданылу мерзiмiн өзгертуге әкелiп соқтырса, олар мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жатады.

Сублизинг шарты  да тiркелуi тиiс:

1) лизинг шарты немесе  сублизинг шарты тараптарының  бiреуiнiң талабы бойынша; 

2) егер лизинг шартымен  оның мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы оған сәйкес жасалған сублизинг шартының тоқтауына әкеп соқтырмайтыны көзделсе.

Лизинг мәнiн уақытша  иелену және пайдалану құқығы лизинг шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап "Қаржы лизингi туралы" Заңның 5-бабына сәйкес лизинг алушыға толық көлемде өтедi.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу лизинг мәнiне лизинг берушiнiң  және лизинг алушының құқықтарын мемлекеттiң  растауы мақсатында жүзеге асырылады.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу Жылжымалы мүлiктiң қаржы  лизингi шарттары тiзiлiмiне тиiстi жазу енгiзу жолымен жүзеге асырылады.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу лизинг берушiнiң не лизинг алушының өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады.

Сублизинг шарты да мемлекеттiк  тiркеугетиісті.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу үшiн өтiнiш берушi тiркеушi органға мыналарды табыс етедi:

лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу туралы жазбаша өтiнiш;

екi данада лизинг шарты;

егер лизинг берушi банк немесе банктiк операциялардың жекелеген  түрлерiн жүзеге асырушы ұйым болса, лизинг қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиясының нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

егер лизинг мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк тiркеуге жататын  жылжымалы мүлiк болса, лизинг мәнiне меншiк құқығының мемлекеттiк  тiркелу фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесi.

Бұдан басқа, жоғарыда көрсетiлген құжаттармен бiрге:

1) жеке кәсiпкер болып  табылатын жеке тұлға тiркеушiге  жеке басын куәландыратын құжатты  көрсетедi және салық есебiнде  тұру фактiсiн растайтын құжаттың  көшiрмесiн ұсынады; 

2) заңды тұлғаның өкiлi  заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу  туралы куәлiктiң көшiрмесiн, нотариалды куәландырылған жарғының немесе ереженiң көшiрмесiн, заңды тұлғаның салық есебiнде тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшiрмесiн, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты және осы заңды тұлғаның атынан iс-қимыл жасауға оның өкiлеттiгiн растайтын нотариалды куәландырылған құжатты ұсынады.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш мыналарды  қамтуы тиiс:

1) тiркеушi органның  атауы; 

2) өтiнiш берушiнiң атауы  және орналасқан жерi (заңды тұлға  үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрған жерi (жеке тұлға үшiн);

3) өтiнiш берушiнiң жеке  басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ  заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiгiн  куәландыратын құжаттың деректерi (атауы, сериясы, нөмiрi, берiлген  күнi);

4) лизинг шартының  жасалған күнi және орны;

5) қоса берiлетiн құжаттардың тiзiмдемесi;

6) өтiнiш берушiнiң немесе  оның өкiлiнiң қолы.

Сублизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу үшiн берiлетiн өтiнiш, жоғарыда көрсетiлген тармақтардан басқа мыналарды  қамтуы тиiс:

лизинг мәнiн сублизингке  беруге лизинг берушiнiң келiсiмi туралы мәлiмет, осындай келiсiмдi жазбаша растау қоса тiркелiп;

лизинг шартының мемлекеттік  тiркелуiне сiлтеме (тiркеу N және күнi).

Лизинг шарты мемлекеттiк тiркеуге, заңнамамен белгiленген талаптарға сәйкес ресiмделген, екi түпнұсқа данада тапсырылады.    

Мемлекеттік тіркеу тәртібі  және мерзімі

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу құжаттар қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi ішінде жүргізілуі тиіс.

Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тiркеушi орган мынаған мiндеттi:

1) мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналына өтiнiштi енгiзуге және нөмiр беруге;

2) өтiнiш берушiге өтiнiштiң күнi  және нөмiрi көрсетiлiп, тапсырылған  құжаттардың қабылданғанын растайтын  қолхат беруге;

3) өтiнiштегi мәлiметтердiң дұрыстығн  тексеруге; 

4) Жылжымалы мүiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне  белгiленген деректердi енгiзуге;

5) мемлекеттiк тiркеу жүзеге асырылғаннан  кейiн лизинг шартының мемлекеттiк  тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан  басылған бiр данасын өтiнiш  берушiге қайтаруға. 

Егер лизинг шарты нотариалды түрде куәландырылмаса және лизинг шартының тараптары (тараптардың бiрi) жеке кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға болса, тiркеушi орган мәмiле жасаған тұлғалардың қолдарының растығын, сондай-ақ олардың өз еркiне сәйкестiгiн тексеруге мiндеттi.

Лизинг шартын мемлекеттік  тіркеу орны

Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк  тiркеуге жататын мүлiк болып табылатын  лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуді, лизинг мәнiн мемлекеттiк тiркеген орын бойынша, осы мүлiктi мемлекеттiк  тiркеуге уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

Мәнi мiндеттi түрде мемлекеттiк  тiркеуге жатпайтын мүлiк болып  табылатын лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуді, лизинг алушының аумақтық салық  органында салық есебiне тұрған орны бойынша, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетiнiң Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтарының" мемлекеттiк кәсiпорындары жүзеге асырады.

Егер лизинг алушы Қазақстан  Республикасының аумағында тұрақты  мекемесi, филиалы немесе өкiлдiгi жоқ  Қазақстан Республикасының резидентi болмаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу лизинг берушiнiң аумақтық салық органында салық есебiне тұрған орны бойынша жүзеге асырылады.   

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру  үшiн құжаттамасының нысаны мен мазмұнын тіркеуші орган  белгiлейдi.    

Мемлекеттік тіркеуге түсетін  құжаттардың есебін жүргізу журналы 

Мемлекеттік тiркеуге түсетiн  құжаттардың есебiн жүргiзу журналы  есеп және өтiнiштердiң және лизинг шарттарының, сондай-ақ басқа да құқық белгiлеушi құжаттардың есебiн жүргiзу әрi оларға нөмiр беру мақсатында жүргiзiледi.

Тiркеу органына келiп  түскен әрбiр өтiнiшке сызықша  арқылы жазылатын, ағымдағы жылға және өтiнiштiң реттiк нөмiрiне сәйкестi нөмiр берiледi.

Өтiнiшке берiлген нөмiр  өзгермейдi және лизинг шартын (өзге де құқық белгiлеушi құжатты) мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру кезiнде оны мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабанға қою арқылы берiледi.

Мемлекеттiк тiркеуге түскен құжаттардың есебiн жүргiзу журналында мынадай бағандар болуы  тиiс:

1) "Өтiнiштiң N";

2) "Өтiнiш берушiнiң атауы (Т.А.Ә.)";

3) "Өтiнiш қабылдаған  күн";

4) "Құжаттың берiлген  күнi, алушының тегi, аты-жөнi және  қолы".

Тiркеушi органның қарауы бойынша мемлекеттiк тiркеуге түсетiн  құжаттардың есебiн жүргiзу журналының мазмұнына қосымша бағандар кiргiзiлуi мүмкiн.

Жылжымалы мүліктің қаржы  лизингі шарттарының тізілімі

Жылжымалы мүлiктiң қаржы  лизингi шарттарының тiзiлiмiнде мыналар  болуы тиiс:

1) лизинг шартын, лизинг  шартына өзгерiстер мен толықтыруларды, сублизинг шартын мемлекеттiк  тiркеген күн;

2) лизинг алушы және лизинг берушi туралы деректер;

3) құқық белгiлеушi құжаттың (лизинг шартының, лизинг шартына  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу  туралы шарттың, сублизинг шартының) нөмiрi;

4) лизинг шартының, лизинг  шартына өзгерiстер мен толықтырулардың,  сублизинг шартының жасалған күнi және орны;

5) лизинг мәнi;

6) лизинг мәнiнiң құны;

7) шарттың қолданылу  мерзiмi;

8) лизинг шартының, сублизинг  шартының тоқтатылуы туралы деректер.    

Лизинг шартын тіркеуді тоқтата тұру және одан бас тарту  үшін негіздер

Мемлекеттiк тiркеудi тоқтата тұру үшiн лизинг шарты тараптарының бiрiнiң не лизинг шартын даулаушы өзге мүдделi тұлғаның жазбаша арызы негiз болып табылады. Мемлекеттiк тiркеу 10 күннен аспайтын мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде лизинг шартын даулаушы тұлға өзi беретiн талап арызға дәлелдер ұсынбаса, лизинг шартын мемлекеттік тiркеу жүзеге асырылуы тиiс, ал сотқа талап арыз беруге дәлелдер ұсынған ретте дауланып отырған лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу iстi сот шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуден бас тарту үшiн мынадай  жағдайлар негiз болады:

1) лизинг шартының "Қаржы  лизингi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы 15-бабының талаптарына сәйкес  келмеуi;

2) құжаттарда ескертiлмеген  тазалаулар, мәтiнде тЇүзетулер, өңделген iздерiнiң болуы;

3) тиiстi емес тұлғаның  мемлекеттiк тiркеуге өтiнiш бiлдiруi;

4) осы Ережеге сәйкес  талап етiлетiн құжаттардың тапсырылмауы.

Бас тарту жазбаша  түрде ресiмделедi және құжаттар қабылданған  кезден бастап үш жұмыс күнi ішiнде  өтiнiш берушiге жiберiледi.

Мемлекеттiк тiркеуден  бас тарту үшiн негiз болған мән-жайлар жойылған кезде өтiнушi тiркеу органына жаңа өтiнiш берiп, қайтадан жүгiнуге құқылы.

Өтiнiш берушi, лизинг шартын мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға  не мемлекеттiк тiркеуден жалтаруға сот тәртiбiмен шағымдана алады.

Мемлекттік тіркеу кезінде  жіберілген, техникалық қателерді түзеу 

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу кезiнде жiберiлген жазудағы техникалық қателер қате анықталғаннан немесе кез келген мүдделi тұлғадан жазудағы қате туралы жазбаша түрде өтiнiш алғаннан кейiн тiркеушi органның шешiмiмен үш күн мерзiмде түзетiледi. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде туындайтын қатынастардың қатысушылары техникалыє қателердiң түзетiлгені туралы осындай мерзiмде мiндеттi түрде жазбаша аєпарат алады. Лизинг шартын мемлекеттiк тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қатенi түзету, егер мұндай түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың заңды мүдделеріне зиян келтiруi немесе оларды бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз жоқ болған жағдайда жүзеге асырылады.

Егер техникалық қатенi түзету тиiстi тiркеу жазуына сүйенген құқық иелерiнiң немесе үшiншi тұлғалардың  заңды мүдделерiне залал келтiруi немесе бұзуы мүмкiн деп пайымдауға негiз бар болған жағдайларда, мұндай түзету лизинг шарты тараптарының келiсiмiмен не сот шешiмiмен жүргiзiледi.

Тіркелген лизинг шартына  өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік  тіркеу тәртібі. Тіркелген лизинг шартының қолданылуын тоқтату туралы жазуды енгізу

Тiркелген лизинг шартына  өгерiстер мен толықыруларды мемлекеттiк тiркеу тiркеушi органғ өтiнiш беру жолымен жүргiзiледi. Өтiнiште бастапқы тiркелген лизинг шартына сiлтеме, лизинг шартына өзгерiстердiң және толықтырулардың сипаттамасы болуы тиiс. Өтiнiшке лизинг шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы шарттың екi түпнұсқа данасы қоса тапсырылуы тиiс, оның бiреуi өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырғаннан кейiн мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлгенi туралы мөртабан басылып, өтiнiш берушiге қайтарылады.

Тiркелген лизинг шарты тоқталған кезден бастап үш күн iшiнде өтiнiш берушi тiркеушi органға жазбаша хабарлама және лизинг шарты тоқтатылғанын растайтын құжаттарды жiберуге мiндеттi.

Тiркеушi орган тiркелген  лизинг шарты тоқтатылғаны туралы жазбаша  хабарламаны алған кезден бастап Жылжымалы мүлiктiң қаржы лизингi шарттарының тiзiлiмiне лизинг шартының қолданылуы тоқтатылғаны туралы тиiстi жазу енгiзедi.

Лизинг шартын және оны  мемлекеттiк тiркеудi жарамсыз деп  тану туралы сот шешiмi негiзiнде мүдделi тұлға тiркеушi органға лизинг шартын мемлекеттiк тiркеудi жою туралы өтiнiш беруге құқылы.

Лизинг шартын мемлекеттік  тіркеу туралы ақпарат беру

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу жүргiзiлгенi туралы деректердi тiркеушi орган осы ақпаратты сұраған  кез келген тұлғаға бередi. 
Құқық белгiлеушi құжаттардың (лизинг шарты және басқалар) көшiрмелерi құқық иеленушiнiң сұрауы бойынша, құқық қорғау, сот, салық, кеден және басқа да мемлекеттiк органдардың дәлелдi сұраулары бойынша берiледi. Өзге жағдайларда көрсетiлген құжаттар құқық иеленушiнiң жазбаша келiсiмiмен берiледi.     

Дауларды шешу және мемлекеттік  тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық

Лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеуге және мемлекеттiк тiркеу туралы ақпарат беруге байланысты даулар сотпен шешiледi.

Тiркеушi орган заңнамалық кесiмдермен белгiленген тәртiпте мыналар үшiн жауапты болады:

1) лизинг шартын мемлекеттiк  тiркеу ережесiн сақтамау;

2) "Қаржы лизингi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  нормаларына сай келмейтiн лизинг  шартын мемлекеттiк тiркеу;

3) мемлекеттiк тiркеу және Жылжымалы мүлiктiә қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiне енгiзу үшiн оған берiлген лизингi шарты туралы мәлiметтердiң дәл еместiгi, толық енгiзiлмеуi және ақпаратты бұрмалау;

4) мүдделi тұлғалардың  сұрауы бойынша Жылжымалы мүлiктiң  қаржы лизингi шарттары тiзiлiмiнен үзiндi беруден заңсыз бас тарту;

5) мемлекеттiк тiркеу  үшiн тапсырылған құжаттарды және  ақпаратты, сондай-ақ Жылжымалы  мүлiктiң қаржы лизингi шарттары  тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты  сақтау тәртiбiн бұзу;

6) коммерциялық құпияны  құрайтын ақпаратты жария ету.

Егер өтініш беруші  лизинг шарты туралы ақпараттың мазмұны  бұрмаланса, тіркеуші орган мұндай бұрмалаушылық үшін жауапты болмайды.

Мемлекеттік тіркеу, ақпарат беру тәртібін бұзумен, ақпараттың мазмұны  бұрмалануымен келтірілген шығындар тіркеуші органның өтеуіне жатады. Беруге болатын және берілуі тиіс ақпаратты жасыруға ықпал ететін мәліметтерді қасақана бұрмалау және өзге де әрекеттер заңнамалық кесімдермен белгіленген тәртіпте жауаптылыққа әкеп соқтырады.    

Лизингтік операцияларды жүзеге асыру үшін  лизингтік қор мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік комитетіндегі мемлекеттік меншігін бақылау лизингтік департамент  құрылды. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiнде Ауыл шаруашылығын мемлекеттiк қолдау қоры құрамында лизинг қоры құрылды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп  кешенiн машина жасау өнiмiмен  қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг қорына мемлекеттiк бюджет қаражаты бөлінуі  белгiленген.

Лизинг қоры Қазақстан Республикасының  агроөнеркәсiп кешенiн машина жасау  өнiмiмен қамтамасыз ету жөнiндегi лизинг операцияларын жүргiзедi және ол ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының  орындалуына жәрдемдесуге арналған.

Лизинг қоры өз қызметiнде Қазақстан Республикасының заң актiлерiн басшылыққа алады.

Лизинг қорына арнайы есеп шотын ашатын Ауыл шаруашылығын қолдаудың мемлекеттiк қоры қызмет көрсетедi, мұнда лизинг операцияларына бағытталатын бюджеттiк және басқа  қаражаттар шоғырландырылады.

Лизинг қорының негiзгi қызметi:

Ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмiмен лизингтiк негiзде  қамтамасыз етудiң тәртiбiн және оны  жүзеге асыру тетiгiн әзiрлеу;

конкурстық негiзде  лизинг берушi қызметiн атқаратын  ұйымдарды iрiктеу;

номенклатураларды және лизинг берушiлер бойынша машина жасау өнiмiнiң лизингiне қарай өнiм берудiң сомалық көлемдерiн бекiту;

қаржыландыруға қабылданған  шаралардың орындалуына және лизинг қоры қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.

 Лизинг қорын құрудың көздерi мыналар болып табылатын:  
мемлекеттiк бюджеттiң ауыл шаруашылығын дамытуға бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаржысы, операциялық шығыстарға жұмсалатынынан басқасы;

шетелдiк кредиттер;

жеңiлдiктi кредиттер, коммерциялық банктердiң капиталы;

шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өз қаржысы.

Лизинг қорынан қаржыландыру қордың комиссиясы айқындаған тәртiппен жүзеге асырылды.

Лизинг қорына мынадай  құқықтар берiлдi:

бұл мақсатқа жергiлiктi қаржы  органдарының қызметкерлерiн тартып, лизинг берушiлердiң, лизинг алушылардың қызметi мен қаржының мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзудi белгiлеу;

лизинг берушiлер мен  барлық меншiк нысанындағы ауыл шаруашылығы  кәсiпорындарына қажеттi ақпарат  пен есеп алу.

Лизинг шараларын қаржыландыруға бөлiнген қаржының мақсатынан тыс және тиiмсiз пайдаланылуы, сондай-ақ қойылған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн еместiгi анықталған жағдайда лизинг қоры бұл шараларды қаржыландыруды тоқтатады.  
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң шығынды өтеуi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.

Лизинг қорының қызметiне басшылық жасау үшiн оның құрамына Қаржы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы  министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылығы  академиясының өкiлдерi кiрiп, олармен  келiсiп, Қазақстан Республикасының  Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн  комиссия құрылады.

Лизинг қорының комиссиясы бiр жылға жасалған жоспар бойынша  жұмыс iстейдi. Жоспарлардың жобалары қажеттiгiне қарай өткiзiлетiн лизинг қоры комиссиясының  мәжiлiстерiнде бекiтiледi.

Лизинг қорының комиссиясы:

- қордың қаржысын бөлудiң  негiзгi бағыттары мен шарттарын айқындайды, шығындар сметасын бекiтедi;

- лизинг қорын құрау  көздерi бойынша қаржының уақтылы  және толық түсуiне, сондай-ақ  бөлiнген қаржының мақсатты жұмсалуы  мен қайтарылуына бақылауды жүзеге  асырады. 

Лизинг жөнiндегi департамент өндiрiс саласында iрi көлемдi инвестицияларды тарту құралы ретiнде лизингтi пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, өз қызметiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өкiлеттiгiнiң шегiнде дербес жүзеге асыратын атқару өкiметiнiң орталық органы болып табылады деп белгiленді. 

Лизинг жөнiндегi департаментке: 

  • Қазақстан Республикасында лизингтi дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу; 
  • машиналық-техникалық импортты қамтамасыз ету үшiн шет ел инвестициялары мен кредиттерiн тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың әзiрленуi мен жүзеге асырылуына қатысу; 
  • жалпы республикалық және аймақтық лизинг компаниялары жүелерiнiң ұймдастырылуына жәрдемдесу;
  • лизингтi пайдалану және дамыту мәселелерi жөнiндегi республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының және ұйымдарының қызметiн үйлестiру; 
  • лизинг мәселелерi жөнiндегi заң және басқа нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу  міндеттері жүктелген. 

 

 

 

 

 

2.

Ең алдымен  факторинг ұғымын ашып алайық. Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі.

Мұнда несиелендіру төлемші (сатып алушы) төлемеген борышқорлық  талаптарды (жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін төлем құжаттарын) басқа тұлғаға (факторға) берумен және факторға ол бойынша төлем алу құқығын табыстаумен байланысты болады. Факторинг рөлін банкілер, несие, қаржы мекемелері, банк операцияларымен айналысатын басқа да мекемелер атқарады. Факторинг қызметімен айналысу үшін фактор ұлттық (орталық) банкіге жазбаша өтініш жасап, оның келісімін алуы тиіс. Факторинг қызметінде банк талаптан шегіну шарты бойынша тапсырыскердің борышқорларынан борышты өндіріп алу құқығын тапсырыскерден сатып алады және тапсырыскерге өзінің қаражатынан сатып алынған борыштың 90%-ына дейінгісін төлеп‚ өзінде сыйақы ретінде әлдебір пайызын қалдырады. Факторингілік қызмет көрсетудің мақсаты — алашақты (дебиторлық берешекті) дер кезінде инкассолау, төлемнің мерзімі өтуінен болатын шығасыны қысқарту, күмәнді борыштың пайда болуына жол бермеу, несиені басқаруда және бухгалтерлік есепті жүргізуде көмек беру, жеткізушінің өндірістік қызметінің ойдағыдай болуы үшін жақсы жағдай жасау, мұның өзі кәсіпорынның айналым мен пайданы молайтуына септігін тигізеді. Факторингілік компания төленбеген шот-фактуралардың меншіктенушісіне айналады және олардың төленбеуі қатерін өз мойнына алады. Факторингілік операциялар жеткізуші мен оның контрагенттері бір елдің ішінде болатын ішкі операциялар және халықар. операциялар (халықар. несиенің түрі ретінде) болуы мүмкін. 1988 ж. Халықараралық факторинг туралы конвенция қабылданды. Конвенциялық (ашық) факторинг және құпия (жасырын) факторинг түрлеріне бөлінеді. Конвенциялық факторингіде жеткізуші сатушының атына жазылған шот-фактураларды оған хабарлайды. Бұл орайда іс жүзінде өндірістік атқарымдардан басқа барлық атқарымды (қаржылық, бухгалтерлік, заңи және басқа қызмет көрсету) факторингілік бөлім орындайды. Жеткізуші контрагенттерінің құпия факторингінде оның сатылуын факторингілік фирма хабарламайды, жеткізуші-кәсіпорын нарықпен дербес байланысын жоғалтпайды. Факторингілік бөлім операциялардың тек бір бөлігін ғана орындайды. Құпия факторингінің құны конвенциялық факторингінің және басқа банк несиесінің құнынан жоғары. Ірі факторингілік компаниялар Factors Chaіn Internatіonal “Фэкторз чейн интернэшнл” (Амстердам) қауымдастығына біріккен. Ол халықаралық саудаға қолданылатын өзара факторингілік ғұрыптар кодексін әзірледі. Факторингілік қызмет көрсетудің құнына қызмет көрсету ақысы (комиссия), берілген несие, тәуекел сыйақысы кіреді. Халықаралық факторинг екі факторлы (өзара), тікелей импорттық, тікелей экспорттық болуы мүмкін. Екі факторлы жүйе екі факторингілік компанияның: экспортшы еліндегі мәмілеге қызмет көрсетуші және импортшы еліндегі мәмілеге қызмет көрсетуші компаниялардың өзара іс-қимылы көзделеді. Тікелей импорттық Факторинг — экспортшымен импортшы елінде факторингілік қызмет көрсету туралы шарт жасасу. Тікелей экспорттық Факторингіде экспортшы өз елінде шарт жасасады. Бұл орайда факторингілік компания несие тәуекелін көтереді, ал төлемшінің несиені өтеуге қабілетін бағалау және оның тапсырмасымен талаптарды инкассалау міндетін импортшы елдің факторингілік компаниялары атқарады.[1]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиет

  1. ↑ Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9

Сонымен, қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған.  Негізінен, Факторинг – банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.

Қазақстандағы банктік  қызмет аясын реттеуге бағытталған  заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

Банктік қызмет заңына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

—  заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

—  жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

—   банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;

—  заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

—   кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын  орындау;

— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

—  заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

—  заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша  және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;