Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері

 

КІРІСПЕ

 

   Курстық жобада лизинг  түсінігі мен түрлері туралы  айтылған.

  Бұл тақырыпты тандаған себебім- Қазақстанда қаржылық лизингтің қызметті жедел дамыту үшін экономикалық нақтылықты және несиелеу мәселелерін лизинг арқылы жүзеге асыру себептерін анықтау.

   Тағы бір айта кететін  жағдай экономиканың нақты секторын  қаржылық лизингтін кең түрде  дамуы төмендегідей жағдайлар  арқылы зерттеледі.

   Лизинг Феномені 80-ші жылдардың басында жай ұзақ мерзімді жалгерлік (аренда) ретінде емес, кепілдікпен несиелік қаржыландырудың, борыштық міндеттеме бойынша есеп айырысудың және басқадай қаржылық келешегі зор қаржыландырудың жаңа, дәстүрлі емес, қосымша жүйесі ретінде анықталады.

Лизингілік операция бұл құрылымның іскерлік ортамен өндірісті қаржыландыру бойынша ынтықмақтастық құруына және өзара әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады.

   Лизинг идеясы ежелгі замандарда пайда болған. Тарихшылар мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейінгі көне Шумер мемлекетінде бекітілген. Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің « Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.

   Лизингтің зерттеу обьектілері- өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік  лизингілері бөліп көрсетіледі. Лизинг түрлері әр түрлі: жедел лизинг, қаржылық лизинг, қалдық құны бойынша лизинг.

   Қазіргі кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына байланысты олардың қолында  өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына  байланысты ұзақ  мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіндіктері жоқ. Міне, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бірі болып табылады.

   Біздің елімізде 2000 жылдың шілде айында қабылданған «Қаржылық лизингі туралы» Заңға сәйкес лизингілік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.

   «Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардың басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез-келген  тұтынылмайтын заттар лизингілік келісім-шарттық негізі болып санала алады.

   Лизинг (ағылын leasing – жалға  алу) заңды немесе жеке тұлғаның  еңбек 

құралдарын сатыып алу орнына басқа  берудің мүмкін пайдалануы, ұзақ пайдалануға  тауар түрінде несие беру нысандарының бірі.

      Лизингілік қызмет  көрсетудің халықаралық нарығы ең серпінді нарық ретінде саналады. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, 1988 жылдың басында лизинг жағдайында негізгі құрал-жабдықтар 250 млрд долларға сатылған, ал, 1979 жылы бар-жоғы 50 млрд долларға ғана сатылған.

   Лизинг жылдам өзгертетін  технология мен есептеуіш техника салалдарында, сондай-ақ автомобиль құрастыруда, байланыс құралдарының өндірісінде, электрондық құрал-жабдықта және т.б кеңінен тараған.  

   Қазіргі заманға халықаралық  лизинг институттарының көптеп  құрылуы тән болып отыр.

      Көптеген коммерциялық банктер лизингілік келісімшарттарды алға тартып, табысы жоғары тауарлардың (ЭЕМ, бейнетехника, автокөлік құралдары) сатылуы бойынша мәмілелерді жасырады.

      Өзінің заңды формасында  лизингілік мәміле инвестициялық  құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.

   Лизингтік операция деп  ұзақ мерзімді пайдаланылатын  заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

   Лизинг бірнеше қызмет  атқарады.Осы курстық жұмыс  екі бөлімнен тұрады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы.Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсызөзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

   Лизинг мәміледе 3 қатысушы  болады. Олардың өзара қатынастары  мәмілемен реттеледі: бірінші  қатысушы-мүлік иесі (лизинг беруші), екінші- мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші-мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді.Бірінші бөлімде біз лизинг операцияларының ұғымы, түсінігі және оның түрлерін қарастырамыз.Яғни, кәсіпорынның лизингілік  операциясының ұғымы мен түсінігі.Екінші бөлімде отандық лизингтің қалыптасу мәселелері мен лизинг шартты туралы айтып өтеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I. ЛИЗИНГ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰҒЫМЫ,

ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

 

1.1 Кәсіпорынның лизингілік операциясының ұғымы және түсінігі

 

   Лизинг (ағылшыл тілінде leasing-жалға алу)-заңды немесе жеке тұлғаның еңбек құралдарын сатыып алу орнына басқа берудің мүмкін пайдалануы, ұзақ пайдалануға тауар түрінде несие беру нысандарының бірі.

   Лизинг затына үйлер,  ғимараттар, машиналар, жабдықтар,  құрал-саймандар, көлік құралдар, жер учаскілері және басқа  да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи  ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімімен барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқық лизинг берушіде сақталады.

   Лизингілік операция бұл  құрылымның іскерлік ортамен   өндірісті қаржыландыру бойынша  ынтымақтастық құруына және өзара  әрекеттесуіне өз ықпалын тигізетіндіктен бүгінгі қазақстандық экономикаға қажетті операция болып табылады. Лизингілік бизнес кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы. Оны өзінің мүмкіндігіне қарай қолданатын болсақ немесе іс-тәжірибеге еңгізетін болсақ, ол өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандырудың, қазақстандық экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құрудың, нарықты сапасы жоғары тауарлармен қамтамасыз етудің аса қуатты импульсіне айналуы мүмкін.

   Лизинг идеясы ежелгі  замандарда пайда болған. Тарихшылар  мен экономистердің пікіріне тоқталсақ, лизингілік мәмілелер біздің дәуірімізге дейін көне Шумер мемлекетінде бекітілген.Лизинг идеясы біздің дәуірімізге дейінгі Аристотельдің « Байлық меншік құқығынан емес, пайдаланудан тұрады» дейтін трактатында қозғалғанын тарихшылар растап отыр.

   XVIII ғасырда Венецияда лизинг  операциясына ұқсас мәмілелер  болған: венециандықтар саудагерлер  мен сауда кемелерінің иелеріне  сол кезде қымбат тұратын якорьды  жалға берген. Жүзу аяқталғаннан  кейін «Шойыннан жасалған құндылықтар»  өз иелеріне қайтарылған, ал олар зәкірді (якорь) қайтадан жалға беріп отырған.

   Экономикалық лексиконға  «лизинг» терминінің (ағылшынша  leasing-жалға беру) енгізілуі «Белл»  телефон компаниясының операцияларымен  байланыстырып қарастырылады: 1877 жыл  бұл компанияның басшылығы телефон аппараттарын сатуды тоқтатып, оларды жалға беру туралы шешім шығарады.

   Алайда, лизингілік операцияларды  негізгі қызметіне айналдырған  алғашқы қоғамдастық 1952 жылы Сан-францискодағы  американдық «Юнайтед стейтс  лизинг корпорейшн» компаниясымен құрылды әрі АҚШ осылайша жаңа бизнес түрінің, ішінара банктік жаңа бизнес түрінің отанына айналды.

   60-шы жылдың ортасында  бұл елдегі лизингілік операциялар  1 млрд долларды құраса, 80-ші жылдың  аяғында 110 млрд доллардан асты, яғни, ғасыр ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар себеп болды.

   АҚШ-та лизинг экономикалық  бизнестің негізгі түрлерінің  біріне айналды. Жаңа лизингілік  компаниялардың шапшаң өсуі және лизингілік келісімшарттағы шарттардың әр алуан түрленуі әр түрлі экономика салаларындағы кәсіпкерлердің инвестициялық қаражатты алуына мүмкіндік беретін әр түрлі нұсқаларын анықтап береді.

   Кейін лизингілік компания  «қаржы лизинг» қоғамы атауына ие болады. Ол өндірушілердің өнімдерін жалға беру арқылы өткізіп, мәмілелерді қаржыландырды әрі онымен байланысты қатерді бөлісті.

   Лизингілік компаниялардың  қызметін ынталандыру оларды  салықтан біртіндеп босату, ықтимал  залалдардың орнын толтыруға арналған арнайы қорлар құру және т.б жолдарымен жүзеге асырылады. Францияда аса ірі лизингілік компанияларға «Локафранс», «Слибай», «Локабай», «Софимобай», «Слиминико» және т.б жатады.

   Италияда алғашқы лизингілік  компания 1963 жылы құралды, алайда жалгерлік бойынша операциялардың ең шапшаң өсімі, кейінірек – 70-80-ші жылдары байқалды. Италия жалгерлік мекемелердің көп болуымен ерекшеленеді. 80-ші жылдың екінші жартысында бұл елде жуық шамамен екі мындай лизингілік компания болды, олардың көбісі шағын және орта компаниялар. Олардың ішінде аса ірі лизингілік компаниялардың саны-50.

   60-шы жылдардың басында  лизингілік бизнес Азия құрылғанда  да дамыды.

   Бүгінгі таңда әлемдік  лизингілік қызмет көрсету нарығының  негізгі бөлігі «АҚШ – Батыс  Еуропа – Жапония» үшбұрышына шоғырланған. Батыс Еуропада лизингті көбінесе мамандандырылған лизингілік компаниялар береді. 75-80 % жағдайда оларды банк бақылайды немесе олардың еншілес қоғамы болып табылады.

   Қызмет көрсетулерді қаржыландырудан  сату-сатып алу, лизинг және қарыз компаниясын қамтитын «қызмет көрсетулердің пакетіне» дейін лизингілік операцияларды ұлғайту Жапонияға тән болып отыр. Қызмет көрсетулер кешенді лизинг атауына ие болды.

   Лизингілік қызмет көрсетудің  халықаралық нарығы ең серпінді  нарық ретінде саналады. Сарапшылардың берген бағасы бойынша, 1988 жылдың басында лизинг жағдайында негізгі құрал-жабдықтар 250 млрд долларға сатылған, ал, 1979 жылы бар-жоғы 50 млрд долларға ғана сатылған.

   90-шы жылдары машина және  құрал-жабдыққа салынған капитал салымының жалпы сомасында лизинг үлесіне тигені АҚШ-та 25-30 %, Англия, Франция, Щвеция, Испания – 13-17 %, Италия, Голландия – 12-14 %, Австия, Дания, Норвегия – 8-10 %, Жапония – 8-10 %. Жапонияда лизингілік мәміленің мөлшері 1980-1988 жылдары 6 есе өсті, ал, лизингілік операциялар жыл сайынғы өсімі – 25-30 %. Сонымен қатар Еуропалық лизинг нарық шапшаң даму үстінде болса да қарқыны жағынан АҚШ-тан, Азия-Тынық-мұхиты аймағынан әрі Австралиядан артта қалып қояды.

   Австралияда жалпы өнеркәсіптік капитал салымының 33 %-і лизинг негізінде жүзеге асырылады. АҚШ-та баспа және энергия құрал-жабдығының, ЭЕМ-нің көп бөлігі лизинг шартымен сатып алынған. Әуе-көлік құралдарына келетін болсақ, соңғысының үлесі 58 %-ті құрайды, ал жолаушылар мен станоктар – 50 %. Лизинг жылдам өзгертетін технология мен есептеуіш техника салалдарында, сондай-ақ автомобиль құрастыруда, байланыс құралдарының өндірісінде, электрондық құрал-жабдықта және т.б кеңінен тараған.

   Қазіргі заманға халықаралық лизинг институттарының көптеп құрылуы тән болып отыр. Мәселен, Еуропалық лизинг қоғамының бірлестігі (штаб-пәтері Брюссельде) 17 еуропалық мемлекеттің қоғамдары мен одақтарын қамтиды.

   Бірқатар мемлекеттің үкімет  органдары лизингті шағын бизнесті  қолдаудың айрықша формасы ретінде пайдаланады. Мысалы, Жапонияда шағын кәсіпорындарға лизингілік қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін органдар жүйесі арнайы құрылған. Ішінара, 1966 жылы мекемеге айналған лизингілік құрал – жабдық жүйесі ұлттық және префектуралық үкіметтің несие берушісі ретінде қатысады.

   Ресейде лизинг көпке  дейін салыстырмалы түрде аз мөлшерде тек халықаралық сауда-саттықта ғана қолданылып келген болатын.

   1989 жылдың I шілдесінде сатып  алынған мүліктің мөлшері 220 есеге  өссе, 1990 жылдың басында – 6 есе, 1991 жылы – 2,9 есе өсті.1996 жылдың 1-қантарындағы лизингілік операциялардың мөлшері 670,5 млрд рубльді құрады, ал, лизингілік компаниялардың саны-250.

   Сонымен бірге, мынаны  да айта кету керек: инфляция қарқынының жоғары болуы, салық заңының тұрақсыздығы, лизингілік операцияларды реттейтін нормативтік актілердің болмауы осылардың соңғысы өте қатерлі сипатта болғандықтан, бұл Қазақстанда қаржылық (капиталдық) лизингтің дамуына кедергі келтіреді.

   Көптеген коммерциялық банктер  лизингілік келісімшарттарды алға  тартып, табысы жоғары тауарлардың (ЭЕМ, бейнетехника, автокөлік құралдары) сатылуы бойынша мәмілелерді жасырады. Коммерциялық банктердің лизингке өзге қызмет түрлерін жатқызуы секілді тенденция (үрдісі) байқалады. Мұны өзінің құрылымы жағынан ең күрделі қаржылық операция болып табылатын лизинг бойынша операцияның ерекшеліктерін олардың жете білмеуін байланыстырып түсіндіруге болады.

   Лизингілік мәміленің мәні әлемдік іс-тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ пайдалануға жарайтын тауарларды жалдауға негізделген әр түрлі мәмілелерді белгілеуде пайдаланылады. Жалдау келісімшарты бекітілген мерзімге қарай жалгерлік операцияның үш түрі болып көрсетіледі:

   1.Қысқа мерзімді жалдау (рейтинг) - 1 күннен 1 жылға дейін,

   2.Орта мерзімді жалдау (хайринг) - 1 жылдан 3 жылға дейін,

   3.Ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) - 3 жылдан 20 жылға дейін және одан  да ұзақ уақытқа. Машинаның  және құрал-жабдықтың ұзақ мерзімге  жалға алынуы немесе барлық  келісімшарт мерзімінде жалға  берушінің өзге беруге, жалға  берілген мүлкіне меншік құқығы сақталатын, өндірістік тұрғыдан пайдалану мақсатында жалға алынатын машинаның және құрал-жабдықтың келісімшарты лизинг ретінде ұғындырылады.

   Лизингте жалға беруші  жалға алынған мүлікке тек  келісімшарт мерзімі біткенше  ғана және олардың жалға алынған  мүліктің құның толық төлегенше ғана иелік ете алады. Лизингті мәмледе үш қатысушы болады:

  1. Мүлік иесі (лизинг беруші)
  2. Мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы)
  3. Мүлікті сатушы.

Олардың өзара қатынасы мынадай  болып қалыптасады:

   Болашақ лизинг алушы  ақша қаражаттары бар болашақ лизингі берушіні мәмлеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті алушыға төлемді шартымен жалға береді.

Коммерциялық банкте бұл жерде  мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады  және лизинг алушыға береді. Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті төлейді яғни жалақысын төлейді.

   Тауардың меншік құқығы сатушыдан сатып алушыға өтетін сату-сатып алу келісімшартынан айырмашылығы – лизингте жалға алынған заттың меншік құқығы жалға берушінің өзінде қалады, ал, лизинг алушы оның тек уақытша пайдалану құқығына ие болады. Лизингілік келісімшарттың мерзімі аяқталғанда лизинг алушы мәміле обьектісін келісімді баға бойынша сатып алады немесе лизингілік келісімшартты жалғастыра береді. Құрал-жабдықты келісімшарт мерзімі аяқталғанда өз иесіне қайтарады.

   Негізгі қордағы несиеде  қарыз алушы борышты өтеуі  үшін төлемдерді белгіленген  мерзімде төлейді, мұнда банк  несиенің қайтарылуын қамтамасыз  ету үшін несиеленген обьектінің меншік құқығы толық өтелгенше өзінде қалдырады. Лизингте жалға беруші жалға алынған мүлікке тек келісімшарт мерзімі біткенше ғана және олардың жалға алған мүліктің құнын толық төлегенше ғана иелік ете алады. Мұндай ұқсастық тек қаржылық лизингке тән.

   Өзінің заңды формасында  лизингілік мәміле инвестициялық  құндылықтарды ұзақ мерзімді жалға алудың өзінше өзгешелігі бар түріне жатады.

   Лизинг түрлері және лизингілік  операцияларды жіктеу шетелдік  және отандық теория мен іс-тәжірибеде  маңызды мәнге ие.

   Лизинг түрлері оның жіктелу  белгілеріне қарай бөліп көрсетіледі. Жіктеу белгілеріне жататындар:

  • мәмілеге қатысушылардың құрамы;
  • лизингке берілген мүліктің тұрпаты;
  • мүліктің өтелу деңгейі;
  • амортизация шарты;
  • қызмет көрсету ауқымы;
  • операция өтетін нарық секторы;
  • салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы;
  • лизингілік төлемдердің сипаты.

   Мәмілеге қатысушылардың (субьектілердің) құрамына қарай лизинг мыналарға  бөлінеді:

   -тікелей лизинг, онда мүліктің  меншік иесі (жеткізуші) лизингке  обьектіні дербес береді (екі  жақты мәміле);

   -жанама лизингте мүлік делдал ақылы беріледі. Бұл жағдайда классикалық үш жақты мәміле (жеткізуші – лизинг беруші – лизинг алушы) немесе брокерлік фирма, трастық компания қаржыландырушы мекеме және т.б қатысушылармен көп жақты (4-тен 6-7-ге дейін) мәміле – аса ірі әрі күрделі мәміле орын алуы мүмкін.

   Тікелей лизингтің жеке жағдайына қайтарылатын лизингті (sale and leaseback) жатқызуға болады. Оның ерекшелігі мынадай мүліктің меншік иесі меншік құқығын келешектегі лизинг алушыға сату-сатып алу шартымен береді, яғни оны сата отырып, бір мезгілде онымен осы мүліктің пайдаланушысы ретінде қарым-қатынас жасайды. Бұл жағдайда жеткізушісі мен лизинг алушы бір ғана заңды тұлға болып табылады.

   Мүліктің тұрпатына қарай  лизинг былайша бөлінеді:

   -жылжымылы лизинг (машиналы-техникалық лизинг);

   -жылжымайтын лизинг.

   Мүліктің өтелу деңгейіне  қарай лизингті былай бөліп  көрсетуге болады:

   -толық өтелетін лизинг, онда бір келісімшарттың әрекет  ету мерзімі ішінде лизинг  берушіге жалға алынған мүліктің  құны толық төленеді;

   -толық өтелмейтін лизинг, бір келісімшарттың әрекет ету мерзімі ішінде жалға алынған мүлік құнының тек бір бөлігі ғана өтеледі.

   Амортизацияның шартына  қарай толық амортизацияланатын  лизинг болады және осыған  орай, лизинг обьектісінің құны  толық төленеді.

   Лизингтің формаларын екі негізгі түрге біріктіруге болады: оперативті лизинг және қаржылық лизинг.

   Оперативті лизинг –  бұл жалгерлік қатынас, онда  жалға берілген затты сатып  алумен және ұстаумен байланысты  лизинг берушінің шығындары бір  лизингілік контрактінің әрекет ету мерзімі ішінде жалгерлік төлеммен өтелмейді.

   Оперативті лизингке мынадай  негізгі белгілер тән:

   -лизинг беруші өзінің  барлық шығынын бір лизинг  алушыдан түсетін лизингілік  төлемдердің есебінен өтеуге (орнын  толтыруға) ұмтылады;

   -лизингілік келісімшарт, әдеттегіше 2-5 жылға бекітіледі, бұл құрал-жабдықтың заттай тозу мерзімінен аз және оны лизинг алушы кез келген уақытта бұза алады;

   -мәміле обьектісінен айырылып  қалудың  немесе оның бүлдіріп  алудың қатері негізінен лизинг  берушінің жағында болады. Лизингілік келісімшартта берілген мүліктің бүлінбеуіне лизинг алушының белгілі бір дәрежеде жауапты болатындығы қарастырылады, алайда, оның мөлшері мүліктің бастапқы бағасынан көп төмен;

   -мәміленің обьектісіне көбінесе ең әйгілі машина түрлері мен құрал-жабдықтар жатады.

   Оперативті лизингте лизингілік  компания нақты жала берушіні  білместен бұрын құрал-жабдықты  алдын-ала сатып алады. Сондықтан  да оперативті лизингпен айналысатын  фирма жаңа әрі бұрыннан тұтынылып  келе жатқан инвестициялық тауарлар нарығының коньюктурасын жақсы білуі керек.

   Лизингілік компания бұл  арада жала берілген мүлікті  өздері лизинг түрінде сақтандырады  және оның техникалық қызмет  көрсетуін қамтамасыз етеді.

   Лизингілік келісімшарттың  мерзімі біткенде лизинг алушыны мынадай мүмкіншіліктерге ие бола алады:

  • ең қолайлы шартпен келісімшарттың мерзімін ұзартуға;
  • лизинг берушіге құрал-жабдықты қайтаруға;
  • нақты нарықтық құны бойынша сатуға келісімін берсе (опцион) лизинг берушіден құрал-жабдықты сатып алуға. Келісімшартты бекіту барысында лизингілік контрактінің аяқталу сәтіндегі мәміленің қалған нарықтық құнын алдын ала дәл анықтау мүмкін емес, сондықтан да лизингілік форма құрал-жабдық нарығының конктурасын жақсы білу керек.
  • жалға алынған мүліктің пайдалануынан түсетін ұйғарымды табыс оның бастапқы бағасын өтей алмайды;
  • құрал-жабдық аз ғана мерзімге қажет (маусымдық жұмыстар немесе бір жолғы пайдалану);
  • құрал-жабдық арнайы техникалық қызмет көрсетуді қажет етеді;
  • мәміленің обьектісі ретінде жаңа, тексерілмеген құрал-жабдық алға шығады.

   Оперативті лизингтің осы  айтылған ерекшеліктері оның  ауыл шаруашылығы, кең өндіру  өнеркәсібі, құрылыс салу, ақпаратты  электрондық өндеуден өткізу  секілді салаларда қолдануын  белгілеп (анықтап) береді.

   «Стандарт» лизингісі лизингтің осы формасында жеткізуші (жабдықтаушы) мәміле обьектісін қаржыландырушы қоғамға сатады. Ал, қаржыландырушы қоғам оны тұтынушыларға өзінің лизингілік компаниясы арқылы жалға береді.

   Қайтарылатын лизингте құрал-жабдықтың  меншік иесі оны лизингілік  фирмаға сатып, бір мезгілде бұл құрал-жабдықты одан жалға алады. Бұл операцияның нәтижесінде сатушы жалға алушыға айналады. Қайтарылатын лизинг мәміле обьектісінің меншік иесі ақшалай қаражатқа аса мұқтаж болған жағдайда қолданылады және ол лизингтің осы формасы арқылы өзінің қаржылық жағдайын жақсартады.

   «Жеткізуші» лизингісі құрал-жабдықты сатушы қайтарылатын лизингтегі секілді лизинг алушыға айналады, алайда, жалға алынған мүлікті ол емес, басқа жалға алушы пайдаланылады. Бұл басқа жалға алушыны оның өзі іздеп табады әрі мәміле обьектісін оған жалға береді. Суб аренда (жалгердің өзі жалға алған мүліктің бір бөлігін пайда табу үшін екінші бір жалгерге уақытша бергендігі жайлы келісімшарт) мұндай контрактінің міндетті шарты болып табылады.

   Өтемдік лизинг жалдаудан төлемдері лизингілік мәміленің обьектісі болып табылатын құрал-жабдыққа дайындалған өнімдермен төленеді.

   Жаңғыртылмалы лизинг осы формадағы лизингілік келісімде жалға алушының талап етуі бойынша құрал-жабдықты оның жетілдірілген үлгілеріне кезең сайын ауыстырып отыруы қарастырылады.

   Қаражат тарту лизингісі  лизинг берушінің бір немесе  бірнеше несие берушіден жалға  берілген активтердің 80 % -іне дейінгі сомада ұзақ мерзімге қарыз алуын қарастырады. Мұндай мәміледегі несие берушілерге ұзақ мерзімге тартылған біршама көп ресурстарға ие аса ірі коммерциялық және инвестициялық банктер жатады.

   Контрактілік жалдау (өзара  шартпен жалдау)-бұл арнауы лизинг  формасы, онда лизинг алушыға  машинаның, ауыл шаруашылығы,  жол құрылысы техникаларының, тракторлардың автокөлік құралдарының жиынтықты партиялары жалға беріледі.

   Бас лизинг лизинг алушыға  жаңа контрактіні бекітусіз жалға  алынған құрал-жабдықтың тізімін  толықтыруына құқық береді. Біз тек кеңінен тараған лизингілік контрактінің формаларын ғана қарастырдық. Іс-тәжірибеде әр түрлі контракт формаларының ұштастырылуы ұшырасады.

   Лизингілік операцияның  негізгі элементтері:

  • мәміле обьектісі;
  • мәміле субьектісі (лизингілік келісімшарттың тараптары)
  • лизингілік келісімшарттың мерзімі (лизинг кезеңі);
  • лизингілік төлемдер;
  • лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

   Лизинг обьектілері өндірістік циклда жойылмайтын материалдық құндылықтың кез келген түрі лизингілік мәміле обьектісі бола алады. Жалға алынатын обьектінің табиғатына қарай жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингілері болып көрсетіледі.

   Лизингілік мәміленің тікелей  қатысушыларына мыналар жатады:

  • лизинг фирмасы немесе компаниясы (лизинг беруші немесе жалға беруші);
  • өндірістік (өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық), сауда көлік кәсіпорындары мен халық (лизинг алушылар немесе жалға берушілер);
  • мәміле обьектілерін жеткізушілер - өндірістік (өнеркәсіптік) және сауда компаниялары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Лизингтің түрлері

 

   Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.

   Лизинг бірнеше қызмет  атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы.Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсызөзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.

   Лизинг мәміледе 3 қатысушы  болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы-мүлік иесі (лизинг беруші), екінші- мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші-мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді. Коммерциялық банктер бұл жерде мүлік иесі ретінде болады, яғни олар мүлікті өз меншігіне алады және лизинг алушыға (оған қаржылық қызмет көрсете отырып) береді. Шын мәнінде олар осы мүліктің несиесін береді, сөйтіп қатынастар пайда болады, Мұнда несиелеудің барлық принципі бар: қайтарымдылық, төлемділік (ақылық). Мерзімі біткенде лизинг алушы мүлікті иесіне қайтарып береді, қызметті төлейді, яғни жалақысын төлейді. Лизинг түрлері әр түрлі болады:

   1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның обьектісі болып моральдық тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал-жабдықтар табылады.

   2. Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.

Лизинг беруші мен Лизинг алушының құқықтары мен міндеттемелері