Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары
Жоспар
Кіріспе.......................
1-тарау. Жеткіншек шақтағы психологиялық
дамудың теориялық негіздері.....................
1.1. Жеткіншектердің тұлғасының
даму мәселелері...............
1.2. Жеткіншек шақтағы
тұлғаның мінез-құлық
2-тарау. Жеткіншектердің тұлғалық
қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді
анықтау жолдары.......................
2.1. Жеткіншек шақтағы
мінез-құлықтың ауытқушылық
2.2. Жеткіншек шақтағы оқушылар бойындағы
мінез-құлық ауытқушылығын болдырмау
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі........................
КІРІСПЕ
Бүгінгі жастардың терең жан күйзеліс дертіне шалдыққанына талас жоқ. Бұны қалай түсіндіруге болады? Себебі неде? Өтпелі жеткіншектік кезең - қиын кезеңнің бірі. Организмдерде болатын өзгерістерге байланысты өтпелі кезеңде жеткіншектердің өміріне жаңа сезімдер мен мазасыздықтар нөсердей жауады. Күнде олардан құрдастары мен мұғалімі одан қалса үйде ата-анасы, алғашқы махаббаты бір нәрсені талап етеді. Теледидар, фильмдер музыка мен интернет оларға өз стеореотиптерін байлайды. Нақтылап айтсақ жеткіншектердің бұл кезеңін стресс пен мазасыздық ілескен өтпелі кезең десек те болады. Сонымен қоса жас адамдар, көбінесе, тәжірибесі жоқ және өмірдің алғашкы соққыларына қарсы тұра алмайды. Жақсы адамның қолдауынсыз олар жаман жолға түсулері мүмкін. Бұл жайлы Біріккен Ұлттар Ұйымының есеп баяндамасында «...зерттеулердің көрсетуінше, жастар нашақорлықпен айналысуды жеткіншек кезінде немесе есею алдында қолдана бастайды. Зорлық, жыныстық қарым-қатынас және басқа да жат қылықтар туралы осыны айтуға болады»- деп жазылған.
Неге қазіргі жастар
соншама қайғы қасіретке
Л. М. Зюбин, Д. В. Колесов, В. Н. Кудрявцев, Г. Н. Минковский, И. В. Мягков және т.б. қиын балалардың басым көпшілігі – бұлар мектеп бағдарламасын дұрыс меңгере алмайтындар, ұжымнан тысқары шығып қалатын балалар. Ұжымдағы жағымды позициядан қалыс қалу оларды теріс мінез- құлыққа, айналасындағы адамдармен, әсіресе бірге оқитын құрбы- құрдастарымен дұрыс қарым- қатынас жасауына кедергі келтіреді, - деп атап көрсетті. Қиындықпен тәрбиелену- баланың теріс мінез- құлқы, дау- жанжал. Дау- жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез- бітістері: қозушылық, ұстамсыздық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік т.б. пайда болады.
А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В. Лысенко, И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шывченко, Г.А.Уманов сияқты зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық қыныр жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.
Жеткіншектердің өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан қарастырғандар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович, И.С. Кон, М.И. Лисина, А. Липкина, В.В. Столин, Е. Шорохова, У. Джеймс, Ч. Куль, Д.Ж. Мид, Э. Эриксон, К. Роджерс сияқты ғалымдардың зерттеулерінде бағалаудың онтогенезі, оның құрылымы, атқаратын қызметтері, қалыптасулардың мүмкіндіктері мен заңдылықтары қарастырылады.
Бүгінгі жеткіншек-ертеңгі
біздің Қазақстанның жарқын болашағының
тағдыры бүгінгі таңда
Жеткіншектердің мінез-құлықтарының қиындығы тұлғаның дұрыс дамымауы, оның қолайсыз жағдайда қалуы, сонымен қатар, отбасында және мектепте тәрбиенің жетіспеуі салдарын үйлестірумен түсіндіріліп отыр. Демек, баланың жан-жақты дамыған, еліміздің көк байрағын биікке көтеретін дарынды тұлға етіп тәрбиелеу отбасынан, мектеп табалдырығын аттағаннан кейін басталады және ол баршамыздың ісі болмақ.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншек шақтағы оқушылар бойында пайда болатын ауытқушы мінез-құлықтың себептерін анықтау және оның алдын алу.
Зерттеу міндеті:
- Жеткіншек шақтағы мінез-құлық ауытқушылықтарының теориялық аспектілері;
- Жеткіншек шақтағы ауытқушылық мінез-құлықтың пайда болу себептерін диагностикалау;
- Жеткіншек шақтағы мінез-құлық ауытқушылықтарын болдырмау жолдарын қарастыру;
- Оқушылардың дамуындағы”дағдарыс”, “өтпелі”, “қиын” кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу.
- Үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық коррекциялық жұмыстар жүргізу.
Зеттеу объектісі: Жеткіншек шақтағы оқушылардың мінез-құлқы.
Зерттеу пәні: Жеткіншек шақтағы ауытқушылық мінез-құлықты болдырмау әдістері.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерді талдау, саралау, тест, сауалнама, тренингтер.
Ғылыми болжам: Егер мектеп психологтары ата-аналармен тығыз байланыста болып, жеткіншектермен психологиялық алдын-алу жұмыстарын жүргізсе, ауытқушы мінез-құлықты жеткіншектер біршама азайар еді.
І-тарау.Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық негіздері
1.1. Жеткіншектердің тұлғасының даму мәселелері
Жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден» ажырата білуі тиіс. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды тұлға дей аламыз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды- көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам- мұраты, бағыт- бағдары бар адамды тұлға дейді. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс- әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды тұлға дейміз. Тұлға - қоғамның мүшесі ретіндегі адам саналы тіршілік иесі, өзінің өмір жолын таңдай алады, қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық рөл атқаратын саналы индивид.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы, әрекет барысында белсенді түрде өзгеріп және әрекетті де өзгертетін, табиғат, әлеуметтік орта және сол тұлғаның күрделі ара қатынасы арқылы жүріп жатады. Өзгерту барысында әсіресе еңбек әрекеті процесінде, адамдар бір-бірімен белгілі қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседі. Адамның тұлға ретінде қаыптасуы, негізінен, қоғамда қалыптасқан қарым- қатынас жүйесімен анықталып, сол тұлғаның осы қатынас шартына орай әрекетінің қалыптасуына, ойын сол қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасының қалыптасуына байланысты болады.
Адамның
қоғамдық қатынас жүйесіндегі
орны мен әлеуметік ортаның
ықпалының өзі, адамның жас
ерекшелігіне орай қолданылады.
Сонымен, тұлға- бұл, біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретінде индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті. Оның қоғамдық енуімен анықталып және де біріккен әрекетпен қарым- қатынаста қалыптасып отырады.
Отандық психологияда адамды тұлға деп- қоғамның субъектісі ретінде оның қарым- қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
В.Г. Ананьев пен А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде объектіні өмірді бейнелеу процесінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік танымы, сана- сезімімен бірлестікте іске енетін, тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп белгілеген. Сонымен қатар, тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, демек индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуын көрсетеді.
Индивидтің табиғи қасиеттері мен ерекшеліктері тұлғада оның әлеуметтік элементі ретінде көрініп отырады.
С.Л. Рубинштейннің қарастыруы бойынша, тұлға арқылы сыртқы ықпал индивид психикасында өзінің туындысымен байланысты болады.
Л.И. Леонтьев айтуы бойынша, тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы, индивид басқа индивидтермен біріккен әрекетінде, ақиқатты өзгертіп, соның арқасында өзін де өзгертіп, жеке тұлға дәрежесіне жетеді. Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс әрекеттерінің сапасын кеңейтуімен, талап қойылған жағдайлардың шегінен әрекет жасауымен (мотивация, жетістік, қауіп- қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, демек үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер- қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен сипатталады.
Оқушылардың тұлғасының дамуы механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Л.С. Выготскийдің пайымдауынша, баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие...
Адамның тұлға ретінде қалыптасуында жеткіншектік кезең маңызды орын алады. Бұл жас кезеңнің, адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше маңыздылығы, 10- 16 жастағы баланың дамуындағы саналы өзгерістерге байланысты. Жеткіншек жастағы бала, жаңа әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, жаңа қоғамдық қатынасқа және байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесіндегі жеткіншектің орнының өзгеруі, әрекеттің жаңа аспектілірінің дамуына байланысты. Әрекеттің бұл жаңа аспектілері, осы жас кезеңінің ерекшелігіне тән жаңа өзара байланыс, қарым-қатынас жүйесін тудырады. Дегенмен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жеткіншек үшін маңызды болып әрекеттің негізгі типі саналады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі әрекетпен ғана шектелмегенімен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
К. Юнг айтуы бойынша, жеткіншектік кезең - балалық шақтан ересектікке өтетін, үнемі қиын, критикалық қақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі кезеңі.
М.И. Шардаков бойынша, жеткіншектік кезең адамның тұрмыстық құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалады. Жеткіншек осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы жеткіншек тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әртүрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік жағынан есейеді.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында көрініс тапқан. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтуімен байланысты даму үрдістерінің күделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл- ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен ерекшелігі болып табылады. Аса айқын, қиын және өзгерісі көп қауіпті мектеп жасындағы бұл кезеңнің қиындығы баланың денсаулығынан бұрын қалыптасып қалуымен байланысты. Егер жеткіншектің денсаулығына қатынас бірыңғай, барабар болмаса, ол өтпелі кезеңде жағдай асқынып кетеді. Ағзаның маңызды жүйелерінің қайта құрылуы жеткіншектің өзіне де елеусіз өтпейді , әр жеткіншек жаңа және ылғи сүйкімді бола бермейтін өзгерістерге дайын емес. Көбінесе бұл бас айналу, әлсіреу жүрек ауруы арқылы білінеді т.б. Жеткіншек балалардың көңіл – күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш , ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің заңдылығы сондай, онда кісіаралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды қосады. Жекіншектер - жаңа сапаға , яғни үлкен жасқа ауысуы үшін дағдырыстан өтеді. Бұл жеткіншектер үшін ғана емес , оларды қоршаған үлкендер үшін де қиын кезең. Эмоциялық сезімталдықтың жоғарылаған түрі және олардың тұрақсыздығы мен олардан азат ету реакциясы мектептегі оқу және тәрбие үрдісін қиындатып , күрделендіруі мүмкін. Сондықтан педагогтар бұл дағдырыстың болуы нормада және оның қажет екенін түсіндіруі керек. Адамның дамуындағы маңызды дағдырысты Л.С. Выготский байқауынша , дағдырыс немесе сыни кезең позитивті сапалы өзгерістер кезеңі нәтижесінде тұлғаның жаңа сападағы дамуына ауысу кезеңі. Бүгінде біз дағдырысты кезең бұл бір жағынан дамудың қозғалыстың қауіпті қиын кезеңі екенін, екінші жағынан жаңа мүмкіндіктердің оянуы ішкі жаңа өзгерістердің ашылуы екенін білеміз.
Жеткіншектің дамуындағы биологиялық фактор проблемасы баланың ағзасында нақ осы шақта биологиялық толасуы жолына түбегейлі өзгерістердің болынан туындайды.
Организмнің қайта құрылуы эндокридік жүйедегі өзгерістерден басталады. Гипофиздің, әсіресе оның алдыңғы бөлігінің қызметі күшейеді, ал гормондары талшықтардың өсуіне және ішкі секрецияның басқа да өте маңызды бездерінің (қалқан жыныс, бүйрек үсті бездерінің) қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Олардың қызметі жеткіншектердің организміндегі көптеген өзгерістер, соның ішінде неғұрлым анық көрінетін өзгерістер туғызады. Яғни жыныс органдарының дамуы екінші жыныстық белгілердің көрінуі. Бұл үрдістер қыз балаларда 11-13 жаста, ер балаларда 13- 15 жаста неғұрлым жедел жүреді. Дене күшінің толысуы мен жыныстық жетілудің акселерациясы байқалған кезде кейбір қыздар 10- 11, ер балалар 12- 13 жаста жыныстық жетілудің бастапқы сатысында болады.
Бойдың ұзаруы, салмақтың артуы, кеуде клеткасының шеңберінің өсуі- жеткіншектік шақтағы дене толысуының өзіне тән жағдайлар, бұлар «күрт өсуі» деген ерекше терминмен белгіленеді. Осының нәтижесінде баланың пішінімен салыстырғанда жеткіншектің пішіні өзгереді, дененің пропорциясы ересек адамға тән пропорцияға жақындайды. Бас сүйегінің бет бөлігінің жедел жетілуі нәтижесінд бет әлпеті де өзгереді. Жеткіншектік кезеңінде омыртқа жылдық өсуінде бойдың ұзару қарқыны қалып қояды.14 жасқа дейін омыртқалар арасындағы кеңістік әлі шеміршекпен толы болады да, ұзақ уақыт бойы сыңаржақ салмақ түскен немесе шамадан тыс күш түскен жағдайларда омыртқа қисайып кетуге бейім тұрады. Дене түзілісінің неғұрлым көбірек бұзылуы 11- 15 жаста болады, дегенмен нақ осы жаста осындай кемшіліктерді түзеу де одан кейінгі кезеңдердегідей оңай болады.
Танымдық - іс-әрекетте ересектіктің дамуы. Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектердің бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан барып дамиды. Мұның өзі мазмұны мектеп бағдарламасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс- әрекеттің, дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекетінің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің немесе бірнеше саласына қатысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысты бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт- бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттың да сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады, қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әртүрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей- тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар әртүрлі мәселелерді талқыламайды, кітаптармен, материадармен алмасады, әртүрлі қиыншылықтарда ақыл- кеңеспен және іспен жәрдемседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамалар қарайды. Мұның өзі ынта- ықылас пен нәтижелі іс- әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс- әрекетінде кейде шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау үрдісі және жалпы алғанда танымдық үрдістің өзі әуестендіреді. Бұл орайда интеллектілік даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.
Жеткіншектің жыныстық жетілуі кезінде интеллектілік даму жолына аса маңызды қадам жасайды. Ол кешендік ойлаудан ұғымдармен ойлауға өтеді. Ұғымдардың қалыптасуы және оған сүйеніп әрекеттену - осы кезеңде табылатын маңызды жаңалық. Жеткіншек ұғымдарында интеллект тек қана алдыңғы бағыттың жалғасы емес.
Баланың жеткіншектен айырмашылығы- адамның өзіндегі заттарды және өзі үшін заттарды айыра білген Гегельдің көзқарасымен орынды анықталады.
Жеткіншектік шақ- болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниетердің дамуындағы мұндай ілгелулер жеткіншектердің бәрінде бірдей болмайды; кейбіреуілерінің барлық ойы қазіргімен болып, болашақ мамандық туралы аз ойлайды. Алайда жеткіншектердің көпшілігі үшін 7- 8- сыныптарда оқитын уақыт- болашақ туралы көп ойлайтын кезең.
Жеткіншектердің психологияда өзекті де, күрделі мәселелерінің бірі - жеткіншек жастағылардың өзін - өзі бағалау мәселелері.
Өзінің ерекшеліктерін білгісі келудің, өзіне ден қойып, өзі туралы ойлай бастаудың шығуы- жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзін-өзі бағалау адамның өз іс-әрекетінің реттелуіне тікелей қатысушы жеке адамдық құрылым, жеке адамның автономды мінездемесі, жеке адам белсенділігінің орталық компоненті ретінде алынады. Адамның өз дене күшін, ақыл-ой қабілетін, іс-әрекет мотивтері мен мақсатын, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын сезінуі өзіндік бағалау арқылы жүзеге асады. Өзіндік бағалаудың ерекшелігі көптеген сезімдердің ерекшеліктеріне, жеке тұлғаны тәрбиелеу қарым-қатынасы мен талаптану деңгейіне тәуелді.Адамның өзін-өзі бағалауы не тым жоғары, не өте төмен болуы мүмкін екенін ескеретін болсақ, бұл екеуі де адам өмірін ауырлатады. Адекватты емес өзін-өзі бағалау, сол адамның өзіне ғана емес онымен өндірістік, тұрмыстық және т.б. қатынастардағы адам өміріне де жағымсыз әсер етеді. Өзін-өзі бағалаудың маңыздылығы: істеген істері мен жеткен жетістіктердің нәтижесін бағалау.
Саналы түрде өзін-өзі басқарудың ядросы өзін-өзі бағалау екені белгілі. И.С.Кон, А.И.Липкина, Е.И.Саванько, А.М.Прихожан, А.Е.Серебрякованың пікірілерінше, жеткіншек жасы өзін-өзі бағалауын қалыптастыру үшін қолайлы. Сондықтан осы жас кезенінде оның дамуын зерттеу, басқару процесінің маңызды құрылымы ретінде өзін-өзі бағалау қызметінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді.
Жеткіншектің жеке басының дамуындағы маңызды фактор оның үлкендер мен құрдастары арасына қанағаттанарлық қатынас құруға бағытталған әлеуметтік жеке белсенділігі. Сонымен өзін-өзі бағалаудың теориялық әдістемелік аспектілері терең және жан-жақты қарастыруды талап етеді. Жеткіншек жасындағылардың өзіндік бағалауының дұрыс қалыптасуына ата-аналар мен психологтың әсері зор. Өзіндік бағалау оқушының өзінің жеке бас ерекшеліктерін білуде, тұлғасының дұрыс дамуында адекватты болғаны өте маңызды. Баланың өзіндік бағалауы, оның өзіне қатынасын және өзін қабылдауын, көбінесе оның мінез-құлқы мен үлгерімін анықтайды. Адекватты емес өзіндік бағалау баланың жағымсыз мінезінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады, оның әлеуметтік пісіп жетілуін тежейді, жеке тұлғаның бірқалыпты дұрыс дамуына кедергі жасайды. Сонымен оқушы бойында өзін-өзі бағалау кезінде өз мүмкіншілігін бағалауға деген мақсат қалыптасуы керек, бұл өзіндік бағалаудың негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
1.2. Жеткіншек шақтағы тұлғаның мінез-құлық ауытқушылықтары
Мектепте жұмыс істейтін педагогтар, тәрбиешілер балаларды оқытып-тәрбиелеу барысында, сабақтан көп қалатын, тәртібі нашар, білім деңгейі төмен, құрбыларымен тіл табыса алмайтын, ашуланшақ, бұзақылықтар жасайтын балаларды жиі кездестіреді. Психолог мамандар мұндай оқушыларды «Қиын балалар», «Мінез-құлқында ауытқуы бар оқушылар», «Қиын тәрбиеленуші» қатарына жатқызады.
Қиын бала деген кім? Қиын баланың пайда болуына не немесе кім ықпал етеді? деген сұрақтар амалсыздан туындайды.
А.Жұмабаев, Қ.А.Жүкенов, А.М.Қарабаева, А.Қ.Каримов, А.В.Лысенко, И.Ф.Казаров, В.А.Парфенов, В.А.Трифанов, В.П.Шывченко, Г.А.Уманов сияқты зерттеушілер қиын балалардың қиқарлық қыныр жағымсыз қасиеттерінің қалыптасуына әлеуметтік педогогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді.
Мінез-құлықтың ауытқушылығы (тәртіпсіздігі) мәселесіне ең алғаш көңіл бөліп қараған жаңа автор Л.С.Славина болды. Мұндай мінезге ол аффектілі (жан күйзелісі қайғыру) психологиялық ерекшелігін алды және бұл саладағы балаларды екі топқа бөліп қарастырады:
- балалардың тәртіпсіздігінің себебі мінез-құлықтың дұрыс жағдай қалыптаспауы салдарынан өте күшті эмоциалды қайғыру жеке жан күйзелісінен болады
- балалардың тәртіпсіздігінің себебіне мінез-құлық ережелерімен санаспау, бұл ережелерді білмеу, өзінің мінезін көп жағдайды меңгермеуді жатқызады.
Белгілі ғалымдар Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович зерттеулерінде мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас, баланың ата-анасына және құрбыларына қарым-қатынасын анықтап, эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен. Жалпы ғалымдардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бала мінез-құлқының қиындығы 6-8 сыныптарда, яғни жеткіншектік кезеңде, әсіресе ұл балаларда басымырақ байқалады деген. Алайда, көбінесе, «қиын оқушы» дегенде тек ұл балаларды ғана сөз етіп, сыңар жақтылық танытып жүргенімізді жасырмаған жөн. Қыз бала қаға берісте назардан тыс қалып, олардың ертеңіне көрнеу көзге қиянаттық жасап жүргенімізді несіне жасырмақпыз? Түптің- түбінде шариғат заңы бойынша ұзатылған қыздың тәрбиесіне тек қыздар кеңесі жауапты деу мүлдем түсінбеушілік. Күні ертен «қыз күнінде қыздың бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығатынын» ескермейміз.
Ауытқушылық мінез-құлық деп әлеуметтік нормадан ауытқуды айтады.
Оны қоғамда қабылданған
өлшемдерге әрекет жүйесі ретінде анықтайды.
Ауытқушылық мінез-құлық
И.А. Кон ауытқушы мінез-құлықты психикалық денсаулық, құқық, мәдениет немесе мораль қалыптарының жалпы қабылданған қалыптардан ауытқыған әрекет жүйелері ретінде қарастырады. Ал В.В. Трифанов зерттеулерінде «ауытқымалы мінез-құлықты жеткіншек - бұл күнделікті педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне үнемі қосымша уақыт бөліп қарауды, мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы педагогикалық еңбегін қажетсінетін бала» деп анықтама берді.
Жеткіншектердің ауытқушы мінез-құлықын ағылшын психологтары Хевитт пен Дженкинс үлкен екі категорияға бөлді.
- бұл психикалық денсаулық қалыптарынан ауытқу.
- бұл әлеуметтік- мәдени нормаларды, әсіресе құқықтық норманы бұзатын антиәлеуметтік іс- әрекеті.
С. А. Беличева жеткіншектердің ауытқушы мінез-құлықының әлеуметік ауытқуын былайша жіктеді:
- Пайдакүнімдік бағытта құқық бұзушылық: материалдық, қаржылық, дүниемүліктік пайда табуға ұмтылуымен байланысты (ұрлау, тонау, алып- сату, алаяқтық және т.б.);
- Агрессиялық бағытта құқық бұзушылық: адамға қарсы бағытталған әрекеттермен байланысты (балағаттау, бұзақылық, ұрып- соғу, зорлау, өлтіру);
- Әлеуметік енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борышын өтеуден құтылуға, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өзіне- өзі қол жұмсау)
Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша жеткіншектер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балаларды зерттей келе, олардың арасындағы 51% өзін-өзі өлтіруге әрекет ететін жеткіншек жастағы балалар екенін анықтады. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар балалар құрайды деген.
Қазіргі кездегі жеткіншектердің суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауынан, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.
Қазіргі уақытта біздің ең негізгі абыржуымыз - ол жеткіншек тағдырының қиындығы, яғни қиын балалардың тәрбиесі, олардың проблемалары қарастырылып отырған өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Жеткіншек арасындағы тәртіп бұзушылық көп белең алып келеді.
Психологтар
мен педагогтардың зерттеу
1.Қоғамда болып жатқан
үрдістер: заңдардың және құқық
қорғаушы органдардың
2.Жанұяның жағдайы,
оның атмосферасы: толық емес
отбасы, отбасының материалдық жағдайы,
3. Мектепішілік өмірдің
жеткіліксіз ұйымдастырылуы:
Көптеген жылдың оқу мен бақылау негізінде И.А. Невский қиындықпен тәрбиеленетін баланың пайда болуын, балалармен отбасында, мектепте жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарының жеткіліксіздігінен, кемеліне жетпеген педогогикалық қарым-қатынас нәтижесінен деп түсіндіреді.
Жеткіншектер қазіргі
кезеңде тез өзгермелі
Мектептегі үлгерім заң бұзуға, қылмыс жасауға итермелейтін фактордың бірі болып табылып отыр. Данхем және Алперт мектепті тастап кеткен 137 жеткіншекті зерттей келе, мектепті тастаудың 10 себебін көрсеткен:
- мектептегі баланың тәртібінің нашарлығы;
- оқуға деген ынтаның болмауы;
- сынаптастарының кері әсері;
- ата-анасымен қарым-қатынасының нашарлығы;
- түсініспеушіліктің болуы;
- мектептегі жетістіктерінің төмендігі;
- нашар бағалар;
- сыныптағы тәртібінің жамандығы;
- мектеп программасын алып жүре алмауы;
- мұғалімдермен және ата-анасымен ортақ тіл табыса алмауы-
бұның барлығы осындай оқушылардың қылмысқа, заң бұзушылығына итермелейтін факторлар. Бұлар оқушылардың психикасына кері әсер етеді. Осы кезде бұл жеткіншектер “тыныштық бұзушылар” болып табылады. Мұғалімдер мен әкімшіліктің кері әсері, жеткіншектердің жаман тәрбиесін әрі қарай шиеленістере түсіп, жеткіншектің сабақ босатуының жиіленуіне, алкоголь мен есірткінің қабылдауына итермелейді. «Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі»,- деген А.С Макаренко.
Жеткіншектердің тұлға
ретінде қалыптасуына, қоғамда жүруіне
– жанұядағы психологиялық
Жанұя тәрбиесі - ол қасиеттер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында ата-аналарымен жүзеге асырылатын мақсатты бағдарланған, саналы әсер ету. Жеткіншектің ата-анасымен толыққанды өзара қатынаста болуы оның тұлғасының, сәтті әлеуметтенуінің маңызды факторы болып табылады.
«Бала нені білсе жастан-ұядан, өле-өлгенше соны таныр қиядан. Ата-анадан өсіп, ұрпақ тараған, жақсы, жаман болса бала-солардан»-деп Б.Момышұлы бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін құлаққа жағымды, ойға қонымды етіп тұжырымдайды.
А.В. Мудрик барлық әр алуан жанұяларды ондағы билейтін атмосфераға байланысты шартты түрде бірнеше топқа бөлуді ұсынды. Осы позиция негізінде ол жанұяның келесі түрлерін бөліп көрсетті:
- ата-анасы мен балалары арасында өте жақын, достық қатыныстар қалыптасқан жанұя. Осындай көзқарасты ұстанатын жанұя жеткіншектің дұрыс дамуына әлдеқайда қолайлы әсер етеді, өйткені, ата-аналары баласының көптеген ойлары мен уайымдарын, іс- әрекеттерін біліп қана қоймай, өмірінің кейбір сфераларына әсерін тигізіп отырады. Ондай жанұядағы жеткіншек әдетте белсенді, тәуелсіз және мейірімді болып келеді.
- Қалыпты жанұяға ата-ана мен балалары арасында мейірімді қатынастың болуы тән. Ата-аналары мүмкіншіліктеріне сәйкес балаларының өміріне қызығушылық танытып, рухани қызығушылықтарына өз әсерлерін тигізуге ырысады. Әрине, бұндай жанұяларда қақтығыстар болып тұрады, бірақ ашық түрде емес. Бұл топтың алдынғысынан айырмашылығы, мұнда үлкендер мен балалар арасында белгілі дистанция сақталып отырады. Мұндай жанұяда жеткіншектер тілалғыш, әдепті, жайдары және көнгіш, бірақта өзінің тәуелсіздігін нақтылауда әлсіз бағдарланған болып келуі мүмкін.
- Жанұяның ерекше тобын ата-аналары мен балаларының оқуы мен күнделікті өміріне ғана мән беруімен шектелетін жанұялар құрайды. Мұнда ең бастысы- баласын адам қылу немесе елден кем етпей жеткізу. Жанұяның материалдық қамтамасыздығы жеткіншектің қажеттіліктерін әрқашан қанағаттандырмайды.
- Белгілі бір топ ата-аналары тәрбиелеудің дұрыс емес жолын қолданады. Ол жеткіншек тұлғасын сыйламау, сенімсіздік таныту. Мұндай жанұяда ата-ана мен жеткіншек арасындағы қақтығыстың ашық та, жасырын да түрі кездеседі. Осындай жанұядан шыққан жеткіншекте ата-анасына деген өшпенділік, жалпы үлкендерге деген сенімсіздік сезімі қалыптасып, құрбы-құрдастарымен және қоршаған ортасымен қарым-қатынасында қиыншылықтар туындайды.
- Қолайсыз жанұя тобы. Мұнда ата-аналары арасындағы өзара қатынастар қалыпсыз, жанұядағы жағдай кернеулі, жеткіншек пен ата-анасы арасындағы қатынастары әдепсіз. Осындай жанұя балаға кері әсерін тигізеді.

- Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері
- Живая фотография на уроках информатики
- Живлення рослин і застосування добрив
- Живой уголок в детском саду
- Живописец Нестеров Михаил Васильевич
- Живопись
- Живопись
- Жестокость как психотерапевтический элемент народных сказок
- Жесты как отражение культуры
- Жесты как фактор эффективной деловой коммуникации
- Жеті жарғы Тәуке хан
- Жетім балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу
- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтар ерекшіліктерінің көрінуі
- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі