Жетім балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛГІ
Жетім балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу
Астана 2011 жыл
Жоспары:
КІРІСПЕ.......................
І БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖЕТІСТІГІНЕ ӘСЕР ЕТУІ
1.1. Қазіргі кездегі жетім балалар сипаттамасы және балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуінің ерекшеліктері ........................5
1.2. Балалар үйінде тәрбиеленуші
жетім балалардың психикалық дамуының
ерекшеліктері және олардың әлеуметтік
бейімделу жетістігіне әсер етуі ..............................
1.3. Астана балалар үйінде тәрбиеленуші
балалардың әлеуметтік бейімделу ерекшелігі
..............................
ІІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ БОЙЫНША ТҮЗЕТУ–ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
2.1. Балалар үйіндегі тәрбиеленуші
жетім балалардың әлеуметтік бейімделуі
бойынша түзетушілік-дамытушылық бағыттау
жұмыстарының қажеттілігі ..............................
2.2. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді
әлеуметтік бейімдеу жұмыстары
бойынша түзету- дамыту функцияларын жүзеге
асыру бойынша ұсыныстар ..............................
2.3. Педагогикалық психологиялық
ұсыныстар.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі уақытта күн сайын балалар үйі мен онда тәрбиеленушілердің саны өсуде.
Балалар үйінде тәрбиенушілердің мәселелері өте көп. Оның ішінде негізгісі - қоғамға ену және өз еркімен нағыз адам өмірінің өзіндік үлгісін құру. Және балалар үйінің негізгі міндеті – тәрбиеленушілерге әлеуметтік бейімделуге көмектесу. Өкінішке орай қазіргі кезде балалар үйінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделу деңгейі жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселенің себебі неде және оны шешу үшін не істеу керек?
Тәрбиеленушілердің
Білім және Ғылым министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша елімізде 2001жылы 595 балалар үйінде 73585 бала тәрбиеленсе, жылдан жылға бұл көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде 2005 жылы балалар үйінің саны 689-ға жетіп, ондағы жетімдер санының 81980-ге өскеніне көз жеткізуге болады. Ал жыл сайын көзі боталаған сан мың бейкүнә сәбиді шетел асырып жіберуіміз, өзіңдікін өзекке беру осы емес пе.
Бұрындары шаңырақ көтеріп,
бала сүю басты мақсат саналса, бүгінде
жыл сайын отбасы құрғандардың саны
әрбір үшеуі келіспеушілік
Жұмыстың негізгі мақсаты - балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу жұмыстары бойынша түзету - дамыту функцияларының қорытындысын негіздеу және белгіленген функцияларды практикалық іске асыру бойынша ғылыми – негізделген нұсқаулар өңдеу, ұсынылған ұсыныстарды іске асыру тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу бойынша жұмысты аса тиімді жүргізуіне мүмкіндік беретінін дәлелдеу.
Жұмыстың міндеті:
– Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу ерекшеліктерін талдау.
– Тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделу сәттілігіне қандай жағдайлар әсер ететінін анықтау.
– Тәрбиеленушілер тұлғасының
қалыптасу ерекшеліктеріне
– Тәрбиеленушілердің психикалық
даму ерекшеліктері олардың
– Тәрбиеленушілерді әлеуметтік
бейімдеу бойынша жұмыстардың
І БӨЛІМ. БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІ ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ ЖЕТІСТІГІНЕ ӘСЕР ЕТУІ
1.1. Қазіргі кездегі
жетім балалар сипаттамасы
Жетім балалар мен ата-ана
Отбасылық балалар үйі – бұл бір немесе бірнеше жетім балаларды, ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды асырауға алған отбасы. Мұндай отбасылар бірнеше жылға келісімшартқа отыру арқылы құрылады. Отбасылық балалар үйінің бірнеше түрі бар: бір немесе бірнеше бала асыраушы отбасы, тәрбиешімен бірге тұратын отбасы, асырап алған балалары мен өзінің балалары тұратын отбасы.
Отбасы типіндегі балалар үйі – бұл арнайы отбасы типінде құрылған балалар үйі. Оның интернаттық мекемелерден айырмашылығы, бала тұлға ретінде әлеуметтік қалыптасуы, тәрбиеленуі үшін қолайлы жағдайлар туғызатын отбасына түседі. Оның жетіспеушілігі қалыптасқан отбасы ортасы бұл бала үшін жеткілікті бейімделмеген болуы және қамқоршы ата-ана міндеттерін алған тәрбиелеушілер ата-ана міндеттерін орындауға жеткілікті дайын болмауы болып табылады.
Жетім балалар мен ата-ана
Приюттар – қиын өмірлік жағдайға тап болған баланың тұрғылықты жерін, оны мақсатты орналастыру мүмкіндіктерін анықтау үшін уақытша өмір сүру мекемелері.
Балалар ауылдары (SOS – Киндердорф) – отбасына жақын түрінде жетім балаларды тәрбиелеу мекемесі. Алғаш рет 1949 жылы авсриялық педагог Герман Гмайнермен құрылған, қазір дүние жүзінің 120 мемлекетінде жұмыс істейді. Біздің елде жылы құрылды. Қазіргі кезде елдің Алматы, Астана, Теміртау қалаларында жұмыс істеп келеді.[23]
Еркін елдің еңсесі биік, ертеңі нұрлы. Нұрлы, шуақты өмірде өзгелермен бірге көңілі қаяу жандар да бар. Ол – жетімдер. Қазақстан бойынша бүгінде 94 мың бала жетімдер үйінде тәрбиеленсе, осы бүлдіршіндердің 80 пайызының әкесі, не шешесі тірі бола тұра қараусыз тастандылар санатын толтыратынын айтсаңшы. Жетімдік қасіретін тек өз басынан өткізген жан ғана біледі, түсінеді. Ал, осы зауалы көп жетімдікпен күресу мәселесімен тек мемлекет қана емес, үкіметтік емес ұйымдар да айналыса бастады.
Бүгінде елімізде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдарында 16 мыңнан астам ата-ана қамқорлығынан түбегейлі айрылған балалар тәрбиеленуде. Оның 3 мыңнан астамы түрлі себептермен ата-анасы бас тартқандар, 1000-ға жуығы жарық дүние есігін ашқалы тастанды атанған бейкүнәлар, 5 мыңнан астамы ата-аналық құқықтан айрылғандардың сормаңдай перзенттері.
Психолог мамандарының айтуынша,
ата-ана алақанының жылуына шөміркеп
өскен баланың есейген соң
қоғамға белсене араласып кетуі
екіталай. Балалар үйінің тәрбиесін
алғандардардың жанұядағы өскен
балаларға қарағанда тіршілік ету
әрекеті әлдеқайда төмен
Кезінде ата бабамыз бір қауым елді құрайтын ұрпағы болса да, көпсінбей, керісінше көз тиеді деп балаларының нақты санын да айтуға қорыққан.
Айталық, бүгінде жетім балалар
паналайтын мекемелерде 16 мыңнан астам
бала тәрбие көреді. Оның 3 мыңнан астамы
тұлдыр жетімдер, 1922 баланы бағудан
жақындары бас тартқан, 1019-ы тастанды
сәбилер. Сол сияқты, панасыз қалған
– 6 мың бала, 1146 түрмеде мерзімін
өткеріп жатқандардың, 3 мың іздеуде
жүрген қашқындардың, 1 мың медициналық
мекемелерде емделіп
Дегенмен, Алла әлемнің тепе-теңдігін сақтаған ғой, “жетім көрсең, жебей жүр” дейтін қағиданы ұстанған қайырымды жандардың жүрегі қашан да қараусыз қалған сәбилерге елжіреп тұратын болса керек. 2004 жылы құрылған “Бала үміті” атты қоғамдық қайырымдылық қоры қазір Қазақстан Республикасы Конституциясының негізінде жұмыс істеуде.
Бүгінде қор балалар мекемелерінің тапсырысы, Білім және ғылым министрлігі балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің ұсынысы бойынша ізгілікті жобаларды жүзеге асыруда. Ол сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қорымен, “Шығармашыл, бастамашыл әйелдер лигасы” қоғамдық бірлестігімен, Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағымен, “Адам құқығы және заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстандағы халықаралық бюромен” және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен тығыз араласып, мына дүрбелеңі мол өмірдегі кедергілерді аттап, бала жүрегінің қуанышы, сәби күлкісі үшін уақыт ұттыратын сәттері жетерлік.
Жүзеге асырылған жобалар 2004 жылы 2298430 теңгені құраса, 2005 жылы 4067367 теңге, ал биылғы тоғыз айда 5238370 теңге болды. Қаржы айтарлықтай көп болмаса да, атқарылған жұмыс ауқымын, адамға деген қамқорлықты ештеңемен өлшеуге болмас.
Бұл жетім балалар мәселесі
біздің еліміздегі, расында, шешілмей
келе жатқан, жүректі ауыртатын ең
үлкен мәселе. Оның шешілмей жүрген
себебі, жетімдер тағдырына немқұрайлы
қарайтын Үкімет бұл мәселені мықтап
қолға алған емес. Мысалы, Мәжіліс
депутаты Тито Сыздықов былай деп
айтады: «Біз қаншама рет мәселе
көтеріп, депутаттық сауал жолдадық,
Үкімет оны құлағына да ілген жоқ.
Бір айта кетерлік жайт, бізде жетімдер
мәселесі олардың шетелдіктерге
берілуі тұрғысынан ғана туындап
отырған жоқ. Мен, мысалы, еліміздегі
жалпы жетім балалар мәселесін
көтеріп, бірнеше рет депутаттық
сауал жолдадым. Себебі бізде мемлекет
тарапынан жетім балаларға
Бізде жетім балалар 18-ге
дейін ғана мемлекеттің қамқорлығында
болады. Ал кәмелетке толған соң, олардың
не мамандық ала алмай, не баспанаға
қол жеткізе алмай, әлі де өз бетінше
өмір сүріп кетуге икемсіз екеніне
қарамастан, «қайда барсаң онда бар, өз
күніңді өзің көр» деп жібере салады.
Бұрын, Кеңестік дәуірде қайта мектепті
бітіргенде балалар орта біліммен қоса
мамандық алып шығатын. Мысалы, ауылды
жерде оқыған ер балалар механик,
қалалы жерде оқығандар не токарь,
не слесарь болып шығатын, есіңізде
бар ма? Ал қыз балалар не тігінші,
не аспазшы болып шығатын. Бұрын
ПТМ деген болатын, ол және жоқ. Сол
секілді баяғыда әрбір
Үкімет бізге жетім балалар туралы заң алып келуі керек. Онда қандай бала, қай жасқа дейін «жетім бала» статусын алуы керек, қай жасқа дейін ол Үкімет тарапынан қаржыландырылып, қамқорлықта болуы керек, одан кейін 18 жасқа толған соң олар қайда баруы керек, қалай күн көруі керек, олардың жұмыс орны, тұрғылықты жері болып, әрі қарай жұрт қатарлы өмір сүріп кетуі үшін не істеуіміз керек – осының бәрі қамтылуы тиіс.
Бір өкініштісі «Неке және отбасы туралы» заңды алып келіп, жетім балаларымыздың шетелдіктерге берілуін заңдастыра түсуге үш рет қадам жасаған Үкімет бір рет те жетім балалардың мүддесін қорғайтын заң алып келмеген. Ол біздің Үкіметтің ойына да кірмейді. Толып жатқан керегі жоқ заңдарды шығарып жатыр. Миграция туралы деп шеттен келген жұмысшылардың құқын қорғайтын заң қабылдадық. Балық шаруашылығы, тіпті ара туралы заң қабылдадық. Оның қасында біздің айтып отырғанымыз, адам баласы ғой. Балалардың мүддесі ғой. Ара асырап күн көретіндер мен балық аулап ақша табатындардың мүддесін қорғағаннан өзіміздің елімізде, Қазақстанда туған балалардың, жетім балалардың мүддесін қорғайтын заң қабылдау әлдеқайда сауапты емес пе? «Жетім көрсең, жебей жүр» демейтін бе еді қазақ. Ендеше, жетім балаларымыз өз Отанынан өгейлік көріп, 18-ден соң далада қалып жатқанда, оған неге жүрегіміз ауырмайды?
Жаңағы жетім балалар мәселесін шешу үшін бізге тұрғын үй бағдарламасы мен еңбек туралы заңға да өзгеріс енгізу керек. Еңбек туралы заң арқылы біз жеке меншік болсын, үкіметтік болсын, әрбір мекеме жетім балаларды жұмысқа алып, баспанамен қамтамасыз етуі үшін арнайы квоталар бөлуіміз керек. Ал тұрғын үй бағдарламасы арқылы оларды бастапқы салымсыз 30-40 жылдық несие негізінде баспанамен қамтамасыз етуге болады. Бірінші салымды Үкімет төлеп, оларға бірден баспана беру керек. Бұл аса қиын нәрсе емес қой. Елде 195 мың жетім бала бар десек, соның жыл сайын шамамен 10-15 мыңдайы мектепті бітіреді. Бұл көп емес. Сонымен қатар бізге жетімдерді болдырмаудың жолын қарастыру қажет. Жыл сайын неге тастанды балалар көбейіп жатыр? Неге Қазақстан азаматтары жетім бала асырап ала алмай отыр? Осылардың себебін анықтап алуымыз керек қой. Бізге осы қазақ даласына кіндік қаны тамған, әр сәби қымбат, әр бала керек болуға тиіс. Мына сауда-саттық жасап келіп, Қазақстанда қалып қойып жатқан өзбектерден де, қытайлардан да патриотизм күтуге болмайды. Патриотизм болса, сол өзімізде туған балаларда болады. Оларды неге ойламаймыз? Қыздарымыз бөбектер үйлеріне жас нәрестесін тастап кетіп жатыр. Неге? Бұл қазақтың қанында болмаған нәрсе ғой. Бұл әлеуметтік тұрғыда қысым болғандықтан. Мынау Ресей, мысалы, бірінші туған баласына 253 мың рубль береді. Олар «халық азайып бара жатыр» деп, демографияны қолға алып отыр. Қысқасы, бізге «жетім балаларды қорғау және сақтау туралы» деген арнайы бағдарлама керек. Ол жетім балаларымыздың ертең патриот болып өсіп, өз еліне қызмет етуіне ықпал ететін нәрсе. Оның дәлелі де бар. Мысалы, кешегі депутат, жазушы ағамыз Шерхан Мұртаза интернатта өсті емес пе? Өзіңіз де білетін шығарсыз, біздегі көптеген үлкен-үлкен тұлғалар баяғыда жетім қалып, балалар үйінде тәрбиеленіп шыққан. Бүгінгі арамызда отырған Валерий Доскалов та, мысалы, «мен балалар үйінен шыққам», деді кешегі отырыста» [63].
Қазір республикада, оның ішінде мұнайлы түбекте тұқым қуалау арқылы берілетін аурулар қатары көбейіп барады. Осының салдарынан тастанды балалар, ойрандалған отбасылар саны да күннен-күнге артуда. "Балалар үйіндегі" жетімдер қатарына биыл қосылған 15 нәрестенің тағдыры осы тұқым қуалайтын, туа бітетін дерттерге байланысты.
Өмірге дені сау ұрпақ
келуін қамтамасыз ету мақсатында елімізде
медикалық-генетикалық кеңес
Мемлекетімізде жетім балаларды қамқорға алатын «Бөбек» қоры 1994 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.
«Үміт» балалар үйлеріне жас аналар бас тартқан балаларды қабылдайды. Ол келісімшарт бойынша 7 жылға жасалады, егер анасы мүлдем бас тартқан болса, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне жіберіледі.
Әлеуметтік жетімдікке әкелетін себептер: анасының алкоголизмді қолдануы, ата-анасының ажырасуы, босқындар мен қашқындар отбасыларына жату, ананың мүгедектілігі, ата-ананың баланы тастап кетуі, ата-аналық құқықтың орындалмауы, әкесінің өлімі, бас бостандығынан айыру орындарына түсіп қалу. Кейбір әдебиеттерде жетімдіктің себептерін келесілерге бөледі:
1. табиғи – географиялық, экологиялық, биогенетикалық, табиғи апаттар: жер сілкінісі, су тасқыны, борандар, таудағы қар көшкіні.
2. техногендік – авариялар, апаттар, өндіріс орындарынан травма алу.
3. әлеуметтік - әлеуметтік және халықаралық қақтығыстар, соғыстар.
4. әлеуметтік-экономикалық
– «кедейшілік» факторы:
5. әлеуметтік-психологиялық
– қоғамдағы моральдың,
6. криминалдық факторлар – қылмыс, ішімдік, нашақорлық.
7. тұлғалық факторлар
– құндылық бағдарларының
1.2. Балалар үйінде
тәрбиеленуші жетім балалардың
психикалық дамуының
әсер етуі
Балалар үйлерінің пайда
болуы балалардың психикалық дамуына
қаншалықты ықпал ететіндігін қарастыруға
ұмтылу және аса қалыпты емес қатынасын,
сонымен қатар «
Ағылшын психологы Дж.Боулби жарты ғасырдан астам аналық қарым-қатынастан айрылғанн балалардың даму мәселесімен айналысты. Оның пікірнше баланың жастайынан дұрыс дамуы үшін тек биологиялық анасымен байланыс қажет.
Кеңес психиатры М.И.Буянов байқағандай, «Жарты ғасырдан аса Боулби жазғандары ішінен тек бір нәрсені: Бала мінеінің үйлесімді дамуы үшін ана қамқорлығы қажеттігін мойындауға болады, бірақ бұл қандай қамқорлық, бұл неден байқалу қажет және т.с.с. – бұл әлі шешілмеген және нақтылауды қажет етеді»[6].
У.Денис и П.Наджарьян
(1957) Ливандағы 100 жетімді зерттеуге
алды. Приюттағы балалар отбасындағы
балалардан өмірінің алғашқы жылдарының
соңында шынымен лезде қалып
қойғандарына олардың көздері жетті.
Оның себебі берілген приютқа тән
және толығымен жоюға болатын
нақты жағдайлар. Авторлар тәрбиешілердің
балаларға деген
Л.Ярроу (1972) «аналық депривациямен»
қатар жабық балалар
М.Раттер (1972) жабық түрдегі
мекемелердегі ерте балалық шақтағы
және емшектегі балаларды
Кейбір психологтар ана күтімінің мағынасын қоғамдық тәрбиелеу жағдайларында іске асыру мүмкін емес ұстанымынан түсінуге тырысты. Мысалы, балалар мекемелерінде бірнеше тәрбиешілер болса, отбасында ана әрқашан балаға қамқор болатын тек жалғыз ересек. Бала тұлғасы мен жүріс тұрысының дамуына оның анасын алмастыратын көптеген тұлғалар кедергі келтірмей ме?
Г.Х.Рейнгольд және Н.Бейли
(1959) «көптеген аналардың» балаға
психологиялық зейінін
Кеңес ғалымдары ана мен
баланың қатынасын зерттеуге
көп көңіл бөледі, бірақ оны
биологиялық себепті деп
Чехословак психологтары Й.Лангмейер мен З.Матейчек көпжылғы балалар үйіндегі балалардың психикалық дамуын зерттеу негізінде психикалық депривация немесе психикалық мұқтаждық ұғымын енгізді, ол белгілі бір уақыт ағымында субъектіге кейбір психикалық қажеттіліктерді жеткілікті мөлшерде қанағаттандыруға мүмкіндік берілмейтін осындай өмірлік сәттерде туындайды (1984) [21].
Балалар үйлеріндегі өмірлік
ерекше жағдайлар баланың психикалық
артта қалуына себеп болады. Балаларда
ерте жастан отбасындағы олардың
құрдастарында болмайтын
Бұл балаларда жалпы көзқарас, олар отбасында өмір сүретін әрбір балаға жақсы таныс қоршаған ортадағы құбылыстармен, тіпті тұрмыстық заттармен таныс емес. Тәрбиеленушілерде мектепке дейінгі кезеңде қалыптасатын көрнекі-бейнелік ес мектептік бағдарламаны толық игеруде қажетті іргетас болып табылады. Көптеген тәрбиеленушілерде өзінің жүріс-тұрысын өзі басқара алу қабілеті мәнді дамымағандығы, өз еркінсіздікке, ұйымсыздыққа әкелетін ересектер жағынан бақылаудың артта қалуы кезінде тапсырмаларды өз бетінше оындауы анықталған. Е.И.Афанасенко мен И.А.Капров «Интернат-мектептерге бес жыл» жинағының кіріспе мақаласында мектеп интернаттарда балаларда «бөтен ақылмен», бұйрық бойынша өмір сүру әдетін дамыту шынайы қауіпті екендігін келтіреді.
Ересектермен жоспарланған
және ұйымдастырылған әрқашан
Жасы ұлғайған сайын балалардың
өмірінде олардың ересектермен араласуы
маңызды орын алады. Отбасында әр
жастағы екі-үш бала болса, жабық
мекемелерде 10-12 жастағы 25 тәрбиеленуші
болуы мүмкін. Сондықтан балалар
мекемелерінде
Бала толық, толық емес отбасында, балалар мекемелерінде болса да, жанында ерте жастан оның өмірдегі алғашқы жетістіктерін байқайтын және «бағалайтын» адам болуы қажет. Ақылды және мейірімді тәрбиеші баламен оның үйлесімді дамуы үшін және баланың әлеуметтік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды қамтамасыз ететін тығыз сенімді қатынас орната алады. Бірақ тәрбиешіге баламен анасы сияқты жеке эмоционалдық қатынас орнату қиындау болады, себебі топта баланың көп болуы, олармен тек жарты күндік уақыт өткізу т.с.с. Ал бұл баланың тұлғалық және психикалық дамуындағы мәнді бұзылыстарға әкеледі.
Чехославак психологтары
біреу баланың бірінші
Ересектермен қарым-қатынас
бала дамуында маңызды фактор бола
отырып, әр жас кезеңінде өзіндік
ерекшеліктергеие болады. Жасөспірімдердің
ересектермен қарым-қатынасының нәтижелілігі
біріншіден, ол олардың болашақ өз
еркіндік өміріне қажет білімдерді
беруімен байланысты. К.Маркс тұлғаның
дамуы тікелей және жанама қарым-қатынаста
болатын басқа тұлғалардың
Әрбір жас кезеңінде балаға
аса күтіммен қарау керек. Белгілі
бір жас кезеңінен келесісіне
ауысу біріншіден, жетекші қызметтің
ауысуымен және осы негізде тұлғалық
жаңа құрылымдардың туындауымен
сипатталады. Бірақ бұл жаңа құрылымдар
өз-өзімен туындамайды, олар – баланы
онтогенездің алдыңғы сатыларында
тәрбиелеу мен үйретудің
Әдебиеттерде «әлеуметтік
бейімдеу» ұғымының назарды бұл
құбылыстың әр түрлі жақтарына
Психологиялық жағынан әлеуметтік бейімделу аккодомация және ассимиляция бірлігі ретінде көрінеді. Орта тұлғаға әсер етеді, ал өзінің ішкі табиғатына сәйкес бұл әсерлерге жауап беретін, өңдейтін,таңдай отырып қабылдайтын тұлға немесе топ ортаға белсенді әсер етеді. Бейімделудің мұндай механизмі тұлғаның әлеуметтену процесінде жинақтала отырып, оның жүріс тұрысы мен іс әрекетінің негізі бола бастайды [25].

- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтар ерекшіліктерінің көрінуі
- Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі
- Жеткіншектердің тұлғалық қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді анықтау жолдары
- Жеткіншек шақтағы психологиялық дамудың теориялық аспектілері
- Живая фотография на уроках информатики
- Живлення рослин і застосування добрив
- Живой уголок в детском саду
- Жестокое обращение с детьми как социальная проблема
- Жестокое обращение с животными
- Жестокое обращенте с животными
- Жестокость как психотерапевтический элемент народных сказок
- Жесты как отражение культуры
- Жесты как фактор эффективной деловой коммуникации
- Жеті жарғы Тәуке хан