Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі

Мазмұны

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

1.    Жеткіншектердің девиантты мінез  – құлықтарының психологиялық

       теориялық мәселелері....................................................................................6

1.1   Девиантты мінез-құлық  және оның пайда болусебептері...........................6

1.2   Жеткіншек жастағы балалардың  девиантты мінез-құлықтарының 

        психологиялық  белгілері..............................................................................15                                                     

1.3  Жеткіншек жастағы балалардың  девиантты мінез-құлқын айқындаудың 

        психологиялық  өлшемдері............................................................................25

1.4   «Қиын» баланы қайта  тәрбиелеу жолдары.................................................41

 

2.   Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі.........................................................................46

2.1    Жеткіншек жастағы балалардың девиантты мінез-құлқы......................46 

    1.  Жеткіншектердің девиантты мінез - құлқындағы психологиялық

 

   ерекшеліктерге түзету ұсыныстар…………………….............................53

 

Қорытынды..........................................................................................................63

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................65

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдық жаңарту кезеңінде Қазақстандағы әлеуметтік саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да жұмыс бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып отыр. Бұл дегеніміз, қоғамдағы мектеп, отбасы орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2 - тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе [1]. Қазақстан - 2030 бағдарламасында. «Әкелер мен аналардың өз балалары  мен немерелері  алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы» туралы ескертілген [2].  Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, отанының  сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты  мақсаты психологиялық, физиологиялық  денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені, Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық  денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.

Өкінішке орай, қазіргі таңда болып жатқан қылмыс, бұзақылық,  ұрлық, зорлық - зомбылық, жеткіншектер арасындағы суицидтың көбейуі, үйден кету, қыздардың жеңіл жүрістері, бастауыш сыныптағы балалардан ақша алу тағы басқа болып жатқан қылмыс  айыптыларының басым көпшілігі 11 - 18 жас аралығындағы жеткіншектер екенін көрсетіп отыр. Дәлірек тоқталсақ,  14 жастағылар - 11%, 15 жастағылар - 7%,  16 - 17 жас аралығындағылар - 42%, көбіне көп 14 жасар балалар қылмыстық істерді топтасып жасайды.    Ал қыз балалар тарапынан жасалған жалпы қылмыстың 5%  құрайды. Бұл дегеніміз,  қазіргі нарықтық қоғамдағы адамдар арасында қарым-қатынас пен психологиялық қысым, әсіресе, жас буын психологиялық денсаулығының бұзылуына алып келуде. Қазақстан Республикасының өзінде, тіпті әлемдік деңгейде  халқымыздың психологиялық, физиологиялық  денсаулығын сақтау адамзат алдында тұрған үлкен мәселе болып отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының аймақты бюросының мәліметтері бойынша дүние жүзінде 14 - 24 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзіне қол жұмсау  соңғы 15 жылда екі есе өскен.          Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикалық есебі бойынша, Республикасы бойынша өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 - 18 жас аралығындағы  жастардың 154 - і ер балалар, 57 - сі қыз балалар. Ал өз - өзіне қол жұмсау дүние жүзі бойынша Қазақстан бірінші орында тұрады екен. Ол әсіресе, 15 - 18 жас аралығындағы қыз балалар арасында көп орын алатынын статистикалық мәліметтер дәлелдейді [3].

Сонымен қатар, әлеуметтік ортаның ықпалын былай қойғанда, тәрбиелі мақсатты түрде ұйымдастыратын әлеуметтік институттардың бірі мектептің өзінде жеткіншектердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін қадағалау қиынға соғып отыр. Оған дәлел, ең көп стресс алатындар мектеп жасындағы балалар екендігі анықталған. Мысалы, мектепке келген 1 - сынып оқушылар арасында 25 - 30%  әртүрлі аурулар келсе, 11 - сыныпты бітіретін оқушылардың 80%-ы денсаулығын бұзып, әртүрлі диагноздармен мектеп қабырғасынан шығады екен [4].  Бұдан шығатын қорытынды, мектеп мұғалімдері  мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым - қатынас және оқу еңбегінің мөлшерден тыс көптігі бала денсаулығының бұзылуына  әкелетінін көрсетеді.

Болашақ  Қазақстан Республикасының азаматы дені сау, тәрбиесі түзу азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата - анасына, білім беретін мектеп қабырғасына және қоршаған ортаға байланысты. Қазіргі таңда денсаулығы мықты, рухы білім, тәрбиелі, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері  үкіметтің қаулыларында, тұжырымдамаларында негізгі орын алады.  Атап айтар болсақ, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «салауатты өмір салтын ынталандыру әрекет, дене тәрбиесі мен айналысуға,  дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауға бағытталған» – делінген [5].

Қазақстан Республикасының Конституциасында, «Адам мен адамзат» заңында, «Білім  туралы заңында» тәлім - тәрбие тұжырымдамасында да салауатты өмір сүруге ерекше басымдық  беріледі.

Қазіргі кезде жеткіншек  тәрбиесін қадағалау  педагогикалық  мәселе болып отыр. Отбасында өз баласын қандай етіп тәрбиелеуді өздері алдын -ала белгілейді. Отбасы тәрбиесінде қолданатын әдістер де өзгеше екені белгілі. Онда жеткіншектің аз да болса өзіндік өмірлік тәжірибесі, әдет, дағдылары, құмарлығы мен қызығулары қалыптасады және ескертіледі. Ақпарат алмасудың әлемдік ауқымда дамуы, қоғамдық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуі, өмір салтының өзгеруі тағы басқа отбасы тәрбиесіне оның құрылымы, қарым-қатынасының сипатына әсерін тигізіп отыр.

Зерттеу  мақсаты: Жеткіншектердің психологиялық мінез-құлық ерекшеліктерін айқындап, оны теориялық  тұрғыдан талдау.           

Зерттеу объектісі: Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық  психологиялық ерекшеліктері.

          Зерттеу пәні: Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқы ерекшеліктері-

нің көрініс беру  процесі.

          Зерттеу  міндеттері:

  • Девиантты мінез-құлық пен оның пайда болу себептерін айқындау
  • Жеткіншектердің   девиантты мінез-құлық ерекшеліктерінің өлшемдерін  көрсету
  • Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшеліктерін анықтап, оны түзету мен алдын-алуға ұсыныстар беру.

            Зерттеу жұмысының практикалық  маңыздылығы: Диплом жұмысы мазмұнында  қарастырылған жеткіншектердің  девиантты мінез-құлық ерекшеліктері  туралы теориялық материалдарда  «Психология» «Әлеуметік психология»  пәні мазмұны және жалпы білім  беретін орта мектептегі тәрбие  процесінде сынып жетекшілер  жұмысында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының базасы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №2  мектебі алынды.Онда экспериментке 8 в және 9 в сынып оқушылары , жалпы саны 37оқушы,12 ата-ана және 14 мұғалім қатысты. 

           Зерттеу  жұмысының құрылымы: Диплом  жұмысы  кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер  тізімінен және қосымшадан тұрады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.    Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының               психологиялық    теориялық  мәселелері

1.1   Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері

Жеткіншек  шақ  -  балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады .

Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзіндік «мен» сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзін - өзі тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар, бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе, өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Олар спорт секциялары, техникалық үйірмелер болуы мүмкін, тіпті, темекі шегетін, арақ  ішетін орын ретінде үйлердің подвалдары болуы мүмкін. Бұл кезеңде балалар ересектермен, әсіресе ата-аналармен көбірек ерегіске барып, ортақ тіл табыса алмайды. Балалар ата-аналарының тең құрдастай қарым - қатынас жасауын қалайды. Бұл кезде балалар көбірек өз бетінше өмір сүруге тырысады. Олар өзіне кумир (пір) сайлап алады да, соған еліктейді. Басқа балалардан ерекшеленуге тырысады [6].

Қоғамда қалыптасқан мінез - құлықтан ауытқыған балаларды «қиын» немесе «тәрбиесі қиын» бала деп санау қабылданған,  тәрбиесі  «қиын» балалардың әрекеті девиация деп аталады. Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына көбінесе тұрмыс жағдайының қиын әрі төмен болуынан. Жеткіншек кезеңде бала қалып пен ауытқудың ортасында болғандықтан бұл мәселеге тек педагог емес, сонымен қатар дәрігерлерде көңіл аудару керек.

Ауытқудың пайда болуына жеткіншектің дене құрылуының күрт өсуі, тәрбиенің шарттарына және әлеуметтік орта да әсер етуі мүмкін.

Жеткіншектің физикалық тез дамуы немесе кеш дамуы арқылы ол өзінің әлеуметтік бағасын анықтайды. Қоршаған ортаның оның сырт көрінісіне, физикалық дамуына айтылған сын,  жеткіншекті аффект жағдайына апаруы әбден мүмкін. Жеткіншектің тұлға болып қалыптасу мәселесі  «жеткіншектер психологиясында» ең күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бақылаудың нәтижесіне қарасақ балалық шақтан ересектік кезеңге өту қиындаған сайын, оның маңыздылығы арта түседі. Жеткіншек шақ эмоциялық  тұрақсыздықпен, көңіл-күйдің тез ауыспалдығымен, қырсықтық, өзбеттілік, өз көзқарасын үлкендерге қарсы шығу арқылы дәлелдеу тағы басқа іс-әрекетпен көрініс береді .

 

 

 

 

 

     1 - кесте -  Девиантты іс-әрекеттің нақты құбылыстарда айқындалуы

 

Жеткіншектердің денесінің күрт өзгеруі,  жыныстық мүшенің дамуы, қаңқаның тез өзгеруі, жеткіншектің санасының өзгеруіне алып  келеді. Жеткіншек физикалық  еңбекке  шаршаңқы келуі мүмкін,  немесе өз кемшіліктерін басқа саламен толықтыруы мүмкін. Жүйке жүйесінің, бұлшық еттердің қалыптасуы кешуілдегенде қозғалу координациясы бұзылады.  Бұл қопалдықпен көрінеді. Жеткіншектің сырт көрінісі немесе қопалдығы туралы қоршаған ортаның айтылған сыны жеткіншекті  ашу-ыза, тіпті аффект жағдайына апарады [7].

Акселерацияға  ұшыраған балалар өздерінің ересек,  күшті болғанына нық  сенімді. Олар қоғамның құрметіне,  мойындауына күреспесе де болады. Олардың өзіне - өзі сенімділігі,  қоршаған орта оларды өз көзқарасы бар тұлға ретінде қабылдауына әкеледі. Менің ойымша, бұл кезде жеткіншек өзінің сырт пішіні маңызды рөл атқарады. Акселерацияға ұшыраған бала өзінің ересектерге еліктегені тез іске асуда деп ойлайды. Оның бұлшық еті, бойы, даусы өзгеріп, оны өзі және құрдастары нағыз ересек, ойы да жетілген тұлға ретінде қабылдайды. Осыған байланысты бұл жеткіншектер өздерін еркін ұстап, өздеріне аз көңіл бөлуді талап етеді. Ал шын мәнінде ол сырт пішіні ересектерше өзгергенімен, ішкі дүниесі әлі сырт пішініне сай емес. Ол әлі толық қалыптаспаған жасөспірім. Ал дамуы кешуілдеп өсіп жатқан жеткіншектер керісінше көп қажет етіп, өз «мінезін» көрсетіп тұрады. Өз «кемшілігін» білдіртпеу мақсатында, бұл жеткіншектер үнемі тапқырлық, «қайсарлық», үнемі көпшіліктің ортасында болу және өзінің “жетістігімен” топқа керектігін, тіпті орын толмас екенділігін дәлелдеп отырады. Мұндай активтілік ортамен қарым-қатынас жасауда қиыншылықтарға эмоционалды қысымға келеді. Расында, жеткіншек  үнемі эмоционалды қысымда жүреді, ал мұның өзі ауытқу. Яғни, девиантты мінез-құлыққа айналуы.

Жыныстық мүшенің дамуы  да мінез - құлық өзгеруіне ерекше әсер етеді. Тез жетілген жағдайда жеткіншектің көңіл - күйі тұрақсыздықпен көрінсе, кеш дамып жатқан жеткіншектерде мінезінің өзгеруі, яғни ашушаң болу, үнемі қарсы шығу тағы басқа көрініс береді. Кешуілдеп дамыған жеткіншектер жай қимылдап, қопал болып, өзіне сенімсіз болады.

Көңіл күйдің тұрақсыздығы ер балаларда 11 - 13 жас,  қыздарда 13-15 жаста ерекше көрініс береді. Сонымен қатар, бұл жаста қырсықтық, өзбетті-лік көрсетеді. Жеткіншек өмірде өз орнын тапқысы келіп, өмірді өзгерткісі келіп, көбіне дүниеге деген көзқарасы өзгереді. Жыныстық бағыттылығы анықталады. Жеткіншектердің жыныстық мүшесі, әлеуметтік ересектіктен бұрын дамып бітеді. Әлеуметтік ересектілік біркелкі өтпейді. Ол оқуды бітірумен, материалдық тәуелсіздіктен немесе кәмілет жасқа толумен байланысты. Жеткіншек кейбір өмірлік салада өз қабілетсіздігін қиын бастан кешеді. Мысалы: Спортсмендер тобында жеткіншектің абыройы жоғары болғанымен, ол қыздар арасындағы қарым - қатынасы ересектерше болмауы мүмкін  [8] .

Жеткіншек өмір ағымына байланысты өз дүниетанымымен, әлеуметтік рөлін: Оқушы, мұғалім, спорттың топ командасының мүшесі тағы басқа иемденеді. Бірақта олардың сол рөлді игеруі қиынға соғады. Кейде күрделі эмоционалды қысымға, мінез-құлықтың бұзылуына әкеліп соғады.

Девиантты (ауытқулы) мінез - құлық - деп, қазіргі қоғамда белгіленген ережеге сәйкес келмейтін, әлеуметтік мінез - құлықты айтады (И.А.Невский). Танымал социолог  И.С.Кон  анықтамасында, - «Девиантты мінез - құлық ол психикалық саулық , құқық, мәдениет және адамгершіліктің әрекет жүйесі ретінде, жалпы бекітілген ережеден ауытқуы» - деп қарастырды. Бейімделген мінез - құлық  тұжырымдамасына сәйкес ауытқу процесі кез - келген бейімделуді бұзады  (психикалық, әлеуметтік, әлеуметтік - психологиялық орта)   Әлеуметтік ауытқуды С.А.Беличева «девиантты мінез - құлық» деп төмендегідей топтастырды:

             - пайдақор бағытта: құқық бұзу, материалды, ақшалай, мүліктен пайда табу ( ұрлық, алдау, жымқыру, сату, т.б.)

             - агрессивті бағытта:  жеке бас  дамуына кері бағытталған қимыл (бұзықтық, соққы, тіл тигізу, өлтіру, зорлау)

              - әлеуметтік - енжар түрі: әлеуметтік  және жеке мәселелерді шешуде (жұмыс, оқу, нашақорлық, ішімдік және  суицид, белсенді өмір сүруден  қашу, азаматтық жауапкершіліктен  жалтару)

Бейсаналық мінездің сыртқы жағдайда көрінуі, ол ішкі ресурстың реттелуімен: әлеуметтік, адамгершілік бағыт және түсініктің өзгеруі негізінде қарастырылады. Сондықтан баланың бір жағынан мінез - құлқында белгі, дабыл, нышан пайда болуы және дамуы деп қарастырсақ, екіншіден жеке бас дамуына мақсатты әсердің құралы тәрбиелік әсердің сала көрсеткіші.

И.А.Невский, Л.С.Колесова тәжірибеде мектеп қызметкерлеріне экспертті сұрақнама өткізген. Педагогтар пікірінше, сыртқы факторлар негізінде қаланатын мінез - құлықты  түзетуге жататындар:

      1. Қоғамда болып жатқан процестер: қоғамдық құндылықтың иерархиялы өзгермеуі, мемлекеттік идеологияның болмауы: қылмысты жазалауды заңның дұрыстығы, құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына жауапкершілік алуы. Жұмыссыздық (ашық және жабық) отбасына әлеуметтік қолдау мен жәрдем ақының дұрыс қарастырылмауы ақпарат көздері арқылы қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы, баланың дене және психикалық жағынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің аздығы, балаға ақысыз сапалы үйірмелердің, қосымша білім алу көздерінің  қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау  және оны сатып алу оңайлығын сөз етуге болады.

2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы:

  • отбасының материалды жағдайы (кедейлік және байлық), ата - ананың төменгі әлеуметтік - мәдени деңгейі;
  • отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата - ана қаталдығы, балаға жүйелі талаптың қойылмауы, жазалаудың әділ болмауы);
  • балада өзіндік құндылықтың болмауы: баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау;
  • ата - ананың ішімдік және нашақор пайдалануы;
  • ата - ананың шектен тыс мейірімінен балаға  психобелсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмау.

Төменде ұсынылған кестеде баланың қандай жағдайда тәрбиеленгенінен нәтижесін көруге болады. Бұл кестеде негізгі орында ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас екені дәлел болып отыр. Кестені қорытындылай келсек, ең тиімді тәрбие әдісі демократиялық екені белгілі болып отыр [9].         

Сонымен қатар,отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар.

3. Мектептің  ішкі өмірінде ұйымдастыру жұмысының  жетілмеуі; оқыту мен тәрбие процесін  басқару дұрыс жолға қойылмаған; материалды жабдықталу төмен; қоғамда  және отбасымен бірге бала  тәрбиесі туралы жүйелі жұмыс  жасау жоспары қарастырылмаған; пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі; сабақтың жиі өтілмей қалу  себебінен; сабақтан тыс мерекелердің  қанағаттанылмауы; балаға қажетті  үйірмелердің ұйымдастырылуы мен  өтілуіне шығармашылықтың аздығы; мұғалімдердің кәсіби қызметіне  біліктіліктің жетіспеуі, жас ерекшілік психологиясын, тұлғааралық қатынастағы өзара әрекет (айқай, көңіл қалатын сөздер қолдану)  жүйесін ықпал етуді жеткілікті меңгермеуінен; жаңа оқу бағдарламаларын құруда «неге және қалай оқытамын» түсініктеріне толық жауап қарастырылмау; мектепке қабылданған балада төменгі  мотивацияның болуы.   

 

2  -  кесте -  Отбасында тәрбиенің дұрыс ұйымдастырылмауынан балаға теріс әсер ететін жағдайлар




 



 

 

 

 



 


 

 


 

 

 



 

 


 


 


 

 


 


 

 


 

 


 


 

 


 

 

Осы айтылған факторлар сыртқы әсер болып табылады. Біздің ойымызша, осы аталған сыртқы факторлар баланың мектепке деген қызығушылығын төмендетеді. Баланың мектепке бармай қалуы айтарлықтай жиілеп кетеді. Кездейсоқ себептерден кездесіп қала беретін төтенше жағдайлар  мүлде әр түрлі көріністе болып келуі мүмкін: ата-анасының шешімімен кішкентай інісі немесе қарындасын қарап отыруға баланың үйде қалдырылуы, немесе баланың өз бетімен лағып кетуге бейімділігі, немесе мектепке барудан қасақана бас тартуы сияқты келтірілген сылтаулар барлығы оның эмоционалды бұзылуына байланысты болғандықтан, мектепке бармай қалуына осы кінәраты себеп болуы мүмкін. Мектепке барудан бас тартуы – оның сабаққа қатысқысы келмегендігінен, өз кезегінде әр түрлі механизмдердің ықпалы себеп болуы да мүмкін. Бұл жағдайлардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар екенін схема түрінде көрсетсек:

            1  Ата - анасы мен балалары арасындағы қарым - қатынастың қатты бұзылған отбасында;

             2  Ата - анасының бірі деликвентті мінез - құлық көрсететін отбасы.

И.Ю.Мангутова «ана мен қыз» конфликті зерттей келе мына тұжырымға келеді: бәсекелестік стилді мінез - құлық «ана мен қыз» қарым - қатынасындағы конфликтіге тән.

Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, И.С.Славина  мұғаліммен бала арасындағы қарым - қатынас баланың ата - анасына және баланың  құрбыларына қарым - қатынасын экспериментті түрде зерттеп көрсеткен. Балалардың мінез - құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады. Жасөспірімдерде девиативті мінез - құлықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді.                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Бала мектептегі сабақта жоқ

  1. сурет - Бала мектептегі сабақта жоқ

 

Сондай - ақ тәуекел әсер ететін ішкі факторлар бар. Педагогтар оны білуі қажет; бала өзін керексіз және қажетсіз сезінуі, төменгі өзін-өзі бағалауы, өзіне сенімсіздігі, өзін бақылау және тәртіпке әкелу жеткіліксіздігі, түрлі жағдайды сынай қарауы, өзінің ойын еркін жеткізе алмауы, өзіндік ашылуы сезілмейді. Ресейлік ғалым  Курен Н.С екі типті отбасында аддиктивті мінез- құлықтың пайда болатынын көрсетеді  [10].

Жеке адамның қалыптасуына тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие факторларының әсер ететіні белгілі. Соның ішінен девиантты мінез - құлыққа әсер ететін факторлар  [11].

             - әлеуметтік - педагогикалық қараусыздық  баланы тәрбиелеуде қажетті жағымды  дағдылардың, білім және іскерлік  дұрыс берілмеуінен, онда жағымсыз  стеротивтер қалыптасады. Бұл мектептегі, отбасындағы және қоғамдық ортадағы  тәрбие кемшіліктерінің бала  дамуына әсер ететіні арқылы  айқындалады.

             - психикалық терең  жабдықталмау, отбасында психологиялық ахуалдың  жағымсыз орнауынан, ата - аналар  мен отбасы мүшелері, мұғалім  арасында өзара қатынастың  қолайсыздығынан (әділ болмау, дөрекілік, мейірімсіздік ) баланың оқуға деген ынтасын  төмендетеді, сондай-ақ құрбы- құрдастарымен  қарым - қатынасқа дұрыс түсе алмайтын  болады.

            - денсаулық және психикалық жағдайының  дамуы мен бұзылуы , жас ерекшелік  дағдарысы, мінездегі акцентуация, түрлі физиологиялық және психоневрологиялық  себептер жатады. Сонымен қатар  балалардың  ата-аналармен ген  арқылы берілетін қасиеттер. Мысалы, ішкіш ата -аналардан туған балалар  бойындағы дефект және т.б. психологиялық  қысым көруден пайда болған  ауытқу. Мысалы, конфликтті жағдайлар, қоршаған ортаның химиялық әсері  және т.б физиологиялық дефект  бар балалар. Сөзінде, сыртқы көрінісінде  кемшілігі бар балалар. Олар өз  құрдастары арасында дұрыс қарым - қатынаста бола алмайды [12].

            - сыртқы жане ішкі белсенділікті  шығаруға шынайы жағдайдың қарастырылмауы: пайдалы іс - әрекет түрімен шұғылданбау,балада әлеуметтік маңыздылықтың , жеке мақсат пен жоспардың болмауы .

әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу негізгі бақылаусыздық, онда әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағықарастырылады,қоршаған ортаның кері әсері.

            - психологиялық факторлар  -  бұл, балалардың жүйке жүйелерінің  ауру болуымен байланысты. Мұндай  балаларға психотерапевтің көмегі  қажет болады. Баланың өсу барысында  психологиялық дамуында жаңа  қасиеттер пайда болып отырады. Бала екі түрлі қасиетке дағдыланады: бала өзі өмір сүретін ортадан  біртіндеп аулақтап, бөлектенеді  немесе бала біртіндеп қарым - қатынас арқылы өзі өмір сүретін  ортаға сіңіп кетеді.

            - Әлеуметтік - экономикалық фактор - бұл, әлеуметтік теңсіздік арқылы  анықталады. Бұл қоғамдағы бай  мен кедей болып адамдардың  бөлінуіне байланысты .

            - Моральдық - этикалық фактор. Бұл, бүгінгі  таңдағы адамдардың құндылықтарының  материалдық бағытқа ауысуы арқылы, рухани құндылықтардың бағынбауының  әсер етуі арқылы анықталады.

Біздің ойымызша бұл жерде, жетекші рольде әлеуметтік - психологиялық бақылаусыздық, себебі тәрбиеде немқұрайлық, қарым - қатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы, әлемтану мен құндылық бағытын, этикалық нормаларды, эстетикалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы  жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі: қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез - құлықтың бұзылу түрлерімен кездеседі, оған әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық  бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады, ол тек материалды тұрғыда табысқа жетумен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық  лауазымды  қошеметіне  жетіп отырғаны баяндалады. Жас жеткіншектің  идеалды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына  кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесі адамның ішкі сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады.

Өз ойымды білдіре кетсем, мысалы бала жеткіншек жасқа дейін сабақты бестікпен оқып жүрген. Ал жоғарғы сыныпқа өткенде, ол белгілі жағдайларға байланысты басқа сыныпқа немесе мектепке ауысты делік. Ал оның жаңа сыныбында қиын жеткіншектер. Бәрімізге белгілі жеткіншек жаста бәрінен бұрын құрбыларының көзқарасы маңызды рөл атқарады. Сонда бала «беделді» сыныптастарының көзқарасы маңызды болғандықтан, ол сабақты, қызығатын үйірмелерін тастап, «беделді» топқа қосылуға мәжбүр болады. Ал қосылмаса құрбы, сыныптастарының «оқымысты», «ботаник», «ақылды»  т.б мазақ, күлкі сөздерге қалады. Ал жеткіншек үшін бұл топтан шығарып тастау деген сөз. Яғни, ол аутсайдер болады. Сондықтан, бала өз қызығушылықтарынан бас тартуға мәжбүр болады. Яғни,  әлеуметтің құрбаны  [13].

Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы - бұл, адам қоғамға өзін бейімдеп отыра алса, сонда ғана болады. Ал, егер адам қоғам өзгерістеріне сай  пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болып табылады. Мысалы, қазіргі уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде жақсы маман иелері болған. Бірақ, бүгінгі күннің талабына сай келмей қалуына сәйкес яғни, оған қоғам талаптарына  сай өз мүмкіндіктерін жетілдіріп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып отыр.

Сонымен қатар, адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы мүмкін. Мысал келтіре кетсем, ата - анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы балалар, медициналық қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және т.б.  да баланың  қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін көрсетеді.

Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарының психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі