Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері

Қазақастан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Экономикалық факультеті

«Қаржы» кафедрасы

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Банк ісі» пәні бойынша

«Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері» тақырыбына:

 

Реферат

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                        Орындаған:

                                                                                    Қаржы-31 тобының студенті

                                                                                        Наурызбек К.Д.

 

                                                                                         Тексерген:

                                                                                   Ниязбекова Ш.У.

   

 

 

 

 

 

Астана 2012

Мазмұны

 
 
Кіріспе...................................................................................................................................3 
 
1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі....................................................................4

 

1.1 Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы....................................4

1.2 Банк өнімдерінің тартымдылығы.................................................................................6

 

2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау..............................12

 

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары......................................12

2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның рейтингтері және марапаттары.......................14

 

3. ««Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық нәтижелеріне талдау......................16

 

Қорытынды.........................................................................................................................23

 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................................25 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі- елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі», яғни Қазақстанның жаҺандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты, банктің даму болашағы мен басқа несие институттардың елімізде қызмет атқара алуы ерекше көкейтесті мәселе туындады

Ұсынылған бағыт Қазақстанды 2030 жылға  дейін дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен  оларды іске асыру стратегиялары  Ел Президентімен Қазақстан халқына  «Қазақстан - 2030: барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында айқындалған: «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақтардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу», яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты мақсаттар кешенін шешуді көздейді

Алға қойылған мақсаттарды шешу Қазақстандық банктердің тәжірибесінде  енгізген ең ілгершіл және ұтымды жұмыстарының нысандары мен әдістерін оқып, білу, сонымен қатар біршама прогрессивті, нақты нысандары мен жұмыс әдістемелері жаңалықтарын енгізу  арқылы қызметтерінің тәжірибелілігіне көз жеткізуге    болады.    Бұл    дегеніміз    қарастырып    отырған    тақырыбымның өзектілігін көрсетеді. Банк жүйесі-нарықтық экономиканың қаржы секторының негізгі және ажыратылмас құрамы больп табылады. Банктер қаржының делдалы сияқты шаруашылық органдардың капиталын, халықтың жинағын және шаруашылық қызметтің барысында бос қалған басқа да ақша қаражаттарды шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша қолдануға береді, ақша есеп-айырысуын жүргізеді және сол арқылы өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына әсер ете отырып экономика үшін көптеген түрлі қызметтер көрсетеді. Банк өз қызметі барысында әртүрлі аудиториялармен: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және тағы басқалармен табысын ұлғайту мақсатында қатынас жасайды. Бірақ та бұл банктің банктік нарығында атқаратын жалғыз мақсаты емес. Сондай-ақ банктер қаржылық ресурстарының өтімділігі мен табыстылығын оңтайлы қамтамасыз етуге, банктің беделін қалыптастыруға және беделін ұстап тұруға тырысады.

 

 

 

  1. Коммерциялық банктердің іскерлік беделі
    1. Банк брендінің клиенттермен жұмысындағы маңыздылығы.

 

Банктің клиентурамен қарым-қатынасы банктік өнімдерді сату, сатып алу үрдісінде туындайды. Олар мыналар: депозиттік шоттарды ашу, несие беру, валюталық қатынас, есеп-айырысу операциялары, бағалы қағаздарды сақтау және тағы сол сияқты операцияларды қамтиды. Банктік операцияларды кең клиентурамен жүргізу-әлемдегі барлық елдердегі қазіргі банк қызметіндегі ең негізгі ерекшелік. Қазақстанның ірі коммерциялық банктері өз клиенттеріне кең көлемде операциялар мен қызметтерді ұсына отырып, өз табыстылық базасын кеңейтуге, өтімділігін ұлғайтуға және бәсекеге қарсы тұра білуге тырысады. Банктің кең клиентурамен банктік операцияларды жүргізуіндегі тиімді де икемді жүйесі ішкі жинақтың жиналуына себепші болуы мүмкін және болуы керек. Банк қызметінің икемділігі өзгермелі экономиканың талабына әсер ете білуінде маңызды орын алады.

Банк мекемесінің  белгілі бір коммерциялық кәсіпорындардан  ерекше айырмашылығы, коммерциялық банктың  ресурстардың көп бөлігі өз ақша қаражаттары  есебінен қалыптаспай, тартылған қаражаттар арқылы қалыптасады. Банктердің ақша қаражаттарды тартудағы мүмкіндіктері шексіз емес және 2004 жылға дейін Ұлттық банк тарапынан бақыланды, ал 2004 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі бақылауға алды. Біздің Республикамызда өзіндік капиталдың жеткіліктік коэффициентінің нормативі 1995 жылы ¥лттық банкпен екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы негізінде қолданыла басталды

Коммерциялық  банктер салым (депозит) ретінде  және сәйкесінше шоттар ашу арқылы халықтың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың бос ақша қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Банктермен тартылатын қаражаттар құрылымы әр түрлі. Олардың негізгілері, банктің клиенттерден ақша-қаражаттарды тарту қызметінен (депозиттер) қаражаттар, банкпен өзінің міндеттемелерінің (депозиттік және жинақ сертификаттары) эмиссиясы арқылы тартылатын қаражаттары.

Банк саясатының негізі – банктің ресурс базасын қалыптастыру саясаты болып табылады. Банкпен банктің ресурс базасын қалыптастыру процессі пассивтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі алғашқы тарихи мәнге ие және оның активті операцияларға қатынасына байланысты анықтаушы рөлді атқарады. Жоғарыда айтылғандай, банк ресурстарының көп бөлігі банкпен депозиттік операцияларды жүргізу кезінде қалыптасады, олардың тиімді және дұрыс ұйымдастырылуының нәтижесінде, әр бір несиелік ұйымның тұрақтылығы және пайдалылығы айқындалады. Сондықтаң, банктің ресурстар потенциалын өсіру, тұрақтылығын қамтамасыз ету және пассивтерді тиімді басқару сұрақтары, ерекше өзекті.

Айта кететін  жай, депозиттік саясатты қалыптастыруға байланысты мәселелер, біздің мемлекетімізде тоқсаныншы жылдары ерекше көңіл  бөлінген жоқ. Өйткені, инфляцияның  жоғарғы деңгейіне және арзан  ақша ресурстарының көп болуына  байланысты банк кызметтеріне жоғары сұраныс болып, ұсыныс қанағатсыз болды, ал осы пайда болған жағдайлар нәтижесінде, банк операцияларының пайдасының жоғарғы нормасын қамтамасыз етті.

 Екінші деңгейлі банктердегі депозиттік саясаттың қалыптастырылуы  және даму мәселелері

Қаазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын  анықтауда, сонымен қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр. Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық  банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық  валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты және тағы басқа сыртқы жағдайлары ескереді.

«Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкісінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын анықтау туралы» Басқарма Қаулысын қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы  оңтайлы өзгерістердің болуына, сонымен қатар комерциялық банктерді депозиттік операцияларын сәтті жүзеге асырылуына әсерін тигізді. 2000 жылы екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларының көбеюі нәтижесінде ресурстық базалары да өсті. Сөйтіп сол жылы банктік жүйедегі резиденттердің депозиті 72 пайызға жоғарлап, 293 млрд. теңгені құрады. Ал, бұл көрсеткіштермен салыстырғанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында резиденттердің банктік жүйеде орналастырылған депозиттері 409,6 млрд. теңгені, тамыз айында 391,5 млн. теңге болған, яғни бір ай аралығында 4,6 пайызға өсіп отыр. Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың түсуімен байланысты болып отыр.

Халық  Банкі депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылығын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырған. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар, Халық Банкі депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған.

Халық банкінің депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға  сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Қазақстан Халық Банкі ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады. Осыларды жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:  

- Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы банк үлесін арттыру және өзінде бар депозиттер бойынша қызмет көрсетудің сапасын арттыру; 

- Табысы орташа клиенттер  үшін жаңа депозиттер түрін  шығару;

- Арнайы салым операцияларын  шығару және сервисті қамтамасыз  ету, сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне сай келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;

- Ірі шаруашылық субъектілеріне  кешендік қызмет көрсету негізінде   олармен ұзақ қарым – қатынас  орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз ету;

-  Барлық депозиттер  бойынша жеткілікті табыстылық  дейгейін олардың әрқайсысына  қатысты пайыз мөлшерлемесін  инфляция дейгейіне сәйкес қалыптастыра  отырып қамтамасыз ету; 

- Барлық беттік шоттар  иелеріне дебеттік төлем карточкаларын беруді қамтамасыз ету.

Қазіргі таңда  бұл мақсат жүзеге асырылуда. 2003 жылдың шілде айында банк айналысында 12 197 карточка болды. 2003 жылы 2 095 карточка шығарылған, олардың 1 553 – VISA-Electron 638 – ALTYN, 504 – Cirrus maestro.

Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемелерін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу  жолымен, депозиттердің сақталу  мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын  кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу  және клиентке қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.

АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» 2004 – 2006 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Банктің бөлшек сауда қызметі бойынша негізгі алға қойған мәселелері мыналар болып табылады:  нарықтағы жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесін сақтап қалу және  көбейту;  шағын несиелеу жүйесін дамыту;  халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату;  әрбір жеке клиенттің талаптарын ескеріп, оған қызмет көрсету бағыиында банктік технологиялармен жабдықтау;  нарық талаптарына сай өнімдерді жаңартып отыру;  клиенттердің жалпы санын сақтап қалу және VIP категориясындағы табысы жоғары клиенттердің үлесін күшейту.

Фракциондық резервтік жүйе, яғни банктердің өз активтерінің белгілі бір мөлшерін орталық банктегі резервтік шоттарға орналастыруы тиістілгі біздің елімізде орын алып отыр. Бұл бір жағынан банктердің несиелік эмиссиясын қысқартады, екінші жағынан, салымшылардың депозиттік қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Халық жинақтарының банктік жүйеге шоғырлануының негізгі әсер етушісі – олардың банктік жүйеге деген сенімі болып табылады.

Қазақстанда 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап жеке тұлғалардың  салымдарын (депозиттерін) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі қызметін атқара бастады. Алғашында бұл ереже тек теңгемен және шетел валютасында салынған мерзімді салымдарға қатысты қолданылатын, ал 2002 жылдың 13 ақпанынан бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған мерзімді салымдарына қатысты да қолданыла бастады. Бұл жүйені енгізу нәтижесінде банктік жүйеге деген халық сенімін қайта қалпына келтіріп, соңғы кезеңдерде банктік депозиттер көлемі өсті. Сонымен қатар, қолма – қол шетел валютасының жүруін қысқартып, заңдастыру да өз әсерін тигізді. Аталған жүйенің кемшілігі болып оның барлық банктерді қамтымай, тек депозиттерді ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып келетін ірі банктерді ғана қамтитындығы болып табылады. Депозиттерге деген халық сенімінің артуына 2000 жылы қабылданған банктік құпия туралы заң да үлкен ықпал етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында салымшылардың  мүдделерін қорғау мақсатында қолданылатын тағы бір шара 1997 жылдың 23 мамыр айында № 222-ші Ұлттық Банктің Басқарма Қаулысымен «Минималды резервтік талаптар туралы Ереже» болып табылады.

Резервтік талаптарды төменгі мөлшері банктің жеке және заңды тұлғалардағы (банктерден басқа) барлық депозиттік міндеттемелерінің  тұрақты пайызы ретінде анықталады. Минималды резервтік талаптарды есептеу үшін қажетті пайыз мөлшерлемесінің мөлшері Ұлттық Банк Басқармасымен белгіленеді.

Пассивтер мен  активтерді басқарудың дүние жүзінде  көптеген әдістері бар. Олардың мәні мынада: банктер өзінде бар міндеттемелерін  бағалайды, оларды топтайды және соның негізінде салық салу жүйесі мен депозиттік нарықтағы жағдайды ескере отырып активтік операцияларды жүзеге асырады (яғни, несиелендіру, қаражаттарды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, негізгі құралдарды сатып алу және тағы басқалары). Осылайша, банк өзінің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің әрі қарай дамуын және нарықтағы қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Банк өнімдерінің  тартымдылығы

 

Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Сондықтан коммерциялық банктер  қаражат тартумен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптастырып отыруы қажет.

Депозиттік саясат  - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.

Депозиттік саясат макро және микро  деңгейлерінде анықталады. Макроэкономикалық  факторға: 

- ұлттық банктің ақша несие  саясаты; 

- мемлекеттің фискалды саясаты; 

- нақты сектордың жағдайы; 

- ұлттық экономиканың дүниежүзілік  экономикамен байланысы; 

- бағалы қағаздар нарығының  даму қарқыны жатады. 

Банк тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі және салым  иелері мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу үшін база, негіз жасайды. 1995 жылдың наурызынан бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті резервтер нормасының екінші деңгейлі банктер үшін 15 пайызға дейін кемуі несиелік ресурстарды ұсынуды ұлғайтуға мүмкіндік берді де, бұл өз кезегінде банк жүйесін нығайтуға және бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін банктерді капитализациялау процесін күшейте түсті.

Банктердің депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін микроэкономикалық факторларға мыналар жатады:  коммерциялық банктердің нарықты ортадағы репутациясы;  коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық  іс – қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалануы;  сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді;  коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк  қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы;  коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.

Депозиттік саясаттың мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

Депозиттік саясаттың келесі үлкен  мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың  депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.

Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының  орнықтылығын мерзімді депозиттердің  үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.

Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры  коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.

Депозиттік саясаттың негізгі  мақсаттарының бірі - өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей  ықпал ететін, табыс көзін молайта  түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.

Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік портфельдіқалыптастыратын болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттіксаясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болыптабылады.

Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.

Депозиттік портфельдің мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі. Олар өз алдына мынадай факторлармен байланысты:  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда  нарығындағы репутациясы;  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясымен;  коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспондеттік қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;  коммерциялық банктердің  өзінің клиентуралық нарығындағы  стратегиясы мен тактикасы;  коммерциялық банктердің географиялық немесе региональдық орналасу мекен-жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып кетеді;  жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номинальдық табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;  коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің диверсификациясы дегеніміз – оның құрамы мен құрылымының күрделі көп спекторы және әр-түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банктердің депозиттік бағасы да орнықты болады.

Депозиттік нарық дегеніміз  – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың  уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты  орналастырумен байланысты сұраныс  пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.

 Қазақстан Республикасында  заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде коммерциялық банктер  де депозиттік операциялармен  немесе депозиттік қызмет көрсетулермен  тек қана Ұлттық банк берген  лицензия негізінде айналыса алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банк беделіне талдау

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарихы мен құндылықтары

Банк  туралы

       «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - өз клиенттерінің игілігі үшін 89 жыл табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы  Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы  мен жәрдемақы төлеу жөніндегі  агенті болып келді.

2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру рәсімі нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын жасауға қол жеткізді.

Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар рыногының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің эалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

Банк операцияларын жүргізуге  берілген №10, 2008 жылғы 6 тамыздағы Бас  лицензия.

Банк  тарихынан

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы  жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның  негізі қайта құрылған Қазақстан  Республикасы Жинақ банкінің базасында  қаланған.

                Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы

сонау 1923 жылы төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.

Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және  басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.

Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі  әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.

Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.

Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі – натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.

1960 жылдың аяғына қарай жинақ  кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым  ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы  орташа мөлшері 182 сом болды.  Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. 

             Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары

желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде  халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы,1986 ж.).

60-жылдардың басында жинақ кассаларында  тұрғындардан пәтер, коммуналдық  және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.

Бренд күштілігі және банктің қаржылық нәтижелеріне әсері