Деванттық мінез-құлықтағы балалармен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік
Деванттық мінез-құлықтағы балалармен жүргізілетін жұмыс әлеуметтік
Кіріспе
І Деванттық мінез-құлықтың қалыптасуын теориялық зерттеу.
1.1. Балалардағы деванттық мінез-құлықтың түрлері.
1.2.Балалардағы деванттық
мінез-құлықтың қалыптасуына
ІІ Бөлім.Әлеуметтік жұмыста девантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері.
2.1.Балалардағы девантты
мінез-құлықпен жүргізілетін
2.2.Балалар тәрбиесін
алдын-алу жолдары(
Қорытынды
Кіріспе
Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына әсіресе жаңа жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты.
Дегенмен бүгінгі таңда ұлттық болмысымызға кереғар,келеңсіз құбылыстардың балалар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді,кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті.
Осыған байланысты
бұл күндері жалпы білім
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған балалардың арасында қылмыстық істерге баруына мүмкіндіктер туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы
жағдайларында кейбір
Рухани жағынан кейбір балалардың азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.Екіншіден, балаларға тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкіндіктерді мектептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Себебі, девиантты мінез – құлықты балалар типтік ерекшеліктеріне байланысты тіршілік қиыншылықтарына кезігіп, оны жеңіп шығуға ішкі жай – күйі жол таба алмай әлеуметтік – педагогикалық тұрғыдан қорғалынбайды.Содан девантты мінез – құлықты бала ешкімге керегім жоқ деген сезімге беріліп кінәны үлкендерге теліп айналасымен жанжалдасуға, ұрыс – төбелеске бейімделеді. Қажеттіліктің орнын толықтырудың жолы – бос уақытын мақсатсыз пайдалану, мектеп тәртібін ұстамау, заң нормаларын бұзу, қылмыстық істер жасау.
Курстық жұмыстың
мақсаты: Әлеуметтік
Тақырыптың міндеті: Бала мүддесін қорғап,
қалпына келтіру,құрбыларымен қарым-қатынас орнатуға көмектесу,жаңа
ортаға бейімделу, баланы қолымен істегенін
мойнымен көтеруге тәрбиелеу, жаман істер
мен қылықтарға барудан өзін тыя білуге
және сақтануға тәрбиелеу, өз білімін
бағалап, қабілеттері мен бойындағы мүмкіндіктерін
керекті істерге жұмсауға тәрбиелеу, өмірін
жоспарлап, құнды мақсаттар қоюға, оларды
жүзеге асыруға ұмтылуға баулу, қараусыз,көшеде
қаңғып қалудан сақтау, әлеуметтік тәртіпті
сақтауға және жауапкершілікке сезінуге
үйрету болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Меннің курстық
жұмысым кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І Деванттық мінез-құлықтың қалыптасуын теориялық зерттеу.
1.1Балалардағы деванттық мінез-құлықтың түрлері.
Әлеуметтанудағы девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. «Аномия» термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы.
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиация бірнеше түрден тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық. Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиацияның екінші түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық
(корыстное поведение): майда ұрлықтар,
қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау
т.б. жалпы материалдық
3. Наша сату және тарату.
Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың «ерекше» қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары,- деп көрсетседі.
1.2 Балалардағы деванттық мінез - құлықтың қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Ғалымдар балаларда деванттақ мінез - құлықтың даумына әсер ететін негізгі бес факторды атап көрсетті.
Оларды жекеше қарастыратын болсақ:
1. Биологиялық факторлар
– баланың әлеуметтік
- ұрпақтан-ұрпаққа берілетін
немесе ананың жүкті болғанда
дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап,
нашақорлы заттарды пайдалануы,
темекі тартуы, ананың физикалық,
психикалық т.б. сырқаттары
- психофизиологиялық
факторлар: психофизиологиялық
- физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық факторлар.
Бұған баладағы психопатологиял
Баланың әрбір даму сатысында,
олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық
және мінездегі ерекшеліктері
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.
3. Әлеуметтік-педагогикалық
факторлар. Олар мектептік,
- оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
- мектептік бейімсіздік
(дезадаптация) – бала сабаққа
үлгермеуімен қатар, оның
- әлеуметтік бейімсіздік –
- криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
- дисгармонды стиль - бір жағынан
ата-ана баланың барлық
- тұрақсыз, конфликті стиль –
толық емес отбасындағы,
- асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық
5. Моралді-этикалық факторлар.
Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға,
қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған
тәрбиелік бағдарламаларды
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру қажет.
ІІ Бөлім. 2.1Әлеуметтік жұмыста девантты мінез – құлықты балалармен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері.
Қоғамның басқа топтарына
Балалардағы девианттық мінез-құлықтың
сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі
айға дейін)
2. Нерестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға
дейін);
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа
дейін);
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт
жастан 7 жасқа дейін);
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа
дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа
дейін);
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа
дейін).
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына
сәйкес жүргізілуі керек. Өйткені, адам
жасының табиғи негізі - жас сатылары немесе
биологиялық жетілу сатылары.
Әрбір жас шағы психикалық дамудық ерекше
сапалы кезеңі болып табылады және бала
дамуының осы кезеңдегі жеке басының өзіндік
құрылымының жиынтығын құрастыратын көптеген
өзгерістермен сипатталады. Осыған байланысты
әрбір педагог-маман орта мектеп оқушыларының
жас кезеңдеріндегі ерекшеліктерге сергек
те сезімтал көзқараспен қарап, олардың
жан дүниесін түсіне білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас
баланың 4 пен 7 жасының аралығындағы өзіне
тән ерекшеліктері, оның айналасындағы
болып жатқан құбылыстарды жіті аңғарып,
көргені мен сезінгендерін зердесіне
хаттай жазып ала қоятын зеректігін ала
бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс
үстінде жетіле дамыған балалардың денесі
мен салмағы да бір қалыпты мөлшерді сақтап
өсіп отырады.
4-5 жасар балалардың салыстырмалы ойлай
алатын қабілеттері ерекшелене түседі.
Санамақтарды әжептәуір игеріп, аз және
көп сандарды, айдық, күн, жыл мезгілдерін
айыра алатын халге жетеді. Бұл жастағылардың
ойыны, әрбір әрекеттері мазмұнға айналып,
белгілі бір мақсаттарды орындауға ұмтылыс
жасайды. Бұл жастағы балалар топ-топ болып,
өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді.
Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар
жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған
балалар екені әркімге де аян. Баланың
мектепке 7 жасында баруы - негізінен биологиялық
және физиологиялық заңдылықтарды басшылыққа
алудан деп түсінген жөн. Дендері сау боп
дүниеге келген балалар, қашан да алғыр
да зерек үғымталдығышпен ерекшеленеді.
Олар айналасындағы құбылыстарды тез
байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсінген
құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықтары
да белгілі.
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрбиелеудің
ерекшелігі
Бастауыш мектеп жасындағы баланың психологиялық
ерекшіліктері баланың бұрынғы дамуында
жинақталып, оны өз кезегімен дамудық
келесі сатысына көшуге дайындап отырады.
Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыларының
ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді
мектепке дейінгі шағында қалыптасқан
ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне
түбегейлі, сапалы өзгерістер енгізеді.
Алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың
өмірінің іс-әрекеттің жаңа түрі - оқу
енеді. Оқу міндетті іс болып табылғандықтан,
ол баладан белгілі бір жауапкершілікпен
еңбек етуді талап етеді. Мектепке бару
баланың қоғамдағы және отбасындағы жағдайын
өзгертіп, оған бірқатар жаңа міндеттер
жүктейді. Осының бәрі баланың қоғамдағы
жағдайын өзгертіп, бұл өзгерісті ол біртіндеп
сезінеді. Төменгі сынып оқушылары біртіндеп
оқу ісіне, мектептің сан-салалы өміріне
бауыр басып, өздерінің түсініктерін кеңейтіп,
сөздік қорын молайып, оқуға, жазуға , санауға
үйренеді. Оқытудық алғашқы сатысында
олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі.
Бірлесіп оқу, жалпы оқу тапсырмаларын
шешу, мінез-құлықтың жаңа ережелері мен
нормаларын игеру балалар арасында қарым-қатынастардың
қалыптасуына жағдай туғызады. Төменгі
сынып оқушыларының ойлауын дамытуда
екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда
ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың
ойлауын еске түсіреді. Екінші сатыда
оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы
белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе
ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге
әуесқой болғандықтан, олардың табиғат
құбылыстары, адамдардық өмірі туралы
сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар
баланың ақыл-ойын дамытады.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу
ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
- қыздарда - 11-13 жас;
- ер балаларда - 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел
жетілуіне байланысты моторлық аппараттың
қайта құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне
әкеліп соғады, сондыктан дене тәрбиесін
дұрыс ұйымдастыру керек.
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің
шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына
сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік
кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны
оның "өтпелі", "бетбұрыс", "қиын",
"сыналатын" кезең деген атауларында
бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын,
ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының
аса маңызды факторы -оның өзінің ауқымды
әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір
үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен,
жолдастарымен қарым-қатынас орнатуға
бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы
адамның жеке басының моральдық, әлеуметтік
негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы
бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы
биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың
рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан
астам уақыттан бері болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер
әр түрлі теорияларға негіз болды. Жеткіншектік
шақтың басында балалардың сырт пішіні,
мінез-құлқы ересектерге ұқсамайды. Олар
көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып
тентектіктер жасайды, әлі де бала бола
жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің
жеке басындағы басты жаңа құрылым өзі
туралы "енді бала емеспін, ересекпін
" - деген түсініктің пайда болып, өзіне
жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде
үлкен орын алады. Оқу қызметіндегі ол
қылықтардың сырттай көріну дәрежесі
әр түрлі болуы мүмкін. Жеткіншектер білімді,
әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім
міндеті - оқу материалдарын қайталау
арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету
болып табылады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық
армандардық орнына өзінің мүмкіндіктері
мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол
туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін
жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін
үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз
талаптануын тудырады. Олар үйелменде,
мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті
өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді. Бұл
жастағы бала намысқор келеді, үлкендер
бақылауын әкімшілік шараларды ұнатпайды.
Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды.
Кейде түсініспеушілік осындайдан да
туады. Үлкендерге байланып олардың мінезінен
шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен
балалар арасында түсініспеушілік туғызады.
Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы
балалар өнегелі адамдардық істерімен
масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін
тәрбиелеу, ықыласы мен қабілетін дамыту,
мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз
ету дұрыс педагогикалық ойларға негізделуі
керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала
отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру
керек. Жеткіншіктер қоғамға пайдалы істерге
ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге
бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге
ынталы, спортты ұнатады.
Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары
бар. Жасөспірімдік шақ бала мен ересектік
шақтың аралығы, баланың ересектерге тәуелділігімен
сипатталады, ересектер баланың өмірлік
іс-әрекетін мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері
- мамандық таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси
қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын
құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл
міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі
бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа
қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның
бала кездегідей шапшаң өсуі байқалмайды,
алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік
шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының
аяқталатын кезеңі. Жыныстық толысуға
байланысты өз ағзасы мен сырт келбетіндегі
үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің
күрделенуі байқалады. Сондықтан жасөспірімдік
шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге өзін
көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға
құштарлық тән.
Олар өз мамандығын таңдап алуға тырысады.
Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы
түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін
арттырады. Оларға іс-әрекетті өз бетінше
орындауға мүмкіндік беріп, дұрыс бақылау
мен педагогикалық басшылық жасау керек.
Бұл кезеңде сезім, достың қарым-қатынастар
дамиды. Мысалы: ғашықтың, өзара сенім,
қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек
көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп орындау,
жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Бұл күндегі жастардың мінезінде түрлі
өзгерістер пайда болды. Мысалы, қыздар
өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына
көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп
жүруді ұнатады. Әр түрлі іс-әрекеттерінің
барысында осы ерекшеліктер еске алынады.
Сонымен мектепке дейінгі балалық шақтан
жасөспірімдік шаққа дейін балалардың
бейімділігін және қабілетін, мінез-құлқы
мен темпераментін мұғалім-тәрбиеші, ата-ана
үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына,
қалыптасуына жүйелі түрде ықпал етуі
қажет.
Неліктен балалық шақ қауіп тудырады?
Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.
Жүргізілген зерттеулер бойынша девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:
1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.
2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы бала өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.
4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.
Ғұлама ғалым өз еңбектерінде бала психологиясының
қалыптасу жолдарын, қазақ халқының үлттық
ерекшеліктерін негіздей отырып түсіндіреді.
Сол кездегі көрнекті кеңес психологтары
П.П.Блонский мен Е.С.Выготскийлер де өз
зерттеулерінде педогогиялық тұжырымдарға
жүгініп отырған.
6. Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі
кезеңдерге бөлінуі. Белгілі бір шақтық
кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерді әдетте
жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан
педагогика және психология балалардың
жас ерекшеліктеріндегі шираңтықты, өзгерімпаздықты
айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған
ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне
тәуелді болатынын атап көрсетеді. Балалардың
өсіп-жетілуінің бір сатысынан екіншісіне
көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге
тән психологиялық ерекшеліктердің үштасуын
жиі байқауға болады.
Сана-сезімнің, дене күш-қуаттарының
дамуы адамдардық жас ерекшеліктеріне
байланысты. Баланың жасы өскен сайын
бойлары өсіп, денелері тұлғаланып, ақыл-саналары
дамып, білімдері тереңдей бастайды. Балалардың
жас ерекшелігін есепке алу, Оқыту мен
тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің
бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, белгілі
құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз.
Ал, қалыптасу дегеніміз - адамның жеке
басының дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде
жетілуі, саналы өмір сүруге дайын болуы.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке
араласуға дайындау міндетін іске асыруда,
баланың жеке басын қалыптастыруға әсер
ететін тәрбие, қоғамдық, әлеуметтік орта
және тұқым қуалаушылық. перзент сүю -
ата-ананың бақыты, олардың қоғам алдындағы
табиғи борышы. Ұрпақ жалғастыру - бүкіл
тіршілік дүниесінің эволюциялық жемісі.
Адам табиғат-тан тыс өмір сүрмейді, олай
болса, оның табиғи зақына орай дүниеге
ұрпақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес
ұрпағы үшін бар жағдайды жасайды.
Тәрбие ісінде балалардың жас ерекшеліктерін
ескеріп отыру қажеттігін педагогика
ғылымы ерте кезде-ақ көрсеткен еді. Ал
белгілі педагогтер Я.Коменский, Ж.Руссо
тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның
қабылдау, ойлау ерекшеліктерін еске алып
отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология
ғылымдары балалар мен жеткіншектердің
дамуындағы биологиялың фактордық рөлін
айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы
жас ерекшеліктерін анықтауға баланың
дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде
қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан
жағынан жинақталу, сапа жағынан елеулі
өзгерістер болатынын алға тартады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта
(отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-
2.2 Балалардағы деванттық мінез – құлықпен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс.
Мәселені толық шешу үшін балалардың
дене және психикалық дамуының бірқатар
кезеңдерін белгілеу қажет. Осының негізінде
мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің
өсіп-жетілуі мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1) төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан
11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік
кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік
кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған
жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған
баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейінгі
өзгерістер кіреді. Шығармашылық ойындар
баланың ақыл-ойын дамытады.
Сезімдік көңіл-күйінің көтеріңкілігі
- олардың маңызды бір ерекшелігі. Оқушылар
ересек адамдармен, өзінің құрдастарымен
қарым-қатынаста болғанды жақсы көреді.
Бұл жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті
- оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт
бір қалыпты отыра алмайтындықтан, сабақта
жазу мен оқуды алмастырып, сергіту сәттерін
өткізіп, сыныптың ауасын тазартып, үзіліс
кезінде мектеп ауласында ойындар ұйымдастыру
керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге
бөліп, оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп,
оларды бірте-бірте күрделендіріп отырады.
Оқыту процесі зейін мәдениетін тәрбиелеуге
бағытталуы керек. Оқуға және қоғамдық
жұмыстарға байланысты талаптарды жүйелі
қойып, оның орындалуын бақылау, өздік
жұмыстарды орындату, іс-әрекетті түрлендіру,
ойындарды қолдану, балалардың еңбегін
жеңілдетіп, балаға тапсырма орындаудық
қажет екендігін түсіндіру арқылы, мұғалім
оқушының оқуға деген жауапкершілігін
тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды,
сондықтан көрнекілік әдістері мен ойындарды
жиі қолдану пайдалы. Мектептегі, үйдегі
еңбек, дене жаттығулары, ойындар баланың
есте сақтау қабілетін дамытады.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мүмкіндіктерін
зерттеп, оларды күрделі бағдарлама, оқулықтармен
оқыту өте маңызды іскерлік, атап айтсақ,
өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үйретеді.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын
дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті
ескеру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын
талап ету, жөнсіз кінәлаудан жеркену
сезімінің болуы, үлкен адамдардың жіберген
қателігін тез байқау, арманшыл-қиялшыл,
ұйымшыл, сенімді серік іздеу, өз мүмкіндіктерін
асыра бағалау, түрлі спорт ойындарына
ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу
тәрбие жұмысында сынып жетекшілері, мұғалімдер,
ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік тәрбиесінде баланың көнгіштігін,
сенгіштігін, еліктеуге бейімділігін
пайдаланып, қателігін мойындауға үйретуге
болады. Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы,
жайдары ізгі қатынасқа көшуі, баланың
өзін тануына көмектесуі адамгершілік
сезімін тәрбиелейді. Ерекше көңіл аударатын
мәселе - баланың мінез-құлқының көпшіл
де кең пейілді болуы.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік
мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке
баулу отбасында, ұжымда жүргізіледі.
Ұзақ уақыттың дене еңбегіне, күш түсетін
жұмыстарға әлі қабілетсіз болатындығын
ескеру керек. Еңбек іс-әрекетімен жүйелі
айналысу, оны бірте-бірте күрделендіру,
өндіріс орындарына экскурсияға апару,
мамандықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік
құнды сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.
Төменгі сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің
әдеттері мен дағдылары қалыптасады. Үлкендердің
еңбегін құрметтейді, адам өміріндегі
еңбектің рөлін түсініп, дене еңбегіне
даяр болады, дүние туралы ұғымдар қоры,
қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті - балаға
білім атаулының әліппесін үйретумен
қоса, оның өмірдегі өз орынын табуына
көмектесу. Жеке тұлғаны қалыптастыруда
ең бастысы - ақыл-ой, адамгершілік, еңбек,
эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста
кешенді жүргізу.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының
мәнін, сезімдерін ашып, өз сенімдерінің
дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз
әуені - адам сезімінің әміршісі, толқу
үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан
сазға баса көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне
көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы
негізгі педагогикалық идеал - баланың
іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай
жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік
сақтап, педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық
көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей
ықпал етеді.
Дене тәрбиесі. Дұрыс тамақтанып, таза
ауада жиі болу, көп қозғалу (ойын, дене
жаттығулары, спортпен айналысу) дене
тәрбиесіне көмектеседі. Дене тәрбиесі
мұғалімі және жаттықтырушы баланың бет
әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі
қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы
және соқындағы қан тамырының соғысын
тексерумен толықтырылады, жеткіншектер
жиі тыныс алатындықтан, тыныс алуын басқаруын
үйрету керек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ,
демалыс, белсенді еңбек іс-әрекетіне
жағдай жасайды. Шамадан тыс жұмыс жалпы
дамуын тежейді. Дене тәрбиесі арқылы
жүрек қан жүйесін жаттықтыру, дене жаттығулары,
спорт, дене еңбегі үшін дәрігерлік және
педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскүнемдікке
жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және
спортпен айналысу зейіннің дамуына әсер
етіп, оның көлемін көбейтеді, зейіннің
бір нерседен екіншіге бөлінуіне әсер
етеді.
Әлеуметтік қызметкердің міндеті - еңбек,
спорт іс-әрекетін, жеткіншекті и, ерік-жігер,
сапаларын қалыптастыру. Мұғалімдер, тәрбиешілер,
ата-аналар мақсатқа жетудегі сенімділігін
тәрбиелеп, жтістігін атап көрсетіп, қауіп-қатерден
сақтандырып, дер кезінде көмекке келіп,
жеткіншекті өз кемшіліктерінің себептерін
түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектердің қалыптасуында жолдастарының
қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль
мәселелерін талдау және адамгершілік
тақырытындағы пікір сайыстардың әсерінен
өмірдің мәні, өз болашағы, мамандығы туралы,
өз беделі туралы ойланатындықтан, мұғалім
бұл мәселелерді шешуге пәрменді түрде
көмектесіп, күнделікті іс-қылықтардың
адамгершілік мәнін ашуға көмектеседі.
Ересек адамдар бала тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, әр баламен ойланып жұмыс
істеу керек. Сәнге сәйкес киінгені, музыка
тыңдағаны үшін баланы сөгу дұрыс емес.
Жеткін-шектермен өзара әрекеттің негізгі
тәсілдері: онымен бірге іс-қылықтарды,
оқиғаларды талдау, баға бергізу, өзін-өзі
талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйрету.
Осы жаста адамның мінез-құлқы және басқа
да жеке басының негіздері қалыптасады.
Міне, осы кезеңде жеткіншектермен жасалатын
тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне
бастайды. Соңғы кездері жеткіншектер
тәртібінің төмендегенін байқауға болады:
а) ата-анамен келіспеушілік жағдайда
болу; ә) мектептегі қиындық пен сәтсіздік;
б) тәртібі қиын құрбы-достарымен байланыс
орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материалдық
жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі
жолын айқындайды. Ата-ананың саналы, мақсатты
Тәрбиесі бала өмірінде үлкен рөл атқарады.
Отбасындағы жақсы қарым-қатынасты жоғалту,
мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы
құрбыларымен жақындық әр түрлі жолдарға
итермелейді. Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар
тобы - барлық жеткіншектердің нағыз табиғи
ортасы, ең маңызды қоғамдық факторы. Демек,
баланың мінез-құлқының қалыптасуына
отбасы ерекше әсер ететіндіктен оның
көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына байланысты.
Педагогикалық, әлеуметтік жағынан жіберілетін
әлсіздік, оқу жүйесіндегі сәтсіздік -
ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы ауытқулар
көбіне туа пайда болмайды, олар отбасындағы
және мектептегі дұрыс тәрбие бермеуден
пайда болады. Осы аталып көрсетілген
ауытқу девиантты мінез-құлық деп аталады.
Девиантты мінез-құлықтың бір түріне
қылмыстың әрекетке апаратын агрессивті
мінез-құлық (төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің мінез-құлығындағы агрессивттілік
адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан садистік
бағытқа бейімделу нәтижесінде өзін қоршаған
ортаға зиянын тигізеді. Бұл жағдай тұлға
аралық, топ аралық кикілжіңге өршігіп
кетуі мүмкін. Жеткіншектің мінез-құлығындағы
агрессивтілік ішімдікпен, нашақорлықпен
тікелей байланысты. Кейде жеткіншектер
ішімдік ішкен кезде өзінің еңбегін (бұзақылық,
төбелес, сәтті аяқталған оқиғаларын)
атап өтеді. Жеткіншектің тәртібі агрессивті
күйде болса, олар "қиын" балалар
қатарына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің
қиын балалармен жұмысы сынып алдында
жүйке жұқартатын әңгіме, жазалау, т.б.
түрінде жүзеге асады. Әдетте, бұл әрекеттің
барлығы оң нәтиже бермей-ді, керісінше
қиын жеткіншектердің мұғалімге, мектепке
кектенуі күшейіп, қарсы келуіне әкеледі.
Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің
кері көзқарасын жасырмағанда, олармен
кикілжіңге келеді. Девиантты мінез-құлықты
жеткіншекке қолданылатын тәрбиелік профилакти-калық
іс-шаралар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік
педагогикалық түзету іс-шаралары, кері
әсерлі ортаны сауықтыру.
Баланың дербес ерекшелігі тәрбие процесінде,
даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге
түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері,
жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент,
қабілет жатады. Жүйке жүйесінің типтік
қасиеттері - адамның мінез-құлығының,
темпераментінің, қабілетінің табиғи
негізі.
Әлеуметтік қызметкер балалардың жеке
ерекшеліктерін жете білуі қажет. Нерв
жүйесіне байланысты темперамент типтерін
басшылыққа алмай, тәрбие процесін психологиялық
негізде ұйымдастырып, іс жүзіне асыру
мүмкін емес. Жеке адамның дүниені сезгіштігі
және қабылдағыштығы темпераментке тәуелді.
Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның
табиғи мүмкіншіліктеріне байла-нысты.
Әрбір адамның қасиеттерін калыптастыру
мен дербес ерек-шеліктерін дамытуды жан-жақты
және үйлесімді тәрбиелеу дейді. Жүйке
жүйесіне байланысты темперамент типтерін
басшылыққа алып отыру керек.
Темперамент деп жеке адамның қылығы
мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін
дара өзгешелігін айтады. Психология ғылымында
темперамент 4 типке бөлінеді: холерик,
сангвиник, меланхолик, флегматик. Оларды
тәрбиелеу - баланың дамуына ықпал жасап,
даму дәрежесіне сүйену.
Әлеуметтік қызметкер тәрбие барысында
(ойын, еңбек, қоғамдық жұмыстары, т.б.)
балалардың мінез-құлықтарын ескеріп,
темпераментін тәрбиелейді. Сангвиник
баланың іс-әрекетін бақылап, берген тапсырманың
орындалуын қадағалап отыру керек. Меланхоликті
белсенділікке, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа
тәрбиелеген жөн.

- Девелопмент и редевелопмент
- Девелопмент: понятие, этапы реализации проекта развития развития недвижимости.
- Девиантное поведение
- Девиантное поведение
- Девиантное поведение
- Девиантное поведение
- Девиантное поведение
- Дебиторы и кредиторы
- Дебиторы и кредиторы
- Дебіторська заборгованість
- Дебіторська заборгованість
- Дебіторська заборгованість
- Дебюрократизация государственного аппарата
- Девальвация и ревальвация денежной системы