Дидактикалық ойвндар

Миссиясы. Бәсекелеске  қабілеттілік пен тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін білім беру мен ғылым саласындағы мемлекеттік  саясатты құру және іске асыру. 

Пайымдау. Жоғары білімді, бәсекелеске қабілетті, зерделі  ұлт. 
 
 

Білім беру және ғылым  министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары. 

I. Сапалы білім  берудің қол жетімділігін қамтамасыз  ету 

1. Мектепке дейінгі  білім беруге тең қол жетімділікті  қамтамасыз ету. 

2010 жылы республикада  контингенті 446,4 мың баладан тұратын  6 446 мектепке дейінгі ұйымдар  (2 261 бала бақша және 4 185 шағын  орталықтар) қызмет етеді, бұл  мектепке дейінгі жастағы барлық  балалардың 41,6 % (1 жастан 6 жасқа дейінгі)  қамтуды қамтамасыз етеді. 

2010 жылғы 29 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жаңа онжылдық – жаңа экономкалық  өрлеу – Қазақстанның жаңа  мүмкіндіктері» Қазақстанның халқына  жолдауын іске асыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысымен  бекітілген, 2010-2014 жылдарға арналған  «Балапан» балаларды мектепке  дейінгі тәрбиелеу мен білім  беруді қамтамасыз ету жөніндегі  бағдарлама қабылданды. Аталған  Бағдарламаның негізгі мақсаты  – халықтың мектепке дейінгі  ұйымдардың сапалы қызметіне  деген мұқтаждығын қамтамасыз  ету. 2015 жылға дейінгі мектепке  дейінгі балаларды мектепке дейінгі  тәрбие мен біліммен қамту  3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі  жастағы балалардың жалпы санының  70 % дейін жеткізілетін болады. 

Мектепке дейінгі  тәрбие мен білім беру мазмұнының сапасын арттыру мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің  стандарты әзірленді және бекітілді. Стандарттың негізгі ережелері  барлық балалардың тең құқылы қағидатын  есепке ала отырып, Денсаулық, Коммуникация, Таным, Социум, Шығармашылық тәрізді  жетекші білім беру салаларының  негізінде баланың жеке және даму дағдысының негізінде жасалды. 

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында балаларды  тәрбиелеу мен оқытудың «Балбөбек», «Қайнар», «Қарлығаш», «Алғашқы қадам» (1 – 3 жастағыларға арналған), «Зерек бала» (3 – 5 жастағыларға арналған), «Біз мектепке барамыз» (5 – 6 жастағыларға арналған) бағдарламалары іске асырылуда. 2010 жылы аталған бағдарламалардың оқу-әдістемелік әзірлеулері аяқталады. 

2. Мектеп білімінің  қол жетімділігін қамтамасыз  ету және оның сапасын арттыру. 

2010 – 2011 оқу жылдары  жалпы саны 2 486,4 мың бала білім  алатын 7 516 күндізгі мемлекеттік  жалпы білім беретін мектептер  жұмыс атқарады. 2007 жылы республикалық  бюджеттің есебінен 27,1 оқу орындарынан  тұратын 52 мектеп, ал 2008 жылы 40,5 мың  орындық 60 мектеп, 2009 жылы 35,7 мың  орындық 56 мектеп, ал 2010 жылы 36,95 мың  орындық 48 мектеп енгізілді. 

Негізгі және бейімдік мектептердің білім мазмұнын анықтау  жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпы  міндетті стандартының (бұдан әрі  – МЖМС) және 12 жылдық білім берудің  МЖМС негізгі ережелері бекітілді. Мазмұны міндетке жетуге, мектептің  әр деңгейі үшін оқу жоспарында пәндердің  орнын анықтауға ықпал ететін, 12 жылдық білім беру пәндерінің құрамы анықталды. 12 жылдық білім беруге ауысу  үшін республиканың 104 мектептерінде  тәжірибе ұйымдастырылды, соның ішінде 45 ауылдық және 59 қала мектептерінде.  

2010-2011 оқу жылдарынан  бастап білім берудің барлық  деңгейінде аптасына бір сағат  көлемінде «Өзін өзі тану»  пәні енгізілді. Қайта даярлау  және біліктілікті арттыру курстарынан  23 268 мұғалім өтті, соның ішінде 5 178 мектепке дейінгі ұйымдардың  мұғалімдері. Бүгінгі күні білім  берудің мектепке дейінгі ұйымдарында  2 759 және жалпы білім беретін  мектептерде 5 671 мамандандырылған  кабинеттер құрылды. 

2010 жылы оқу әдебиетінің  1 920 түрлеріне сараптама жүргізілді. 12 жылдық тәжірибелік сыныптар  үшін қазақ және орыс тілдеріндегі 34 пән мен 78 оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК), «Өзін өзі  тану» бойынша 35 пән, 9 электронды  оқулық әзірленді. 2010 жылы жақын  және алыс шет елдердегі қазақ  диаспорасының балалары үшін 16 420 оқулық пен 7 383 ОӘК қайта басылды  және жеткізілді. Республикалық  мектептерге қайта басылған 3 сынып  үшін 2 188 оқулық пен 382 ОӘК, 5 сынып  үшін 3 975 оқулық пен 1 411 ОӘК, 10 сынып  үшін 38 250 оқулық пен 968 ОӘК жеткізілді. 

Республиканың жалпы  білім беретін мектептерінде 275 655 мұғалім еңбек етеді. Соның ішінде 239 861 (87 %) жоғары білімге, 32 713 (11,9 %) орта кәсіби білімге ие. Жоғары санаттағы  мұғалімдердің саны 40 920 (14,8 %), бірінші  санаттағылардың саны – 84 721 (30,7 %). Мұғалімдерді, басқарушылар мен әдіскерлерді қайта  даярлау және олардың біліктіліктерін  арттыру бойынша жүйелі жұмыс  жүргізілуде. 2010 жылы біліктілікті арттыру  курсы мен қайта даярлаудан 80 мыңнан аса мұғалімдер өтті. 

2005 жылдан бастап  республиканың мектептері республикалық  бюджет қаражаты есебінен материалдық-техникалық  базаны бекіту мақсатында пәндік  кабинеттермен, лингафонды мультимедиялық  кабинеттермен (бұдан әрі –  ЛМК) жабдықталуда. 2005 жылдан бастап 3 450 ЛМК сатып алынды: 2005 жылы –  802, 2006 жылы – 515, 2007 жылы – 732, 2008 жылы – 483, 2009 жылы – 459, 2010 жылы – 459. Олардың көмегімен  балалар қазақ тілін, орыс және  шет ел тілдерін оқиды. 

2006 жылдан бастап 2 059 физика кабинеттері: 2006 жылы –  613, 2007 жылы – 746, 2008 жылы – 700 сатып алынды. 

2009 жылы 580 биология  кабинеттері, 2010 жылы – 569 биология  кабинеттері сатып алынды.  

Мектептердің материалдық-техникалық базасын бекіту жаратылыс тану-математика бағытындағы пәндерді оқытудың сапасын  жақсартуға мүмкіндік берді. Қазақстан  дүние жүзіндегі 43 елдермен бірге 4 сынып оқушыларының математика мен  жаратылыс тану бойынша білімдерін бағалау жөніндегі халықаралық  салыстырып тексерудің TIMSS-2007 (Third International Mathematics and Science Study) қатысушысы болып  табылады. Зерттеуге республиканың 141 мектебінен 3,99 мың оқушы қатысты. Қазақстанның нәтижелері (549 балл) төрт мемлекеттің нәтижесінен төмен, бірақ орташа халықаралық баллдан  елеулі жоғары. 

15 жастағы оқушылардың  оқу, математика және жаратылыс  тану саласындағы сауаттылықтарын  бағалау мақсатында Қазақстан  тұңғыш рет Халықалалық PISA (Programme for International Student Assessment) 2009 зерттеуіне  қатысты. Зерттеуге білім беру  ұйымдарының 5,59 мың оқушылары  қатысты. 

Соңғы екі жылда  физика және математика бойынша халықаралық  олимпиядаларға қатысатын қазақстандық команда тұрақты түрде дүние  жүзіндегі 15 ең үздік елдердің құрамына кіреді.  

Жыл сайын Қазақстан  оқушыларының халықаралық олимпиядаларында жеңіп алған медальдарының саны өсуде. Тек 2009 жылы ғана 544 награда жеңіп  алынды, соның ішінде 131 алтын медаль, 191 – күміс, 202 – қола және 20 грамота. 2010 жылдың 11 айында республиканың құрамдас командалары 599 медаль мен 22 грамотаны  иемденді, соның ішінде алтын – 168, күміс – 201, қола – 230.  

Одан өзге, қазақстандық оқушылар 2004 жылдан бастап қашықтықтан  жүргізілетін халықаралық олимпиядаларға «Қашықтықтан жүргізілетін Азия-Тынық  мұхиттық математика олимпиядасы» және «Жбек жол» қашықтықтан жүргізілетін математикалық олимпиядаларға қатысады. Санкт-Петербург Ақпараттық технология, ммеханика және оптика университетімен жасалған шартқа сәйкес тұңғыш рет информатика бойынша Евразиялық интернет-олимпияда жүргізілді.  

Мемлекетіміздің жас  зиялыларымыздың халықаралық олимпиядалардағы жеңістері, Қазақстанның ТМД елдерінің  арасында тұңғыш рет 2010 жылы 51 мерейтойлық  халықаралық математикалық олимпияданы  – ең абыройлы интеллектуалдық жарысты  ұйымдастыруына алып келді, мұнда қазақстандық команда 98 дүние жүзі елдерінің арасында 5 орынды алды. 

Қазақстан Республикасының  орта білім беру жүйесін модерлендіруге ықпал еткен шешуші жобалардың бірі – «Назарбаев Интеллектуалдық мектебі» жобасы болып табылады. Аталған мектептер  балалар бақшасы, мектепке дейінгі  және 12 жылдық білім беру бағдарламаларын  әзірлеу, енгізу және саралау бойынша  межелі алаңдар болып табылады. 2012 жылдары республика аумағында 20 мектеп қызмет ететін болады. Бүгінгі күні 3 730 оқушыдан тұратын контингентке ие 6 мектеп жұмыс жасайды: Астана, Семей, Көкшетау және Талдықорған қалаларындағы  физикалық-математикалық бағыттағы 4 интеллектуалдық мектеп, Өскемен  және Астана қалаларындағы химия-биология бағытындағы 2 интеллектуалдық мектеп. 

2007 жылдан бастап  берілетін білім қызметтерінің  сапасын жақсарту мақсатында  білім беруді ұйымдастыру үдерісіне,  құрамына 5 пәнді кабинеттен тұратын  кешен кіретін «Он-лайн оқу  жүйесі» жобасының аясында көпфункционалды  интерактивті жабдық енгізілді.  Олардың екеуі әмбебап болып  келеді, оларда математика, тарих,  география, астрономия сабақтар  және үш пәндік – физика, химия,  биология кабинеттері бар. Жобаны  іске асыру 2007-2009 жылдарға арналған. Жоба мектептердің кең жолақты  лимиттелмеген Ғаламторға қол  жетімділігін қамтамасыз етті.

2007-2009 жылдары республикалық  бюджет қаражаты есебінен 1721 мектепте  жоғарыда аталған үлгідегі интерактивті  жабдық орнатылған. 

Қазіргі уақытта 18 оқушыға  бір компьютерден келеді. Ғаламтор желісіне мектептердің 98 %, ауыл мектептерінің  – 97 % қосылып, кеңжолақты Ғаламторға мектердің 34 % қолы жетті. 

2001 жылдан бастап  қазақ және орыс тілдеріндегі  электронды оқулықтарды әзірлеу  жүргізілуде. Қазіргі уақытта  мектеп мазмұнындағы пәндердің  90 % сандық форматқа көшірілді. 

Білім беру саласындағы  мемлекеттік саясаттың басым  бағыты өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу  болып табылады. Республикада қосымша  білім беретін 620 ұйым балалардың шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді. Әр бесінші  оқушы қосымша білім беру ұйымына  қатысады. 
 

Республика бойынша 5 431 жалпы білім беретін мектептер  спорттық залдарға ие. Оның ішінде стандартты спорт залдары мен спорттық жабдықтарға  ие мектептердің үлесі 72%. 

3. Техникалық және  кәсіби білім беру 

Қазақстан Республикасында 2010 жылы 882 техникалық және кәсіби білім  беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу  орындары қызмет етеді, соның ішінде 322 кәсіби лицей, 560 колледж. Соның ішінде 268 оқу орны (немесе 19,7 %) ауылдық жерлерде орналасқан. Республикада үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту (бұдан әрі – ҮИИД) жобалары үшін кадрлар дайындау бойынша ТжКБ 543 оқу орны іске тартылды. 

ТжКБ оқу орындарында 609,0 мың адам, соның ішінде мемлекеттік  білім беру тапсырысы бойынша 221,0 мың адам (немесе 36,3 %) білім алады. Техникалық және қызмет көрсететін еңбектің білікті мамандарын дайындау 177 мамандық пен 416 біліктілік бойы нша жүзеге асырылуда. 

Соңғы екі жылда 3 кәсіби лицей салынды. Келесі құрылыстар жүргізілуде:

Атырау қаласында  мұнайгаз саласы үшін кадрларды даярлау  мен қайта даярлау жөніндегі  өңіраралық орталық;

Екібастұздағы отын-энергетикалық  сала үшін техникалық қамтамасыз ету  еңбегі үшін кадрларды даярлау мен  қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталық;

Астана қаласында 800 оқушыға арналған және Оңтүстік Қазақстан  облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылында 360 оқушыға арналған кәсіби лицейлер;

Өскемен қаласындағы  машина жасау саласы үшін еңбекті  техникалық қамтамасыз ету үшін кадрларды  даярлау мен қайта даярлау  жөніндегі өңіраралық орталық. 

Шымкент қаласындағы  өңдеу саласы үшін Еңбекті техникалық қамтамасыз ету үшін кадрларды даярлау  мен қайта даярлау жөніндегі  өңіраралық орталық құрылысының  жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалында мемсараптамадан өткізілуде. 

2007-2009 жылдардағы  кезең ішінде:

«Аджип ККО», «ҚазМұнайГаз»  АҚ ҰК, «Тенгизшевройл» СП ЖШС, «KEGOK»  АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС  жанында техникалық және қызмет көрсету  еңбегі мамандарын қайта даярлау, қайта  даярлау және біліктіліктерін арттыру  бойынша заманауи оқу орталықтары;

техникалық және кәсіби білім беру және біліктілікті иеленуді дамытудың Республикалық  ғылыми-әдістемелік орталығы. Ол ТжКБ жүйесінің нормативтік-әдістемелік  базасын құрумен және кәсіби даярлық  деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін  енгізумен және жұмыс берушілер  мен еңбек нарығының талаптарына  сәйкес мамандарға біліктілік беру (НОК) құрумен айналысады. 2007-2009 жылдары  республиканың 850 оқу орындарындағы 105,5 мың оқу бітірушілерді қамти  отырып, 125 мамандық бойыша кәсіби даярлық  пен біліктілікті иемденудің деңгейін бағалау бойынша жоғарғы курстарда  оқитындарды тестілеу жүргізілді;

ТжКБ жүйесі қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру бойынша 6 Өңіраралық орталық (Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Шортанды және Шымкент қалаларында) құрылды. Соңғы жылдары аталған  орталықтарда ТжКБ жүйесіндегі шамамен 2000 педагогикалық қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өтті. 

ТжКБ қазіргі ұйымдарының  базасында индустриалды инновациялық дамыту жобалары бойынша кадрларды  даярлау жөніндегі базалық орталықтар құрылуда: Ақмола облысында Қотыркөл ауылындағы Ауыл шаруашылығы колледжінің  базасында етті-сүтті өнімді өңдеу  бойынша, Алматы қаласында № 6 КЛ базасында  автомеханика бойынша, Қарағанды қаласында  № 15 КЛ базасында металл өңдеу бойынша. 

Соңғы үш жылда кәсіби лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының  материалдық-техникалық базасын жаңарту  проблемасы шешіле бастады (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ), республикалық  бюджет (бұдан әрі – РБ), жұмыс  берушілердің қаражаты есебінен). Республикалық  бюджеттен «Өзін-өзі тану» кабинеттерін сатып алуға 14,5 млн. теңге бөлінді. 

2007-2009 жылдары ТжКБ  оқу орындарының материалдық-техникалық  базасы 4,9 млрд. теңгеге жаңартылды. Бүгінгі күні ТжКБ оқу орындарының  31 % заманауи жабдықпен жабдықталған. 

Қазақстан Республикасының  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) бірлесіп және ұлттық компаниялардың өкілдерімен Халықаралық сарапшылардың  және ұлттық компаниялардың өкілдерімен 2008 жылы Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтар  топтастырғышы әзірленді және бекітілді. 

2008 – 2010 жылдары  230 мамандық бойынша ГОСО, 224 мамандық  бойынша шоғырланған білім беру  бағдарламалары, ТиПО мамандықтары  бойынша 1 430 типтік оқу бағдарламалары  әзірленді. 2010 жылы индустрияға сұраныс  беру есебімен 86 мамандық бойынша  ГОСО, 65 мамандық бойынша оқу бағдарламалары, ТиПО мамандығы бойынша 710 типтік  оқу бағдарламалары жаңартылды.  

2007-2010 жылдары ТиПО  оқу орындарының 18 мың шамасында  педагогикалық жұмыскерлері біліктілікті  жоғарылату курсынан өтті, оның  ішінде 2010 жылы ФИИР мамандықтары  бойынша 7 мың педагогикалық жұмыскерлер.  Республикалық бюджеттің есебінен  кәсіби лицейлерге ағылшын тілінің  116 шетелдік оқытушылары тартылған.  

Мемлекеттік білім  беру тапсырысы бойынша колледж  оқушыларына қаржылық қолдау көрсету  мақсатында шәкіртақыны өсіру бойынша  шаралар қабылданып жатыр. Осылайша, 2009 жылғы 1 қаңтарында мемлекеттік тапсырыс бойынша колледжерде оқушылардың  шәкіртақылары 6000 теңгеден 7500 теңгеге  дейін, 2010 жылы – 7500 теңгеден 9 375 теңгеге  дейін, 2011 жылы 9 375 теңгеден 12 188 теңгеге  дейін жоғарылаған.  

Кадрларды дайындау бойынша бизнес-құрылымдармен, жұмыспен қамтушылармен серіктестік қарым  қатынасты қалыптастыру – ТиПО жүйесінің  басты мақсаттарының бірі. 2007-2010 жылы 32 меморандум, Қазақстан Республикасының  білім және ғылым Министрлігінің В 2007 – 2010 годы заключены 32 меморандума, соглашения между Министерством  образования и науки Республики Казахстан (далее – МОН), крупными компаниями: АО «КазМунайГаз», «Казахстан темир жолы», «Казахтелеком», «Казахмыс», «Казинжиниринг», «Казпочта», акиматами  и другие. 

2009 жылы техникалық  және кәсіби білім беруді қолдау  Қорының құрылуы туралы Қазақстан  Республикасының минералды ресурстар  және энергетика Министрлігі,  НЭП «Атамекен» Одағы және  МОН арасында Меморандумға қол  қойылды. 

Оқу орындары мен  компаниялар арасында 16,8 мың келісімге, жаңадан ашылған кәсіпорындармен  мамандарды қайта даярлау мақсатында 61 келісімге (мысалы, келісім соңында 831 адам білім алып, жұмысқа орналастырылған) «Тараз металлургиялық зауыты», «Электролиз  зауыты», және «Тері тамыр зауыты») 

Келісім аясында  үйренушілерге тәжірибеден өтуге 97 мың жұмыс орны берілді. 

2009 жылы 24 бастауыш  оқу орындарында Ұлыбританиядағы  белгілі колледждермен , оның  ішінде Кембридж аймақтық колледждердің  14 колледжімен серіктестік жасау  туралы келісімге қол қойылды. 

Халықаралық серіктестік  аясында ТИПО- ның 440 жұмыскері шет  мемлекеттерден білімін көтеруден  өтті. 

МОН МТСЗН-мен бірге  ФИИР жобаларын іске асыру мақсатында кадрларда тұтынушылық сараптамасын өткізді. Қазақстанның 2010-2015 жылдарға арналған индустирияландыру картасы  жобасын жүзеге асыру мақсатында келесі мамандықтарға негізігі сұраныс  туындап отыр: әртүрлі профильдегі  дәнекерлеуші, жабдықтаушы, құрылысшы, механик, жүк таситын көліктің жүргізушісі, дәнекерлеуші, электрмонтаждаушы,, электрик, металлург, темір жол транспортының  қызметкері, металл өңдеуші станок жұмыскері, оператор, машинажасаушы  техник, туристік индустрияның, ақпараттық технологияның жұмыскері. 

МТСЗН деректері  бойынша, 2010-2014 жылдардағы кадрларға  деген экономикалық сұраныс 287 мың  адамды құрайды. Олардың ішінде ФИИР жобасына – 108 мың. 

2010-2014 жылдары ТиПО  оқу орындарында 224,6 мың маман  даярланатын болды. 

2010 жылы МТСЗН  деректері бойынша, кадрлар экономикасына  сұраныс индустрализациялау картасына  қосылған 47831 адамды, салалар бойынша  24401 адамды құрады. ТиПО оқу орындарынан  осы салалар бойынша 58316 техникалық  және қызметкөрсету саласының  мамандары даярланып шықты. 

Жол картасынаң аясында  қазақстан кадрлары күшімен шет  ел жұмыскерлерін ауыстыру мақсатында мамандарды қайта даярлықтан және даярлау  мәселелері жолға қойылды. 2009 жылы 95,6 мың адам оқуға қамтылып, оның 41.0 мың адамы жұмысқа орналастырылды, 20.2 мың адамы - әлі де оқуды жалғастыруда. 2010 жылы қайта даярлау мен даярлықтан өткізуге 71,0 мың адам қамтылды. 

4.Жоғарғы және  жоғарғы оқу орнынан кейінгі  білім 

Қазіргі уақытта  жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салаларының  мамандарының бәсекеге қабілетті және жан-жақты мамандарды кәсіби даярлау  талаптарын қамтамасыз ету қажеттігін, жоғарғы мектептің зияткерлік шамасын  және тәжірибеге бағытталған іс-шараларын  күшейту, оны ғылым мен өндіріспен сабақтастыру, халықаралық білім  беру қалыбына (стандартына)сәйкес болуы  қажеттілігі анықтап отыр. 

2010 жылдың 15 қазан  айының жағдайына қарай республикамызда  148 жоғары оқу орнының (9 ұлттық, 1 халықаралық, және «Назарбаев  Университеті» АҚ, 32 мемлекеттік, 13 азаматтықемес, 92 жекеменшік оқу  орындары, , соның ішінде 16 акционерленген) мекемелері жұмыс істеп жатыр. 

2009-210 оқу жылдары  3НК статистикалық есебі келісімімен  жоғарғы оқу орындарының жалпы  контингенті (құрамы) 610, 2 мың адам  болды. Әлемде, орта есеппен 10мың  халыққа 232 студенттен келеді. Қазақстанда  осы көрсеткіш 422,5 адамды құрайды. 

Жоғары оқу орындарында  профессорлық-оқытушылық есеп 39,2 мың  адамды құрайды, оның ішінде 41 % ғылыми дәрежелері бар. 

Қазақстанның Жоғарғы  мектебі біртұтас білім беру кеңістігіне  енетін және әлемдік білім беру деңгейі  жетістігіне жетуге ұмтылуда. Алға қойылған мақсатқа жету механизмі - Қазақстан  Республикасы 2010жылы енген Болон  үрдісінің параметрлерін орындау.Қазіргі  таңда Қазақстан Республикасының  жоғарғы оқу орындары Болон декларациясының  негізгі принциптерін жүзеге асырып келеді. Барлық азаматтық жоғарғы  оқу орындарында оқу несиелік технология аясында жүргізілуде, республикамыздың 37 жоғарғы оқу орындарында қосдипломдық білім беру үрдісі, 42-сі қашықтан оқыту  технологиясымен (дистнциялық) жүзеге асуда. 

Қазақстан Республикасының  жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан  кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның  халықаралық білім беру стандартының классификациясына сай келіп  отыр. 

Мамандарды даярлаудың үшдеңгейлі үлгісіне (бакалавр – магистр  – доктор PhD) өту үрдісі жүзеге асырылып келеді. Жоғары білім берудің сапалық  кепілдігі мен қамсыздандыру  жүйесі құрылды.

2009 жылы жоғарғы  оқу орны мен жоғарғы оқу  орнынан кейінгі білім берудің  бакалавриат – магистратура –  докторантуралық білім беру бағдарламаларын  жалғастырушылығын қамтамасыз ететін  мамандықтарын жіктестіру бекітілді. 

Жоғарғы оқу орындарының  Академиялық деңгейге еуі оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің бірден-бір  көрсеткіші екенін білдіреді. Міне , сондықтан  да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назабаев 2010жылдың 10 қаңтарындағы өз жолдауында жоғарғы оқу орындары әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғарғы  оқу орындарының санатына енуді  көздейтінін атап өтті. 

2009 жылы жоғарғы  оқу орындарының Times Higher Education - QS World University Ranking (Ұлыбритания) халықаралық  рейтингісі бойынша Қазақстанның 5 жоғарғы оқу орны, 2010 жылы бір  жоғарғы оқу орны қатысқан  болатын. 

Болон шарттарының  бірі есептік бірлікті жүйеге енгізу болып табылады. Несиелік технологиямен  оқытуды жетілдіру бойынша жүргізілген  жұмыстар оған европалық несиелік бірлік жүйесін үйлестіру мақсатында жалғасын тауып келеді. Мұнда отандық білім  берудің дәстүрлі ерекшеліктері  сақталуын есепке алып отырады. Қазақстан  Республикасының білім беру және ғылым министрлігі диплом Қосымшасына жалпыевропалық жүйемен салыстыру жұмысы жасалды. 

Осы жүйе студенттің бір оқу орнынан екіншіісіне  ауысқан уақытында білім дәрежесін  өлшеу мен салыстыру нысандық критерииді қамтамасыз етуде аса  қажет. Осыған байланысты ECTS типі бойынша ( есептік баллдардың европалық қайта  есептеу жүйесі) есептік баллдар  жүйесін жасау үшін жұмыс тобы құрылды.  

Астана қаласында  әлемдік деңгейдегі мәртебелі отандық  инженер- техниктер мен ғылыми кадрларды  даярлауды қамтамасыз ететін «Назарбаев Университеті» жоғарғы оқу орны жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта  университет бағдарламасы «Назарбаев интеллектуалдық мектептері» орта білім беру бағдарламаларымен жалғастығын  табуын қамтамасыз ететін болады. 

Экономикадағы болып  жатқан өзгерістерді тез арада сезіне білушілігін дамыту мақсатында мемлекеттік  жалпыбілімберу стандарттары құрылымы оқу бағдарламасының мазмұнын анықтауда  жоғарғы оқу орындарының академиялық  еркіндігі, таңдау бойынша компонент  кеңейтілді – бакалавриатта 40 % тан 50 % дейін, магистратураға 50 % ден 60 % дейін  және докторантура 70 80 % дейін.

Жоғарғы оқу орнының  мекемелерінде білім беру , ғылым  және өндірісті жалғастырып жатқан әр алуан профильдік ғылыми орталықтар, жатқан жаңа технопарктер, құру бойынша  білім берудің инновациялық инфрақұрылымын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 

2007 жылы республикалық  бюджеттің есебінен АҚШ-тың 16,67 млн. Долларына (2 млн. теңге)  инженерлік профильдегі 10 университеттік  зертханалар құрылды. 208 жылы республикалық  бюджеттің есебінен АҚШ-тың 8,33 млн. Долларына (1 млн. Теңге)  инженерлік профильде тағы 5 зертхана  құрылды. Аталмыш зертханалардың  ғылыми ресурстарын ғылыми орталықтардың,  зерттеу институттарының ғалымдары  және университет мұғалімдері  пайдалана алатын болады. 

Заманауи әлемде елдің әлеуметтік-экономикалық жетілдіру  субъектілері болып табылатын жағдайлары мен қызметтері, құрылымдары өзгеріп  жатыр. Университет білім беру жүйесінің  ғана емес, тұтастай алғанда қоғамның да локомотиві болуы керек. Осыған орай 2008 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарын  басқарудың әріптестік органдарының жұмысын  кеңейту мен басқаруға жұмыс  берушілерді тарту, қамқорлық кеңесті  құру жолымен корпоративті менеджмент үрдісі енгізілуде. 

Қамқорлық кеңестері 65 жоғарғы оқу орындарында жұмыс  істеп жатыр. Университетті корпоративті басқаруды енгізуде Қазақстан Республикасының  Үкіметі жүргізіп отырған үлкен  жұмысы болып табылады және әкімшілік реформасы шарттарына сәйкес болып табылады. Аталмыш еңбек жоғарғы оқу орындарында демократияландыру жүйесіне игі әсерін беруде.

Институттық аккредитацияның  ұлттық қалыптары (стандарттары) мен  белгілері (критерилері) бекітілді. 2008-2009 жылдары 5 ұлттық жоғарғы оқу орны - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (кейін – Әл Фараби атындағы КазНУ), К. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (кейін –  Абай атындағы КазНПУ), Л. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университет (Л.Гумилев  атындағы ЕНУ) және Қазақ ұлттық аграрлы  университеті (кейін КазНАУ) ASIIN және ACQUIN (Германия), ABET (АҚШ) атты шетел аккредитациялық  агенствосымен білім берудің  бағдарламасының халықаралық мамандандырылған аккредитациясынан өту келісіміне келді. Осы мақсатты жүзеге асыру  үшін мемлекет қорынан 60млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. 

2010жылы Әл Фараби  атындағы ҚазНУжәне Қ. Сәтпаев  атындағы ҚазНТУ 21 білім беру  бағдарламасы бойынша өз қаражаттары  есебінен халықаралық аккредитациядан  өтті. Абай атындағы ҚазНПУ, Л.  Гумилев атындағы ЕНУ және  КазНАУ халықаралық аккредитациядан  өтуді жалғастырып жатыр. Сонымен  бірге, 2009 жылы 4 білім беру бағдарламасы  бойынша Қазақстан-Британдық техникалық  Университет халықаралық аккредитациядан  өз еркімен өтті. 

2009 жылы МОН (кейін  НАЦ) Ұлттық аккредитациялық орталығының  Аккредитациялық кеңесімен 9 қазақстан  университетін 5 жыл мерзіміне  ұлттық институттық акредитациясы  туралы жағымды шешім шығарды. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында  ұлттық институционалдық аккредитациядан  13 қазақстан жоғарғы оқу орындары  өтті.  

(ҚазТЕСТ) Қазақстан  Республикасының мемлекеттік тілінің  деңгейін бағалау жүйесі жетілдірілу  жұмыстары жүргізілуде. Тілді  меңгеру деңгейін бағалау жүйесінің  халықаралық жүйенің талаптарына  сәйкес тест тапсырмалары мен  өлшеу материалдарының нормалық  негізін құрастыру жұмыстары  жасалды. Қазақ тілін оқытуды  жүйелендірудегі және тілді меңгеруді  бағалаудағы мемлекеттік стандарт  бекітілді. 

Нормативтік құжаттармен  және мемлекеттік стандарттармен сәйкес сөйлеу қызмет түрлер бойынша тестілік тапсырмалардың базасы құрастырған. Қазақстан  Республикасының азаматтары мемлекеттік  тілді меңгеру деңгейін бағалау  бойынша мемлекеттік қызмет көрсету  стандарты мен тестілеу технологиясын  жүргізу жұмыстары жасалды. 2008 жылдан бастап, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашақ»  халықаралық стипендиясына ұсынылғандарға тест жүргізілуде. 
 

Дидактикалық ойвндар