Дидактикалык ойындар
Қызылорда облысының білім басқармасы
М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі
«Шетел тілі» ПЦК-сы
Қорғауға жіберілді
ПЦК төрайымы:
____________.
«_____»__________________2012ж
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру
0105033 - «Бастауыш білім беру» (шет тілі) мамандығы
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі:
Талаптарға сәйкес
..............................
Заңгер М.Джумадилаев
М.О
Қызылорда,2012 жылы
Зерттеу жұмысының тақырыбы:
- Ағылшын тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне байланысты дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыру
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
- Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат.
- Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді;
Зерттеу жұмысының мақсаты:
- Білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқыту процесіне ендіру;
- Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру;
- Ағылшын тілін меңгертуде ойынның алатын ролін анықтау;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай ойын түрлерін сұраптау;
- Шет тілін меңгертуде ұлттық ойындардың ролін анықтау;
- Сабақта ойынды қолдану әдістемесін талда, оның маңыздылығын түсіну;
Зерттеу жұмысының ғылымилығы:
- Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан»
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
дамыту тұжырымдамасы.
- Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы
білім беру тұжырымдамасы
Зерттеу жұмысының нысаны: бастауыш буын
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
- Белсенділік пен дербестік
- Теория мен практиканы байланыстыру
- Өз беттерінше әрекет жасайды
- Дәйектілік пен дәлділік
- Нақты ақпаратты жүйелейді
- Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өмірмен байланысын күшейтеді
- Үйреншікті ақпаратқа жаңа көзқараспен қарап, әр түрлі шешімдерді қабылдайды
Ж О С П А Р
І. Кiрiспе.
- Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын
арттырудың бірден-бір жолы.
ІІ. Негiзгi бөлiм.
2.1. Ойындар және олардың түрлері.
2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі
сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға
арналған ойындар.
- Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық материалдарды игеруге арналған ойындар.
ІІІ. Тәжірибелік бөлiм.
3.1. Ойын сабақ: «Animals».
ІҮ. Қорытынды
4.1. Ойын – оқушының қызығушылығын арттыру жолы
Кіріспе
- Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын арттырудың бірден-бір жолы.
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын – тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Ойын әрекетінің бала дамуына қызмет атқаратындығы жөнінде Ж.Аймауытов, Ә.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлері де ой айтқан.
Баланың аса маңызды адамгершілік қасиеттері бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Егерде мектептен ата-ана бала бойындағы өзгерістерді жете қадағалап, жасына лайықты тәрбие алуына бағыт-бағдар беріп көмектеспесе, ол олқылық орны толмас өкінішке, жаман қасиеттерге ұласуы мүмкін.
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретінін зерттеуші ғалымдар дәлелдеп көрсетуде. Оны бірнеше мысалдар арқылы көрсетейік: «Занимательная наука делает труд интересным, а потому и приятным, стремится опровергнуть тысячилетнюю поговорку о горько корне учения. Занимательная наука не превращает обучения в роду забавы». (3.23) Қызықты тапсырмалар оқушыны тілдік материалдарды дұрыс меңгеруге, сауатты әрі байланыстыра жазуға үйретуге, тілге деген қызығушылығын арттыруға арналған (4.5)
«Мұғалім шеберлігі оқу мәселелерін творчествалық тұрғыдан қарастырып, өз пәніне оқушыларды қызықтыра білуден, білім құмарлығын, белсенділігін арттыра білуден құралады».
Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте-бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр.»
Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар ролі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда, архивтік процестен құралады. Сондықтан да ол оқушының танымдық қызығушылығы 2 түрлі жолмен: бірі дамыта оқыту, екіншісі тәрбиелік қызмет арқылы қалыптасады.
Дамыта оқыту –белгілі затты танып білу, ол тәрбиелік қызмет – оқыту процесі арқылы затты таңдауға өзгерістік қатынастар. Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері де танымдық мақсатты көздей алады, оқушының жас еркшелігіне қарай әр түрлі формада қолданылады.
Бүкіл сабақ бойында оқушының қызығушылық ынтасының төмен болуы мынадай себептерден болады:
- ойлау процесінде миға көп салмақ түсуден;
- сабақты бірыңғай, бірсарынды жүргізуден;
- жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізуден;
- нашар оқитын оқушыға көбірек көңіл бөліп, сабақты созып жіберуден;
Демек, оқушының шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыру тек ойын элементтерін сабақта қолдану арқылы іске асады.
Дегенмен де, ойын сабақтың бүкіл өн бойында жүруге тиісті емес, онда да ол оқушыларды жалықтырып жіберуі мүмкін.
Сабақтағы ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар тәсілдердің бірі. Ойынды орындау барысында жеке оқушының қабілеті, оның іскерлігі көрінеді, байқалады. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт береді, сондай-ақ іздендіру, іздену дағдысын қалыптастырады.
Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады. Сондықтан ойынды дұрыс ұйымдастыру да шешуші роль атқарады. Мұғалім әр тақырыптың ерекшелігіне, қиындығына, жеңілдігіне қарай ойынды дұрыс таңдап алуы қажет. Сондай-ақ белгілі мақсат қоя отырып, оқушының даярлығы мен ерекшелігін де ескеруі тиіс. Ойын түрін қолдану оқушыға ерекше әсер етеді. Кейде ойынды жаңа материалды бекіту кезінде қолдану керек деген пікір бар. Мұғалім ойын түрін қалай, қандай жағдайда қолдану керектігін, яғни жаңа материалды түсіндіру немесе қайталау кезеңінде де оны дұрыс жоспарлауы тиіс. Демек, сынып оқушылары түгел қатысуы керек. Бұл кезеңде мұғалімнің ұйымдастыру ерекшелігі үлкен роль атқарады.
Ойын түрлерінің шартын (ережесін) меңгеру аса қажет, оны 2 түрлі түсіндіруден аулақ болу қажет. Оқушыны ойынның үстінде, не соңында өзінің белсенді қатысуына қарай әр түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім оқушыға ойында жеңгені үшін баға қоюы мүмкін, немесе ойынның әр кезеңіне байланысты да оқушы еңбегі бағалануы тиіс.
Көп ойындар дәл ұпаймен
есептелетін жарыс ойындар
Зерттеуші ғалым Т. Сабыров ойын арқылы сабақты қызықты өткізу жолдарын зерттеп, өзіндік ой қорытады:
Оқу материалының мазмұнының қызықтылығы, мазмұндылығы.
- Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі.
- Мұғалімнің оқу әрекетін ұйымдастырудағы ерекшеліктері.
Бұл тұжырымдаманың үш бөлімінің мазмұнында оқыту әрекетінің әр түрлі жұмыстары, соның ішінде ойынға арналған әрекет бар деп түсінуіміз керек.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Ойындар және олардың түрлері.
Қоғам дамуында ойынның
Қоғам даму тарихы театр
Ойын – ұғынықты, саналы әрекет
(С. Л. Рубинштейн (7.9)) болғанда, «Көпшілік
ойлайтындай, ойын мен еңбек
арасында өте үлкен
Ойынның даму тарихында
Жасанды ойындар оқу ойынын туғызады. Ойынның пайда болуы, түрлері, жүйеленуі (классификациясы) жөнінде көптеген зерттеушілік жұмыстар бар. Өзіндік пікірі бар ғалымдар Н.К.Ахметов, О.Н.Воробьева ойын жүйесін төмендегідей тұрғыда береді.
Осы тақырыпты зерттеуші ғалымдар (Н.К.Ахметов, О.Н.Воробьева) П.И.Пидкасистыйдың жасанды ойындарына: нәтижелі ойын, балалар ойыны, моторлық, сенсорлық, зерттеушілік, дидактикалық, т.б. ойындар деген бөлінісі және Семеновтың гибридтік типті ойын түрлері жүйесімен келіспейтіндіктерін жаза отырып, бұл жүйенің негізінде американдақ зерттеуші ғалымдар Д.Крикшэн мен Р.Тэльфердің (7.4) ойын түрлеріне жазылған классификациясы мен американ ғалымы С.Тигарайнның анықтау деограммасын кейбір толықтыруларымен алынғанын айтады. ( В предлагаемой нами квалификации «академические игры» носят также общее название как обучающие игры, так как по нашему мнению, такое название более соответствует этому названию игр. (6.6.8.))
Бұл зерттеуші
ғалымдардың ойын жүйесінде
Қорыта айтқанда ойын классификациясы үлкен екі бөлімнен тұрады: жаратылыстық және жасанды. Жаратылыстық ойыны балалар және жануарлар ойыны болып бөлінсе, жасанды ойындар академиялық және академиялық емес ойындар болып бөлінеді.
Академилық
ойындарға еліктеу арқылы
Еліктемейтін оқу ойындарына символдық ойындар, кроссвордтар, ребустар, шарадалар, сканвордтар, криптограмалар т.б. шешу жатады.
2.2. Бастауыш сынып оқушылары үшін ағылшын тілі сабақтарында ойынды қолдану әдістемесі және оның маңызы.
Шетел тілі пәнін мектепте оқытудағы мақсат - оқушылардың күнделікті өмірде оны қолдана білуге үйрету. Ал ағылшын тілін жеделдетіліп оқытуда сабақта ойын элементерін қолданудың әсері өте зор. Ойын арқылы оқушылардың белсенділігі қалыптасады, достық қарым-қатынасы нығая түседі, ұйымшылдықтары артады.
Ойын- маңызды іс. Егер біз тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да белгілі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады.
Ойын адам жанын ынтықтырумен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындарың қай-қайсысы болса да оқушылардың төзімділік, тапқырлық, ізденімпаздық, шеберлік т.б толып жатқан қасиеттерді талап етеді. Ойындарды жіктеу барысында мынадай түрлерін атауға болады: жарыс, музыкалық, әдеби-шығармашылық, тақырыптық, т.б.
Жарыс ойындары – бұл лексикалық–грамматикалық ойындар. Мысалы, «Спорт жаршысын» алайық.
а) жүгіру : кім бірінші болып белгілі бір тақырып бойынша 10 сөз жазады;
ә) ауыр атлетика: кім ең ауыр сөзді жазады;
б) ұзындыққа секіру: кім ең ұзын сөзді жазады;
в) күрес: оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне сұрақ қояды.
Музыкалық ойындар -ән, би. Мысалы: «Clap,clap,your hands».
Оқушылардың біреуі бірінші шумақты айтады, одан кейін бір оқушы екінші шумақты бастайды. Ойынның мақсаты - етістіктерді қайталау.
Әдеби-шығармашылық ойындар дегеніміз - көріністер қою. «Отбасы» тақырыбын өткен кезде «Шалқан» ертегісін пайдалануға болады.
Тақырыптық ойындарға ролдік ойындар жатады. Бұл ойындар шетел тілі сабағының бір бөлігі болып табылады. Ролдік ойындар қолданар алдында оқушыларға белгілі бір жағдаят бойынша тапсырмалар беріледі: «Сіз Англияға келдіңіз. Дүкенге кіріп бір зат алғыңыз келді, бірақ ағылшын тілін жақсы білмейсіз.сондықтан ыммен түсінісуге тура келді. Дүкеншінің мақсаты: сізді түсініп, көмектесу. Клиенттің ролін ойнаған оқушыға карточка беріледі (I want to buy a picture about London ) басқа оқушылар сатушы ролін орындап, мынадaй сұрақтар қояды.
1. Do you want to buy a book?
2. What kind of book do you want to buy?
3. Do you want to buy it?
Ролдік ойындар кезінде әр түрлі суреттерді пайдалануға болады.Тақтаға белгілі тақырып бойынша сурет ілінеді.Оқушылар сол бойынша әңгімелеседі.
Ролдік ойындардың негізгі қасиеттері:
1. Оқушылар үйренген сөздерін әр түрлі жағдаяттарды пайдалана алады.
2. Ойынға топтағы барлық оқушылар қатысады.
3. Ролдік ойындар оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады.
4. Оқушы өз ой-пікірін айтуға үйренеді.
Ойын қалай ұйымдастырылады?
1. Ойынның мақсаты белгіленеді.
2. Ойынның ережесі айтылады.
3. Мұғалімнің өзі де ойынға қатысуы керек.
4. Егер жарыс ойыны өткізілсе,жеңімпаздарды марапаттауды ,ал жеңілгендерге жылы сөз айтуды ұмытпау керек.
Шет тілін оқытуда ойын түрлеріне мынадай мақсаттар қолдану тиімді.
1. Алфавитті дұрыс меңгерту;
2. Орфографияны оқыту;
3. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру;
4. Лексиканы меңгерту;
5. Грамматикалық материалдарды меңгерту;
6. Оқушының ойын дамыту, яғни дұрыс жазу, дұрыс айту, дұрыс оқи білу дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сабақ берудің тәсілдерін өзгертіп отыру керек. Бастауыш сынып оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығу басым келеді. Бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде жалығып кетпес үшін түрлі ойындарды пайдаланған дұрыс. Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөздің әріптерінің орындарын ауыстырып қойып, «Балалар, әріптер тентек болып бізден қашып кетіпті, оларды тәртіпке шақырып, ретімен қояйық», дейді (nabana-banana, rebda – bread, nolem – lemon т.б). балалар қате сөзді дұрыс жазады.
Алфавит ойындары
Бір – біріне допты беру арқылы оқушылар алфавитті ретімен айтып шығады. Егер кімде кім шатасып қалса, сол оқушы ойыннан шығады.
Оқушылар алфавитті айта отырып, сол әріптен басталатын бір сөз айтып отырады. Мысалы, A is for Apple, B is for Ball, C is for Сat, D is for Doll.
Оқушы кез келген әріпті айтып, қолындағы допты басқа оқушыға лақтырады. Допты алған оқушы алфавитті сол әріптен әрі қарай жалғастыра береді.
Мұғалім алфавиттің кез-келген әрпін айтады. Оқушы жаңылыспай, тез- тез сол әріптің екі жағындағы әріптерді айту керек. Мысалы, «В» десе, «А, С» дейді.
Мұғалім тексті сөздердің арасында 3-4 секунд үзіліс жасап, әріптеп айтады. Оны оқушылар жылдам жазып отырулары керек. Мысалы,
Children, show me your pens.
Look at the window6 boys7
Come to my table, Ana.
Count from five to ten Gunner.
Мұғалім оқушыларға сөздерді цифрмен берілген фразаны шешуді ұсынады. әріптер алфавиттағы рет санымен берілген.
Мысалы, 9/12,9,11,5/5,14,7,12,9,19,9,8 (I like English)
Бұл ойындар алфавитті қайталау және бекіту мақсатында ойналады.
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға арналған ойындар.
«Суретке қарап әңгіме құр» ойыны
Бұл ойынды кез келген тақырыпқа қолдануға болады. Тақтаға сурет ілінеді. әр оқушы суретке байланысты сөйлемдерді кезектесіп айтады. Кімнің сөйлемі ең соңғы болса, сол оқушы жеңімпаз атанады. Мысалы, бақшаның суретін алсақ,
- оқушы: There are many flowers in the garden.
- оқушы: There are roses6 blue bells, tulips and poppies
- оқушы: And there are different kinds of vegetables.
Бұл ойын оқушылардың өз ойларынан көбірек сөйлем құрауларын талап етеді.
«Кім келесі?» ойыны
Ойынға қатысушыларға карточкалар таратылады. әр карточкада бұрынғы оқылған, не тыңдалған мәтіндердің, диалогтардың сөйлемдері жазылған. Әр оқушы өз карточкасындағы сөйлемдерді ретімен кезектесіп, мәтіннің мазмұнына сай оқып шығады. Бір оқушы ойын барысын қадағалап, бағалайды. Бұл ойын ортаңғы сынып оқушылары үшін тиімді және өте қызық.
«Ғажайып алаң» ойыны
Мұғалім кез келген бір сөз ойлап, ол сөзде қанша әріп болса, тақтаға сонша тор сызады. Оқушылар оған : Is there a letter … in it ? Does it have a letter … in it ? деген сияқты сұрақтар қояды. Егер табылған әріп бар болса, мұғалім оны тордың ішіне жазады және сол әріпті тапқан оқушы тағы сұрақ қоя алады. Ал егер айтқан әрібі жоқ болса, онда ол оқушы ойыннан шығады. Ойынды басқа оқушылар жалғастырады және сол сөзді толық айтқан оқушы жеңіп шығады.
«Chain word –сөзтізбегі» ойыны
Бұл ойынға сыныптағы
барлық оқушылар қатыса алады. Мұғалім
тақтаға кез келген белгілі сөзді жазады. Оқушы тақтаға
шығып, сол сөздің соңғы әріпінен басталатын
сөз жазу керек: boy-yard-door-red-desk-know-
2.4. Бастауыш сынып оқушыларының грамматикалық материалдарды игеруге арналған ойындар.
Заманымыздың талантты педагогы В.А.Сухомлинский
«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармасыз,
ойсыз толық мәндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды» деп санайды.
Тілдік материалды игеруде ойынның маңызы зор. Тілдік материалды игеру дегеніміз- оны біліп қана қою емес, сонымен қатар оны түсіну және дұрыс қолдана білу дағдысын меңгерту. Демек, шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалымен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, оқуға, төселдіру керек
Енді тілдік материал дегеніміз не, оған нелер жатады. соған тоқталайық. Тілдік материалға, фонетикалық ,лексикалық, грамматикалық материалдар кіреді. Бұлардың әрқайсысы сөйлеу икемділігі мен дағдыларын игеру үшін өте қажет.
Оқушыларға фонетикалық материалды меңгеру үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатқызып, түрлі фонетикалық ойындар ойнатқызған дұрыс. Бастапқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беру керек. Мысалы төмендегідей:
1. Ant [ ] -құмырсқа
Aunt [ ]-апа
2. Mouse [ ]-тышқан
Mouth [ ]-ауыз
3 think [ ]-ойлау
Sink [ ]-қол жуатын жер
Міне, осындай дыбысталуы, айтылуы ұқсас дыбыстарды өткенде мысал келтіріп, оқушылардың фонетикалық қате жібермеуі үшін дұрыс жұмыстар жүргізілуі керек. Осыған байланысты, оқушыларға сөздердің транскрипциясын, яғни оқылуын, дыбысталуын жиі жаздырып, оқытып отырған дұрыс. Әр сабақта 5-6 сөз болса жеткілікті.
Ағылшын тіліндегі екпін көбіне соңғы буынға түсетіндіктен оқушыларымыз жиі қателеседі. Яғни оқушыларымыз hand, England, second деп екпінді [d] соңғы дыбысына түсіріп айтып, үлкен қате жібереді. Пән мұғалімдері ондай кемшіліктерге жол бермеу керек. Ол үшін оқушыларға жиі-жиі үнтаспаларды тыңдатып отыру ұтымды. Оған мектептерде толық мүмкіндік бар.
Фонетикалық ойындар
Фонетикалық ойындар сабақтың 5-6 минутын алады.
«Бөтен сөзді тап» ойыны
Мұғалім қай сөз қалған сөздерден бөлек екендігін табуды ұсынып, сөздерді кезекпен-кезек айтады. Мысалы:
Man-man-men-man
Bad-bed-bad-bad
Ship-ship-sheep-ship
Live-leave-live –live
«Айырмашылықты тап» ойыны
Сабақ барысында мұғалім тақтаға түрлі суреттерді іліп қояды.Сабақ үстінде pen-pan; sheep-ship; port-pot; back-bag сөздерінің оқылуы жаттықтырылады. Бір топтың оқушысы келесі топқа : «Point to a ship. Now point to sheep» деп бұйрық береді. Қарсы топтың бұйрығын орындап болған соң, ол топ та «show me a pen. Now show me a pan» деп оларға бұйрық береді. Аз қате жіберген топ жеңіске жетеді.
Қандайда бір дыбысты өткеннен соң, мысалы [әе] дыбысын өткенде мұғалім екі топқа осы дыбыс дыбысталатын сөздерді кезекпен-кезек айтуын ұсынады. Көп сөз айтқан топ жеңеді. Мысалы, оқушылардың айтатын сөздерінің үлгісі:
Flat, back, hand, map, bad, cat, camp, bag, cap, man, black, lamp, glad.
The Funny Little Clown
Бұл ойынның мақсаты - ағылшын дыбыстарын дұрыс дыбыстап, артикуляцияны жаттықтыру. Мұғалім бір оқушыны клоун қылып, ортаға шығарып қояды. Ол оқушылармен қосылып мына тақпақты айтады.
I`m a funny little clown
I say,”Ah-oo-ee-oo”
My mouth is open wide.
When I say “Ah,ah,ah”
I draw my lips far back.
When I say “Ee,ee,ee.
My lips are very round
When I say,”Oo,oo,oo”.
“Ah-oo-ee-oo,
Ah,-oo-ee-oo”,
I`m a funny little clown
Клоун тақпақты мимикамен көрсетеді. Сол себепті мұғалімге клоун көмектескендей ешкім көмектесе алмайды.
Lapping Milk
Mұғалім оқушыларды l дыбысын қалай үйретудің жолын тапты.Себебі оларға тілдерін көрсету талaп етілген кезде қиындық туғызатын еді. Мұғалім: Children, have you ever seen a kitten drinking milk? In fact, it doesn`t drink it, it laps it. Show it. Oh,what a nice kittens you are! Now I`ll recite a rime about it and when I say “Lap,lap,lap!”, please, make your kittens lap milk.
Little kitty her milk,
Lap, lap, lap!
Her tongue goes out,
Her tongue goes in.
Lap, lap, lap!
Oh, see her tongue
Goes out and in
Lap, lap, lap.
Бұл жаттығу күлкілі болмағанмен, бір жағынан пайдалы. ”Lap, lap, lap!”сөзінен соң, мұғалім оқушылардың мысықтың сүтті қалай ішетінін салып көру үшін пауза жасап отырады.
Лексикалық ойындар
Келесі – лексикалық материал, яғни оқушыларға сөз үйрету. Шетел тілін оқытуда лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Лексиканы сөзді білу үшін емес, оны қолдана алу тұрғысында тыңдап түсінуге өз ойын ауызша немесе жазбаша түрде басқа адамдарға жеткізе алу мақсатында меңгеру керек. Ағылшын тілінде бір әріп бірнеше дыбыс беретіндіктен кейбір дыбыстардың сөзі оқылмай қалу себебінен оқушыларға сөзді үйрету оларды оқуға және жазуға дағдыландыру қиынға соғады. Оқушыларға өлең үйретіп, сол өлеңді қолдана отырып диктант жаздыру өте тиімді.
Don`t say Four”
Teacher: Children,can you count well?
Anar: Of course ,we can
Teacher: How far can you count?
Berik: Up to one hundred.
Timur: Up to one thousand.
Dana: Up to million.
Teacher: Let`s count up to one hundred.
Nurai: It is not interesting.
Teacher: No? But ...
Мұғалім ойын шартын айтады. Балалар санай бастайды, бірақ санап келе жатып 4 санына жеткен кезде оның орнына stop деп айтып кетуі керек, Мысалы: one, two, three, stop, five, twelve, thirteen, stop, fifteen,…, Twentry-two, twenty-three, stop, etc. Әр оқушыға бір-бір фишкадан беріледі. Қателескен оқушының фишкасы алынып қойылады.
Memory game
Балалар өтілген материалды естерінде қалмайтындықтарына жиі шағымданады. Ес неге тәуелді? Есте сақтауды қалыптастыруға бола ма? Мұғалім осыны ескеріп, оқушыларға есте сақтауды дамытуға арналған ойын ұсынады.
Teacher: Murat, you promised to bring the book your father brought from Astana?
Murat: I’m sorry but I forgot.
Teacher: Did you? What a poor memery you have? How do you train your memery? What does this long silence mean?
Diana: It is possible to train our memery.
Teacher: No doubt. Nurtas, what are the capitals of England and USA?
Nurtas: England and Washington D.C.
Teacher: Diana: repeat what Nurtas has said and tell us the the name of capital of France.
Diana: Paris, London, Washington D.C.
Teacher: I’m very sorry, but you’ve made a mistake. He said, London, Washington D.C. and then Paris. Let us continue training our memery.
Бәрінен бұрын ойынның лексикалық мағынасын дәл анықтай алу мүмкін емес. Айталық, «Ұлыбританияның географиялық жағдайы» атты текст оқытылады. Мұғалім ойынды бастап бір сөз айтады. Әрбір келесі оқушы сол сөзден кейінгі сөздерді текстте баяндалған ретімен айтуы керек. Егер кімде-кім сөздердің ретін бұзып, жаңылысып қалса, оны «Sheep’s head» /қойдың басы/ деп атайды да, ол ойыннан шығарылады. Мысалы:
Teacher: Great Britain …
Timur: Great Britain, Scotland …
Dana: Great Britain, Scotland, Denmark …
Ruslan: Scotland …
Teacher: I’m sorry, you’re “sheep’s head”. Dina, continue.
Dina: Great, Britain, Scotland, Denmark, “sheep’s head”, London
…Ойында бірде-бір қателеспеген адам жеңіп шығады. Мұғалім сөздердің орындары ауысып кетпеуін мұқият қадағалап отырады.
What kind?
Бұл ойынды жүргізу үшін екі карточкалар жиынтығы дайындалады. «А» карточкалар жиынтығында зат есім жазылған да, «В» карточкалар жиынтығында екі сын есім жазылған. Сынып екі топқа бөлінеді. «А» тобы кезекпен-кезек сын есімдерді оқиды. Ал «В» тобы сол сын есімдерге сәйкес келетін зат есімдерді тез атауы керек. Тез және дұрыс жауапқа, топ бір ұпайдан алып отырады. Барлық сын есімдерді оқып болғаннан соң топтар рольдерін ауыстырады.

- Дидактикалық ойвндар
- Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы
- Дидактикалық ойындар
- Дидактика розвиваючого навчання А.Дістервега
- Дидактическая деятельность педагога профессиональной школы: сущность, функции, содержание
- Дидактическая игра
- Дидактическая игра
- Дивизиональные структуры управления: преимущества и недостатки
- Дивизиональные структуры управления: продуктовая, потребительская и региональная
- Дивіденди і дивідендна політика підприємств
- Дивідендна політика і структура капіталу підприємства
- Дивідендна політика підприємства
- Дивідендна політика підприємства і структура капіталу
- Дивресификация как метод повышения эффективности